Хадис
كِتَابُ الْأَدَبِ

Әдеп кітабы

Сахих әл-Бұхари, 77-кітап · 52 хадис · № 2025–2076

Мазмұны: 44 бап
  1. 1Жақсы қарым-қатынасқа ең лайық адамның кім екені туралы
  2. 2Адамның өз ата-анасын балағаттамауы туралы
  3. 3Туыстық байланысты үзген адамның күнәсі туралы
  4. 4Туыстық байланысты сақтаған адаммен Алланың байланыс жалғайтыны туралы
  5. 5Туыстық байланысты өзіне лайық жақсылықпен нығайту туралы
  6. 6Туыстық байланысты сақтаушының тек қарымта қайтарушы емес екені туралы
  7. 7Балаға мейірім таныту, оны сүю және құшақтау туралы
  8. 8Алланың рақымды жүз бөлікке бөлгені туралы
  9. 9Баланы санына отырғызу туралы
  10. 10Адамдар мен жануарларға мейірім таныту туралы
  11. 11Көршіге жақсылық жасауды өсиет ету туралы
  12. 12Көршісі оның жамандығынан қауіптенетін адамның күнәсі туралы
  13. 13Аллаға және ақырет күніне иман келтірген адамның көршісіне зиян тигізбеуі туралы
  14. 14Әрбір жақсылықтың садақа екені туралы
  15. 15Барлық істе жұмсақтық таныту туралы
  16. 16Мүміндердің бір-біріне жәрдемдесуі туралы
  17. 17Пайғамбардың (с.а.с.) былапыт сөз айтпағаны әрі әдейі былапыт сөйлемегені туралы
  18. 18Көркем мінез бен жомарттық және сараңдықтың ұнамсыздығы туралы
  19. 19Балағаттау мен қарғыс айтуға тыйым салынуы туралы
  20. 20Сөз тасудың ұнамсыздығы туралы
  21. 21Екіжүзді адам жайында айтылғандар туралы
  22. 22Бірін-бірі шектен тыс мақтаудың ұнамсыздығы туралы
  23. 23Бір-бірін күндеуге және бір-бірінен теріс айналуға тыйым салынуы туралы
  24. 24«Уа, иман келтіргендер! Ойлардың көбінен аулақ болыңдар! Өйткені кейбір ойлар күнә саналады! Бір-біріңді аңдымаңдар...» («Хужурат», 12-аят) деген аят туралы
  25. 25Күдіктің қандай түріне жол берілетіні туралы
  26. 26Мүміннің өз айыбын жасыруы туралы
  27. 27Араздасу және Пайғамбардың (с.а.с.) «Адамның бауырымен үш түннен артық араздасуына болмайды» деген сөзі туралы
  28. 28Алла Тағаланың: «Уа, мүміндер! Аллаға тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, әрі шыншыл жандармен бірге болыңдар!» («Тәубе», 119-аят) деген сөзі және өтірік айтуға салынған тыйым туралы
  29. 29Жәбір-жапаға сабыр ету туралы
  30. 30Ашудан сақтану туралы
  31. 31Ұят туралы
  32. 32«Ұялмасаң, қалағаныңды істе» деген сөз туралы
  33. 33Адамдармен ашық-жарқын араласу және отбасымен әзілдесу туралы Ибн Масғуд: «Адамдармен аралас, бірақ дініңе нұқсан келтірме», – деген.
  34. 34Мүміннің бір іннен екі рет шағылмайтыны туралы
  35. 35Өлеңнің, рәжәз жырының және түйе айдағанда айтылатын әннің рұқсат етілген әрі ұнамсыз түрлері туралы
  36. 36Өлеңнің адамды Алланы еске алудан, ілім мен Құраннан бөгейтіндей дәрежеде билеп алуының ұнамсыздығы туралы
  37. 37Адамның «Сорың құрысын!» деуі туралы
  38. 38Адамдарды әкелерінің атымен атау туралы
  39. 39Пайғамбардың (с.а.с.) «Кәрм – мүміннің жүрегі» деген сөзі туралы
  40. 40Есімді одан да көркем есімге ауыстыру туралы
  41. 41Жолдасының есімін қысқартып атаған адам туралы
  42. 42Алла ең жек көретін есім туралы
  43. 43Түшкірген адамның Аллаға мадақ айтуы туралы
  44. 44Түшкірудің құптарлық, ал есінеудің ұнамсыз болуы туралы
بَابُ مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ الصُّحْبَةِ

1-бапЖақсы қарым-қатынасқа ең лайық адамның кім екені туралы

2025
Бұхари, № 2025 · Сахих: 5971Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ صَحَابَتِي؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «ثُمَّ أَبُوكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Адамдардың ішінде менің жақсы қарым-қатынасыма ең лайығы кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Одан кейін әкең», – деді.

بَابُ لَا يَسُبُّ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ

2-бапАдамның өз ата-анасын балағаттамауы туралы

2026
Бұхари, № 2026 · Сахих: 5973Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَكْبَرِ الْكَبَائِرِ أَنْ يَلْعَنَ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيْفَ يَلْعَنُ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ؟» قَالَ: «يَسُبُّ الرَّجُلُ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أَبَاهُ، وَيَسُبُّ أُمَّهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамның өз ата-анасына лағынет айтуы – ең үлкен күнәлардың бірі», – деген. Одан: «Уа, Расулалла! Адам өз ата-анасына қалай лағынет айтады?» – деп сұралды. Ол: «Біреудің әкесін балағаттайды, сонда әлгі адам да оның әкесі мен анасын балағаттайды», – деген.

