Хадис
كِتَابُ الْمَغَازِي

Жорықтар туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 62-кітап · 115 хадис · № 1612–1726

Мазмұны: 49 бап
  1. 1Ұшәйра жорығы туралы
  2. 2Алла Тағаланың: «Сол кезде сендер Раббыларыңнан көмек сұрап жалбарынған едіңдер» деген сөзінен «Алланың жазасы қатты» деген сөзіне дейінгі аяттар туралы («Әнфал», 9–13‑аяттар)
  3. 3Бәдірге қатысқан сахабалардың саны туралы
  4. 4Әбу Жәһилдің өлтірілуі туралы
  5. 5Періштелердің Бәдірге қатысуы туралы
  6. 6
  7. 7Бәну ән-Надир оқиғасы, Алла Елшісінің (с.а.с.) екі адамның құнын өтеу мәселесіне байланысты оларға баруы және олардың оған опасыздық жасамақ болғаны туралы
  8. 8Кәғб ибн әл-Әшрафтың өлтірілуі туралы
  9. 9Әбу Рафиғ Абдулла ибн Әбул-Хуқайқтың (Сәлләм ибн Әбул-Хуқайқ деп те аталады) өлтірілуі туралы
  10. 10Ұхұд жорығы туралы
  11. 11Алла Тағаланың: «Міне, сол кезде араларыңнан екі бірдей жасақ жігерсіздік танытып, кері шегінуге бел буған еді. Алайда олардың қорғаны һәм медеткері Алла еді» («Әли Имран», 122-аят) деген сөзі туралы
  12. 12Алла Тағаланың: «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Алла қаласа, оларды тәубеге келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды залымдар ретінде азаптайды» («Әли Имран», 128-аят) деген сөзі туралы
  13. 13Хамза ибн Абдулмутталибтің (р.а.) өлтірілуі туралы
  14. 14Ұхұд күні Пайғамбардың (с.а.с.) алған жарақаттары туралы
  15. 15Алла Тағаланың: «Алланың және пайғамбардың шақыруына құлақ асқандарға» («Әли Имран», 172-аят) деген сөзі туралы
  16. 16Хандақ жорығы, яғни Ахзаб жорығы туралы
  17. 17Пайғамбардың (с.а.с.) Ахзаб жорығынан қайтуы және Бәну Құрайзаға аттануы туралы
  18. 18Зат әр-Риқағ жорығы туралы
  19. 19Бәну әл-Мусталиқ жорығы туралы
  20. 20Әнмар жорығы туралы
  21. 21Худайбия жорығы туралы
  22. 22Зат Қарад жорығы туралы
  23. 23Хайбар жорығы туралы
  24. 24Қаза ұмрасы туралы
  25. 25Шам жеріндегі Мұғта жорығы туралы
  26. 26Пайғамбардың (с.а.с.) Усама ибн Зәйдті Хурақатқа жіберуі туралы
  27. 27Рамазан айындағы Меккені алу жорығы туралы
  28. 28Мекке алынған күні Пайғамбардың (с.а.с.) туды қай жерге тіккені туралы
  29. 29Меккенің алынуына қатысқандар туралы
  30. 30Алла Тағаланың Хунейн соғысы жайындағы: «Сол күні қараларыңның көптігіне масаттанған едіңдер» дегеннен «Ғафур, Рахим» дегенге дейінгі сөздері туралы («Тәубе», 25–27-аяттар)
  31. 31Аутас жорығы туралы
  32. 32Сегізінші жылдың шәууәл айындағы Таиф жорығы туралы
  33. 33Пайғамбардың (с.а.с.) Халид ибн әл-Уәлидті Бәну Жазимаға жіберуі туралы
  34. 34Абдулла ибн Хузафа әс-Сәһми мен Алқама ибн Мужәззиз әл-Мудлижидің жасағы туралы. Мұны ансарлық кісінің жасағы деп те атайды
  35. 35Әбу Мұса мен Муғаздың Қоштасу қажылығынан бұрын Йеменге жіберілуі туралы
  36. 36Әли ибн Әбу Талиб пен Халид ибн әл-Уәлидтің Йеменге жіберілуі туралы
  37. 37Зүл-Халаса жорығы туралы
  38. 38Жәрирдің Йеменге баруы туралы
  39. 39Теңіз жағалауына жасалған жорық туралы. Жасақ Құрайыштың керуенін тосуға шыққан. Қолбасшысы – Әбу Ұбәйда ибн әл-Жаррах
  40. 40Бәну Тәмим елшілері туралы
  41. 41Бәну Ханифа елшілігі және Сумама ибн Усал туралы хадис
  42. 42Нәжран тұрғындарының оқиғасы туралы
  43. 43Әшғарилер мен Йемен тұрғындарының келуі туралы
  44. 44Қоштасу қажылығы туралы
  45. 45Тәбук жорығы туралы. Бұл – ауыршылық жорығы
  46. 46Кәғб ибн Мәлік (р.а.) туралы хадис және Алла Тағаланың «Һәм артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етті» деген сөзі туралы («Тәубе», 118-аят)
  47. 47Алла Елшісінің (с.а.с.) Кисра мен Қайсарға хат жазуы туралы
  48. 48Пайғамбардың (с.а.с.) науқастануы және қайтыс болуы туралы
  49. 49Алла Елшісінің (с.а.с.) қайтыс болуы туралы
بَابُ غَزْوَةِ الْعُشَيْرَةِ

1-бапҰшәйра жорығы туралы

1612
Бұхари, № 1612 · Сахих: 3949Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قِيلَ لَهُ: «كَمْ غَزَا النَّبِيُّ ﷺ مِنْ غَزْوَةٍ؟» قَالَ: «تِسْعَ عَشْرَةَ». قِيلَ: «كَمْ غَزَوْتَ أَنْتَ مَعَهُ؟» قَالَ: «سَبْعَ عَشْرَةَ». قُلْتُ: «فَأَيُّهُمْ كَانَتْ أَوَّلَ؟» قَالَ: «الْعُسَيْرَةُ أَوِ الْعُشَيْرُ».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқамнан (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) қанша жорыққа шықты?» – деп сұралғанда: «Он тоғыз», – деп жауап берген. «Сен онымен бірге қанша жорыққа қатыстың?» – деген сұраққа: «Он жеті», – деген. Риуаятшы: «Мен: “Олардың ең алғашқысы қайсысы еді?” – деп сұрадым. Ол: “Ұсәйра немесе Ұшәйр”, – деді», – деп жеткізген.

قِصَّةُ غَزْوَةِ بَدْرٍБәдір шайқасы туралы оқиға

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿شَدِيدُ الْعِقَابِ﴾ [الْأَنْفَالِ: ‎9–13‎]

2-бапАлла Тағаланың: «Сол кезде сендер Раббыларыңнан көмек сұрап жалбарынған едіңдер» деген сөзінен «Алланың жазасы қатты» деген сөзіне дейінгі аяттар туралы («Әнфал», 9–13‑аяттар)

1613
Бұхари, № 1613 · Сахих: 3952Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَهِدْتُ مِنَ الْمِقْدَادِ بْنِ الْأَسْوَدِ مَشْهَدًا، لَأَنْ أَكُونَ صَاحِبَهُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا عُدِلَ بِهِ، أَتَى النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَدْعُو عَلَى الْمُشْرِكِينَ، فَقَالَ: “لَا نَقُولُ كَمَا قَالَ قَوْمُ مُوسَى: ﴿فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا﴾، وَلَكِنَّا نُقَاتِلُ عَنْ يَمِينِكَ، وَعَنْ شِمَالِكَ، وَبَيْنَ يَدَيْكَ وَخَلْفَكَ”، فَرَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ أَشْرَقَ وَجْهُهُ وَسَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Мен Миқдад ибн әл-Асуадтың бір ісіне куә болдым. Сол істі жасаған өзім болсам, бұл мен үшін соған тең келетін кез келген игіліктен артық болар еді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Сол кезде Пайғамбар (с.а.с.) мүшріктерге қарсы дұға етіп тұрған еді. Миқдад: “Біз Мұсаның қауымы айтқандай: ‘Өзің және Раббың екеуің барыңдар да, соғысыңдар’ (‘Мәида’, 24‑аят), – демейміз. Керісінше, біз сенің оң жағыңда да, сол жағыңда да, алдыңда да, артыңда да тұрып соғысамыз”, – деді. Сонда мен Пайғамбардың (с.а.с.) жүзі нұрланып, қуанғанын көрдім».

بَابُ عِدَّةِ أَصْحَابِ بَدْرٍ

3-бапБәдірге қатысқан сахабалардың саны туралы

1614
Бұхари, № 1614 · Сахих: 3957Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: حَدَّثَنِي أَصْحَابُ مُحَمَّدٍ ﷺ مِمَّنْ شَهِدَ بَدْرًا: «أَنَّهُمْ كَانُوا عِدَّةَ أَصْحَابِ طَالُوتَ، الَّذِينَ جَاوَزُوا مَعَهُ النَّهَرَ، بِضْعَةَ عَشَرَ وَثَلَاثَمِئَةٍ». قَالَ الْبَرَاءُ: «لَا وَاللَّهِ، مَا جَاوَزَ مَعَهُ النَّهَرَ إِلَّا مُؤْمِنٌ».

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Маған Бәдірге қатысқан Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабалары өздерінің саны Талутпен бірге өзеннен өткендердің санындай, яғни үш жүз оннан сәл астам болғанын жеткізді». Бәра: «Алланың атымен ант етемін, онымен бірге өзеннен мүміндерден басқа ешкім өткен жоқ», – деген.

بَابُ قَتْلِ أَبِي جَهْلٍ

4-бапӘбу Жәһилдің өлтірілуі туралы

1615
Бұхари, № 1615 · Сахих: 3962Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ يَنْظُرُ مَا صَنَعَ أَبُو جَهْلٍ؟” فَانْطَلَقَ ابْنُ مَسْعُودٍ فَوَجَدَهُ قَدْ ضَرَبَهُ ابْنَا عَفْرَاءَ حَتَّى بَرَدَ. قَالَ: “أَنْتَ أَبُو جَهْلٍ؟” قَالَ: فَأَخَذَ بِلِحْيَتِهِ. قَالَ: “وَهَلْ فَوْقَ رَجُلٍ قَتَلْتُمُوهُ أَوْ رَجُلٍ قَتَلَهُ قَوْمُهُ؟”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Әбу Жәһилдің не болғанын кім барып көріп келеді?” – деді. Ибн Масғуд барып, оны Ғафраның екі ұлы соққыға жығып, жаны үзілуге таяған күйде қалдырғанын көрді. Ол: “Сен Әбу Жәһилсің бе?” – деді де, сақалынан ұстады. Әбу Жәһил: “Өлтіргендерің бір адам ғана емес пе?!” – деді (немесе: “Өз қауымы өлтірген бір адам ғана емес пе?!” – деді)».

1616
Бұхари, № 1616 · Сахих: 3976Риуаят етуші: Әбу Талха (р.а.)

عَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ يَوْمَ بَدْرٍ بِأَرْبَعَةٍ وَعِشْرِينَ رَجُلًا مِنْ صَنَادِيدِ قُرَيْشٍ، فَقُذِفُوا فِي طَوِيٍّ مِنْ أَطْوَاءِ بَدْرٍ خَبِيثٍ مُخْبِثٍ، وَكَانَ إِذَا ظَهَرَ عَلَى قَوْمٍ أَقَامَ بِالْعَرْصَةِ ثَلَاثَ لَيَالٍ، فَلَمَّا كَانَ بِبَدْرٍ الْيَوْمَ الثَّالِثَ أَمَرَ بِرَاحِلَتِهِ فَشُدَّ عَلَيْهَا رَحْلُهَا، ثُمَّ مَشَى وَاتَّبَعَهُ أَصْحَابُهُ، وَقَالُوا: «مَا نُرَى يَنْطَلِقُ إِلَّا لِبَعْضِ حَاجَتِهِ»، حَتَّى قَامَ عَلَى شَفَةِ الرَّكِيِّ، فَجَعَلَ يُنَادِيهِمْ بِأَسْمَائِهِمْ وَأَسْمَاءِ آبَائِهِمْ: «يَا فُلَانُ بْنَ فُلَانٍ، وَيَا فُلَانُ بْنَ فُلَانٍ، أَيَسُرُّكُمْ أَنَّكُمْ أَطَعْتُمُ اللَّهَ وَرَسُولَهُ؟ فَإِنَّا قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا، فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا؟» قَالَ: فَقَالَ عُمَرُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا تُكَلِّمُ مِنْ أَجْسَادٍ لَا أَرْوَاحَ لَهَا؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، مَا أَنْتُمْ بِأَسْمَعَ لِمَا أَقُولُ مِنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Талха (р.а.) былай деген: «Алланың Пайғамбары (с.а.с.) Бәдір күні Құрайыштың атақты көсемдерінің жиырма төртеуінің мәйітін Бәдірдегі лас әрі сасық құдықтардың біріне тастауды бұйырды. Пайғамбар (с.а.с.) бір қауымды жеңген кезде сол жерде үш түн аялдайтын еді. Бәдірде үшінші күн болғанда, ол мініс түйесін әзірлеуді бұйырды. Түйесіне ер-тоқымы байланды. Содан кейін өзі жаяу жүрді, сахабалары да соңынан ерді. Олар: “Біздіңше, ол бір қажетімен бара жатқан болар”, – десті. Ақыры Пайғамбар (с.а.с.) әлгі құдықтың ернеуіне келіп тұрды да, олардың әрқайсысын өзінің және әкесінің атымен атап: “Уа, пәленше ұлы пәленше! Уа, пәленше ұлы пәленше! Аллаға және Оның Елшісіне бағынған болсаңдар, қуанар ма едіңдер? Расында, біз Раббымыздың бізге берген уәдесінің ақиқат екенін көрдік. Сендер де Раббыларыңның сендерге берген уәдесінің ақиқат екенін көрдіңдер ме?” – деп дауыстады. Сонда Омар (р.а.): “Уа, Расулалла! Жаны жоқ денелерге қалай сөйлеп тұрсыз?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін, менің айтып тұрғанымды сендер олардан жақсырақ естіп тұрған жоқсыңдар”, – деді».

بَابُ شُهُودِ الْمَلَائِكَةِ بَدْرًا

5-бапПеріштелердің Бәдірге қатысуы туралы

1617
Бұхари, № 1617 · Сахих: 3992Риуаят етуші: Рифаға ибн Рафиғ әз-Зурақи (р.а.)

عَنْ رِفَاعَةَ بْنِ رَافِعٍ الزُّرَقِيِّ – وَكَانَ مِمَّنْ شَهِدَ بَدْرًا – قَالَ: «جَاءَ جِبْرِيلُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: “مَا تَعُدُّونَ أَهْلَ بَدْرٍ فِيكُمْ؟” قَالَ: “مِنْ أَفْضَلِ الْمُسْلِمِينَ”، أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهَا. قَالَ: “وَكَذَلِكَ مَنْ شَهِدَ بَدْرًا مِنَ الْمَلَائِكَةِ”».

Қазақша аудармасы

Бәдірге қатысқан Рифаға ибн Рафиғ әз-Зурақи былай деген: «Жәбірейіл Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Бәдірге қатысқандарды араларыңда қандай дәрежеде санайсыңдар?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Мұсылмандардың ең абзалдарының қатарынан”, – деді немесе соған ұқсас сөз айтты. Сонда Жәбірейіл: “Періштелерден Бәдірге қатысқандар да дәл сондай”, – деді».

1618
Бұхари, № 1618 · Сахих: 3995Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ يَوْمَ بَدْرٍ: «هَذَا جِبْرِيلُ، آخِذٌ بِرَأْسِ فَرَسِهِ، عَلَيْهِ أَدَاةُ الْحَرْبِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Бәдір күні: «Мынау – Жәбірейіл. Ол атының тізгінінен ұстап тұр, үстінде соғыс жарағы бар», – дегенін жеткізді.

بَابٌ

6-бап

1619
Бұхари, № 1619 · Сахих: 3998Риуаят етуші: Зубәйір (р.а.)

عَنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَقِيتُ يَوْمَ بَدْرٍ عُبَيْدَةَ بْنَ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ، وَهُوَ مُدَجَّجٌ، لَا يُرَى مِنْهُ إِلَّا عَيْنَاهُ، وَهُوَ يُكْنَى أَبُو ذَاتِ الْكَرِشِ، فَقَالَ: “أَنَا أَبُو ذَاتِ الْكَرِشِ”، فَحَمَلْتُ عَلَيْهِ بِالْعَنَزَةِ فَطَعَنْتُهُ فِي عَيْنِهِ فَمَاتَ»، قَالَ: «لَقَدْ وَضَعْتُ رِجْلِي عَلَيْهِ، ثُمَّ تَمَطَّأْتُ، فَكَانَ الْجَهْدَ أَنْ نَزَعْتُهَا وَقَدِ اِنْثَنَى طَرَفَاهَا».

فَسَأَلَهَا إِيَّاهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَعْطَاهُ، فَلَمَّا قُبِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَخَذَهَا، ثُمَّ طَلَبَهَا أَبُو بَكْرٍ فَأَعْطَاهُ، فَلَمَّا قُبِضَ أَبُو بَكْرٍ سَأَلَهَا إِيَّاهُ عُمَرُ فَأَعْطَاهُ إِيَّاهَا، فَلَمَّا قُبِضَ عُمَرُ أَخَذَهَا، ثُمَّ طَلَبَهَا عُثْمَانُ مِنْهُ فَأَعْطَاهُ إِيَّاهَا، فَلَمَّا قُتِلَ عُثْمَانُ وَقَعَتْ عِنْدَ آلِ عَلِيٍّ، فَطَلَبَهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ الزُّبَيْرِ، فَكَانَتْ عِنْدَهُ حَتَّى قُتِلَ.

Қазақша аудармасы

Зубәйр (р.а.) былай деген: «Бәдір күні Ұбәйда ибн Сағид ибн әл-Асқа кезіктім. Ол басынан аяғына дейін сауытқа оранып, тек екі көзі ғана көрініп тұр еді. Оның күниясы Әбу Зат әл-Кәриш болатын. Ол: “Мен – Әбу Зат әл-Кәришпін”, – деді. Мен оған қысқа найзаммен ұмтылып, көзіне сұқтым. Сөйтіп, ол өлді». Ол сөзін жалғастырып: «Аяғымды оның денесіне тіреп, бар күшіммен тарттым. Найзаны әрең суырып алдым. Оның екі ұшы да майысып қалған еді», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) Зубәйрден сол найзаны сұрады, Зубәйр оны берді. Алла Елшісі (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін Зубәйр найзаны қайта алды. Кейін Әбу Бәкір оны сұрағанда, Зубәйр оған берді. Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін Омар оны Зубәйрден сұрап алды, Зубәйр оған берді. Омар қайтыс болған соң, Зубәйр найзаны қайта алды. Кейін Осман оны сұрағанда, Зубәйр оған берді. Осман өлтірілгеннен кейін найза Әли әулетінің қолында қалды. Кейін Абдулла ибн әз-Зубәйр оны сұрап алып, өзі өлтірілгенге дейін сол найза оның қолында болды.

1620
Бұхари, № 1620 · Сахих: 4001

عَنِ الرُّبَيِّعِ بِنْتِ مُعَوِّذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ غَدَاةَ بُنِيَ عَلَيَّ، فَجَلَسَ عَلَى فِرَاشِي كَمَجْلِسِكَ مِنِّي، وَجُوَيْرِيَاتٌ يَضْرِبْنَ بِالدُّفِّ، يَنْدُبْنَ مَنْ قُتِلَ مِنْ آبَائِهِنَّ يَوْمَ بَدْرٍ، حَتَّى قَالَتْ جَارِيَةٌ: “وَفِينَا نَبِيٌّ يَعْلَمُ مَا فِي غَدٍ”. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “لَا تَقُولِي هَكَذَا وَقُولِي مَا كُنْتِ تَقُولِينَ”».

Қазақша аудармасы

Рубәйиғ бинт Муғаууиз (р.а.) былай деген: «Отау құрғанымның ертеңінде Пайғамбар (с.а.с.) менің үйіме кіріп, төсегіме дәл сенің қазір маған таяу отырғаныңдай отырды. Бірнеше жас қыз даңғыра қағып, Бәдір күні қаза тапқан әкелерін жоқтап отыр еді. Бір кезде қыздардың бірі: “Арамызда ертең не болатынын білетін Пайғамбар бар”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Бұлай айтпа. Бұған дейін айтып отырған сөзіңді жалғастыра бер”, – деді».

1621
Бұхари, № 1621 · Сахих: 4002Риуаят етуші: Әбу Талха (р.а.)

عَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ – وَكَانَ قَدْ شَهِدَ بَدْرًا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ – أَنَّهُ قَالَ: «لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ».

Қазақша аудармасы

Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Бәдірге қатысқан Әбу Талха (р.а.) былай деген: «Ішінде ит немесе сурет бар үйге періштелер кірмейді».

1622
Бұхари, № 1622 · Сахих: 4005Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «تَأَيَّمَتْ حَفْصَةُ بِنْتُ عُمَرَ مِنْ خُنَيْسِ بْنِ حُذَافَةَ السَّهْمِيِّ، وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَدْ شَهِدَ بَدْرًا، تُوُفِّيَ بِالْمَدِينَةِ».

قَالَ عُمَرُ: «فَلَقِيتُ عُثْمَانَ بْنَ عَفَّانَ، فَعَرَضْتُ عَلَيْهِ حَفْصَةَ، فَقُلْتُ: “إِنْ شِئْتَ أَنْكَحْتُكَ حَفْصَةَ بِنْتَ عُمَرَ”. قَالَ: “سَأَنْظُرُ فِي أَمْرِي”، فَلَبِثْتُ لَيَالِيَ، فَقَالَ: “قَدْ بَدَا لِي أَنْ لَا أَتَزَوَّجَ يَوْمِي هَذَا”».

قَالَ عُمَرُ: «فَلَقِيتُ أَبَا بَكْرٍ، فَقُلْتُ: “إِنْ شِئْتَ أَنْكَحْتُكَ حَفْصَةَ بِنْتَ عُمَرَ”، فَصَمَتَ أَبُو بَكْرٍ فَلَمْ يَرْجِعْ إِلَيَّ شَيْئًا، فَكُنْتُ عَلَيْهِ أَوْجَدَ مِنِّي عَلَى عُثْمَانَ، فَلَبِثْتُ لَيَالِيَ، ثُمَّ خَطَبَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَنْكَحْتُهَا إِيَّاهُ. فَلَقِيَنِي أَبُو بَكْرٍ فَقَالَ: “لَعَلَّكَ وَجَدْتَ عَلَيَّ حِينَ عَرَضْتَ عَلَيَّ حَفْصَةَ فَلَمْ أَرْجِعْ إِلَيْكَ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “فَإِنَّهُ لَمْ يَمْنَعْنِي أَنْ أَرْجِعَ إِلَيْكَ فِيمَا عَرَضْتَ إِلَّا أَنِّي قَدْ عَلِمْتُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ ذَكَرَهَا، فَلَمْ أَكُنْ لِأُفْشِيَ سِرَّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَوْ تَرَكَهَا لَقَبِلْتُهَا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Омар ибн әл-Хаттабтың қызы Хафса Хунайс ибн Хузафа әс-Сәһми қайтыс болғаннан кейін жесір қалған еді. Хунайс Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бірі әрі Бәдірге қатысқан болатын. Ол Мәдинада қайтыс болды».

Омар (р.а.) былай деген: «Осман ибн Аффанмен жолығып, оған Хафсаны ұсындым да: “Қаласаң, Омардың қызы Хафсаны саған ұзатайын”, – дедім. Ол: “Бұл мәселені ойланып көрейін”, – деді. Бірнеше түн өткен соң маған: “Әзірге үйленбеуді жөн көрдім”, – деді. Содан кейін Әбу Бәкірмен жолығып: “Қаласаң, Омардың қызы Хафсаны саған ұзатайын”, – дедім. Әбу Бәкір үндемей, маған еш жауап бермеді. Оған Османға ренжігенімнен де қаттырақ ренжідім. Бірнеше түн өткен соң Алла Елшісі (с.а.с.) Хафсаға құда түсті де, мен оны Пайғамбарға (с.а.с.) ұзаттым. Кейін Әбу Бәкір менімен кездесіп: “Хафсаны ұсынған кезіңде саған жауап бермегенім үшін маған ренжіген боларсың?” – деді. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Ұсынысыңа жауап беруіме кедергі болған жалғыз нәрсе – Алла Елшісінің (с.а.с.) Хафса жайында сөз қозғағанын білуім еді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) сырын аша алмайтын едім. Егер ол Хафсаға үйленуден бас тартқанда, мен сенің ұсынысыңды қабыл алар едім”, – деді».

1623
Бұхари, № 1623 · Сахих: 4008Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْبَدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْآيَتَانِ مِنْ آخِرِ سُورَةِ الْبَقَرَةِ، مَنْ قَرَأَهُمَا فِي لَيْلَةٍ كَفَتَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім түнде ‘Бақара’ сүресінің соңғы екі аятын оқыса, сол екеуі оған жеткілікті болады”, – деді», – деп жеткізді.

1624
Бұхари, № 1624 · Сахих: 4019

عَنِ الْمِقْدَادِ بْنِ عَمْرٍو الْكِنْدِيِّ – حَلِيفِ بَنِي زُهْرَةَ، وَكَانَ مِمَّنْ شَهِدَ بَدْرًا – قَالَ: «قُلْتُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: “أَرَأَيْتَ إِنْ لَقِيتُ رَجُلًا مِنَ الْكُفَّارِ فَاقْتَتَلْنَا، فَضَرَبَ إِحْدَى يَدَيَّ بِالسَّيْفِ فَقَطَعَهَا، ثُمَّ لَاذَ مِنِّي بِشَجَرَةٍ، فَقَالَ: ‘أَسْلَمْتُ لِلَّهِ’، أَأَقْتُلُهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، بَعْدَ أَنْ قَالَهَا؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تَقْتُلْهُ”. قَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ قَطَعَ إِحْدَى يَدَيَّ، ثُمَّ قَالَ ذَلِكَ بَعْدَ مَا قَطَعَهَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تَقْتُلْهُ، فَإِنْ قَتَلْتَهُ فَإِنَّهُ بِمَنْزِلَتِكَ قَبْلَ أَنْ تَقْتُلَهُ، وَإِنَّكَ بِمَنْزِلَتِهِ قَبْلَ أَنْ يَقُولَ كَلِمَتَهُ الَّتِي قَالَ”».

Қазақша аудармасы

Бәну Зуһраның одақтасы әрі Бәдірге қатысқан Миқдад ибн Амр әл-Кинди былай деген: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.): “Айтыңызшы, егер кәпірлердің бірімен кездесіп, екеуіміз шайқасып қалсақ, ол қылышпен бір қолымды шауып түсірсе, содан кейін менен қашып, бір ағашты паналап: ‘Аллаға мойынсұндым’, – десе, уа, Расулалла, осы сөзді айтқаннан кейін оны өлтірейін бе?” – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны өлтірме”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Ол менің бір қолымды шауып тастады ғой. Содан кейін барып әлгі сөзді айтты”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны өлтірме. Егер өлтірсең, ол сенің оны өлтіргенге дейінгі мәртебеңде, ал сен оның әлгі сөзін айтқанға дейінгі мәртебесінде боласың”, – деді».

1625
Бұхари, № 1625 · Сахих: 4024Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ فِي أُسَارَى بَدْرٍ: «لَوْ كَانَ الْمُطْعِمُ بْنُ عَدِيٍّ حَيًّا ثُمَّ كَلَّمَنِي فِي هَؤُلَاءِ النَّتْنَى، لَتَرَكْتُهُمْ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Бәдір тұтқындары туралы: «Егер Мутғим ибн Ади тірі болып, мына сасық адамдар жайында маған өтініш білдіргенде, олардың бәрін соның өтініші үшін босатар едім», – дегенін жеткізген.

بَابُ حَدِيثِ بَنِي النَّضِيرِ وَمَخْرَجِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَيْهِمْ فِي دِيَةِ الرَّجُلَيْنِ وَمَا أَرَادُوا مِنَ الْغَدْرِ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ

7-бапБәну ән-Надир оқиғасы, Алла Елшісінің (с.а.с.) екі адамның құнын өтеу мәселесіне байланысты оларға баруы және олардың оған опасыздық жасамақ болғаны туралы

1626
Бұхари, № 1626 · Сахих: 4028Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «حَارَبَتِ النَّضِيرُ وَقُرَيْظَةُ، فَأَجْلَى بَنِي النَّضِيرِ، وَأَقَرَّ قُرَيْظَةَ وَمَنَّ عَلَيْهِمْ، حَتَّى حَارَبَتْ قُرَيْظَةُ، فَقَتَلَ رِجَالَهُمْ وَقَسَمَ نِسَاءَهُمْ وَأَوْلَادَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بَيْنَ الْمُسْلِمِينَ، إِلَّا بَعْضَهُمْ لَحِقُوا بِالنَّبِيِّ ﷺ فَآمَنَهُمْ وَأَسْلَمُوا، وَأَجْلَى يَهُودَ الْمَدِينَةِ كُلَّهُمْ: بَنِي قَيْنُقَاعٍ، وَهُمْ رَهْطُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ، وَيَهُودَ بَنِي حَارِثَةَ، وَكُلَّ يَهُودِ الْمَدِينَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Бәну ән-Надир мен Бәну Құрайза Алла Елшісіне (с.а.с.) қарсы соғысты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Бәну ән-Надирді жер аударып, Бәну Құрайзаны өз мекендерінде қалдырды әрі оларды кешірді. Кейін Бәну Құрайза қайтадан соғыс ашқанда, олардың ер адамдарын өлтіріп, әйелдерін, балаларын және мал-мүлкін мұсылмандар арасында бөліп берді. Алайда олардың кейбірі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп қосылды. Ол оларға қауіпсіздік берді, сөйтіп олар исламды қабылдады. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинадағы барлық яһудилерді: Абдулла ибн Сәләмнің қауымы болған Бәну Қайнуқаны, Бәну Хариса яһудилерін және Мәдинадағы өзге де яһудилерді жер аударды».

1627
Бұхари, № 1627 · Сахих: 4031Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «حَرَّقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَخْلَ بَنِي النَّضِيرِ وَقَطَعَ، وَهِيَ الْبُوَيْرَةُ»، فَنَزَلَتْ: ﴿مَا قَطَعْتُمْ مِنْ لِينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَائِمَةً عَلَى أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ اللَّهِ﴾ [الْحَشْرِ: 5].

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен тағы бір хабарда: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәну ән-Надирдің құрма ағаштарын өртеді әрі кесті. Ол жер әл-Буәйра деп аталатын», – деген. Осыған байланысты: «Қандай да бір құрма ағашын кескен болсаңдар да, яки кеспей-ақ өз түбірінде тік тұрған күйінде қалдырсаңдар да, мұның бәрі Алланың рұқсатымен» («Хашр», 5‑аят) деген аят түсті.

1628
Бұхари, № 1628 · Сахих: 4034Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «أَرْسَلَ أَزْوَاجُ النَّبِيِّ ﷺ عُثْمَانَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ، يَسْأَلْنَهُ ثُمُنَهُنَّ مِمَّا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ ﷺ، فَكُنْتُ أَنَا أَرُدُّهُنَّ، فَقُلْتُ لَهُنَّ: “أَلَا تَتَّقِينَ اللَّهَ؟ أَلَمْ تَعْلَمْنَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: ‘لَا نُورَثُ، مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ’ – يُرِيدُ بِذَلِكَ نَفْسَهُ – ‘إِنَّمَا يَأْكُلُ آلُ مُحَمَّدٍ ﷺ فِي هَذَا الْمَالِ’؟” فَانْتَهَى أَزْوَاجُ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى مَا أَخْبَرَتْهُنَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары Османды Әбу Бәкірге жіберіп, Алланың Өз Елшісіне (с.а.с.) фәй ретінде берген мал-мүлкінен өздерінің сегізден бір үлесін сұратты. Сонда мен оларды бұл ойдан қайтарып: “Алладан қорықпайсыңдар ма? Пайғамбардың (с.а.с.): ‘Бізден мұра алынбайды. Қалдырғанымыз – садақа’, – деп, мұнымен өзін меңзегенін әрі: ‘Мұхаммедтің (с.а.с.) отбасы осы мал-мүліктен нәпақа алады’, – дегенін білмейсіңдер ме?” – дедім. Сөйтіп, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары менің айтқанымды қабылдап, осы талаптан бас тартты», – деген.

بَابُ قَتْلِ كَعْبِ بْنِ الْأَشْرَفِ

8-бапКәғб ибн әл-Әшрафтың өлтірілуі туралы

1629
Бұхари, № 1629 · Сахих: 4037Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ لِكَعْبِ بْنِ الْأَشْرَفِ؟ فَإِنَّهُ قَدْ آذَى اللَّهَ وَرَسُولَهُ”. فَقَامَ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتُحِبُّ أَنْ أَقْتُلَهُ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “فَأْذَنْ لِي أَنْ أَقُولَ شَيْئًا”. قَالَ: “قُلْ”.

فَأَتَاهُ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ فَقَالَ: “إِنَّ هَذَا الرَّجُلَ قَدْ سَأَلَنَا صَدَقَةً، وَإِنَّهُ قَدْ عَنَّانَا، وَإِنِّي قَدْ أَتَيْتُكَ أَسْتَسْلِفُكَ”. قَالَ: “وَأَيْضًا، وَاللَّهِ، لَتَمَلُّنَّهُ”. قَالَ: “إِنَّا قَدِ اِتَّبَعْنَاهُ، فَلَا نُحِبُّ أَنْ نَدَعَهُ حَتَّى نَنْظُرَ إِلَى أَيِّ شَيْءٍ يَصِيرُ شَأْنُهُ، وَقَدْ أَرَدْنَا أَنْ تُسْلِفَنَا وَسْقًا أَوْ وَسْقَيْنِ”.

