وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ: «ثُمَّ أَعُودُ الرَّابِعَةَ فَأَحْمَدُهُ بِتِلْكَ الْمَحَامِدِ، ثُمَّ أَخِرُّ لَهُ سَاجِدًا، فَيُقَالُ: “يَا مُحَمَّدُ، اِرْفَعْ رَأْسَكَ، وَقُلْ يُسْمَعْ، وَسَلْ تُعْطَهْ، وَاشْفَعْ تُشَفَّعْ”، فَأَقُولُ: “يَا رَبِّ، اِئْذَنْ لِي فِيمَنْ قَالَ: ‘لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ’”. فَيَقُولُ: “وَعِزَّتِي وَجَلَالِي وَكِبْرِيَائِي وَعَظَمَتِي، لَأُخْرِجَنَّ مِنْهَا مَنْ قَالَ: ‘لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ’”».
Одан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта: «Содан кейін төртінші рет қайта оралып, Оны сол мадақтармен мадақтаймын да, Оның алдында сәждеге жығыламын. Сонда маған: “Уа, Мұхаммед! Басыңды көтер! Сөйле, сөзің тыңдалады; сұра, саған беріледі; шапағат ет, шапағатың қабыл болады”, – делінеді. Мен: “Уа, Раббым! ‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ’ деген адамдарға шапағат етуіме рұқсат бере гөр”, – деймін. Сонда Алла: “Үстемдігіммен, айбарыммен, асқақтығыммен және ұлылығыммен ант етемін! ‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ’ дегендерді Тозақтан міндетті түрде шығарамын”, – дейді», – делінген.