Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1672

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
26. Пайғамбардың (с.а.с.) Усама ибн Зәйдті Хурақатқа жіберуі туралыبَابُ بَعْثِ النَّبِيِّ ﷺ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ إِلَى الْحُرَقَاتِ
Нөмірі
№ 1672 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4270
1672
Бұхари, № 1672 · Сахих: 4270

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَزَوْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ سَبْعَ غَزَوَاتٍ، وَخَرَجْتُ فِيمَا يَبْعَثُ مِنَ الْبُعُوثِ سَبْعَ غَزَوَاتٍ؛ مَرَّةً عَلَيْنَا أَبُو بَكْرٍ، وَمَرَّةً عَلَيْنَا أُسَامَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жеті жорыққа қатыстым. Сондай-ақ ол жіберген жасақтармен жеті жорыққа шықтым. Бір жолы бізге Әбу Бәкір, ал бір жолы Усама (р.а.) басшылық етті».