Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1634

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
12. Алла Тағаланың: «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Алла қаласа, оларды тәубеге келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды залымдар ретінде азаптайды» («Әли Имран», 128-аят) деген сөзі туралыبَابُ ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 128]
Нөмірі
№ 1634 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4068
1634
Бұхари, № 1634 · Сахих: 4068Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: شُجَّ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالَ: «كَيْفَ يُفْلِحُ قَوْمٌ شَجُّوا نَبِيَّهُمْ؟». فَنَزَلَتْ: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ﴾.

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ұхұд күні Пайғамбардың (с.а.с.) басы жараланды. Сонда ол: “Өз пайғамбарының басын жарған қауым қалайша мұратқа жетпек?” – деді. Осыдан кейін: “Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ” (“Әли Имран”, 128-аят) деген аят түсті».