Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1802

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
70. Алла Тағаланың: «Жаңадан иман келтірген әйелдер алдыңа келіп ... саған ант бергілері келсе» деп басталатын аяты туралы («Мумтахана», 12‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُؤْمِنَاتُ يُبَايِعْنَكَ﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 12]
Нөмірі
№ 1802 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4892
1802
Бұхари, № 1802 · Сахих: 4892Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «بَايَعْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَرَأَ عَلَيْنَا: ﴿أَنْ لَا يُشْرِكْنَ بِاللَّهِ شَيْئًا﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 12]، وَنَهَانَا عَنِ النِّيَاحَةِ، فَقَبَضَتِ امْرَأَةٌ يَدَهَا، فَقَالَتْ: “أَسْعَدَتْنِي فُلَانَةُ، أُرِيدُ أَنْ أَجْزِيَهَا”. فَمَا قَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ شَيْئًا، فَانْطَلَقَتْ وَرَجَعَتْ، فَبَايَعَهَا».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) серт бердік. Ол бізге: “Аллаға ешкімді һәм еш нәрсені серік етіп қоспау...” («Мумтахана», 12‑аят) деген аятты оқып берді әрі дауыс көтеріп жоқтау айтуға тыйым салды. Сонда бір әйел қолын тартып алып: “Пәленше әйел менің басыма қайғы түскенде жоқтау айтып, маған жәрдемдескен еді. Мен де соның қарымын қайтарғым келеді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған еш нәрсе айтпады. Әлгі әйел кетіп, кейін қайта оралды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) одан серт алды».