بَابُ إِثْمِ الْقَاطِعِ

3-бапТуыстық байланысты үзген адамның күнәсі туралы

2027
Бұхари, № 2027 · Сахих: 5984Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَاطِعٌ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мұтғим (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Туыстық байланысын үзген адам Жәннатқа кірмейді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ مَنْ وَصَلَ وَصَلَهُ اللَّهُ

4-бапТуыстық байланысты сақтаған адаммен Алланың байланыс жалғайтыны туралы

2028
Бұхари, № 2028 · Сахих: 5988Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الرَّحِمَ شَجْنَةٌ مِنَ الرَّحْمَنِ، فَقَالَ اللَّهُ: “مَنْ وَصَلَكِ وَصَلْتُهُ، وَمَنْ قَطَعَكِ قَطَعْتُهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, туыстық байланыс – Рахман есімімен сабақтас бір тармақ. Алла оған: “Сені сақтаған адаммен байланысымды жалғаймын, ал сені үзген адаммен байланысымды үземін”, – деген», – деп айтқан.

بَابُ تُبَلُّ الرَّحِمُ بِبَلَالِهَا

5-бапТуыстық байланысты өзіне лайық жақсылықпен нығайту туралы

2029
Бұхари, № 2029 · Сахих: 5990Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас (р.а.)

عَنْ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ جِهَارًا غَيْرَ سِرٍّ يَقُولُ: «إِنَّ آلَ أَبِي فُلَانٍ لَيْسُوا بِأَوْلِيَائِي، إِنَّمَا وَلِيِّيَ اللَّهُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ، وَلَكِنْ لَهُمْ رَحِمٌ أَبُلُّهَا بِبَلَالِهَا».

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жасырмай, дауыстап: “Расында, Әбу пәленшенің әулеті менің қамқоршыларым емес. Менің қамқоршым – Алла және ізгі мүміндер. Алайда олармен туыстық байланысым бар, мен оны үзбей сақтаймын”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ لَيْسَ الْوَاصِلُ بِالْمُكَافِئِ

6-бапТуыстық байланысты сақтаушының тек қарымта қайтарушы емес екені туралы

2030
Бұхари, № 2030 · Сахих: 5991Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْوَاصِلُ بِالْمُكَافِئِ، وَلَكِنِ الْوَاصِلُ الَّذِي إِذَا قُطِعَتْ رَحِمُهُ وَصَلَهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Туыстық байланысты сақтаушы – өзіне жасалған жақсылыққа ғана қарымта қайтаратын адам емес. Туыстық байланысты шын сақтаушы – туыстары онымен қатынасын үзгенде де, олармен қатынасын жалғастырған адам», – деген.

بَابُ رَحْمَةِ الْوَلَدِ وَتَقْبِيلِهِ وَمُعَانَقَتِهِ

7-бапБалаға мейірім таныту, оны сүю және құшақтау туралы

2031
Бұхари, № 2031 · Сахих: 5998Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «أَتُقَبِّلُونَ الصِّبْيَانَ؟ فَمَا نُقَبِّلُهُمْ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَوَأَمْلِكُ لَكَ أَنْ نَزَعَ اللَّهُ مِنْ قَلْبِكَ الرَّحْمَةَ؟».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Сендер балаларды сүйесіңдер ме? Біз оларды сүймейміз”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Алла жүрегіңнен мейірімді алып қойған болса, мен не істей аламын?” – деді».

2032
Бұхари, № 2032 · Сахих: 5999Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ سَبْيٌ، فَإِذَا اِمْرَأَةٌ مِنَ السَّبْيِ قَدْ تَحْلُبُ ثَدْيَهَا تَسْقِي، إِذَا وَجَدَتْ صَبِيًّا فِي السَّبْيِ أَخَذَتْهُ فَأَلْصَقَتْهُ بِبَطْنِهَا وَأَرْضَعَتْهُ، فَقَالَ لَنَا النَّبِيُّ ﷺ: «أَتُرَوْنَ هَذِهِ طَارِحَةً وَلَدَهَا فِي النَّارِ؟» قُلْنَا: «لَا، وَهِيَ تَقْدِرُ عَلَى أَنْ لَا تَطْرَحَهُ». فَقَالَ: «لَلَّهُ أَرْحَمُ بِعِبَادِهِ مِنْ هَذِهِ بِوَلَدِهَا».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбарға (с.а.с.) бір топ тұтқын әкелінді. Олардың арасында омырауы сүтке толып, сәбилерді емізіп жүрген бір әйел бар еді. Ол тұтқындардың арасынан бір сәбиді көрсе, қолына алып, бауырына басып емізетін. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бізден: «Бұл әйел өз баласын отқа тастайды деп ойлайсыңдар ма?» – деп сұрады. Біз: «Жоқ, тастамауға шамасы жетіп тұрғанда, оны отқа тастамайды», – дедік. Сонда ол: «Алла Өз құлдарына бұл әйелдің өз баласына танытқан мейірімінен де артық мейірім танытады», – деді.

