Хадис
كِتَابُ التَّفْسِيرِ

Құран тәпсірі кітабы

Сахих әл-Бұхари, 63-кітап · 92 хадис · № 1727–1818

Мазмұны: 79 бап
  1. 1«Фатиха» сүресі жайында жеткен риуаяттар туралы
  2. 2Ұлы әрі Үстем Алланың: «Осының бәрін біле тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік қоспаңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 22-аят)
  3. 3Ұлы әрі Үстем Алланың: «Һәм төбелеріңді бұлтпен көлегейледік әрі сендерге “мәнна” тәттісі мен бөдене құсын түсірдік» деген сөзі туралы («Бақара», 57-аят)
  4. 4Ұлы әрі Үстем Алланың: «Бірде оларға: “Мына қалаға кіріңдер...” – дедік» деген сөзі туралы («Бақара», 58-аят)
  5. 5Ұлы әрі Үстем Алланың: «Біз қандай да бір аяттың үкімін жоятын немесе ұмыттыратын болсақ, орнына одан да жақсысын, яки соған ұқсасын түсіреміз» деген сөзі туралы («Бақара», 106-аят)
  6. 6Ұлы әрі Үстем Алланың: «Һәм олар: “Алланың баласы бар”, – деп айтты. Жоқ олай емес, Алла мінсіз» деген сөзі туралы («Бақара», 116-аят)
  7. 7Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ендеше, сендер де “Мақам Ибраһимде” намаз оқып, дұға етіңдер» деген сөзі туралы («Бақара», 125-аят)
  8. 8Ұлы әрі Үстем Алланың: «“Біз бір Аллаға және бізге түсірілгенге иман келтірдік”, – деп айтыңдар» деп басталатын аяты туралы («Бақара», 136-аят)
  9. 9Ұлы әрі Үстем Алланың: «Міне, осылайша сендерді адамдарға ақиқатты көрсетсін һәм олардың істеріне куә болсын деп, ортан үмбет қылдық» деген сөзі туралы («Бақара», 143-аят)
  10. 10Алла Тағаланың: «Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 199-аят)
  11. 11Алла Тағаланың: «Әрі олардың ішінде: “Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр!” – деп жалбарынатындар бар» деп басталатын аяты туралы («Бақара», 201-аят)
  12. 12Ұлы әрі Үстем Алланың: «Олар елден қадалып қайыр-садақа сұрамайды» деген сөзі туралы («Бақара», 273-аят)
  13. 13Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ондағы аяттардың бір бөлігі – мағынасы анық мухкам аяттар. Солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі – мағынасы астарлы муташабиһ аяттар» («Әли Имран», 7-аят) деген сөзі туралы
  14. 14Ұлы әрі Үстем Алланың: «Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ» деген сөзі туралы («Әли Имран», 77-аят)
  15. 15Ұлы әрі Үстем Алланың: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады» («Әли Имран», 173-аят) деп басталатын аяты туралы
  16. 16Ұлы әрі Үстем Алланың: «Әрі сендерден бұрын өздеріне иләһи кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер» деген сөзі туралы («Әли Имран», 186-аят)
  17. 17Ұлы әрі Үстем Алланың: «Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды...» деп басталатын аяты туралы («Әли Имран», 188-аят)
  18. 18Ұлы әрі Үстем Алланың: «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар...» («Ниса», 3-аят) деген сөзі туралы
  19. 19Ұлы әрі Үстем Алланың: «Балаларыңа мұра қалдырғанда Алла Тағала сендерге мынаны бұйырады» деген сөзі туралы («Ниса», 11-аят)
  20. 20Ұлы әрі Үстем Алланың: «Шүбәсіз, Алла зәредей де әділетсіздік жасамайды» («Ниса», 40-аят) деген сөзі туралы
  21. 21Ұлы әрі Үстем Алланың: «Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 41-аят)
  22. 22Ұлы әрі Үстем Алланың: «Өлім періштелері өз-өздеріне қиянат жасағандардың жанын аларда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 97-аят)
  23. 23Алла Тағаланың: «Біз Нұхқа уахи түсіргеніміздей саған да уахи түсірдік» деген сөзі туралы («Ниса», 163-аят)
  24. 24Ұлы әрі Үстем Алланың: «Уа, Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді жеткіз!» деген сөзі туралы («Мәида», 67-аят)
  25. 25Ұлы әрі Үстем Алланың: «Алланың сендер үшін адал еткен нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар» деген сөзі туралы («Мәида», 87-аят)
  26. 26Ұлы әрі Үстем Алланың: «Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер» деген сөзі туралы («Мәида», 90-аят)
  27. 27Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер» деген сөзі туралы («Мәида», 101-аят)
  28. 28Алла Тағаланың: «Һәм оларға: “Ол төбелеріңнен азап жіберуге толық құдіретті!” – деп айт» деп басталатын аяты туралы («Әнғам», 65‑аят)
  29. 29Алла Тағаланың: «Міне, осы таңдаулы тұлғалар – Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» деген сөзі туралы («Әнғам», 90‑аят)
  30. 30Алла Тағаланың: «Мейлі жария, мейлі жасырын болсын, арсыздық пен күнә атаулыдан аулақ жүріңдер» («Әнғам», 151‑аят) деген сөзі туралы
  31. 31Алла Тағаланың: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе» деп басталатын аяты туралы («Ағраф», 199‑аят)
  32. 32Алла Тағаланың: «Күпірліктен туындайтын лаң, бүлік һәм зұлымдық атаулы толық жойылғанға дейін ... олармен соғысыңдар» деп басталатын аяты туралы («Әнфәл», 39‑аят)
  33. 33Алла Тағаланың: «Һәм күнәларын толық мойындаған тағы бір топ бар» деп басталатын аяты туралы («Тәубе», 102‑аят)
  34. 34Алла Тағаланың: «Оның Аршы судың үстінде еді» («Һуд», 7‑аят) деген сөзі туралы
  35. 35Алла Тағаланың: «Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды» деп басталатын аяты туралы («Һуд», 102‑аят)
  36. 36Алла Тағаланың: «Ал әлдекім ұрланып тың тыңдайтын болса, жарқыраған жұлдыз оның соңына түседі» («Хижр», 18‑аят) деген сөзі туралы
  37. 37Алла Тағаланың: «Араларыңда алжитын шаққа дейін жететіндер де бар» («Нахыл», 70‑аят) деген сөзі туралы
  38. 38Алла Тағаланың: «Уа, Нұхпен бірге кемеге мінгізген құлдарымыздың ұрпақтары! Нұх расында да өте көп шүкіршілік ететін құл еді» («Исра», 3‑аят) деген сөзі туралы
  39. 39Алла Тағаланың: «Сонда Раббыңның сені “Мақам Махмудқа” шығаратындығынан үміт ете аласың» («Исра», 79‑аят) деген сөзі туралы
  40. 40Алла Тағаланың: «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» («Исра», 110‑аят) деген сөзі туралы
  41. 41Алла Тағаланың: «Олар Раббыларының барлық аяттарын һәм күндердің күнінде Оған қауышатындықтарын мойындамағандар» деп басталатын аяты туралы («Кәһф», 105‑аят)
  42. 42Алла Тағаланың: «Оларға қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт» деген сөзі туралы («Мәриям», 39‑аят)
  43. 43Алла Тағаланың: «Ал өз жұбайларын зина қылды деп айыптаған, әрі өздерінен басқа куәға тартатын куәгерлері болмаған ер кісілерге келсек...» деген сөзі туралы («Нұр», 6‑аят)
  44. 44Алла Тағаланың: «Алайда өзіне айып тағылған әйел ... төрт рет Алланың атымен куәлік етсе, жазадан құтылады» деп басталатын аяты туралы («Нұр», 8‑аят)
  45. 45Алла Тағаланың: «Тозаққа етбетімен айдалатындар бар ғой...» деп басталатын аяты туралы («Фурқан», 34‑аят)
  46. 46Алла Тағаланың: «Әлиф, Ләм, Мим. Румдықтар жеңіліс тапты» («Рум», 1–2‑аяттар) деген сөзі туралы
  47. 47Алла Тағаланың: «Оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді» («Сәжде», 17‑аят) деген сөзі туралы
  48. 48Алла Тағаланың: «Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 51‑аят)
  49. 49Алла Тағаланың: «Уа, иман келтіргендер! Пайғамбардың құжыраларына рұқсатсыз кірмеңдер» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 53‑аят)
  50. 50Алла Тағаланың: «Қандай да бір нәрсені жария етсеңдер де, яки іштеріңе бүгіп қалсаңдар да» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 54‑аят)
  51. 51Алла Тағаланың: «Расында, Алла пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 56‑аят)
  52. 52Алла Тағаланың: «Мұсаға орынсыз жала жауып, көңіліне қаяу түсірген бейбақтарға ұқсап жүрмеңдер» («Ахзаб», 69‑аят) деген сөзі туралы
  53. 53Алла Тағаланың: «Ол бар болғаны сендерді ауыр азаптың алдында ескерту үшін келген пайғамбар ғана» («Сәбә», 46‑аят) деген сөзі туралы
  54. 54Алла Тағаланың: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым!» деп басталатын аяты туралы («Зүмәр», 53‑аят)
  55. 55Алла Тағаланың: «Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады» («Зүмәр», 67‑аят) деген сөзі туралы
  56. 56Алла Тағаланың: «Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті уысында» деген сөзі туралы («Зүмәр», 67‑аят)
  57. 57Алла Тағаланың: «Сур үрленеді, сонда жеті қат көктегі және жердегі бар тіршілік сұлқ түскен бойда жан тапсырады» деп басталатын аяты туралы («Зүмәр», 68‑аят)
  58. 58Алла Тағаланың: «Бар сұрайтыным арамыздағы туыстықтың ақысы ғана» («Шура», 23‑аят) деген сөзі туралы
  59. 59Алла Тағаланың: «Уа, Раббымыз! Еңсемізді езген мына азаптың бетін қайтара көр! Біз енді шынымен мүмін болдық» («Духан», 12‑аят) деген сөзі туралы
  60. 60Алла Тағаланың: «Бізді тек замана ағымы ғана біржолата құртып, жоқ қылады» («Жәсия», 24‑аят) деген сөзі туралы
  61. 61Алла Тағаланың: «Ақырында, олар азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде алқаптарына қарай бет алып келе жатқанын көргенде» деп басталатын аяты туралы («Ахқаф», 24‑аят)
  62. 62Алла Тағаланың: «араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?!» («Мұхаммед», 22‑аят) деген сөзі туралы
  63. 63Алла Тағаланың: «Ол болса: “Тағы да бар ма?” – деп қомағайлана жауап қатады» («Қаф», 30‑аят) деген сөзі туралы
  64. 64Алла Тағаланың: «Тур тауына серт! Жазылған Кітапқа серт!» («Тур», 1–2‑аяттар) деген сөзі туралы
  65. 65Алла Тағаланың: «Ал енді мына Лат пен Ұззаға қараңдаршы!» («Нәжм», 19‑аят) деген сөзі туралы
  66. 66Алла Тағаланың: «Олардың негізгі уәделі мерзімі – Қиямет сағаты! Қиямет сағатының сұмдығы әлдеқайда күшті, әлдеқайда ащы!» («Қамар», 46‑аят) деген сөзі туралы
  67. 67Алла Тағаланың: «Бұл екеуінен басқа сәл төменде тағы да қос жұмақ бар» («Рахман», 62‑аят) деген сөзі туралы
  68. 68Алла Тағаланың: «Отауынан аттап шықпайтын хор қыздары» («Рахман», 72‑аят) деген сөзі туралы
  69. 69Алла Тағаланың: «Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар!» («Мумтахана», 1‑аят) деген сөзі туралы
  70. 70Алла Тағаланың: «Жаңадан иман келтірген әйелдер алдыңа келіп ... саған ант бергілері келсе» деп басталатын аяты туралы («Мумтахана», 12‑аят)
  71. 71Алла Тағаланың: «Һәм оны сол үмми қауымға әлі қосыла қоймаған басқа қауымдарға да жібереді» («Жұма», 3‑аят) деген сөзі туралы
  72. 72Алла Тағаланың: «Мұнафықтар алдыңа келгенде: “Біз куәлік етеміз: сен Алланың елшісісің!” – дейді» деген сөзі туралы («Мунафиқун», 1‑аят)
  73. 73Алла Тағаланың: «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деп басталатын аяты туралы («Тахрим», 1‑аят)
  74. 74Алла Тағаланың: «қатыгез озбырдың, содан соң тексіздің» («Қалам», 13‑аят) деген сөзі туралы
  75. 75Алла Тағаланың: «Балтыр ашылатын (іс насырға шабатын) күні олар сәжде етуге шақырылады» деген сөзі туралы («Қалам», 42‑аят)
  76. 76«Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 6‑аят) деген аят туралы
  77. 77«Оның есебі өте оңай болады» («Иншиқақ», 8‑аят) деген аят туралы
  78. 78Алла Тағаланың: «Сөзсіз, сен бірінен бірі өтетін күйден күйге көшесің» деген сөзі туралы («Иншиқақ», 19‑аят)
  79. 79Алла Тағаланың: «Жо-жоқ, бұлай болмайды. Егер ол бұл қылығын доғармаса» деп басталатын аяты туралы («Аләқ», 15‑аят)
بَابُ مَا جَاءَ فِي فَاتِحَةِ الْكِتَابِ

1-бап«Фатиха» сүресі жайында жеткен риуаяттар туралы

1727
Бұхари, № 1727 · Сахих: 4474

عَنْ أَبِي سَعِيدِ بْنِ الْمُعَلَّى قَالَ: كُنْتُ أُصَلِّي فِي الْمَسْجِدِ، فَدَعَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ أُجِبْهُ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي كُنْتُ أُصَلِّي». فَقَالَ: «أَلَمْ يَقُلِ اللَّهُ: ﴿اِسْتَجِيبُوا لِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ إِذَا دَعَاكُمْ﴾ [الْأَنْفَالِ: 24]؟» ثُمَّ قَالَ لِي: «لَأُعَلِّمَنَّكَ سُورَةً هِيَ أَعْظَمُ السُّوَرِ فِي الْقُرْآنِ قَبْلَ أَنْ تَخْرُجَ مِنَ الْمَسْجِدِ». ثُمَّ أَخَذَ بِيَدِي، فَلَمَّا أَرَادَ أَنْ يَخْرُجَ قُلْتُ لَهُ: «أَلَمْ تَقُلْ: “لَأُعَلِّمَنَّكَ سُورَةً هِيَ أَعْظَمُ سُورَةٍ فِي الْقُرْآنِ”؟» قَالَ: «﴿الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْفَاتِحَةِ: 2]، هِيَ السَّبْعُ الْمَثَانِي، وَالْقُرْآنُ الْعَظِيمُ الَّذِي أُوتِيتُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид ибн әл-Муалла былай деді: «Мен мешітте намаз оқып тұрған едім. Алла Елшісі (с.а.с.) мені шақырды, бірақ мен жауап бермедім. Кейін оған: “Уа, Расулалла! Мен намаз оқып тұрған едім”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Алла: ‘Алла елшісі сендерді шақырғанда, Алланың және елшісінің шақыруын қабыл алыңдар’ («Әнфал», 24-аят), – демеді ме?” – деді.

Содан кейін маған: “Мешіттен шықпай тұрып, саған Құрандағы ең ұлы сүрені міндетті түрде үйретемін”, – деді де, қолымнан ұстады. Ол мешіттен шыққалы тұрғанда мен: “Сіз: ‘Саған Құрандағы ең ұлы сүрені міндетті түрде үйретемін’, – демеп пе едіңіз?” – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “‘Бар мадақ пен шүкіршілік әлемдердің Раббысы Аллаға арналады’ («Фатиха», 2-аят). Ол – қайталанып оқылатын жеті аят әрі маған берілген Ұлы Құран”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَلَا تَجْعَلُوا لِلَّهِ أَنْدَادًا وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 22]

2-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Осының бәрін біле тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік қоспаңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 22-аят)

1728
Бұхари, № 1728 · Сахих: 4477

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ: «أَيُّ الذَّنْبِ أَعْظَمُ عِنْدَ اللَّهِ؟» قَالَ: «أَنْ تَجْعَلَ لِلَّهِ نِدًّا وَهُوَ خَلَقَكَ». قُلْتُ: «إِنَّ ذَلِكَ لَعَظِيمٌ». قُلْتُ: «ثُمَّ أَيٌّ؟» قَالَ: «وَأَنْ تَقْتُلَ وَلَدَكَ تَخَافُ أَنْ يَطْعَمَ مَعَكَ». قُلْتُ: «ثُمَّ أَيٌّ؟» قَالَ: «أَنْ تُزَانِيَ حَلِيلَةَ جَارِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбардан (с.а.с.): “Алланың алдында ең үлкен күнә қайсы?” – деп сұрадым. Ол: “Сені жаратқан Аллаға біреуді теңдес етуің”, – деді. Мен: “Расында, бұл өте үлкен күнә екен”, – дедім де: “Одан кейін қайсысы?” – деп сұрадым. Ол: “Өзіңмен бірге тамақ жейді деп қорқып, балаңды өлтіруің”, – деді. Мен: “Одан кейін қайсысы?” – деп сұрадым. Ол: “Көршіңнің әйелімен зина жасауың”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْكُمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَى﴾ [الْبَقَرَةِ: 57]

3-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Һәм төбелеріңді бұлтпен көлегейледік әрі сендерге “мәнна” тәттісі мен бөдене құсын түсірдік» деген сөзі туралы («Бақара», 57-аят)

1729
Бұхари, № 1729 · Сахих: 4478Риуаят етуші: Сағид ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ سَعِيدِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْكَمْأَةُ مِنَ الْمَنِّ، وَمَاؤُهَا شِفَاءٌ لِلْعَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Зәйд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кәмә (жерасты саңырауқұлағы) – мәнннің бір түрі, ал оның суы көзге шипа”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِذْ قُلْنَا اُدْخُلُوا هَذِهِ الْقَرْيَةَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 58]

4-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Бірде оларға: “Мына қалаға кіріңдер...” – дедік» деген сөзі туралы («Бақара», 58-аят)

1730
Бұхари, № 1730 · Сахих: 4479Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قِيلَ لِبَنِي إِسْرَائِيلَ: ﴿اُدْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُولُوا حِطَّةٌ﴾ [الْبَقَرَةِ: 58]، فَدَخَلُوا يَزْحَفُونَ عَلَى أَسْتَاهِهِمْ، فَبَدَّلُوا وَقَالُوا: “حِطَّةٌ، حَبَّةٌ فِي شَعَرَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Бәни Исраилге: ‘Қаланың қақпасынан кіргенде, сәждеге жығылып: “Күнәмізді кешіре көр!” – деп айтыңдар’ («Бақара», 58-аят), – деп айтылды. Алайда олар бөкселерімен жорғалап кіріп, сөзді өзгертіп: “Хиттатун, шаштағы бір дән”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا نَأْتِ بِخَيْرٍ مِنْهَا أَوْ مِثْلِهَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 106]

5-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Біз қандай да бір аяттың үкімін жоятын немесе ұмыттыратын болсақ, орнына одан да жақсысын, яки соған ұқсасын түсіреміз» деген сөзі туралы («Бақара», 106-аят)

1731
Бұхари, № 1731 · Сахих: 4481Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَقْرَؤُنَا أُبَيٌّ، وَأَقْضَانَا عَلِيٌّ، وَإِنَّا لَنَدَعُ مِنْ قَوْلِ أُبَيٍّ، وَذَاكَ أَنَّ أُبَيًّا يَقُولُ: “لَا أَدَعُ شَيْئًا سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. وَقَدْ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 106]».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Омар (р.а.): “Арамызда Құранды ең жақсы оқитынымыз – Убәй, ал үкім шығаруда ең білгіріміз – Әли. Соған қарамастан, біз Убәйдің кейбір сөздерін қабылдамаймыз. Өйткені Убәй: ‘Алла Елшісінен (с.а.с.) естігенімнің ешбірін тастамаймын’, – дейді. Ал Алла Тағала: ‘Біз қандай да бір аяттың үкімін жоятын немесе ұмыттыратын болсақ...’ («Бақара», 106-аят), – деген”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَقَالُوا اِتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا سُبْحَانَهُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 116]

6-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Һәм олар: “Алланың баласы бар”, – деп айтты. Жоқ олай емес, Алла мінсіз» деген сөзі туралы («Бақара», 116-аят)

1732
Бұхари, № 1732 · Сахих: 4482Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ: “كَذَّبَنِي ابْنُ آدَمَ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ ذَلِكَ، وَشَتَمَنِي وَلَمْ يَكُنْ لَهُ ذَلِكَ. فَأَمَّا تَكْذِيبُهُ إِيَّايَ فَزَعَمَ أَنِّي لَا أَقْدِرُ أَنْ أُعِيدَهُ كَمَا كَانَ، وَأَمَّا شَتْمُهُ إِيَّايَ فَقَوْلُهُ: ‘لِي وَلَدٌ’، فَسُبْحَانِي أَنْ أَتَّخِذَ صَاحِبَةً أَوْ وَلَدًا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла: “Адам баласы Мені өтірікке шығарды, алайда оның бұлай етуге құқығы жоқ еді. Ол Мені қорлады, алайда бұлай етуге де оның құқығы жоқ еді. Оның Мені өтірікке шығаруы – Мен оны бұрынғы қалпында қайта жарата алмаймын деп санауы. Ал Мені қорлауы – ‘Алланың баласы бар’, – деуі. Ал Мен жұбай да, бала да иемденуден пәкпін”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى﴾ [الْبَقَرَةِ: 125]

7-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Ендеше, сендер де “Мақам Ибраһимде” намаз оқып, дұға етіңдер» деген сөзі туралы («Бақара», 125-аят)

1733
Бұхари, № 1733 · Сахих: 4483Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: وَافَقْتُ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ فِي ثَلَاثٍ – أَوْ وَافَقَنِي رَبِّي فِي ثَلَاثٍ – قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوِ اِتَّخَذْتَ مَقَامَ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى؟» وَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، يَدْخُلُ عَلَيْكَ الْبَرُّ وَالْفَاجِرُ، فَلَوْ أَمَرْتَ أُمَّهَاتِ الْمُؤْمِنِينَ بِالْحِجَابِ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ آيَةَ الْحِجَابِ. قَالَ: وَبَلَغَنِي مُعَاتَبَةُ النَّبِيِّ ﷺ بَعْضَ نِسَائِهِ، فَدَخَلْتُ عَلَيْهِنَّ، قُلْتُ: «إِنِ اِنْتَهَيْتُنَّ أَوْ لَيُبَدِّلَنَّ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ خَيْرًا مِنْكُنَّ». حَتَّى أَتَيْتُ إِحْدَى نِسَائِهِ، قَالَتْ: «يَا عُمَرُ، أَمَا فِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا يَعِظُ نِسَاءَهُ حَتَّى تَعِظَهُنَّ أَنْتَ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿عَسَى رَبُّهُ إِنْ طَلَّقَكُنَّ أَنْ يُبَدِّلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِنْكُنَّ مُسْلِمَاتٍ﴾ الْآيَةَ [التَّحْرِيمِ: 5].

