Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2034

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
9. Баланы санына отырғызу туралыبَابُ وَضْعِ الصَّبِيِّ عَلَى الْفَخِذِ
Нөмірі
№ 2034 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6003
2034
Бұхари, № 2034 · Сахих: 6003Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْخُذُنِي فَيُقْعِدُنِي عَلَى فَخِذِهِ، وَيُقْعِدُ الْحَسَنَ عَلَى فَخِذِهِ الْأُخْرَى، ثُمَّ يَضُمُّهُمَا، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ اِرْحَمْهُمَا فَإِنِّي أَرْحَمُهُمَا».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені көтеріп алып, бір санына, ал Хасанды екінші санына отырғызатын. Содан кейін екеуімізді бауырына қысып: “Уа, Алла! Екеуіне рақым ет! Өйткені мен екеуіне де мейірім танытамын”, – дейтін».