Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1746

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
19. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Балаларыңа мұра қалдырғанда Алла Тағала сендерге мынаны бұйырады» деген сөзі туралы («Ниса», 11-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يُوصِيكُمُ اللَّهُ فِي أَوْلَادِكُمْ﴾ [النِّسَاءِ: 11]
Нөмірі
№ 1746 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4577
1746
Бұхари, № 1746 · Сахих: 4577Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: عَادَنِي النَّبِيُّ ﷺ وَأَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي بَنِي سَلِمَةَ مَاشِيَيْنِ، فَوَجَدَنِي النَّبِيُّ ﷺ لَا أَعْقِلُ، فَدَعَا بِمَاءٍ فَتَوَضَّأَ مِنْهُ، ثُمَّ رَشَّ عَلَيَّ فَأَفَقْتُ، فَقُلْتُ: «مَا تَأْمُرُنِي أَنْ أَصْنَعَ فِي مَالِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» فَنَزَلَتْ: ﴿يُوصِيكُمُ اللَّهُ فِي أَوْلَادِكُمْ﴾ [النِّسَاءِ: 11].

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Мен Бәну Сәлимә жерінде ауырған кезімде, Пайғамбар (с.а.с.) мен Әбу Бәкір (р.а.) жаяу келіп, халімді сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) менің ес-түссіз жатқанымды көрді. Сонда су алдыртып, одан дәрет алды да, маған сол судан шашты. Мен есімді жидым. Сонда: “Уа, Расулалла! Мал-мүлкімді не істеуге бұйырасыз?” – деп сұрадым. Сол кезде “Балаларыңа мұра қалдырғанда Алла Тағала сендерге мынаны бұйырады” («Ниса», 11-аят) деген аят түсті».