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Омар (р.а.): “Үш мәселеде менің пікірім Ұлы әрі Үстем Алланың үкіміне сай келді немесе Раббым үш мәселеде менің пікіріме сай үкім түсірді. Мен: ‘Уа, Расулалла! Мақам Ибраһимді намаз оқитын орын етсеңіз қайтер еді?’ – дедім. Сондай-ақ: ‘Уа, Расулалла! Үйіңізге ізгі адам да, бұзық адам да кіре береді. Мүміндердің аналарына хижаб ұстануды бұйырсаңыз қайтер еді?’ – дедім. Сонда Алла хижаб аятын түсірді.

Кейін Пайғамбардың (с.а.с.) кейбір жұбайларын жазғырғаны туралы хабар маған жетті. Мен оларға кіріп: ‘Егер бұл қылықтарыңды доғармасаңдар, Алла Өз Елшісіне (с.а.с.) сендерден де қайырлы әйелдер береді’, – дедім. Ақыры Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінің біріне келгенімде, ол: ‘Уа, Омар! Алла Елшісінің (с.а.с.) өз әйелдеріне насихат айтуы жеткіліксіз бе еді, енді сен де оларға насихат айтасың ба?’ – деді. Сонда Алла: ‘Егер ол сендерді талақ қылса, бәлкім, Раббысы оған сендердің орындарыңа сендерден де қайырлы мұсылман әйелдер нәсіп етер’ («Тахрим», 5-аят) деген аятты түсірді”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا﴾ الْآيَةَ [الْبَقَرَةِ: 136]

8-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «“Біз бір Аллаға және бізге түсірілгенге иман келтірдік”, – деп айтыңдар» деп басталатын аяты туралы («Бақара», 136-аят)

1734
Бұхари, № 1734 · Сахих: 4485Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَهْلُ الْكِتَابِ يَقْرَؤُونَ التَّوْرَاةَ بِالْعِبْرَانِيَّةِ، وَيُفَسِّرُونَهَا بِالْعَرَبِيَّةِ لِأَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُصَدِّقُوا أَهْلَ الْكِتَابِ وَلَا تُكَذِّبُوهُمْ، وَقُولُوا: ﴿آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 136] الْآيَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Кітап иелері Тәуратты ибрани тілінде оқып, оны мұсылмандарға араб тілінде түсіндіретін. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітап иелерінің айтқандарын растамаңдар да, өтірікке де шығармаңдар. ‘Біз бір Аллаға және бізге түсірілгенге иман келтірдік’ («Бақара», 136-аят) деп басталатын аятты айтыңдар”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ﴾ الْآيَةَ [الْبَقَرَةِ: 143]

9-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Міне, осылайша сендерді адамдарға ақиқатты көрсетсін һәм олардың істеріне куә болсын деп, ортан үмбет қылдық» деген сөзі туралы («Бақара», 143-аят)

1735
Бұхари, № 1735 · Сахих: 4487Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُدْعَى نُوحٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَقُولُ: “لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ، يَا رَبِّ”. فَيَقُولُ: “هَلْ بَلَّغْتَ؟” فَيَقُولُ: “نَعَمْ”. فَيُقَالُ لِأُمَّتِهِ: “هَلْ بَلَّغَكُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “مَا أَتَانَا مِنْ نَذِيرٍ”. فَيَقُولُ: “مَنْ يَشْهَدُ لَكَ؟” فَيَقُولُ: “مُحَمَّدٌ وَأُمَّتُهُ”. فَتَشْهَدُونَ أَنَّهُ قَدْ بَلَّغَ، وَيَكُونُ الرَّسُولُ عَلَيْكُمْ شَهِيدًا، فَذَلِكَ قَوْلُهُ جَلَّ ذِكْرُهُ: ﴿وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ وَيَكُونَ الرَّسُولُ عَلَيْكُمْ شَهِيدًا﴾ [الْبَقَرَةِ: 143]».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні Нұх шақырылады. Ол: ‘Уа, Раббым! Шақыруыңа жауап бердім, әміріңе әзірмін’, – дейді. Алла: ‘Жолдауды жеткіздің бе?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Иә’, – дейді. Сонда оның үмбетінен: ‘Ол сендерге жолдауды жеткізді ме?’ – деп сұралады. Олар: ‘Бізге ешбір ескертуші келген жоқ’, – дейді. Сонда Нұхтан: ‘Саған кім куәлік етеді?’ – деп сұралады. Ол: ‘Мұхаммед (с.а.с.) және оның үмбеті’, – дейді. Сонда сендер оның жолдауды жеткізгеніне куәлік етесіңдер”, – деді. Ал Елші сендерге куә болады. Ұлық Алланың: “Міне, осылайша сендерді адамдарға ақиқатты көрсетсін һәм олардың істеріне куә болсын, әрі Алла елшісі де сендерге дәл солай куә болсын деп, ортан үмбет қылдық” («Бақара», 143-аят) деген сөзі осы».

بَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 199]

10-бапАлла Тағаланың: «Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 199-аят)

1736
Бұхари, № 1736 · Сахих: 4520Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَتْ قُرَيْشٌ وَمَنْ دَانَ دِينَهَا يَقِفُونَ بِالْمُزْدَلِفَةِ، وَكَانُوا يُسَمَّوْنَ الْحُمْسَ، وَكَانَ سَائِرُ الْعَرَبِ يَقِفُونَ بِعَرَفَاتٍ. فَلَمَّا جَاءَ الْإِسْلَامُ أَمَرَ اللَّهُ نَبِيَّهُ ﷺ أَنْ يَأْتِيَ عَرَفَاتٍ، ثُمَّ يَقِفَ بِهَا، ثُمَّ يُفِيضَ مِنْهَا، فَذَلِكَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 199].

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Құрайыш пен олардың дінін ұстанғандар Муздалифада аялдайтын. Оларды “хумс” деп атайтын. Ал өзге арабтар Арафатта аялдайтын. Ислам келген кезде Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.) Арафатқа барып, сонда аялдауды, содан кейін сол жерден ағылып қайтуды бұйырды. Алла Тағаланың: “Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар” («Бақара», 199-аят) деген сөзі осы».

بَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً﴾ الْآيَةَ [الْبَقَرَةِ: 201]

11-бапАлла Тағаланың: «Әрі олардың ішінде: “Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр!” – деп жалбарынатындар бар» деп басталатын аяты туралы («Бақара», 201-аят)

1737
Бұхари, № 1737 · Сахих: 4522Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً، وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Алла, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр! Ақыретте де жақсылық бере көр және бізді тозақ отынан сақтай көр!” – деп дұға ететін».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا﴾ [الْبَقَرَةِ: 273]

12-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Олар елден қадалып қайыр-садақа сұрамайды» деген сөзі туралы («Бақара», 273-аят)

1738
Бұхари, № 1738 · Сахих: 4539Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَيْسَ الْمِسْكِينُ الَّذِي تَرُدُّهُ التَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ، وَلَا اللُّقْمَةُ وَلَا اللُّقْمَتَانِ. إِنَّمَا الْمِسْكِينُ الَّذِي يَتَعَفَّفُ. وَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ»، يَعْنِي قَوْلَهُ: ﴿لَا يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا﴾ [الْبَقَرَةِ: 273].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Нағыз міскін – бір немесе екі құрма, бір немесе екі тістем ас берсең, қайтып кететін адам емес. Нағыз міскін – мұқтаж бола тұра арын сақтап, сұраудан тартынатын адам. Қаласаңдар, оқыңдар”, – деді. Ол Алланың: “Олар елден қадалып қайыр-садақа сұрамайды” («Бақара», 273-аят) деген сөзін меңзеді».

سُورَةُ آلِ عِمْرَانَ«Әли Имран» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 7]

13-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Ондағы аяттардың бір бөлігі – мағынасы анық мухкам аяттар. Солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі – мағынасы астарлы муташабиһ аяттар» («Әли Имран», 7-аят) деген сөзі туралы

1739
Бұхари, № 1739 · Сахих: 4547Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: تَلَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ اِبْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿أُولُو الْأَلْبَابِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 7]. قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَإِذَا رَأَيْتِ الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ، فَأُولَئِكَ الَّذِينَ سَمَّى اللَّهُ، فَاحْذَرُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі – мағынасы анық мухкам аяттар. Солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі – мағынасы астарлы муташабиһ аяттар. Жүрегінде ауытқу болғандар бүлік шығару үшін әрі ол аяттарды өз қалаулары бойынша тәпсірлеу үшін астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды қазбалайды” дегеннен бастап, “ақыл иелері” («Әли Имран», 7-аят) деген сөзге дейінгі аятты оқыды».

Айша сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітаптағы муташабиһ аяттардың соңына түскен адамдарды көрсең, міне, солар – Алла атаған адамдар. Сондықтан олардан сақ болыңдар”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُولَئِكَ لَا خَلَاقَ لَهُمْ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 77]

14-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ» деген сөзі туралы («Әли Имран», 77-аят)

1740
Бұхари, № 1740 · Сахих: 4552, 4470Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ اِخْتَصَمَ إِلَيْهِ امْرَأَتَانِ كَانَتَا تَخْرِزَانِ فِي بَيْتٍ، فَخَرَجَتْ إِحْدَاهُمَا وَقَدْ أُنْفِذَ بِإِشْفًى فِي كَفِّهَا، فَادَّعَتْ عَلَى الْأُخْرَى، فَرُفِعَ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ يُعْطَى النَّاسُ بِدَعْوَاهُمْ لَذَهَبَ دِمَاءُ قَوْمٍ وَأَمْوَالُهُمْ». «ذَكِّرُوهَا بِاللَّهِ، وَاقْرَؤُوا عَلَيْهَا: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 77]». فَذَكَّرُوهَا، فَاعْتَرَفَتْ. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْيَمِينُ عَلَى الْمُدَّعَى عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) екі әйелдің өзіне дауласа келгені туралы риуаят жеткен: «Екі әйел бір үйде тері тігіп отырған еді. Олардың бірі алақаны бізбен тесілген күйде сыртқа шықты да, екінші әйелді айыптады. Бұл іс Ибн Аббасқа жеткізілді. Сонда Ибн Аббас: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Егер адамдарға тек өздерінің талап-арыздарына қарай бере салынса, кейбір адамдардың қаны төгіліп, мал-мүлкі қолды болар еді’, – деген. Оған Алланы еске салыңдар әрі ‘Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын...’ («Әли Имран», 77-аят) деген аятты оқып беріңдер”, – деді. Олар оған Алланы еске салғанда, әйел мойындады. Сонда Ибн Аббас: “Пайғамбар (с.а.с.): ‘Ант беру міндеті жауапкерге жүктеледі’, – деген”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ﴾ الْآيَةَ [آلِ عِمْرَانَ: 173]

15-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады» («Әли Имран», 173-аят) деп басталатын аяты туралы

1741
Бұхари, № 1741 · Сахих: 4563Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: ﴿حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ﴾ قَالَهَا إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ حِينَ أُلْقِيَ فِي النَّارِ، وَقَالَهَا مُحَمَّدٌ ﷺ حِينَ قَالُوا: ﴿إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَانًا وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 173].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «“Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!” деген сөзді Ибраһим (а.с.) отқа тасталған кезде айтқан. Мұхаммед (с.а.с.) те осы сөзді жұрт: “Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар”, – дегенде айтқан. Аятта: “Бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра түсті. Сонда олар: ‘Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!’ – деп жауап берді” («Әли Имран», 173-аят), – делінген».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 186]

16-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Әрі сендерден бұрын өздеріне иләһи кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер» деген сөзі туралы («Әли Имран», 186-аят)

1742
Бұхари, № 1742 · Сахих: 4566Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَكِبَ عَلَى حِمَارٍ عَلَى قَطِيفَةٍ فَدَكِيَّةٍ، وَأَرْدَفَ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ وَرَاءَهُ يَعُودُ سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ فِي بَنِي الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ قَبْلَ وَقْعَةِ بَدْرٍ، حَتَّى مَرَّ بِمَجْلِسٍ فِيهِ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ يُسْلِمَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ، فَإِذَا فِي الْمَجْلِسِ أَخْلَاطٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُشْرِكِينَ عَبَدَةِ الْأَوْثَانِ وَالْيَهُودِ وَالْمُسْلِمِينَ، وَفِي الْمَجْلِسِ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ. فَلَمَّا غَشِيَتِ الْمَجْلِسَ عَجَاجَةُ الدَّابَّةِ، خَمَّرَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ أَنْفَهُ بِرِدَائِهِ، ثُمَّ قَالَ: «لَا تُغَبِّرُوا عَلَيْنَا». فَسَلَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيْهِمْ، ثُمَّ وَقَفَ فَنَزَلَ فَدَعَاهُمْ إِلَى اللَّهِ، وَقَرَأَ عَلَيْهِمُ الْقُرْآنَ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ: «أَيُّهَا الْمَرْءُ، إِنَّهُ لَا أَحْسَنَ مِمَّا تَقُولُ، إِنْ كَانَ حَقًّا، فَلَا تُؤْذِنَا بِهِ فِي مَجْلِسِنَا، اِرْجِعْ إِلَى رَحْلِكَ، فَمَنْ جَاءَكَ فَاقْصُصْ عَلَيْهِ». فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَاغْشَنَا بِهِ فِي مَجَالِسِنَا، فَإِنَّا نُحِبُّ ذَلِكَ». فَاسْتَبَّ الْمُسْلِمُونَ وَالْمُشْرِكُونَ وَالْيَهُودُ، حَتَّى كَادُوا يَتَثَاوَرُونَ، فَلَمْ يَزَلِ النَّبِيُّ ﷺ يُخَفِّضُهُمْ حَتَّى سَكَنُوا. ثُمَّ رَكِبَ النَّبِيُّ ﷺ دَابَّتَهُ فَسَارَ حَتَّى دَخَلَ عَلَى سَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا سَعْدُ، أَلَمْ تَسْمَعْ مَا قَالَ أَبُو حُبَابٍ؟» – يُرِيدُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ أُبَيٍّ – «قَالَ كَذَا وَكَذَا». قَالَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُعْفُ عَنْهُ وَاصْفَحْ عَنْهُ، فَوَالَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ لَقَدْ جَاءَ اللَّهُ بِالْحَقِّ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ، وَقَدِ اِصْطَلَحَ أَهْلُ هَذِهِ الْبُحَيْرَةِ عَلَى أَنْ يُتَوِّجُوهُ فَيُعَصِّبُوهُ بِالْعِصَابَةِ، فَلَمَّا أَبَى اللَّهُ ذَلِكَ بِالْحَقِّ الَّذِي أَعْطَاكَ اللَّهُ شَرِقَ بِذَلِكَ، فَذَلِكَ فَعَلَ بِهِ مَا رَأَيْتَ». فَعَفَا عَنْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ وَأَصْحَابُهُ يَعْفُونَ عَنِ الْمُشْرِكِينَ وَأَهْلِ الْكِتَابِ، كَمَا أَمَرَهُمُ اللَّهُ تَعَالَى، وَيَصْبِرُونَ عَلَى الْأَذَى. قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 186] الْآيَةَ، وَقَالَ اللَّهُ: ﴿وَدَّ كَثِيرٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ لَوْ يَرُدُّونَكُمْ مِنْ بَعْدِ إِيمَانِكُمْ كُفَّارًا حَسَدًا مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِهِمْ﴾ [الْبَقَرَةِ: 109] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَتَأَوَّلُ الْعَفْوَ مَا أَمَرَهُ اللَّهُ بِهِ، حَتَّى أَذِنَ اللَّهُ فِيهِمْ. فَلَمَّا غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَدْرًا، فَقَتَلَ اللَّهُ بِهِ صَنَادِيدَ كُفَّارِ قُرَيْشٍ، قَالَ ابْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ وَمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُشْرِكِينَ وَعَبَدَةِ الْأَوْثَانِ: «هَذَا أَمْرٌ قَدْ تَوَجَّهَ». فَبَايَعُوا الرَّسُولَ ﷺ عَلَى الْإِسْلَامِ فَأَسْلَمُوا.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Фәдәктен әкелінген жамылғы төселген есекке мініп, артына Усама ибн Зәйдті мінгестіріп алған еді. Ол Бәдір шайқасынан бұрын Бәну әл-Харис ибн әл-Хазраж қонысындағы Сағд ибн Ұбаданың халін сұрауға бара жатты. Жолда Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул отырған бір мәжілістің тұсынан өтті. Бұл Абдулла ибн Убәйдің Исламды әлі қабылдамаған кезі еді. Мәжілісте мұсылмандар, пұтқа табынушы мүшріктер мен яһудилер аралас отырды. Олардың арасында Абдулла ибн Рәуаха да бар еді. Есектің тұяғынан көтерілген шаң мәжілісті басқанда, Абдулла ибн Убәй шапанымен мұрнын жауып: “Бізді шаңдатпаңдар!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға сәлем берді. Содан кейін тоқтап, көлігінен түсті де, оларды Аллаға шақырып, Құран оқып берді. Сонда Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул: “Уа, адам! Егер айтып отырғаның рас болса, бұдан артық нәрсе жоқ. Бірақ мұны біздің мәжілісімізде айтып, мазамызды алма. Үйіңе қайтып бар. Саған кім келсе, соған айтып бер”, – деді.

Сонда Абдулла ибн Рәуаха: “Жоқ, уа, Расулалла! Біздің мәжілістерімізге келіп, осыны айтып тұрыңыз. Біз мұны жақсы көреміз”, – деді. Осыдан кейін мұсылмандар, мүшріктер мен яһудилер бір-бірін балағаттай бастады. Тіпті бір-біріне тап бере жаздады. Пайғамбар (с.а.с.) оларды сабырға шақырып, тыныштандыра берді. Ақыры олар тынышталды. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) көлігіне мініп, Сағд ибн Ұбаданың үйіне барды. Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Уа, Сағд! Әбу Хубабтың не айтқанын естімедің бе?” – деді. Әбу Хубаб деп Абдулла ибн Убәйді меңзеген еді. Содан кейін оның айтқан сөздерін Сағдқа жеткізді. Сонда Сағд ибн Ұбада: “Уа, Расулалла! Оны кешіріп, оған кеңшілік танытыңыз. Сізге Кітапты түсірген Аллаға ант етемін, расында, Алла сізге түсірген ақиқатты әкелді. Ал осы мекеннің халқы басына сәлде орап, оны өздеріне билеуші етуге келісіп қойған еді. Алайда Алла сізге берген ақиқат арқылы мұның жүзеге асуына жол бермеді. Сол себепті ол қатты күйініп, өзіңіз көргендей әрекет жасады”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оны кешірді.

Алла Елшісі (с.а.с.) мен сахабалары Алла Тағала бұйырғандай мүшріктер мен Кітап иелерін кешіріп, олардың көрсеткен жәбіріне сабыр ететін. Ұлы әрі Үстем Алла: “Әрі сендерден бұрын өздеріне иләһи кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер” («Әли Имран», 186-аят) деген аятта осылай айтты. Сондай-ақ Алла: “Кітап иелерінің көпшілігі нәпсілерінен туындаған қызғаныш себепті, сендерді иманнан кейін қайтадан кәпір қылуды көксейді” («Бақара», 109-аят) дегеннен бастап, аяттың соңына дейін айтты. Пайғамбар (с.а.с.) Алланың өзіне бұйырған кешірімділік жолын ұстанатын. Бұл Алла оларға қатысты рұқсат бергенге дейін жалғасты.

