Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1627

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
7. Бәну ән-Надир оқиғасы, Алла Елшісінің (с.а.с.) екі адамның құнын өтеу мәселесіне байланысты оларға баруы және олардың оған опасыздық жасамақ болғаны туралыبَابُ حَدِيثِ بَنِي النَّضِيرِ وَمَخْرَجِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَيْهِمْ فِي دِيَةِ الرَّجُلَيْنِ وَمَا أَرَادُوا مِنَ الْغَدْرِ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ
Нөмірі
№ 1627 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4031
1627
Бұхари, № 1627 · Сахих: 4031Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «حَرَّقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَخْلَ بَنِي النَّضِيرِ وَقَطَعَ، وَهِيَ الْبُوَيْرَةُ»، فَنَزَلَتْ: ﴿مَا قَطَعْتُمْ مِنْ لِينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَائِمَةً عَلَى أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ اللَّهِ﴾ [الْحَشْرِ: 5].

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен тағы бір хабарда: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәну ән-Надирдің құрма ағаштарын өртеді әрі кесті. Ол жер әл-Буәйра деп аталатын», – деген. Осыған байланысты: «Қандай да бір құрма ағашын кескен болсаңдар да, яки кеспей-ақ өз түбірінде тік тұрған күйінде қалдырсаңдар да, мұның бәрі Алланың рұқсатымен» («Хашр», 5‑аят) деген аят түсті.