Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1585

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
32. Абдулла ибн Сәләмнің (р.а.) артықшылықтары туралыبَابُ مَنَاقِبِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1585 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3812
1585
Бұхари, № 1585 · Сахих: 3812

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ لِأَحَدٍ يَمْشِي عَلَى الْأَرْضِ: “إِنَّهُ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ” إِلَّا لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ». قَالَ: وَفِيهِ نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْقَافِ: 10].

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) жер бетінде тірі жүрген адамдардың ішінен Абдулла ибн Сәләмнен басқа ешкім туралы: “Ол – жәннат тұрғындарының бірі”, – дегенін естіген емеспін». Ол туралы: «Әрі Исраил ұрпақтарынан бір куәгер куәлік берсе…» («Ахқаф», 10‑аят) деген аят түскені де айтылған.