Алла Елшісі (с.а.с.) Бәдірге жорыққа аттанып, Алла ол арқылы Құрайыш кәпірлерінің беделді басшыларын өлтіргенде, Ибн Убәй ибн Сәлул мен онымен бірге болған мүшріктер және пұтқа табынушылар: “Бұл іс енді берік орнықты”, – десті. Содан кейін Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында Исламды қабылдайтындарына серт беріп, мұсылман болды».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 188]

17-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды...» деп басталатын аяты туралы («Әли Имран», 188-аят)

1743
Бұхари, № 1743 · Сахих: 4567Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رِجَالًا مِنَ الْمُنَافِقِينَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْغَزْوِ تَخَلَّفُوا عَنْهُ، وَفَرِحُوا بِمَقْعَدِهِمْ خِلَافَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ اِعْتَذَرُوا إِلَيْهِ وَحَلَفُوا، وَأَحَبُّوا أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا، فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ فِيهِمْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында кейбір мұнафықтар Алла Елшісі (с.а.с.) жорыққа шыққанда онымен бірге бармай, артта қалатын әрі Алла Елшісіне (с.а.с.) ермей қалғандарына қуанатын. Алла Елшісі (с.а.с.) қайтып келгенде, олар түрлі сылтау айтып, ант ішетін және өздері істемеген істері үшін мақталғанды ұнататын. Сонда олар жайында осы аят түсті».

1744
Бұхари, № 1744 · Сахих: 4568Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَقَدْ قِيلَ لَهُ: «لَئِنْ كَانَ كُلُّ امْرِئٍ فَرِحَ بِمَا أُوتِيَ، وَأَحَبَّ أَنْ يُحْمَدَ بِمَا لَمْ يَفْعَلْ، مُعَذَّبًا، لَنُعَذَّبَنَّ أَجْمَعُونَ». فَقَالَ: «وَمَا لَكُمْ وَلِهَذِهِ؟ إِنَّمَا دَعَا النَّبِيُّ ﷺ يَهُودَ فَسَأَلَهُمْ عَنْ شَيْءٍ، فَكَتَمُوهُ إِيَّاهُ، وَأَخْبَرُوهُ بِغَيْرِهِ، فَأَرَوْهُ أَنْ قَدِ اِسْتَحْمَدُوا إِلَيْهِ بِمَا أَخْبَرُوهُ عَنْهُ فِيمَا سَأَلَهُمْ، وَفَرِحُوا بِمَا أُوتُوا مِنْ كِتْمَانِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббасқа (р.а.): «Егер өзіне берілген нәрсеге қуанған әрі өзі істемеген ісі үшін мақталғанды ұнатқан әрбір адам азапталатын болса, онда бәріміз де азапқа ұшыраймыз ғой», – делінгенде, ол былай деді: «Бұл аяттың сендерге не қатысы бар? Негізінде, Пайғамбар (с.а.с.) яһудилерді шақырып, олардан бір нәрсе жөнінде сұрады. Олар оны Пайғамбардан (с.а.с.) жасырып, орнына басқа нәрсені айтты. Сөйтіп, сұрағына берген жауаптары арқылы оның алдында өздерін мақтауға лайық етіп көрсетіп, ақиқатты жасырғандарына қуанды».

سُورَةُ النِّسَاءِ«Ниса» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى﴾ [النِّسَاءِ: 3]

18-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар...» («Ниса», 3-аят) деген сөзі туралы

1745
Бұхари, № 1745 · Сахих: 4574Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سَأَلَهَا عُرْوَةُ عَنْ قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى﴾ فَقَالَتْ: «يَا ابْنَ أُخْتِي، هَذِهِ الْيَتِيمَةُ تَكُونُ فِي حَجْرِ وَلِيِّهَا، تَشْرَكُهُ فِي مَالِهِ، وَيُعْجِبُهُ مَالُهَا وَجَمَالُهَا، فَيُرِيدُ وَلِيُّهَا أَنْ يَتَزَوَّجَهَا بِغَيْرِ أَنْ يُقْسِطَ فِي صَدَاقِهَا، فَيُعْطِيَهَا مِثْلَ مَا يُعْطِيهَا غَيْرُهُ، فَنُهُوا عَنْ أَنْ يَنْكِحُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يُقْسِطُوا لَهُنَّ، وَيَبْلُغُوا لَهُنَّ أَعْلَى سُنَّتِهِنَّ فِي الصَّدَاقِ، فَأُمِرُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا طَابَ لَهُمْ مِنَ النِّسَاءِ سِوَاهُنَّ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَإِنَّ النَّاسَ اِسْتَفْتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ هَذِهِ الْآيَةِ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ﴾ [النِّسَاءِ: 127]». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَقَوْلُ اللَّهِ تَعَالَى فِي آيَةٍ أُخْرَى: ﴿وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾ [النِّسَاءِ: 127]: رَغْبَةُ أَحَدِكُمْ عَنْ يَتِيمَتِهِ، حِينَ تَكُونُ قَلِيلَةَ الْمَالِ وَالْجَمَالِ». قَالَتْ: «فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَنْ رَغِبُوا فِي مَالِهِ وَجَمَالِهِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ إِلَّا بِالْقِسْطِ، مِنْ أَجْلِ رَغْبَتِهِمْ عَنْهُنَّ إِذَا كُنَّ قَلِيلَاتِ الْمَالِ وَالْجَمَالِ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Ұруаның одан Ұлы әрі Үстем Алланың: «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар...» («Ниса», 3-аят) деген сөзі туралы сұрағаны айтылады. Сонда Айша: «Уа, әпкемнің ұлы! Бұл – қамқоршысының қолында тұрып, оның мал-мүлкіне ортақтас болған жетім қыз. Қамқоршыға қыздың мал-мүлкі мен сұлулығы ұнайды да, оған басқа біреу беретіндей мәһір беріп, әділдік жасамастан, өзі үйленгісі келеді. Сондықтан мұндай жетім қыздарға әділдік жасап, оларға әдетте берілетін мәһірдің ең жоғарғы мөлшерін бермейінше, оларға үйленуге тыйым салынды. Оларға жетім қыздардан өзге, өздеріне ұнаған әйелдерге үйлену бұйырылды», – деді.

Айша былай деді: «Осы аяттан кейін адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрады. Сонда Алла: “Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды” («Ниса», 127-аят) деген аятты түсірді».

Айша әрі қарай: «Алла Тағаланың басқа бір аяттағы: “Әрі оларға үйленуді қаламайсыңдар” («Ниса», 127-аят) деген сөзі – біріңнің қамқорлығыңдағы жетім қыздың мал-мүлкі аз әрі көркі төмен болған кезде оған үйленуге құлықсыздық танытып, одан теріс айналуыңды білдіреді», – деді.

Айша: «Сондықтан мал-мүлкі мен сұлулығына қызыққан жетім қыздарға, мал-мүлкі аз әрі көркі төмен жетімдерден теріс айналғандары себепті, әділдік жасамайынша үйленуге тыйым салынды», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يُوصِيكُمُ اللَّهُ فِي أَوْلَادِكُمْ﴾ [النِّسَاءِ: 11]

19-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Балаларыңа мұра қалдырғанда Алла Тағала сендерге мынаны бұйырады» деген сөзі туралы («Ниса», 11-аят)

1746
Бұхари, № 1746 · Сахих: 4577Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: عَادَنِي النَّبِيُّ ﷺ وَأَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي بَنِي سَلِمَةَ مَاشِيَيْنِ، فَوَجَدَنِي النَّبِيُّ ﷺ لَا أَعْقِلُ، فَدَعَا بِمَاءٍ فَتَوَضَّأَ مِنْهُ، ثُمَّ رَشَّ عَلَيَّ فَأَفَقْتُ، فَقُلْتُ: «مَا تَأْمُرُنِي أَنْ أَصْنَعَ فِي مَالِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» فَنَزَلَتْ: ﴿يُوصِيكُمُ اللَّهُ فِي أَوْلَادِكُمْ﴾ [النِّسَاءِ: 11].

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Мен Бәну Сәлимә жерінде ауырған кезімде, Пайғамбар (с.а.с.) мен Әбу Бәкір (р.а.) жаяу келіп, халімді сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) менің ес-түссіз жатқанымды көрді. Сонда су алдыртып, одан дәрет алды да, маған сол судан шашты. Мен есімді жидым. Сонда: “Уа, Расулалла! Мал-мүлкімді не істеуге бұйырасыз?” – деп сұрадым. Сол кезде “Балаларыңа мұра қалдырғанда Алла Тағала сендерге мынаны бұйырады” («Ниса», 11-аят) деген аят түсті».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ﴾ [النِّسَاءِ: 40]

20-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Шүбәсіз, Алла зәредей де әділетсіздік жасамайды» («Ниса», 40-аят) деген сөзі туралы

1747
Бұхари, № 1747 · Сахих: 4581, 4554Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى نَاسٌ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ نَرَى رَبَّنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» فَذَكَرَ حَدِيثَ الرُّؤْيَةِ وَقَدْ تَقَدَّمَ بِكَمَالِهِ، ثُمَّ قَالَ: «إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ أَذَّنَ مُؤَذِّنٌ: “تَتْبَعُ كُلُّ أُمَّةٍ مَا كَانَتْ تَعْبُدُ”. فَلَا يَبْقَى مَنْ كَانَ يَعْبُدُ غَيْرَ اللَّهِ مِنَ الْأَصْنَامِ وَالْأَنْصَابِ إِلَّا يَتَسَاقَطُونَ فِي النَّارِ، حَتَّى إِذَا لَمْ يَبْقَ إِلَّا مَنْ كَانَ يَعْبُدُ اللَّهَ بَرٌّ أَوْ فَاجِرٌ، وَغُبَّرَاتُ أَهْلِ الْكِتَابِ، فَيُدْعَى الْيَهُودُ فَيُقَالُ لَهُمْ: “مَنْ كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ؟” قَالُوا: “كُنَّا نَعْبُدُ عُزَيْرَ ابْنَ اللَّهِ” فَيُقَالُ لَهُمْ: “كَذَبْتُمْ! مَا اِتَّخَذَ اللَّهُ مِنْ صَاحِبَةٍ وَلَا وَلَدٍ، فَمَاذَا تَبْغُونَ؟” فَقَالُوا: “عَطِشْنَا، رَبَّنَا، فَاسْقِنَا”، فَيُشَارُ: “أَلَا تَرِدُونَ؟” فَيُحْشَرُونَ إِلَى النَّارِ كَأَنَّهَا سَرَابٌ يَحْطِمُ بَعْضُهَا بَعْضًا، فَيَتَسَاقَطُونَ فِي النَّارِ، ثُمَّ يُدْعَى النَّصَارَى فَيُقَالُ لَهُمْ: “مَنْ كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ؟” قَالُوا: “كُنَّا نَعْبُدُ الْمَسِيحَ ابْنَ اللَّهِ”، فَيُقَالُ لَهُمْ: “كَذَبْتُمْ! مَا اِتَّخَذَ اللَّهُ مِنْ صَاحِبَةٍ وَلَا وَلَدٍ”. فَيُقَالُ لَهُمْ: “مَاذَا تَبْغُونَ؟” فَكَذَلِكَ مِثْلَ الْأَوَّلِ حَتَّى إِذَا لَمْ يَبْقَ إِلَّا مَنْ كَانَ يَعْبُدُ اللَّهَ مِنْ بَرٍّ أَوْ فَاجِرٍ، أَتَاهُمْ رَبُّ الْعَالَمِينَ فِي أَدْنَى صُورَةٍ مِنَ الَّتِي رَأَوْهُ فِيهَا، فَيُقَالُ: “مَاذَا تَنْتَظِرُونَ؟ تَتْبَعُ كُلُّ أُمَّةٍ مَا كَانَتْ تَعْبُدُ”. قَالُوا: “فَارَقْنَا النَّاسَ فِي الدُّنْيَا عَلَى أَفْقَرِ مَا كُنَّا إِلَيْهِمْ وَلَمْ نُصَاحِبْهُمْ، وَنَحْنُ نَنْتَظِرُ رَبَّنَا الَّذِي كُنَّا نَعْبُدُ”. فَيَقُولُ: “أَنَا رَبُّكُمْ”، فَيَقُولُونَ: “لَا نُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا”، مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Бір топ адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Қиямет күні Раббымызды көреміз бе?” – деп сұрады». Бұдан кейін Алланы көру туралы хадис баяндалды. Ол бұған дейін толық келтірілген. Содан соң Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні бір жаршы: “Әрбір үмбет дүниеде құлшылық еткен нәрсесінің соңынан ерсін!” – деп жар салады. Сонда Алладан өзге пұттар мен табыну үшін орнатылған тастарға құлшылық еткендердің барлығы бірінен соң бірі отқа құлайды. Ақырында Аллаға құлшылық еткендердің ізгісі де, күнәһары да және Кітап иелерінен қалған бірен-саран адамдар ғана қалады.

Содан кейін яһудилер шақырылып, оларға: “Сендер кімге құлшылық ететін едіңдер?” – делінеді. Олар: “Біз Алланың ұлы Ұзайырға құлшылық ететін едік”, – дейді. Сонда оларға: “Өтірік айттыңдар! Алла Өзіне ешқашан жұбай да, бала да алған емес. Енді не қалайсыңдар?” – делінеді. Олар: “Уа, Раббымыз! Шөлдедік, бізге су бере гөр”, – дейді. Сонда оларға: “Суға бармайсыңдар ма?” – дегендей ишара жасалады. Сөйтіп, олар бір бөлігі екінші бөлігін соққылап жатқан сағымдай көрінетін отқа қарай айдалады да, бірінен соң бірі отқа құлайды.

Содан кейін христиандар шақырылып, оларға: “Сендер кімге құлшылық ететін едіңдер?” – делінеді. Олар: “Біз Алланың ұлы Мәсіхке құлшылық ететін едік”, – дейді. Сонда оларға: “Өтірік айттыңдар! Алла Өзіне ешқашан жұбай да, бала да алған емес”, – делінеді. Одан кейін: “Енді не қалайсыңдар?” – деп сұралады. Оларға да алдыңғыларға жасалғанның дәл өзі жасалады.

Ақырында Аллаға құлшылық еткендердің ізгісі мен күнәһарынан басқа ешкім қалмаған кезде, Әлемдердің Раббысы оларға өздері Оны бұрын көрген бейнеге ең жақын бір бейнеде келеді. Сонда: “Нені күтіп тұрсыңдар? Әрбір үмбет құлшылық еткен нәрсесінің соңынан еріп барады”, – делінеді. Олар: “Дүниеде біз адамдарға аса мұқтаж болғанымызға қарамастан, олардан бөлініп, олармен бірге болмадық. Біз құлшылық еткен Раббымызды күтіп тұрмыз”, – дейді. Сонда Ол: “Мен – сендердің Раббыларыңмын”, – дейді. Олар екі немесе үш рет: “Біз Аллаға еш нәрсені серік қоспаймыз”, – дейді», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ﴾ [النِّسَاءِ: 41]

21-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 41-аят)

1748
Бұхари, № 1748 · Сахих: 4582Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي النَّبِيُّ ﷺ: «اِقْرَأْ عَلَيَّ». قُلْتُ: «أَقْرَأُ عَلَيْكَ وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟» قَالَ: «فَإِنِّي أُحِبُّ أَنْ أَسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِي». فَقَرَأْتُ عَلَيْهِ سُورَةَ النِّسَاءِ، حَتَّى بَلَغْتُ: ﴿فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هَؤُلَاءِ شَهِيدًا﴾، قَالَ: «أَمْسِكْ». فَإِذَا عَيْنَاهُ تَذْرِفَانِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Маған Құран оқып бер”, – деді. Мен: “Құран өзіңізге түсірілген бола тұра, оны мен сізге оқып берейін бе?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Мен оны басқа біреуден тыңдағанды ұнатамын”, – деді. Содан кейін мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым. “Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда, әрі сені де мыналарға қарсы куәға тартқанымызда, адамдардың жағдайы не болар екен?!” («Ниса», 41-аят) деген аятқа жеткенімде, ол (с.а.с.): “Тоқта”, – деді. Қарасам, екі көзінен жас ағып тұр екен», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [النِّسَاءِ: 97]

22-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Өлім періштелері өз-өздеріне қиянат жасағандардың жанын аларда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 97-аят)

1749
Бұхари, № 1749 · Сахих: 4596Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ نَاسًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ كَانُوا مَعَ الْمُشْرِكِينَ يُكَثِّرُونَ سَوَادَهُمْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يَأْتِي السَّهْمُ فَيُرْمَى بِهِ فَيُصِيبُ أَحَدَهُمْ فَيَقْتُلُهُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [النِّسَاءِ: 97].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.): «Кейбір мұсылмандар мүшріктермен бірге болып, Алла Елшісіне (с.а.с.) қарсы олардың қарасын көбейтетін еді. Кейде атылған жебе солардың біріне тиіп, оны мерт ететін. Сонда Алла: “Өлім періштелері өз-өздеріне қиянат жасағандардың жанын аларда...” («Ниса», 97-аят) деп басталатын аятты түсірді», – деп жеткізілді.

بَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ﴾ [النِّسَاءِ: 163]

23-бапАлла Тағаланың: «Біз Нұхқа уахи түсіргеніміздей саған да уахи түсірдік» деген сөзі туралы («Ниса», 163-аят)

1750
Бұхари, № 1750 · Сахих: 4604Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَالَ: “أَنَا خَيْرٌ مِنْ يُونُسَ بْنِ مَتَّى”، فَقَدْ كَذَبَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім: “Мен Юнус ибн Маттадан артықпын”, – десе, өтірік айтқан болады», – дегенін жеткізді.

سُورَةُ الْمَائِدَةِ«Мәида» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ﴾ [الْمَائِدَةِ: 67]

24-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Уа, Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді жеткіз!» деген сөзі туралы («Мәида», 67-аят)

1751
Бұхари, № 1751 · Сахих: 4612Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: مَنْ حَدَّثَكَ أَنَّ مُحَمَّدًا ﷺ كَتَمَ شَيْئًا مِمَّا أُنْزِلَ عَلَيْهِ فَقَدْ كَذَبَ، وَاللَّهُ يَقُولُ: ﴿يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ﴾ الْآيَةَ [الْمَائِدَةِ: 67].

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Кімде-кім саған: “Мұхаммед (с.а.с.) өзіне түсірілгеннің бір бөлігін жасырды”, – десе, ол өтірік айтқан болады. Алла: “Уа, Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді жеткіз!” («Мәида», 67-аят) деп басталатын аятта осылай дейді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تُحَرِّمُوا طَيِّبَاتِ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكُمْ﴾ [الْمَائِدَةِ: 87]

25-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Алланың сендер үшін адал еткен нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар» деген сөзі туралы («Мәида», 87-аят)

1752
Бұхари, № 1752 · Сахих: 4615

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا نَغْزُو مَعَ النَّبِيِّ ﷺ وَلَيْسَ مَعَنَا نِسَاءٌ، فَقُلْنَا: «أَلَا نَخْتَصِي؟» فَنَهَانَا عَنْ ذَلِكَ، فَرَخَّصَ لَنَا بَعْدَ ذَلِكَ أَنْ نَتَزَوَّجَ الْمَرْأَةَ بِالثَّوْبِ، ثُمَّ قَرَأَ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُحَرِّمُوا طَيِّبَاتِ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكُمْ﴾.

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жорықтарға шығатынбыз, ал қасымызда әйелдер болмайтын. Сонда: “Өзімізді піштіреміз бе?” – дедік. Ол бізге бұған тыйым салды. Кейін әйелге бір киімді мәһір етіп беріп, үйленуімізге рұқсат берді. Содан кейін: “Уа, иман келтіргендер! Алланың сендер үшін адал еткен нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар” («Мәида», 87-аят) деген аятты оқыды».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ﴾ [الْمَائِدَةِ: 90]

26-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер» деген сөзі туралы («Мәида», 90-аят)

1753
Бұхари, № 1753 · Сахих: 4617Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَا كَانَ لَنَا خَمْرٌ غَيْرُ فَضِيخِكُمْ هَذَا الَّذِي تُسَمُّونَهُ الْفَضِيخَ، فَإِنِّي لَقَائِمٌ أَسْقِي أَبَا طَلْحَةَ، وَفُلَانًا وَفُلَانًا، إِذْ جَاءَ رَجُلٌ فَقَالَ: «وَهَلْ بَلَغَكُمُ الْخَبَرُ؟» فَقَالُوا: «وَمَا ذَاكَ؟» قَالَ: «حُرِّمَتِ الْخَمْرُ». قَالُوا: «أَهْرِقْ هَذِهِ الْقِلَالَ، يَا أَنَسُ». قَالَ: فَمَا سَأَلُوا عَنْهَا وَلَا رَاجَعُوهَا بَعْدَ خَبَرِ الرَّجُلِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай жеткізді: «Бізде сендер “фадих” деп атайтын осы ішімдіктен басқа шарап жоқ еді. Мен Әбу Талхаға, пәленше мен пәленшеге сусын құйып беріп тұрған едім. Сол кезде бір адам келіп: “Сендерге хабар жетті ме?” – деді. Олар: “Қандай хабар?” – деп сұрады. Ол: “Шарап харам етілді”, – деді. Сонда олар: “Уа, Әнәс! Мына құмыралардағы шарапты төгіп таста”, – деді. Әлгі адамның хабарынан кейін олар шарап жайында ештеңе сұрамады әрі оған қайта оралмады».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ﴾ [الْمَائِدَةِ: 101]

27-бапҰлы әрі Үстем Алланың: «Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер» деген сөзі туралы («Мәида», 101-аят)

1754
Бұхари, № 1754 · Сахих: 4621Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خُطْبَةً مَا سَمِعْتُ مِثْلَهَا قَطُّ، قَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا، وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا». فَغَطَّى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وُجُوهَهُمْ، لَهُمْ خَنِينٌ. فَقَالَ رَجُلٌ: «مَنْ أَبِي؟» قَالَ: «فُلَانٌ». فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сондай бір құтба айтты, мен оған ұқсас құтбаны бұрын-соңды естімеген едім. Ол (с.а.с.): “Егер менің білетінімді сендер де білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер”, – деді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары жүздерін бүркеп, өксіп жылады. Бір адам: “Менің әкем кім?” – деп сұрады. Ол: “Пәленше”, – деді. Сонда осы аят түсті».