فَقَالَ: “نَعَمِ، اِرْهَنُونِي”، قَالُوا: “أَيَّ شَيْءٍ تُرِيدُ؟” قَالَ: “اِرْهَنُونِي نِسَاءَكُمْ”، قَالُوا: “كَيْفَ نَرْهَنُكَ نِسَاءَنَا وَأَنْتَ أَجْمَلُ الْعَرَبِ؟” قَالَ: “فَارْهَنُونِي أَبْنَاءَكُمْ”، قَالُوا: “كَيْفَ نَرْهَنُكَ أَبْنَاءَنَا، فَيُسَبُّ أَحَدُهُمْ، فَيُقَالُ: ‘رُهِنَ بِوَسْقٍ أَوْ وَسْقَيْنِ’. هَذَا عَارٌ عَلَيْنَا، وَلَكِنَّا نَرْهَنُكَ اللَّأْمَةَ”.

فَوَاعَدَهُ أَنْ يَأْتِيَهُ، فَجَاءَهُ لَيْلًا وَمَعَهُ أَبُو نَائِلَةَ، وَهُوَ أَخُو كَعْبٍ مِنَ الرَّضَاعَةِ، فَدَعَاهُمْ إِلَى الْحِصْنِ، فَنَزَلَ إِلَيْهِمْ، فَقَالَتْ لَهُ امْرَأَتُهُ: “أَيْنَ تَخْرُجُ هَذِهِ السَّاعَةَ؟” فَقَالَ: “إِنَّمَا هُوَ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ وَأَخِي أَبُو نَائِلَةَ”. قَالَتْ: “أَسْمَعُ صَوْتًا كَأَنَّهُ يَقْطُرُ مِنْهُ الدَّمُ”. قَالَ: “إِنَّمَا هُوَ أَخِي مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ وَرَضِيعِي أَبُو نَائِلَةَ. إِنَّ الْكَرِيمَ لَوْ دُعِيَ إِلَى طَعْنَةٍ بِلَيْلٍ لَأَجَابَ”. قَالَ: وَيُدْخِلُ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ مَعَهُ رَجُلَيْنِ.

وَفِي رِوَايَةٍ: أَبُو عَبْسِ بْنُ جَبْرٍ وَالْحَارِثُ بْنُ أَوْسٍ وَعَبَّادُ بْنُ بِشْرٍ. قَالَ: “إِذَا مَا جَاءَ فَإِنِّي قَائِلٌ بِشَعَرِهِ فَأَشَمُّهُ، فَإِذَا رَأَيْتُمُونِي اِسْتَمْكَنْتُ مِنْ رَأْسِهِ فَدُونَكُمْ فَاضْرِبُوهُ”، وَقَالَ مَرَّةً: “ثُمَّ أُشِمُّكُمْ”.

فَنَزَلَ إِلَيْهِمْ مُتَوَشِّحًا وَهُوَ يَنْفَحُ مِنْهُ رِيحُ الطِّيبِ، فَقَالَ: “مَا رَأَيْتُ كَالْيَوْمِ رِيحًا” (أَيْ: أَطْيَبَ). قَالَ: “عِنْدِي أَعْطَرُ نِسَاءِ الْعَرَبِ وَأَكْمَلُ الْعَرَبِ”، فَقَالَ: “أَتَأْذَنُ لِي أَنْ أَشُمَّ رَأْسَكَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”، فَشَمَّهُ ثُمَّ أَشَمَّ أَصْحَابَهُ، ثُمَّ قَالَ: “أَتَأْذَنُ لِي؟” قَالَ: “نَعَمْ”، فَلَمَّا اِسْتَمْكَنَ مِنْهُ قَالَ: “دُونَكُمْ”، فَقَتَلُوهُ، ثُمَّ أَتَوُا النَّبِيَّ ﷺ فَأَخْبَرُوهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кәғб ибн әл-Әшрафтың көзін кім жояды? Өйткені ол Аллаға әрі Оның Елшісіне жәбір көрсетті”, – деді. Сонда Мұхаммед ибн Мәслама орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Оны өлтіруімді қалайсыз ба?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Иә”, – деді. Мұхаммед ибн Мәслама: “Ендеше, маған бір нәрсе айтуға рұқсат етіңіз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Айта бер”, – деді. Мұхаммед ибн Мәслама Кәғбқа барып: “Мына кісі бізден садақа сұрап, бізді әбден әбігерге салды. Мен сенен қарыз сұрайын деп келдім”, – деді. Кәғб: “Алланың атымен ант етемін, сендер одан әлі-ақ жалығасыңдар”, – деді. Мұхаммед ибн Мәслама: “Біз оған еріп қойдық. Сондықтан ісінің немен аяқталатынын көрмей тұрып, оны тастап кеткіміз келмейді. Бізге бір уасқ немесе екі уасқ азық қарызға беруіңді сұраймыз”, – деді.

Кәғб: “Жарайды, бірақ маған кепіл қалдырыңдар”, – деді. Олар: “Нені кепілге қалайсың?” – деп сұрады. Ол: “Әйелдеріңді кепілге беріңдер”, – деді. Олар: “Сен арабтардың ең көріктісі бола тұра, әйелдерімізді саған қалай кепілге береміз?” – деді. Кәғб: “Онда ұлдарыңды кепілге беріңдер”, – деді. Олар: “Ұлдарымызды саған қалай кепілге береміз? Кейін олардың бірін жұрт: ‘Бір уасқ немесе екі уасқ үшін кепілге берілген’, – деп келемеждейді. Бұл біз үшін масқара ғой. Бірақ саған қару-жарағымызды кепілге береміз”, – деді. Сөйтіп, Мұхаммед ибн Мәслама Кәғбқа белгілі бір уақытта қайта келуге уағдаласты.

Түн болғанда Мұхаммед ибн Мәслама қасына Кәғбтың сүт бауыры Әбу Наиланы ертіп, оған келді. Кәғб оларды қамалына шақырып, кейін өзі төмен түсті. Әйелі оған: “Мына уақытта қайда шықпақсың?” – деді. Ол: “Бұл – Мұхаммед ибн Мәслама мен бауырым Әбу Наила ғана”, – деді. Әйелі: “Қан тамып тұрғандай бір дауыс естіп тұрмын”, – деді. Кәғб: “Бұл – бауырым Мұхаммед ибн Мәслама мен сүт бауырым Әбу Наила ғана. Текті адамды түн ішінде найза соққысына шақырса да, ол барар еді”, – деді.

Мұхаммед ибн Мәслама өзімен бірге тағы екі адамды ертіп келген еді. Бір риуаятта: “Әбу Абс ибн Жәбр, Харис ибн Әус және Аббад ибн Бишр”, – делінген.

Мұхаммед ибн Мәслама серіктеріне: “Ол келгенде мен шашынан ұстап, басын иіскеймін. Менің оның басын мықтап ұстап алғанымды көргенде, сендер де жабылып ұрыңдар”, – деді. Бір риуаятта: “Содан кейін сендерге де иіскетемін”, – деген.

Кәғб киімін айқара жамылып, төмен түсті. Одан хош иіс аңқып тұрды. Мұхаммед ибн Мәслама: “Бүгінгідей ғажап хош иісті бұрын-соңды сезбеппін”, – деді. Кәғб: “Менде араб әйелдерінің ең хош иістісі әрі ең көріктісі бар”, – деді. Мұхаммед ибн Мәслама одан: “Басыңды иіскеуге рұқсат етесің бе?” – деп сұрады. Кәғб: “Иә”, – деді. Ол оның басын иіскеп, кейін серіктеріне де иіскетті. Содан соң тағы да: “Тағы иіскеуге рұқсат етесің бе?” – деп сұрады. Кәғб: “Иә”, – деді. Мұхаммед ибн Мәслама оны мықтап ұстап алған кезде: “Енді кірісіңдер!” – деді. Сонда олар Кәғбты өлтірді. Артынша Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, болған жайды хабарлады».

بَابُ قَتْلِ أَبِي رَافِعٍ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي الْحُقَيْقِ، وَيُقَالُ: سَلَّامُ بْنُ أَبِي الْحُقَيْقِ

9-бапӘбу Рафиғ Абдулла ибн Әбул-Хуқайқтың (Сәлләм ибн Әбул-Хуқайқ деп те аталады) өлтірілуі туралы

1630
Бұхари, № 1630 · Сахих: 4039Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى أَبِي رَافِعٍ الْيَهُودِيِّ رِجَالًا مِنَ الْأَنْصَارِ، فَأَمَّرَ عَلَيْهِمْ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَتِيكٍ، وَكَانَ أَبُو رَافِعٍ يُؤْذِي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَيُعِينُ عَلَيْهِ، وَكَانَ فِي حِصْنٍ لَهُ بِأَرْضِ الْحِجَازِ، فَلَمَّا دَنَوْا مِنْهُ، وَقَدْ غَرَبَتِ الشَّمْسُ، وَرَاحَ النَّاسُ بِسَرْحِهِمْ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ لِأَصْحَابِهِ: “اِجْلِسُوا مَكَانَكُمْ، فَإِنِّي مُنْطَلِقٌ وَمُتَلَطِّفٌ لِلْبَوَّابِ، لَعَلِّي أَنْ أَدْخُلَ”، فَأَقْبَلَ حَتَّى دَنَا مِنَ الْبَابِ، ثُمَّ تَقَنَّعَ بِثَوْبِهِ كَأَنَّهُ يَقْضِي حَاجَةً، وَقَدْ دَخَلَ النَّاسُ، فَهَتَفَ بِهِ الْبَوَّابُ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، إِنْ كُنْتَ تُرِيدُ أَنْ تَدْخُلَ فَادْخُلْ، فَإِنِّي أُرِيدُ أَنْ أُغْلِقَ الْبَابَ”.

فَدَخَلْتُ فَكَمَنْتُ، فَلَمَّا دَخَلَ النَّاسُ أَغْلَقَ الْبَابَ، ثُمَّ عَلَّقَ الْأَغَالِيقَ عَلَى وَتَدٍ. قَالَ: فَقُمْتُ إِلَى الْأَقَالِيدِ فَأَخَذْتُهَا، فَفَتَحْتُ الْبَابَ، وَكَانَ أَبُو رَافِعٍ يُسْمَرُ عِنْدَهُ، وَكَانَ فِي عَلَالِيَّ لَهُ، فَلَمَّا ذَهَبَ عَنْهُ أَهْلُ سَمَرِهِ صَعِدْتُ إِلَيْهِ، فَجَعَلْتُ كُلَّمَا فَتَحْتُ بَابًا أَغْلَقْتُ عَلَيَّ مِنْ دَاخِلٍ، قُلْتُ: “إِنِ الْقَوْمُ نَذِرُوا بِي لَمْ يَخْلُصُوا إِلَيَّ حَتَّى أَقْتُلَهُ”.

فَانْتَهَيْتُ إِلَيْهِ، فَإِذَا هُوَ فِي بَيْتٍ مُظْلِمٍ وَسْطَ عِيَالِهِ، لَا أَدْرِي أَيْنَ هُوَ مِنَ الْبَيْتِ، فَقُلْتُ: “يَا أَبَا رَافِعٍ”. قَالَ: “مَنْ هَذَا؟” فَأَهْوَيْتُ نَحْوَ الصَّوْتِ فَأَضْرِبُهُ ضَرْبَةً بِالسَّيْفِ وَأَنَا دَهِشٌ، فَمَا أَغْنَيْتُ شَيْئًا، وَصَاحَ، فَخَرَجْتُ مِنَ الْبَيْتِ، فَأَمْكُثُ غَيْرَ بَعِيدٍ، ثُمَّ دَخَلْتُ إِلَيْهِ، فَقُلْتُ: “مَا هَذَا الصَّوْتُ، يَا أَبَا رَافِعٍ؟” فَقَالَ: “لِأُمِّكَ الْوَيْلُ، إِنَّ رَجُلًا فِي الْبَيْتِ ضَرَبَنِي قَبْلُ بِالسَّيْفِ”. قَالَ: فَأَضْرِبُهُ ضَرْبَةً أَثْخَنَتْهُ وَلَمْ أَقْتُلْهُ، ثُمَّ وَضَعْتُ ظِبَةَ السَّيْفِ فِي بَطْنِهِ حَتَّى أَخَذَ فِي ظَهْرِهِ، فَعَرَفْتُ أَنِّي قَتَلْتُهُ.

فَجَعَلْتُ أَفْتَحُ الْأَبْوَابَ بَابًا بَابًا، حَتَّى اِنْتَهَيْتُ إِلَى دَرَجَةٍ لَهُ، فَوَضَعْتُ رِجْلِي، وَأَنَا أُرَى أَنِّي قَدِ اِنْتَهَيْتُ إِلَى الْأَرْضِ، فَوَقَعْتُ فِي لَيْلَةٍ مُقْمِرَةٍ، فَانْكَسَرَتْ سَاقِي، فَعَصَبْتُهَا بِعِمَامَةٍ، ثُمَّ اِنْطَلَقْتُ حَتَّى جَلَسْتُ عَلَى الْبَابِ، فَقُلْتُ: “لَا أَخْرُجُ اللَّيْلَةَ حَتَّى أَعْلَمَ: أَقَتَلْتُهُ؟” فَلَمَّا صَاحَ الدِّيكُ قَامَ النَّاعِي عَلَى السُّورِ، فَقَالَ: “أَنْعَى أَبَا رَافِعٍ تَاجِرَ أَهْلِ الْحِجَازِ”.

فَانْطَلَقْتُ إِلَى أَصْحَابِي، فَقُلْتُ: “النَّجَاءَ، فَقَدْ قَتَلَ اللَّهُ أَبَا رَافِعٍ”، فَانْتَهَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَحَدَّثْتُهُ، فَقَالَ: “اُبْسُطْ رِجْلَكَ”، فَبَسَطْتُ رِجْلِي فَمَسَحَهَا، فَكَأَنَّمَا لَمْ أَشْتَكِهَا قَطُّ».

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) яһуди Әбу Рафиғке қарсы ансарлардан бірнеше адам жіберіп, оларға Абдулла ибн Атикті басшы етіп тағайындады. Әбу Рафиғ Алла Елшісіне (с.а.с.) зиян келтіріп, оған қарсы басқаларға жәрдемдесетін. Ол Хижаз жеріндегі өзіне тиесілі бір қамалда тұратын. Олар оған жақындап келген кезде күн батып, адамдар малдарын өрістен қайтарып жатқан еді. Сонда Абдулла жолдастарына: “Осында отырыңдар. Мен барып, қақпашының тілін тауып, ішке кіріп көрейін”, – деді. Ол қақпаға жақындап барып, қажетін өтеп отырған адамдай киімімен бүркеніп отырды. Адамдардың бәрі ішке кіріп болған еді. Сонда қақпашы оған: “Уа, Алланың құлы! Егер кіргің келсе, кір. Мен қақпаны жапқалы жатырмын”, – деп дауыстады.

Абдулла ибн Атик сөзін жалғастырып: “Мен ішке кіріп, жасырынып қалдым. Адамдар түгел кірген соң, қақпашы қақпаны жауып, кілттерді бір қазыққа іліп қойды. Мен кілттерге барып, оларды алдым да, қақпаны ашып қойдым. Әбу Рафиғтің үйінде кешкісін адамдар бас қосып отыратын. Өзі үйінің жоғарғы қабатында болатын. Кешкі отырысқа келген адамдар тарқап кеткен соң, мен оның жанына көтерілдім. Әр есікті ашқан сайын, оны іш жағынан қайта жауып отырдым. Іштей: ‘Егер олар менің келгенімді байқап қалса да, мен оны өлтіргенге дейін маған жете алмайды’, – дедім.

Ақыры оның жанына жеттім. Ол отбасының ортасында қараңғы бір бөлмеде жатыр екен. Бөлменің қай тұсында жатқанын білмедім. Сонда: ‘Уа, Әбу Рафиғ!’ – дедім. Ол: ‘Бұл кім?’ – деді. Мен дауыс шыққан жаққа ұмтылып, абдырап тұрған күйімде қылышпен бір рет ұрдым, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ол айқайлап жіберді. Мен бөлмеден шығып, алысқа кетпей біраз тұрдым. Кейін қайта кіріп: ‘Уа, Әбу Рафиғ! Бұл не дауыс?’ – дедім. Ол: ‘Анаң сорласын! Үйдің ішінде бір адам жаңа ғана мені қылышпен ұрып кетті’, – деді. Сонда мен оны тағы бір рет қылышпен ұрып, ауыр жараладым, бірақ өлтіре алмадым. Кейін қылыштың ұшын қарнына сұғып, арқасынан шығардым. Сонда оны өлтіргенімді білдім.

Содан соң есіктерді бір-бірлеп ашып, баспалдаққа жеттім. Жерге жеттім деп ойлап, аяғымды бастым да, айлы түнде төменге құлап кеттім. Жіліншігім сынды. Оны сәлдеммен таңып алып, қақпаға барып отырдым да: ‘Оның өлгенін анық білмейінше, бұл түні кетпеймін’, – дедім. Әтеш шақырған кезде қамал қабырғасының үстіне хабаршы шығып: ‘Хижаз халқының саудагері Әбу Рафиғтің қайтыс болғанын хабарлаймын!’ – деді.

Сонда жолдастарыма барып: ‘Тез кетейік! Алла Әбу Рафиғті өлтірді’, – дедім. Кейін Пайғамбарға (с.а.с.) барып, болған жағдайды баяндадым. Ол (с.а.с.): ‘Аяғыңды соз’, – деді. Мен аяғымды создым. Ол (с.а.с.) аяғымды сипады. Сонда аяғым бұрын-соңды ауырмағандай болып кетті”, – деді».

بَابُ غَزْوَةِ أُحُدٍ

10-бапҰхұд жорығы туралы

1631
Бұхари, № 1631 · Сахих: 4046Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَجُلٌ لِلنَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ: «أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فَأَيْنَ أَنَا؟» قَالَ: «فِي الْجَنَّةِ». فَأَلْقَى تَمَرَاتٍ فِي يَدِهِ، ثُمَّ قَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деп жеткізді: «Ұхұд күні бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): “Егер мен өлтірілсем, қайда боламын?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жәннатта”, – деді. Сонда әлгі адам қолындағы құрмаларын тастай салды да, шайқасып жүріп қаза тапты».

بَابُ ﴿إِذْ هَمَّتْ طَائِفَتَانِ مِنْكُمْ أَنْ تَفْشَلَا وَاللَّهُ وَلِيُّهُمَا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 122]

11-бапАлла Тағаланың: «Міне, сол кезде араларыңнан екі бірдей жасақ жігерсіздік танытып, кері шегінуге бел буған еді. Алайда олардың қорғаны һәм медеткері Алла еді» («Әли Имран», 122-аят) деген сөзі туралы

1632
Бұхари, № 1632 · Сахих: 4054

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، وَمَعَهُ رَجُلَانِ يُقَاتِلَانِ عَنْهُ، عَلَيْهِمَا ثِيَابٌ بِيضٌ، كَأَشَدِّ الْقِتَالِ، مَا رَأَيْتُهُمَا قَبْلُ وَلَا بَعْدُ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деп жеткізді: «Ұхұд күні Алла Елшісін (с.а.с.) көрдім. Оның жанында ақ киім киген екі адам бар еді. Екеуі оны қорғап, бар күштерімен шайқасып жүрді. Мен оларды бұған дейін де, бұдан кейін де көрген емеспін».

1633
Бұхари, № 1633 · Сахих: 4055

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: نَثَلَ لِي النَّبِيُّ ﷺ كِنَانَتَهُ يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالَ: «اِرْمِ، فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ұхұд күні Пайғамбар (с.а.с.) маған қорамсағындағы жебелерін төгіп беріп: “Ат! Әке-шешем саған құрбан болсын!” – деді».

بَابُ ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 128]

12-бапАлла Тағаланың: «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Алла қаласа, оларды тәубеге келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды залымдар ретінде азаптайды» («Әли Имран», 128-аят) деген сөзі туралы

1634
Бұхари, № 1634 · Сахих: 4068Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: شُجَّ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالَ: «كَيْفَ يُفْلِحُ قَوْمٌ شَجُّوا نَبِيَّهُمْ؟». فَنَزَلَتْ: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ﴾.

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ұхұд күні Пайғамбардың (с.а.с.) басы жараланды. Сонда ол: “Өз пайғамбарының басын жарған қауым қалайша мұратқа жетпек?” – деді. Осыдан кейін: “Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ” (“Әли Имран”, 128-аят) деген аят түсті».

1635
Бұхари, № 1635 · Сахих: 4069Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ إِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ مِنَ الرَّكْعَةِ الْآخِرَةِ مِنَ الْفَجْرِ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ الْعَنْ فُلَانًا وَفُلَانًا وَفُلَانًا»، بَعْدَمَا يَقُولُ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ». فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 128].

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) таң намазының соңғы рәкәғатында рукуғтан басын көтеріп: “سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ – Алла Өзін мадақтағанның мадағын естіді. Уа, Раббымыз! Барлық мақтау Саған тән”, – дегеннен кейін: “Уа, Алла! Пәленшені, пәленшені және пәленшені лағынеттей гөр”, – дегенін естідім». Сонда Алла Тағала «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ» дегеннен «оларды залымдар ретінде азаптайды» дегенге дейінгі аятты түсірді («Әли Имран», 128-аят).

بَابُ قَتْلِ حَمْزَةَ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ

13-бапХамза ибн Абдулмутталибтің (р.а.) өлтірілуі туралы

1636
Бұхари, № 1636 · Сахих: 4072

عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ عَدِيِّ بْنِ الْخِيَارِ أَنَّهُ قَالَ لِوَحْشِيٍّ: «أَلَا تُخْبِرُنَا بِقَتْلِ حَمْزَةَ؟» قَالَ: نَعَمْ، إِنَّ حَمْزَةَ قَتَلَ طُعَيْمَةَ بْنَ عَدِيِّ بْنِ الْخِيَارِ بِبَدْرٍ، فَقَالَ لِي مَوْلَايَ جُبَيْرُ بْنُ مُطْعِمٍ: «إِنْ قَتَلْتَ حَمْزَةَ بِعَمِّي فَأَنْتَ حُرٌّ».

قَالَ: فَلَمَّا أَنْ خَرَجَ النَّاسُ عَامَ عَيْنَيْنِ، وَعَيْنَيْنِ جَبَلٌ بِحِيَالِ أُحُدٍ، بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ وَادٍ، خَرَجْتُ مَعَ النَّاسِ إِلَى الْقِتَالِ، فَلَمَّا أَنِ اِصْطَفُّوا لِلْقِتَالِ، خَرَجَ سِبَاعٌ، فَقَالَ: «هَلْ مِنْ مُبَارِزٍ؟». قَالَ: فَخَرَجَ إِلَيْهِ حَمْزَةُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَقَالَ: «يَا سِبَاعُ، يَا ابْنَ أُمِّ أَنْمَارٍ مُقَطِّعَةِ الْبُظُورِ، أَتُحَادُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ﷺ؟». قَالَ: ثُمَّ شَدَّ عَلَيْهِ، فَكَانَ كَأَمْسِ الذَّاهِبِ.

قَالَ: وَكَمَنْتُ لِحَمْزَةَ تَحْتَ صَخْرَةٍ، فَلَمَّا دَنَا مِنِّي رَمَيْتُهُ بِحَرْبَتِي، فَأَضَعُهَا فِي ثُنَّتِهِ حَتَّى خَرَجَتْ مِنْ بَيْنِ وَرِكَيْهِ. قَالَ: فَكَانَ ذَاكَ الْعَهْدَ بِهِ، فَلَمَّا رَجَعَ النَّاسُ رَجَعْتُ مَعَهُمْ، فَأَقَمْتُ بِمَكَّةَ حَتَّى فَشَا فِيهَا الْإِسْلَامُ، ثُمَّ خَرَجْتُ إِلَى الطَّائِفِ،

فَأَرْسَلُوا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَسُولًا، فَقِيلَ لِي: «إِنَّهُ لَا يَهِيجُ الرُّسُلَ». قَالَ: فَخَرَجْتُ مَعَهُمْ حَتَّى قَدِمْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَآنِي قَالَ: «آنْتَ وَحْشِيٌّ؟». قُلْتُ: نَعَمْ. قَالَ: «أَنْتَ قَتَلْتَ حَمْزَةَ؟». قُلْتُ: قَدْ كَانَ مِنَ الْأَمْرِ مَا بَلَغَكَ. قَالَ: «فَهَلْ تَسْتَطِيعُ أَنْ تُغَيِّبَ وَجْهَكَ عَنِّي؟». قَالَ: فَخَرَجْتُ.

فَلَمَّا قُبِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَخَرَجَ مُسَيْلِمَةُ الْكَذَّابُ، قُلْتُ: «لَأَخْرُجَنَّ إِلَى مُسَيْلِمَةَ، لَعَلِّي أَقْتُلُهُ فَأُكَافِئَ بِهِ حَمْزَةَ». قَالَ: فَخَرَجْتُ مَعَ النَّاسِ، فَكَانَ مِنْ أَمْرِهِ مَا كَانَ. قَالَ: فَإِذَا رَجُلٌ قَائِمٌ فِي ثَلْمَةِ جِدَارٍ، كَأَنَّهُ جَمَلٌ أَوْرَقُ ثَائِرُ الرَّأْسِ. قَالَ: فَرَمَيْتُهُ بِحَرْبَتِي، فَأَضَعُهَا بَيْنَ ثَدْيَيْهِ حَتَّى خَرَجَتْ مِنْ بَيْنِ كَتِفَيْهِ. قَالَ: وَوَثَبَ إِلَيْهِ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَضَرَبَهُ بِالسَّيْفِ عَلَى هَامَتِهِ.

Қазақша аудармасы

Ұбәйдулла ибн Ади ибн әл-Хияр Уахшиге: «Хамзаны қалай өлтіргеніңді бізге айтып бермейсің бе?» – деп сұраған. Уахши былай деген: «Иә. Хамза Бәдір күні Туғайма ибн Ади ибн әл-Хиярды өлтірген еді. Сонда қожайыным Жубәйр ибн Мутғим маған: “Егер көкемнің кегін алып, Хамзаны өлтірсең, азатсың”, – деді. Адамдар Айнәйн жорығына аттанғанда, мен де олармен бірге шайқасқа шықтым. Айнәйн – Ұхұдқа қарсы жатқан, екеуінің арасын аңғар бөліп тұрған тау еді. Әскерлер шайқасқа сап түзегенде, Сибағ алға шығып: “Жекпе-жекке шығатын біреу бар ма?” – деді. Сонда оған Хамза ибн Абдулмутталиб қарсы шығып: “Уа, Сибағ! Уа, әйелдерді сүндеттеумен айналысатын Үммі Әнмардың ұлы! Аллаға және Оның Елшісіне (с.а.с.) қарсы келіп тұрсың ба?” – деді. Содан кейін оған лап қойды. Сибағ кешегі өткен күндей жоқ болды. Мен Хамзаны аңдып, бір жартастың түбіне жасырынып жатқан едім. Ол маған жақындағанда, найзамды лақтырдым. Найза құрсағының төменгі жағына қадалып, екі жамбасының арасынан шығып кетті. Оны соңғы рет сол күйінде көрдім. Адамдар шайқастан қайтқанда, мен де олармен бірге қайттым. Меккеде Ислам кең таралғанға дейін тұрдым. Содан кейін Таифке кеттім».

Уахши сөзін жалғастырып: «Таифтіктер Алла Елшісіне (с.а.с.) елші жіберді. Маған: “Ол елшілерге тиіспейді”, – деп айтылды. Сонда мен солармен бірге жолға шығып, Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына келдім. Ол мені көргенде: “Сен Уахшисің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Хамзаны сен өлтірдің бе?” – деді. Мен: “Болған жай өзіңізге жеткендей”, – дедім. Сонда ол: “Жүзіңді маған көрсетпей жүре аласың ба?” – деді. Мен оның алдынан кеттім.

Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) дүниеден өткен соң, өтірікші Мусәйлима шықты. Сонда мен: “Мусәйлимаға қарсы міндетті түрде аттанамын. Бәлкім, оны өлтіріп, Хамзаға қатысты жасаған ісімнің орнын толтырармын”, – дедім. Сөйтіп, адамдармен бірге жорыққа шықтым. Одан әрі болғаны болды. Бір кезде қабырғаның ойығында тұрған бір адамды көрдім. Шашы ұйпа-тұйпа, өзі сұр түйеге ұқсайды екен. Мен оған найзамды лақтырдым. Найза кеудесінің ортасына қадалып, жауырындарының арасынан шығып кетті. Сол сәтте ансарлардың бір адамы оған ұмтылып барып, төбесінен қылышпен шапты».

بَابُ مَا أَصَابَ النَّبِيَّ ﷺ مِنَ الْجِرَاحِ يَوْمَ أُحُدٍ

14-бапҰхұд күні Пайғамбардың (с.а.с.) алған жарақаттары туралы

1637
Бұхари, № 1637 · Сахих: 4073Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى قَوْمٍ فَعَلُوا بِنَبِيِّهِ» – يُشِيرُ إِلَى رَبَاعِيَتِهِ – «اِشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى رَجُلٍ يَقْتُلُهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) күрек тісі мен сүйір тісінің арасындағы тісін нұсқап: “Өз пайғамбарына осылай істеген қауымға Алланың қаһары қатты болды. Алла Елшісі (с.а.с.) Алла жолында өлтіретін адамға Алланың қаһары қатты болды”, – деді».

بَابُ ﴿الَّذِينَ اِسْتَجَابُوا لِلَّهِ وَالرَّسُولِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 172]

15-бапАлла Тағаланың: «Алланың және пайғамбардың шақыруына құлақ асқандарға» («Әли Имран», 172-аят) деген сөзі туралы

1638
Бұхари, № 1638 · Сахих: 4077Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَمَّا أَصَابَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَا أَصَابَ يَوْمَ أُحُدٍ، وَانْصَرَفَ عَنْهُ الْمُشْرِكُونَ، خَافَ أَنْ يَرْجِعُوا، قَالَ: «مَنْ يَذْهَبُ فِي إِثْرِهِمْ؟». فَانْتَدَبَ مِنْهُمْ سَبْعُونَ رَجُلًا. قَالَ: كَانَ فِيهِمْ أَبُو بَكْرٍ وَالزُّبَيْرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Ұхұд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) басына түскен оқиғадан кейін мүшріктер кері қайтты. Ол олардың қайта оралуынан қауіптеніп: “Олардың соңынан кім барады?” – деді. Сонда сахабалардың арасынан жетпіс адам аттануға тілек білдірді. Солардың ішінде Әбу Бәкір мен Зубәйр (р.а.) де бар еді».

بَابُ غَزْوَةِ الْخَنْدَقِ وَهِيَ الْأَحْزَابُ

16-бапХандақ жорығы, яғни Ахзаб жорығы туралы

1639
Бұхари, № 1639 · Сахих: 4101Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّا يَوْمَ الْخَنْدَقِ نَحْفِرُ، فَعَرَضَتْ كُدْيَةٌ شَدِيدَةٌ، فَجَاءُوا النَّبِيَّ ﷺ فَقَالُوا: «هَذِهِ كُدْيَةٌ عَرَضَتْ فِي الْخَنْدَقِ»، فَقَالَ: «أَنَا نَازِلٌ». ثُمَّ قَامَ وَبَطْنُهُ مَعْصُوبٌ بِحَجَرٍ، وَلَبِثْنَا ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ لَا نَذُوقُ ذَوَاقًا، فَأَخَذَ النَّبِيُّ ﷺ الْمِعْوَلَ فَضَرَبَ، فَعَادَ كَثِيبًا أَهْيَلَ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Хандақ күні ор қазып жатқанымызда қазуға көнбейтін қатты жерге тап болдық. Сахабалар Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Ор қазып жатып қатты жерге тап болдық”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Орға өзім түсейін”, – деді де, орнынан тұрды. Оның қарнына тас байланған еді. Біз үш күн бойы аузымызға нәр татпаған едік. Пайғамбар (с.а.с.) қайланы қолына алып, әлгі жерді ұрып еді, ол сусып тұрған құм үйіндісіне айналды».

1640
Бұхари, № 1640 · Сахих: 4109Риуаят етуші: Сүлеймен ибн Сурад (р.а.)

عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ صُرَدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمَ الْأَحْزَابِ: «نَغْزُوهُمْ وَلَا يَغْزُونَنَا».

Қазақша аудармасы

Сүлеймен ибн Сурад (р.а.) былай деп жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.) Ахзаб күні: “Енді біз оларға жорық жасаймыз, ал олар бізге жорық жасамайды”, – деді».

1641
Бұхари, № 1641 · Сахих: 4114Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ، أَعَزَّ جُنْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَغَلَبَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ، فَلَا شَيْءَ بَعْدَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дейтінін жеткізген: «Бір Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол Өз әскерін үстем етті, құлына жеңіс берді және одақтасқан жау топтарын жалғыз Өзі жеңді. Одан кейін еш нәрсе жоқ».

بَابُ مَرْجِعِ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْأَحْزَابِ وَمَخْرَجِهِ إِلَى بَنِي قُرَيْظَةَ

17-бапПайғамбардың (с.а.с.) Ахзаб жорығынан қайтуы және Бәну Құрайзаға аттануы туралы

1642
Бұхари, № 1642 · Сахих: 4121Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: نَزَلَ بَنُو قُرَيْظَةَ عَلَى حُكْمِ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ، فَأَرْسَلَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى سَعْدٍ، فَأَتَى عَلَى حِمَارٍ، فَلَمَّا دَنَا مِنَ الْمَسْجِدِ قَالَ لِلْأَنْصَارِ: «قُومُوا إِلَى سَيِّدِكُمْ». ثُمَّ قَالَ: «هَؤُلَاءِ نَزَلُوا عَلَى حُكْمِكَ». فَقَالَ: «تَقْتُلُ مُقَاتِلَتَهُمْ، وَتَسْبِي ذَرَارِيَّهُمْ». قَالَ: «قَضَيْتَ بِحُكْمِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». وَرُبَّمَا قَالَ: «بِحُكْمِ الْمَلِكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бәну Құрайза Сағд ибн Муғаздың үкіміне бағынуға келісті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Сағдқа адам жіберді. Ол есекке мініп келді. Сағд мешітке жақындағанда, Пайғамбар (с.а.с.) ансарларға: “Мырзаларыңды қарсы алу үшін орындарыңнан тұрыңдар”, – деді. Содан кейін Сағдқа: “Мыналар сенің үкіміңе бағынуға келісті”, – деді. Сағд: “Олардың жауынгерлері өлтіріліп, бала-шағасы тұтқынға алынсын”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Сен Ұлы әрі Құдіретті Алланың үкімімен үкім еттің”, – деді. Кейде ол: “Патшаның үкімімен”, – деген».

