Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2254

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
94. Таухид кітабыكِتَابُ التَّوْحِيدِ
бап
7. Қиямет күні амалдар мен сөздерді өлшейтін таразы туралыبَابُ مِيزَانِ الْأَعْمَالِ وَالْأَقْوَالِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
Нөмірі
№ 2254 (Мухтасар реті) · Сахих: № 7563
2254
Бұхари, № 2254 · Сахих: 7563Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «كَلِمَتَانِ حَبِيبَتَانِ إِلَى الرَّحْمَنِ، خَفِيفَتَانِ عَلَى اللِّسَانِ، ثَقِيلَتَانِ فِي الْمِيزَانِ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ الْعَظِيمِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Аса Рахымды Аллаға сүйікті, тілге жеңіл, таразыда ауыр екі сөз бар: “Алла барлық кемшіліктен пәк әрі барлық мадақ Оған тән! Ұлы Алла барлық кемшіліктен пәк!”».