Хадис

Кутуб ситтә, № 856

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
125. «Абаса» сүресі
Нөмірі
№ 856 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
856
Кутуб ситтә, № 856 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّكُمْ تُحْشَرُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حُفَاةً عُرَاةً غُرَلًا. فَقَالَتِ امْرَأَةٌ: يُبْصِرُ أَوْ يَرَى بَعْضُنَا عَوْرَةَ بَعْضٍ؟ قَالَ يَا فُلَانَةُ: لِكُلِّ امْرِئٍ مِنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Қиямет күні сендер жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар”, – деді. Сонда бір әйел: “Бір-біріміздің әуретімізді көріп қоймаймыз ба?” – деп сұрады. Алла елшісі: «Уа, әйел!» – деп, мына аятпен жауап берді: ﴿لِكُلِّ ٱمْرِئٍ مِّنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ﴾ “Сол күні олардың әрқайсысы өз басының қайғысымен болады”».1, 2

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Абәсә» (№3332, Ибраһим Жанан басылымында №3329).
  2. 2«Абәсә» сүресі, 37-аят.