1755
Бұхари, № 1755 · Сахих: 4622Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ نَاسٌ يَسْأَلُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِسْتِهْزَاءً، فَيَقُولُ الرَّجُلُ: «مَنْ أَبِي؟» وَيَقُولُ الرَّجُلُ تَضِلُّ نَاقَتُهُ: «أَيْنَ نَاقَتِي؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ فِيهِمْ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ﴾ [الْمَائِدَةِ: 101] حَتَّى فَرَغَ مِنَ الْآيَةِ كُلِّهَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай жеткізді: «Кейбір адамдар Алла Елшісіне (с.а.с.) келемеждеп сұрақтар қоятын. Біреуі: “Менің әкем кім?” – десе, түйесі жоғалған тағы біреуі: “Менің түйем қайда?” – деп сұрайтын. Сонда Ұлы әрі Үстем Алла солар жайында: “Уа, иман келтіргендер! Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер” («Мәида», 101-аят) деген аятты түсірді», – деді де, аятты соңына дейін оқып шықты.

سُورَةُ الْأَنْعَامِ«Әнғам» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَى أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ﴾ الْآيَةَ [الْأَنْعَامِ: 65]

28-бапАлла Тағаланың: «Һәм оларға: “Ол төбелеріңнен азап жіберуге толық құдіретті!” – деп айт» деп басталатын аяты туралы («Әнғам», 65‑аят)

1756
Бұхари, № 1756 · Сахих: 4628Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَى أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ﴾، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَعُوذُ بِوَجْهِكَ». قَالَ: ﴿أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ﴾، قَالَ: «أَعُوذُ بِوَجْهِكَ». ﴿أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ﴾، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا أَهْوَنُ – أَوْ هَذَا أَيْسَرُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «“Һәм оларға: ‘Ол төбелеріңнен азап жіберуге толық құдіретті!’ – деп айт” («Әнғам», 65‑аят) деген аят түскенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Сенің дидарыңа сыйынып, пана тілеймін”, – деді. “немесе аяқтарыңның астынан да” («Әнғам», 65‑аят) дегенде де: “Сенің дидарыңа сыйынып, пана тілеймін”, – деді. Ал “немесе сендерді жік-жікке бөліп біріңнің жұдырығын біріңе жегізуге” («Әнғам», 65‑аят) дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл жеңілірек”, – деді немесе: “Бұл оңайырақ”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ هَدَى اللَّهُ فَبِهُدَاهُمُ اِقْتَدِهْ﴾ [الْأَنْعَامِ: 90]

29-бапАлла Тағаланың: «Міне, осы таңдаулы тұлғалар – Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» деген сөзі туралы («Әнғам», 90‑аят)

1757
Бұхари, № 1757 · Сахих: 4632Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سُئِلَ: «أَفِي ﴿صٓ﴾ سَجْدَةٌ؟» فَقَالَ: «نَعَمْ». ثُمَّ تَلَا: ﴿وَوَهَبْنَا﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَبِهُدَاهُمُ اِقْتَدِهْ﴾ [الْأَنْعَامِ: ‎84–90‎]، ثُمَّ قَالَ: «نَبِيُّكُمْ ﷺ مِمَّنْ أُمِرَ أَنْ يَقْتَدِيَ بِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.): «“Сад” сүресінде сәжде аяты бар ма?» – деп сұралғанда, ол: «Иә», – деп жауап берді. Содан кейін «Кейін Ибраһимге Исхақ пен Яқубты нәсіп еттік» («Әнғам», 84‑аят) дегеннен бастап, «Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» («Әнғам», 90‑аят) деген сөзге дейін оқыды да: «Сендердің Пайғамбарларың (с.а.с.) да солардың жолына еруге бұйырылғандардың қатарында», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَا تَقْرَبُوا الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ﴾ [الْأَنْعَامِ: 151]

30-бапАлла Тағаланың: «Мейлі жария, мейлі жасырын болсын, арсыздық пен күнә атаулыдан аулақ жүріңдер» («Әнғам», 151‑аят) деген сөзі туралы

1758
Бұхари, № 1758 · Сахих: 4634

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَرْفَعُهُ، قَالَ: «لَا أَحَدَ أَغْيَرُ مِنَ اللَّهِ، وَلِذَلِكَ حَرَّمَ الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ، وَلَا شَيْءَ أَحَبُّ إِلَيْهِ الْمَدْحُ مِنَ اللَّهِ، وَلِذَلِكَ مَدَحَ نَفْسَهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алладан артық қызғанатын ешкім жоқ. Сондықтан Ол арсыздықтың ашығын да, жасырынын да харам етті. Сондай-ақ Алладан артық мақтауды жақсы көретін ешкім жоқ. Сондықтан Ол Өзін-Өзі мадақтады».

سُورَةُ الْأَعْرَافِ«Ағраф» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ﴾ الْآيَةَ [الْأَعْرَافِ: 199]

31-бапАлла Тағаланың: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе» деп басталатын аяты туралы («Ағраф», 199‑аят)

1759
Бұхари, № 1759 · Сахих: 4644

عَنِ ابْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَمَرَ اللَّهُ نَبِيَّهُ ﷺ أَنْ يَأْخُذَ الْعَفْوَ مِنْ أَخْلَاقِ النَّاسِ، أَوْ كَمَا قَالَ.

Қазақша аудармасы

Ибн әз-Зубәйр (р.а.): «Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.) адамдардың мінез-құлқына кешіріммен қарауды бұйырды», – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты.

سُورَةُ الْأَنْفَالِ«Әнфәл» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَقَاتِلُوهُمْ حَتَّى لَا تَكُونَ فِتْنَةٌ﴾ الْآيَةَ [الْأَنْفَالِ: 39]

32-бапАлла Тағаланың: «Күпірліктен туындайтын лаң, бүлік һәм зұлымдық атаулы толық жойылғанға дейін ... олармен соғысыңдар» деп басталатын аяты туралы («Әнфәл», 39‑аят)

1760
Бұхари, № 1760 · Сахих: 4651Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «كَيْفَ تَرَى فِي قِتَالِ الْفِتْنَةِ؟» فَقَالَ: «وَهَلْ تَدْرِي مَا الْفِتْنَةُ؟ كَانَ مُحَمَّدٌ ﷺ يُقَاتِلُ الْمُشْرِكِينَ، وَكَانَ الدُّخُولُ عَلَيْهِمْ فِتْنَةً، وَلَيْسَ كَقِتَالِكُمْ عَلَى الْمُلْكِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.): «Бүлік кезіндегі соғыс туралы не айтасың?» – деп сұралғанда, ол: «Бүліктің не екенін білесің бе? Мұхаммед (с.а.с.) мүшріктермен соғысатын. Оларға қарсы соғысу сынақ болатын. Бұл сендердің билік үшін соғысқандарың секілді емес», – деді.

سُورَةُ بَرَاءَةَ«Тәубе» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَآخَرُونَ اِعْتَرَفُوا بِذُنُوبِهِمْ﴾ الْآيَةَ [التَّوْبَةِ: 102]

33-бапАлла Тағаланың: «Һәм күнәларын толық мойындаған тағы бір топ бар» деп басталатын аяты туралы («Тәубе», 102‑аят)

1761
Бұхари, № 1761 · Сахих: 4674Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَنَا: «أَتَانِي اللَّيْلَةَ آتِيَانِ فَابْتَعَثَانِي، فَانْتَهَيْنَا إِلَى مَدِينَةٍ مَبْنِيَّةٍ بِلَبِنِ ذَهَبٍ، وَلَبِنِ فِضَّةٍ، فَتَلَقَّانَا رِجَالٌ شَطْرٌ مِنْ خَلْقِهِمْ كَأَحْسَنِ مَا أَنْتَ رَاءٍ، وَشَطْرٌ كَأَقْبَحِ مَا أَنْتَ رَاءٍ، قَالَا لَهُمْ: “اِذْهَبُوا فَقَعُوا فِي ذَلِكَ النَّهْرِ”، فَوَقَعُوا فِيهِ، ثُمَّ رَجَعُوا إِلَيْنَا، قَدْ ذَهَبَ ذَلِكَ السُّوءُ عَنْهُمْ، فَصَارُوا فِي أَحْسَنِ صُورَةٍ. قَالَا لِي: “هَذِهِ جَنَّةُ عَدْنٍ، وَهَذَاكَ مَنْزِلُكَ”. قَالَا: “أَمَّا الْقَوْمُ الَّذِينَ كَانُوا شَطْرٌ مِنْهُمْ حَسَنٌ، وَشَطْرٌ مِنْهُمْ قَبِيحٌ، فَإِنَّهُمْ خَلَطُوا عَمَلًا صَالِحًا وَآخَرَ سَيِّئًا، تَجَاوَزَ اللَّهُ عَنْهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Самура ибн Жундуб (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге былай деді: “Бүгін түнде маған екі кісі келіп, мені орнымнан тұрғызып, ертіп әкетті. Сөйтіп, алтын және күміс кірпіштерден салынған бір қалаға жеттік. Бізді бір топ адам қарсы алды. Олардың денелерінің жартысы көз көрген ең көркем кейіпте, ал екінші жартысы көз көрген ең ұсқынсыз кейіпте еді. Әлгі екі кісі оларға: ‘Барыңдар да, ана өзенге түсіңдер’, – деді. Олар өзенге түсіп, кейін бізге қайтып келді. Сонда бойларындағы әлгі ұсқынсыздық жоғалып, ең көркем кейіпке енген еді. Әлгі екі кісі маған: ‘Бұл – Адн Жәннаты, ал анау – сенің мекенің’, – деді. Содан кейін: ‘Ал денелерінің бір жартысы көркем, екінші жартысы ұсқынсыз болған адамдарға келсек, олар ізгі амалдарын жаман істерімен араластырып алғандар. Алла оларды кешірді’, – деді”, – деді».

سُورَةُ هُودٍ«Һуд» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَكَانَ عَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ﴾ [هُودٍ: 7]

34-бапАлла Тағаланың: «Оның Аршы судың үстінде еді» («Һуд», 7‑аят) деген сөзі туралы

1762
Бұхари, № 1762 · Сахих: 4684Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “أَنْفِقْ أُنْفِقْ عَلَيْكَ”». وَقَالَ: «يَدُ اللَّهِ مَلْأَى لَا تَغِيضُهَا نَفَقَةٌ سَحَّاءُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ». وَقَالَ: «أَرَأَيْتُمْ مَا أَنْفَقَ مُنْذُ خَلَقَ السَّمَاءَ وَالْأَرْضَ، فَإِنَّهُ لَمْ يَغِضْ مَا فِي يَدِهِ، وَكَانَ عَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ، وَبِيَدِهِ الْمِيزَانُ يَخْفِضُ وَيَرْفَعُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла Тағала: “Жақсылық жолында жұмса, Мен де саған беремін”, – деді». Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): «Алланың қолы нығметке толы. Күндіз-түні толассыз бергені оны кемітпейді», – деді. Тағы да: «Алла көктер мен жерді жаратқалы бері қаншама нығмет бергенін ойлап көрдіңдер ме? Соған қарамастан, Оның қолындағысы кеміген жоқ. Оның Аршы судың үстінде еді. Таразы Оның қолында: Ол оны төмен түсіреді де, жоғары көтереді», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى﴾ الْآيَةَ [هُودٍ: 102]

35-бапАлла Тағаланың: «Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды» деп басталатын аяты туралы («Һуд», 102‑аят)

1763
Бұхари, № 1763 · Сахих: 4686Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَيُمْلِي لِلظَّالِمِ حَتَّى إِذَا أَخَذَهُ لَمْ يُفْلِتْهُ». قَالَ: ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алла залымға мұрсат береді. Ал оны қолға алған кезде, енді құтылып кетуіне жол бермейді”, – деді. Содан кейін: “Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы тым қатты” («Һуд», 102‑аят) деген аятты оқыды».

سُورَةُ الْحِجْرِ«Хижр» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِلَّا مَنِ اِسْتَرَقَ السَّمْعَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ مُبِينٌ﴾ [الْحِجْرِ: 18]

36-бапАлла Тағаланың: «Ал әлдекім ұрланып тың тыңдайтын болса, жарқыраған жұлдыз оның соңына түседі» («Хижр», 18‑аят) деген сөзі туралы

1764
Бұхари, № 1764 · Сахих: 4701Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَضَى اللَّهُ الْأَمْرَ فِي السَّمَاءِ، ضَرَبَتِ الْمَلَائِكَةُ بِأَجْنِحَتِهَا خُضْعَانًا لِقَوْلِهِ، كَالسِّلْسِلَةِ عَلَى صَفْوَانٍ، فَإِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ، قَالُوا: “مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟” قَالُوا لِلَّذِي قَالَ: “الْحَقَّ، وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ”، فَيَسْمَعُهَا مُسْتَرِقُو السَّمْعِ، وَمُسْتَرِقُو السَّمْعِ هَكَذَا وَاحِدٌ فَوْقَ آخَرَ، فَرُبَّمَا أَدْرَكَ الشِّهَابُ الْمُسْتَمِعَ قَبْلَ أَنْ يَرْمِيَ بِهَا إِلَى صَاحِبِهِ فَيُحْرِقَهُ، وَرُبَّمَا لَمْ يُدْرِكْهُ حَتَّى يَرْمِيَ بِهَا إِلَى الَّذِي يَلِيهِ، إِلَى الَّذِي هُوَ أَسْفَلَ مِنْهُ، حَتَّى يُلْقُوهَا إِلَى الْأَرْضِ، فَتُلْقَى عَلَى فَمِ السَّاحِرِ، فَيَكْذِبُ مَعَهَا مِائَةَ كَذْبَةٍ، فَيُصَدَّقُ، فَيَقُولُونَ: “أَلَمْ يُخْبِرْنَا يَوْمَ كَذَا وَكَذَا، يَكُونُ كَذَا وَكَذَا، فَوَجَدْنَاهُ حَقًّا؟”، لِلْكَلِمَةِ الَّتِي سُمِعَتْ مِنَ السَّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла көкте бір іс жайында үкім шығарған кезде, періштелер Оның сөзіне бойсұнып, қанаттарын қағады. Бұл үн тегіс тастың үстімен сүйретілген шынжырдың үніндей естіледі. Олардың жүректерінен үрей сейілген кезде, бір-бірінен: “Раббыларың не айтты?” – деп сұрайды. Олар: “Хақты айтты. Ол – аса Жоғары, өте Ұлы”, – дейді. Мұны жасырын тыңдаушылар естиді. Ал жасырын тыңдаушылар бірінің үстіне бірі орналасады. Кейде жалын жасырын тыңдаушыға әлгі сөзді серігіне жеткізіп үлгермей тұрып жетіп, оны күйдіріп жібереді. Кейде жалын оған жетпей тұрып, ол әлгі сөзді өзінен төмендегісіне, ал ол одан төмендегісіне жеткізіп үлгереді. Осылайша олар сөзді жерге дейін жеткізеді. Содан соң ол сөз сиқыршының аузына салынады. Сиқыршы оған жүз өтірік араластырады. Сонда адамдар оған сеніп: “Ол бізге пәлен күні пәлен нәрсе болатынын айтпап па еді? Біз оның айтқанының рас болғанын көрдік қой”, – дейді. Олар оған көктен естілген әлгі бір ауыз шын сөз үшін сенеді».

سُورَةُ النَّحْلِ«Нахыл» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمِنْكُمْ مَنْ يُرَدُّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ﴾ [النَّحْلِ: 70]

37-бапАлла Тағаланың: «Араларыңда алжитын шаққа дейін жететіндер де бар» («Нахыл», 70‑аят) деген сөзі туралы

1765
Бұхари, № 1765 · Сахих: 4707Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَدْعُو: «أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبُخْلِ وَالْكَسَلِ، وَأَرْذَلِ الْعُمُرِ، وَعَذَابِ الْقَبْرِ، وَفِتْنَةِ الدَّجَّالِ، وَفِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәліктің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Сараңдықтан, жалқаулықтан, өмірдің ең дәрменсіз шағына қайтарылудан, қабір азабынан, Дәжжалдың бүлігінен және өмір мен өлімнің сынағынан Саған сыйынып, пана тілеймін», – деп дұға ететін.

سُورَةُ الْإِسْرَاءِ«Исра» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ إِنَّهُ كَانَ عَبْدًا شَكُورًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 3]

38-бапАлла Тағаланың: «Уа, Нұхпен бірге кемеге мінгізген құлдарымыздың ұрпақтары! Нұх расында да өте көп шүкіршілік ететін құл еді» («Исра», 3‑аят) деген сөзі туралы

