Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2099

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
79. Дұғалар кітабыكِتَابُ الدَّعَوَاتِ
бап
11. Қиын-қыстау кезде дұға ету туралыبَابُ الدُّعَاءِ عِنْدَ الْكَرْبِ
Нөмірі
№ 2099 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6346
2099
Бұхари, № 2099 · Сахих: 6346Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَوَاتِ وَرَبُّ الْأَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.) қиын-қыстау кезде: «Ұлы әрі аса ұстамды Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ұлы Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі ардақты Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ», – дейтін.