بَابُ غَزْوَةِ ذَاتِ الرِّقَاعِ

18-бапЗат әр-Риқағ жорығы туралы

1643
Бұхари, № 1643 · Сахих: 4125Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى بِأَصْحَابِهِ فِي الْخَوْفِ فِي غَزْوَةِ السَّابِعَةِ، غَزْوَةِ ذَاتِ الرِّقَاعِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) шайқас болған жетінші жорықта, яғни Зат әр-Риқағ жорығында сахабаларымен бірге қауіп намазын оқыды», – деп жеткізді.

1644
Бұхари, № 1644 · Сахих: 4128Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي غَزَاةٍ، وَنَحْنُ سِتَّةُ نَفَرٍ، بَيْنَنَا بَعِيرٌ نَعْتَقِبُهُ، فَنَقِبَتْ أَقْدَامُنَا، وَنَقِبَتْ قَدَمَايَ، وَسَقَطَتْ أَظْفَارِي، فَكُنَّا نَلُفُّ عَلَى أَرْجُلِنَا الْخِرَقَ، فَسُمِّيَتْ غَزْوَةَ ذَاتِ الرِّقَاعِ، لِمَا كُنَّا نَعْصِبُ مِنَ الْخِرَقِ عَلَى أَرْجُلِنَا.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шықтық. Алты адам едік, арамызда кезектесіп мінетін бір ғана түйе болды. Табандарымыз тілініп кетті. Менің де табандарым тілініп, тырнақтарым түсіп қалды. Біз аяқтарымызға шүберек орап жүрдік. Аяқтарымызға шүберек байлап жүргендіктен, бұл жорық “Зат әр-Риқағ жорығы” деп аталды».

1645
Бұхари, № 1645 · Сахих: 4129, 4131Риуаят етуші: Сәһл ибн Әбу Хасма (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ أَبِي حَثْمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَكَانَ مِمَّنْ شَهِدَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ ذَاتِ الرِّقَاعِ صَلَاةَ الْخَوْفِ: أَنَّ طَائِفَةً صَفَّتْ مَعَهُ، وَطَائِفَةٌ وِجَاهَ الْعَدُوِّ، فَصَلَّى بِالَّتِي مَعَهُ رَكْعَةً، ثُمَّ ثَبَتَ قَائِمًا، وَأَتَمُّوا لِأَنْفُسِهِمْ، ثُمَّ اِنْصَرَفُوا فَصَفُّوا وِجَاهَ الْعَدُوِّ، وَجَاءَتِ الطَّائِفَةُ الْأُخْرَى فَصَلَّى بِهِمُ الرَّكْعَةَ الَّتِي بَقِيَتْ مِنْ صَلَاتِهِ، ثُمَّ ثَبَتَ جَالِسًا، وَأَتَمُّوا لِأَنْفُسِهِمْ، ثُمَّ سَلَّمَ بِهِمْ.

Қазақша аудармасы

Зат әр-Риқағ күні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге қауіп намазына қатысқан Сәһл ибн Әбу Хасмадан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Бір топ Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапқа тұрды, ал екінші топ дұшпанға қарсы тұрды. Пайғамбар (с.а.с.) өзімен бірге тұрған топқа бір рәкәғат намаз оқытты. Содан кейін өзі тік тұрған күйі күтті, ал олар намаздарының қалған бөлігін өздері толықтырып оқыды. Кейін олар кетіп, дұшпанға қарсы сапқа тұрды. Екінші топ келіп, Пайғамбар (с.а.с.) олармен бірге өз намазынан қалған бір рәкәғатты оқыды. Содан соң өзі отырған күйі күтті, ал олар намаздарының қалған бөлігін өздері толықтырып оқыды. Соңында ол олармен бірге сәлем берді».

1646
Бұхари, № 1646 · Сахих: 4135Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ غَزَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قِبَلَ نَجْدٍ، فَلَمَّا قَفَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَفَلَ مَعَهُ، فَأَدْرَكَتْهُمُ الْقَائِلَةُ وَهُوَ فِي وَادٍ كَثِيرِ الْعِضَاهِ، فَنَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَتَفَرَّقَ النَّاسُ فِي الْعِضَاهِ، يَسْتَظِلُّونَ بِالشَّجَرِ، وَنَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَحْتَ سَمُرَةٍ فَعَلَّقَ بِهَا سَيْفَهُ.

قَالَ جَابِرٌ: فَنِمْنَا نَوْمَةً، ثُمَّ إِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْعُونَا، فَجِئْنَاهُ، فَإِذَا عِنْدَهُ أَعْرَابِيٌّ جَالِسٌ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ هَذَا اِخْتَرَطَ سَيْفِي وَأَنَا نَائِمٌ، فَاسْتَيْقَظْتُ وَهُوَ فِي يَدِهِ صَلْتًا، فَقَالَ لِي: “مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّي؟” قُلْتُ: “اللَّهُ”، فَهَا هُوَ ذَا جَالِسٌ». ثُمَّ لَمْ يُعَاقِبْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ол Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Нәжд жаққа жорыққа шығып, онымен бірге қайтқан еді. Түскі тынығатын мезгілде Алла Елшісі (с.а.с.) тікенекті ағаштары көп бір алқапта болатын. Ол сонда аялдады. Адамдар ағаштардың көлеңкесін паналау үшін жан-жаққа тарады. Алла Елшісі (с.а.с.) бір сәмур ағашының түбіне аялдап, қылышын оған іліп қойды.

Жәбир былай деген: “Біз біраз ұйықтап алдық. Бір кезде Алла Елшісі (с.а.с.) бізді шақырды. Қасына келсек, жанында бір бәдәуи отыр екен. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Мен ұйықтап жатқанда мына адам қылышымды қынынан суырып алыпты. Оянсам, жалаң қылышты қолына ұстап тұр екен. Ол маған: «Сені менен кім қорғайды?» – деді. Мен: «Алла», – дедім. Міне, енді өзі осында отыр’, – деді”. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оны жазаламады».

بَابُ غَزْوَةِ بَنِي الْمُصْطَلِقِ

19-бапБәну әл-Мусталиқ жорығы туралы

1647
Бұхари, № 1647 · Сахих: 4138Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةِ بَنِي الْمُصْطَلِقِ، فَأَصَبْنَا سَبْيًا مِنْ سَبْيِ الْعَرَبِ، فَاشْتَهَيْنَا النِّسَاءَ، وَاشْتَدَّتْ عَلَيْنَا الْعُزْبَةُ، وَأَحْبَبْنَا الْعَزْلَ، وَقُلْنَا: «نَعْزِلُ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أَظْهُرِنَا قَبْلَ أَنْ نَسْأَلَهُ؟» فَسَأَلْنَاهُ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: «مَا عَلَيْكُمْ أَنْ لَا تَفْعَلُوا، مَا مِنْ نَسَمَةٍ كَائِنَةٍ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ إِلَّا وَهِيَ كَائِنَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Бәну әл-Мусталиқ жорығына шықтық. Араб әйелдерінің бір тобы қолымызға тұтқын болып түсті. Әйелге деген құмарлығымыз оянып, бойдақтық бізге ауыр тиді. Сондықтан азл (шәуетті сыртқа шығару) жасағымыз келді. Сөйтіп: “Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда бола тұра, одан сұрамай азл жасаймыз ба?” – дедік. Кейін бұл жайында одан сұрадық. Сонда ол: “Мұны істемегендеріңнен сендерге еш зиян жоқ. Қиямет күніне дейін дүниеге келуі тағдырланған әрбір жан міндетті түрде дүниеге келеді”, – деді».

بَابُ غَزْوَةِ أَنْمَارٍ

20-бапӘнмар жорығы туралы

1648
Бұхари, № 1648 · Сахих: 4140Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِي غَزْوَةِ أَنْمَارٍ يُصَلِّي عَلَى رَاحِلَتِهِ مُتَوَجِّهًا قِبَلَ الْمَشْرِقِ مُتَطَوِّعًا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (р.а.) былай деген: «Әнмар жорығында Пайғамбардың (с.а.с.) түйесінің үстінде шығысқа қарай бет алып, нәпіл намаз оқып бара жатқанын көрдім».

وَقَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿لَقَدْ رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ﴾ [الْفَتْحِ: 18]

21-бапХудайбия жорығы туралы

بَابُ غَزْوَةِ الْحُدَيْبِيَةِ

Алла Тағаланың: «Шүбәсіз, Алла әлгі ағаштың түбінде өзіңе қол беріп, серт бергендерінде мүміндерден разы болды» («Фатх», 18-аят) деген сөзі

1649
Бұхари, № 1649 · Сахих: 4150Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: تَعُدُّونَ أَنْتُمُ الْفَتْحَ فَتْحَ مَكَّةَ، وَقَدْ كَانَ فَتْحُ مَكَّةَ فَتْحًا، وَنَحْنُ نَعُدُّ الْفَتْحَ بَيْعَةَ الرِّضْوَانِ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ، كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ أَرْبَعَ عَشْرَةَ مِائَةً، وَالْحُدَيْبِيَةُ بِئْرٌ، فَنَزَحْنَاهَا فَلَمْ نَتْرُكْ فِيهَا قَطْرَةً، فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ فَأَتَاهَا، فَجَلَسَ عَلَى شَفِيرِهَا، ثُمَّ دَعَا بِإِنَاءٍ مِنْ مَاءٍ، ثُمَّ مَضْمَضَ وَدَعَا، ثُمَّ صَبَّهُ فِيهَا، فَتَرَكْنَاهَا غَيْرَ بَعِيدٍ، ثُمَّ إِنَّهَا أَصْدَرَتْنَا مَا شِئْنَا نَحْنُ وَرِكَابَنَا.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Сендер Меккенің алынуын жеңіс деп санайсыңдар. Әрине, Меккенің алынуы да жеңіс еді. Ал біз Худайбия күнгі Ридуан сертін жеңіс деп санайтынбыз. Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге мың төрт жүз адам едік. Худайбия – бір құдықтың аты. Біз оның суын тартып тауысып, ішінде бір тамшы да қалдырмадық. Бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол құдыққа келіп, ернеуіне отырды. Содан кейін су құйылған бір ыдыс әкелуді сұрады. Аузын шайып, дұға етті де, сол суды құдыққа құйды. Құдықты аз ғана уақытқа қалдырдық. Содан кейін өзіміз де, мінген түйелеріміз де оның суын қалағанымызша ішіп, шөлімізді қандырдық».

1650
Бұхари, № 1650 · Сахих: 4154Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ: «أَنْتُمْ خَيْرُ أَهْلِ الْأَرْضِ»، وَكُنَّا أَلْفًا وَأَرْبَعَ مِائَةٍ، وَلَوْ كُنْتُ أُبْصِرُ الْيَوْمَ لَأَرَيْتُكُمْ مَكَانَ الشَّجَرَةِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Худайбия күні Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Сендер – жер бетіндегі ең қайырлы адамдарсыңдар”, – деді. Біз мың төрт жүз адам едік. Егер қазір көзім көретін болса, сендерге сол ағаштың орнын көрсетіп берер едім».

1651
Бұхари, № 1651 · Сахих: 4175

عَنْ سُوَيْدِ بْنِ النُّعْمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ الشَّجَرَةِ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ أُتُوا بِسَوِيقٍ فَلَاكُوهُ.

Қазақша аудармасы

Ағаш түбінде серт бергендердің бірі Суәйд ибн ән-Нұғман (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мен оның сахабаларына талқан әкелінді. Олар оны ауыздарына салып, шайнап жеді».

1652
Бұхари, № 1652 · Сахих: 4177Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ يَسِيرُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ لَيْلًا، فَسَأَلَهُ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ عَنْ شَيْءٍ، فَلَمْ يُجِبْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ سَأَلَهُ فَلَمْ يُجِبْهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ فَلَمْ يُجِبْهُ، فَقَالَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ: «ثَكِلَتْكَ أُمُّكَ، يَا عُمَرُ، نَزَرْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، كُلُّ ذَلِكَ لَا يُجِيبُكَ».

قَالَ عُمَرُ: فَحَرَّكْتُ بَعِيرِي ثُمَّ تَقَدَّمْتُ أَمَامَ الْمُسْلِمِينَ، وَخَشِيتُ أَنْ يَنْزِلَ فِيَّ قُرْآنٌ، فَمَا نَشِبْتُ أَنْ سَمِعْتُ صَارِخًا يَصْرُخُ بِي. قَالَ: فَقُلْتُ: «لَقَدْ خَشِيتُ أَنْ يَكُونَ نَزَلَ فِيَّ قُرْآنٌ»، وَجِئْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ، فَقَالَ: «لَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيَّ اللَّيْلَةَ سُورَةٌ، لَهِيَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا﴾ [الْفَتْحِ: 1].

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Бір түні ол Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жол жүріп келе жатты. Омар одан бір нәрсе сұрады, бірақ Алла Елшісі (с.а.с.) оған жауап бермеді. Омар тағы сұрады, ол тағы да жауап бермеді. Үшінші рет сұрағанда да жауап қайтармады. Сонда Омар өзіне-өзі: “Анаң сенен айырылсын, уа, Омар! Алла Елшісіне (с.а.с.) үш рет қадалып сұрақ қойдың, бірақ ол саған бірде-бір рет жауап бермеді”, – деді.

Омар былай деген: “Содан кейін түйемді жүргізіп, мұсылмандардың алдына қарай озып кеттім. Өзім жайында Құран аяты түсіп қала ма деп қорықтым. Көп ұзамай біреудің мені дауыстап шақырғанын естідім. Сонда: ‘Мен жайында Құран түсті-ау деп қорқып едім’, – дедім. Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, сәлем бердім. Ол: ‘Осы түні маған күн нұры түскен бүкіл дүниеден де сүйіктірек бір сүре түсірілді’, – деді де: ‘Біз саған ап-айқын жеңіс нәсіп еттік!’ (‘Фатх’, 1-аят) деген аятты оқыды”».

1653
Бұхари, № 1653 · Сахих: 4178, 4179Риуаят етуші: Мисуар ибн Махрама (р.а.)

عَنِ الْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ عَامَ الْحُدَيْبِيَةِ فِي بِضْعَ عَشْرَةَ مِائَةً مِنْ أَصْحَابِهِ، فَلَمَّا أَتَى ذَا الْحُلَيْفَةِ، قَلَّدَ الْهَدْيَ وَأَشْعَرَهُ، وَأَحْرَمَ مِنْهَا بِعُمْرَةٍ، وَبَعَثَ عَيْنًا لَهُ مِنْ خُزَاعَةَ، وَسَارَ النَّبِيُّ ﷺ حَتَّى كَانَ بِغَدِيرِ الْأَشْطَاطِ أَتَاهُ عَيْنُهُ، قَالَ: «إِنَّ قُرَيْشًا جَمَعُوا لَكَ جُمُوعًا، وَقَدْ جَمَعُوا لَكَ الْأَحَابِيشَ، وَهُمْ مُقَاتِلُوكَ، وَصَادُّوكَ عَنِ الْبَيْتِ، وَمَانِعُوكَ».

فَقَالَ: «أَشِيرُوا، أَيُّهَا النَّاسُ، عَلَيَّ، أَتَرَوْنَ أَنْ أَمِيلَ إِلَى عِيَالِهِمْ وَذَرَارِيِّ هَؤُلَاءِ الَّذِينَ يُرِيدُونَ أَنْ يَصُدُّونَا عَنِ الْبَيْتِ، فَإِنْ يَأْتُونَا كَانَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ قَدْ قَطَعَ عَيْنًا مِنَ الْمُشْرِكِينَ، وَإِلَّا تَرَكْنَاهُمْ مَحْرُوبِينَ».

قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، خَرَجْتَ عَامِدًا لِهَذَا الْبَيْتِ، لَا تُرِيدُ قَتْلَ أَحَدٍ، وَلَا حَرْبَ أَحَدٍ، فَتَوَجَّهْ لَهُ، فَمَنْ صَدَّنَا عَنْهُ قَاتَلْنَاهُ». قَالَ: «اِمْضُوا عَلَى اسْمِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Мисуар ибн Махрамадан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Пайғамбар (с.а.с.) Худайбия жылы саны мыңнан бірнеше жүзге асатын сахабаларымен бірге жолға шықты. Зүлхуләйфаға жеткенде, құрбандық малдарының мойнына белгі тағып, өркештеріне тілік салды да, сол жерден ұмра үшін ихрамға кірді. Сондай-ақ Хузаға тайпасынан бір адамды барлаушы етіп жіберді. Пайғамбар (с.а.с.) жолын жалғастырып, Ғадир әл-Аштатқа жеткенде, барлаушысы келіп: “Құрайыш саған қарсы қалың әскер жинады. Олар Ахабиш одақтастарын да саған қарсы жұмылдырып отыр. Олар сенімен соғысып, Қағбаға өткізбей, жолыңды бөгемек”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, адамдар! Маған кеңес беріңдер. Бізді Қағбаға жібермеуге бекініп отырған мына адамдардың отбасы мен бала-шағасы тұрған жаққа бет бұрғанымызды жөн көресіңдер ме? Егер олар бізге келсе, Ұлы әрі Құдіретті Алла мүшріктердің бір тобын жойған болады. Ал егер келмесе, оларды мал-мүлкінен айырылған күйде қалдырамыз”, – деді. Әбу Бәкір (р.а.): “Уа, Расулалла! Сіз осы Үйді зиярат етуді көздеп жолға шықтыңыз. Ешкімді өлтіруді де, ешкіммен соғысуды да мақсат еткен жоқсыз. Ендеше, Қағбаға қарай жүре беріңіз. Кім бізге оған жетуге бөгет болса, сонымен соғысамыз”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Алланың атымен жүріңдер”, – деді».

1654
Бұхари, № 1654 · Сахих: 4186Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ أَبَاهُ أَرْسَلَهُ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ لِيَأْتِيَهُ بِفَرَسٍ كَانَ عِنْدَ رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَوَجَدَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُبَايِعُ عِنْدَ الشَّجَرَةِ، وَعُمَرُ لَا يَدْرِي بِذَلِكَ،

فَبَايَعَهُ عَبْدُ اللَّهِ، ثُمَّ ذَهَبَ إِلَى الْفَرَسِ، فَجَاءَ بِهِ إِلَى عُمَرَ، وَعُمَرُ يَسْتَلْئِمُ لِلْقِتَالِ، فَأَخْبَرَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُبَايِعُ تَحْتَ الشَّجَرَةِ. قَالَ: فَانْطَلَقَ، فَذَهَبَ مَعَهُ حَتَّى بَايَعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَهِيَ الَّتِي يَتَحَدَّثُ النَّاسُ أَنَّ ابْنَ عُمَرَ أَسْلَمَ قَبْلَ عُمَرَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Худайбия күні әкесі оны ансарлардың бірінің қолында тұрған атын алып келуге жіберді. Абдулла Алла Елшісінің (с.а.с.) ағаш түбінде серт қабылдап жатқанын көрді, ал Омар мұны білмейтін.

Абдулла Пайғамбарға (с.а.с.) серт берді де, содан кейін атқа барып, оны Омарға алып келді. Омар сол кезде шайқасқа қаруланып жатқан еді. Абдулла оған Алла Елшісінің (с.а.с.) ағаш түбінде серт қабылдап жатқанын хабарлады. Сонда Омар жолға шықты, Абдулла да онымен бірге барды. Омар Алла Елшісіне (с.а.с.) серт берді. Адамдардың: “Ибн Омар Омардан бұрын Исламды қабылдаған”, – деп айтып жүруіне себеп болған оқиға – осы».

1655
Бұхари, № 1655 · Сахих: 4188Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ حِينَ اِعْتَمَرَ، فَطَافَ فَطُفْنَا مَعَهُ، وَصَلَّى وَصَلَّيْنَا مَعَهُ، وَسَعَى بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، فَكُنَّا نَسْتُرُهُ مِنْ أَهْلِ مَكَّةَ، لَا يُصِيبُهُ أَحَدٌ بِشَيْءٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) ұмра жасаған кезде біз онымен бірге едік. Ол Қағбаны тауап етті, біз де онымен бірге тауап еттік. Ол намаз оқыды, біз де онымен бірге намаз оқыдық. Ол Сафа мен Мәруаның арасында сағи жасады. Біз оны меккеліктерден қорғап, ешкімнің оған зиян тигізуіне жол бермей жүрдік».

بَابُ غَزْوَةِ ذَاتِ قَرَدٍ

22-бапЗат Қарад жорығы туралы

1656
Бұхари, № 1656 · Сахих: 4194

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجْتُ قَبْلَ أَنْ يُؤَذَّنَ بِالْأُولَى، وَكَانَتْ لِقَاحُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَرْعَى بِذِي قَرَدٍ، قَالَ: فَلَقِيَنِي غُلَامٌ لِعَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ فَقَالَ: «أُخِذَتْ لِقَاحُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». فَذَكَرَ الْحَدِيثَ بِطُولِهِ وَقَدْ تَقَدَّمَ، وَقَالَ هُنَا فِي آخِرِهِ: قَالَ: «ثُمَّ رَجَعْنَا وَيُرْدِفُنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى نَاقَتِهِ حَتَّى دَخَلْنَا الْمَدِينَةَ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деген: «Таң намазының азаны айтылмай тұрып сыртқа шықтым. Алла Елшісінің (с.а.с.) сауынды түйелері Зу Қарадта жайылып жүрген еді. Сол кезде Абдуррахман ибн Ауфтың бір қызметшісі маған жолығып: “Алла Елшісінің (с.а.с.) сауынды түйелерін алып кетті”, – деді». Одан әрі ол бұған дейін келтірілген хадисті толық баяндаған. Бұл риуаяттың соңында: «Содан кейін кері қайттық. Алла Елшісі (с.а.с.) мені түйесінің үстіне, өзінің артына мінгестіріп алды. Сол күйімізде Мәдинаға кірдік», – деген.

بَابُ غَزْوَةِ خَيْبَرَ

23-бапХайбар жорығы туралы

1657
Бұхари, № 1657 · Сахих: 4196

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى خَيْبَرَ، فَسِرْنَا لَيْلًا، فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ لِعَامِرٍ: «يَا عَامِرُ، أَلَا أَسْمَعْتَنَا مِنْ هُنَيْهَاتِكَ؟» وَكَانَ عَامِرٌ رَجُلًا شَاعِرًا، فَنَزَلَ يَحْدُو بِالْقَوْمِ يَقُولُ:

«اللَّهُمَّ لَوْلَا أَنْتَ مَا اِهْتَدَيْنَا وَلَا تَصَدَّقْنَا وَلَا صَلَّيْنَا

فَاغْفِرْ فِدَاءً لَكَ مَا أَبْقَيْنَا وَثَبِّتِ الْأَقْدَامَ إِنْ لَاقَيْنَا

وَأَلْقِيَنْ سَكِينَةً عَلَيْنَا إِنَّا إِذَا صِيحَ بِنَا أَبَيْنَا

وَبِالصِّيَاحِ عَوَّلُوا عَلَيْنَا».

فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ هَذَا السَّائِقُ؟». قَالُوا: «عَامِرُ بْنُ الْأَكْوَعِ». قَالَ: «يَرْحَمُهُ اللَّهُ». قَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «وَجَبَتْ، يَا نَبِيَّ اللَّهِ، لَوْلَا أَمْتَعْتَنَا بِهِ؟».

فَأَتَيْنَا خَيْبَرَ فَحَاصَرْنَاهُمْ حَتَّى أَصَابَتْنَا مَخْمَصَةٌ شَدِيدَةٌ، ثُمَّ إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى فَتَحَهَا عَلَيْهِمْ، فَلَمَّا أَمْسَى النَّاسُ مَسَاءَ الْيَوْمِ الَّذِي فُتِحَتْ عَلَيْهِمْ، أَوْقَدُوا نِيرَانًا كَثِيرَةً، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا هَذِهِ النِّيرَانُ؟ عَلَى أَيِّ شَيْءٍ تُوقِدُونَ؟». قَالُوا: «عَلَى لَحْمٍ». قَالَ: «عَلَى أَيِّ لَحْمٍ؟». قَالُوا: «لَحْمِ حُمُرِ الْإِنْسِيَّةِ»، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَهْرِيقُوهَا وَاكْسِرُوهَا»، فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَوْ نُهْرِيقُهَا وَنَغْسِلُهَا؟» قَالَ: «أَوْ ذَاكَ».

فَلَمَّا تَصَافَّ الْقَوْمُ كَانَ سَيْفُ عَامِرٍ قَصِيرًا، فَتَنَاوَلَ بِهِ سَاقَ يَهُودِيٍّ لِيَضْرِبَهُ، وَيَرْجِعُ ذُبَابُ سَيْفِهِ، فَأَصَابَ عَيْنَ رُكْبَةِ عَامِرٍ فَمَاتَ مِنْهُ. قَالَ:

فَلَمَّا قَفَلُوا قَالَ سَلَمَةُ: رَآنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ آخِذٌ بِيَدِي، قَالَ: «مَا لَكَ؟». قُلْتُ لَهُ: «فَدَاكَ أَبِي وَأُمِّي، زَعَمُوا أَنَّ عَامِرًا حَبِطَ عَمَلُهُ». قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «كَذَبَ مَنْ قَالَهُ، إِنَّ لَهُ لَأَجْرَيْنِ» – وَجَمَعَ بَيْنَ إِصْبَعَيْهِ – «إِنَّهُ لَجَاهِدٌ مُجَاهِدٌ، قَلَّ عَرَبِيٌّ مَشَى بِهَا مِثْلَهُ». وَفِي رِوَايَةٍ: «نَشَأَ بِهَا».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Хайбарға қарай жолға шықтық. Түнде жүріп келе жатқанымызда, топ ішіндегі бір адам Амирге: “Уа, Амир! Өз өлеңдеріңнен бізге бірер шумақ айтып бермейсің бе?” – деді. Амир ақын адам еді. Ол көлігінен түсіп, жұрттың түйелерін айдай жүріп, былай деп өлеңдетті:

“Уа, Алла! Сен болмағанда тура жол таппас едік,

Садақа да бермес едік, намаз да оқымас едік.

Өткен күнәларымызды кешіре гөр, жанымыз Саған құрбан,

Дұшпанмен кездескенде қадамымызды нық қыл.

Бізге тыныштық түсіре гөр,

Зұлымдық пен озбырлыққа шақырса, көнбейміз,

Олар бізге қарсы айқайына арқа сүйеді”.

Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мына жыр айтып, көліктерді айдап келе жатқан кім?” – деп сұрады. Олар: “Амир ибн әл-Әкуағ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Алла оны рақымына бөлесін”, – деді. Сонда топ ішіндегі бір адам: “Уа, Алланың пайғамбары! Ендеше, оның шейіттігі бекітілді ғой. Оны бізге әлі біраз уақыт серік ете тұрсаңыз еді”, – деді.

Біз Хайбарға жетіп, оны қоршауға алдық. Ақырында қатты аштыққа ұшырадық. Кейін Алла Тағала Хайбарды біздің қолымызға берді. Хайбар алынған күннің кешінде адамдар көп от жақты. Пайғамбар (с.а.с.): “Мына оттар не үшін жағылып жатыр?” – деп сұрады. Олар: “Ет пісіру үшін”, – деді. Ол: “Қандай ет?” – деп сұрады. Олар: “Үй есектерінің еті”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оны төгіп тастаңдар әрі қазандарды сындырыңдар”, – деді. Бір адам: “Уа, Расулалла! Етті төгіп, қазандарды жуып қойсақ бола ма?” – деп сұрады. Ол: “Олай да болады”, – деді.

Екі жақ шайқасқа сап түзеді. Амирдің қылышы қысқа еді. Ол бір яһудидің балтырын шаппақ болып қылышын сілтегенде, қылышының ұшы кері серпіліп, өзінің тізеқақпағына тиді. Сол жарадан ол қайтыс болды.

Кейін қайтып келе жатқанымызда Алла Елшісі (с.а.с.) мені көрді. Ол қолымнан ұстап: “Саған не болды?” – деп сұрады. Мен: “Әке-шешем сізге құрбан болсын! Адамдар Амирдің амалы зая кетті деп айтып жүр”, – дедім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Мұны айтқан адам өтірік айтты. Расында, оған екі сауап бар”, – деп екі саусағын қатар қойды да: “Ол – бар күшін аямаған, Алла жолында күрескен адам. Арабтардың ішінде ол секілді ержүрек әрі қайсар адам сирек”, – деді.

Бір риуаятта: “Ол секілді болып өскен арабтар өте аз”, – делінген».

1658
Бұхари, № 1658 · Сахих: 4197Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَتَى خَيْبَرَ لَيْلًا. تَقَدَّمَ فِي الصَّلَاةِ، وَزَادَ هُنَا: «فَقَتَلَ النَّبِيُّ ﷺ الْمُقَاتِلَةَ وَسَبَى الذُّرِّيَّةَ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хабарда Алла Елшісінің (с.а.с.) Хайбарға түнде келгені айтылады. Бұл хадис намаз бөлімінде бұрын өткен. Осы жерде: «Пайғамбар (с.а.с.) олардың жауынгерлерін өлтіріп, бала-шағасын тұтқынға алды», – деп қосылған.

1659
Бұхари, № 1659 · Сахих: 4202Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ، أَشْرَفَ النَّاسُ عَلَى وَادٍ فَرَفَعُوا أَصْوَاتَهُمْ بِالتَّكْبِيرِ: «اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِرْبَعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، إِنَّكُمْ لَا تَدْعُونَ أَصَمَّ وَلَا غَائِبًا، إِنَّكُمْ تَدْعُونَ سَمِيعًا قَرِيبًا وَهُوَ مَعَكُمْ».

وَأَنَا خَلْفَ دَابَّةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَسَمِعَنِي وَأَنَا أَقُولُ: «لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ»، فَقَالَ لِي: «يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ». قُلْتُ: «لَبَّيْكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «أَلَا أَدُلُّكَ عَلَى كَلِمَةٍ مِنْ كَنْزٍ مِنْ كُنُوزِ الْجَنَّةِ؟» قُلْتُ: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي». قَالَ: «لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбарға жорық жасаған кезде адамдар бір аңғарға жоғарыдан қарап, дауыстарын көтеріп: “Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!” – деп тәкбір айтты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Өздеріңді қинамаңдар! Сендер естімейтін не өздеріңнен жырақтағы біреуге жалбарынып жатқан жоқсыңдар. Сендер бәрін еститін әрі жақын Аллаға жалбарынып жатырсыңдар. Ол сендермен бірге”, – деді.

Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) көлігінің артында келе жатқан едім. Ол менің: “Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ”, – деп айтқанымды естіп: “Уа, Абдулла ибн Қайс!” – деді. Мен: “Құлағым сізде, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Саған Жәннат қазыналарының бірінен алынған сөзді үйретейін бе?” – деді. Мен: “Әрине, уа, Расулалла! Әке-шешем сізге құрбан болсын!” – дедім. Ол: “Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ”, – деді».

1660
Бұхари, № 1660 · Сахих: 4203Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ الْتَقَى هُوَ وَالْمُشْرِكُونَ فَاقْتَتَلُوا، فَلَمَّا مَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى عَسْكَرِهِ وَمَالَ الْآخَرُونَ إِلَى عَسْكَرِهِمْ، وَفِي أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ لَا يَدَعُ لَهُمْ شَاذَّةً وَلَا فَاذَّةً إِلَّا اِتَّبَعَهَا يَضْرِبُهَا بِسَيْفِهِ، فَقِيلَ: «مَا أَجْزَأَ مِنَّا الْيَوْمَ أَحَدٌ كَمَا أَجْزَأَ فُلَانٌ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَا إِنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ».

فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «أَنَا صَاحِبُهُ». قَالَ: فَخَرَجَ مَعَهُ كُلَّمَا وَقَفَ وَقَفَ مَعَهُ، وَإِذَا أَسْرَعَ أَسْرَعَ مَعَهُ. قَالَ: فَجُرِحَ الرَّجُلُ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ، فَوَضَعَ سَيْفَهُ بِالْأَرْضِ وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَى سَيْفِهِ فَقَتَلَ نَفْسَهُ.

فَخَرَجَ الرَّجُلُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أَشْهَدُ أَنَّكَ رَسُولُ اللَّهِ». قَالَ: «وَمَا ذَاكَ؟». قَالَ: «الرَّجُلُ الَّذِي ذَكَرْتَ آنِفًا أَنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَأَعْظَمَ النَّاسُ ذَلِكَ، فَقُلْتُ: “أَنَا لَكُمْ بِهِ”، فَخَرَجْتُ فِي طَلَبِهِ، ثُمَّ جُرِحَ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ، فَوَضَعَ نَصْلَ سَيْفِهِ فِي الْأَرْضِ، وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَيْهِ فَقَتَلَ نَفْسَهُ».

فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ ذَلِكَ: «إِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ، وَهُوَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ النَّارِ، فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ، وَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мүшріктермен бетпе-бет келіп, екі жақ шайқасты. Алла Елшісі (с.а.с.) өз қосынына, ал қарсы жақ өз қосынына қайтқанда, Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бірі қарсы жақтан бөлініп не оқшау қалған бірде-бір адамды қалт жібермей, артынан қуып жетіп, қылышпен шауып жүрген еді. Сонда жұрт: “Бүгін біздің арамызда пәленшедей ерлік көрсеткен ешкім болған жоқ”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Алайда ол – Тозақ иелерінің бірі”, – деді.