بَابُ جَعَلَ اللَّهُ الرَّحْمَةَ مِائَةَ جُزْءٍ

8-бапАлланың рақымды жүз бөлікке бөлгені туралы

2033
Бұхари, № 2033 · Сахих: 6000Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «جَعَلَ اللَّهُ الرَّحْمَةَ مِائَةَ جُزْءٍ، فَأَمْسَكَ عِنْدَهُ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ جُزْءًا، وَأَنْزَلَ فِي الْأَرْضِ جُزْءًا وَاحِدًا، فَمِنْ ذَلِكَ الْجُزْءِ يَتَرَاحَمُ الْخَلْقُ، حَتَّى تَرْفَعَ الْفَرَسُ حَافِرَهَا عَنْ وَلَدِهَا خَشْيَةَ أَنْ تُصِيبَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла рақымды жүз бөлікке бөлді. Оның тоқсан тоғыз бөлігін Өз құзырында қалдырып, жерге бір бөлігін ғана түсірді. Жаратылыстар сол бір бөліктің арқасында бір-біріне мейірім танытады. Тіпті бие де құлынына тиіп кетуден қорқып, тұяғын көтереді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ وَضْعِ الصَّبِيِّ عَلَى الْفَخِذِ

9-бапБаланы санына отырғызу туралы

2034
Бұхари, № 2034 · Сахих: 6003Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْخُذُنِي فَيُقْعِدُنِي عَلَى فَخِذِهِ، وَيُقْعِدُ الْحَسَنَ عَلَى فَخِذِهِ الْأُخْرَى، ثُمَّ يَضُمُّهُمَا، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ اِرْحَمْهُمَا فَإِنِّي أَرْحَمُهُمَا».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені көтеріп алып, бір санына, ал Хасанды екінші санына отырғызатын. Содан кейін екеуімізді бауырына қысып: “Уа, Алла! Екеуіне рақым ет! Өйткені мен екеуіне де мейірім танытамын”, – дейтін».

بَابُ رَحْمَةِ النَّاسِ وَالْبَهَائِمِ

10-бапАдамдар мен жануарларға мейірім таныту туралы

2035
Бұхари, № 2035 · Сахих: 6010Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي صَلَاةٍ وَقُمْنَا مَعَهُ، فَقَالَ أَعْرَابِيٌّ وَهُوَ فِي الصَّلَاةِ: «اللَّهُمَّ اِرْحَمْنِي وَمُحَمَّدًا، وَلَا تَرْحَمْ مَعَنَا أَحَدًا». فَلَمَّا سَلَّمَ النَّبِيُّ ﷺ قَالَ لِلْأَعْرَابِيِّ: «لَقَدْ حَجَّرْتَ وَاسِعًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазға тұрды, біз де онымен бірге тұрдық. Намаз үстінде бір бәдәуи: “Уа, Алла! Маған және Мұхаммедке рақым ет, бізбен бірге басқа ешкімге рақым етпе!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.) сәлем бергеннен кейін әлгі бәдәуиге: “Кең нәрсені тарылтып жібердің ғой”, – деді».

2036
Бұхари, № 2036 · Сахих: 6011Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَرَى الْمُؤْمِنِينَ فِي تَرَاحُمِهِمْ وَتَوَادِّهِمْ وَتَعَاطُفِهِمْ كَمَثَلِ الْجَسَدِ؛ إِذَا اِشْتَكَى عُضْوًا تَدَاعَى لَهُ سَائِرُ جَسَدِهِ بِالسَّهَرِ وَالْحُمَّى».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәширден (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүміндер бір-біріне мейірім, сүйіспеншілік пен жанашырлық танытуда біртұтас дене секілді. Оның бір мүшесі ауырса, бүкіл денесі ұйқысыздық пен қызуға шалдығып, сол ауырсынуға ортақтасады», – деген.

2037
Бұхари, № 2037 · Сахих: 6012Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ مُسْلِمٍ غَرَسَ غَرْسًا فَأَكَلَ مِنْهُ إِنْسَانٌ أَوْ دَابَّةٌ، إِلَّا كَانَ لَهُ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбір мұсылман ағаш отырғызып, одан адам немесе жануар қоректенсе, бұл оған садақа болып жазылады», – деген.

2038
Бұхари, № 2038 · Сахих: 6013Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ لَا يَرْحَمُ لَا يُرْحَمُ».

Қазақша аудармасы

Жарир ибн Абдулладан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Мейірім танытпаған адамға мейірім көрсетілмейді», – деген.

بَابُ الْوَصَاةِ بِالْجَارِ

11-бапКөршіге жақсылық жасауды өсиет ету туралы

2039
Бұхари, № 2039 · Сахих: 6014Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا زَالَ يُوصِينِي جِبْرِيلُ بِالْجَارِ، حَتَّى ظَنَنْتُ أَنَّهُ سَيُوَرِّثُهُ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Жәбірейіл маған көршіге жақсылық жасауды өсиет ете бергені сонша, оны мұрагер ететін шығар деп ойладым», – деген.