1766
Бұхари, № 1766 · Сахих: 4712Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِلَحْمٍ فَرُفِعَ إِلَيْهِ الذِّرَاعُ، وَكَانَتْ تُعْجِبُهُ فَنَهَشَ مِنْهَا نَهْشَةً، ثُمَّ قَالَ: «أَنَا سَيِّدُ النَّاسِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَهَلْ تَدْرُونَ مِمَّ ذَلِكَ؟ يَجْمَعُ اللَّهُ النَّاسَ الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ فِي صَعِيدٍ وَاحِدٍ، يُسْمِعُهُمُ الدَّاعِي وَيَنْفُذُهُمُ الْبَصَرُ، وَتَدْنُو الشَّمْسُ، فَيَبْلُغُ النَّاسَ مِنَ الْغَمِّ وَالْكَرْبِ مَا لَا يُطِيقُونَ وَلَا يَحْتَمِلُونَ، فَيَقُولُ النَّاسُ: “أَلَا تَرَوْنَ مَا قَدْ بَلَغَكُمْ؟ أَلَا تَنْظُرُونَ مَنْ يَشْفَعُ لَكُمْ إِلَى رَبِّكُمْ؟” فَيَقُولُ بَعْضُ النَّاسِ لِبَعْضٍ: “عَلَيْكُمْ بِآدَمَ”، فَيَأْتُونَ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ فَيَقُولُونَ لَهُ: “أَنْتَ أَبُو الْبَشَرِ، خَلَقَكَ اللَّهُ بِيَدِهِ، وَنَفَخَ فِيكَ مِنْ رُوحِهِ، وَأَمَرَ الْمَلَائِكَةَ فَسَجَدُوا لَكَ، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا قَدْ بَلَغَنَا؟” فَيَقُولُ آدَمُ: “إِنَّ رَبِّي قَدْ غَضِبَ الْيَوْمَ غَضَبًا لَمْ يَغْضَبْ قَبْلَهُ مِثْلَهُ، وَلَنْ يَغْضَبَ بَعْدَهُ مِثْلَهُ، وَإِنَّهُ قَدْ نَهَانِي عَنِ الشَّجَرَةِ فَعَصَيْتُهُ، نَفْسِي، نَفْسِي، نَفْسِي، اِذْهَبُوا إِلَى غَيْرِي، اِذْهَبُوا إِلَى نُوحٍ”، فَيَأْتُونَ نُوحًا فَيَقُولُونَ: “يَا نُوحُ، إِنَّكَ أَنْتَ أَوَّلُ الرُّسُلِ إِلَى أَهْلِ الْأَرْضِ، وَقَدْ سَمَّاكَ اللَّهُ عَبْدًا شَكُورًا، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ؟” فَيَقُولُ: “إِنَّ رَبِّي عَزَّ وَجَلَّ قَدْ غَضِبَ الْيَوْمَ غَضَبًا لَمْ يَغْضَبْ قَبْلَهُ مِثْلَهُ، وَلَنْ يَغْضَبَ بَعْدَهُ مِثْلَهُ، وَإِنَّهُ قَدْ كَانَتْ لِي دَعْوَةٌ دَعَوْتُهَا عَلَى قَوْمِي، نَفْسِي، نَفْسِي، نَفْسِي، اِذْهَبُوا إِلَى غَيْرِي، اِذْهَبُوا إِلَى إِبْرَاهِيمَ”، فَيَأْتُونَ إِبْرَاهِيمَ فَيَقُولُونَ: “يَا إِبْرَاهِيمُ، أَنْتَ نَبِيُّ اللَّهِ وَخَلِيلُهُ مِنْ أَهْلِ الْأَرْضِ، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ؟”، فَيَقُولُ لَهُمْ: “إِنَّ رَبِّي قَدْ غَضِبَ الْيَوْمَ غَضَبًا لَمْ يَغْضَبْ قَبْلَهُ مِثْلَهُ، وَلَنْ يَغْضَبَ بَعْدَهُ مِثْلَهُ، وَإِنِّي قَدْ كُنْتُ كَذَبْتُ ثَلَاثَ كَذِبَاتٍ. نَفْسِي، نَفْسِي، نَفْسِي، اِذْهَبُوا إِلَى غَيْرِي، اِذْهَبُوا إِلَى مُوسَى” فَيَأْتُونَ مُوسَى فَيَقُولُونَ: “يَا مُوسَى، أَنْتَ رَسُولُ اللَّهِ، فَضَّلَكَ اللَّهُ بِرِسَالَتِهِ وَبِكَلَامِهِ عَلَى النَّاسِ، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ؟” فَيَقُولُ: “إِنَّ رَبِّي قَدْ غَضِبَ الْيَوْمَ غَضَبًا لَمْ يَغْضَبْ قَبْلَهُ مِثْلَهُ، وَلَنْ يَغْضَبَ بَعْدَهُ مِثْلَهُ، وَإِنِّي قَدْ قَتَلْتُ نَفْسًا لَمْ أُومَرْ بِقَتْلِهَا، نَفْسِي، نَفْسِي، نَفْسِي، اِذْهَبُوا إِلَى غَيْرِي، اِذْهَبُوا إِلَى عِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ”، فَيَأْتُونَ عِيسَى، فَيَقُولُونَ: “يَا عِيسَى، أَنْتَ رَسُولُ اللَّهِ، وَكَلِمَتُهُ أَلْقَاهَا إِلَى مَرْيَمَ وَرُوحٌ مِنْهُ، وَكَلَّمْتَ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ صَبِيًّا، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ؟” فَيَقُولُ عِيسَى: “إِنَّ رَبِّي قَدْ غَضِبَ الْيَوْمَ غَضَبًا لَمْ يَغْضَبْ قَبْلَهُ مِثْلَهُ قَطُّ، وَلَنْ يَغْضَبَ بَعْدَهُ مِثْلَهُ”، وَلَمْ يَذْكُرْ ذَنْبًا، “نَفْسِي، نَفْسِي، نَفْسِي، اِذْهَبُوا إِلَى غَيْرِي، اِذْهَبُوا إِلَى مُحَمَّدٍ ﷺ”، فَيَأْتُونَ مُحَمَّدًا ﷺ فَيَقُولُونَ: “يَا مُحَمَّدُ، أَنْتَ رَسُولُ اللَّهِ وَخَاتِمُ الْأَنْبِيَاءِ، وَقَدْ غَفَرَ اللَّهُ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ، اِشْفَعْ لَنَا إِلَى رَبِّكَ، أَلَا تَرَى إِلَى مَا نَحْنُ فِيهِ؟”، فَأَنْطَلِقُ فَآتِي تَحْتَ الْعَرْشِ، فَأَقَعُ سَاجِدًا لِرَبِّي عَزَّ وَجَلَّ، ثُمَّ يَفْتَحُ اللَّهُ عَلَيَّ مِنْ مَحَامِدِهِ وَحُسْنِ الثَّنَاءِ عَلَيْهِ شَيْئًا، لَمْ يَفْتَحْهُ عَلَى أَحَدٍ قَبْلِي، ثُمَّ يُقَالُ: “يَا مُحَمَّدُ، اِرْفَعْ رَأْسَكَ، سَلْ تُعْطَهْ، وَاشْفَعْ تُشَفَّعْ” فَأَرْفَعُ رَأْسِي، فَأَقُولُ: “أُمَّتِي، يَا رَبِّ، أُمَّتِي، يَا رَبِّ، أُمَّتِي، يَا رَبِّ”، فَيُقَالُ: “يَا مُحَمَّدُ، أَدْخِلْ مِنْ أُمَّتِكَ مَنْ لَا حِسَابَ عَلَيْهِمْ مِنَ الْبَابِ الْأَيْمَنِ مِنْ أَبْوَابِ الْجَنَّةِ، وَهُمْ شُرَكَاءُ النَّاسِ فِيمَا سِوَى ذَلِكَ مِنَ الْأَبْوَابِ”». ثُمَّ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنَّ مَا بَيْنَ الْمِصْرَاعَيْنِ مِنْ مَصَارِيعِ الْجَنَّةِ كَمَا بَيْنَ مَكَّةَ وَحِمْيَرَ – أَوْ كَمَا بَيْنَ مَكَّةَ وَبُصْرَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісіне (с.а.с.) ет әкелінді. Оның алдына өзі жақсы көретін қойдың қол жілігі ұсынылды. Ол одан бір тістеп алды да, былай деді: «Қиямет күні мен адамзаттың басшысы боламын. Мұның неліктен екенін білесіңдер ме? Алла бұрынғы және кейінгі бүкіл адамзатты бір жазыққа жинайды. Жаршының даусы олардың бәріне жетеді, бір қарағанда олардың бәрін түгел көруге болады. Күн жақындай түседі. Сонда адамдар көтере де, төзе де алмайтын қайғы мен ауыртпалыққа душар болады. Олар бір-біріне: “Бастарыңа қандай күн туғанын көріп тұрсыңдар ғой! Раббыларыңның алдында сендерге шапағат ететін біреуді іздемейсіңдер ме?” – дейді. Содан олардың кейбірі өзгелеріне: “Адамға барыңдар”, – дейді.

Олар Адамға (аләйһис-сәләм) келіп: “Сен – адамзаттың атасысың. Алла сені Өз қолымен жаратты, саған Өз рухынан үрледі әрі періштелерге бұйырды, олар саған сәжде етті. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе? Басымызға не түскенін көрмейсің бе?” – дейді. Сонда Адам: “Расында, Раббым бүгін бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаһарланды әрі бұдан кейін де дәл бұлай қаһарланбайды. Ол маған ағаштан жеуге тыйым салған еді, алайда мен Оның бұйрығына қарсы келдім. Өз жаным, өз жаным, өз жаным! Басқа біреуге барыңдар. Нұхқа барыңдар”, – дейді.

Сонда олар Нұхқа келіп: “Уа, Нұх! Сен – жер тұрғындарына жіберілген алғашқы елшісің. Алла сені шүкір етуші құл деп атады. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе?” – дейді. Сонда ол: “Расында, Ұлы Раббым бүгін бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаһарланды әрі бұдан кейін де дәл бұлай қаһарланбайды. Мен қауымыма қарсы дұға еткен едім. Өз жаным, өз жаным, өз жаным! Басқа біреуге барыңдар. Ибраһимге барыңдар”, – дейді.

Сонда олар Ибраһимге келіп: “Уа, Ибраһим! Сен – жер бетіндегі Алланың пайғамбары әрі Оның сүйікті досысың. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе?” – дейді. Сонда ол оларға: “Расында, Раббым бүгін бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаһарланды әрі бұдан кейін де дәл бұлай қаһарланбайды. Мен үш рет өтірік айтқан едім”, – дейді. Содан кейін Ибраһим: “Өз жаным, өз жаным, өз жаным! Басқа біреуге барыңдар. Мұсаға барыңдар”, – дейді.

Олар Мұсаға келіп: “Уа, Мұса! Сен – Алланың елшісісің. Алла сені елшілігімен және тікелей тіл қатуымен өзге адамдардан артық етті. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе?” – дейді. Сонда ол: “Расында, Раббым бүгін бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаһарланды әрі бұдан кейін де дәл бұлай қаһарланбайды. Мен өлтіруге бұйырылмаған бір адамды өлтіріп қойдым. Өз жаным, өз жаным, өз жаным! Басқа біреуге барыңдар. Мәриям ұлы Исаға барыңдар”, – дейді.

Олар Исаға келіп: “Уа, Иса! Сен – Алланың елшісісің, Оның Мәриямға жеткізген сөзі әрі Одан болған рухсың. Сен бесікте жатқан сәби кезіңде адамдармен сөйлестің. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе?” – дейді. Сонда Иса: “Расында, Раббым бүгін бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаһарланды әрі бұдан кейін де дәл бұлай қаһарланбайды”, – дейді, бірақ ешбір күнәсін атамайды. Содан кейін: “Өз жаным, өз жаным, өз жаным! Басқа біреуге барыңдар. Мұхаммедке (с.а.с.) барыңдар”, – дейді.

Сонда олар Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: “Уа, Мұхаммед! Сен – Алланың Елшісі әрі соңғы пайғамбарсың. Алла сенің бұрынғы және кейінгі күнәларыңды кешірді. Раббыңның алдында бізге шапағат ете гөр. Біздің қандай күйде екенімізді көрмейсің бе?” – дейді. Сонда мен Аршының астына барып, Ұлы Раббымның алдында сәждеге жығыламын. Содан кейін Алла маған Өзін мадақтап, көркем дәріптеудің менен бұрын ешкімге үйретпеген үлгілерін үйретеді. Кейін маған: “Уа, Мұхаммед! Басыңды көтер! Сұра – саған беріледі, шапағат ет – шапағатың қабыл болады”, – делінеді. Сонда мен басымды көтеріп: “Уа, Раббым! Үмбетім! Уа, Раббым! Үмбетім! Уа, Раббым! Үмбетім!” – деймін. Сонда: “Уа, Мұхаммед! Үмбетіңнен есепке тартылмайтындарды Жәннаттың оң жақ қақпасынан кіргіз. Олар өзге адамдармен бірге қалған қақпалардан да кіре алады”, – делінеді».

Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным Оның қолында болған Аллаға ант етемін, Жәннат қақпаларының екі жармасының арақашықтығы Мекке мен Химьярдың арасы секілді немесе Мекке мен Бусраның арасы секілді», – деді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿عَسَى أَنْ يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَحْمُودًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 79]

39-бапАлла Тағаланың: «Сонда Раббыңның сені “Мақам Махмудқа” шығаратындығынан үміт ете аласың» («Исра», 79‑аят) деген сөзі туралы

1767
Бұхари, № 1767 · Сахих: 4718Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «إِنَّ النَّاسَ يَصِيرُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ جُثًا، كُلُّ أُمَّةٍ تَتْبَعُ نَبِيَّهَا، يَقُولُونَ: “يَا فُلَانُ، اِشْفَعْ، يَا فُلَانُ، اِشْفَعْ”، حَتَّى تَنْتَهِيَ الشَّفَاعَةُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَذَلِكَ يَوْمَ يَبْعَثُهُ اللَّهُ الْمَقَامَ الْمَحْمُودَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Қиямет күні адамдар тізерлеп отырады. Әрбір үмбет өз пайғамбарына еріп: “Уа, пәленше! Бізге шапағат ет! Уа, пәленше! Бізге шапағат ет!” – дейді. Ақырында шапағат ету кезегі Пайғамбарға (с.а.с.) жетеді. Міне, сол күні Алла оны мақтаулы дәрежеге көтереді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]

40-бапАлла Тағаланың: «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» («Исра», 110‑аят) деген сөзі туралы

1768
Бұхари, № 1768 · Сахих: 4722Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: نَزَلَتْ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُخْتَفٍ بِمَكَّةَ، كَانَ إِذَا صَلَّى بِأَصْحَابِهِ رَفَعَ صَوْتَهُ بِالْقُرْآنِ، فَإِذَا سَمِعَهُ الْمُشْرِكُونَ سَبُّوا الْقُرْآنَ وَمَنْ أَنْزَلَهُ وَمَنْ جَاءَ بِهِ، فَقَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِنَبِيِّهِ ﷺ: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ﴾ أَيْ: بِقِرَاءَتِكَ، فَيَسْمَعَ الْمُشْرِكُونَ فَيَسُبُّوا الْقُرْآنَ، ﴿وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾ عَنْ أَصْحَابِكَ فَلَا تُسْمِعْهُمْ، ﴿وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا﴾.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Бұл аят Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеде жасырын жүрген кезде түсті. Ол сахабаларымен намаз оқығанда, Құранды дауыстап оқитын. Мүшріктер оны естісе, Құранды да, оны түсірген Алланы да, оны жеткізген Пайғамбарды да балағаттайтын. Сонда Алла Тағала Пайғамбарына (с.а.с.): “Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма” («Исра», 110‑аят), – деді. Яғни Құранды мүшріктер еститіндей дауыстап оқыма, әйтпесе олар Құранды балағаттайды. Сондай-ақ: “әрі тым бәсеңдетіп те жіберме” («Исра», 110‑аят), – деді. Яғни сахабаларың естімей қалатындай бәсең оқыма. “екеуінің ортасындағы жолды ұстан” («Исра», 110‑аят), – деді».

سُورَةُ الْكَهْفِ«Кәһф» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ رَبِّهِمْ وَلِقَائِهِ﴾ الْآيَةَ [الْكَهْفِ: 105]

41-бапАлла Тағаланың: «Олар Раббыларының барлық аяттарын һәм күндердің күнінде Оған қауышатындықтарын мойындамағандар» деп басталатын аяты туралы («Кәһф», 105‑аят)

1769
Бұхари, № 1769 · Сахих: 4729Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّهُ لَيَأْتِي الرَّجُلُ الْعَظِيمُ السَّمِينُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، لَا يَزِنُ عِنْدَ اللَّهِ جَنَاحَ بَعُوضَةٍ». وَقَالَ: «اِقْرَؤُوا: ﴿فَلَا نُقِيمُ لَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَزْنًا﴾».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Қиямет күні ірі денелі, семіз бір адам келеді. Бірақ ол Алланың алдында масаның қанатындай да салмаққа ие болмайды». Содан кейін: «“Қиямет күні олар үшін Таразы да құрмаймыз” («Кәһф», 105‑аят) деген аятты оқыңдар», – деді.

سُورَةُ مَرْيَمَ«Мәриям» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ﴾ [مَرْيَمَ: 39]

42-бапАлла Тағаланың: «Оларға қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт» деген сөзі туралы («Мәриям», 39‑аят)

1770
Бұхари, № 1770 · Сахих: 4730Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُؤْتَى بِالْمَوْتِ كَهَيْئَةِ كَبْشٍ أَمْلَحَ، فَيُنَادِي مُنَادٍ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ”، فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ، فَيَقُولُ: “هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟” فَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”، وَكُلُّهُمْ قَدْ رَآهُ، ثُمَّ يُنَادِي: “يَا أَهْلَ النَّارِ”، فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ، فَيَقُولُ: “هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟” فَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”، وَكُلُّهُمْ قَدْ رَآهُ، فَيُذْبَحُ، ثُمَّ يَقُولُ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ، وَيَا أَهْلَ النَّارِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ”، ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ﴾، وَهَؤُلَاءِ فِي غَفْلَةٍ، أَهْلُ الدُّنْيَا، ﴿وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ﴾».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Өлім ақ-қара қошқар бейнесінде әкелінеді. Сонда бір жаршы: “Уа, Жәннат тұрғындары!” – деп дауыстайды. Олар мойындарын созып, қарайды. Жаршы: “Мынаны танисыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Олардың бәрі де оны көрген болады. Содан кейін: “Уа, Тозақ тұрғындары!” – деп дауыстайды. Олар да мойындарын созып, қарайды. Жаршы: “Мынаны танисыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Олардың бәрі де оны көрген болады. Содан кейін өлім бауыздалады да: “Уа, Жәннат тұрғындары! Енді мәңгілік бар, өлім жоқ! Уа, Тозақ тұрғындары! Енді мәңгілік бар, өлім жоқ!” – делінеді». Содан кейін ол (с.а.с.): «Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен өткізуде» («Мәриям», 39‑аят) деген аятты оқыды. Бұл ғапылдықта жүргендер – дүние тұрғындары. «әрі иман етпеуде» («Мәриям», 39‑аят), – деп оқыды.

سُورَةُ النُّورِ«Нұр» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالَّذِينَ يَرْمُونَ أَزْوَاجَهُمْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ شُهَدَاءُ إِلَّا أَنْفُسُهُمْ﴾ [النُّورِ: 6]

43-бапАлла Тағаланың: «Ал өз жұбайларын зина қылды деп айыптаған, әрі өздерінен басқа куәға тартатын куәгерлері болмаған ер кісілерге келсек...» деген сөзі туралы («Нұр», 6‑аят)

1771
Бұхари, № 1771 · Сахих: 4745Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ عُوَيْمِرًا أَتَى عَاصِمَ بْنَ عَدِيٍّ وَكَانَ سَيِّدَ بَنِي عَجْلَانَ، فَقَالَ: «كَيْفَ تَقُولُونَ فِي رَجُلٍ وَجَدَ مَعَ امْرَأَتِهِ رَجُلًا، أَيَقْتُلُهُ فَتَقْتُلُونَهُ، أَمْ كَيْفَ يَصْنَعُ؟ سَلْ لِي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ»، فَأَتَى عَاصِمٌ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ». فَكَرِهَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَسَائِلَ، فَسَأَلَهُ عُوَيْمِرٌ، فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَرِهَ الْمَسَائِلَ وَعَابَهَا»، قَالَ عُوَيْمِرٌ: «وَاللَّهِ، لَا أَنْتَهِي حَتَّى أَسْأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ»، فَجَاءَ عُوَيْمِرٌ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَجُلٌ وَجَدَ مَعَ امْرَأَتِهِ رَجُلًا أَيَقْتُلُهُ فَتَقْتُلُونَهُ، أَمْ كَيْفَ يَصْنَعُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَدْ أَنْزَلَ اللَّهُ الْقُرْآنَ فِيكَ وَفِي صَاحِبَتِكَ». فَأَمَرَهُمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْمُلَاعَنَةِ بِمَا سَمَّى اللَّهُ فِي كِتَابِهِ فَلَاعَنَهَا، ثُمَّ قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ حَبَسْتُهَا فَقَدْ ظَلَمْتُهَا»، فَطَلَّقَهَا، فَكَانَتْ سُنَّةً لِمَنْ كَانَ بَعْدَهُمَا فِي الْمُتَلَاعِنَيْنِ، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُنْظُرُوا، فَإِنْ جَاءَتْ بِهِ أَسْحَمَ، أَدْعَجَ الْعَيْنَيْنِ، عَظِيمَ الْأَلْيَتَيْنِ، خَدَلَّجَ السَّاقَيْنِ، فَلَا أَحْسِبُ عُوَيْمِرًا إِلَّا قَدْ صَدَقَ عَلَيْهَا، وَإِنْ جَاءَتْ بِهِ أُحَيْمِرَ كَأَنَّهُ وَحَرَةٌ، فَلَا أَحْسِبُ عُوَيْمِرًا إِلَّا قَدْ كَذَبَ عَلَيْهَا»، فَجَاءَتْ بِهِ عَلَى النَّعْتِ الَّذِي نَعَتَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ تَصْدِيقِ عُوَيْمِرٍ، فَكَانَ بَعْدُ يُنْسَبُ إِلَى أُمِّهِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай жеткізді: «Уәймир Бәни Ажланның көсемі Асым ибн Адиге келіп: “Жұбайының жанынан басқа бір ер адамды көрген кісі туралы не айтасыңдар? Егер оны өлтірсе, сендер де оны өлтіресіңдер ме? Әлде ол не істеуі керек? Осы жайында мен үшін Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрап бер”, – деді. Асым Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла!” – деді. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) мұндай сауалдарды жақтырмады. Уәймир Асымнан мән-жайды сұрағанда, ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) мұндай сауалдарды жақтырмады әрі айыптады”, – деді. Сонда Уәймир: “Аллаға ант етемін, бұл жайында Алла Елшісінен (с.а.с.) өзім барып сұрамайынша, тоқтамаймын”, – деді. Сөйтіп, Уәймир келіп: “Уа, Расулалла! Бір адам жұбайының жанынан басқа бір ер адамды көрсе, оны өлтіре ме, сонда сендер де оны өлтіресіңдер ме? Әлде ол не істеуі керек?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла сенің және жұбайыңның жайында Құран аяттарын түсірді”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Алланың Кітабында баяндалған тәртіппен екеуіне өзара лағынеттесуді бұйырды. Уәймир жұбайымен лағынеттесті. Содан кейін ол: “Уа, Расулалла! Егер оны некемде ұстап қалсам, оған зұлымдық жасаған боламын”, – деді де, оны талақ етті. Осыдан кейін бұл жағдай өзара лағынеттескен ерлі-зайыптыларға қатысты сүннетке айналды. Содан соң Алла Елшісі (с.а.с.): “Бақылаңдар! Егер ол қара өңді, көздері үлкен әрі қап-қара, бөксесі үлкен, балтырлары жуан бала туса, Уәймирдің ол туралы рас айтқанына сенемін. Ал егер қызғылт өңді, уахара деп аталатын кішкентай кесірткедей бала туса, Уәймирдің ол туралы өтірік айтқанына сенемін”, – деді. Әйел Алла Елшісі (с.а.с.) Уәймирдің сөзін растаушы белгі ретінде сипаттаған кейіптегі баланы дүниеге әкелді. Осыдан кейін бала анасының атымен аталатын болды».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَيَدْرَأُ عَنْهَا الْعَذَابَ أَنْ تَشْهَدَ أَرْبَعَ شَهَادَاتٍ بِاللَّهِ﴾ الْآيَةَ [النُّورِ: 8]

44-бапАлла Тағаланың: «Алайда өзіне айып тағылған әйел ... төрт рет Алланың атымен куәлік етсе, жазадан құтылады» деп басталатын аяты туралы («Нұр», 8‑аят)