Сонда адамдардың бірі: “Мен оның соңынан жүремін”, – деді де, әлгі адамның соңынан ерді. Анау тоқтаса, бұл да тоқтайтын, анау жылдам жүрсе, бұл да ілесе жылдамдайтын. Біраздан кейін әлгі адам ауыр жараланды. Ол өлімін тездетпек болып, қылышын жерге тіреп, ұшын кеудесінің ортасына қойды да, қылышына бар салмағымен басылып, өзін өлтірді.

Сонда оны бақылап жүрген адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Сіздің Алланың Елшісі екеніңізге куәлік етемін”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Не болды?” – деп сұрады. Ол: “Жаңа ғана сіз Тозақ иелерінен деп айтқан адам туралы сөзіңізді жұрт ауыр қабылдады. Сонда мен: ‘Оның жағдайын сендер үшін бақылап жүремін’, – дедім. Артынан еріп жүрдім. Ол ауыр жараланған соң өлімін тездетіп, қылышының жүзін жерге тіреп, ұшын кеудесінің ортасына қойды да, оған бар салмағымен басылып, өзін өлтірді”, – деді.

Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, адам жұрттың көзіне Жәннат иелерінің амалын істеп жүргендей көрінеді, алайда өзі Тозақ иелерінен болады. Ал адам жұрттың көзіне Тозақ иелерінің амалын істеп жүргендей көрінеді, алайда өзі Жәннат иелерінен болады”, – деді».

1661
Бұхари, № 1661 · Сахих: 4204

وَفِي رِوَايَةٍ: فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «قُمْ، يَا بِلَالُ، فَأَذِّنْ أَنَّهُ لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ إِلَّا مُؤْمِنٌ، إِنَّ اللَّهَ يُؤَيِّدُ الدِّينَ بِالرَّجُلِ الْفَاجِرِ».

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, Біләл! Тұр да: “Жәннатқа тек мүмін ғана кіреді. Расында, Алла бұл дінді күнәһар адам арқылы да қуаттайды”, – деп жарияла», – деген.

1662
Бұхари, № 1662 · Сахих: 4206

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ضُرِبْتُ ضَرْبَةً فِي سَاقِي يَوْمَ خَيْبَرَ فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَنَفَثَ فِيهَا ثَلَاثَ نَفَثَاتٍ، فَمَا اِشْتَكَيْتُهَا حَتَّى السَّاعَةِ.

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деген: «Хайбар күні балтырымнан жараландым. Пайғамбарға (с.а.с.) бардым. Ол жараға үш рет дем салды. Содан бері осы уақытқа дейін ол жерім ауырған емес».

1663
Бұхари, № 1663 · Сахих: 4213Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ خَيْبَرَ وَالْمَدِينَةِ ثَلَاثَ لَيَالٍ يُبْنَى عَلَيْهِ بِصَفِيَّةَ، فَدَعَوْتُ الْمُسْلِمِينَ إِلَى وَلِيمَتِهِ، وَمَا كَانَ فِيهَا مِنْ خُبْزٍ وَلَا لَحْمٍ، وَمَا كَانَ فِيهَا إِلَّا أَنْ أَمَرَ بِلَالًا بِالْأَنْطَاعِ فَبُسِطَتْ، فَأَلْقَى عَلَيْهَا التَّمْرَ وَالْأَقِطَ وَالسَّمْنَ، فَقَالَ الْمُسْلِمُونَ: «إِحْدَى أُمَّهَاتِ الْمُؤْمِنِينَ، أَوْ مَا مَلَكَتْ يَمِينُهُ؟» قَالُوا: «إِنْ حَجَبَهَا فَهِيَ إِحْدَى أُمَّهَاتِ الْمُؤْمِنِينَ، وَإِنْ لَمْ يَحْجُبْهَا فَهِيَ مِمَّا مَلَكَتْ يَمِينُهُ». فَلَمَّا اِرْتَحَلَ وَطَّأَ لَهَا خَلْفَهُ، وَمَدَّ الْحِجَابَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Хайбар мен Мәдинаның арасында үш түн аялдап, сол жерде Сафиямен некелік өмірін бастады. Мен мұсылмандарды оның үйлену тойына шақырдым. Тойда нан да, ет те болған жоқ. Пайғамбар (с.а.с.) Біләлге тері төсеніштерді жайғызды да, олардың үстіне құрма, құрт және сары май қойды. Сонда мұсылмандар: “Ол мүміндердің аналарының бірі ме, әлде Пайғамбардың (с.а.с.) күңі ме?” – десті. Кейін: “Егер Пайғамбар (с.а.с.) Сафияны хижабпен бүркесе, ол мүміндердің аналарының бірі болғаны. Ал хижабпен бүркемесе, оның күңі болғаны”, – десті. Жолға шығар кезде Пайғамбар (с.а.с.) Сафияға артына жайлы орын әзірлеп, перде тартты».

1664
Бұхари, № 1664 · Сахих: 4216Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ مُتْعَةِ النِّسَاءِ يَوْمَ خَيْبَرَ، وَعَنْ أَكْلِ لُحُومِ الْحُمُرِ الْإِنْسِيَّةِ.

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар күні әйелдермен уақытша некеге тұруға және үй есектерінің етін жеуге тыйым салды», – деген.

1665
Бұхари, № 1665 · Сахих: 4228Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ خَيْبَرَ لِلْفَرَسِ سَهْمَيْنِ، وَلِلرَّاجِلِ سَهْمًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар күні атқа екі үлес, ал жаяу адамға бір үлес бөлді», – деді.

1666
Бұхари, № 1666 · Сахих: 4230, 4231Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَلَغَنَا مَخْرَجُ النَّبِيِّ ﷺ وَنَحْنُ بِالْيَمَنِ، فَخَرَجْنَا مُهَاجِرِينَ إِلَيْهِ أَنَا وَأَخَوَانِ لِي أَنَا أَصْغَرُهُمْ، أَحَدُهُمَا أَبُو بُرْدَةَ، وَالْآخَرُ أَبُو رُهْمٍ، فِي ثَلَاثَةٍ وَخَمْسِينَ مِنْ قَوْمِي، فَرَكِبْنَا سَفِينَةً، فَأَلْقَتْنَا سَفِينَتُنَا إِلَى النَّجَاشِيِّ بِالْحَبَشَةِ، فَوَافَقْنَا جَعْفَرَ بْنَ أَبِي طَالِبٍ فَأَقَمْنَا مَعَهُ حَتَّى قَدِمْنَا جَمِيعًا، فَوَافَقْنَا النَّبِيَّ ﷺ حِينَ اِفْتَتَحَ خَيْبَرَ، وَكَانَ أُنَاسٌ مِنَ النَّاسِ يَقُولُونَ لَنَا، يَعْنِي لِأَهْلِ السَّفِينَةِ: «سَبَقْنَاكُمْ بِالْهِجْرَةِ».

وَدَخَلَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ عُمَيْسٍ، وَهِيَ مِمَّنْ قَدِمَ مَعَنَا، عَلَى حَفْصَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ زَائِرَةً، وَقَدْ هَاجَرَتْ إِلَى النَّجَاشِيِّ فِيمَنْ هَاجَرَ، فَدَخَلَ عُمَرُ عَلَى حَفْصَةَ، وَأَسْمَاءُ عِنْدَهَا، فَقَالَ عُمَرُ حِينَ رَأَى أَسْمَاءَ: «مَنْ هَذِهِ؟» قَالَتْ: «أَسْمَاءُ بِنْتُ عُمَيْسٍ». قَالَ عُمَرُ: «الْحَبَشِيَّةُ هَذِهِ الْبَحْرِيَّةُ هَذِهِ؟» قَالَتْ أَسْمَاءُ: «نَعَمْ». قَالَ: «سَبَقْنَاكُمْ بِالْهِجْرَةِ، فَنَحْنُ أَحَقُّ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْكُمْ»، فَغَضِبَتْ وَقَالَتْ: «كَلَّا، وَاللَّهِ، كُنْتُمْ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُطْعِمُ جَائِعَكُمْ، وَيَعِظُ جَاهِلَكُمْ، وَكُنَّا فِي دَارِ - أَوْ فِي أَرْضِ - الْبُعَدَاءِ الْبُغَضَاءِ بِالْحَبَشَةِ، وَذَلِكَ فِي اللَّهِ وَفِي رَسُولِهِ ﷺ، وَايْمُ اللَّهِ، لَا أَطْعَمُ طَعَامًا وَلَا أَشْرَبُ شَرَابًا، حَتَّى أَذْكُرَ مَا قُلْتَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَنَحْنُ كُنَّا نُؤْذَى وَنُخَافُ، وَسَأَذْكُرُ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ وَأَسْأَلُهُ، وَاللَّهِ، لَا أَكْذِبُ وَلَا أَزِيغُ وَلَا أَزِيدُ عَلَيْهِ».

فَلَمَّا جَاءَ النَّبِيُّ ﷺ قَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّ عُمَرَ قَالَ كَذَا وَكَذَا». قَالَ: «فَمَا قُلْتِ لَهُ؟». قَالَتْ: قُلْتُ لَهُ: «كَذَا وَكَذَا». قَالَ: «لَيْسَ بِأَحَقَّ بِي مِنْكُمْ، وَلَهُ وَلِأَصْحَابِهِ هِجْرَةٌ وَاحِدَةٌ، وَلَكُمْ أَنْتُمْ – أَهْلَ السَّفِينَةِ – هِجْرَتَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Біз Йеменде жүрген кезімізде Пайғамбардың (с.а.с.) жолға шыққаны туралы хабар жетті. Сонда мен және екі бауырым оған қарай һижрет ету үшін жолға шықтық. Үшеуіміздің ең кішісі мен едім. Екі бауырымның бірі – Әбу Бурда, екіншісі Әбу Руһм болатын. Қауымымыздан барлығы елу үш адам болып шықтық.

Біз кемеге міндік. Кемеміз бізді Хабашстандағы Нәжашиге алып барды. Сол жерде Жағфар ибн Әбу Талибке жолықтық. Онымен бірге қалып, кейін бәріміз бірге жолға шықтық. Хайбар алынған кезде Пайғамбарға (с.а.с.) келіп жеттік. Кейбір адамдар бізге, яғни кемемен келгендерге: “Біз сендерден бұрын һижрет жасадық”, – дейтін.

Бізбен бірге келгендердің бірі Әсма бинт Ұмәйс Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Хафсаға қонаққа барды. Әсма да бұрын һижрет еткендердің қатарында Хабашстанға, Нәжашидің еліне қоныс аударған еді. Сол кезде Омар Хафсаның үйіне кірді. Әсма оның жанында отырған болатын. Омар Әсманы көріп: “Бұл кім?” – деп сұрады. Хафса: “Әсма бинт Ұмәйс”, – деді. Омар (р.а.): “Хабашстанға барған әйел осы ма? Теңізбен келген осы ма?” – деп сұрады. Әсма: “Иә”, – деді. Сонда Омар (р.а.): “Біз сендерден бұрын һижрет жасадық. Сондықтан Алла Елшісіне (с.а.с.) біздің хақымыз сендердікінен артық”, – деді.

Бұған Әсма ашуланып: “Жоқ, Аллаға ант етемін! Сендер Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болдыңдар. Ол аштарыңды тамақтандырып, білмегендеріңе насихат айтып отырды. Ал біз Хабашстанда бізге жат әрі өш адамдардың елінде немесе жерінде болдық. Мұның бәрі Алла үшін әрі Оның Елшісі (с.а.с.) үшін еді. Аллаға ант етемін, сенің айтқаныңды Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізбейінше, тамақ та жемеймін, су да ішпеймін. Біз қорлық көрдік әрі үнемі қауіп ішінде болдық. Мен мұны Пайғамбарға (с.а.с.) міндетті түрде айтып, одан сұраймын. Аллаға ант етемін, өтірік айтпаймын, сөзді бұрмаламаймын әрі оған ештеңе қоспаймын”, – деді.

Алла Елшісі (с.а.с.) келген кезде Әсма: “Уа, Алланың пайғамбары! Омар маған былай-былай деді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Ал сен оған не дедің?” – деп сұрады. Ол: “Мен оған былай-былай дедім”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оның маған сендерден артық хақысы жоқ. Оның және серіктерінің һижреті біреу, ал сендердің, кемемен келгендердің, һижреттерің екеу”, – деді».

1667
Бұхари, № 1667 · Сахих: 4232Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنِّي لَأَعْرِفُ أَصْوَاتَ رُفْقَةِ الْأَشْعَرِيِّينَ بِالْقُرْآنِ حِينَ يَدْخُلُونَ بِاللَّيْلِ، وَأَعْرِفُ مَنَازِلَهُمْ مِنْ أَصْوَاتِهِمْ بِالْقُرْآنِ بِاللَّيْلِ، وَإِنْ كُنْتُ لَمْ أَرَ مَنَازِلَهُمْ حِينَ نَزَلُوا بِالنَّهَارِ، وَمِنْهُمْ حَكِيمٌ، إِذَا لَقِيَ الْخَيْلَ، أَوْ قَالَ: الْعَدُوَّ، قَالَ لَهُمْ: “إِنَّ أَصْحَابِي يَأْمُرُونَكُمْ أَنْ تَنْظُرُوهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен әшғарилер тобының түн түскенде Құран оқыған дауыстарын танимын. Күндіз қоныстанған жерлерін көрмеген болсам да, түнде Құран оқыған дауыстарынан олардың қоныстарын білемін. Олардың арасында Хаким деген кісі бар. Ол атты әскерге (немесе: ‘дұшпанға’) кездескенде: “Менің жолдастарым өздерін күте тұруларыңды бұйырады”, – дейді», – деген.

1668
Бұхари, № 1668 · Сахих: 4233Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمْنَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ بَعْدَ أَنِ اِفْتَتَحَ خَيْبَرَ فَقَسَمَ لَنَا، وَلَمْ يَقْسِمْ لِأَحَدٍ لَمْ يَشْهَدِ الْفَتْحَ غَيْرَنَا.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Біз Пайғамбарға (с.а.с.) Хайбар алынғаннан кейін келдік. Ол бізге де олжадан үлес бөлді. Хайбардың алынуына қатыспағандардың ішінен бізден басқа ешкімге үлес бөлген жоқ».

بَابُ عُمْرَةِ الْقَضَاءِ

24-бапҚаза ұмрасы туралы

1669
Бұхари, № 1669 · Сахих: 4258Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تَزَوَّجَ مَيْمُونَةَ وَهُوَ مُحْرِمٌ، وَبَنَى بِهَا وَهُوَ حَلَالٌ، وَمَاتَتْ بِسَرِفَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Мәймунаға ихрамда жүрген кезінде үйленді, ал онымен ихрамнан шыққаннан кейін отбасылық өмірін бастады. Мәймуна Сәриф деген жерде қайтыс болды», – деді.

بَابُ غَزْوَةِ مُؤْتَةَ مِنْ أَرْضِ الشَّأْمِ

25-бапШам жеріндегі Мұғта жорығы туралы

1670
Бұхари, № 1670 · Сахих: 4261Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَمَّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةِ مُؤْتَةَ زَيْدَ بْنَ حَارِثَةَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ قُتِلَ زَيْدٌ فَجَعْفَرٌ، وَإِنْ قُتِلَ جَعْفَرٌ فَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: كُنْتُ فِيهِمْ فِي تِلْكَ الْغَزْوَةِ، فَالْتَمَسْنَا جَعْفَرَ بْنَ أَبِي طَالِبٍ فَوَجَدْنَاهُ فِي الْقَتْلَى، وَوَجَدْنَا مَا فِي جَسَدِهِ بِضْعًا وَتِسْعِينَ مِنْ طَعْنَةٍ وَرَمْيَةٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Мұғта жорығында Зәйд ибн Харисаны қолбасшы етіп тағайындап: “Егер Зәйд қаза тапса, оның орнына Жағфар, ал Жағфар қаза тапса, оның орнына Абдулла ибн Рәуаха басшылық етсін”, – деді», – деп жеткізді.

Абдулла сөзін жалғастырып: «Мен сол жорықта олардың арасында едім. Біз Жағфар ибн Әбу Талибті іздеп, оны қаза тапқандардың арасынан таптық. Оның денесінен найза мен жебеден түскен тоқсаннан астам жараны көрдік», – деді.

بَابُ بَعْثِ النَّبِيِّ ﷺ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ إِلَى الْحُرَقَاتِ

26-бапПайғамбардың (с.а.с.) Усама ибн Зәйдті Хурақатқа жіберуі туралы

1671
Бұхари, № 1671 · Сахих: 4269Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْحُرَقَةِ، فَصَبَّحْنَا الْقَوْمَ فَهَزَمْنَاهُمْ، وَلَحِقْتُ أَنَا وَرَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ رَجُلًا مِنْهُمْ، فَلَمَّا غَشِينَاهُ قَالَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»، فَكَفَّ الْأَنْصَارِيُّ فَطَعَنْتُهُ بِرُمْحِي حَتَّى قَتَلْتُهُ.

فَلَمَّا قَدِمْنَا بَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا أُسَامَةُ، أَقَتَلْتَهُ بَعْدَ مَا قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”؟» قُلْتُ: «كَانَ مُتَعَوِّذًا»، فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا، حَتَّى تَمَنَّيْتُ أَنِّي لَمْ أَكُنْ أَسْلَمْتُ قَبْلَ ذَلِكَ الْيَوْمِ.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізді Хурақа руына жіберді. Біз оларға таң ата шабуыл жасап, жеңіліске ұшыраттық. Мен және ансарлардың бірі олардың бір адамын қуып жеттік. Оған таяғанымызда, ол: “Лә иләһә иллаллаһ”, – деді. Сонда ансарлық кісі оған тиіспей тоқтады, ал мен оны найзаммен шаншып өлтірдім.

Біз қайтып келген кезде бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жетті. Ол: “Уа, Усама! Ол ‘Лә иләһә иллаллаһ’ дегеннен кейін де оны өлтірдің бе?” – деді. Мен: “Ол өзін өлімнен қорғау үшін ғана айтты”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.) осы сөзін қайта-қайта айта берді. Ақырында мен сол күнге дейін Исламды қабылдамаған болсам ғой деп тіледім».

1672
Бұхари, № 1672 · Сахих: 4270

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَزَوْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ سَبْعَ غَزَوَاتٍ، وَخَرَجْتُ فِيمَا يَبْعَثُ مِنَ الْبُعُوثِ سَبْعَ غَزَوَاتٍ؛ مَرَّةً عَلَيْنَا أَبُو بَكْرٍ، وَمَرَّةً عَلَيْنَا أُسَامَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жеті жорыққа қатыстым. Сондай-ақ ол жіберген жасақтармен жеті жорыққа шықтым. Бір жолы бізге Әбу Бәкір, ал бір жолы Усама (р.а.) басшылық етті».

بَابُ غَزْوَةِ الْفَتْحِ فِي رَمَضَانَ

27-бапРамазан айындағы Меккені алу жорығы туралы

1673
Бұхари, № 1673 · Сахих: 4276Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَرَجَ فِي رَمَضَانَ مِنَ الْمَدِينَةِ وَمَعَهُ عَشَرَةُ آلَافٍ، وَذَلِكَ عَلَى رَأْسِ ثَمَانِ سِنِينَ وَنِصْفٍ مِنْ مَقْدَمِهِ الْمَدِينَةَ، فَسَارَ هُوَ وَمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَى مَكَّةَ، يَصُومُ وَيَصُومُونَ، حَتَّى بَلَغَ الْكَدِيدَ، وَهُوَ مَاءٌ بَيْنَ عُسْفَانَ وَقُدَيْدٍ، أَفْطَرَ وَأَفْطَرُوا.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Рамазан айында Мәдинадан он мың адаммен бірге жолға шықты. Бұл оның Мәдинаға келгеніне сегіз жарым жыл толған кез еді. Ол өзімен бірге болған мұсылмандармен Меккеге қарай бет алды. Пайғамбар (с.а.с.) да, мұсылмандар да ораза ұстап келе жатты. Ұсфан мен Қудайдтың арасындағы Кәдид деген суатқа жеткенде Пайғамбар (с.а.с.) ауыз ашты, олар да ауыз ашты», – деді.

1674
Бұхари, № 1674 · Сахих: 4277Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ فِي رَمَضَانَ إِلَى حُنَيْنٍ، وَالنَّاسُ مُخْتَلِفُونَ، فَصَائِمٌ وَمُفْطِرٌ، فَلَمَّا اِسْتَوَى عَلَى رَاحِلَتِهِ، دَعَا بِإِنَاءٍ مِنْ لَبَنٍ أَوْ مَاءٍ، فَوَضَعَهُ عَلَى رَاحَتِهِ، أَوْ عَلَى رَاحِلَتِهِ، ثُمَّ نَظَرَ إِلَى النَّاسِ، فَقَالَ الْمُفْطِرُونَ لِلصُّوَّامِ: «أَفْطِرُوا».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Пайғамбар (с.а.с.) Рамазан айында Хунайнға қарай жолға шықты. Жұрттың біреулері ораза ұстап жүрсе, енді біреулері ұстамаған еді. Пайғамбар (с.а.с.) көлігіне жайғасқан кезде бір ыдыс сүт немесе су алдырды. Оны алақанына немесе көлігінің үстіне қойып, адамдарға қарады. Сонда ораза ұстамағандар ораза ұстағандарға: “Ауыздарыңды ашыңдар”, – деді».

بَابُ أَيْنَ رَكَزَ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمَ الْفَتْحِ؟

28-бапМекке алынған күні Пайғамбардың (с.а.с.) туды қай жерге тіккені туралы

1675
Бұхари, № 1675 · Сахих: 4280

عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ قَالَ: لَمَّا سَارَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَامَ الْفَتْحِ، فَبَلَغَ ذَلِكَ قُرَيْشًا، خَرَجَ أَبُو سُفْيَانَ بْنُ حَرْبٍ، وَحَكِيمُ بْنُ حِزَامٍ، وَبُدَيْلُ بْنُ وَرْقَاءَ، يَلْتَمِسُونَ الْخَبَرَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَقْبَلُوا يَسِيرُونَ حَتَّى أَتَوْا مَرَّ الظَّهْرَانِ، فَإِذَا هُمْ بِنِيرَانٍ كَأَنَّهَا نِيرَانُ عَرَفَةَ، فَقَالَ أَبُو سُفْيَانَ: «مَا هَذِهِ؟ لَكَأَنَّهَا نِيرَانُ عَرَفَةَ!» فَقَالَ بُدَيْلُ بْنُ وَرْقَاءَ: «نِيرَانُ بَنِي عَمْرٍو»، فَقَالَ أَبُو سُفْيَانَ: «عَمْرٌو أَقَلُّ مِنْ ذَلِكَ»، فَرَآهُمْ نَاسٌ مِنْ حَرَسِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَأَدْرَكُوهُمْ فَأَخَذُوهُمْ، فَأَتَوْا بِهِمْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَسْلَمَ أَبُو سُفْيَانَ.

فَلَمَّا سَارَ قَالَ لِلْعَبَّاسِ: «اِحْبِسْ أَبَا سُفْيَانَ عِنْدَ حَطْمِ الْخَيْلِ، حَتَّى يَنْظُرَ إِلَى الْمُسْلِمِينَ». فَحَبَسَهُ الْعَبَّاسُ، فَجَعَلَتِ الْقَبَائِلُ تَمُرُّ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، تَمُرُّ كَتِيبَةً كَتِيبَةً عَلَى أَبِي سُفْيَانَ، فَمَرَّتْ كَتِيبَةٌ، قَالَ: «يَا عَبَّاسُ، مَنْ هَذِهِ؟» قَالَ: «هَذِهِ غِفَارُ». قَالَ: «مَا لِي وَلِغِفَارَ». ثُمَّ مَرَّتْ جُهَيْنَةُ، قَالَ مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ مَرَّتْ سَعْدُ بْنُ هُذَيْمٍ فَقَالَ مِثْلَ ذَلِكَ، وَمَرَّتْ سُلَيْمُ، فَقَالَ مِثْلَ ذَلِكَ، حَتَّى أَقْبَلَتْ كَتِيبَةٌ لَمْ يَرَ مِثْلَهَا، قَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» قَالَ: «هَؤُلَاءِ الْأَنْصَارُ، عَلَيْهِمْ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، مَعَهُ الرَّايَةُ»، فَقَالَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ: «يَا أَبَا سُفْيَانَ، الْيَوْمَ يَوْمُ الْمَلْحَمَةِ، الْيَوْمَ تُسْتَحَلُّ الْكَعْبَةُ»، فَقَالَ أَبُو سُفْيَانَ: «يَا عَبَّاسُ، حَبَّذَا يَوْمُ الذِّمَارِ».

ثُمَّ جَاءَتْ كَتِيبَةٌ، وَهِيَ أَقَلُّ الْكَتَائِبِ، فِيهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ، وَرَايَةُ النَّبِيِّ ﷺ مَعَ الزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ، فَلَمَّا مَرَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِأَبِي سُفْيَانَ قَالَ: «أَلَمْ تَعْلَمْ مَا قَالَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ؟» قَالَ: «مَا قَالَ؟» قَالَ: «كَذَا وَكَذَا»، فَقَالَ: «كَذَبَ سَعْدٌ، وَلَكِنْ هَذَا يَوْمٌ يُعَظِّمُ اللَّهُ فِيهِ الْكَعْبَةَ، وَيَوْمٌ تُكْسَى فِيهِ الْكَعْبَةُ».

قَالَ: وَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ تُرْكَزَ رَايَتُهُ بِالْحَجُونِ، فَقَالَ الْعَبَّاسُ لِلزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ: «يَا أَبَا عَبْدِ اللَّهِ، هَا هُنَا أَمَرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ تَرْكُزَ الرَّايَةَ». وَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ أَنْ يَدْخُلَ مِنْ أَعْلَى مَكَّةَ مِنْ كَدَاءٍ، وَدَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ كُدَا، فَقُتِلَ مِنْ خَيْلِ خَالِدٍ يَوْمَئِذٍ رَجُلَانِ: حُبَيْشُ بْنُ الْأَشْعَرِ، وَكُرْزُ بْنُ جَابِرٍ الْفِهْرِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ұруа ибн әз-Зубәйрден жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мекке алынған жылы жолға шыққанда, бұл хабар Құрайышқа жетті. Сонда Әбу Суфиян ибн Харб, Хаким ибн Хизам және Будәйл ибн Уарқа Алла Елшісі (с.а.с.) жайында хабар білу үшін жолға шықты. Олар жүріп отырып Марр әз-Зәһранға жеткенде, Арафаттағы оттар секілді қаптаған көп отты көрді. Әбу Суфиян: “Мынау не? Арафаттағы оттарға ұқсайды ғой!” – деді. Будәйл ибн Уарқа: “Бұл – Бәну Амрдың оттары”, – деді. Әбу Суфиян: “Бәну Амрдың саны бұған жетпейді”, – деді.

Алла Елшісінің (с.а.с.) күзетшілерінен бір топ адам оларды байқап қалып, қуып жетті де, қолға түсіріп, Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келді. Сонда Әбу Суфиян Исламды қабылдады. Алла Елшісі (с.а.с.) жолға шығар кезде Аббасқа: “Әбу Суфиянды аттар өтетін тар жерде ұстап тұр. Мұсылмандарды көрсін”, – деді. Аббас оны сол жерде ұстап тұрды.

Пайғамбармен (с.а.с.) бірге келе жатқан тайпалар бірінен соң бірі жасақ-жасақ болып Әбу Суфиянның алдынан өте бастады. Бір жасақ өткенде ол: “Уа, Аббас! Бұлар кімдер?” – деп сұрады. Аббас: “Бұлар – Ғифар”, – деді. Әбу Суфиян: “Менің Ғифармен не шаруам бар?” – деді. Одан кейін Жуһайна өтті, ол тағы да дәл солай айтты. Кейін Сағд ибн Һузайм тайпасы өтті, ол тағы да сол сөзді айтты. Сүләйм тайпасы өткенде де дәл солай деді.

Ақырында бұрын-соңды мұндайын көрмеген үлкен бір жасақ көрінді. Әбу Суфиян: “Бұлар кімдер?” – деп сұрады. Аббас: “Бұлар – ансарлар. Оларға Сағд ибн Ұбада басшылық етіп келеді, ту да соның қолында”, – деді. Сонда Сағд ибн Ұбада: “Уа, Әбу Суфиян! Бүгін – қырғын күні. Бүгін Қағбаның қасиеттілігі бұзылады”, – деді. Әбу Суфиян: “Уа, Аббас! Ар-намысты қорғайтын қандай тамаша күн!” – деді.

Содан кейін басқа бір жасақ келді. Ол жасақтардың ең шағыны еді. Оның ішінде Алла Елшісі (с.а.с.) мен сахабалары бар болатын, ал Пайғамбардың (с.а.с.) туын Зубәйр ибн әл-Аууам ұстап келе жатты. Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Суфиянның қасынан өтіп бара жатқанда, Әбу Суфиян: “Сағд ибн Ұбаданың не айтқанын білесіз бе?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Не айтты?” – деп сұрады. Әбу Суфиян оның айтқан сөздерін жеткізді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Сағд дұрыс айтпады. Керісінше, бүгін – Алла Қағбаны ұлықтайтын әрі Қағбаға жамылғы жабылатын күн”, – деді.

Алла Елшісі (с.а.с.) туын Хажунға тігуді бұйырды. Сонда Аббас Зубәйр ибн әл-Аууамға: “Уа, Әбу Абдулла! Алла Елшісі (с.а.с.) саған туды дәл осы жерге тігуді бұйырған еді”, – деді.

Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.) Халид ибн әл-Уәлидке Меккенің жоғарғы жағындағы Кәда арқылы кіруді бұйырды, ал өзі Куда арқылы кірді. Сол күні Халидтің атты әскерінен екі адам қаза тапты: Хубәйш ибн әл-Ашғар мен Курз ибн Жабир әл-Фиһри».

1676
Бұхари, № 1676 · Сахих: 4281

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ عَلَى نَاقَتِهِ، وَهُوَ يَقْرَأُ سُورَةَ الْفَتْحِ يُرَجِّعُ. وَقَالَ: «لَوْلَا أَنْ يَجْتَمِعَ النَّاسُ حَوْلِي لَرَجَّعْتُ كَمَا رَجَّعَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Муғәффәл (р.а.) былай деген: «Мекке алынған күні Алла Елшісін (с.а.с.) түйесінің үстінде көрдім. Ол “Фатх” сүресін даусын әуездетіп, қайырып оқып келе жатты». Сондай-ақ: «Адамдар айналама жиналып кетпейтін болса, мен де оның қайырып оқығанындай оқып берер едім», – делінген.

1677
Бұхари, № 1677 · Сахих: 4287

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ مَكَّةَ يَوْمَ الْفَتْحِ، وَحَوْلَ الْبَيْتِ سِتُّونَ وَثَلَاثُ مِائَةِ نُصُبٍ، فَجَعَلَ يَطْعُنُهَا بِعُودٍ فِي يَدِهِ، وَيَقُولُ: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 81]، ﴿قُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ﴾ [سَبَإٍ: 49].

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға кірді. Қағбаның айналасында үш жүз алпыс пұт бар еді. Ол (с.а.с.) қолындағы таяғымен оларды түртіп: “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды” (“Исра”, 81-аят), “Оларға: ‘Ақиқат келді! Ал жалғанның дәурені тайды, енді жаңғыра да, қайта орала да алмайды!’ – деп айт” (“Сәбә”, 49-аят), – деп айтып жүрді».

بَابُ مَنْ شَهِدَ الْفَتْحَ

29-бапМеккенің алынуына қатысқандар туралы

1678
Бұхари, № 1678 · Сахих: 4302

عَنْ عَمْرِو بْنِ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا بِمَاءٍ مَمَرَّ النَّاسِ، وَكَانَ يَمُرُّ بِنَا الرُّكْبَانُ فَنَسْأَلُهُمْ: «مَا لِلنَّاسِ؟ مَا لِلنَّاسِ؟ مَا هَذَا الرَّجُلُ؟» فَيَقُولُونَ: «يَزْعُمُ أَنَّ اللَّهَ أَرْسَلَهُ، أَوْحَى إِلَيْهِ»، أَوْ: «أَوْحَى اللَّهُ بِكَذَا»، فَكُنْتُ أَحْفَظُ ذَلِكَ الْكَلَامَ، فَكَأَنَّمَا يُغْرَى فِي صَدْرِي.

وَكَانَتِ الْعَرَبُ تَلَوَّمُ بِإِسْلَامِهِمُ الْفَتْحَ، فَيَقُولُونَ: «اُتْرُكُوهُ وَقَوْمَهُ، فَإِنَّهُ إِنْ ظَهَرَ عَلَيْهِمْ فَهُوَ نَبِيٌّ صَادِقٌ»، فَلَمَّا كَانَتْ وَقْعَةُ أَهْلِ الْفَتْحِ، بَادَرَ كُلُّ قَوْمٍ بِإِسْلَامِهِمْ، وَبَدَرَ أَبِي قَوْمِي بِإِسْلَامِهِمْ.

فَلَمَّا قَدِمَ قَالَ: «جِئْتُكُمْ، وَاللَّهِ، مِنْ عِنْدِ النَّبِيِّ ﷺ حَقًّا، فَقَالَ: “صَلُّوا صَلَاةَ كَذَا فِي حِينِ كَذَا، وَصَلُّوا صَلَاةَ كَذَا فِي حِينِ كَذَا، فَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ فَلْيُؤَذِّنْ أَحَدُكُمْ، وَلْيَؤُمَّكُمْ أَكْثَرُكُمْ قُرْآنًا”».