بَابُ إِثْمِ مَنْ لَا يَأْمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ

12-бапКөршісі оның жамандығынан қауіптенетін адамның күнәсі туралы

2040
Бұхари, № 2040 · Сахих: 6016Риуаят етуші: Әбу Шурайх (р.а.)

عَنْ أَبِي شُرَيْحٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ». قِيلَ: «وَمَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الَّذِي لَا يَأْمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайхтан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген! Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген! Аллаға ант етемін, ол иман келтірмеген!» – деген. Одан: «Ол кім, уа, Расулалла?» – деп сұралды. Ол: «Көршісі оның жамандығынан қауіптенетін адам», – деген.

بَابُ مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلَا يُؤْذِ جَارَهُ

13-бапАллаға және ақырет күніне иман келтірген адамның көршісіне зиян тигізбеуі туралы

2041
Бұхари, № 2041 · Сахих: 6018Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلَا يُؤْذِ جَارَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, көршісіне зиян тигізбесін. Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағын құрметтесін. Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деген.

بَابُ كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ

14-бапӘрбір жақсылықтың садақа екені туралы

2042
Бұхари, № 2042 · Сахих: 6021Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір жақсылық – садақа», – деген.

بَابُ الرِّفْقِ فِي الْأَمْرِ كُلِّهِ

15-бапБарлық істе жұмсақтық таныту туралы

2043
Бұхари, № 2043 · Сахих: 6024Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الرِّفْقَ فِي الْأَمْرِ كُلِّهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла барлық істе жұмсақтықты жақсы көреді”, – деген», – деп жеткізген.

بَابُ تَعَاوُنِ الْمُؤْمِنِينَ بَعْضِهِمْ بَعْضًا

16-бапМүміндердің бір-біріне жәрдемдесуі туралы

2044
Бұхари, № 2044 · Сахих: 6026Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا». ثُمَّ شَبَّكَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Мүміннің мүмінге қатынасы – бір бөлігі екінші бөлігін бекітіп тұрған ғимарат тәрізді», – деген де, саусақтарын бір-біріне айқастырған.

2045
Бұхари, № 2045 · Сахих: 6027

قَالَ: وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ جَالِسًا، إِذْ جَاءَ رَجُلٌ يَسْأَلُ أَوْ طَالِبُ حَاجَةٍ، أَقْبَلَ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ فَقَالَ: «اِشْفَعُوا، فَلْتُؤْجَرُوا، وَلْيَقْضِ اللَّهُ عَلَى لِسَانِ نَبِيِّهِ مَا شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) отырған кезде бір нәрсе сұраған немесе бір қажетін өтеуді өтінген адам келді. Сонда ол бізге жүзін бұрып: “Араша түсіп, жәрдемдесіңдер, сауап аласыңдар. Алла Өз Пайғамбарының тілі арқылы қалаған үкімін шығарады”, – деді».

بَابُ لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ فَاحِشًا وَلَا مُتَفَحِّشًا

17-бапПайғамбардың (с.а.с.) былапыт сөз айтпағаны әрі әдейі былапыт сөйлемегені туралы

2046
Бұхари, № 2046 · Сахих: 6031Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ سَبَّابًا وَلَا فَحَّاشًا وَلَا لَعَّانًا. كَانَ يَقُولُ لِأَحَدِنَا عِنْدَ الْمَعْتِبَةِ: «مَا لَهُ؟ تَرِبَ جَبِينُهُ!».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) ешкімді балағаттамайтын, былапыт сөйлемейтін әрі лағынет айтпайтын. Біреуімізге реніш білдіргенде: “Оған не болған? Маңдайы топыраққа тисін!” – дейтін», – деген.

بَابُ حُسْنِ الْخُلُقِ وَالسَّخَاءِ، وَمَا يُكْرَهُ مِنَ الْبُخْلِ

18-бапКөркем мінез бен жомарттық және сараңдықтың ұнамсыздығы туралы

2047
Бұхари, № 2047 · Сахих: 6034Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا سُئِلَ النَّبِيُّ ﷺ عَنْ شَيْءٍ قَطُّ فَقَالَ: “لَا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбардан (с.а.с.) бір нәрсе сұралғанда, ол ешқашан “жоқ” деген емес», – деген.

2048
Бұхари, № 2048 · Сахих: 6038Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَدَمْتُ النَّبِيَّ ﷺ عَشْرَ سِنِينَ، فَمَا قَالَ لِي: “أُفٍّ”، وَلَا: “لِمَ صَنَعْتَ؟” وَلَا: “أَلَّا صَنَعْتَ؟”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) он жыл қызмет еттім. Ол маған бірде-бір рет: “Түһ!” – демеді. Істеген ісім үшін: “Мұны неге істедің?” – деп те, істемеген ісім үшін: “Мұны неге істемедің?” – деп те айтпады».

بَابُ مَا يُنْهَى مِنَ السِّبَابِ وَاللَّعْنِ

19-бапБалағаттау мен қарғыс айтуға тыйым салынуы туралы

2049
Бұхари, № 2049 · Сахих: 6045Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَرْمِي رَجُلٌ رَجُلًا بِالْفُسُوقِ، وَلَا يَرْمِيهِ بِالْكُفْرِ، إِلَّا اِرْتَدَّتْ عَلَيْهِ، إِنْ لَمْ يَكُنْ صَاحِبُهُ كَذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Бір адам екінші бір адамды пасық деп айыптаса немесе күпірлікке шығарса, ал ол адам шын мәнінде ондай болмаса, бұл айып өзіне қайтады», – дегенін естіген.

