Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1734

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
8. Ұлы әрі Үстем Алланың: «“Біз бір Аллаға және бізге түсірілгенге иман келтірдік”, – деп айтыңдар» деп басталатын аяты туралы («Бақара», 136-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا﴾ الْآيَةَ [الْبَقَرَةِ: 136]
Нөмірі
№ 1734 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4485
1734
Бұхари, № 1734 · Сахих: 4485Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَهْلُ الْكِتَابِ يَقْرَؤُونَ التَّوْرَاةَ بِالْعِبْرَانِيَّةِ، وَيُفَسِّرُونَهَا بِالْعَرَبِيَّةِ لِأَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُصَدِّقُوا أَهْلَ الْكِتَابِ وَلَا تُكَذِّبُوهُمْ، وَقُولُوا: ﴿آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 136] الْآيَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Кітап иелері Тәуратты ибрани тілінде оқып, оны мұсылмандарға араб тілінде түсіндіретін. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітап иелерінің айтқандарын растамаңдар да, өтірікке де шығармаңдар. ‘Біз бір Аллаға және бізге түсірілгенге иман келтірдік’ («Бақара», 136-аят) деп басталатын аятты айтыңдар”, – деді».