فَنَظَرُوا فَلَمْ يَكُنْ أَحَدٌ أَكْثَرَ قُرْآنًا مِنِّي، لِمَا كُنْتُ أَتَلَقَّى مِنَ الرُّكْبَانِ، فَقَدَّمُونِي بَيْنَ أَيْدِيهِمْ، وَأَنَا ابْنُ سِتٍّ أَوْ سَبْعِ سِنِينَ، وَكَانَتْ عَلَيَّ بُرْدَةٌ، كُنْتُ إِذَا سَجَدْتُ تَقَلَّصَتْ عَنِّي، فَقَالَتِ امْرَأَةٌ مِنَ الْحَيِّ: «أَلَا تُغَطُّوا عَنَّا اِسْتَ قَارِئِكُمْ؟» فَاشْتَرَوْا فَقَطَعُوا لِي قَمِيصًا، فَمَا فَرِحْتُ بِشَيْءٍ فَرَحِي بِذَلِكَ الْقَمِيصِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Сәләмә (р.а.) былай деген: «Біз жолаушылар өтетін жол бойындағы бір суаттың маңында тұратын едік. Жолаушылар бізге соғып өтетін. Біз олардан: “Жұртқа не болды? Жұртқа не болды? Мына адам кім?” – деп сұрайтынбыз. Олар: “Ол өзін Алла жіберді деп айтып жүр. Оған уахи етіліпті”, – дейтін немесе: “Алла оған мынадай уахи түсіріпті”, – деп жеткізетін. Мен сол сөздерді жаттап алатынмын. Ол сөздер көкірегіме берік орнығып қалғандай болатын.

Арабтар Исламды қабылдауға асықпай, Меккенің алынуын күтіп жүрді. Олар: “Оны өз қауымымен қалдырыңдар. Егер ол оларды жеңсе, онда ол – шын пайғамбар”, – дейтін. Мекке алынғаннан кейін әрбір қауым Исламды қабылдауға асықты. Әкем қауымымыздың Исламды қабылдағанын хабарлау үшін жұрттан бұрын аттанды.

Әкем қайтып келгенде: “Аллаға ант етемін, мен сендерге хақ пайғамбардың (с.а.с.) алдынан келдім. Ол: ‘Пәлен намазды пәлен уақытта, ал пәлен намазды пәлен уақытта оқыңдар. Намаз уақыты кіргенде араларыңнан біреу азан айтсын, ал Құранды ең көп білетіндерің сендерге имам болсын’, – деді”, – деп айтты.

Сонда олар араларындағы Құранды ең көп білетін адамды іздеді. Жолаушылардан естіп, жаттап жүргенімнің арқасында менен көп Құран білетін ешкім табылмады. Сондықтан мені алға шығарып, имам етті. Ол кезде алты немесе жеті жаста едім. Үстімде бір шапан болатын. Сәждеге барғанымда ол жоғары түріліп, әуретім ашылып қалатын. Сонда ауылдағы бір әйел: “Қариларыңның әуретін бізге көрсетпей, жауып қоймайсыңдар ма?” – деді. Содан кейін олар мата сатып алып, маған көйлек тігіп берді. Мен сол көйлекке қуанғанымдай басқа еш нәрсеге қуанған емеспін».

إِلَى قَوْلِهِ: ﴿غَفُورٌ رَحِيمٌ﴾ [التَّوْبَةِ: ‎25–27‎]

30-бапАлла Тағаланың Хунейн соғысы жайындағы: «Сол күні қараларыңның көптігіне масаттанған едіңдер» дегеннен «Ғафур, Рахим» дегенге дейінгі сөздері туралы («Тәубе», 25–27-аяттар)

1679
Бұхари, № 1679 · Сахих: 4314

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ: ﴿وَيَوْمَ حُنَيْنٍ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ﴾

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ بِيَدِهِ ضَرْبَةٌ، قَالَ: ضُرِبْتُهَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْنٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфаның (р.а.) қолында жарақаттың ізі бар еді. Ол: «Бұл жараны Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хунайн күні алдым», – деген.

بَابُ غَزْوَةِ أَوْطَاسٍ

31-бапАутас жорығы туралы

1680
Бұхари, № 1680 · Сахих: 4323Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا فَرَغَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ حُنَيْنٍ بَعَثَ أَبَا عَامِرٍ عَلَى جَيْشٍ إِلَى أَوْطَاسٍ، فَلَقِيَ دُرَيْدَ بْنَ الصِّمَّةِ، فَقُتِلَ دُرَيْدٌ وَهَزَمَ اللَّهُ أَصْحَابَهُ،

قَالَ أَبُو مُوسَى: وَبَعَثَنِي مَعَ أَبِي عَامِرٍ، فَرُمِيَ أَبُو عَامِرٍ فِي رُكْبَتِهِ، رَمَاهُ جُشَمِيٌّ بِسَهْمٍ فَأَثْبَتَهُ فِي رُكْبَتِهِ، فَانْتَهَيْتُ إِلَيْهِ فَقُلْتُ: «يَا عَمِّ، مَنْ رَمَاكَ؟» فَأَشَارَ إِلَى أَبِي مُوسَى فَقَالَ: «ذَاكَ قَاتِلِي الَّذِي رَمَانِي»، فَقَصَدْتُ لَهُ فَلَحِقْتُهُ، فَلَمَّا رَآنِي وَلَّى، فَاتَّبَعْتُهُ وَجَعَلْتُ أَقُولُ لَهُ: «أَلَا تَسْتَحْيِي؟ أَلَا تَثْبُتُ؟»، فَكَفَّ، فَاخْتَلَفْنَا ضَرْبَتَيْنِ بِالسَّيْفِ فَقَتَلْتُهُ.

ثُمَّ قُلْتُ لِأَبِي عَامِرٍ: «قَتَلَ اللَّهُ صَاحِبَكَ». قَالَ: «فَانْزِعْ هَذَا السَّهْمَ»، فَنَزَعْتُهُ فَنَزَا مِنْهُ الْمَاءُ. قَالَ: «يَا ابْنَ أَخِي، أَقْرِئِ النَّبِيَّ ﷺ السَّلَامَ، وَقُلْ لَهُ: “اِسْتَغْفِرْ لِي”». وَاسْتَخْلَفَنِي أَبُو عَامِرٍ عَلَى النَّاسِ، فَمَكُثَ يَسِيرًا ثُمَّ مَاتَ.

فَرَجَعْتُ فَدَخَلْتُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فِي بَيْتِهِ عَلَى سَرِيرٍ مُرْمَلٍ وَعَلَيْهِ فِرَاشٌ، قَدْ أَثَّرَ رِمَالُ السَّرِيرِ بِظَهْرِهِ وَجَنْبَيْهِ، فَأَخْبَرْتُهُ بِخَبَرِنَا وَخَبَرِ أَبِي عَامِرٍ، وَقَالَ: «قُلْ لَهُ: “اِسْتَغْفِرْ لِي”»، فَدَعَا بِمَاءٍ فَتَوَضَّأَ، ثُمَّ رَفَعَ يَدَيْهِ فَقَالَ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِعُبَيْدٍ أَبِي عَامِرٍ». وَرَأَيْتُ بَيَاضَ إِبْطَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ اِجْعَلْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَوْقَ كَثِيرٍ مِنْ خَلْقِكَ مِنَ النَّاسِ». فَقُلْتُ: «وَلِي فَاسْتَغْفِرْ»، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ ذَنْبَهُ، وَأَدْخِلْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مُدْخَلًا كَرِيمًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хунайн жорығын аяқтағаннан кейін Әбу Амирді бір әскерге қолбасшы етіп тағайындап, Аутасқа жіберді. Олар сол жерде Дурәйд ибн әс-Симмамен кездесті. Дурәйд өлтіріліп, Алла оның серіктерін жеңіліске ұшыратты. Алла Елшісі (с.а.с.) мені де Әбу Амирмен бірге жіберген еді.

Әбу Амирдің тізесіне жебе тиді. Жушәм тайпасынан бір адам оған жебе атып, тізесіне қадаған еді. Мен оның қасына келіп: “Уа, көке! Сізді кім атты?” – деп сұрадым. Ол әлгі адамды нұсқап: “Мені атқан, ажалыма себеп болған адам – анау”, – деді. Мен оған қарай бет алып, қуып жеттім. Ол мені көргенде қаша жөнелді. Мен соңынан қуып: “Ұялмайсың ба? Неге тоқтамайсың?” – деп айта бердім. Сонда ол тоқтады. Екеуіміз бір-бірімізге қылышпен бір-бір соққыдан сілтестік те, мен оны өлтірдім.

Содан кейін Әбу Амирге келіп: “Алла сізді атқан адамды өлтірді”, – дедім. Ол: “Мына жебені суырып ал”, – деді. Мен жебені суырып алғанымда, жарасынан су атқылап шықты. Сонда ол: “Уа, бауырымның ұлы! Алла Елшісіне (с.а.с.) менен сәлем айт та: ‘Мен үшін кешірім тілесін’, – де”, – деді. Әбу Амир мені жасаққа басшы етіп қалдырды. Өзі көп ұзамай қайтыс болды.

Мен кері оралып, Алла Елшісінің (с.а.с.) үйіне кірдім. Ол үстіне төсеніш салынған өрме төсекте жатқан еді. Төсектің өрімдері оның арқасы мен екі бүйіріне із түсіріп қалыпты. Мен оған өзіміздің жағдайымыз бен Әбу Амирдің басынан өткендерді баяндап, оның: “Мен үшін кешірім тілесін”, – деген өтінішін жеткіздім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) су алдырып, дәрет алды. Содан кейін екі қолын көтеріп: “Уа, Алла! Ұбәйд Әбу Амирді кешіре гөр!” – деді. Сол кезде оның қолтықтарының ақтығын көрдім. Содан соң ол: “Уа, Алла! Қиямет күні оны көп пендеңнен жоғары ете гөр!” – деді. Мен: “Мен үшін де кешірім тілеңіз”, – дедім. Сонда ол: “Уа, Алла! Абдулла ибн Қайстың күнәсін кешір әрі Қиямет күні оны құрметті орынға кіргізе гөр!” – деді».

بَابُ غَزْوَةِ الطَّائِفِ فِي شَوَّالٍ سَنَةَ ثَمَانٍ

32-бапСегізінші жылдың шәууәл айындағы Таиф жорығы туралы

1681
Бұхари, № 1681 · Сахих: 4324Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: دَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ، وَعِنْدِي مُخَنَّثٌ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أُمَيَّةَ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْكُمُ الطَّائِفَ غَدًا، فَعَلَيْكَ بِابْنَةِ غَيْلَانَ، فَإِنَّهَا تُقْبِلُ بِأَرْبَعٍ، وَتُدْبِرُ بِثَمَانٍ»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَدْخُلَنَّ هَؤُلَاءِ عَلَيْكُنَّ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) менің үйіме кірді. Сол кезде қасымда әйелге тән қылығы бар бір ер адам бар еді. Оның Абдулла ибн Әбу Умәйяға: “Уа, Абдулла! Егер ертең Алла сендерге Таифті алуды нәсіп етсе, Ғайланның қызын әйелдікке ал. Өйткені ол алдынан қарағанда төрт, артынан қарағанда сегіз қатпар болып көрінеді”, – дегенін естідім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұдан былай мұндай адамдар сендердің үйлеріңе кірмесін”, – деді».

1682
Бұхари, № 1682 · Сахих: 4325Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: لَمَّا حَاصَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الطَّائِفَ، فَلَمْ يَنَلْ مِنْهُمْ شَيْئًا، قَالَ: «إِنَّا قَافِلُونَ إِنْ شَاءَ اللَّهُ». فَثَقُلَ عَلَيْهِمْ، وَقَالُوا: «نَذْهَبُ وَلَا نَفْتَحُهُ؟»، وَقَالَ مَرَّةً: «نَقْفُلُ». فَقَالَ: «اُغْدُوا عَلَى الْقِتَالِ». فَغَدَوْا فَأَصَابَهُمْ جِرَاحٌ، فَقَالَ: «إِنَّا قَافِلُونَ غَدًا إِنْ شَاءَ اللَّهُ». فَأَعْجَبَهُمْ، فَضَحِكَ النَّبِيُّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Таифті қоршауға алды, бірақ ешбір нәтижеге қол жеткізе алмады. Сонда ол: “Алла қаласа, біз кері қайтамыз”, – деді. Бұл сөз сахабаларға ауыр тиді. Олар: “Оны алмай тұрып қайтамыз ба?” – десті. Риуаятшы бір жолы: “Кері қайтамыз”, – деп жеткізген. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ендеше, таңертең шайқасқа шығыңдар”, – деді. Олар таңертең шайқасқа шығып, жараланды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Алла қаласа, ертең кері қайтамыз”, – деді. Бұл жолы оның сөзі оларға ұнады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) күлді».

1683
Бұхари, № 1683 · Сахих: 4326

عَنْ سَعْدٍ وَأَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: سَمِعْنَا النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «مَنِ اِدَّعَى إِلَى غَيْرِ أَبِيهِ وَهُوَ يَعْلَمُ فَالْجَنَّةُ عَلَيْهِ حَرَامٌ».

Қазақша аудармасы

Сағд пен Әбу Бәкрә (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Кім өзінің әкесі емес екенін біле тұра, өзін басқа біреуге телісе, оған Жәннат харам”, – дегенін естідік», – деген.

1684
Бұхари, № 1684 · Сахих: 4327

وَفِي رِوَايَةٍ: أَمَّا أَحَدُهُمَا فَأَوَّلُ مَنْ رَمَى بِسَهْمٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَكَانَ تَسَوَّرَ حِصْنَ الطَّائِفِ فِي أُنَاسٍ، فَجَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ.

وَفِي رِوَايَةٍ: نَزَلَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ ثَالِثَ ثَلَاثَةٍ وَعِشْرِينَ مِنَ الطَّائِفِ.

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта: «Олардың бірі – Алла жолында алғаш жебе атқан адам. Ал екіншісі бір топ адаммен бірге Таиф қамалының қабырғасынан асып өтіп, Пайғамбарға (с.а.с.) келген», – делінген.

Бір риуаятта: «Таифтен Пайғамбарға (с.а.с.) түскен жиырма үш адамның үшіншісі еді», – делінген.

1685
Бұхари, № 1685 · Сахих: 4328Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ نَازِلٌ بِالْجِعْرَانَةِ بَيْنَ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ، وَمَعَهُ بِلَالٌ فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ أَعْرَابِيٌّ فَقَالَ: «أَلَا تُنْجِزُ لِي مَا وَعَدْتَنِي؟» فَقَالَ لَهُ: «أَبْشِرْ». فَقَالَ: «قَدْ أَكْثَرْتَ عَلَيَّ مِنْ “أَبْشِرْ”»، فَأَقْبَلَ عَلَى أَبِي مُوسَى وَبِلَالٍ كَهَيْئَةِ الْغَضْبَانِ، فَقَالَ: «رَدَّ الْبُشْرَى، فَاقْبَلَا أَنْتُمَا». قَالَا: «قَبِلْنَا»، ثُمَّ دَعَا بِقَدَحٍ فِيهِ مَاءٌ، فَغَسَلَ يَدَيْهِ وَوَجْهَهُ فِيهِ وَمَجَّ فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «اِشْرَبَا مِنْهُ، وَأَفْرِغَا عَلَى وُجُوهِكُمَا وَنُحُورِكُمَا وَأَبْشِرَا». فَأَخَذَا الْقَدَحَ فَفَعَلَا، فَنَادَتْ أُمُّ سَلَمَةَ مِنْ وَرَاءِ السِّتْرِ: أَنْ «أَفْضِلَا لِأُمِّكُمَا»، فَأَفْضَلَا لَهَا مِنْهُ طَائِفَةً.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) жанында едім. Ол Мекке мен Мәдинаның арасындағы Жиғрана деген жерде аялдап жатқан болатын. Қасында Біләл бар еді. Сол кезде Пайғамбарға (с.а.с.) бір бәдәуи келіп: “Маған уәде еткеніңізді орындамайсыз ба?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Сүйінші!” – деді. Әлгі адам: “Маған ‘Сүйінші!’ дегенді көп айттыңыз ғой”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) ашуланған кейіппен Әбу Мұса мен Біләлге бұрылып: “Ол сүйіншіні қабылдамады, ендеше сендер екеуің қабылдаңдар”, – деді. Екеуі: “Қабылдадық”, – деді. Содан кейін ішінде суы бар бір тостаған алдырды да, қолдары мен жүзін сол сумен жуып, аузындағы суын да тостағанға бүркіді. Содан соң: “Осы судан ішіңдер, оны жүздеріңе әрі мойындарыңның түбіне құйыңдар және сүйініңдер”, – деді. Екеуі тостағанды алып, айтылғандай істеді. Сонда Үммі Сәләмә перденің ар жағынан: “Аналарыңа да біразын қалдырыңдар”, – деп дауыстады. Екеуі оған сол судан біраз қалдырды».

1686
Бұхари, № 1686 · Сахих: 4334Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَمَعَ النَّبِيُّ ﷺ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ فَقَالَ: «إِنَّ قُرَيْشًا حَدِيثُ عَهْدٍ بِجَاهِلِيَّةٍ وَمُصِيبَةٍ، وَإِنِّي أَرَدْتُ أَنْ أَجْبُرَهُمْ وَأَتَأَلَّفَهُمْ، أَمَا تَرْضَوْنَ أَنْ يَرْجِعَ النَّاسُ بِالدُّنْيَا، وَتَرْجِعُونَ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَى بُيُوتِكُمْ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «لَوْ سَلَكَ النَّاسُ وَادِيًا، وَسَلَكَتِ الْأَنْصَارُ شِعْبًا، لَسَلَكْتُ وَادِيَ الْأَنْصَارِ، أَوْ شِعْبَ الْأَنْصَارِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ансарлардың бір тобын жинап: “Құрайыштың жәһилия дәуірінен шыққанына әрі қайғыға ұшырағанына көп уақыт болған жоқ. Мен оларға сый беріп, көңілдерін жұбатып, жүректерін өзіме жақындатқым келді. Адамдардың дүние-мүлікпен қайтып, ал сендердің Алла Елшісін (с.а.с.) үйлеріңе алып қайтқандарыңа разы болмайсыңдар ма?” – деді. Олар: “Әрине, разымыз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Егер адамдар бір аңғармен, ал ансарлар тау арасындағы басқа бір жолмен жүрсе, мен ансарлардың аңғарымен немесе олардың тау жолымен жүрер едім”, – деді».

بَابُ بَعْثِ النَّبِيِّ ﷺ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ إِلَى بَنِي جَذِيمَةَ

33-бапПайғамбардың (с.а.с.) Халид ибн әл-Уәлидті Бәну Жазимаға жіберуі туралы

1687
Бұхари, № 1687 · Сахих: 4339Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ ﷺ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ إِلَى بَنِي جَذِيمَةَ، فَدَعَاهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، فَلَمْ يُحْسِنُوا أَنْ يَقُولُوا: «أَسْلَمْنَا»، فَجَعَلُوا يَقُولُونَ: «صَبَأْنَا، صَبَأْنَا»، فَجَعَلَ خَالِدٌ يَقْتُلُ مِنْهُمْ وَيَأْسِرُ، وَدَفَعَ إِلَى كُلِّ رَجُلٍ مِنَّا أَسِيرَهُ، حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمٌ أَمَرَ خَالِدٌ أَنْ يَقْتُلَ كُلُّ رَجُلٍ مِنَّا أَسِيرَهُ، فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ، لَا أَقْتُلُ أَسِيرِي، وَلَا يَقْتُلُ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِي أَسِيرَهُ»، حَتَّى قَدِمْنَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَذَكَرْنَاهُ، فَرَفَعَ النَّبِيُّ ﷺ يَدَهُ فَقَالَ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ خَالِدٌ» مَرَّتَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Халид ибн әл-Уәлидті Бәну Жазимаға жіберді. Халид оларды Исламға шақырды. Бірақ олар: “Исламды қабылдадық”, – деп дұрыс айта алмай: “Сабаʼна, сабаʼна”, яғни: “Бұрынғы дінімізден шықтық, бұрынғы дінімізден шықтық”, – дей бастады. Сонда Халид олардың кейбірін өлтіріп, кейбірін тұтқынға ала бастады. Әрқайсымызға бір-бір тұтқыннан тапсырды. Бір күні Халид әрқайсымызға өз тұтқынын өлтіруді бұйырды. Сонда мен: “Аллаға ант етемін, мен өз тұтқынымды өлтірмеймін әрі серіктерімнің ешқайсысы да өз тұтқынын өлтірмейді”, – дедім. Пайғамбарға (с.а.с.) қайтып келген соң, болған жайды айтып бердік. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) қолын көтеріп: “Уа, Алла! Халидтің істеген ісінен аулақ екенімді Сенің алдыңда мәлімдеймін”, – деп екі рет айтты».

بَابُ سَرِيَّةِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ حُذَافَةَ السَّهْمِيِّ وَعَلْقَمَةَ بْنِ مُجَزِّزٍ الْمُدْلِجِيِّ، وَيُقَالُ: إِنَّهَا سَرِيَّةُ الْأَنْصَارِيِّ

34-бапАбдулла ибн Хузафа әс-Сәһми мен Алқама ибн Мужәззиз әл-Мудлижидің жасағы туралы. Мұны ансарлық кісінің жасағы деп те атайды

1688
Бұхари, № 1688 · Сахих: 4340Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ ﷺ سَرِيَّةً فَاسْتَعْمَلَ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ وَأَمَرَهُمْ أَنْ يُطِيعُوهُ، فَغَضِبَ، فَقَالَ: «أَلَيْسَ أَمَرَكُمُ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ تُطِيعُونِي؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «فَاجْمَعُوا لِي حَطَبًا»، فَجَمَعُوا، فَقَالَ: «أَوْقِدُوا نَارًا»، فَأَوْقَدُوهَا، فَقَالَ: «اُدْخُلُوهَا»، فَهَمُّوا وَجَعَلَ بَعْضُهُمْ يُمْسِكُ بَعْضًا، وَيَقُولُونَ: «فَرَرْنَا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ مِنَ النَّارِ»، فَمَا زَالُوا حَتَّى خَمَدَتِ النَّارُ، فَسَكَنَ غَضَبُهُ، فَبَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «لَوْ دَخَلُوهَا مَا خَرَجُوا مِنْهَا إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، الطَّاعَةُ فِي الْمَعْرُوفِ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір жасақ жіберіп, оларға ансарлардың арасынан бір адамды басшы етіп тағайындады әрі оның бұйрығына бағынуды тапсырды. Бір кезде әлгі басшы ашуланып: “Алла Елшісі (с.а.с.) сендерге маған бағынуды бұйырмап па еді?” – деді. Олар: “Иә”, – деді. Сонда ол: “Маған отын жинаңдар”, – деді. Олар отын жинады. Кейін: “От жағыңдар”, – деді. Олар от жақты. Сонда ол: “Отқа кіріңдер”, – деді. Олар отқа кірмек болды. Бірақ кейбірі басқаларын ұстап қалып: “Біз оттан құтылу үшін Алла Елшісіне (с.а.с.) келген едік”, – десті. Олар от сөніп, әлгі адамның ашуы басылғанға дейін сол жерде тұрды. Бұл оқиға Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткенде, ол: “Егер олар сол отқа кіргенде, Қиямет күніне дейін одан шықпас еді. Бағыну тек шариғат құптаған істе ғана болады”, – деді».

بَعْثُ أَبِي مُوسَى وَمُعَاذٍ إِلَى الْيَمَنِ قَبْلَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ

35-бапӘбу Мұса мен Муғаздың Қоштасу қажылығынан бұрын Йеменге жіберілуі туралы

1689
Бұхари, № 1689 · Сахих: 4341, 4342Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ بَعَثَهُ هُوَ وَمُعَاذَ بْنَ جَبَلٍ إِلَى الْيَمَنِ، كُلَّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا عَلَى مِخْلَافٍ. قَالَ: وَالْيَمَنُ مِخْلَافَانِ، ثُمَّ قَالَ: «يَسِّرَا وَلَا تُعَسِّرَا، وَبَشِّرَا وَلَا تُنَفِّرَا».

فَانْطَلَقَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا إِلَى عَمَلِهِ، وَكَانَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا إِذَا سَارَ فِي أَرْضِهِ كَانَ قَرِيبًا مِنْ صَاحِبِهِ أَحْدَثَ بِهِ عَهْدًا، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، فَسَارَ مُعَاذٌ فِي أَرْضِهِ قَرِيبًا مِنْ صَاحِبِهِ أَبِي مُوسَى فَجَاءَ يَسِيرُ عَلَى بَغْلَتِهِ حَتَّى اِنْتَهَى إِلَيْهِ، وَإِذَا هُوَ جَالِسٌ، وَقَدِ اِجْتَمَعَ إِلَيْهِ النَّاسُ وَإِذَا رَجُلٌ عِنْدَهُ قَدْ جُمِعَتْ يَدَاهُ إِلَى عُنُقِهِ، فَقَالَ لَهُ مُعَاذٌ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ، أَيُّمَ هَذَا؟» قَالَ: «هَذَا رَجُلٌ كَفَرَ بَعْدَ إِسْلَامِهِ». قَالَ: «لَا أَنْزِلُ حَتَّى يُقْتَلَ». قَالَ: «إِنَّمَا جِيءَ بِهِ لِذَلِكَ فَانْزِلْ». قَالَ: «مَا أَنْزِلُ حَتَّى يُقْتَلَ»، فَأَمَرَ بِهِ فَقُتِلَ.

ثُمَّ نَزَلَ فَقَالَ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ، كَيْفَ تَقْرَأُ الْقُرْآنَ؟» قَالَ: «أَتَفَوَّقُهُ تَفَوُّقًا». قَالَ: «فَكَيْفَ تَقْرَأُ أَنْتَ، يَا مُعَاذُ؟» قَالَ: «أَنَامُ أَوَّلَ اللَّيْلِ، فَأَقُومُ وَقَدْ قَضَيْتُ جُزْئِي مِنَ النَّوْمِ، فَأَقْرَأُ مَا كَتَبَ اللَّهُ لِي، فَأَحْتَسِبُ نَوْمَتِي كَمَا أَحْتَسِبُ قَوْمَتِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Пайғамбар (с.а.с.) оны және Муғаз ибн Жәбәлді Йеменге жіберді. Олардың әрқайсысын жеке бір аймаққа тағайындады. Йемен екі аймаққа бөлінетін еді. Содан кейін оларға: “Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар; сүйіншілеңдер, адамдарды үркітпеңдер”, – деді. Сөйтіп, екеуінің әрқайсысы өзіне тапсырылған аймаққа аттанды. Олардың бірі өз аймағын аралап жүріп, серігіне жақындап қалса, оған соғып, жүздесіп, сәлемдесіп тұратын.

Бірде Муғаз өз аймағын аралап жүріп, серігі Әбу Мұсаның аймағына жақындап қалды. Ол қашырына мініп, Әбу Мұсаның жанына жетті. Қараса, Әбу Мұса отыр екен, айналасына адамдар жиналыпты. Оның жанында екі қолы мойнына байланған бір адам тұр екен. Сонда Муғаз: “Уа, Абдулла ибн Қайс! Бұл кім?” – деп сұрады. Әбу Мұса (р.а.): “Бұл – Исламды қабылдағаннан кейін қайта күпірлікке түскен адам”, – деді. Муғаз: “Ол өлтірілмейінше, мінісімнен түспеймін”, – деді. Әбу Мұса (р.а.): “Ол осында сол үшін әкелінді. Түс”, – деді. Муғаз: “Ол өлтірілмейінше, түспеймін”, – деді. Сонда оны өлтіруге бұйрық беріліп, ол өлтірілді.

Осыдан кейін Муғаз мінісінен түсіп: “Уа, Абдулла! Құранды қалай оқисың?” – деп сұрады. Әбу Мұса (р.а.): “Оны ара-арасында бөліп-бөліп оқимын”, – деді. Ол: “Ал өзің қалай оқисың, уа, Муғаз?” – деп сұрады. Муғаз: “Мен түннің алғашқы бөлігінде ұйықтаймын. Ұйқыдан тиесілі үлесімді алғаннан кейін тұрып, Алла маған нәсіп еткенінше Құран оқимын. Түнде тұрып құлшылық еткенім үшін сауап үміт еткенімдей, ұйықтағаным үшін де сауап үміт етемін”, – деді».

1690
Бұхари, № 1690 · Сахих: 4343Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ بَعَثَهُ إِلَى الْيَمَنِ، فَسَأَلَهُ عَنْ أَشْرِبَةٍ تُصْنَعُ بِهَا، قَالَ: «وَمَا هِيَ؟» قَالَ: «الْبِتْعُ وَالْمِزْرُ».

فَقَالَ: «كُلُّ مُسْكِرٍ حَرَامٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) мені Йеменге жібергенде, одан сол жерде дайындалатын ішімдіктер жайында сұрадым. Ол: “Олар қандай ішімдіктер?” – деді. Мен: “Битғ пен мизр”, – дедім. Ол: “Мас қылатын нәрсенің бәрі – харам”, – деді».

بَعْثُ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ وَخَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ إِلَى الْيَمَنِ

36-бапӘли ибн Әбу Талиб пен Халид ибн әл-Уәлидтің Йеменге жіберілуі туралы

1691
Бұхари, № 1691 · Сахих: 4349Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَعَ خَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ إِلَى الْيَمَنِ. قَالَ: ثُمَّ بَعَثَ عَلِيًّا بَعْدَ ذَلِكَ مَكَانَهُ فَقَالَ: «مُرْ أَصْحَابَ خَالِدٍ، مَنْ شَاءَ مِنْهُمْ أَنْ يُعَقِّبَ مَعَكَ فَلْيُعَقِّبْ، وَمَنْ شَاءَ فَلْيُقْبِلْ». فَكُنْتُ فِيمَنْ عَقَّبَ مَعَهُ. قَالَ: فَغَنِمْتُ أَوَاقٍ ذَوَاتِ عَدَدٍ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бізді Халид ибн әл-Уәлидпен бірге Йеменге жіберді. Кейін оның орнына Әлиді жіберіп: “Халидтің серіктеріне айт: олардың арасынан кім сенімен бірге қалғысы келсе, қалсын, ал кім қайтқысы келсе, қайтсын”, – деді. Мен Әлимен бірге қалғандардың бірі едім. Сол жолы олжадан бірнеше ұқия алдым», – деп жеткізді.

1692
Бұхари, № 1692 · Сахих: 4350Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ ﷺ عَلِيًّا إِلَى خَالِدٍ لِيَقْبِضَ الْخُمُسَ، وَكُنْتُ أُبْغِضُ عَلِيًّا وَقَدِ اِغْتَسَلَ، فَقُلْتُ لِخَالِدٍ: «أَلَا تَرَى إِلَى هَذَا؟» فَلَمَّا قَدِمْنَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ ذَكَرْتُ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «يَا بُرَيْدَةُ، أَتُبْغِضُ عَلِيًّا؟» فَقُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَ: «لَا تُبْغِضْهُ فَإِنَّ لَهُ فِي الْخُمُسِ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Бурәйда (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Әлиді олжаның бестен бір үлесін алу үшін Халидке жіберді. Мен Әлиді жек көретін едім. Ол сол кезде ғұсыл алған еді. Мен Халидке: “Мынаның не істегенін көріп тұрсың ба?” – дедім. Алла Елшісіне (с.а.с.) қайтып келгенімізде, бұл жайды оған айтып бердім. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Бурәйда! Әлиді жек көресің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Оны жек көрме! Өйткені оның бестен бір үлестегі хақы бұдан да көп”, – деді», – деп жеткізді.

1693
Бұхари, № 1693 · Сахих: 4351Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنَ الْيَمَنِ بِذُهَيْبَةٍ فِي أَدِيمٍ مَقْرُوظٍ، لَمْ تُحَصَّلْ مِنْ تُرَابِهَا. قَالَ: فَقَسَمَهَا بَيْنَ أَرْبَعَةِ نَفَرٍ، بَيْنَ عُيَيْنَةَ بْنِ بَدْرٍ، وَأَقْرَعَ بْنِ حَابِسٍ، وَزَيْدِ الْخَيْلِ، وَالرَّابِعُ: إِمَّا عَلْقَمَةُ وَإِمَّا عَامِرُ بْنُ الطُّفَيْلِ.

فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِهِ: «كُنَّا نَحْنُ أَحَقَّ بِهَذَا مِنْ هَؤُلَاءِ». قَالَ: فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «أَلَا تَأْمَنُونِي وَأَنَا أَمِينُ مَنْ فِي السَّمَاءِ، يَأْتِينِي خَبَرُ السَّمَاءِ صَبَاحًا وَمَسَاءً؟»

قَالَ: فَقَامَ رَجُلٌ غَائِرُ الْعَيْنَيْنِ، مُشْرِفُ الْوَجْنَتَيْنِ، نَاشِزُ الْجَبْهَةِ، كَثُّ اللِّحْيَةِ، مَحْلُوقُ الرَّأْسِ، مُشَمَّرُ الْإِزَارِ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِتَّقِ اللَّهَ». قَالَ: «وَيْلَكَ، أَوَلَسْتُ أَحَقَّ أَهْلِ الْأَرْضِ أَنْ يَتَّقِيَ اللَّهَ؟»

قَالَ: ثُمَّ وَلَّى الرَّجُلُ، قَالَ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا أَضْرِبُ عُنُقَهُ؟» قَالَ: «لَا، لَعَلَّهُ أَنْ يَكُونَ يُصَلِّي». فَقَالَ خَالِدٌ: «وَكَمْ مِنْ مُصَلٍّ يَقُولُ بِلِسَانِهِ مَا لَيْسَ فِي قَلْبِهِ»، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي لَمْ أُومَرْ أَنْ أَنْقُبَ عَنْ قُلُوبِ النَّاسِ وَلَا أَشُقَّ بُطُونَهُمْ».

قَالَ: ثُمَّ نَظَرَ إِلَيْهِ وَهُوَ مُقَفٍّ، فَقَالَ: «إِنَّهُ يَخْرُجُ مِنْ ضِئْضِئِ هَذَا قَوْمٌ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ رَطْبًا، لَا يُجَاوِزُ حَنَاجِرَهُمْ، يَمْرُقُونَ مِنَ الدِّينِ كَمَا يَمْرُقُ السَّهْمُ مِنَ الرَّمِيَّةِ»، وَأَظُنُّهُ قَالَ: «لَئِنْ أَدْرَكْتُهُمْ لَأَقْتُلَنَّهُمْ قَتْلَ ثَمُودَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Йеменнен Алла Елшісіне (с.а.с.) қаразбен иленген теріге оралған, топырағынан әлі тазартылмаған бір кесек алтын жіберді. Пайғамбар (с.а.с.) оны төрт адамға бөліп берді: Ұяйна ибн Бадрға, Ақрағ ибн Хабиске, Зәйд әл-Хайлға және төртіншісі – не Алқама, не Амир ибн әт-Туфәйл еді. Сонда сахабалардың бірі: “Бұған олардан гөрі біз лайық едік”, – деді.