2050
Бұхари, № 2050 · Сахих: 6047

عَنْ ثَابِتِ بْنِ الضَّحَّاكِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ الشَّجَرَةِ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى مِلَّةٍ غَيْرِ الْإِسْلَامِ فَهُوَ كَمَا قَالَ، وَلَيْسَ عَلَى ابْنِ آدَمَ نَذْرٌ فِيمَا لَا يَمْلِكُ، وَمَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيْءٍ فِي الدُّنْيَا عُذِّبَ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ لَعَنَ مُؤْمِنًا فَهُوَ كَقَتْلِهِ، وَمَنْ قَذَفَ مُؤْمِنًا بِكُفْرٍ فَهُوَ كَقَتْلِهِ».

Қазақша аудармасы

Ағаш түбінде серт берген сахабалардың бірі Сәбит ибн әд-Даххактан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім Исламнан өзге дінмен ант етсе, өзі айтқанындай болады. Адам өзі иелік етпейтін нәрсеге қатысты айтқан нәзірін орындауға міндетті емес. Кім бұл дүниеде өзін бір нәрсемен өлтірсе, Қиямет күні сол нәрсемен азапталады. Кім мүмінге лағынет айтса, оны өлтіргендей болады. Ал кім мүмінді кәпір деп айыптаса, оны өлтіргендей болады», – деген.

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ النَّمِيمَةِ

20-бапСөз тасудың ұнамсыздығы туралы

2051
Бұхари, № 2051 · Сахих: 6056Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَتَّاتٌ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Сөз тасушы Жәннатқа кірмейді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ مَا قِيلَ فِي ذِي الْوَجْهَيْنِ

21-бапЕкіжүзді адам жайында айтылғандар туралы

2052
Бұхари, № 2052 · Сахих: 6058Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَجِدُ مِنْ شَرِّ النَّاسِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِنْدَ اللَّهِ ذَا الْوَجْهَيْنِ، الَّذِي يَأْتِي هَؤُلَاءِ بِوَجْهٍ، وَهَؤُلَاءِ بِوَجْهٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні Алланың алдында ең жаман адамдардың арасынан біреулерге бір жүзбен, енді біреулерге басқа жүзбен баратын екіжүзді адамды көресің», – деген.

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ التَّمَادُحِ

22-бапБірін-бірі шектен тыс мақтаудың ұнамсыздығы туралы

2053
Бұхари, № 2053 · Сахих: 6061Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا ذُكِرَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَأَثْنَى عَلَيْهِ رَجُلٌ خَيْرًا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَيْحَكَ، قَطَعْتَ عُنُقَ صَاحِبِكَ»، يَقُولُهُ مِرَارًا. «إِنْ كَانَ أَحَدُكُمْ مَادِحًا لَا مَحَالَةَ فَلْيَقُلْ: “أَحْسِبُ كَذَا وَكَذَا”، إِنْ كَانَ يُرَى أَنَّهُ كَذَلِكَ، وَحَسِيبُهُ اللَّهُ، وَلَا يُزَكِّي عَلَى اللَّهِ أَحَدًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбардың (с.а.с.) алдында бір адам туралы сөз қозғалып, бір кісі оны мақтады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Сорлы-ау! Жолдасыңның мойнын үздің ғой!» – деп бірнеше рет қайталады. Одан соң: «Егер бірің әлдекімді міндетті түрде мақтағысы келсе әрі оны шынымен сондай деп білсе: “Мен оны осындай-осындай деп ойлаймын”, – десін. Оның есебін алушы – Алла. Алланың алдында ешкімді пәк деп куәландырмасын», – деді.

بَابُ مَا يُنْهَى عَنِ التَّحَاسُدِ وَالتَّدَابُرِ

23-бапБір-бірін күндеуге және бір-бірінен теріс айналуға тыйым салынуы туралы

2054
Бұхари, № 2054 · Сахих: 6065Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا، وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді күндемеңдер әрі бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар. Мұсылманның діндес бауырымен үш күннен артық араз болып жүруіне болмайды», – деген.

بَابُ ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اِجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ وَلَا تَجَسَّسُوا﴾ [الْحُجُرَاتِ: 12]

24-бап«Уа, иман келтіргендер! Ойлардың көбінен аулақ болыңдар! Өйткені кейбір ойлар күнә саналады! Бір-біріңді аңдымаңдар...» («Хужурат», 12-аят) деген аят туралы

2055
Бұхари, № 2055 · Сахих: 6066Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ، وَلَا تَحَسَّسُوا، وَلَا تَجَسَّسُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Күдікке берілуден сақтаныңдар. Өйткені күдік – сөздің ең жалғаны. Бір-біріңнің сырларыңды тіміскілемеңдер, бір-біріңді жасырын аңдымаңдар, сатып алу ниеті болмай тұрып, тауар бағасын алдап көтермеңдер, бір-біріңді күндемеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер әрі бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар», – деген.

