Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2035

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
10. Адамдар мен жануарларға мейірім таныту туралыبَابُ رَحْمَةِ النَّاسِ وَالْبَهَائِمِ
Нөмірі
№ 2035 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6010
2035
Бұхари, № 2035 · Сахих: 6010Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي صَلَاةٍ وَقُمْنَا مَعَهُ، فَقَالَ أَعْرَابِيٌّ وَهُوَ فِي الصَّلَاةِ: «اللَّهُمَّ اِرْحَمْنِي وَمُحَمَّدًا، وَلَا تَرْحَمْ مَعَنَا أَحَدًا». فَلَمَّا سَلَّمَ النَّبِيُّ ﷺ قَالَ لِلْأَعْرَابِيِّ: «لَقَدْ حَجَّرْتَ وَاسِعًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазға тұрды, біз де онымен бірге тұрдық. Намаз үстінде бір бәдәуи: “Уа, Алла! Маған және Мұхаммедке рақым ет, бізбен бірге басқа ешкімге рақым етпе!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.) сәлем бергеннен кейін әлгі бәдәуиге: “Кең нәрсені тарылтып жібердің ғой”, – деді».