Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 292

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
49. Науқастар мен басқа адамдар үшін мешітке шатыр тігу туралыبَابُ الْخَيْمَةِ فِي الْمَسْجِدِ لِلْمَرْضَى وَغَيْرِهِمْ
Нөмірі
№ 292 (Мухтасар реті) · Сахих: № 463
292
Бұхари, № 292 · Сахих: 463Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أُصِيبَ سَعْدٌ يَوْمَ الْخَنْدَقِ فِي الْأَكْحَلِ، فَضَرَبَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ خَيْمَةً فِي الْمَسْجِدِ لِيَعُودَهُ مِنْ قَرِيبٍ، فَلَمْ يَرُعْهُمْ – وَفِي الْمَسْجِدِ خَيْمَةٌ مِنْ بَنِي غِفَارٍ – إِلَّا الدَّمُ يَسِيلُ إِلَيْهِمْ، فَقَالُوا: «يَا أَهْلَ الْخَيْمَةِ، مَا هَذَا الَّذِي يَأْتِينَا مِنْ قِبَلِكُمْ؟» فَإِذَا سَعْدٌ يَغْذُو جُرْحُهُ دَمًا، فَمَاتَ فِيهَا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Хандақ шайқасы күні Сағдтың қолындағы көктамыры жараланды. Пайғамбар (с.а.с.) жағдайын жақыннан біліп тұру үшін оған мешітке шатыр тіктірді. Мешітте Бәну Ғифарға тиесілі тағы бір шатыр бар еді. Бір кезде шатырларына қарай ағып келген қанды көріп, олар шошып кетті де: “Уа, шатыр иелері! Сендер жақтан бізге қарай ағып келе жатқан мынау не?” – десті. Сөйтсе, Сағдтың жарасынан қан тоқтаусыз ағып жатыр екен. Ол сол шатырда қайтыс болды».