Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1740

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
14. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ» деген сөзі туралы («Әли Имран», 77-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُولَئِكَ لَا خَلَاقَ لَهُمْ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 77]
Нөмірі
№ 1740 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4552, 4470
1740
Бұхари, № 1740 · Сахих: 4552, 4470Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ اِخْتَصَمَ إِلَيْهِ امْرَأَتَانِ كَانَتَا تَخْرِزَانِ فِي بَيْتٍ، فَخَرَجَتْ إِحْدَاهُمَا وَقَدْ أُنْفِذَ بِإِشْفًى فِي كَفِّهَا، فَادَّعَتْ عَلَى الْأُخْرَى، فَرُفِعَ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ يُعْطَى النَّاسُ بِدَعْوَاهُمْ لَذَهَبَ دِمَاءُ قَوْمٍ وَأَمْوَالُهُمْ». «ذَكِّرُوهَا بِاللَّهِ، وَاقْرَؤُوا عَلَيْهَا: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 77]». فَذَكَّرُوهَا، فَاعْتَرَفَتْ. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْيَمِينُ عَلَى الْمُدَّعَى عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) екі әйелдің өзіне дауласа келгені туралы риуаят жеткен: «Екі әйел бір үйде тері тігіп отырған еді. Олардың бірі алақаны бізбен тесілген күйде сыртқа шықты да, екінші әйелді айыптады. Бұл іс Ибн Аббасқа жеткізілді. Сонда Ибн Аббас: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Егер адамдарға тек өздерінің талап-арыздарына қарай бере салынса, кейбір адамдардың қаны төгіліп, мал-мүлкі қолды болар еді’, – деген. Оған Алланы еске салыңдар әрі ‘Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын...’ («Әли Имран», 77-аят) деген аятты оқып беріңдер”, – деді. Олар оған Алланы еске салғанда, әйел мойындады. Сонда Ибн Аббас: “Пайғамбар (с.а.с.): ‘Ант беру міндеті жауапкерге жүктеледі’, – деген”, – деді».