Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1739

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
13. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ондағы аяттардың бір бөлігі – мағынасы анық мухкам аяттар. Солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі – мағынасы астарлы муташабиһ аяттар» («Әли Имран», 7-аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 7]
Нөмірі
№ 1739 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4547
1739
Бұхари, № 1739 · Сахих: 4547Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: تَلَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ اِبْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿أُولُو الْأَلْبَابِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 7]. قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَإِذَا رَأَيْتِ الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ، فَأُولَئِكَ الَّذِينَ سَمَّى اللَّهُ، فَاحْذَرُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі – мағынасы анық мухкам аяттар. Солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі – мағынасы астарлы муташабиһ аяттар. Жүрегінде ауытқу болғандар бүлік шығару үшін әрі ол аяттарды өз қалаулары бойынша тәпсірлеу үшін астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды қазбалайды” дегеннен бастап, “ақыл иелері” («Әли Имран», 7-аят) деген сөзге дейінгі аятты оқыды».

Айша сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітаптағы муташабиһ аяттардың соңына түскен адамдарды көрсең, міне, солар – Алла атаған адамдар. Сондықтан олардан сақ болыңдар”, – деді», – деп жеткізді.