عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مِنَ القُرْآنِ سُورَةٌ ثَلَاثُونَ آيَةً شَفَعَتْ لِرَجُلٍ حَتَّى غَفَرَ اللَّهُ لَهُ، وَهِىَ: تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ: تَشْفَعُ لِصَاحِبِهَا.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дегенін жеткізді: «Құранда отыз аяттан тұратын бір сүре бар. Ол бір адамға Алла оны кешіргенге дейін шапағат етті. Бұл – ﴿تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ﴾ “Бар билік бір Өзінің қолында болған, шексіз билік пен құт-берекенің жалғыз иесі Алла қандай ұлы…” сүресі».1
Әбу Дәуіттегі нұсқада «Бұл сүре оны серік еткен адамға шапағат етеді» делінген.
- 1Әбу Дәуіт, Салат 327, (1400) (немесе Рамазан 10); Тирмизи, Сауабул-Құран 9, (2893).