Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2076

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
44. Түшкірудің құптарлық, ал есінеудің ұнамсыз болуы туралыبَابُ مَا يُسْتَحَبُّ مِنَ الْعُطَاسِ وَمَا يُكْرَهُ مِنَ التَّثَاؤُبِ
Нөмірі
№ 2076 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6223
2076
Бұхари, № 2076 · Сахих: 6223Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْعُطَاسَ، وَيَكْرَهُ التَّثَاؤُبَ، فَإِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ وَحَمِدَ اللَّهَ كَانَ حَقًّا عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ سَمِعَهُ أَنْ يَقُولَ لَهُ: “يَرْحَمُكَ اللَّهُ”، وَأَمَّا التَّثَاؤُبُ فَإِنَّمَا هُوَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا تَثَاءَبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَرُدَّهُ مَا اِسْتَطَاعَ؛ فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا تَثَاءَبَ ضَحِكَ مِنْهُ الشَّيْطَانُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Алла түшкіруді жақсы көреді, ал есінеуді жақтырмайды. Сендердің бірің түшкіріп, Аллаға мадақ айтса, оны естіген әрбір мұсылман оған: “Алла саған рақым етсін!” – деуге міндетті. Ал есінеу шайтаннан болады. Сондықтан сендердің бірің есінесе, шамасы келгенше оны тыйсын. Өйткені сендердің бірің есінегенде, шайтан оған күледі», – деген.