Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1748

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
21. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 41-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ﴾ [النِّسَاءِ: 41]
Нөмірі
№ 1748 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4582
1748
Бұхари, № 1748 · Сахих: 4582Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي النَّبِيُّ ﷺ: «اِقْرَأْ عَلَيَّ». قُلْتُ: «أَقْرَأُ عَلَيْكَ وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟» قَالَ: «فَإِنِّي أُحِبُّ أَنْ أَسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِي». فَقَرَأْتُ عَلَيْهِ سُورَةَ النِّسَاءِ، حَتَّى بَلَغْتُ: ﴿فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هَؤُلَاءِ شَهِيدًا﴾، قَالَ: «أَمْسِكْ». فَإِذَا عَيْنَاهُ تَذْرِفَانِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Маған Құран оқып бер”, – деді. Мен: “Құран өзіңізге түсірілген бола тұра, оны мен сізге оқып берейін бе?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Мен оны басқа біреуден тыңдағанды ұнатамын”, – деді. Содан кейін мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым. “Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда, әрі сені де мыналарға қарсы куәға тартқанымызда, адамдардың жағдайы не болар екен?!” («Ниса», 41-аят) деген аятқа жеткенімде, ол (с.а.с.): “Тоқта”, – деді. Қарасам, екі көзінен жас ағып тұр екен», – деді.