Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2030

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
6. Туыстық байланысты сақтаушының тек қарымта қайтарушы емес екені туралыبَابُ لَيْسَ الْوَاصِلُ بِالْمُكَافِئِ
Нөмірі
№ 2030 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5991
2030
Бұхари, № 2030 · Сахих: 5991Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْوَاصِلُ بِالْمُكَافِئِ، وَلَكِنِ الْوَاصِلُ الَّذِي إِذَا قُطِعَتْ رَحِمُهُ وَصَلَهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Туыстық байланысты сақтаушы – өзіне жасалған жақсылыққа ғана қарымта қайтаратын адам емес. Туыстық байланысты шын сақтаушы – туыстары онымен қатынасын үзгенде де, олармен қатынасын жалғастырған адам», – деген.