Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1797

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
65. Алла Тағаланың: «Ал енді мына Лат пен Ұззаға қараңдаршы!» («Нәжм», 19‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أَفَرَأَيْتُمُ اللَّاتَ وَالْعُزَّى﴾ [النَّجْمِ: 19]
Нөмірі
№ 1797 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4860
1797
Бұхари, № 1797 · Сахих: 4860Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ فَقَالَ فِي حَلِفِهِ: “وَاللَّاتِ وَالْعُزَّى”، فَلْيَقُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَمَنْ قَالَ لِصَاحِبِهِ: “تَعَالَ أُقَامِرْكَ”، فَلْيَتَصَدَّقْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім ант етіп, сол антында: ‘Лат пен Ұззаға серт!’ – десе, ‘Лә иләһә иллаллаһ – Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ’, – десін. Ал кім жолдасына: ‘Кел, сенімен құмар ойнайын’, – десе, садақа берсін”, – деді».