1772
Бұхари, № 1772 · Сахих: 4747Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ هِلَالَ بْنَ أُمَيَّةَ قَذَفَ امْرَأَتَهُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ بِشَرِيكِ بْنِ سَحْمَاءَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْبَيِّنَةَ أَوْ حَدٌّ فِي ظَهْرِكَ»، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِذَا رَأَى أَحَدُنَا عَلَى امْرَأَتِهِ رَجُلًا يَنْطَلِقُ يَلْتَمِسُ الْبَيِّنَةَ؟» فَجَعَلَ النَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ: «الْبَيِّنَةَ وَإِلَّا حَدٌّ فِي ظَهْرِكَ». فَقَالَ هِلَالٌ: «وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ إِنِّي لَصَادِقٌ؛ فَلَيُنْزِلَنَّ اللَّهُ مَا يُبَرِّئُ ظَهْرِي مِنَ الْحَدِّ»، فَنَزَلَ جِبْرِيلُ وَأَنْزَلَ عَلَيْهِ: ﴿وَالَّذِينَ يَرْمُونَ أَزْوَاجَهُمْ﴾ [النُّورِ: 6]، فَقَرَأَ حَتَّى بَلَغَ: ﴿إِنْ كَانَ مِنَ الصَّادِقِينَ﴾ [النُّورِ: 9]. فَانْصَرَفَ النَّبِيُّ ﷺ فَأَرْسَلَ إِلَيْهَا، فَجَاءَ هِلَالٌ فَشَهِدَ، وَالنَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ أَنَّ أَحَدَكُمَا كَاذِبٌ، فَهَلْ مِنْكُمَا تَائِبٌ؟» ثُمَّ قَامَتْ فَشَهِدَتْ، فَلَمَّا كَانَتْ عِنْدَ الْخَامِسَةِ وَقَّفُوهَا، وَقَالُوا: «إِنَّهَا مُوجِبَةٌ»، قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: فَتَلَكَّأَتْ وَنَكَصَتْ، حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهَا تَرْجِعُ، ثُمَّ قَالَتْ: «لَا أَفْضَحُ قَوْمِي سَائِرَ الْيَوْمِ»، فَمَضَتْ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَبْصِرُوهَا، فَإِنْ جَاءَتْ بِهِ أَكْحَلَ الْعَيْنَيْنِ، سَابِغَ الْأَلْيَتَيْنِ، خَدَلَّجَ السَّاقَيْنِ، فَهُوَ لِشَرِيكِ بْنِ سَحْمَاءَ»، فَجَاءَتْ بِهِ كَذَلِكَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْلَا مَا مَضَى مِنْ كِتَابِ اللَّهِ لَكَانَ لِي وَلَهَا شَأْنٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Һиләл ибн Ұмәйя Пайғамбардың (с.а.с.) алдында әйелін Шәрик ибн Сахмамен зина жасады деп айыптады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Дәлел келтір, әйтпесе арқаңа дүре соғылады”, – деді. Һиләл: “Уа, Расулалла! Біріміз әйелінің қасынан бөтен еркекті көрсе, дәлел іздеуге кетуі керек пе?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Дәлел келтір, әйтпесе арқаңа дүре соғылады”, – деп қайталай берді. Сонда Һиләл: “Сені ақиқатпен жіберген Аллаға ант етемін, мен рас айтып тұрмын. Алла арқамды дүре жазасынан құтқаратын аятты міндетті түрде түсіреді”, – деді. Осы кезде Жәбірейіл түсіп, Алла оған “Ал өз жұбайларын зина қылды деп айыптаған...” («Нұр», 6‑аят) деген аяттан бастап, “егер күйеуі рас айтқан болса” («Нұр», 9‑аят) дегенге дейінгі аяттарды түсірді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) бұрылып, әлгі әйелді шақыртуға адам жіберді. Һиләл келіп, куәліктерін айтты. Пайғамбар (с.а.с.): “Алла екеуіңнің біріңнің өтірікші екеніңді біледі. Екеуіңнің бірің тәубе ете ме?” – деді. Кейін әйел орнынан тұрып, куәліктерін айтты. Бесінші куәлікке келгенде оны тоқтатып: “Бұл куәлік жазаға ұшыратады”, – деді. Ол кідіріп, кейін шегінді. Біз енді райынан қайтатын шығар деп ойладық. Бірақ ол: “Ел-жұртымды біржола масқара етпеймін”, – деді де, бесінші куәлігін де айтты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оны бақылаңдар. Егер ол көзі қап-қара, бөксесі толық әрі балтыры жуан бала туса, ол Шәрик ибн Сахмадан болғаны”, – деді. Әйел дәл сондай бала туды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Егер Алланың Кітабында үкім алдын ала түсіп қоймағанда, оған қатысты басқа бір шара қолданар едім”, – деді».

سُورَةُ الْفُرْقَانِ«Фурқан» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿الَّذِينَ يُحْشَرُونَ عَلَى وُجُوهِهِمْ إِلَى جَهَنَّمَ﴾ الْآيَةَ [الْفُرْقَانِ: 34]

45-бапАлла Тағаланың: «Тозаққа етбетімен айдалатындар бар ғой...» деп басталатын аяты туралы («Фурқан», 34‑аят)

1773
Бұхари, № 1773 · Сахих: 4760Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، كَيْفَ يُحْشَرُ الْكَافِرُ عَلَى وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: «أَلَيْسَ الَّذِي أَمْشَاهُ عَلَى الرِّجْلَيْنِ فِي الدُّنْيَا قَادِرًا عَلَى أَنْ يُمْشِيَهُ عَلَى وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай жеткізді: «Бір адам: “Уа, Алланың Пайғамбары! Қиямет күні кәпір қалай етбетімен жиналады?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны дүниеде екі аяғымен жүргізген Алла Қиямет күні оны жүзімен жүргізуге құдіретті емес пе?” – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿الٓمٓ﴾ ﴿غُلِبَتِ الرُّومُ﴾ [الرُّومِ: ‎1⁠–⁠2‎]

46-бапАлла Тағаланың: «Әлиф, Ләм, Мим. Румдықтар жеңіліс тапты» («Рум», 1–2‑аяттар) деген сөзі туралы

1774
Бұхари, № 1774 · Сахих: 4774Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَقَدْ بَلَغَهُ أَنَّ رَجُلًا يُحَدِّثُ فِي كِنْدَةَ، فَقَالَ: «يَجِيءُ دُخَانٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَيَأْخُذُ بِأَسْمَاعِ الْمُنَافِقِينَ وَأَبْصَارِهِمْ، وَيَأْخُذُ الْمُؤْمِنَ كَهَيْئَةِ الزُّكَامِ». وَكَانَ ابْنُ مَسْعُودٍ حِينَ بَلَغَهُ مُتَّكِئًا فَغَضِبَ فَجَلَسَ، فَقَالَ: «مَنْ عَلِمَ فَلْيَقُلْ، وَمَنْ لَمْ يَعْلَمْ فَلْيَقُلِ “اللَّهُ أَعْلَمُ”، فَإِنَّ مِنَ الْعِلْمِ أَنْ يَقُولَ لِمَا لَا يَعْلَمُ: “لَا أَعْلَمُ”. فَإِنَّ اللَّهَ قَالَ لِنَبِيِّهِ ﷺ: ﴿قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَكَلِّفِينَ﴾ [صٓ: 86]، وَإِنَّ قُرَيْشًا أَبْطَئُوا عَنِ الْإِسْلَامِ، فَدَعَا عَلَيْهِمُ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: “اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَيْهِمْ بِسَبْعٍ كَسَبْعِ يُوسُفَ”، فَأَخَذَتْهُمْ سَنَةٌ حَتَّى هَلَكُوا فِيهَا، وَأَكَلُوا الْمَيْتَةَ وَالْعِظَامَ. وَيَرَى الرَّجُلُ مَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ، كَهَيْئَةِ الدُّخَانِ، فَجَاءَهُ أَبُو سُفْيَانَ فَقَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، جِئْتَ تَأْمُرُنَا بِصِلَةِ الرَّحِمِ، وَإِنَّ قَوْمَكَ قَدْ هَلَكُوا، فَادْعُ اللَّهَ”». فَقَرَأَ: ﴿فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿عَائِدُونَ﴾ [الدُّخَانِ: ‎10⁠–⁠15‎]. «أَفَيُكْشَفُ عَنْهُمْ عَذَابُ الْآخِرَةِ إِذَا جَاءَ؟ ثُمَّ عَادُوا إِلَى كُفْرِهِمْ، فَذَلِكَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَى﴾ [الدُّخَانِ: 16]: يَوْمَ بَدْرٍ، وَ﴿لِزَامًا﴾ [طٰهٰ: 129]: يَوْمَ بَدْرٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Масғудқа (р.а.) Киндада бір адамның: «Қиямет күні бір түтін келеді де, мұнафықтардың құлақтары мен көздерін басады, ал мүмінге тұмау тәрізді әсер етеді», – деп әңгіме айтып отырғаны туралы хабар жетті. Ибн Масғуд сүйеніп отырған еді. Хабарды естігенде ашуланып, тік отырды да: «Кім білсе, білгенін айтсын. Ал кім білмесе: “Алла жақсы біледі”, – десін. Өйткені адамның білмеген нәрсесі жайында: “Білмеймін”, – деуі де білімнің бір белгісі. Расында, Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.): “Оларға: ‘Мен ақиқатты жеткізгенім үшін сендерден ешқандай да ақы сұрамаймын! Һәм мен жасанды жалған пайғамбарлардан емеспін’, – деп айт” («Сад», 86‑аят), – деген», – деді.

Ол сөзін жалғастырып: «Құрайыш Исламды қабылдауды кешеуілдетті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға қарсы дұға етіп: “Уа, Алла! Юсуфтың жеті жылы секілді жеті жылдық жұтпен оларға қарсы маған жәрдем бере гөр”, – деді. Сөйтіп, оларды жұт жайлап, адамдар қырыла бастады. Олар өлексе мен сүйекті жеуге дейін барды. Адамдар аспан мен жердің арасын түтін басқандай көретін.

Сонда Әбу Суфиян келіп: “Уа, Мұхаммед! Сен бізге туыстық байланысты сақтауды бұйырып келдің. Ал сенің қауымың қырылып жатыр. Аллаға дұға ет”, – деді». Содан кейін Ибн Масғуд «Көктен анық қою түтін шығатын күнді күт!» («Духан», 10‑аят) дегеннен «Алайда сендер сөзсіз, көп ұзамай-ақ қайтадан сол бәз-баяғы қалыптарыңа түсесіңдер» («Духан», 15‑аят) дегенге дейін оқыды.

Ибн Масғуд: «Ақырет азабы келгенде, олардан ол азап алына ма? Содан кейін олар қайтадан күпірлікке оралды. Алла Тағаланың: “Оларды пәрменді күшпен бас салатын күні...” («Духан», 16‑аят) деген сөзі – Бәдір күні. Сондай-ақ “олар да әлдеқашан азапқа ұшырайтын еді” («ТаҺа», 129‑аят) деген сөздегі азап та – Бәдір күні», – деді.

سُورَةُ السَّجْدَةِ«Сәжде» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾ [السَّجْدَةِ: 17]

47-бапАлла Тағаланың: «Оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді» («Сәжде», 17‑аят) деген сөзі туралы

1775
Бұхари, № 1775 · Сахих: 4779Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “أَعْدَدْتُ لِعِبَادِيَ الصَّالِحِينَ مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ ذُخْرًا، بَلْهَ مَا أَطْلَعْتُهُمْ عَلَيْهِ”. ثُمَّ قَرَأَ: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ﴾ [السَّجْدَةِ: 17]».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Берекелі әрі Ұлы Алла: “Ізгі құлдарыма өзім білдірген нығметтерді былай қойғанда, олар үшін ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген әрі адам баласының ойына да келмеген нығметтерді әзірлеп қойдым”, – деді». Содан кейін «Дүниеде істеген игі істерінің қарымы ретінде оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді» («Сәжде», 17‑аят) деген аятты оқыды.

سُورَةُ الْأَحْزَابِ«Ахзаб» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 51]

48-бапАлла Тағаланың: «Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 51‑аят)

1776
Бұхари, № 1776 · Сахих: 4788Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنْتُ أَغَارُ عَلَى اللَّاتِي وَهَبْنَ أَنْفُسَهُنَّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَقُولُ: “أَتَهَبُ الْمَرْأَةُ نَفْسَهَا؟” فَلَمَّا أَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكَ﴾، قُلْتُ: “مَا أَرَى رَبَّكَ إِلَّا يُسَارِعُ فِي هَوَاكَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен өздерін Алла Елшісіне (с.а.с.) некеге ұсынған әйелдерді қызғанатынмын әрі: “Әйел адам өзін-өзі некеге ұсына ма?” – дейтінмін. Алла Тағала: “Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің. Әрі кезегін кейінге шегерген әйелдеріңнің қайсыбіріне ертерек баруды қалап, кезегін қайтадан алға шығарсаң да күнәға қалмайсың” («Ахзаб», 51‑аят) деген аятты түсірген кезде, мен: “Раббың сенің қалауыңды орындауға асығатын секілді”, – дедім».

1777
Бұхари, № 1777 · Сахих: 4789Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَسْتَأْذِنُ فِي يَوْمِ الْمَرْأَةِ مِنَّا بَعْدَ أَنْ أُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ﴾ الْآيَةَ. فَكُنْتُ أَقُولُ لَهُ: «إِنْ كَانَ ذَاكَ إِلَيَّ، فَإِنِّي لَا أُرِيدُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْ أُوثِرَ عَلَيْكَ أَحَدًا».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «“Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің” («Ахзаб», 51‑аят) деп басталатын аят түскеннен кейін де Алла Елшісі (с.а.с.) арамыздағы бір әйелдің кезегі келген күні одан рұқсат сұрайтын. Мен оған: “Уа, Расулалла! Егер бұл менің еркіме қалдырылса, сізді өзге біреуге қимаймын”, – дейтінмін».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتَ النَّبِيِّ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 53]

49-бапАлла Тағаланың: «Уа, иман келтіргендер! Пайғамбардың құжыраларына рұқсатсыз кірмеңдер» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 53‑аят)

1778
Бұхари, № 1778 · Сахих: 4795Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: خَرَجَتْ سَوْدَةُ بَعْدَمَا ضُرِبَ الْحِجَابُ لِحَاجَتِهَا، وَكَانَتِ امْرَأَةً جَسِيمَةً لَا تَخْفَى عَلَى مَنْ يَعْرِفُهَا، فَرَآهَا عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ فَقَالَ: «يَا سَوْدَةُ، أَمَا وَاللَّهِ مَا تَخْفَيْنَ عَلَيْنَا، فَانْظُرِي كَيْفَ تَخْرُجِينَ». قَالَتْ: فَانْكَفَأَتْ رَاجِعَةً، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِي، وَإِنَّهُ لَيَتَعَشَّى، وَفِي يَدِهِ عَرْقٌ، فَدَخَلَتْ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي خَرَجْتُ لِبَعْضِ حَاجَتِي، فَقَالَ لِي عُمَرُ كَذَا وَكَذَا». قَالَتْ: فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيْهِ ثُمَّ رُفِعَ عَنْهُ، وَإِنَّ الْعَرْقَ فِي يَدِهِ مَا وَضَعَهُ، فَقَالَ: «إِنَّهُ قَدْ أُذِنَ لَكُنَّ أَنْ تَخْرُجْنَ لِحَاجَتِكُنَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Хижаб пәрмені түскеннен кейін Сәуда бір қажеті үшін сыртқа шықты. Ол дене бітімі ірі әйел еді, сондықтан оны танитын адам бірден танып қоятын. Омар ибн әл-Хаттаб оны көріп: “Уа, Сәуда! Аллаға ант етемін, сен бізден жасырына алмайсың. Сондықтан сыртқа қалай шығатыныңа қара”, – деді. Сәуда кері қайтты. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) менің үйімде кешкі асын ішіп отырған еді. Қолында еті бар бір сүйек болатын. Сәуда кіріп: “Уа, Расулалла! Бір қажетім үшін сыртқа шыққан едім, Омар маған пәлен-пәлен деді”, – деді. Сол сәтте Алла Елшісіне (с.а.с.) уахи түсті. Уахи аяқталған кезде, еті бар сүйек әлі қолында еді, оны қоймаған болатын. Сонда ол (с.а.с.): “Сендерге қажеттерің үшін сыртқа шығуға рұқсат етілді”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنْ تُبْدُوا شَيْئًا أَوْ تُخْفُوهُ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 54]

50-бапАлла Тағаланың: «Қандай да бір нәрсені жария етсеңдер де, яки іштеріңе бүгіп қалсаңдар да» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 54‑аят)

1779
Бұхари, № 1779 · Сахих: 4796Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: اِسْتَأْذَنَ عَلَيَّ أَفْلَحُ أَخُو أَبِي الْقُعَيْسِ بَعْدَمَا أُنْزِلَ الْحِجَابُ، فَقُلْتُ: «لَا آذَنُ لَهُ حَتَّى أَسْتَأْذِنَ فِيهِ النَّبِيَّ ﷺ، فَإِنَّ أَخَاهُ أَبَا الْقُعَيْسِ لَيْسَ هُوَ أَرْضَعَنِي، وَلَكِنْ أَرْضَعَتْنِي امْرَأَةُ أَبِي الْقُعَيْسِ». فَدَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ، فَقُلْتُ لَهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أَفْلَحَ أَخَا أَبِي الْقُعَيْسِ اِسْتَأْذَنَ فَأَبَيْتُ أَنْ آذَنَ لَهُ حَتَّى أَسْتَأْذِنَكَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَمَا مَنَعَكِ أَنْ تَأْذَنِي؟ عَمُّكِ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الرَّجُلَ لَيْسَ هُوَ أَرْضَعَنِي، وَلَكِنْ أَرْضَعَتْنِي امْرَأَةُ أَبِي الْقُعَيْسِ». فَقَالَ: «اِئْذَنِي لَهُ؛ فَإِنَّهُ عَمُّكِ تَرِبَتْ يَمِينُكِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Хижаб аяты түскеннен кейін Әбу әл-Қуғайстың бауыры Афлах менің қасыма кіруге рұқсат сұрады. Мен: “Ол жайында Пайғамбардан (с.а.с.) рұқсат сұрамайынша, оның кіруіне рұқсат бермеймін. Өйткені мені оның бауыры Әбу әл-Қуғайс емізген жоқ, мені Әбу әл-Қуғайстың әйелі емізді”, – дедім. Кейін Пайғамбар (с.а.с.) жаныма кірген кезде: “Уа, Расулалла! Әбу әл-Қуғайстың бауыры Афлах қасыма кіруге рұқсат сұрады. Мен сізден рұқсат сұрамайынша, оны кіргізуден бас тарттым”, – дедім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оған рұқсат беруіңе не кедергі болды? Ол – сенің көкең емес пе?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Мені ол ер адам емізген жоқ, мені Әбу әл-Қуғайстың әйелі емізді”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Оған рұқсат бер. Өйткені ол – сенің көкең. Оң қолың топыраққа былғанғыр!” – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 56]

51-бапАлла Тағаланың: «Расында, Алла пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 56‑аят)

1780
Бұхари, № 1780 · Сахих: 4797Риуаят етуші: Кәғб ибн Ужра (р.а.)

عَنْ كَعْبِ بْنِ عُجْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَمَّا السَّلَامُ عَلَيْكَ فَقَدْ عَرَفْنَاهُ، فَكَيْفَ الصَّلَاةُ عَلَيْكَ؟» قَالَ: «قُولُوا: “اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ. اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ”».

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Ұжра (р.а.) былай жеткізді: «Бірде: “Уа, Расулалла! Сізге қалай сәлем беру керектігін білдік. Ал сізге қалай салауат айтамыз?” – деп сұралды. Пайғамбар (с.а.с.): “Мынадай салауат айтыңдар: ‘Уа, Алла! Ибраһимнің әулетіне салауат еткеніңдей, Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне де салауат ете гөр. Расында, Сен – аса мақтаулы, даңқтысың. Уа, Алла! Ибраһимнің әулетіне береке бергеніңдей, Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне де береке бере гөр. Расында, Сен – аса мақтаулы, даңқтысың’”, – деді».

1781
Бұхари, № 1781 · Сахих: 4798Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا التَّسْلِيمُ، فَكَيْفَ نُصَلِّي عَلَيْكَ؟» قَالَ: «قُولُوا: “اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ وَرَسُولِكَ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Біз: “Уа, Расулалла! Сәлем беру осы екен, ал сізге қалай салауат айтамыз?” – деп сұрадық. Пайғамбар (с.а.с.): “Мынадай салауат айтыңдар: ‘Уа, Алла! Ибраһимнің әулетіне салауат еткеніңдей, құлың әрі елшің Мұхаммедке де салауат ете гөр. Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне, Ибраһимге береке бергеніңдей, береке бере гөр’”, – деді».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَى﴾ [الْأَحْزَابِ: 69]

52-бапАлла Тағаланың: «Мұсаға орынсыз жала жауып, көңіліне қаяу түсірген бейбақтарға ұқсап жүрмеңдер» («Ахзаб», 69‑аят) деген сөзі туралы

1782
Бұхари, № 1782 · Сахих: 4799Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مُوسَى كَانَ رَجُلًا حَيِيًّا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Мұса өте ұялшақ адам еді».