Бұл сөз Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Аспандағының сенім артқан адамы бола тұра, сендер маған сенбейсіңдер ме? Маған аспаннан таңертең де, кешке де хабар келіп тұрады”, – деді.

Сол кезде көздері шүңірек, бет сүйектері шығыңқы, маңдайы дөңестеу, сақалы қалың, басы қырылған, изарының етегі жоғары түрілген бір адам орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Алладан қорық!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Сорың құрсын! Жер бетіндегі адамдардың ішінде Алладан қорқуға ең лайықтысы мен емес пе?” – деді.

Әлгі адам бұрылып, кетіп қалды. Сонда Халид ибн әл-Уәлид: “Уа, Расулалла! Оның мойнын шауып тастайын ба?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Жоқ. Бәлкім, ол намаз оқитын болар”, – деді. Халид: “Қаншама намаз оқитын адам бар, олар тілдерімен жүректерінде жоқ нәрсені айтады”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған адамдардың жүректерін қазбалап тексеру де, іштерін жарып қарау да бұйырылған жоқ”, – деді.

Кейін кетіп бара жатқан әлгі адамға қарап: “Расында, осы адамның ұрпағынан Алланың Кітабын жатық оқитын, бірақ оқығандары көмейлерінен әрі өтпейтін бір қауым шығады. Олар жебенің аңды тесіп шыққанындай діннен шығып кетеді”, – деді», – деп жеткізді.

Риуаятшы: «Меніңше, ол тағы: “Егер мен оларға кезіксем, Сәмуд қауымы қырылғандай, оларды да қырып тастаймын”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ غَزْوَةِ ذِي الْخَلَصَةِ

37-бапЗүл-Халаса жорығы туралы

1694
Бұхари, № 1694 · Сахих: 4357

تَقَدَّمَ حَدِيثُ جَرِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي ذَلِكَ وَقَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ لَهُ: «أَلَا تُرِيحُنِي مِنْ ذِي الْخَلَصَةِ؟»

وَذَكَرَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: قَالَ جَرِيرٌ: وَكَانَ ذُو الْخَلَصَةِ بَيْتًا بِالْيَمَنِ لِخَثْعَمَ وَبَجِيلَةَ، فِيهِ نُصُبٌ يُعْبَدُ، وَلَمَّا قَدِمَ جَرِيرٌ الْيَمَنَ كَانَ بِهَا رَجُلٌ يَسْتَقْسِمُ بِالْأَزْلَامِ فَقِيلَ لَهُ: «إِنَّ رَسُولَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ هَاهُنَا، فَإِنْ قَدَرَ عَلَيْكَ ضَرَبَ عُنُقَكَ». فَبَيْنَمَا هُوَ يَضْرِبُ بِهَا إِذْ وَقَفَ عَلَيْهِ جَرِيرٌ فَقَالَ: «لَتَكْسِرَنَّهَا وَلَتَشْهَدَنَّ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ أَوْ لَأَضْرِبَنَّ عُنُقَكَ». قَالَ: فَكَسَرَهَا وَشَهِدَ.

Қазақша аудармасы

Жәрирдің (р.а.) осы оқиғаға қатысты хадисі және Пайғамбардың (с.а.с.) оған: «Мені Зүл-Халасадан құтқармайсың ба?» – деген сөзі бұрын өткен.

Осы риуаятта Жәрир былай деген: «Зүл-Халаса Йемендегі Хасғам мен Бәжила тайпаларына тиесілі бір ғибадатхана болатын. Онда құлшылық етілетін пұт бар еді. Жәрир Йеменге келгенде, онда жебемен бал ашатын бір адам бар еді. Оған: “Алла Елшісінің (с.а.с.) елшісі осында жүр. Егер ол сені қолға түсірсе, мойныңды шабады”, – деп айтылды. Әлгі адам жебелерімен бал ашып тұрған кезде Жәрир оның қасына келіп: “Мыналарды міндетті түрде сындырасың әрі Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етесің. Әйтпесе мойныңды шабамын”, – деді. Сонда ол жебелерін сындырып, куәлік сөзін айтты».

ذَهَابُ جَرِيرٍ إِلَى الْيَمَنِ

38-бапЖәрирдің Йеменге баруы туралы

1695
Бұхари, № 1695 · Сахих: 4359

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ بِالْيَمَنِ، فَلَقِيتُ رَجُلَيْنِ مِنْ أَهْلِ الْيَمَنِ، ذَا كَلَاعٍ، وَذَا عَمْرٍو، فَجَعَلْتُ أُحَدِّثُهُمْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ لَهُ ذُو عَمْرٍو: «لَئِنْ كَانَ الَّذِي تَذْكُرُ مِنْ أَمْرِ صَاحِبِكَ، لَقَدْ مَرَّ عَلَى أَجَلِهِ مُنْذُ ثَلَاثٍ»، وَأَقْبَلَا مَعِي حَتَّى إِذَا كُنَّا فِي بَعْضِ الطَّرِيقِ، رُفِعَ لَنَا رَكْبٌ مِنْ قِبَلِ الْمَدِينَةِ فَسَأَلْنَاهُمْ، فَقَالُوا: «قُبِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَاسْتُخْلِفَ أَبُو بَكْرٍ، وَالنَّاسُ صَالِحُونَ»، فَقَالَا: «أَخْبِرْ صَاحِبَكَ أَنَّا قَدْ جِئْنَا وَلَعَلَّنَا سَنَعُودُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ»، وَرَجَعَا إِلَى الْيَمَنِ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Мен Йеменде жүргенімде, Йемен тұрғындарынан Зу Кәләғ пен Зу Амр деген екі адамды кездестірдім. Оларға Алла Елшісі (с.а.с.) туралы айтып бере бастадым. Сонда Зу Амр маған: “Егер серігің жайында айтып отырғандарың рас болса, оның қайтыс болғанына үш күн болыпты”, – деді. Екеуі менімен бірге жолға шықты. Жолдың бір тұсына жеткенімізде, Мәдина жақтан келе жатқан бір топ жолаушы көрінді. Олардан хабар сұрадық. Олар: “Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салды. Әбу Бәкір халифа болды. Ал адамдардың жағдайы жақсы”, – деді. Сонда әлгі екеуі маған: “Серігіңе біздің келгенімізді хабарла. Алла қаласа, бәлкім, тағы да қайтып келерміз”, – деді де, Йеменге оралды».

عِيرًا لِقُرَيْشٍ وَأَمِيرُهُمْ أَبُو عُبَيْدَةَ بْنُ الْجَرَّاحِ

39-бапТеңіз жағалауына жасалған жорық туралы. Жасақ Құрайыштың керуенін тосуға шыққан. Қолбасшысы – Әбу Ұбәйда ибн әл-Жаррах

1696
Бұхари, № 1696 · Сахих: 4360

بَابُ غَزْوَةِ سِيفِ الْبَحْرِ وَهُمْ يَتَلَقَّوْنَ

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَعْثًا قِبَلَ السَّاحِلِ، وَأَمَّرَ عَلَيْهِمْ أَبَا عُبَيْدَةَ بْنَ الْجَرَّاحِ وَهُمْ ثَلَاثُ مِائَةٍ، فَخَرَجْنَا وَكُنَّا بِبَعْضِ الطَّرِيقِ فَنِيَ الزَّادُ، فَأَمَرَ أَبُو عُبَيْدَةَ بِأَزْوَادِ الْجَيْشِ، فَجُمِعَ فَكَانَ مِزْوَدَيْ تَمْرٍ، فَكَانَ يَقُوتُنَا كُلَّ يَوْمٍ قَلِيلًا قَلِيلًا حَتَّى فَنِيَ، فَلَمْ يَكُنْ يُصِيبُنَا إِلَّا تَمْرَةٌ تَمْرَةٌ، فَقُلْتُ: «مَا تُغْنِي عَنْكُمْ تَمْرَةٌ؟» فَقَالَ: «لَقَدْ وَجَدْنَا فَقْدَهَا حِينَ فَنِيَتْ»، ثُمَّ اِنْتَهَيْنَا إِلَى الْبَحْرِ فَإِذَا حُوتٌ مِثْلُ الظَّرِبِ، فَأَكَلَ مِنْهَا الْقَوْمُ ثَمَانِيَ عَشْرَةَ لَيْلَةً، ثُمَّ أَمَرَ أَبُو عُبَيْدَةَ بِضِلَعَيْنِ مِنْ أَضْلَاعِهِ فَنُصِبَا، ثُمَّ أَمَرَ بِرَاحِلَةٍ فَرُحِلَتْ ثُمَّ مَرَّتْ تَحْتَهُمَا فَلَمْ تُصِبْهُمَا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) теңіз жағалауына қарай бір жасақ жіберіп, оларға Әбу Ұбәйда ибн әл-Жаррахты қолбасшы етіп тағайындады. Біз үш жүз адам едік. Жолға шықтық. Жолдың бір тұсына жеткенде азығымыз таусылып қалды. Сонда Әбу Ұбәйда әскердің қолындағы бар азықты жинауды бұйырды. Жинағанда екі дорба құрма ғана шықты. Ол бізге күн сайын аз-аздан бөліп беріп отырды. Ақырында құрма да таусылуға таяп, әрқайсымызға бір-бір құрмадан ғана тиетін болды». Риуаятшы: «Мен: “Бір құрма сендерге не пайда беретін еді?” – деп сұрадым. Жәбир: “Құрма таусылған соң, жоқтығы білінді”, – деді», – деп жеткізді. Жәбир сөзін жалғастырып: «Содан кейін теңіз жағасына жеттік. Қарасақ, төбедей алып бір балық жатыр екен. Адамдар оның етін он сегіз түн бойы жеді. Кейін Әбу Ұбәйда оның екі қабырғасын алып, тік тұрғызуды бұйырды. Содан соң бір түйені ерттеп, әлгі екі қабырғаның астынан өткізді. Түйе оларға тимей өтті».

1697
Бұхари, № 1697 · Сахих: 4361

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي رِوَايَةٍ أَنَّهُ قَالَ: فَأَلْقَى لَنَا الْبَحْرُ دَابَّةً يُقَالُ لَهَا: الْعَنْبَرُ، فَأَكَلْنَا مِنْهُ نِصْفَ شَهْرٍ وَادَّهَنَّا مِنْ وَدَكِهِ حَتَّى ثَابَتْ إِلَيْنَا أَجْسَامُنَا.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта былай делінген: «Теңіз бізге анбар деп аталатын бір жануарды жағаға шығарып тастады. Біз оның етін жарты ай бойы жеп, майын денемізге жақтық. Содан денеміз қайта қалпына келді».

1698
Бұхари, № 1698 · Сахих: 4362

وَفِي رِوَايَةٍ أُخْرَى: فَقَالَ أَبُو عُبَيْدَةَ: «كُلُوا». فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ ذَكَرْنَا ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «كُلُوا، رِزْقًا أَخْرَجَهُ اللَّهُ، أَطْعِمُونَا إِنْ كَانَ مَعَكُمْ». فَأَتَاهُ بَعْضُهُمْ فَأَكَلَهُ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта былай делінген: «Әбу Ұбәйда: “Жеңдер”, – деді. Мәдинаға келгенімізде, бұл жағдайды Пайғамбарға (с.а.с.) айтып бердік. Сонда ол (с.а.с.): “Жеңдер. Бұл – Алланың сендерге шығарған ризығы. Егер өздеріңмен бірге әкелгендерің болса, бізге де беріңдер”, – деді. Сонда арамыздағы кейбір адамдар сол еттен Пайғамбарға (с.а.с.) әкелді, ол да жеді», – деп жеткізді.

بَابُ وَفْدِ بَنِي تَمِيمٍ

40-бапБәну Тәмим елшілері туралы

1699
Бұхари, № 1699 · Сахих: 4367

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَدِمَ رَكْبٌ مِنْ بَنِي تَمِيمٍ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: «أَمِّرِ الْقَعْقَاعَ بْنَ مَعْبَدِ بْنِ زُرَارَةَ»، قَالَ عُمَرُ: «بَلْ أَمِّرِ الْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ»، قَالَ أَبُو بَكْرٍ: «مَا أَرَدْتَ إِلَّا خِلَافِي»، قَالَ عُمَرُ: «مَا أَرَدْتُ خِلَافَكَ»، فَتَمَارَيَا حَتَّى اِرْتَفَعَتْ أَصْوَاتُهُمَا، فَنَزَلَ فِي ذَلِكَ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُقَدِّمُوا﴾ [الْحُجُرَاتِ: 1] حَتَّى اِنْقَضَتْ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әз-Зубәйр (р.а.) былай деген: «Бәну Тәмимнен бір топ адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Сонда Әбу Бәкір: “Қағқағ ибн Мағбад ибн Зурараны оларға басшы етіп тағайында”, – деді. Омар (р.а.): “Жоқ, Ақрағ ибн Хабисті басшы етіп тағайында”, – деді. Әбу Бәкір: “Сен тек маған қарсы шығуды көздеп тұрсың”, – деді. Омар (р.а.): “Мен саған қарсы шығуды көздеген жоқпын”, – деді. Сөйтіп, екеуі пікір таластырып, дауыстары көтеріліп кетті. Осыған байланысты “Уа, иман келтіргендер! Алланың және Расулының алдына түспеңдер!” деп басталатын аят соңына дейін түсті (“Хужурат”, 1-аят)».

بَابُ وَفْدِ بَنِي حَنِيفَةَ، وَحَدِيثِ ثُمَامَةَ بْنِ أُثَالٍ

41-бапБәну Ханифа елшілігі және Сумама ибн Усал туралы хадис

1700
Бұхари, № 1700 · Сахих: 4372Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ ﷺ خَيْلًا قِبَلَ نَجْدٍ، فَجَاءَتْ بِرَجُلٍ مِنْ بَنِي حَنِيفَةَ يُقَالُ لَهُ ثُمَامَةُ بْنُ أُثَالٍ، فَرَبَطُوهُ بِسَارِيَةٍ مِنْ سَوَارِي الْمَسْجِدِ، فَخَرَجَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ، فَقَالَ: «مَا عِنْدَكَ يَا ثُمَامَةُ؟» فَقَالَ: «عِنْدِي خَيْرٌ، يَا مُحَمَّدُ، إِنْ تَقْتُلْنِي تَقْتُلْ ذَا دَمٍ، وَإِنْ تُنْعِمْ تُنْعِمْ عَلَى شَاكِرٍ، وَإِنْ كُنْتَ تُرِيدُ الْمَالَ فَسَلْ مِنْهُ مَا شِئْتَ».

فَتُرِكَ حَتَّى كَانَ الْغَدُ، ثُمَّ قَالَ لَهُ: «مَا عِنْدَكَ يَا ثُمَامَةُ؟» قَالَ: «مَا قُلْتُ لَكَ: “إِنْ تُنْعِمْ تُنْعِمْ عَلَى شَاكِرٍ”»، فَتَرَكَهُ حَتَّى كَانَ بَعْدَ الْغَدِ، فَقَالَ: «مَا عِنْدَكَ يَا ثُمَامَةُ؟» فَقَالَ: «عِنْدِي مَا قُلْتُ لَكَ»، فَقَالَ: «أَطْلِقُوا ثُمَامَةَ».

فَانْطَلَقَ إِلَى نَجْلٍ قَرِيبٍ مِنَ الْمَسْجِدِ، فَاغْتَسَلَ ثُمَّ دَخَلَ الْمَسْجِدَ، فَقَالَ: «أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ،

يَا مُحَمَّدُ، وَاللَّهِ مَا كَانَ عَلَى الْأَرْضِ وَجْهٌ أَبْغَضَ إِلَيَّ مِنْ وَجْهِكَ، فَقَدْ أَصْبَحَ وَجْهُكَ أَحَبَّ الْوُجُوهِ إِلَيَّ، وَاللَّهِ مَا كَانَ مِنْ دِينٍ أَبْغَضَ إِلَيَّ مِنْ دِينِكَ، فَأَصْبَحَ دِينُكَ أَحَبَّ الدِّينِ إِلَيَّ، وَاللَّهِ مَا كَانَ مِنْ بَلَدٍ أَبْغَضُ إِلَيَّ مِنْ بَلَدِكَ، فَأَصْبَحَ بَلَدُكَ أَحَبَّ الْبِلَادِ إِلَيَّ، وَإِنَّ خَيْلَكَ أَخَذَتْنِي وَأَنَا أُرِيدُ الْعُمْرَةَ، فَمَاذَا تَرَى؟» فَبَشَّرَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَمَرَهُ أَنْ يَعْتَمِرَ.

فَلَمَّا قَدِمَ مَكَّةَ قَالَ لَهُ قَائِلٌ: «صَبَوْتَ؟» قَالَ: «لَا، وَلَكِنْ أَسْلَمْتُ مَعَ مُحَمَّدٍ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَا، وَاللَّهِ، لَا يَأْتِيكُمْ مِنَ الْيَمَامَةِ حَبَّةُ حِنْطَةٍ، حَتَّى يَأْذَنَ فِيهَا النَّبِيُّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Нәжд жаққа атты жасақ жіберді. Олар Бәну Ханифадан Сумама ибн Усал деген адамды тұтқындап әкеліп, мешіт бағандарының біріне байлап қойды. Пайғамбар (с.а.с.) оның жанына шығып: “Уа, Сумама! Не айтасың?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Мұхаммед! Айтарым – жақсылық. Егер мені өлтірсең, өлім жазасына лайық адамды өлтіресің. Ал егер маған жақсылық жасасаң, оны бағалай білетін адамға жақсылық жасаған боласың. Ал егер мал-мүлік қаласаң, қалағаныңды сұра”, – деді.

Сөйтіп, оны келесі күнге дейін қалдырды. Ертеңіне Пайғамбар (с.а.с.) тағы да: “Уа, Сумама! Не айтасың?” – деп сұрады. Ол: “Саған айтқаным сол: егер маған жақсылық жасасаң, оны бағалай білетін адамға жақсылық жасаған боласың”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оны одан кейінгі күнге дейін қалдырды. Келесі күні одан тағы да: “Уа, Сумама! Не айтасың?” – деп сұрады. Ол: “Саған бұрын айтқаным сол”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Сумаманы босатыңдар”, – деді.

Сумама мешітке жақын жердегі бір суатқа барып, ғұсыл алды. Содан кейін мешітке кіріп: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне әрі Мұхаммедтің Алланың Елшісі екеніне куәлік етемін. Уа, Мұхаммед! Аллаға ант етемін, бұрын сіздің жүзіңіз мен үшін жер бетіндегі ең жек көрінішті жүз еді. Енді жүзіңіз маған барлық жүзден де сүйікті болды. Аллаға ант етемін, бұрын сіздің дініңіз мен үшін барлық діннің ішіндегі ең жек көрініштісі еді. Енді дініңіз маған барлық діннен де сүйікті болды. Аллаға ант етемін, бұрын сіздің еліңіз мен үшін барлық елдің ішіндегі ең жек көрініштісі еді. Енді еліңіз маған барлық елден де сүйікті болды. Сіздің атты жасағыңыз мені ұмра жасауға бара жатқанымда тұтқындады. Енді не істеуім керек?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны сүйіншілеп, ұмра жасауын бұйырды.

Сумама Меккеге келгенде, бір адам оған: “Дініңнен бездің бе?” – деді. Ол: “Жоқ. Керісінше, Алланың Елшісі Мұхаммедпен (с.а.с.) бірге Исламды қабылдадым. Аллаға ант етемін, Пайғамбар (с.а.с.) рұқсат бермейінше, Ямамадан сендерге бір түйір бидай да келмейді”, – деді».

1701
Бұхари, № 1701 · Сахих: 4373Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَدِمَ مُسَيْلِمَةُ الْكَذَّابُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «إِنْ جَعَلَ لِي مُحَمَّدٌ الْأَمْرَ مِنْ بَعْدِهِ تَبِعْتُهُ»، وَقَدِمَهَا فِي بَشَرٍ كَثِيرٍ مِنْ قَوْمِهِ، فَأَقْبَلَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَمَعَهُ ثَابِتُ بْنُ قَيْسِ بْنِ شَمَّاسٍ، وَفِي يَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قِطْعَةُ جَرِيدٍ، حَتَّى وَقَفَ عَلَى مُسَيْلِمَةَ فِي أَصْحَابِهِ.

فَقَالَ: «لَوْ سَأَلْتَنِي هَذِهِ الْقِطْعَةَ مَا أَعْطَيْتُكَهَا، وَلَنْ تَعْدُوَ أَمْرَ اللَّهِ فِيكَ، وَلَئِنْ أَدْبَرْتَ لَيَعْقِرَنَّكَ اللَّهُ، وَإِنِّي لَأَرَاكَ الَّذِي أُرِيتُ فِيهِ مَا رَأَيْتُ، وَهَذَا ثَابِتٌ يُجِيبُكَ عَنِّي». ثُمَّ اِنْصَرَفَ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Мусәйлима әл-Кәззаб Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында келіп: “Егер Мұхаммед билікті өзінен кейін маған қалдырса, оған еремін”, – деп айта бастады. Ол өз қауымынан көптеген адаммен бірге келген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған қарай бет алды. Қасында Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас та бар еді. Алла Елшісінің (с.а.с.) қолында құрма бұтағының бір кесіндісі болатын.

Ол (с.а.с.) Мусәйлиманың серіктерінің арасында тұрған жеріне келіп: “Егер сен менен мына бұтақтың өзін сұрасаң да, саған бермес едім. Алланың сен жайындағы үкімінен аттап кете алмайсың. Егер теріс айналсаң, Алла сені сөзсіз құртады. Мен сені түсімде маған көрсетілген әлгі адам деп білемін. Мынау – Сәбит. Ол менің атымнан саған жауап береді”, – деді де, одан бұрылып кетті», – деп жеткізді.

1702
Бұхари, № 1702 · Сахих: 4374

قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: فَسَأَلْتُ عَنْ قَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّكَ أُرَى الَّذِي أُرِيتُ فِيهِ مَا أُرِيتُ»،

فَأَخْبَرَنِي أَبُو هُرَيْرَةَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ، رَأَيْتُ فِي يَدَيَّ سِوَارَيْنِ مِنْ ذَهَبٍ، فَأَهَمَّنِي شَأْنُهُمَا، فَأُوحِيَ إِلَيَّ فِي الْمَنَامِ: أَنِ اُنْفُخْهُمَا، فَنَفَخْتُهُمَا فَطَارَا، فَأَوَّلْتُهُمَا كَذَّابَيْنِ يَخْرُجَانِ بَعْدِي، أَحَدُهُمَا الْعَنْسِيُّ، وَالْآخَرُ مُسَيْلِمَةُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Мен сені түсімде маған көрсетілген әлгі адам деп білемін”, – деген сөзінің мәнін сұрадым. Сонда Әбу Һурайра маған Алла Елшісінің (с.а.с.): “Мен ұйықтап жатқанымда екі қолымда екі алтын білезік көрдім. Олардың жайы мені алаңдатты. Сонда түсімде маған: ‘Екеуіне үрле’, – деп уахи етілді. Мен үрлеген едім, екеуі де ұшып кетті. Мен оларды өзімнен кейін шығатын екі өтірікшіге жорыдым. Олардың бірі – әл-Анси, екіншісі – Мусәйлима”, – дегенін хабарлады».

1703
Бұхари, № 1703 · Сахих: 4375Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ أُتِيتُ بِخَزَائِنِ الْأَرْضِ، فَوُضِعَ فِي كَفِّي سِوَارَانِ مِنْ ذَهَبٍ، فَكَبُرَا عَلَيَّ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيَّ أَنِ اُنْفُخْهُمَا، فَنَفَخْتُهُمَا فَذَهَبَا، فَأَوَّلْتُهُمَا الْكَذَّابَيْنِ اللَّذَيْنِ أَنَا بَيْنَهُمَا، صَاحِبَ صَنْعَاءَ، وَصَاحِبَ الْيَمَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен ұйықтап жатқанымда маған жердің қазыналары әкелінді. Содан кейін алақаныма алтыннан жасалған екі білезік салынды. Бұл маған ауыр тиді. Сонда Алла маған: ‘Екеуіне үрле’, – деп уахи етті. Мен үрлеген едім, екеуі де жоғалып кетті. Мен оларды өзім араларында болған екі өтірікшіге жорыдым: бірі – Санғадағы адам, екіншісі – Ямамадағы адам”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ قِصَّةِ أَهْلِ نَجْرَانَ

42-бапНәжран тұрғындарының оқиғасы туралы

1704
Бұхари, № 1704 · Сахих: 4380Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ الْعَاقِبُ وَالسَّيِّدُ، صَاحِبَا نَجْرَانَ، إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُرِيدَانِ أَنْ يُلَاعِنَاهُ. قَالَ: فَقَالَ أَحَدُهُمَا لِصَاحِبِهِ: «لَا تَفْعَلْ، فَوَاللَّهِ لَئِنْ كَانَ نَبِيًّا فَلَاعَنَّا لَا نُفْلِحُ نَحْنُ، وَلَا عَقِبُنَا مِنْ بَعْدِنَا»، قَالَا: «إِنَّا نُعْطِيكَ مَا سَأَلْتَنَا، وَابْعَثْ مَعَنَا رَجُلًا أَمِينًا، وَلَا تَبْعَثْ مَعَنَا إِلَّا أَمِينًا». فَقَالَ: «لَأَبْعَثَنَّ مَعَكُمْ رَجُلًا أَمِينًا حَقَّ أَمِينٍ». فَاسْتَشْرَفَ لَهُ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «قُمْ، يَا أَبَا عُبَيْدَةَ بْنَ الْجَرَّاحِ». فَلَمَّا قَامَ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا أَمِينُ هَذِهِ الْأُمَّةِ».

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.) былай деді: «Нәжранның екі басшысы – Ақиб пен Сәйид – өтірікші тарапқа Алланың лағынетін тілесу үшін Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Сонда олардың бірі екіншісіне: “Бұлай істеме. Аллаға ант етемін, егер ол шынымен пайғамбар болса әрі онымен бірге өтірікші тарапқа лағынет тілесек, біз де, бізден кейінгі ұрпағымыз да ешқашан игілікке жетпейміз”, – деді. Содан кейін екеуі Алла Елшісіне (с.а.с.): “Сіз бізден сұраған нәрсені береміз. Бірақ бізбен бірге сенімді бір адамды жіберіңіз. Бізбен тек сенімді адамды ғана жіберіңіз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендермен бірге шын мәнінде аса сенімді бір адамды міндетті түрде жіберемін”, – деді. Сахабалар сол адам өзі болса екен деп үміттеніп, мойындарын соза қарады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Ұбәйда ибн әл-Жаррах! Тұр”, – деді. Ол орнынан тұрған кезде Алла Елшісі (с.а.с.): “Міне, осы – бұл үмбеттің сенімді адамы”, – деді».

1705
Бұхари, № 1705 · Сахих: 4382

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لِكُلِّ أُمَّةٍ أَمِينٌ، وَأَمِينُ هَذِهِ الْأُمَّةِ أَبُو عُبَيْدَةَ بْنُ الْجَرَّاحِ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Әр үмбеттің сенімді адамы бар. Ал осы үмбеттің сенімді адамы – Әбу Ұбәйда ибн әл-Жаррах», – деген.

بَابُ قُدُومِ الْأَشْعَرِيِّينَ وَأَهْلِ الْيَمَنِ

43-бапӘшғарилер мен Йемен тұрғындарының келуі туралы

1706
Бұхари, № 1706 · Сахих: 4385, 4655Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّا أَتَيْنَا النَّبِيَّ ﷺ نَفَرٌ مِنَ الْأَشْعَرِيِّينَ فَاسْتَحْمَلْنَاهُ، فَأَبَى أَنْ يَحْمِلَنَا، فَاسْتَحْمَلْنَاهُ فَحَلَفَ أَنْ لَا يَحْمِلَنَا.

ثُمَّ لَمْ يَلْبَثِ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ أُتِيَ بِنَهْبِ إِبِلٍ، فَأَمَرَ لَنَا بِخَمْسِ ذَوْدٍ، فَلَمَّا قَبَضْنَاهَا قُلْنَا: «تَغَفَّلْنَا النَّبِيَّ ﷺ يَمِينَهُ، لَا نُفْلِحُ بَعْدَهَا أَبَدًا». فَأَتَيْتُهُ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ حَلَفْتَ أَنْ لَا تَحْمِلَنَا وَقَدْ حَمَلْتَنَا؟» قَالَ: «أَجَلْ، وَلَكِنْ لَا أَحْلِفُ عَلَى يَمِينٍ، فَأَرَى غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، إِلَّا أَتَيْتُ الَّذِي هُوَ خَيْرٌ مِنْهَا».

وَفِي رِوَايَةٍ: «وَتَحَلَّلْتُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Біз, әшғарилерден бірнеше адам, Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, өзімізге мініс беруін сұрадық. Ол бізге мініс беруден бас тартты. Біз тағы да сұрадық. Сонда ол бізге мініс бермейтініне ант етті.

Көп ұзамай Пайғамбарға (с.а.с.) олжадан түскен түйелер әкелінді. Ол бізге бес түйе беруді бұйырды. Біз сол түйелерді алғаннан кейін: “Пайғамбардың (с.а.с.) антын ұмытқанын пайдаланып қалдық. Бұдан кейін ешқашан игілік көрмейміз”, – дестік. Мен оның алдына барып: “Уа, Расулалла! Сіз бізге мініс бермейтініңізге ант еткен едіңіз, алайда бізге мініс бердіңіз”, – дедім. Ол: “Иә. Бірақ мен бір нәрсеге ант етіп, кейін одан да қайырлысын көрсем, міндетті түрде қайырлысын істеймін”, – деді».

Бір риуаятта: «Әрі сол анттың кәффаратын өтеймін», – делінген.

1707
Бұхари, № 1707 · Сахих: 4388Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَتَاكُمْ أَهْلُ الْيَمَنِ، هُمْ أَرَقُّ أَفْئِدَةً وَأَلْيَنُ قُلُوبًا، الْإِيمَانُ يَمَانٍ وَالْحِكْمَةُ يَمَانِيَةٌ، وَالْفَخْرُ وَالْخُيَلَاءُ فِي أَهْلِ الْإِبِلِ، وَالسَّكِينَةُ وَالْوَقَارُ فِي أَهْلِ الْغَنَمِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерге Йемен тұрғындары келді. Олардың көңілдері нәзік, жүректері жұмсақ. Иман – Йеменге тән, даналық та – Йеменге тән. Түйе ұстағандардың бойында мақтаншақтық пен тәкаппарлық, ал қой ұстағандарда байсалдылық пен салмақтылық бар», – деген.

بَابُ حَجَّةِ الْوَدَاعِ

44-бапҚоштасу қажылығы туралы

1708
Бұхари, № 1708 · Сахих: 4400

حَدِيثُ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ صَلَاةِ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْكَعْبَةِ قَدْ تَقَدَّمَ. وَذَكَرَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: قَالَ: «وَعِنْدَ الْمَكَانِ الَّذِي صَلَّى فِيهِ مَرْمَرَةٌ حَمْرَاءُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Қағбада намаз оқуы туралы хадисі бұрын өткен. Осы риуаятта: «Ол намаз оқыған жердің жанында қызыл мәрмәр тас бар еді», – деген.

1709
Бұхари, № 1709 · Сахих: 4404Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ غَزَا تِسْعَ عَشْرَةَ غَزْوَةً، وَأَنَّهُ حَجَّ بَعْدَ مَا هَاجَرَ حَجَّةً وَاحِدَةً، لَمْ يَحُجَّ بَعْدَهَا، حَجَّةَ الْوَدَاعِ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқамнан жеткен хабарда Пайғамбардың (с.а.с.) он тоғыз жорыққа қатысып, һижреттен кейін бір ғана рет қажылық жасағаны, одан кейін қажылық жасамағаны айтылады. Ол – Қоштасу қажылығы еді.

1710
Бұхари, № 1710 · Сахих: 4406Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الزَّمَانُ قَدِ اِسْتَدَارَ كَهَيْئَةِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ. السَّنَةُ اِثْنَا عَشَرَ شَهْرًا، مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ، ثَلَاثَةٌ مُتَوَالِيَاتٌ: ذُو الْقَعْدَةِ وَذُو الْحِجَّةِ وَالْمُحَرَّمُ، وَرَجَبُ مُضَرَ الَّذِي بَيْنَ جُمَادَى وَشَعْبَانَ. أَيُّ شَهْرٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اِسْمِهِ، قَالَ: «أَلَيْسَ ذُو الْحِجَّةِ؟» قُلْنَا: «بَلَى».

قَالَ: «فَأَيُّ بَلَدٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اِسْمِهِ. قَالَ: «أَلَيْسَ الْبَلْدَةَ؟» قُلْنَا: «بَلَى».

قَالَ: «فَأَيُّ يَوْمٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اِسْمِهِ. قَالَ: «أَلَيْسَ يَوْمَ النَّحْرِ؟» قُلْنَا: «بَلَى».

قَالَ: «فَإِنَّ دِمَاءَكُمْ وَأَمْوَالَكُمْ وَأَعْرَاضَكُمْ عَلَيْكُمْ حَرَامٌ كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِي بَلَدِكُمْ هَذَا، فِي شَهْرِكُمْ هَذَا، وَسَتَلْقَوْنَ رَبَّكُمْ، فَسَيَسْأَلُكُمْ عَنْ أَعْمَالِكُمْ، أَلَا، فَلَا تَرْجِعُوا بَعْدِي ضُلَّالًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ، أَلَا، لِيُبَلِّغِ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ، فَلَعَلَّ بَعْضَ مَنْ يُبَلَّغُهُ أَنْ يَكُونَ أَوْعَى لَهُ مِنْ بَعْضِ مَنْ سَمِعَهُ». ثُمَّ قَالَ: «أَلَا، هَلْ بَلَّغْتُ؟» مَرَّتَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкрә (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Заман Алла көктер мен жерді жаратқан күнгі қалпына қайта оралды. Жыл он екі айдан тұрады. Оның төртеуі – қасиетті айлар. Үшеуі қатарынан келеді: Зүлқағда, Зүлхижжа және Мұхаррам. Ал төртіншісі – Жұмада мен Шағбан айларының арасындағы Мұдар тайпасының Рәжәб айы. Бұл қай ай?” – деді.