بَابُ مَا يَجُوزُ مِنَ الظَّنِّ

25-бапКүдіктің қандай түріне жол берілетіні туралы

2056
Бұхари, № 2056 · Сахих: 6067Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا أَظُنُّ فُلَانًا وَفُلَانًا يَعْرِفَانِ مِنْ دِينِنَا شَيْئًا». وَفِي رِوَايَةٍ: «يَعْرِفَانِ دِينَنَا الَّذِي نَحْنُ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Мен пәленше мен пәленше біздің дініміз туралы бір нәрсе біледі деп ойламаймын”, – деген», – деп жеткізген. Басқа риуаятта: «...біздің ұстанып жүрген дінімізді біледі деп ойламаймын», – делінген.

بَابُ سَتْرِ الْمُؤْمِنِ عَلَى نَفْسِهِ

26-бапМүміннің өз айыбын жасыруы туралы

2057
Бұхари, № 2057 · Сахих: 6069Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّ أُمَّتِي مُعَافًى إِلَّا الْمُجَاهِرِينَ، وَإِنَّ مِنَ الْمَجَانَةِ أَنْ يَعْمَلَ الرَّجُلُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا، ثُمَّ يُصْبِحَ وَقَدْ سَتَرَهُ اللَّهُ، فَيَقُولَ: “يَا فُلَانُ، عَمِلْتُ الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا”، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، وَيُصْبِحُ يَكْشِفُ سِتْرَ اللَّهِ عَنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Өз күнәсін жария ететіндерден басқа үмбетімнің бәрі кешіріледі. Күнәға немқұрайды қараудың бір көрінісі – адамның түнде бір іс жасап, Алла оның айыбын жасырғанына қарамастан, таңертең: ‘Уа, пәленше! Мен кеше түнде мынадай-мынадай іс жасадым’, – деп айтуы. Раббысы түні бойы оның айыбын жасырып тұрса да, ол таң атқанда Алла жауып қойған пердені өзі ашып тастайды”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ الْهِجْرَةِ وَقَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ»

27-бапАраздасу және Пайғамбардың (с.а.с.) «Адамның бауырымен үш түннен артық араздасуына болмайды» деген сөзі туралы

2058
Бұхари, № 2058 · Сахих: 6077Риуаят етуші: Әбу Әйюб (р.а.)

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ، يَلْتَقِيَانِ فَيُعْرِضُ هَذَا وَيُعْرِضُ هَذَا، وَخَيْرُهُمَا الَّذِي يَبْدَأُ بِالسَّلَامِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб әл-Ансариден (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамның бауырымен үш түннен артық араздасуына болмайды. Екеуі кездескенде, бірі бір жаққа, екіншісі басқа жаққа бұрылып кетеді. Екеуінің жақсысы – бірінші болып сәлем бергені», – деген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اِتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ﴾ [التَّوْبَةِ: 119] وَمَا يُنْهَى عَنِ الْكَذِبِ

28-бапАлла Тағаланың: «Уа, мүміндер! Аллаға тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, әрі шыншыл жандармен бірге болыңдар!» («Тәубе», 119-аят) деген сөзі және өтірік айтуға салынған тыйым туралы

2059
Бұхари, № 2059 · Сахих: 6094

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الصِّدْقَ يَهْدِي إِلَى الْبِرِّ، وَإِنَّ الْبِرَّ يَهْدِي إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَصْدُقُ حَتَّى يَكُونَ صِدِّيقًا، وَإِنَّ الْكَذِبَ يَهْدِي إِلَى الْفُجُورِ، وَإِنَّ الْفُجُورَ يَهْدِي إِلَى النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَكْذِبُ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ كَذَّابًا».

Қазақша аудармасы

Абдулладан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, шыншылдық ізгілікке бастайды, ал ізгілік Жәннатқа бастайды. Адам үнемі шындықты сөйлей келе, ақырында шыншыл болады. Өтірік күнәға бастайды, ал күнә Тозаққа бастайды. Адам үнемі өтірік айта келе, ақырында Алланың алдында өтірікші деп жазылады», – деген.

بَابُ الصَّبْرِ عَلَى الْأَذَى

29-бапЖәбір-жапаға сабыр ету туралы

2060
Бұхари, № 2060 · Сахих: 6099Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ أَحَدٌ أَصْبَرَ عَلَى أَذًى سَمِعَهُ مِنَ اللَّهِ؛ إِنَّهُمْ لَيَدْعُونَ لَهُ وَلَدًا، وَإِنَّهُ لَيُعَافِيهِمْ وَيَرْزُقُهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Жәбірлі сөзді естігенде, Алладан артық сабыр ететін ешкім жоқ. Олар Оған бала телиді, ал Ол оларға саулық беріп, ризықтандырады», – деген.

بَابُ الْحَذَرِ مِنَ الْغَضَبِ

30-бапАшудан сақтану туралы

2061
Бұхари, № 2061 · Сахих: 6114Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الشَّدِيدُ بِالصُّرَعَةِ؛ إِنَّمَا الشَّدِيدُ الَّذِي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Күшті адам – күресте қарсыласын жеңген адам емес. Нағыз күшті – ашуланған кезінде өзін ұстай білген адам», – деген.

