Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1673

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
27. Рамазан айындағы Меккені алу жорығы туралыبَابُ غَزْوَةِ الْفَتْحِ فِي رَمَضَانَ
Нөмірі
№ 1673 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4276
1673
Бұхари, № 1673 · Сахих: 4276Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَرَجَ فِي رَمَضَانَ مِنَ الْمَدِينَةِ وَمَعَهُ عَشَرَةُ آلَافٍ، وَذَلِكَ عَلَى رَأْسِ ثَمَانِ سِنِينَ وَنِصْفٍ مِنْ مَقْدَمِهِ الْمَدِينَةَ، فَسَارَ هُوَ وَمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَى مَكَّةَ، يَصُومُ وَيَصُومُونَ، حَتَّى بَلَغَ الْكَدِيدَ، وَهُوَ مَاءٌ بَيْنَ عُسْفَانَ وَقُدَيْدٍ، أَفْطَرَ وَأَفْطَرُوا.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Рамазан айында Мәдинадан он мың адаммен бірге жолға шықты. Бұл оның Мәдинаға келгеніне сегіз жарым жыл толған кез еді. Ол өзімен бірге болған мұсылмандармен Меккеге қарай бет алды. Пайғамбар (с.а.с.) да, мұсылмандар да ораза ұстап келе жатты. Ұсфан мен Қудайдтың арасындағы Кәдид деген суатқа жеткенде Пайғамбар (с.а.с.) ауыз ашты, олар да ауыз ашты», – деді.