Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2040

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
12. Көршісі оның жамандығынан қауіптенетін адамның күнәсі туралыبَابُ إِثْمِ مَنْ لَا يَأْمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ
Нөмірі
№ 2040 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6016
2040
Бұхари, № 2040 · Сахих: 6016Риуаят етуші: Әбу Шурайх (р.а.)

عَنْ أَبِي شُرَيْحٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ». قِيلَ: «وَمَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الَّذِي لَا يَأْمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайхтан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген! Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген! Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген!» – деген. Одан: «Ол кім, уа, Расулалла?» – деп сұралды. Ол: «Көршісі оның жамандығынан қауіптенетін адам», – деген.