Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 291

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
48. Тұтқынды немесе борышкерді мешітте байлап қою туралыبَابُ الْأَسِيرِ – أَوِ الْغَرِيمِ – يُرْبَطُ فِي الْمَسْجِدِ
Нөмірі
№ 291 (Мухтасар реті) · Сахих: № 461
291
Бұхари, № 291 · Сахих: 461Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ عِفْرِيتًا مِنَ الْجِنِّ تَفَلَّتَ عَلَيَّ الْبَارِحَةَ – أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهَا – لِيَقْطَعَ عَلَيَّ الصَّلَاةَ، فَأَمْكَنَنِي اللَّهُ مِنْهُ، فَأَرَدْتُ أَنْ أَرْبِطَهُ إِلَى سَارِيَةٍ مِنْ سَوَارِي الْمَسْجِدِ حَتَّى تُصْبِحُوا وَتَنْظُرُوا إِلَيْهِ كُلُّكُمْ، فَذَكَرْتُ قَوْلَ أَخِي سُلَيْمَانَ: “رَبِّ هَبْ لِي مُلْكًا لَا يَنْبَغِي لِأَحَدٍ مِنْ بَعْدِي”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кеше түнде жындардың бір алпауыты намазымды бұзу үшін маған тап берді», – дегенін немесе осыған ұқсас сөз айтқанын жеткізген. Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап: «Алла маған оны бағындыруға мүмкіндік берді. Мен оны мешіттің бір бағанасына байлап қойып, таң атқанда барлығыңның оны көргендеріңді қаладым. Алайда бауырым Сүлейменнің: “Уа, Раббым! Маған менен кейін ешкімге лайық болмайтын билік бере гөр” (“Сад”, 35) деген сөзін есіме алдым», – деген.