Біз: “Алла мен Оның Елшісі жақсырақ біледі”, – дедік. Ол біраз үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атпен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: “Бұл Зүлхижжа емес пе?” – деді. Біз: “Иә”, – дедік.

Ол: “Бұл қай қала?” – деп сұрады. Біз: “Алла мен Оның Елшісі жақсырақ біледі”, – дедік. Ол тағы да үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атпен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: “Бұл Мекке қаласы емес пе?” – деді. Біз: “Иә”, – дедік.

Ол: “Бұл қай күн?” – деп сұрады. Біз: “Алла мен Оның Елшісі жақсырақ біледі”, – дедік. Ол тағы да үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атпен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: “Бұл Құрбан шалу күні емес пе?” – деді. Біз: “Иә”, – дедік.

Сонда ол: “Осы айдағы осы қаладағы осы күннің қасиеттілігін бұзу қаншалықты харам болса, сендердің қандарыңа, мал-мүліктеріңе және ар-намыстарыңа қол сұғу да соншалықты харам. Сендер Раббыларыңмен жолығасыңдар. Сонда Ол сендерден амалдарың жайында сұрайды. Біліп қойыңдар! Менен кейін бір-біріңнің мойындарыңды шауып, адасқандарға айналып кетпеңдер. Біліп қойыңдар! Осында болғандар бұл сөздерді мұнда болмағандарға жеткізсін. Өйткені бұл сөз жеткен кейбір адам оны тікелей естіген кейбір адамнан да жақсырақ ұғып, жадында сақтауы мүмкін”, – деді.

Содан кейін екі рет: “Біліп қойыңдар! Мен жеткіздім бе?” – деді».

1711
Бұхари, № 1711 · Сахих: 4411Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ حَلَقَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ وَأُنَاسٌ مِنْ أَصْحَابِهِ وَقَصَّرَ بَعْضُهُمْ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Қоштасу қажылығында шашын тақырлап алдырды. Оның кейбір сахабалары да шаштарын тақырлап алдырды, ал кейбіреулері қысқартты», – деп хабар берген.

بَابُ غَزْوَةِ تَبُوكَ وَهِيَ غَزْوَةُ الْعُسْرَةِ

45-бапТәбук жорығы туралы. Бұл – ауыршылық жорығы

1712
Бұхари, № 1712 · Сахих: 4415Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَرْسَلَنِي أَصْحَابِي إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَسْأَلُهُ الْحُمْلَانَ لَهُمْ، إِذْ هُمْ مَعَهُ فِي جَيْشِ الْعُسْرَةِ، وَهِيَ غَزْوَةُ تَبُوكَ، فَقُلْتُ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّ أَصْحَابِي أَرْسَلُونِي إِلَيْكَ لِتَحْمِلَهُمْ». فَقَالَ: «وَاللَّهِ، لَا أَحْمِلُكُمْ عَلَى شَيْءٍ». وَوَافَقْتُهُ وَهُوَ غَضْبَانُ وَلَا أَشْعُرُ.

وَرَجَعْتُ حَزِينًا مِنْ مَنْعِ النَّبِيِّ ﷺ، وَمِنْ مَخَافَةِ أَنْ يَكُونَ النَّبِيُّ ﷺ وَجَدَ فِي نَفْسِهِ عَلَيَّ، فَرَجَعْتُ إِلَى أَصْحَابِي فَأَخْبَرْتُهُمُ الَّذِي قَالَ النَّبِيُّ ﷺ.

فَلَمْ أَلْبَثْ إِلَّا سُوَيْعَةً، إِذْ سَمِعْتُ بِلَالًا يُنَادِي: «أَيْ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ»، فَأَجَبْتُهُ، فَقَالَ: «أَجِبْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَدْعُوكَ». فَلَمَّا أَتَيْتُهُ قَالَ: «خُذْ هَذَيْنِ الْقَرِينَيْنِ، وَهَذَيْنِ الْقَرِينَيْنِ» – لِسِتَّةِ أَبْعِرَةٍ اِبْتَاعَهُنَّ حِينَئِذٍ مِنْ سَعْدٍ – «فَانْطَلِقْ بِهِنَّ إِلَى أَصْحَابِكَ، فَقُلْ: إِنَّ اللَّهَ» – أَوْ قَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ» – «يَحْمِلُكُمْ عَلَى هَؤُلَاءِ، فَارْكَبُوهُنَّ».

فَانْطَلَقْتُ إِلَيْهِمْ بِهِنَّ، فَقُلْتُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ يَحْمِلُكُمْ عَلَى هَؤُلَاءِ، وَلَكِنِّي، وَاللَّهِ، لَا أَدَعُكُمْ حَتَّى يَنْطَلِقَ مَعِي بَعْضُكُمْ إِلَى مَنْ سَمِعَ مَقَالَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَا تَظُنُّوا أَنِّي حَدَّثْتُكُمْ شَيْئًا لَمْ يَقُلْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». فَقَالُوا لِي: «وَاللَّهِ، إِنَّكَ عِنْدَنَا لَمُصَدَّقٌ، وَلَنَفْعَلَنَّ مَا أَحْبَبْتَ».

فَانْطَلَقَ أَبُو مُوسَى بِنَفَرٍ مِنْهُمْ، حَتَّى أَتَوُا الَّذِينَ سَمِعُوا قَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَنْعَهُ إِيَّاهُمْ، ثُمَّ إِعْطَاءَهُمْ بَعْدُ، فَحَدَّثُوهُمْ بِمِثْلِ مَا حَدَّثَهُمْ بِهِ أَبُو مُوسَى.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Серіктерім мені өздеріне мініс сұрау үшін Алла Елшісіне (с.а.с.) жіберді. Олар онымен бірге ауыршылық әскерінің құрамында еді. Бұл Тәбук жорығы болатын. Мен: “Уа, Алланың пайғамбары! Серіктерім мені сізден өздеріне мініс сұрауға жіберді”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Аллаға ант етемін, сендерге ешқандай мініс бермеймін”, – деді.

Мен оның ашулы кезіне тап болған екенмін, бірақ мұны білмеппін. Пайғамбардың (с.а.с.) бізге көлік бермегеніне мұңайып, маған ренжіп қалған шығар деп қауіптеніп қайттым. Серіктеріме барып, Пайғамбардың (с.а.с.) айтқанын жеткіздім.

Көп уақыт өтпей-ақ Біләлдің: “Уа, Абдулла ибн Қайс!” – деп шақырғанын естідім. Шақырғанына жауап бердім. Ол: “Алла Елшісіне (с.а.с.) бар, ол сені шақырып жатыр”, – деді. Мен барғанымда, ол (с.а.с.): “Мына жұпты және мына жұпты ал”, – деді. Бұлар сол кезде Сағдтан сатып алған алты түйе еді. Содан кейін: “Оларды серіктеріңе апар да: ‘Алла – немесе Алла Елшісі (с.а.с.) – сендерді осы түйелерге мінгізді. Ендеше, мініңдер’, – деп айт”, – деді.

Мен түйелерді серіктеріме алып барып: “Пайғамбар (с.а.с.) сендерді осы түйелерге мінгізеді. Бірақ Аллаға ант етемін, араларыңнан бірнешеуің менімен бірге Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқан сөзін естіген адамдарға бармайынша, сендерді қоя бермеймін. Мен сендерге Алла Елшісі (с.а.с.) айтпаған бір сөзді жеткізді деп ойлап қалмаңдар”, – дедім. Олар: “Аллаға ант етеміз, біз сенің сөзіңе сенеміз. Дегенмен қалағаныңды орындаймыз”, – деді.

Содан кейін мен олардың бірнешеуімен бірге Алла Елшісінің (с.а.с.) әуелі бізге көлік беруден бас тартқанын, кейін көлік бергенін естіген адамдарға бардым. Олар да менің айтқанымды дәлме-дәл растады», – деп жеткізді.

1713
Бұхари, № 1713 · Сахих: 4416

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ إِلَى تَبُوكَ، وَاسْتَخْلَفَ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «أَتُخَلِّفُنِي فِي الصِّبْيَانِ وَالنِّسَاءِ؟» قَالَ: «أَلَا تَرْضَى أَنْ تَكُونَ مِنِّي بِمَنْزِلَةِ هَارُونَ مِنْ مُوسَى، إِلَّا أَنَّهُ لَيْسَ نَبِيٌّ بَعْدِي».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Тәбукке аттанып, Әлиді (р.а.) өз орнына қалдырды. Сонда Әли: “Мені балалар мен әйелдердің арасында қалдырып барасыз ба?” – деді. Ол (с.а.с.): “Һарунның Мұса жанындағы мәртебесі қандай болса, сенің де менің жанымдағы мәртебең сондай болғанына разы емессің бе? Алайда менен кейін пайғамбар болмайды”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ حَدِيثِ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَوْلُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَعَلَى الثَّلَاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا﴾ [التَّوْبَةِ: 118]

46-бапКәғб ибн Мәлік (р.а.) туралы хадис және Алла Тағаланың «Һәм артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етті» деген сөзі туралы («Тәубе», 118-аят)

1714
Бұхари, № 1714 · Сахих: 4418

عَنِ ابْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ أَبِيهِ قَالَ: لَمْ أَتَخَلَّفْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةٍ غَزَاهَا إِلَّا فِي غَزْوَةِ تَبُوكَ، غَيْرَ أَنِّي كُنْتُ تَخَلَّفْتُ فِي غَزْوَةِ بَدْرٍ، وَلَمْ يُعَاتِبْ أَحَدًا تَخَلَّفَ عَنْهَا، إِنَّمَا خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُرِيدُ عِيرَ قُرَيْشٍ، حَتَّى جَمَعَ اللَّهُ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ عَدُوِّهِمْ عَلَى غَيْرِ مِيعَادٍ، وَلَقَدْ شَهِدْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَيْلَةَ الْعَقَبَةِ، حِينَ تَوَاثَقْنَا عَلَى الْإِسْلَامِ، وَمَا أُحِبُّ أَنَّ لِي بِهَا مَشْهَدَ بَدْرٍ، وَإِنْ كَانَتْ بَدْرٌ أَذْكَرَ فِي النَّاسِ مِنْهَا.

كَانَ مِنْ خَبَرِي أَنِّي لَمْ أَكُنْ قَطُّ أَقْوَى وَلَا أَيْسَرَ حِينَ تَخَلَّفْتُ عَنْهُ فِي تِلْكَ الْغَزْوَةِ، وَاللَّهِ، مَا اِجْتَمَعَتْ عِنْدِي قَبْلَهُ رَاحِلَتَانِ قَطُّ، حَتَّى جَمَعْتُهُمَا فِي تِلْكَ الْغَزْوَةِ.

وَلَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُرِيدُ غَزْوَةً إِلَّا وَرَّى بِغَيْرِهَا، حَتَّى كَانَتْ تِلْكَ الْغَزْوَةُ، غَزَاهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي حَرٍّ شَدِيدٍ، وَاسْتَقْبَلَ سَفَرًا بَعِيدًا، وَمَفَازًا وَعَدُوًّا كَثِيرًا، فَجَلَّى لِلْمُسْلِمِينَ أَمْرَهُمْ لِيَتَأَهَّبُوا أُهْبَةَ غَزْوِهِمْ، فَأَخْبَرَهُمْ بِوَجْهِهِ الَّذِي يُرِيدُ، وَالْمُسْلِمُونَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَثِيرٌ، وَلَا يَجْمَعُهُمْ كِتَابٌ حَافِظٌ. قَالَ كَعْبٌ: فَمَا رَجُلٌ يُرِيدُ أَنْ يَتَغَيَّبَ إِلَّا ظَنَّ أَنْ سَيَخْفَى لَهُ، مَا لَمْ يَنْزِلْ فِيهِ وَحْيُ اللَّهِ.

وَغَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تِلْكَ الْغَزْوَةَ حِينَ طَابَتِ الثِّمَارُ وَالظِّلَالُ، وَتَجَهَّزَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَالْمُسْلِمُونَ مَعَهُ، فَطَفِقْتُ أَغْدُو لِكَيْ أَتَجَهَّزَ مَعَهُمْ، فَأَرْجِعُ وَلَمْ أَقْضِ شَيْئًا، فَأَقُولُ فِي نَفْسِي: «أَنَا قَادِرٌ عَلَيْهِ». فَلَمْ يَزَلْ يَتَمَادَى بِي حَتَّى اِشْتَدَّ بِالنَّاسِ الْجِدُّ، فَأَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَالْمُسْلِمُونَ مَعَهُ، وَلَمْ أَقْضِ مِنْ جَهَازِي شَيْئًا، فَقُلْتُ: «أَتَجَهَّزُ بَعْدَهُ بِيَوْمٍ أَوْ يَوْمَيْنِ، ثُمَّ أَلْحَقُهُمْ».

فَغَدَوْتُ بَعْدَ أَنْ فَصَلُوا لِأَتَجَهَّزَ، فَرَجَعْتُ وَلَمْ أَقْضِ شَيْئًا، ثُمَّ غَدَوْتُ، ثُمَّ رَجَعْتُ وَلَمْ أَقْضِ شَيْئًا، فَلَمْ يَزَلْ بِي حَتَّى أَسْرَعُوا وَتَفَارَطَ الْغَزْوُ، وَهَمَمْتُ أَنْ أَرْتَحِلَ فَأُدْرِكَهُمْ، وَلَيْتَنِي فَعَلْتُ، فَلَمْ يُقَدَّرْ لِي ذَلِكَ، فَكُنْتُ إِذَا خَرَجْتُ فِي النَّاسِ بَعْدَ خُرُوجِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَطُفْتُ فِيهِمْ، أَحْزَنَنِي أَنِّي لَا أَرَى إِلَّا رَجُلًا مَغْمُوصًا عَلَيْهِ النِّفَاقُ، أَوْ رَجُلًا مِمَّنْ عَذَرَ اللَّهُ مِنَ الضُّعَفَاءِ.

وَلَمْ يَذْكُرْنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى بَلَغَ تَبُوكَ، فَقَالَ وَهُوَ جَالِسٌ فِي الْقَوْمِ بِتَبُوكَ: «مَا فَعَلَ كَعْبٌ؟» فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ بَنِي سَلِمَةَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَبَسَهُ بُرْدَاهُ، وَنَظَرُهُ فِي عِطْفِهِ». فَقَالَ مُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ: «بِئْسَ مَا قُلْتَ! وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا عَلِمْنَا عَلَيْهِ إِلَّا خَيْرًا». فَسَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ.

قَالَ كَعْبُ بْنُ مَالِكٍ: فَلَمَّا بَلَغَنِي أَنَّهُ تَوَجَّهَ قَافِلًا حَضَرَنِي هَمِّي، وَطَفِقْتُ أَتَذَكَّرُ الْكَذِبَ، وَأَقُولُ: «بِمَاذَا أَخْرُجُ مِنْ سَخَطِهِ غَدًا؟» وَاسْتَعَنْتُ عَلَى ذَلِكَ بِكُلِّ ذِي رَأْيٍ مِنْ أَهْلِي، فَلَمَّا قِيلَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَظَلَّ قَادِمًا»، زَاحَ عَنِّي الْبَاطِلُ، وَعَرَفْتُ أَنِّي لَنْ أَخْرُجَ مِنْهُ أَبَدًا بِشَيْءٍ فِيهِ كَذِبٌ، فَأَجْمَعْتُ صِدْقَهُ.

وَأَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَادِمًا، وَكَانَ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ بَدَأَ بِالْمَسْجِدِ، فَيَرْكَعُ فِيهِ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ جَلَسَ لِلنَّاسِ، فَلَمَّا فَعَلَ ذَلِكَ جَاءَهُ الْمُخَلَّفُونَ، فَطَفِقُوا يَعْتَذِرُونَ إِلَيْهِ وَيَحْلِفُونَ لَهُ، وَكَانُوا بِضْعَةً وَثَمَانِينَ رَجُلًا، فَقَبِلَ مِنْهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَانِيَتَهُمْ، وَبَايَعَهُمْ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمْ، وَوَكَلَ سَرَائِرَهُمْ إِلَى اللَّهِ.

فَجِئْتُهُ، فَلَمَّا سَلَّمْتُ عَلَيْهِ تَبَسَّمَ تَبَسُّمَ الْمُغْضَبِ، ثُمَّ قَالَ: «تَعَالَ». فَجِئْتُ أَمْشِي حَتَّى جَلَسْتُ بَيْنَ يَدَيْهِ، فَقَالَ لِي: «مَا خَلَّفَكَ؟ أَلَمْ تَكُنْ قَدِ اِبْتَعْتَ ظَهْرَكَ؟» فَقُلْتُ: «بَلَى، إِنِّي، وَاللَّهِ، لَوْ جَلَسْتُ عِنْدَ غَيْرِكَ مِنْ أَهْلِ الدُّنْيَا، لَرَأَيْتُ أَنْ سَأَخْرُجُ مِنْ سَخَطِهِ بِعُذْرٍ، وَلَقَدْ أُعْطِيتُ جَدَلًا، وَلَكِنِّي، وَاللَّهِ، لَقَدْ عَلِمْتُ لَئِنْ حَدَّثْتُكَ الْيَوْمَ حَدِيثَ كَذِبٍ تَرْضَى بِهِ عَنِّي، لَيُوشِكَنَّ اللَّهُ أَنْ يُسْخِطَكَ عَلَيَّ، وَلَئِنْ حَدَّثْتُكَ حَدِيثَ صِدْقٍ، تَجِدُ عَلَيَّ فِيهِ، إِنِّي لَأَرْجُو فِيهِ عَفْوَ اللَّهِ، لَا، وَاللَّهِ، مَا كَانَ لِي مِنْ عُذْرٍ، وَاللَّهِ، مَا كُنْتُ قَطُّ أَقْوَى وَلَا أَيْسَرَ مِنِّي حِينَ تَخَلَّفْتُ عَنْكَ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَّا هَذَا فَقَدْ صَدَقَ، فَقُمْ حَتَّى يَقْضِيَ اللَّهُ فِيكَ».

فَقُمْتُ، وَثَارَ رِجَالٌ مِنْ بَنِي سَلِمَةَ فَاتَّبَعُونِي، فَقَالُوا لِي: «وَاللَّهِ، مَا عَلِمْنَاكَ كُنْتَ أَذْنَبْتَ ذَنْبًا قَبْلَ هَذَا، وَلَقَدْ عَجَزْتَ أَنْ لَا تَكُونَ اِعْتَذَرْتَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِمَا اِعْتَذَرَ إِلَيْهِ الْمُتَخَلِّفُونَ، قَدْ كَانَ كَافِيَكَ ذَنْبَكَ اِسْتِغْفَارُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَكَ». فَوَاللَّهِ، مَا زَالُوا يُؤَنِّبُونِي حَتَّى أَرَدْتُ أَنْ أَرْجِعَ فَأُكَذِّبَ نَفْسِي، ثُمَّ قُلْتُ لَهُمْ: «هَلْ لَقِيَ هَذَا مَعِي أَحَدٌ؟» قَالُوا: «نَعَمْ، رَجُلَانِ، قَالَا مِثْلَ مَا قُلْتَ، فَقِيلَ لَهُمَا مِثْلُ مَا قِيلَ لَكَ». فَقُلْتُ: «مَنْ هُمَا؟» قَالُوا: «مُرَارَةُ بْنُ الرَّبِيعِ الْعَمْرِيُّ، وَهِلَالُ بْنُ أُمَيَّةَ الْوَاقِفِيُّ». فَذَكَرُوا لِي رَجُلَيْنِ صَالِحَيْنِ، قَدْ شَهِدَا بَدْرًا، فِيهِمَا أُسْوَةٌ، فَمَضَيْتُ حِينَ ذَكَرُوهُمَا لِي.

وَنَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمُسْلِمِينَ عَنْ كَلَامِنَا أَيُّهَا الثَّلَاثَةُ مِنْ بَيْنِ مَنْ تَخَلَّفَ عَنْهُ، فَاجْتَنَبَنَا النَّاسُ، وَتَغَيَّرُوا لَنَا حَتَّى تَنَكَّرَتْ فِي نَفْسِي الْأَرْضُ فَمَا هِيَ الَّتِي أَعْرِفُ. فَلَبِثْنَا عَلَى ذَلِكَ خَمْسِينَ لَيْلَةً، فَأَمَّا صَاحِبَايَ فَاسْتَكَانَا وَقَعَدَا فِي بُيُوتِهِمَا يَبْكِيَانِ.

وَأَمَّا أَنَا، فَكُنْتُ أَشَبَّ الْقَوْمِ وَأَجْلَدَهُمْ فَكُنْتُ أَخْرُجُ فَأَشْهَدُ الصَّلَاةَ مَعَ الْمُسْلِمِينَ، وَأَطُوفُ فِي الْأَسْوَاقِ وَلَا يُكَلِّمُنِي أَحَدٌ، وَآتِي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأُسَلِّمُ عَلَيْهِ وَهُوَ فِي مَجْلِسِهِ بَعْدَ الصَّلَاةِ، فَأَقُولُ فِي نَفْسِي: «هَلْ حَرَّكَ شَفَتَيْهِ بِرَدِّ السَّلَامِ عَلَيَّ أَمْ لَا؟» ثُمَّ أُصَلِّي قَرِيبًا مِنْهُ، فَأُسَارِقُهُ النَّظَرَ، فَإِذَا أَقْبَلْتُ عَلَى صَلَاتِي أَقْبَلَ إِلَيَّ، وَإِذَا اِلْتَفَتُّ نَحْوَهُ أَعْرَضَ عَنِّي.

حَتَّى إِذَا طَالَ عَلَيَّ ذَلِكَ مِنْ جَفْوَةِ النَّاسِ، مَشَيْتُ حَتَّى تَسَوَّرْتُ جِدَارَ حَائِطِ أَبِي قَتَادَةَ وَهُوَ ابْنُ عَمِّي وَأَحَبُّ النَّاسِ إِلَيَّ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ، فَوَاللَّهِ، مَا رَدَّ عَلَيَّ السَّلَامَ، فَقُلْتُ: «يَا أَبَا قَتَادَةَ، أَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، هَلْ تَعْلَمُنِي أُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ؟» فَسَكَتَ، فَعُدْتُ لَهُ فَنَشَدْتُهُ فَسَكَتَ، فَعُدْتُ لَهُ فَنَشَدْتُهُ، فَقَالَ: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». فَفَاضَتْ عَيْنَايَ، وَتَوَلَّيْتُ حَتَّى تَسَوَّرْتُ الْجِدَارَ.

قَالَ: فَبَيْنَا أَنَا أَمْشِي بِسُوقِ الْمَدِينَةِ، إِذَا نَبَطِيٌّ مِنْ أَنْبَاطِ أَهْلِ الشَّأْمِ، مِمَّنْ قَدِمَ بِالطَّعَامِ يَبِيعُهُ بِالْمَدِينَةِ، يَقُولُ: «مَنْ يَدُلُّ عَلَى كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ؟» فَطَفِقَ النَّاسُ يُشِيرُونَ لَهُ، حَتَّى إِذَا جَاءَنِي دَفَعَ إِلَيَّ كِتَابًا مِنْ مَلِكِ غَسَّانَ، فَإِذَا فِيهِ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّهُ قَدْ بَلَغَنِي أَنَّ صَاحِبَكَ قَدْ جَفَاكَ، وَلَمْ يَجْعَلْكَ اللَّهُ بِدَارِ هَوَانٍ، وَلَا مَضْيَعَةٍ، فَالْحَقْ بِنَا نُوَاسِكَ». فَقُلْتُ لَمَّا قَرَأْتُهَا: «وَهَذَا أَيْضًا مِنَ الْبَلَاءِ». فَتَيَمَّمْتُ بِهَا التَّنُّورَ فَسَجَرْتُهُ بِهَا.

حَتَّى إِذَا مَضَتْ أَرْبَعُونَ لَيْلَةً مِنَ الْخَمْسِينَ، إِذَا رَسُولُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَأْتِينِي، فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأْمُرُكَ أَنْ تَعْتَزِلَ امْرَأَتَكَ». فَقُلْتُ: «أُطَلِّقُهَا؟ أَمْ مَاذَا أَفْعَلُ؟» قَالَ: «لَا، بَلِ اِعْتَزِلْهَا وَلَا تَقْرَبْهَا». وَأَرْسَلَ إِلَى صَاحِبَيَّ مِثْلَ ذَلِكَ، فَقُلْتُ لِامْرَأَتِي: «اِلْحَقِي بِأَهْلِكِ، فَتَكُونِي عِنْدَهُمْ، حَتَّى يَقْضِيَ اللَّهُ فِي هَذَا الْأَمْرِ».

قَالَ كَعْبٌ: فَجَاءَتِ امْرَأَةُ هِلَالِ بْنِ أُمَيَّةَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ هِلَالَ بْنَ أُمَيَّةَ شَيْخٌ ضَائِعٌ، لَيْسَ لَهُ خَادِمٌ، فَهَلْ تَكْرَهُ أَنْ أَخْدُمَهُ؟» قَالَ: «لَا، وَلَكِنْ لَا يَقْرَبْكِ». قَالَتْ: «إِنَّهُ، وَاللَّهِ، مَا بِهِ حَرَكَةٌ إِلَى شَيْءٍ، وَاللَّهِ، مَا زَالَ يَبْكِي مُنْذُ كَانَ مِنْ أَمْرِهِ مَا كَانَ إِلَى يَوْمِهِ هَذَا».

فَقَالَ لِي بَعْضُ أَهْلِي: «لَوِ اِسْتَأْذَنْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي امْرَأَتِكَ كَمَا أَذِنَ لِامْرَأَةِ هِلَالِ بْنِ أُمَيَّةَ أَنْ تَخْدُمَهُ؟» فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ، لَا أَسْتَأْذِنُ فِيهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَمَا يُدْرِينِي مَا يَقُولُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا اِسْتَأْذَنْتُهُ فِيهَا، وَأَنَا رَجُلٌ شَابٌّ؟» فَلَبِثْتُ بَعْدَ ذَلِكَ عَشْرَ لَيَالٍ، حَتَّى كَمَلَتْ لَنَا خَمْسُونَ لَيْلَةً مِنْ حِينَ نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ كَلَامِنَا.

فَلَمَّا صَلَّيْتُ صَلَاةَ الْفَجْرِ صُبْحَ خَمْسِينَ لَيْلَةً، وَأَنَا عَلَى ظَهْرِ بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِنَا، فَبَيْنَا أَنَا جَالِسٌ عَلَى الْحَالِ الَّتِي ذَكَرَ اللَّهُ تَعَالَى، قَدْ ضَاقَتْ عَلَيَّ نَفْسِي، وَضَاقَتْ عَلَيَّ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ، سَمِعْتُ صَوْتَ صَارِخٍ، أَوْفَى عَلَى جَبَلِ سَلْعٍ بِأَعْلَى صَوْتِهِ: «يَا كَعْبُ بْنَ مَالِكٍ، أَبْشِرْ!» قَالَ: فَخَرَرْتُ سَاجِدًا، وَعَرَفْتُ أَنْ قَدْ جَاءَ فَرَجٌ.

وَآذَنَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِتَوْبَةِ اللَّهِ عَلَيْنَا حِينَ صَلَّى صَلَاةَ الْفَجْرِ، فَذَهَبَ النَّاسُ يُبَشِّرُونَنَا، وَذَهَبَ قِبَلَ صَاحِبَيَّ مُبَشِّرُونَ، وَرَكَضَ إِلَيَّ رَجُلٌ فَرَسًا، وَسَعَى سَاعٍ مِنْ أَسْلَمَ، فَأَوْفَى عَلَى الْجَبَلِ، وَكَانَ الصَّوْتُ أَسْرَعَ مِنَ الْفَرَسِ.

فَلَمَّا جَاءَنِي الَّذِي سَمِعْتُ صَوْتَهُ يُبَشِّرُنِي، نَزَعْتُ لَهُ ثَوْبَيَّ، فَكَسَوْتُهُ إِيَّاهُمَا بِبُشْرَاهُ، وَاللَّهِ مَا أَمْلِكُ غَيْرَهُمَا يَوْمَئِذٍ، وَاسْتَعَرْتُ ثَوْبَيْنِ فَلَبِسْتُهُمَا، وَانْطَلَقْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَيَتَلَقَّانِي النَّاسُ فَوْجًا فَوْجًا، يُهَنُّونِي بِالتَّوْبَةِ، يَقُولُونَ: «لِتَهْنِكَ تَوْبَةُ اللَّهِ عَلَيْكَ».

قَالَ كَعْبٌ: حَتَّى دَخَلْتُ الْمَسْجِدَ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ جَالِسٌ حَوْلَهُ النَّاسُ، فَقَامَ إِلَيَّ طَلْحَةُ بْنُ عُبَيْدِ اللَّهِ يُهَرْوِلُ حَتَّى صَافَحَنِي وَهَنَّانِي، وَاللَّهِ، مَا قَامَ إِلَيَّ رَجُلٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ غَيْرَهُ، وَلَا أَنْسَاهَا لِطَلْحَةَ.

قَالَ كَعْبٌ: فَلَمَّا سَلَّمْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَبْرُقُ وَجْهُهُ مِنَ السُّرُورِ: «أَبْشِرْ بِخَيْرِ يَوْمٍ مَرَّ عَلَيْكَ مُنْذُ وَلَدَتْكَ أُمُّكَ». قَالَ: قُلْتُ: «أَمِنْ عِنْدِكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَمْ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، بَلْ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ». وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا سُرَّ اِسْتَنَارَ وَجْهُهُ، حَتَّى كَأَنَّهُ قِطْعَةُ قَمَرٍ، وَكُنَّا نَعْرِفُ ذَلِكَ مِنْهُ.

فَلَمَّا جَلَسْتُ بَيْنَ يَدَيْهِ قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ مِنْ تَوْبَتِي أَنْ أَنْخَلِعَ مِنْ مَالِي صَدَقَةً إِلَى اللَّهِ وَإِلَى رَسُولِ اللَّهِ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمْسِكْ عَلَيْكَ بَعْضَ مَالِكَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ». قُلْتُ: «فَإِنِّي أُمْسِكُ سَهْمِي الَّذِي بِخَيْبَرَ».

فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ إِنَّمَا نَجَّانِي بِالصِّدْقِ، وَإِنَّ مِنْ تَوْبَتِي أَنْ لَا أُحَدِّثَ إِلَّا صِدْقًا مَا بَقِيتُ». فَوَاللَّهِ، مَا أَعْلَمُ أَحَدًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ أَبْلَاهُ اللَّهُ فِي صِدْقِ الْحَدِيثِ مُنْذُ ذَكَرْتُ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَحْسَنَ مِمَّا أَبْلَانِي، وَمَا تَعَمَّدْتُ مُنْذُ ذَكَرْتُ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَى يَوْمِي هَذَا كَذِبًا، وَإِنِّي لَأَرْجُو أَنْ يَحْفَظَنِي اللَّهُ فِيمَا بَقِيتُ.

وَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى رَسُولِهِ ﷺ: ﴿لَقَدْ تَابَ اللَّهُ عَلَى النَّبِيِّ وَالْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ﴾ [التَّوْبَةِ: 117] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ﴾ [التَّوْبَةِ: 119].

فَوَاللَّهِ، مَا أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيَّ مِنْ نِعْمَةٍ قَطُّ بَعْدَ أَنْ هَدَانِي لِلْإِسْلَامِ أَعْظَمَ فِي نَفْسِي مِنْ صِدْقِي لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنْ لَا أَكُونَ كَذَبْتُهُ، فَأَهْلِكَ كَمَا هَلَكَ الَّذِينَ كَذَبُوا، فَإِنَّ اللَّهَ قَالَ لِلَّذِينَ كَذَبُوا – حِينَ أَنْزَلَ الْوَحْيَ – شَرَّ مَا قَالَ لِأَحَدٍ، فَقَالَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: ﴿سَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ إِذَا اِنْقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُوا عَنْهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: 95] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَرْضَى عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ﴾ [التَّوْبَةِ: 96].

قَالَ كَعْبٌ: وَكُنَّا تَخَلَّفْنَا أَيُّهَا الثَّلَاثَةُ عَنْ أَمْرِ أُولَئِكَ الَّذِينَ قَبِلَ مِنْهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ حَلَفُوا لَهُ، فَبَايَعَهُمْ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمْ، وَأَرْجَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَمْرَنَا حَتَّى قَضَى اللَّهُ فِيهِ، فَبِذَلِكَ قَالَ اللَّهُ: ﴿وَعَلَى الثَّلَاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا﴾ [التَّوْبَةِ: 118]. وَلَيْسَ الَّذِي ذَكَرَ اللَّهُ مِمَّا خُلِّفْنَا عَنِ الْغَزْوِ، إِنَّمَا هُوَ تَخْلِيفُهُ إِيَّانَا، وَإِرْجَاؤُهُ أَمْرَنَا عَمَّنْ حَلَفَ لَهُ وَاعْتَذَرَ إِلَيْهِ فَقَبِلَ مِنْهُ.

Қазақша аудармасы

Кәғбтың ұлынан (р.а.) жеткен хабарда әкесі былай деген: «Мен Алла Елшісі (с.а.с.) аттанған жорықтардың ішінде Тәбук жорығынан ғана қалып қойдым. Рас, Бәдір жорығына да қатыспай қалған едім. Бірақ ол оған қатыспай қалған ешкімді жазғырған жоқ. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.) бастапқыда Құрайыштың керуенін көздеп шыққан еді. Сөйтіп, Алла оларды дұшпандарымен алдын ала уағдаласпастан кездестірді.

Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Ақаба түнінде де болдым. Сол түні біз Исламды берік ұстануға серт бердік. Адамдар арасында Бәдір оқиғасы көбірек аталса да, Ақабаға қатысқанымның орнына Бәдірге қатысқан болуды қаламас едім.

Менің жағдайым мынадай болды: сол жорықтан қалып қойған кезімдегідей бұрын-соңды мұншалық күшті де, дәулетті де болған емеспін. Аллаға ант етемін, бұған дейін менің қолымда бір мезгілде екі мініс көлігі болған емес. Ал дәл сол жорық кезінде екі көлігім де болды.

Алла Елшісі (с.а.с.) бір жорыққа аттанбақ болғанда, әдетте басқа бағытқа бара жатқандай етіп тұспалдап айтатын. Бірақ бұл жорық басқаша болды. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл жорыққа аптап ыстықта аттанды. Алда ұзақ сапар, шөлді дала және саны көп жау тұрды. Сондықтан мұсылмандар жорыққа тиісті түрде әзірленуі үшін оларға жағдайды ашық айтып, қай бағытқа баратынын хабарлады. Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге аттанатын мұсылмандардың саны өте көп еді. Олардың бәрін түгел қамтитын жазбаша тізім болған жоқ.

Сондықтан жорықтан жасырын қалып қойғысы келген әрбір адам, өзі жайында Алладан уахи түспесе, жоқтығы байқалмай қалады деп ойлайтын. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл жорыққа жемістер пісіп, көлеңкелер сая болған мезгілде аттанды.

Алла Елшісі (с.а.с.) мен мұсылмандар жорыққа әзірлене бастады. Мен де олармен бірге әзірлену үшін күн сайын таңертең шығып жүрдім, бірақ ештеңе тындырмастан қайтып келетінмін. Ішімнен: “Менің бұған шамам жетеді”, – дейтінмін. Осылайша уақытты соза бердім. Ақырында адамдардың әзірлігі қызу жүріп, Алла Елшісі (с.а.с.) мен мұсылмандар жолға шығатын таң да атты. Ал мен әлі ешқандай дайындық жасамаған едім. Сонда: “Олар кеткеннен кейін бір-екі күнде әзірленіп алып, соңдарынан қуып жетемін”, – дедім.

Олар жолға шығып кеткеннен кейін таңертең әзірленуге кірістім, бірақ тағы да ештеңе тындырмастан қайттым. Келесі күні де шығып, тағы ештеңе тындырмастан қайттым. Осылайша уақыт өте берді. Ақырында олар ұзап, жасақ әлдеқайда алға кетті. Бір кезде жолға шығып, оларды қуып жетуге бекінген де едім. Әттең, солай істегенімде ғой! Бірақ маған ол нәсіп болмады.

Алла Елшісі (с.а.с.) кеткеннен кейін жұрт арасына шығып, айналама қараған сайын, көзіме не екіжүзді деп айыпталған адам, не Алла әлсіздігі себепті үзірін қабыл еткен кісі ғана көрінетіні мені қатты мұңайтатын.

Алла Елшісі (с.а.с.) Тәбукке жеткенге дейін мені еске алмаған екен. Тәбукта адамдардың арасында отырған кезінде: “Кәғб не істеді?” – деп сұрапты. Сонда Бәну Сәлимә тайпасынан бір адам: “Уа, Расулалла! Оны екі шапаны мен өзіне-өзі сүйсіне қарауы ұстап қалды”, – деді. Муғаз ибн Жәбәл оған: “Не деген жаман сөз айттың! Аллаға ант етемін, уа, Расулалла! Біз ол туралы тек жақсылық қана білеміз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) үндемеді.

Алла Елшісінің (с.а.с.) кері қайтуға бет алғаны туралы хабар маған жеткенде, уайымым күшейді. Жалған сылтау ойластыра бастап: “Ертең оның ашуынан қалай құтылар екенмін?” – деп толғандым. Бұл үшін отбасымдағы ақыл-парасаты бар адамдардың бәрімен кеңестім. Бірақ Алла Елшісінің (с.а.с.) жақындап қалғаны айтылған кезде, ойымдағы барлық жалған сылтау сейілді. Өтірік айтып, бұл жағдайдан ешқашан құтыла алмайтынымды түсіндім де, оған тек шындықты айтуға бел будым.

Таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келді. Ол сапардан қайтқанда әуелі мешітке кіріп, екі рәкәғат намаз оқитын, содан кейін жұртпен жүздесу үшін отыратын. Ол осыны істеген соң, жорықтан қалып қойғандар келе бастады. Олар оған түрлі сылтау айтып, ант етті. Олардың саны сексеннен астам еді.

Алла Елшісі (с.а.с.) олардың сырттай айтқан сөздерін қабылдап, олардан серт алды, олар үшін кешірім тіледі де, ішкі сырларын Аллаға тапсырды.

Мен де оның алдына келдім. Сәлем бергенімде, ол ашулы адамша жымиды да: “Кел”, – деді. Мен жүріп барып, алдына отырдым. Ол менен: “Сені не ұстап қалды? Өзіңе мініс сатып алмаған ба едің?” – деп сұрады. Мен: “Иә, алған едім. Аллаға ант етемін, егер сізден өзге осы дүниедегі бір адамның алдында отырған болсам, әлдебір сылтау айтып, оның ашуынан құтыла алатыныма сенер едім. Өйткені маған сөзге жүйріктік берілген. Бірақ Аллаға ант етемін, егер бүгін сізге өтірік айтып, сол арқылы сізді разы етсем, көп ұзамай Алланың сізді маған ашуландыратынын анық білемін. Ал егер сізге шындықты айтсам, сол үшін маған ренжісеңіз де, осы ісім үшін Алланың кешірімінен үміт етемін. Жоқ, Аллаға ант етемін, менің ешқандай сылтауым болған жоқ. Аллаға ант етемін, сізден қалып қойған осы жолғыдай бұрын-соңды соншалықты күшті де, дәулетті де болған емеспін”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ал мына адам шындықты айтты. Ендеше, орныңнан тұр да, Алла сен туралы үкім шығарғанға дейін күте тұр”, – деді.

Мен орнымнан тұрдым. Сонда Бәну Сәлимә тайпасынан бірнеше адам да орындарынан тұрып, соңымнан ерді. Олар маған: “Аллаға ант етеміз, бұған дейін сенің қандай да бір күнә жасағаныңды білмейтін едік. Алла Елшісіне (с.а.с.) жорықтан қалып қойған өзгелер секілді бір сылтау айтуға да шамаң жетпеді ме? Алла Елшісінің (с.а.с.) сен үшін кешірім тілеуі күнәңнің кешірілуіне жеткілікті болар еді”, – деді. Аллаға ант етемін, олар мені кінәлай бергені сонша, ақырында кері қайтып, айтқан сөзімді өтірікке шығарғым келіп кетті. Содан кейін олардан: “Менімен бірге осындай жағдайға тап болған тағы біреу бар ма?” – деп сұрадым. Олар: “Иә, екі адам бар. Олар да сен айтқандай айтты, оларға да саған айтылған сөз айтылды”, – деді. Мен: “Олар кімдер?” – деп сұрадым. Олар: “Мурара ибн әр-Рабиғ әл-Амри мен Һиләл ибн Ұмәйя әл-Уақифи”, – деді. Олар маған Бәдірге қатысқан, үлгі алуға лайық екі ізгі адамның атын атады. Сол екеуінің атын естігеннен кейін алған бетіммен жүре бердім.

Алла Елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға жорықтан қалып қойғандардың арасынан үшеуімізбен сөйлесуге тыйым салды. Содан адамдар бізден теріс айналып, бізге деген қарым-қатынастары өзгеріп кетті. Тіпті жердің өзі маған бөтен болып, бұрын өзім білетін жер емес секілді көрінді. Осы күйде елу түн өткіздік. Екі серігім болса, жасып, үйлерінде отырып жылаумен болды.

Ал мен олардың ең жасы әрі ең қайраттысы едім. Сондықтан сыртқа шығып, мұсылмандармен бірге намазға қатысатынмын, базарларды аралайтынмын, бірақ менімен ешкім сөйлеспейтін. Намаздан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мәжілісінде отырғанда, оған келіп сәлем беретінмін де, ішімнен: “Сәлеміме жауап ретінде ернін қимылдатты ма, жоқ па?” – деп ойлайтынмын. Кейін оған жақын жерде намаз оқып, білдіртпей көз салатынмын. Мен намазыма берілген кезде ол маған қарайтын, ал мен оған қарай бұрылғанымда, менен жүзін теріс бұратын.

Адамдардың менен осылай сырт айналуы ұзаққа созылған соң, бір күні жүріп барып, әкемнің бауырының ұлы әрі мен ең жақсы көретін кісі Әбу Қатаданың бауының дуалынан асып түстім. Оған сәлем бердім. Аллаға ант етемін, ол сәлемімді қайтармады. Мен: “Уа, Әбу Қатада! Алланың атымен сенен сұраймын: менің Алла мен Оның Елшісін жақсы көретінімді білесің бе?” – дедім. Ол үндемеді. Мен тағы да Алланың атымен сұрадым, бірақ ол қайтадан үнсіз қалды. Үшінші рет Алланың атымен сұрағанымда, ол: “Алла мен Оның Елшісі жақсырақ біледі”, – деді. Сонда көзімнен жас парлап, кері бұрылдым да, дуалдан қайта асып шықтым.

Мәдина базарында кетіп бара жатқанымда, Мәдинаға азық-түлік әкеліп сататын Шамнан келген набатилердің бірі: “Маған Кәғб ибн Мәлікті кім көрсетеді?” – деп сұрап жүр екен. Адамдар оған мені нұсқай бастады. Ол жаныма келіп, Ғассан патшасының хатын ұсынды. Хатта: “Сонымен, серігіңнің сенен сырт айналғаны туралы маған хабар жетті. Алла сені қорлық көретін, елеусіз қалатын жерде қалдырған жоқ. Бізге кел, саған қолдау көрсетеміз”, – деп жазылыпты. Оны оқыған соң: “Бұл да бір сынақ екен”, – дедім де, хатты тандырға салып, онымен от жақтым.

Елу түннің қырық түні өткен кезде маған Алла Елшісінің (с.а.с.) жіберген адамы келіп: “Алла Елшісі (с.а.с.) саған әйеліңнен бөлек тұруды бұйырады”, – деді. Мен: “Онымен ажырасайын ба, әлде не істейін?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, одан бөлек тұр және оған жақындама”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) екі серігіме де дәл осындай хабар жіберіпті. Сонда әйеліме: “Төркініңе бар да, Алла бұл іс жөнінде үкім шығарғанға дейін солардың қасында бол”, – дедім.

Һиләл ибн Ұмәйяның әйелі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Һиләл ибн Ұмәйя – өзіне-өзі қарай алмайтын қарт кісі, қасында қызметшісі де жоқ. Оған қызмет етуіме қарсы емессіз бе?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, бірақ ол саған жақындамасын”, – деді. Әйелі: “Аллаға ант етемін, оның еш нәрсеге зауқы жоқ. Аллаға ант етемін, осы жағдай басына түскелі бүгінге дейін жылауын тоқтатқан емес”, – деді.

Сонда отбасымдағы кейбір адамдар маған: “Алла Елшісі (с.а.с.) Һиләл ибн Ұмәйяның әйеліне оған қызмет етуге рұқсат бергеніндей, сен де әйелің жөнінде рұқсат сұрасаң қайтеді?” – деді. Мен: “Аллаға ант етемін, әйелім жөнінде Алла Елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрамаймын. Өзім жас бола тұра, әйелім жайында рұқсат сұрасам, Алла Елшісінің (с.а.с.) маған не айтарын қайдан білейін?” – дедім. Осыдан кейін тағы он түнді осылай өткіздім.

Сөйтіп, Алла Елшісі (с.а.с.) адамдарға бізбен сөйлесуге тыйым салғаннан бері тура елу түн өтті. Елу түн өткеннен кейін таң намазын оқып болған соң, үйлеріміздің бірінің төбесінде отырған едім. Алла Тағала сипаттағандай, жаным қатты қысылып, кең-байтақ жердің өзі маған тарылған күйде отырдым. Сол кезде Салғ тауының басына шығып алып, бар даусымен: “Уа, Кәғб ибн Мәлік! Сүйінші!” – деп айқайлаған бір адамның дауысын естідім. Сонда бірден сәждеге жығылдым. Қиындықтан арылар сәттің келгенін түсіндім.

Алла Елшісі (с.а.с.) таң намазын оқығаннан кейін Алланың біздің тәубемізді қабыл еткенін адамдарға жариялаған екен. Содан жұрт бізге сүйінші жеткізуге асықты. Екі серігіме де сүйіншілеушілер кетті. Бір адам маған қарай атпен шапты. Ал Әсләм тайпасынан бір кісі жүгіріп барып, таудың басына шықты. Оның даусы атты адамнан бұрын жетті.

Маған даусы жеткен әлгі кісі кейін қасыма келіп, сүйінші хабарды жеткізгенде, сүйіншісі үшін үстімдегі екі киімімді де шешіп, оған кигіздім. Аллаға ант етемін, сол күні бұлардан басқа киімім жоқ еді. Сондықтан екі киімді уақытша алып, үстіме кидім де, Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай бет алдым. Жолда адамдар топ-тобымен алдымнан шығып, тәубемнің қабыл болуымен құттықтап: “Алланың тәубеңді қабыл етуі құтты болсын!” – деп жатты.

Ақыры мешітке кірдім. Қарасам, Алла Елшісі (с.а.с.) отыр екен, айналасында адамдар бар. Талха ибн Ұбәйдулла орнынан тұрып, маған қарай жүгіріп келді де, қолымды қысып, құттықтады. Аллаға ант етемін, мұһажирлердің арасынан одан басқа ешкім мен үшін орнынан тұрған жоқ. Талханың бұл жақсылығын ешқашан ұмытпаймын.

Алла Елшісіне (с.а.с.) сәлем бергенімде, оның жүзі қуаныштан жарқырап тұр екен. Ол маған: “Анаң сені дүниеге әкелген күннен бергі ең қайырлы күнің үшін қуан!” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Бұл сүйінші өзіңізден бе, әлде Алладан ба?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Жоқ, Алладан”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) қуанған кезде жүзі айдың бір бөлшегіндей нұрланып кететін. Біз оның қуанғанын жүзінен осылай танитынбыз.

Мен оның алдына отырып: “Уа, Расулалла! Тәубемнің бір белгісі ретінде бүкіл мал-мүлкімнен бас тартып, оны Алла мен Оның Елшісі (с.а.с.) жолында садақа еткім келеді”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мал-мүлкіңнің бір бөлігін өзіңе қалдыр. Сол сен үшін қайырлы”, – деді. Мен: “Ендеше, Хайбардағы үлесімді өзіме қалдырамын”, – дедім.

Содан кейін: “Уа, Расулалла! Расында, Алла мені шындық айтуымның арқасында құтқарды. Сондықтан тәубемнің бір белгісі – қалған өмірімде тек шындықты ғана айту”, – дедім. Аллаға ант етемін, осы сөзді Алла Елшісіне (с.а.с.) айтқан күннен бері мұсылмандардың арасынан шыншылдығы үшін Алланың маған жасағанынан артық жақсылық көрген ешкімді білмеймін. Алла Елшісіне (с.а.с.) осы сөзімді айтқан күннен бүгінге дейін әдейі өтірік айтқан емеспін. Қалған өмірімде де Алла мені өтіріктен сақтайды деп үміт етемін.

Содан кейін Алла Тағала Өз Елшісіне (с.а.с.) “Расында, Алла пайғамбарын шексіз мейіріміне бөледі. Әрі өте қиын шақта пайғамбардың соңынан ерген мұһажирлер мен ансарларға, әсіресе, араларындағы кей адамдарға жүректері тайқуға шақ қалғанда, рақымын төгіп, күш-жігер берді. Сөйтіп, олардың барлығын шексіз мейіріміне бөледі. Шүбәсіз, Алла пайғамбарына һәм мұһажирлер мен ансарларға сондай жанашыр, ерекше мейірімді” (“Тәубе”, 117-аят) деген аяттан бастап, “әрі шыншыл жандармен бірге болыңдар!” (“Тәубе”, 119-аят) деген сөзіне дейін түсірді.

Аллаға ант етемін, мені Исламға бастағаннан кейін Алланың маған берген нығметтерінің ішіндегі ең ұлысы – Алла Елшісіне (с.а.с.) шындықты айтуым. Егер оған өтірік айтқанымда, өтірік айтқандар секілді құрдымға кетер едім. Расында, уахи түскен кезде Алла өтірік айтқандар туралы бұрын ешкім жөнінде айтылмаған ең ауыр сөздерді айтты. Алла Тағала “Жорықтан оралып, олармен қайта қауышқандарыңда, жауапқа тартпауларың үшін алдарыңда Алланың атымен қайта-қайта ант ішеді” (“Тәубе”, 95-аят) деген сөзінен бастап, “Алла тура жолдан тайған азғын қауымға әсте разы болмайды” (“Тәубе”, 96-аят) деген сөзіне дейін айтты.

Үшеуіміздің ісіміз Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында ант етіп, сылтау айтқан, ал ол (с.а.с.) сылтауларын қабылдап, серттерін алып, өздері үшін кешірім тілеген адамдардың ісінен кейінге қалдырылды. Алла Елшісі (с.а.с.) біз туралы үкімді Алла шешім шығарғанға дейін кейінге қалдырды. Алланың “Һәм артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етті” (“Тәубе”, 118-аят) деген сөзі осыны білдіреді. Мұндағы “кейінге қалдырылған” дегеніміз біздің жорықтан қалып қойғанымызды білдірмейді. Керісінше, бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) өзіне ант етіп, сылтау айтқан адамдардың сөзін қабылдап, біздің ісіміз туралы шешімді кейінге қалдырғанын білдіреді».

بَابُ كِتَابِ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى كِسْرَى وَقَيْصَرَ

47-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) Кисра мен Қайсарға хат жазуы туралы

1715
Бұхари, № 1715 · Сахих: 4425Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ قَالَ: لَقَدْ نَفَعَنِي اللَّهُ بِكَلِمَةٍ سَمِعْتُهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَيَّامَ الْجَمَلِ، بَعْدَ مَا كِدْتُ أَنْ أَلْحَقَ بِأَصْحَابِ الْجَمَلِ فَأُقَاتِلَ مَعَهُمْ. قَالَ: لَمَّا بَلَغَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَّ أَهْلَ فَارِسَ قَدْ مَلَّكُوا عَلَيْهِمْ بِنْتَ كِسْرَى، قَالَ: «لَنْ يُفْلِحَ قَوْمٌ وَلَّوْا أَمْرَهُمُ امْرَأَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкрә: «Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген бір сөзім арқылы Алла Жәмәл оқиғасы кезінде маған пайда берді. Мен сол кезде Жәмәл жақтастарының қатарына қосылып, олармен бірге соғысуға аз-ақ қалған едім. Алла Елшісіне (с.а.с.) парсылардың өздеріне Кисраның қызын патша етіп тағайындағаны туралы хабар жеткенде, ол (с.а.с.): “Билігін әйелге тапсырған қауым ешқашан мұратқа жетпейді”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ مَرَضِ النَّبِيِّ ﷺ وَوَفَاتِهِ

48-бапПайғамбардың (с.а.с.) науқастануы және қайтыс болуы туралы

1716
Бұхари, № 1716 · Сахих: 4433, 4434Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: دَعَا النَّبِيُّ ﷺ فَاطِمَةَ عَلَيْهَا السَّلَامُ فِي شَكْوَاهُ الَّذِي قُبِضَ فِيهِ، فَسَارَّهَا بِشَيْءٍ فَبَكَتْ، ثُمَّ دَعَاهَا فَسَارَّهَا بِشَيْءٍ فَضَحِكَتْ، فَسَأَلْنَا عَنْ ذَلِكَ فَقَالَتْ: «سَارَّنِي النَّبِيُّ ﷺ أَنَّهُ يُقْبَضُ فِي وَجَعِهِ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ فَبَكَيْتُ، ثُمَّ سَارَّنِي فَأَخْبَرَنِي أَنِّي أَوَّلُ أَهْلِهِ يَلْحَقُهُ فَضَحِكْتُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өтер алдындағы науқасы кезінде Фатиманы (аләйһәс-сәләм) шақырып, құлағына бір сөз сыбырлады. Сонда ол жылап жіберді. Кейін оны тағы шақырып, құлағына тағы бір сөз сыбырлады. Бұл жолы ол күлді.

Біз одан мұның сырын сұрағанда, ол: “Пайғамбар (с.а.с.) маған осы науқасынан дүниеден өтетінін сыбырлап айтты. Сондықтан жыладым. Кейін тағы да сыбырлап, отбасының ішінен оның соңынан ең бірінші болып мен баратынымды хабарлады. Сондықтан күлдім”, – деді», – деп жеткізді.

1717
Бұхари, № 1717 · Сахих: 4435Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أَسْمَعُ أَنَّهُ لَا يَمُوتُ نَبِيٌّ حَتَّى يُخَيَّرَ بَيْنَ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، فَسَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ فِي مَرَضِهِ الَّذِي مَاتَ فِيهِ وَأَخَذَتْهُ بُحَّةٌ: ﴿مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ﴾ [النِّسَاءِ: 69] الْآيَةَ، فَظَنَنْتُ أَنَّهُ خُيِّرَ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда: «Мен ешбір пайғамбарға дүние мен ақыреттің бірін таңдау еркі берілмейінше, оның дүниеден өтпейтінін естіп жүретінмін. Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өтер алдындағы науқасы кезінде даусы қарлығып: “...Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, сыддықтармен, шейіттермен және ізгі жандармен бірге болады” (“Ниса”, 69-аят) деген аятты айтқанын естідім. Сонда оған таңдау берілген шығар деп ойладым», – делінген.

1718
Бұхари, № 1718 · Сахих: 4437Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ صَحِيحٌ، يَقُولُ: «إِنَّهُ لَمْ يُقْبَضْ نَبِيٌّ قَطُّ حَتَّى يَرَى مَقْعَدَهُ مِنَ الْجَنَّةِ، ثُمَّ يُحَيَّا أَوْ يُخَيَّرَ». فَلَمَّا اِشْتَكَى وَحَضَرَهُ الْقَبْضُ وَرَأْسُهُ عَلَى فَخِذِي، غُشِيَ عَلَيْهِ، فَلَمَّا أَفَاقَ شَخَصَ بَصَرُهُ نَحْوَ سَقْفِ الْبَيْتِ، ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ فِي الرَّفِيقِ الْأَعْلَى». فَقُلْتُ: «إِذًا لَا يُجَاوِرُنَا». فَعَرَفْتُ أَنَّهُ حَدِيثُهُ الَّذِي كَانَ يُحَدِّثُنَا وَهُوَ صَحِيحٌ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда: «Алла Елшісі (с.а.с.) дені сау кезінде: “Ешбір пайғамбардың жаны Жәннаттағы орны көрсетіліп, содан кейін оған өмір сүруге мүмкіндік берілмейінше немесе таңдау еркі берілмейінше алынған емес”, – деп айтатын.

Ол науқастанып, жаны алынар сәті жақындағанда, басы менің санымның үстінде жатқан еді. Бір кезде есінен танып қалды. Есін жиғаннан кейін көзін үйдің төбесіне қадап: “Уа, Алла! Ең жоғары мәртебелі серіктермен бірге болуды нәсіп ет!” – деді.

Сонда мен: “Ендеше, ол бізбен бірге қалмайды екен”, – дедім. Оның дені сау кезінде бізге айтып жүрген сөзінің осы екенін түсіндім», – деп жеткізді.

1719
Бұхари, № 1719 · Сахих: 4439Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِشْتَكَى نَفَثَ عَلَى نَفْسِهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ، وَمَسَحَ عَنْهُ بِيَدِهِ، فَلَمَّا اِشْتَكَى وَجَعَهُ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ طَفِقْتُ أَنْفِثُ عَلَى نَفْسِهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ الَّتِي كَانَ يَنْفِثُ، وَأَمْسَحُ بِيَدِ النَّبِيِّ ﷺ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанған кезде пана тілеу сүрелерін оқып, өзіне дем салатын әрі қолымен денесін сипайтын. Ал дүниеден өтер алдындағы науқасы кезінде мен оның өзі бұрын оқып дем салатын пана тілеу сүрелерін оқып, оған дем сала бастадым әрі оның өз қолымен денесін сипайтын болдым».

1720
Бұхари, № 1720 · Сахих: 4440Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَصْغَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ قَبْلَ أَنْ يَمُوتَ وَهُوَ مُسْنِدٌ إِلَيَّ ظَهْرَهُ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي، وَأَلْحِقْنِي بِالرَّفِيقِ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) дүниеден өтер алдында арқасын маған сүйеп отырған еді. Оған құлақ түргенде: “Уа, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр әрі мені серіктерге қоса гөр!” – дегенін естідім».

1721
Бұхари, № 1721 · Сахих: 4446Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي رِوَايَةٍ قَالَتْ: مَاتَ النَّبِيُّ ﷺ وَإِنَّهُ لَبَيْنَ حَاقِنَتِي وَذَاقِنَتِي، فَلَا أَكْرَهُ شِدَّةَ الْمَوْتِ لِأَحَدٍ أَبَدًا بَعْدَ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің кеудем мен иегімнің арасында жатқан күйінде дүние салды. Сондықтан Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін ешкімнің жан тапсырардағы ауыр қиналысын жамандық деп санамаймын».

1722
Бұхари, № 1722 · Сахих: 4447Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ عَلِيَّ بْنَ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خَرَجَ مِنْ عِنْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي وَجَعِهِ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ، فَقَالَ النَّاسُ: «يَا أَبَا حَسَنٍ، كَيْفَ أَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟» فَقَالَ: «أَصْبَحَ بِحَمْدِ اللَّهِ بَارِئًا». فَأَخَذَ بِيَدِهِ عَبَّاسُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَقَالَ لَهُ: «أَنْتَ، وَاللَّهِ، بَعْدَ ثَلَاثٍ عَبْدُ الْعَصَا، وَإِنِّي، وَاللَّهِ، لَأَرَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سَوْفَ يُتَوَفَّى مِنْ وَجَعِهِ هَذَا، إِنِّي لَأَعْرِفُ وُجُوهَ بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ عِنْدَ الْمَوْتِ، اِذْهَبْ بِنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلْنَسْأَلْهُ فِيمَنْ هَذَا الْأَمْرُ، إِنْ كَانَ فِينَا عَلِمْنَا ذَلِكَ، وَإِنْ كَانَ فِي غَيْرِنَا عَلِمْنَاهُ، فَأَوْصَى بِنَا». فَقَالَ عَلِيٌّ: «إِنَّا، وَاللَّهِ، لَئِنْ سَأَلْنَاهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَمَنَعَنَاهَا لَا يُعْطِينَاهَا النَّاسُ بَعْدَهُ، وَإِنِّي، وَاللَّهِ، لَا أَسْأَلُهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хабарда Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салар алдындағы науқасы кезінде оның қасынан шыққаны айтылады. Адамдар одан: «Уа, Әбу Хасан! Алла Елшісі (с.а.с.) бүгін өзін қалай сезініп тұр?» – деп сұрады. Әли: «Аллаға шүкір, бүгін сауықты», – деді. Сонда Аббас ибн Абдулмутталиб оның қолынан ұстап: «Аллаға ант етемін, үш күннен кейін сен өзгеге бағынышты болып қаласың. Аллаға ант етемін, мен Алла Елшісінің (с.а.с.) осы науқасынан дүние салатынын көріп тұрмын. Өйткені мен Абдулмутталиб ұрпақтарының өлім алдындағы жүз-әлпетін жақсы танимын. Жүр, Алла Елшісіне (с.а.с.) барайық та, бұл биліктің кімге тиесілі болатынын сұрайық. Егер бізге тиесілі болса, соны білейік. Ал егер бізден басқаға тиесілі болса, оны да білейік әрі ол бізге қамқор болуды өсиет етсін», – деді. Сонда Әли: «Аллаға ант етемін, егер біз билікті Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрап, ол бізге бермесе, одан кейін адамдар да оны бізге ешқашан бермейді. Аллаға ант етемін, мен билікті Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрамаймын», – деді.

1723
Бұхари, № 1723 · Сахих: 4449Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا كَانَتْ تَقُولُ: إِنَّ مِنْ نِعَمِ اللَّهِ عَلَيَّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تُوُفِّيَ فِي بَيْتِي، وَفِي يَوْمِي، وَبَيْنَ سَحْرِي وَنَحْرِي، وَأَنَّ اللَّهَ جَمَعَ بَيْنَ رِيقِي وَرِيقِهِ عِنْدَ مَوْتِهِ. دَخَلَ عَلَيَّ عَبْدُ الرَّحْمَنِ، وَبِيَدِهِ السِّوَاكُ، وَأَنَا مُسْنِدَةٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَرَأَيْتُهُ يَنْظُرُ إِلَيْهِ، وَعَرَفْتُ أَنَّهُ يُحِبُّ السِّوَاكَ، فَقُلْتُ: «آخُذُهُ لَكَ؟» فَأَشَارَ بِرَأْسِهِ أَنْ «نَعَمْ»، فَتَنَاوَلْتُهُ فَاشْتَدَّ عَلَيْهِ، وَقُلْتُ: «أُلَيِّنُهُ لَكَ؟» فَأَشَارَ بِرَأْسِهِ أَنْ «نَعَمْ»، فَلَيَّنْتُهُ.

وَبَيْنَ يَدَيْهِ رَكْوَةٌ فِيهَا مَاءٌ، فَجَعَلَ يُدْخِلُ يَدَيْهِ فِي الْمَاءِ فَيَمْسَحُ بِهِمَا وَجْهَهُ، يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، إِنَّ لِلْمَوْتِ سَكَرَاتٍ»، ثُمَّ نَصَبَ يَدَهُ فَجَعَلَ يَقُولُ: «فِي الرَّفِيقِ الْأَعْلَى»، حَتَّى قُبِضَ وَمَالَتْ يَدُهُ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алланың маған берген нығметтерінің бірі – Алла Елшісінің (с.а.с.) менің үйімде, менің кезегім келген күні, басын кеудеме сүйеп жатқан күйінде дүниеден өтуі және дүниеден өтер сәтінде Алланың менің сілекейім мен оның сілекейін қосуы. Абдуррахман менің жаныма кірді. Оның қолында мисуак бар еді. Мен Алла Елшісін (с.а.с.) сүйеп отырғанмын. Оның мисуакқа қарап отырғанын көріп, мисуак қолданғысы келетінін түсіндім. Сонда: “Оны сізге алып берейін бе?” – дедім. Ол (с.а.с.) басымен: “Иә”, – деп ишара етті. Мен мисуакты алып бердім, бірақ ол оған қаттылау тиді. Сонда: “Оны сізге жұмсартып берейін бе?” – дедім. Ол (с.а.с.) басымен: “Иә”, – деп ишара етті. Мен оны жұмсартып бердім. Оның алдында су құйылған шағын ыдыс тұр еді. Пайғамбар (с.а.с.) қолдарын суға малып, сол сумен жүзін сипап: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Расында, жан тапсырудың қиналысы бар”, – дей бастады. Содан кейін қолын көтеріп: “Ең жоғары мәртебелі серіктермен бірге”, – деп айта берді. Ақыры оның жаны алынып, қолы төмен түсті».

1724
Бұхари, № 1724 · Сахих: 4458Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَدَدْنَا النَّبِيَّ ﷺ فِي مَرَضِهِ فَجَعَلَ يُشِيرُ إِلَيْنَا: «أَنْ لَا تَلُدُّونِي». فَقُلْنَا: «كَرَاهِيَةُ الْمَرِيضِ لِلدَّوَاءِ». فَلَمَّا أَفَاقَ قَالَ: «أَلَمْ أَنْهَكُمْ أَنْ تَلُدُّونِي؟» قُلْنَا: «كَرَاهِيَةُ الْمَرِيضِ لِلدَّوَاءِ». فَقَالَ: «لَا يَبْقَى أَحَدٌ فِي الْبَيْتِ إِلَّا لُدَّ وَأَنَا أَنْظُرُ، إِلَّا الْعَبَّاسَ فَإِنَّهُ لَمْ يَشْهَدْكُمْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) ауырған кезінде біз оның аузының бір шетінен дәрі құйдық. Ол бізге: “Маған бұлай дәрі құймаңдар”, – деп ишара жасай бастады. Біз: “Науқас адам дәріні жақтырмайды ғой”, – дедік. Ол есін жиған кезде: “Мен сендерге маған бұлай дәрі құймаңдар деп тыйым салмадым ба?” – деді. Біз: “Науқас адам дәріні жақтырмайды ғой деп ойладық”, – дедік. Сонда ол (с.а.с.): “Үйдегілердің бәріне менің көз алдымда осылай дәрі құйылсын. Тек Аббасқа құйылмасын. Өйткені ол сендермен бірге болған жоқ”, – деді».

1725
Бұхари, № 1725 · Сахих: 4462Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا ثَقُلَ النَّبِيُّ ﷺ جَعَلَ يَتَغَشَّاهُ، فَقَالَتْ فَاطِمَةُ عَلَيْهَا السَّلَامُ: «وَاكَرْبَ أَبَاهُ!» فَقَالَ لَهَا: «لَيْسَ عَلَى أَبِيكِ كَرْبٌ بَعْدَ الْيَوْمِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) науқасы ауырлағанда, оны өлім алдындағы қиналыс қайта-қайта меңдей берді. Сонда Фатима (аләйһәс-сәләм): “Әкешімнің қиналғаны-ай!” – деді. Ол оған: “Бүгіннен кейін әкең қиналмайды”, – деді».

بَابُ وَفَاةِ النَّبِيِّ ﷺ

49-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) қайтыс болуы туралы

1726
Бұхари, № 1726 · Сахих: 4466Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تُوُفِّيَ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) алпыс үш жасында дүние салды», – деді.