Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1809

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
75. Алла Тағаланың: «Балтыр ашылатын (іс насырға шабатын) күні олар сәжде етуге шақырылады» деген сөзі туралы («Қалам», 42‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَوْمَ يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ﴾ [الْقَلَمِ: 42]
Нөмірі
№ 1809 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4919
1809
Бұхари, № 1809 · Сахих: 4919Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «يَكْشِفُ رَبُّنَا عَنْ سَاقِهِ، فَيَسْجُدُ لَهُ كُلُّ مُؤْمِنٍ وَمُؤْمِنَةٍ، فَيَبْقَى كُلُّ مَنْ كَانَ يَسْجُدُ فِي الدُّنْيَا رِيَاءً وَسُمْعَةً، فَيَذْهَبُ لِيَسْجُدَ، فَيَعُودُ ظَهْرُهُ طَبَقًا وَاحِدًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Раббымыз балтырын ашады. Сонда әрбір мүмін ер мен мүмін әйел Оған сәжде етеді. Ал дүниеде жұрт көрсін әрі естісін деп сәжде еткендердің бәрі қалып қояды. Олар сәжде етуге ұмтылғанда, арқалары тұтас бір тақтайдай қатып қалады”, – дегенін естідім», – деді.