Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2100

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
79. Дұғалар кітабыكِتَابُ الدَّعَوَاتِ
бап
12. Ауыр сынақтан Аллаға сиыну туралыبَابُ التَّعَوُّذِ مِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ
Нөмірі
№ 2100 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6347
2100
Бұхари, № 2100 · Сахих: 6347Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَعَوَّذُ مِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ، وَدَرَكِ الشَّقَاءِ، وَسُوءِ الْقَضَاءِ، وَشَمَاتَةِ الْأَعْدَاءِ. قَالَ سُفْيَانُ، وَهُوَ أَحَدُ رُوَاةِ هَذَا الْحَدِيثِ: «الْحَدِيثُ ثَلَاثٌ، زِدْتُ أَنَا وَاحِدَةً، لَا أَدْرِي أَيَّتُهُنَّ هِيَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ауыр сынақтан, бақытсыздыққа душар болудан, жаман тағдырдан және дұшпандардың табалауынан Аллаға сиынатын», – деген. Осы хадисті риуаят етушілердің бірі Суфиян: «Хадисте үш нәрсе айтылған еді. Біреуін өзім қосып айттым, бірақ қайсысы екенін білмеймін», – деген.