Хадис

Кутуб ситтә, № 842

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
116. «Мүлік» сүресі
Нөмірі
№ 842 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
842
Кутуб ситтә, № 842 · тараудағы реті: 2

وَلِلتِّرْمِذِى فِي أُخْرَى عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: هِىَ الْمَانِعَةُ هِىَ الْمُنْجِيَةُ تُنْجِيهِ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ». زَادَ رَزِينٌ: قَالَ ابْنُ شِهَابٍ أَخْبَرَنِى حُمَيْدُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهَا تُجَادِلُ عَنْ صَاحِبِهَا فِي قَبْرِهِ.

Қазақша аудармасы

Тирмизи Ибн Аббастан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Бұл сүре қорғайды, құтқарады. Ол адамды қабір азабынан құтқарады».1

Рәзин мына нұсқаны қосқан. Ибн Шиһабтың айтуынша, Хумайд ибн Абдуррахман оған Алла елшісінің (с.а.с.) «Мүлік» сүресі оны оқып жүрген адамды қабірінде жақтап, оған араша түсетінін айтқанын жеткізген.

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран 9, (2892).