2062
Бұхари, № 2062 · Сахих: 6116Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «أَوْصِنِي». قَالَ: «لَا تَغْضَبْ». فَرَدَّدَ مِرَارًا، قَالَ: «لَا تَغْضَبْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) риуаят етіледі: Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.): «Маған өсиет айтыңыз», – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «Ашуланба», – деген. Әлгі адам өтінішін бірнеше рет қайталағанда да, ол: «Ашуланба», – деп жауап берген.

بَابُ الْحَيَاءِ

31-бапҰят туралы

2063
Бұхари, № 2063 · Сахих: 6117Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْحَيَاءُ لَا يَأْتِي إِلَّا بِخَيْرٍ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайннан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Ұят тек жақсылық әкеледі», – деген.

بَابُ إِذَا لَمْ تَسْتَحْيِ فَاصْنَعْ مَا شِئْتَ

32-бап«Ұялмасаң, қалағаныңды істе» деген сөз туралы

2064
Бұхари, № 2064 · Сахих: 6120Риуаят етуші: Әбу Масғуд (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ مِمَّا أَدْرَكَ النَّاسُ مِنْ كَلَامِ النُّبُوَّةِ الْأُولَى: “إِذَا لَمْ تَسْتَحْيِ فَاصْنَعْ مَا شِئْتَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғудтан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға бұрынғы пайғамбарлардан жеткен сөздердің бірі: “Ұялмасаң, қалағаныңды істе”», – деген.

بَابُ الِانْبِسَاطِ إِلَى النَّاسِ، وَقَالَ ابْنُ مَسْعُودٍ: «خَالِطِ النَّاسَ وَدِينَكَ لَا تَكْلِمَنَّهُ»، وَالدُّعَابَةِ مَعَ الْأَهْلِ

33-бапАдамдармен ашық-жарқын араласу және отбасымен әзілдесу туралы Ибн Масғуд: «Адамдармен аралас, бірақ дініңе нұқсан келтірме», – деген.

2065
Бұхари, № 2065 · Сахих: 6129Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنْ كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَيُخَالِطُنَا، حَتَّى يَقُولَ لِأَخٍ لِي صَغِيرٍ: «يَا أَبَا عُمَيْرٍ، مَا فَعَلَ النُّغَيْرُ؟».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бізбен етене араласатын. Тіпті кішкентай бауырыма: “Уа, Әбу Умәйр! Кішкентай құсыңа не болды?” – дейтін», – деген.

بَابُ لَا يُلْدَغُ الْمُؤْمِنُ مِنْ جُحْرٍ مَرَّتَيْنِ

34-бапМүміннің бір іннен екі рет шағылмайтыны туралы

2066
Бұхари, № 2066 · Сахих: 6133Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا يُلْدَغُ الْمُؤْمِنُ مِنْ جُحْرٍ وَاحِدٍ مَرَّتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Мүмін бір іннен екі рет шағылмайды», – деген.

بَابُ مَا يَجُوزُ مِنَ الشِّعْرِ وَالرَّجَزِ وَالْحُدَاءِ وَمَا يُكْرَهُ مِنْهُ

35-бапӨлеңнің, рәжәз жырының және түйе айдағанда айтылатын әннің рұқсат етілген әрі ұнамсыз түрлері туралы

2067
Бұхари, № 2067 · Сахих: 6145Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ مِنَ الشِّعْرِ حِكْمَةً».

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кағбтан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, кейбір өлеңде даналық бар», – деген.

بَابُ مَا يُكْرَهُ أَنْ يَكُونَ الْغَالِبُ عَلَى الْإِنْسَانِ الشِّعْرُ حَتَّى يَصُدَّهُ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَالْعِلْمِ وَالْقُرْآنِ

36-бапӨлеңнің адамды Алланы еске алудан, ілім мен Құраннан бөгейтіндей дәрежеде билеп алуының ұнамсыздығы туралы

2068
Бұхари, № 2068 · Сахих: 6154Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَأَنْ يَمْتَلِئَ جَوْفُ أَحَدِكُمْ قَيْحًا خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَمْتَلِئَ شِعْرًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің біріңнің іші өлеңге толғаннан гөрі, іріңге толғаны өзі үшін қайырлы», – деген.

بَابُ مَا جَاءَ فِي قَوْلِ الرَّجُلِ: «وَيْلَكَ»

37-бапАдамның «Сорың құрысын!» деуі туралы

2069
Бұхари, № 2069 · Сахих: 6167

حَدِيثُ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا مِنْ أَهْلِ الْبَادِيَةِ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَسْأَلُهُ: «مَتَى تَقُومُ السَّاعَةُ؟» تَقَدَّمَ. وَزَادَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ بَعْدَ قَوْلِهِ: «أَنْتَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ»: قُلْنَا: «وَنَحْنُ كَذَلِكَ؟» قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген бір бәдәуидің Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, Қияметтің қашан болатынын сұрағаны туралы хадис бұрын өткен. Бұл риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.): «Сен сүйгеніңмен бірге боласың», – деген сөзінен кейін: «Біз: “Біз де солай боламыз ба?” – деп сұрадық. Ол: “Иә”, – деді», – деп қосылған.

