Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1799

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
67. Алла Тағаланың: «Бұл екеуінен басқа сәл төменде тағы да қос жұмақ бар» («Рахман», 62‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمِنْ دُونِهِمَا جَنَّتَانِ﴾ [الرَّحْمَنِ: 62]
Нөмірі
№ 1799 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4878
1799
Бұхари, № 1799 · Сахих: 4878Риуаят етуші: Абдулла ибн Қайс (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «جَنَّتَانِ مِنْ فِضَّةٍ، آنِيَتُهُمَا وَمَا فِيهِمَا، وَجَنَّتَانِ مِنْ ذَهَبٍ، آنِيَتُهُمَا وَمَا فِيهِمَا، وَمَا بَيْنَ الْقَوْمِ وَبَيْنَ أَنْ يَنْظُرُوا إِلَى رَبِّهِمْ إِلَّا رِدَاءُ الْكِبْرِ عَلَى وَجْهِهِ فِي جَنَّةِ عَدْنٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Қайс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ыдыстары да, ішіндегі нәрселері де күмістен жасалған екі Жәннат бағы және ыдыстары да, ішіндегі нәрселері де алтыннан жасалған екі Жәннат бағы бар. Адн Жәннатында адамдардың Раббыларына қарауына Оның жүзіндегі ұлылық жамылғысынан басқа еш нәрсе бөгет болмайды», – дегенін жеткізді.