Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1731

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
5. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Біз қандай да бір аяттың үкімін жоятын немесе ұмыттыратын болсақ, орнына одан да жақсысын, яки соған ұқсасын түсіреміз» деген сөзі туралы («Бақара», 106-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا نَأْتِ بِخَيْرٍ مِنْهَا أَوْ مِثْلِهَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 106]
Нөмірі
№ 1731 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4481
1731
Бұхари, № 1731 · Сахих: 4481Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَقْرَؤُنَا أُبَيٌّ، وَأَقْضَانَا عَلِيٌّ، وَإِنَّا لَنَدَعُ مِنْ قَوْلِ أُبَيٍّ، وَذَاكَ أَنَّ أُبَيًّا يَقُولُ: “لَا أَدَعُ شَيْئًا سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. وَقَدْ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 106]».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Омар (р.а.): “Арамызда Құранды ең жақсы оқитынымыз – Убәй, ал үкім шығаруда ең білгіріміз – Әли. Соған қарамастан, біз Убәйдің кейбір сөздерін қабылдамаймыз. Өйткені Убәй: ‘Алла Елшісінен (с.а.с.) естігенімнің ешбірін тастамаймын’, – дейді. Ал Алла Тағала: ‘Біз қандай да бір аяттың үкімін жоятын немесе ұмыттыратын болсақ...’ («Бақара», 106-аят), – деген”, – деді».