Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1807

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
73. Алла Тағаланың: «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деп басталатын аяты туралы («Тахрим», 1‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ الْآيَةَ [التَّحْرِيمِ: 1]
Нөмірі
№ 1807 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4912
1807
Бұхари, № 1807 · Сахих: 4912Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَشْرَبُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، وَيَمْكُثُ عِنْدَهَا، فَوَاطَيْتُ أَنَا وَحَفْصَةُ عَنْ أَيَّتِنَا دَخَلَ عَلَيْهَا فَلْتَقُلْ لَهُ: “أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟ إِنِّي أَجِدُ مِنْكَ رِيحَ مَغَافِيرَ”. قَالَ: “لَا، وَلَكِنِّي كُنْتُ أَشْرَبُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، فَلَنْ أَعُودَ لَهُ، وَقَدْ حَلَفْتُ. لَا تُخْبِرِي بِذَلِكَ أَحَدًا”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішіп, оның жанында біраз уақыт отыратын еді. Сонда мен Хафсамен: “Ол екеуіміздің қайсымызға кірсе, сол оған: ‘Мағафир жедіңіз бе? Сізден мағафирдің иісін сезіп тұрмын’, – десін”, – деп келістік. Сонда ол (с.а.с.): “Жоқ. Бірақ мен Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішкен едім. Енді оны қайтып ішпеймін. Бұған ант та еттім. Мұны ешкімге айтпа”, – деді».