سُورَةُ سَبَإٍ«Сәбә» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرٌ لَكُمْ بَيْنَ يَدَيْ عَذَابٍ شَدِيدٍ﴾ [سَبَإٍ: 46]

53-бапАлла Тағаланың: «Ол бар болғаны сендерді ауыр азаптың алдында ескерту үшін келген пайғамбар ғана» («Сәбә», 46‑аят) деген сөзі туралы

1783
Бұхари, № 1783 · Сахих: 4801Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: صَعِدَ النَّبِيُّ ﷺ الصَّفَا ذَاتَ يَوْمٍ، فَقَالَ: «يَا صَبَاحَاهْ!»، فَاجْتَمَعَتْ إِلَيْهِ قُرَيْشٌ، قَالُوا: «مَا لَكَ؟» قَالَ: «أَرَأَيْتُمْ لَوْ أَخْبَرْتُكُمْ أَنَّ الْعَدُوَّ يُصَبِّحُكُمْ أَوْ يُمَسِّيكُمْ، أَمَا كُنْتُمْ تُصَدِّقُونِي؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «فَإِنِّي نَذِيرٌ لَكُمْ بَيْنَ يَدَيْ عَذَابٍ شَدِيدٍ». فَقَالَ أَبُو لَهَبٍ: «تَبًّا لَكَ، أَلِهَذَا جَمَعْتَنَا؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ﴾ [الْمَسَدِ: 1].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) Сафа төбесіне көтеріліп: “Уа, жұртым, қауіп төнді!” – деп дауыстады. Сонда Құрайыш оның қасына жиналып: “Саған не болды?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Айтыңдаршы, егер мен сендерге жау таңертең немесе кешке шабуыл жасамақ деп хабар берсем, маған сенер ме едіңдер?” – деді. Олар: “Әрине”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Ендеше, мен сендерді алда тұрған қатты азаптан ескертушімін”, – деді. Әбу Ләһәб: “Құрығыр! Бізді осы үшін жинадың ба?” – деді. Сонда Алла “Әбу Ләһабтың екі қолы бірдей құрысын, онсыз да құрыды!” («Мәсәд», 1‑аят) деген аятты түсірді».

سُورَةُ الزُّمَرِ«Зүмәр» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [الزُّمَرِ: 53]

54-бапАлла Тағаланың: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым!» деп басталатын аяты туралы («Зүмәр», 53‑аят)

1784
Бұхари, № 1784 · Сахих: 4810Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ نَاسًا مِنْ أَهْلِ الشِّرْكِ كَانُوا قَدْ قَتَلُوا وَأَكْثَرُوا، وَزَنَوْا وَأَكْثَرُوا، فَأَتَوْا مُحَمَّدًا ﷺ فَقَالُوا: «إِنَّ الَّذِي تَقُولُ وَتَدْعُو إِلَيْهِ لَحَسَنٌ، لَوْ تُخْبِرُنَا أَنَّ لِمَا عَمِلْنَا كَفَّارَةً». فَنَزَلَ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ﴾ الْآيَةَ [الْفُرْقَانِ: 68]، وَنَزَلَ: ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ﴾ [الزُّمَرِ: 53].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Көп кісі өлтірген әрі зинаны да көп жасаған бір топ мүшрік бар еді. Олар Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: “Сенің айтып жүргенің де, бізді үндеп жүрген нәрсең де, расында, жақсы. Тек бізге бұрын істеген күнәларымыздың өтеуі бар екенін айтсаң екен”, – деді. Сонда “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды” («Фурқан», 68‑аят) деп басталатын аят және “Құлдарыма мына сөзімді айтып жеткіз: ‘Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер!’” («Зүмәр», 53‑аят) деген аят түсті».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ﴾ [الزُّمَرِ: 67]

55-бапАлла Тағаланың: «Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады» («Зүмәр», 67‑аят) деген сөзі туралы

1785
Бұхари, № 1785 · Сахих: 4811

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ حَبْرٌ مِنَ الْأَحْبَارِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ، إِنَّا نَجِدُ أَنَّ اللَّهَ يَجْعَلُ السَّمَوَاتِ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْأَرَضِينَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالشَّجَرَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْمَاءَ وَالثَّرَى عَلَى إِصْبَعٍ، وَسَائِرَ الْخَلَائِقِ عَلَى إِصْبَعٍ، فَيَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ”». فَضَحِكَ النَّبِيُّ ﷺ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ تَصْدِيقًا لِقَوْلِ الْحَبْرِ، ثُمَّ قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ وَالْأَرْضُ جَمِيعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ﴾.

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деді: «Яһуди ғұламаларының бірі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Мұхаммед! Біз жазбаларымыздан Алланың аспандарды бір саусағына, жерлерді бір саусағына, ағаштарды бір саусағына, су мен топырақты бір саусағына, ал қалған бүкіл жаратылысты бір саусағына алып: ‘Патша – Менмін’, – дейтінін табамыз”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) әлгі ғұламаның сөзін растап, азу тістері көрінгенше күлді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады. Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті уысында” («Зүмәр», 67‑аят) деген аятты оқыды».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالْأَرْضُ جَمِيعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ﴾ [الزُّمَرِ: 67]

56-бапАлла Тағаланың: «Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті уысында» деген сөзі туралы («Зүмәр», 67‑аят)

1786
Бұхари, № 1786 · Сахих: 4812Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَقْبِضُ اللَّهُ الْأَرْضَ، وَيَطْوِي السَّمَوَاتِ بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ؛ أَيْنَ مُلُوكُ الْأَرْضِ؟”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла жерді уысына алады, аспандарды оң қолымен бүктейді де: ‘Патша – Менмін! Жердің патшалары қайда?’ – дейді”, – дегенін естідім».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَنْ فِي السَّمَوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ﴾ الْآيَةَ [الزُّمَرِ: 68]

57-бапАлла Тағаланың: «Сур үрленеді, сонда жеті қат көктегі және жердегі бар тіршілік сұлқ түскен бойда жан тапсырады» деп басталатын аяты туралы («Зүмәр», 68‑аят)

1787
Бұхари, № 1787 · Сахих: 4814Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ». قَالُوا: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، أَرْبَعُونَ يَوْمًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ سَنَةً؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ شَهْرًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». وَيَبْلَى كُلُّ شَيْءٍ مِنَ الْإِنْسَانِ إِلَّا عَجْبَ ذَنَبِهِ، فِيهِ يُرَكَّبُ الْخَلْقُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Сурдың екі рет үрленуінің арасы – қырық», – дегенін жеткізді. Адамдар: «Уа, Әбу Һурайра! Қырық күн бе?» – деп сұрады. Ол: «Оны нақтылап айта алмаймын», – деді. Олар: «Қырық жыл ма?» – деп сұрады. Ол: «Оны нақтылап айта алмаймын», – деді. Олар: «Қырық ай ма?» – деп сұрады. Ол: «Оны нақтылап айта алмаймын», – деді. Хадисте одан әрі: «Адамның құйымшақ сүйегінен басқа бүкіл денесі шіріп кетеді. Кейін жаратылыс сол сүйектен қайта құралады», – делінген.

سُورَةُ الشُّورَى«Шура» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِلَّا الْمَوَدَّةَ فِي الْقُرْبَى﴾ [الشُّورَى: 23]

58-бапАлла Тағаланың: «Бар сұрайтыным арамыздағы туыстықтың ақысы ғана» («Шура», 23‑аят) деген сөзі туралы

1788
Бұхари, № 1788 · Сахих: 4818Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَكُنْ بَطْنٌ مِنْ قُرَيْشٍ إِلَّا كَانَ لَهُ فِيهِمْ قَرَابَةٌ، فَقَالَ: “إِلَّا أَنْ تَصِلُوا مَا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ مِنَ الْقَرَابَةِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Құрайыш ішінде Пайғамбармен (с.а.с.) туыстық байланысы болмаған бірде-бір тармақ жоқ еді. Сондықтан ол: “Менімен араларыңдағы туыстық байланысты сақтаңдар”, – деді».

سُورَةُ الدُّخَانِ«Духан» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿رَبَّنَا اِكْشِفْ عَنَّا الْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ﴾ [الدُّخَانِ: 12]

59-бапАлла Тағаланың: «Уа, Раббымыз! Еңсемізді езген мына азаптың бетін қайтара көр! Біз енді шынымен мүмін болдық» («Духан», 12‑аят) деген сөзі туралы

1789
Бұхари, № 1789 · Сахих: 4822

فِيهِ حَدِيثُ ابْنِ مَسْعُودٍ الْمُتَقَدِّمُ فِي سُورَةِ الرُّومِ، وَزَادَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: قَالُوا: «رَبَّنَا اِكْشِفْ عَنَّا الْعَذَابَ»، فَقِيلَ لَهُ: «إِنْ كَشَفْنَا عَنْهُمُ الْعَذَابَ عَادُوا»، فَدَعَا رَبَّهُ فَكَشَفَ عَنْهُمْ، فَعَادُوا، فَانْتَقَمَ اللَّهُ مِنْهُمْ يَوْمَ بَدْرٍ.

Қазақша аудармасы

Бұл бапта «Рум» сүресі тарауында бұрын келтірілген Ибн Масғудтың хадисі баяндалған. Осы риуаятта: «Олар: “Уа, Раббымыз! Еңсемізді езген мына азаптың бетін қайтара көр!” («Духан», 12‑аят), – деді. Сонда оған: “Егер Біз олардан азапты алып тастасақ, олар қайтадан бұрынғы күйлеріне оралады”, – делінді. Ол Раббысына дұға етті де, Алла олардан азапты алып тастады. Бірақ олар қайтадан бұрынғы күйлеріне оралды. Сонда Алла Бәдір күні олардан кек алды», – деп қосылған.

سُورَةُ الْجَاثِيَةِ«Жәсия» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَا يُهْلِكُنَا إِلَّا الدَّهْرُ﴾ [الْجَاثِيَةِ: 24]

60-бапАлла Тағаланың: «Бізді тек замана ағымы ғана біржолата құртып, жоқ қылады» («Жәсия», 24‑аят) деген сөзі туралы

1790
Бұхари, № 1790 · Сахих: 4826Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “يُؤْذِينِي ابْنُ آدَمَ؛ يَسُبُّ الدَّهْرَ وَأَنَا الدَّهْرُ، بِيَدِي الْأَمْرُ، أُقَلِّبُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Аса Үстем әрі Ұлы Алла: “Адам баласы уақытты балағаттап, Маған жәбір келтіреді. Ал уақыттың билігі – Менің қолымда. Барлық іс Менің қолымда, түн мен күнді Мен алмастырамын”, – деді».

سُورَةُ الْأَحْقَافِ«Ахқаф» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضًا مُسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْقَافِ: 24]

61-бапАлла Тағаланың: «Ақырында, олар азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде алқаптарына қарай бет алып келе жатқанын көргенде» деп басталатын аяты туралы («Ахқаф», 24‑аят)

1791
Бұхари, № 1791 · Сахих: 4829Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: «مَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ضَاحِكًا حَتَّى أَرَى مِنْهُ لَهَوَاتِهِ؛ إِنَّمَا كَانَ يَتَبَسَّمُ». وَذَكَرَتْ بَاقِيَ الْحَدِيثِ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي بَدْءِ الْخَلْقِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) таңдай тілшесі көрінердей қатты күлгенін ешқашан көрмедім. Ол тек жымиып қана күлетін», – деді. Ол хадистің қалған бөлігін де баяндаған. Бұл хадис «Жаратылыстың басталуы» кітабында бұрын келтірілген.

سُورَةُ مُحَمَّدٍ«Мұхаммед» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ﴾ [مُحَمَّدٍ: 22]

62-бапАлла Тағаланың: «араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?!» («Мұхаммед», 22‑аят) деген сөзі туралы

1792
Бұхари, № 1792 · Сахих: 4830Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «خَلَقَ اللَّهُ الْخَلْقَ، فَلَمَّا فَرَغَ مِنْهُ قَامَتِ الرَّحِمُ، فَأَخَذَتْ بِحَقْوِ الرَّحْمَنِ، فَقَالَ: “مَهْ؟” قَالَتْ: “هَذَا مَقَامُ الْعَائِذِ بِكَ مِنَ الْقَطِيعَةِ”. قَالَ: “أَلَا تَرْضَيْنَ أَنْ أَصِلَ مَنْ وَصَلَكِ، وَأَقْطَعَ مَنْ قَطَعَكِ؟” قَالَتْ: “بَلَى، يَا رَبِّ”. قَالَ: “فَذَاكِ لَكِ”». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «اِقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ﴾ [مُحَمَّدٍ: 22]».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла жаратылысты жаратты. Жаратуын аяқтаған кезде, туыстық байланыс орнынан тұрып, Рахманның белінен ұстады. Сонда Ол оған: “Не болды?” – деп сұрады. Туыстық байланыс: “Бұл – байланыстың үзілуінен Өзіңе сиынып, пана тілегеннің орны”, – деді. Алла: “Сені жалғаған адаммен байланысымды жалғап, сені үзген адаммен байланысымды үзуіме разы болмайсың ба?” – деді. Ол: “Әрине, уа, Раббым!” – деді. Алла: “Ендеше, сен үшін солай болсын”, – деді».

Әбу Һурайра (р.а.): «Қаласаңдар, “Демек, қолдарыңа билік тие қалса және Алладан теріс айналсаңдар, жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?!” («Мұхаммед», 22‑аят) деген аятты оқыңдар», – деді.

1793
Бұхари, № 1793 · Сахих: 4831

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فَهَلْ عَسَيْتُمْ﴾».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Қаласаңдар, “Демек, қолдарыңа билік тие қалса және Алладан теріс айналсаңдар...” («Мұхаммед», 22‑аят) деп басталатын аятты оқыңдар», – деген.

سُورَةُ قٓ«Қаф» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزِيدٍ﴾ [قٓ: 30]

63-бапАлла Тағаланың: «Ол болса: “Тағы да бар ма?” – деп қомағайлана жауап қатады» («Қаф», 30‑аят) деген сөзі туралы

1794
Бұхари, № 1794 · Сахих: 4848Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُلْقَى فِي النَّارِ وَتَقُولُ: “هَلْ مِنْ مَزِيدٍ؟”، حَتَّى يَضَعَ قَدَمَهُ، فَتَقُولُ: “قَطْ قَطْ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Тозаққа адамдар тасталып жатқанда, ол: “Тағы бар ма?” – дейді. Ақыры Ол аяғын қойған кезде, ол: “Жетеді, жетеді”, – дейді».

1795
Бұхари, № 1795 · Сахих: 4850Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَحَاجَّتِ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَقَالَتِ النَّارُ: “أُوثِرْتُ بِالْمُتَكَبِّرِينَ وَالْمُتَجَبِّرِينَ”. وَقَالَتِ الْجَنَّةُ: “مَا لِي لَا يَدْخُلُنِي إِلَّا ضُعَفَاءُ النَّاسِ وَسَقَطُهُمْ؟” قَالَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى لِلْجَنَّةِ: “أَنْتِ رَحْمَتِي أَرْحَمُ بِكِ مَنْ أَشَاءُ مِنْ عِبَادِي”. وَقَالَ لِلنَّارِ: “إِنَّمَا أَنْتِ عَذَابِي أُعَذِّبُ بِكِ مَنْ أَشَاءُ مِنْ عِبَادِي”. وَلِكُلِّ وَاحِدَةٍ مِنْهُمَا مِلْؤُهَا. فَأَمَّا النَّارُ فَلَا تَمْتَلِئُ حَتَّى يَضَعَ رِجْلَهُ فَتَقُولُ: “قَطْ قَطْ”، فَهُنَالِكَ تَمْتَلِئُ وَيُزْوَى بَعْضُهَا إِلَى بَعْضٍ، وَلَا يَظْلِمُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مِنْ خَلْقِهِ أَحَدًا، وَأَمَّا الْجَنَّةُ فَإِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُنْشِئُ لَهَا خَلْقًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Жәннат пен Тозақ бір-бірімен таласты. Тозақ: ‘Маған тәкаппарлар мен зорлықшылдар берілді’, – деді. Ал Жәннат: ‘Неліктен маған адамдардың әлсіздері мен елеусіздері ғана кіреді?’ – деді. Сонда Берекелі әрі Ұлы Алла Жәннатқа: ‘Сен – Менің рақымымсың. Құлдарымның арасынан қалағаныма сен арқылы рақым етемін’, – деді. Ал Тозаққа: ‘Сен – Менің азабымсың. Құлдарымның арасынан қалағанымды сен арқылы азаптаймын’, – деді. Екеуі де толады. Ал Тозақ Ұлы Алла оған аяғын қойғанға дейін толмайды. Сонда ол: ‘Жетеді, жетеді!’ – дейді. Осылайша ол толып, бөліктері бір-біріне қарай жиырылады. Ұлы Алла жаратылыстарының ешқайсысына зұлымдық жасамайды. Ал Жәннат үшін Ұлы Алла арнайы жаңа жаратылыстар жаратады”, – деді».

سُورَةُ الطُّورِ«Тур» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالطُّورِ﴾ ﴿وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ﴾ [الطُّورِ: ‎1⁠–⁠2‎]

64-бапАлла Тағаланың: «Тур тауына серт! Жазылған Кітапқа серт!» («Тур», 1–2‑аяттар) деген сөзі туралы

1796
Бұхари, № 1796 · Сахих: 4854Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقْرَأُ فِي الْمَغْرِبِ بِالطُّورِ، فَلَمَّا بَلَغَ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ﴾ ﴿أَمْ خَلَقُوا السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ بَلْ لَا يُوقِنُونَ﴾ ﴿أَمْ عِنْدَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُصَيْطِرُونَ﴾ [الطُّورِ: ‎35⁠–⁠37‎]، كَادَ قَلْبِي أَنْ يَطِيرَ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) ақшам намазында “Тур” сүресін оқығанын естідім. Ол: “Әлде олар еш нәрсенің қатысынсыз, өз-өздерінен жаралды ма?! Жоқ әлде олар өздерін Жаратушы ма?! Әлде жеті қат көк пен жерді солар жаратты ма?! Жо-жоқ, расында, олар анық көз жеткізіп иланбайды. Жоқ әлде Раббыңның қазыналары солардың құзырында ма еді?! Әлде күллі ғаламды билеп-төстеушілер солар ма?” («Тур», 35-37‑аяттар) деген аяттарға жеткенде, жүрегім ұшып кете жаздады».

سُورَةُ النَّجْمِ«Нәжм» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أَفَرَأَيْتُمُ اللَّاتَ وَالْعُزَّى﴾ [النَّجْمِ: 19]

65-бапАлла Тағаланың: «Ал енді мына Лат пен Ұззаға қараңдаршы!» («Нәжм», 19‑аят) деген сөзі туралы

1797
Бұхари, № 1797 · Сахих: 4860Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ فَقَالَ فِي حَلِفِهِ: “وَاللَّاتِ وَالْعُزَّى”، فَلْيَقُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَمَنْ قَالَ لِصَاحِبِهِ: “تَعَالَ أُقَامِرْكَ”، فَلْيَتَصَدَّقْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім ант етіп, сол антында: ‘Лат пен Ұззаға серт!’ – десе, ‘Лә иләһә иллаллаһ – Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ’, – десін. Ал кім жолдасына: ‘Кел, сенімен құмар ойнайын’, – десе, садақа берсін”, – деді».

سُورَةُ الْقَمَرِ«Қамар» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿بَلِ السَّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَالسَّاعَةُ أَدْهَى وَأَمَرُّ﴾ [الْقَمَرِ: 46]

66-бапАлла Тағаланың: «Олардың негізгі уәделі мерзімі – Қиямет сағаты! Қиямет сағатының сұмдығы әлдеқайда күшті, әлдеқайда ащы!» («Қамар», 46‑аят) деген сөзі туралы

1798
Бұхари, № 1798 · Сахих: 4876Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَقَدْ أُنْزِلَ عَلَى مُحَمَّدٍ ﷺ بِمَكَّةَ وَإِنِّي لَجَارِيَةٌ أَلْعَبُ: ﴿بَلِ السَّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَالسَّاعَةُ أَدْهَى وَأَمَرُّ﴾ [الْقَمَرِ: 46]».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен әлі ойын ойнап жүрген жас қыз кезімде, Меккеде Мұхаммедке (с.а.с.) “Олардың негізгі уәделі мерзімі – Қиямет сағаты! Қиямет сағатының сұмдығы әлдеқайда күшті, әлдеқайда ащы!” («Қамар», 46‑аят) деген аят түсірілді».