بَابُ مَا يُدْعَى النَّاسُ بِآبَائِهِمْ

38-бапАдамдарды әкелерінің атымен атау туралы

2070
Бұхари, № 2070 · Сахих: 6178Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْغَادِرَ يُنْصَبُ لَهُ لِوَاءٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيُقَالُ: “هَذِهِ غَدْرَةُ فُلَانِ بْنِ فُلَانٍ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні опасыздық жасаған адамға бір ту тігіліп: “Бұл – пәленше ибн пәленшенің опасыздығы”, – делінеді», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «إِنَّمَا الْكَرْمُ قَلْبُ الْمُؤْمِنِ»

39-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Кәрм – мүміннің жүрегі» деген сөзі туралы

2071
Бұхари, № 2071 · Сахих: 6183Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُسَمُّوا الْعِنَبَ “الْكَرْمَ”؛ إِنَّمَا الْكَرْمُ قَلْبُ الْمُؤْمِنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Жүзімді “кәрм” деп атамаңдар. Шын мәнінде, кәрм – мүміннің жүрегі», – деген.

بَابُ تَحْوِيلِ الِاسْمِ إِلَى اِسْمٍ أَحْسَنَ مِنْهُ

40-бапЕсімді одан да көркем есімге ауыстыру туралы

2072
Бұхари, № 2072 · Сахих: 6192Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ زَيْنَبَ كَانَ اِسْمُهَا بَرَّةَ، فَقِيلَ: «تُزَكِّي نَفْسَهَا»، فَسَمَّاهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَيْنَبَ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) риуаят етіледі: Зейнептің бұрынғы есімі Барра еді. Жұрт: «Ол өзін пәк деп дәріптеп жүр», – деген соң, Алла Елшісі (с.а.с.) оған Зейнеп деген есім қойған.

بَابُ مَنْ دَعَا صَاحِبَهُ فَنَقَصَ مِنِ اِسْمِهِ شَيْئًا

41-бапЖолдасының есімін қысқартып атаған адам туралы

2073
Бұхари, № 2073 · Сахих: 6202Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ فِي الثَّقَلِ، وَأَنْجَشَةُ غُلَامُ النَّبِيِّ ﷺ يَسُوقُ بِهِنَّ، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَنْجَشُ، رُوَيْدَكَ، سَوْقَكَ بِالْقَوَارِيرِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Үммі Сүләйм керуеннің жүкке қарайтын әйелдерінің арасында еді. Пайғамбардың (с.а.с.) қызметшісі Әнжәшә олар мінген түйелерді айдап келе жатты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Әнжәш! Асықпа, шыны құтыларды жайлап айда”, – деді».

بَابُ أَبْغَضِ الْأَسْمَاءِ إِلَى اللَّهِ

42-бапАлла ең жек көретін есім туралы

2074
Бұхари, № 2074 · Сахих: 6205Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَخْنَى الْأَسْمَاءِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِنْدَ اللَّهِ رَجُلٌ تَسَمَّى مَلِكَ الْأَمْلَاكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні Алланың алдында ең сорақы есім – өзін “Патшалардың патшасы” деп атаған адамның есімі», – деген.

بَابُ الْحَمْدِ لِلْعَاطِسِ

43-бапТүшкірген адамның Аллаға мадақ айтуы туралы

2075
Бұхари, № 2075 · Сахих: 6221Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: عَطَسَ رَجُلَانِ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَشَمَّتَ أَحَدَهُمَا وَلَمْ يُشَمِّتِ الْآخَرَ، فَقِيلَ لَهُ، فَقَالَ: «هَذَا حَمِدَ اللَّهَ، وَهَذَا لَمْ يَحْمَدِ اللَّهَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында екі кісі түшкірді. Ол біреуіне дұға айтып, екіншісіне дұға айтпады. Мұның себебі сұралғанда: “Мына кісі Аллаға мадақ айтты, ал анау Аллаға мадақ айтпады”, – деді».

بَابُ مَا يُسْتَحَبُّ مِنَ الْعُطَاسِ وَمَا يُكْرَهُ مِنَ التَّثَاؤُبِ

44-бапТүшкірудің құптарлық, ал есінеудің ұнамсыз болуы туралы

2076
Бұхари, № 2076 · Сахих: 6223Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْعُطَاسَ، وَيَكْرَهُ التَّثَاؤُبَ، فَإِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ وَحَمِدَ اللَّهَ كَانَ حَقًّا عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ سَمِعَهُ أَنْ يَقُولَ لَهُ: “يَرْحَمُكَ اللَّهُ”، وَأَمَّا التَّثَاؤُبُ فَإِنَّمَا هُوَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا تَثَاءَبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَرُدَّهُ مَا اِسْتَطَاعَ؛ فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا تَثَاءَبَ ضَحِكَ مِنْهُ الشَّيْطَانُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Алла түшкіруді жақсы көреді, ал есінеуді жақтырмайды. Сендердің бірің түшкіріп, Аллаға мадақ айтса, оны естіген әрбір мұсылман оған: “Алла саған рақым етсін!” – деуге міндетті. Ал есінеу шайтаннан болады. Сондықтан сендердің бірің есінесе, шамасы келгенше оны тыйсын. Өйткені сендердің бірің есінегенде, шайтан оған күледі», – деген.