Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1776

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
48. Алла Тағаланың: «Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 51‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 51]
Нөмірі
№ 1776 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4788
1776
Бұхари, № 1776 · Сахих: 4788Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنْتُ أَغَارُ عَلَى اللَّاتِي وَهَبْنَ أَنْفُسَهُنَّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَقُولُ: “أَتَهَبُ الْمَرْأَةُ نَفْسَهَا؟” فَلَمَّا أَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكَ﴾، قُلْتُ: “مَا أَرَى رَبَّكَ إِلَّا يُسَارِعُ فِي هَوَاكَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен өздерін Алла Елшісіне (с.а.с.) некеге ұсынған әйелдерді қызғанатынмын әрі: “Әйел адам өзін-өзі некеге ұсына ма?” – дейтінмін. Алла Тағала: “Әйелдеріңе кезекпен бару мәселесіне келсек, қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің. Әрі кезегін кейінге шегерген әйелдеріңнің қайсыбіріне ертерек баруды қалап, кезегін қайтадан алға шығарсаң да күнәға қалмайсың” («Ахзаб», 51‑аят) деген аятты түсірген кезде, мен: “Раббың сенің қалауыңды орындауға асығатын секілді”, – дедім».