سُورَةُ الرَّحْمَٰنِ«Рахман» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمِنْ دُونِهِمَا جَنَّتَانِ﴾ [الرَّحْمَنِ: 62]

67-бапАлла Тағаланың: «Бұл екеуінен басқа сәл төменде тағы да қос жұмақ бар» («Рахман», 62‑аят) деген сөзі туралы

1799
Бұхари, № 1799 · Сахих: 4878Риуаят етуші: Абдулла ибн Қайс (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «جَنَّتَانِ مِنْ فِضَّةٍ، آنِيَتُهُمَا وَمَا فِيهِمَا، وَجَنَّتَانِ مِنْ ذَهَبٍ، آنِيَتُهُمَا وَمَا فِيهِمَا، وَمَا بَيْنَ الْقَوْمِ وَبَيْنَ أَنْ يَنْظُرُوا إِلَى رَبِّهِمْ إِلَّا رِدَاءُ الْكِبْرِ عَلَى وَجْهِهِ فِي جَنَّةِ عَدْنٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Қайс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ыдыстары да, ішіндегі нәрселері де күмістен жасалған екі Жәннат бағы және ыдыстары да, ішіндегі нәрселері де алтыннан жасалған екі Жәннат бағы бар. Адн Жәннатында адамдардың Раббыларына қарауына Оның жүзіндегі ұлылық жамылғысынан басқа еш нәрсе бөгет болмайды», – дегенін жеткізді.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿حُورٌ مَقْصُورَاتٌ فِي الْخِيَامِ﴾ [الرَّحْمَنِ: 72]

68-бапАлла Тағаланың: «Отауынан аттап шықпайтын хор қыздары» («Рахман», 72‑аят) деген сөзі туралы

1800
Бұхари, № 1800 · Сахих: 4879Риуаят етуші: Абдулла ибн Қайс (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ خَيْمَةً مِنْ لُؤْلُؤَةٍ مُجَوَّفَةٍ، عَرْضُهَا سِتُّونَ مِيلًا، فِي كُلِّ زَاوِيَةٍ مِنْهَا أَهْلٌ مَا يَرَوْنَ الْآخَرِينَ، يَطُوفُ عَلَيْهِمُ الْمُؤْمِنُونَ». وَقَدْ تَقَدَّمَ بَاقِي الْحَدِيثِ آنِفًا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Қайс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Жәннатта іші қуыс бір інжуден жасалған шатыр бар. Оның ені алпыс миль. Әр бұрышында бірін-бірі көрмейтін жұбайлары бар. Мүміндер оларды аралап жүреді». Хадистің қалған бөлігі жоғарыда келтірілген.

سُورَةُ الْمُمْتَحَنَةِ«Мумтахана» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 1]

69-бапАлла Тағаланың: «Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар!» («Мумтахана», 1‑аят) деген сөзі туралы

1801
Бұхари, № 1801 · Сахих: 4890Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَا وَالزُّبَيْرَ وَالْمِقْدَادَ». فَذَكَرَ حَدِيثَ حَاطِبِ بْنِ أَبِي بَلْتَعَةَ، وَقَالَ فِي آخِرِهِ: نَزَلَتْ فِيهِ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ﴾.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мені, Зубәйрді және Миқдадты жіберді», – деп, Хатиб ибн Әбу Балтаға туралы хадисті баяндаған. Оның соңында: «Осыған байланысты “Уа, иман келтіргендер! Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар!” («Мумтахана», 1‑аят) деген аят түсті», – деген.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُؤْمِنَاتُ يُبَايِعْنَكَ﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 12]

70-бапАлла Тағаланың: «Жаңадан иман келтірген әйелдер алдыңа келіп ... саған ант бергілері келсе» деп басталатын аяты туралы («Мумтахана», 12‑аят)

1802
Бұхари, № 1802 · Сахих: 4892Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «بَايَعْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَرَأَ عَلَيْنَا: ﴿أَنْ لَا يُشْرِكْنَ بِاللَّهِ شَيْئًا﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 12]، وَنَهَانَا عَنِ النِّيَاحَةِ، فَقَبَضَتِ امْرَأَةٌ يَدَهَا، فَقَالَتْ: “أَسْعَدَتْنِي فُلَانَةُ، أُرِيدُ أَنْ أَجْزِيَهَا”. فَمَا قَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ شَيْئًا، فَانْطَلَقَتْ وَرَجَعَتْ، فَبَايَعَهَا».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) серт бердік. Ол бізге: “Аллаға ешкімді һәм еш нәрсені серік етіп қоспау...” («Мумтахана», 12‑аят) деген аятты оқып берді әрі дауыс көтеріп жоқтау айтуға тыйым салды. Сонда бір әйел қолын тартып алып: “Пәленше әйел менің басыма қайғы түскенде жоқтау айтып, маған жәрдемдескен еді. Мен де соның қарымын қайтарғым келеді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған еш нәрсе айтпады. Әлгі әйел кетіп, кейін қайта оралды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) одан серт алды».

سُورَةُ الْجُمُعَةِ«Жұма» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَآخَرِينَ مِنْهُمْ لَمَّا يَلْحَقُوا بِهِمْ﴾ [الْجُمُعَةِ: 3]

71-бапАлла Тағаланың: «Һәм оны сол үмми қауымға әлі қосыла қоймаған басқа қауымдарға да жібереді» («Жұма», 3‑аят) деген сөзі туралы

1803
Бұхари, № 1803 · Сахих: 4897Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا جُلُوسًا عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَأُنْزِلَتْ عَلَيْهِ سُورَةُ الْجُمُعَةِ: ﴿وَآخَرِينَ مِنْهُمْ لَمَّا يَلْحَقُوا بِهِمْ﴾ قَالَ: قُلْتُ: “مَنْ هُمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟” فَلَمْ يُرَاجِعْهُ حَتَّى سَأَلَ ثَلَاثًا، وَفِينَا سَلْمَانُ الْفَارِسِيُّ. وَضَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ عَلَى سَلْمَانَ، ثُمَّ قَالَ: “لَوْ كَانَ الْإِيمَانُ عِنْدَ الثُّرَيَّا، لَنَالَهُ رِجَالٌ مِنْ هَؤُلَاءِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) қасында отырған едік. Сол кезде оған “Жұма” сүресіндегі “Һәм оны сол үмми қауымға әлі қосыла қоймаған басқа қауымдарға да жібереді” («Жұма», 3‑аят) деген аят түсті. Мен: “Уа, Расулалла! Олар кімдер?” – деп сұрадым. Ол үш рет сұрағанымша жауап бермеді. Арамызда Салман әл-Фариси де бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын Салманға қойып: “Егер иман Үркерде болса да, мына адамдардың арасынан ерлер оған сөзсіз қол жеткізер еді”, – деді».

سُورَةُ الْمُنَافِقُونَ«Мунафиқун» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ قَالُوا نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ اللَّهِ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: 1]

72-бапАлла Тағаланың: «Мұнафықтар алдыңа келгенде: “Біз куәлік етеміз: сен Алланың елшісісің!” – дейді» деген сөзі туралы («Мунафиқун», 1‑аят)

1804
Бұхари, № 1804 · Сахих: 4900Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ فِي غَزَاةٍ فَسَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ أُبَيِّ ابْنِ سَلُولٍ يَقُولُ: “لَا تُنْفِقُوا عَلَى مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ حَتَّى يَنْفَضُّوا مِنْ حَوْلِهِ، وَلَئِنْ رَجَعْنَا مِنْ عِنْدِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ”، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لِعَمِّي أَوْ لِعُمَرَ، فَذَكَرَهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَدَعَانِي فَحَدَّثْتُهُ، فَأَرْسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيٍّ وَأَصْحَابِهِ، فَحَلَفُوا مَا قَالُوا، فَكَذَّبَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَصَدَّقَهُ، فَأَصَابَنِي هَمٌّ لَمْ يُصِبْنِي مِثْلُهُ قَطُّ، فَجَلَسْتُ فِي الْبَيْتِ، فَقَالَ لِي عَمِّي: “مَا أَرَدْتَ إِلَى أَنْ كَذَّبَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَمَقَتَكَ؟” فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ﴾ فَبَعَثَ إِلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ فَقَرَأَ، فَقَالَ: “إِنَّ اللَّهَ قَدْ صَدَّقَكَ يَا زَيْدُ”».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқам (р.а.) былай деді: «Мен бір жорықта жүрген едім. Сол кезде Абдулла ибн Убәй ибн Сәлулдің: “Алла Елшісінің (с.а.с.) қасындағыларға еш нәрсе жұмсамаңдар, сонда олар оның айналасынан тарап кетеді. Егер Мәдинаға қайтсақ, әлбетте, беделдісі беделсізін одан қуып шығады”, – дегенін естідім. Мұны көкеме немесе Омарға айттым. Ол мұны Пайғамбарға (с.а.с.) жеткізді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) мені шақыртып алды, мен оған естігенімді айтып бердім. Алла Елшісі (с.а.с.) Абдулла ибн Убәй мен оның жолдастарына адам жіберді. Олар мұндай сөз айтпағандарына ант берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) менің сөзімді өтірік санап, оның сөзін растады. Сол кезде мен бұрын-соңды бастан өткермеген ауыр қайғыға баттым да, үйде отырып қалдым. Көкем маған: “Алла Елшісі (с.а.с.) сені өтірікші санап, жек көретіндей, не істемек болдың?” – деді. Содан кейін Алла Тағала: “Мұнафықтар алдыңа келгенде...” («Мунафиқун», 1‑аят) деп басталатын сүрені түсірді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) маған адам жіберіп, оны оқып берді де: “Уа, Зәйд! Расында, Алла сенің сөзіңді растады”, – деді».

1805
Бұхари, № 1805 · Сахих: 4903Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ قَالَ: فَدَعَاهُمُ النَّبِيُّ ﷺ لِيَسْتَغْفِرَ لَهُمْ، فَلَوَّوْا رُءُوسَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта былай делінген: «Пайғамбар (с.а.с.) олар үшін кешірім тілеу мақсатында оларды шақырды. Бірақ олар бастарын бұрып әкетті».

1806
Бұхари, № 1806 · Сахих: 4906Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِلْأَنْصَارِ وَلِأَبْنَاءِ الْأَنْصَارِ». وَشَكَّ الرَّاوِي فِي أَبْنَاءِ أَبْنَاءِ الْأَنْصَارِ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Уа, Алла! Ансарларды және ансарлардың балаларын кешіре гөр”, – дегенін естідім». Риуаятшы «ансарлардың балаларының балаларын да» деген сөздің айтылған-айтылмағанына күмәнданған.

سُورَةُ التَّحْرِيمِ«Тахрим» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ الْآيَةَ [التَّحْرِيمِ: 1]

73-бапАлла Тағаланың: «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деп басталатын аяты туралы («Тахрим», 1‑аят)

1807
Бұхари, № 1807 · Сахих: 4912Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَشْرَبُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، وَيَمْكُثُ عِنْدَهَا، فَوَاطَيْتُ أَنَا وَحَفْصَةُ عَنْ أَيَّتِنَا دَخَلَ عَلَيْهَا فَلْتَقُلْ لَهُ: “أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟ إِنِّي أَجِدُ مِنْكَ رِيحَ مَغَافِيرَ”. قَالَ: “لَا، وَلَكِنِّي كُنْتُ أَشْرَبُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، فَلَنْ أَعُودَ لَهُ، وَقَدْ حَلَفْتُ. لَا تُخْبِرِي بِذَلِكَ أَحَدًا”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішіп, оның жанында біраз уақыт отыратын еді. Сонда мен Хафсамен: “Ол екеуіміздің қайсымызға кірсе, сол оған: ‘Мағафир жедіңіз бе? Сізден мағафирдің иісін сезіп тұрмын’, – десін”, – деп келістік. Сонда ол (с.а.с.): “Жоқ. Бірақ мен Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішкен едім. Енді оны қайтып ішпеймін. Бұған ант та еттім. Мұны ешкімге айтпа”, – деді».

سُورَةُ الْقَلَمِ«Қалам» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿عُتُلٍّ بَعْدَ ذَلِكَ زَنِيمٍ﴾ [الْقَلَمِ: 13]

74-бапАлла Тағаланың: «қатыгез озбырдың, содан соң тексіздің» («Қалам», 13‑аят) деген сөзі туралы

1808
Бұхари, № 1808 · Сахих: 4918

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ الْخُزَاعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟ كُلُّ ضَعِيفٍ مُتَضَعِّفٍ، لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ. أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟ كُلُّ عُتُلٍّ، جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб әл-Хузағи (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.): “Сендерге Жәннат иелерінің кім екенін айтайын ба? Олар – әлсіз әрі жұрт әлсіз санайтын адамдар. Егер олардың бірі Аллаға ант етсе, Алла оның антын сөзсіз расқа шығарады. Сендерге Тозақ иелерінің кім екенін айтайын ба? Олар – әрбір дөрекі, дүниеқоңыз әрі тәкаппар адам”, – дегенін естідім».

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَوْمَ يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ﴾ [الْقَلَمِ: 42]

75-бапАлла Тағаланың: «Балтыр ашылатын (іс насырға шабатын) күні олар сәжде етуге шақырылады» деген сөзі туралы («Қалам», 42‑аят)

1809
Бұхари, № 1809 · Сахих: 4919Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «يَكْشِفُ رَبُّنَا عَنْ سَاقِهِ، فَيَسْجُدُ لَهُ كُلُّ مُؤْمِنٍ وَمُؤْمِنَةٍ، فَيَبْقَى كُلُّ مَنْ كَانَ يَسْجُدُ فِي الدُّنْيَا رِيَاءً وَسُمْعَةً، فَيَذْهَبُ لِيَسْجُدَ، فَيَعُودُ ظَهْرُهُ طَبَقًا وَاحِدًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Раббымыз балтырын ашады. Сонда әрбір мүмін ер мен мүмін әйел Оған сәжде етеді. Ал дүниеде жұрт көрсін әрі естісін деп сәжде еткендердің бәрі қалып қояды. Олар сәжде етуге ұмтылғанда, арқалары тұтас бір тақтайдай қатып қалады”, – дегенін естідім», – деді.

1810
Бұхари, № 1810 · Сахих: 4936Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ بِإِصْبَعَيْهِ هَكَذَا، بِالْوُسْطَى وَالَّتِي تَلِي الْإِبْهَامَ: «بُعِثْتُ أَنَا وَالسَّاعَةُ كَهَاتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) ортаңғы саусағы мен бас бармағының жанындағы сұқ саусағын осылай қатар ұстап: “Менің пайғамбар болып жіберілуім мен Қияметтің арасы мына екеуі секілді”, – дегенін көрдім».

1811
Бұхари, № 1811 · Сахих: 4937Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ، وَهُوَ حَافِظٌ لَهُ، مَعَ السَّفَرَةِ الْكِرَامِ الْبَرَرَةِ، وَمَثَلُ الَّذِي يَقْرَأُ، وَهُوَ يَتَعَاهَدُهُ، وَهُوَ عَلَيْهِ شَدِيدٌ فَلَهُ أَجْرَانِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Құранды жатқа біліп, оқитын адам ардақты әрі ізгі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқып, оны үнемі қайталап жүрсе де, оны оқу қиынға соғатын адамға екі сауап бар».

سُورَةُ الْمُطَفِّفِينَ«Мутаффифин» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْمُطَفِّفِينَ: 6]

76-бап«Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 6‑аят) деген аят туралы

1812
Бұхари, № 1812 · Сахих: 4938Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «﴿يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْمُطَفِّفِينَ: 6]، حَتَّى يَغِيبَ أَحَدُهُمْ فِي رَشْحِهِ إِلَى أَنْصَافِ أُذُنَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 6‑аят) деген аят туралы былай дегенін жеткізді: «Тіпті олардың бірі өз теріне құлақтарының ортасына дейін батып кетеді».

سُورَةُ الْإِنْشِقَاقِ«Иншиқақ» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا﴾ [الْإِنْشِقَاقِ: 8]

77-бап«Оның есебі өте оңай болады» («Иншиқақ», 8‑аят) деген аят туралы

1813
Бұхари, № 1813 · Сахих: 4939Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ أَحَدٌ يُحَاسَبُ إِلَّا هَلَكَ». وَبَاقِي الْحَدِيثِ قَدْ تَقَدَّمَ فِي كِتَابِ الْعِلْمِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Есепке тартылған әрбір адам құриды”, – деді». Хадистің қалған бөлігі «Білім» кітабында бұрын келтірілген.

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَتَرْكَبَنَّ طَبَقًا عَنْ طَبَقٍ﴾ [الْإِنْشِقَاقِ: 19]

78-бапАлла Тағаланың: «Сөзсіз, сен бірінен бірі өтетін күйден күйге көшесің» деген сөзі туралы («Иншиқақ», 19‑аят)

1814
Бұхари, № 1814 · Сахих: 4940Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: ﴿لَتَرْكَبَنَّ طَبَقًا عَنْ طَبَقٍ﴾ «حَالًا بَعْدَ حَالٍ». قَالَ: «هَذَا نَبِيُّكُمْ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) «Сөзсіз, сен бірінен бірі өтетін күйден күйге көшесің» («Иншиқақ», 19‑аят) деген аят туралы: «Яғни бір күйден екінші күйге өту», – деді. Сондай-ақ: «Бұл сөз сендердің Пайғамбарларыңа (с.а.с.) қатысты», – деді.

1815
Бұхари, № 1815 · Сахих: 4942

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَمْعَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ، وَذَكَرَ النَّاقَةَ وَالَّذِي عَقَرَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «﴿إِذِ انْبَعَثَ أَشْقَاهَا﴾ [الشَّمْسِ: 12] اِنْبَعَثَ لَهَا رَجُلٌ عَزِيزٌ عَارِمٌ، مَنِيعٌ فِي رَهْطِهِ، مِثْلُ أَبِي زَمْعَةَ». وَذَكَرَ النِّسَاءَ، فَقَالَ: «يَعْمِدُ أَحَدُكُمْ فَيَجْلِدُ امْرَأَتَهُ جَلْدَ الْعَبْدِ، فَلَعَلَّهُ يُضَاجِعُهَا مِنْ آخِرِ يَوْمِهِ». ثُمَّ وَعَظَهُمْ فِي ضَحِكِهِمْ مِنَ الضَّرْطَةِ، وَقَالَ: «لِمَ يَضْحَكُ أَحَدُكُمْ مِمَّا يَفْعَلُ؟» وَفِي رِوَايَةٍ: «مِثْلُ أَبِي زَمْعَةَ عَمِّ الزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Замға (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) құтбасын естідім. Ол түйе мен оны өлтірген адам жайында сөз қозғады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) “Ақыры, араларындағы ең қаныпезер жауыз суырылып алға шықты” («Шәмс», 12‑аят) деген аятты айтып: “Оны өлтіруге өз қауымы арасында беделді, сотқар әрі қорғаны мықты бір адам шықты. Ол Әбу Замға секілді еді”, – деді.

Содан кейін әйелдер жайында сөз қозғап: “Сендердің бірің әйелін құлды сабағандай сабайды да, сол күннің соңында онымен бірге жатуы мүмкін”, – деді. Кейін оларға біреудің жел шығарғанына күлгендері үшін ескерту жасап: “Сендердің бірің өзі де істейтін нәрсеге неге күледі?” – деді». Бір риуаятта: «Зубәйр ибн әл-Аууамның көкесі Әбу Замға секілді», – делінген.

سُورَةُ الْعَلَقِ«Аләқ» сүресі

بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿كَلَّا لَئِنْ لَمْ يَنْتَهِ﴾ [الْعَلَقِ: 15]

79-бапАлла Тағаланың: «Жо-жоқ, бұлай болмайды. Егер ол бұл қылығын доғармаса» деп басталатын аяты туралы («Аләқ», 15‑аят)

1816
Бұхари, № 1816 · Сахих: 4958Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: «لَئِنْ رَأَيْتُ مُحَمَّدًا يُصَلِّي عِنْدَ الْكَعْبَةِ لَأَطَأَنَّ عَلَى عُنُقِهِ». فَبَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «لَوْ فَعَلَهُ لَأَخَذَتْهُ الْمَلَائِكَةُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деп жеткізді: «Әбу Жәһил: “Егер Мұхаммедтің Қағбаның жанында намаз оқып тұрғанын көрсем, міндетті түрде оның мойнын аяғыммен басамын”, – деді. Бұл сөз Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Егер ол мұны істегенде, періштелер оны ұстап алар еді”, – деді».

1817
Бұхари, № 1817 · Сахих: 4964Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا عُرِجَ بِالنَّبِيِّ ﷺ إِلَى السَّمَاءِ قَالَ: «أَتَيْتُ عَلَى نَهَرٍ، حَافَتَاهُ قِبَابُ اللُّؤْلُؤِ مُجَوَّفًا، فَقُلْتُ: “مَا هَذَا، يَا جِبْرِيلُ؟” قَالَ: “هَذَا الْكَوْثَرُ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.) көкке көтерілген кезде былай деді: “Мен бір өзеннің жанынан өттім. Оның екі жағасында іші қуыс інжуден жасалған күмбездер бар екен. Сонда мен: ‘Уа, Жәбірейіл! Бұл не?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Бұл – Кәусәр’, – деді”».

1818
Бұхари, № 1818 · Сахих: 4965Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، وَقَدْ سُئِلَتْ عَنْ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ﴾ [الْكَوْثَرِ: 1]، قَالَتْ: «نَهَرٌ أُعْطِيَهُ نَبِيُّكُمْ ﷺ، شَاطِئَاهُ عَلَيْهِ دُرٌّ مُجَوَّفٌ، آنِيَتُهُ كَعَدَدِ النُّجُومِ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) Алла Тағаланың: «Шынында, Біз саған Кәусәрді нәсіп еттік» («Кәусәр», 1‑аят) деген сөзі жайында сұралғанда, ол: «Бұл – сендердің Пайғамбарларыңа (с.а.с.) берілген өзен. Оның екі жағасында іші қуыс інжулер бар. Ондағы ыдыстардың саны жұлдыздардың санындай», – деді.