Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2029

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
5. Туыстық байланысты өзіне лайық жақсылықпен нығайту туралыبَابُ تُبَلُّ الرَّحِمُ بِبَلَالِهَا
Нөмірі
№ 2029 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5990
2029
Бұхари, № 2029 · Сахих: 5990Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас (р.а.)

عَنْ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ جِهَارًا غَيْرَ سِرٍّ يَقُولُ: «إِنَّ آلَ أَبِي فُلَانٍ لَيْسُوا بِأَوْلِيَائِي، إِنَّمَا وَلِيِّيَ اللَّهُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ، وَلَكِنْ لَهُمْ رَحِمٌ أَبُلُّهَا بِبَلَالِهَا».

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жасырмай, дауыстап: “Расында, Әбу пәленшенің әулеті менің қамқоршыларым емес. Менің қамқоршым – Алла және ізгі мүміндер. Алайда олармен туыстық байланысым бар, мен оны үзбей сақтаймын”, – дегенін естідім», – деген.