Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1691

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
36. Әли ибн Әбу Талиб пен Халид ибн әл-Уәлидтің Йеменге жіберілуі туралыبَعْثُ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ وَخَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ إِلَى الْيَمَنِ
Нөмірі
№ 1691 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4349
1691
Бұхари, № 1691 · Сахих: 4349Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَعَ خَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ إِلَى الْيَمَنِ. قَالَ: ثُمَّ بَعَثَ عَلِيًّا بَعْدَ ذَلِكَ مَكَانَهُ فَقَالَ: «مُرْ أَصْحَابَ خَالِدٍ، مَنْ شَاءَ مِنْهُمْ أَنْ يُعَقِّبَ مَعَكَ فَلْيُعَقِّبْ، وَمَنْ شَاءَ فَلْيُقْبِلْ». فَكُنْتُ فِيمَنْ عَقَّبَ مَعَهُ. قَالَ: فَغَنِمْتُ أَوَاقٍ ذَوَاتِ عَدَدٍ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бізді Халид ибн әл-Уәлидпен бірге Йеменге жіберді. Кейін оның орнына Әлиді жіберіп: “Халидтің серіктеріне айт: олардың арасынан кім сенімен бірге қалғысы келсе, қалсын, ал кім қайтқысы келсе, қайтсын”, – деді. Мен Әлимен бірге қалғандардың бірі едім. Сол жолы олжадан бірнеше ұқия алдым», – деп жеткізді.