Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1784

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
54. Алла Тағаланың: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым!» деп басталатын аяты туралы («Зүмәр», 53‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [الزُّمَرِ: 53]
Нөмірі
№ 1784 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4810
1784
Бұхари, № 1784 · Сахих: 4810Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ نَاسًا مِنْ أَهْلِ الشِّرْكِ كَانُوا قَدْ قَتَلُوا وَأَكْثَرُوا، وَزَنَوْا وَأَكْثَرُوا، فَأَتَوْا مُحَمَّدًا ﷺ فَقَالُوا: «إِنَّ الَّذِي تَقُولُ وَتَدْعُو إِلَيْهِ لَحَسَنٌ، لَوْ تُخْبِرُنَا أَنَّ لِمَا عَمِلْنَا كَفَّارَةً». فَنَزَلَ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ﴾ الْآيَةَ [الْفُرْقَانِ: 68]، وَنَزَلَ: ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ﴾ [الزُّمَرِ: 53].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Көп кісі өлтірген әрі зинаны да көп жасаған бір топ мүшрік бар еді. Олар Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: “Сенің айтып жүргенің де, бізді үндеп жүрген нәрсең де, расында, жақсы. Тек бізге бұрын істеген күнәларымыздың өтеуі бар екенін айтсаң екен”, – деді. Сонда “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды” («Фурқан», 68‑аят) деп басталатын аят және “Құлдарыма мына сөзімді айтып жеткіз: ‘Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер!’” («Зүмәр», 53‑аят) деген аят түсті».