Хадис

Кутуб ситтә, № 941

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 941 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 19
941
Кутуб ситтә, № 941 · тараудағы реті: 19Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَرَأْتُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ: «مُذَّكِرٍ»، فَرَدَّهَا عَلَيَّ: «مُدَّكِرٍ» بِالدَّالِ الْمُهْمَلَةِ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.): «“Қамар” сүресінің 15-аятындағы сөзді Алла елшісіне (с.а.с.) مُذَّكِرٍ деп оқыдым. Ол сөзді ноқатсыз “дал” әрпімен مُدَّكِرٍ деп оқып, түзетті», – дейді.1

Түсіндірме

Бұл жердегі қарама-қайшылық – сөздің айтылуында. Сөздің түбірі – ذَكَرَ. Одан «ифтиғал» бабына өтіп اِذْتَكَرَ етістігінің есімшесі жасалғанда مُذْتَكِر сөзі шығады. Бұл сөздің айтылуын жеңілдету мақсатында идғам жасалады да, «т» әрпі оған ең жақын болған «д» әрпіне ауысады. Осылайша مُذْدَكِر сөзі жасалады. «Дәл» мен «зәл» әріптерінің айтылу орны жақын болғандықтан, екеуін бір әріпке кіріктіру мақсат етілгенде екі ықтимал туындайды: екеуі де не «дәл» немесе «зәл» болады, яғни не مُذّكَر немесе مُدَّكِّر болады.

Бұл тілдік өзгеріс сөздің мағынасына әсер етпейді. Риуаятта Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ибн Мәсғудқа сөзді مُدَّكِرٍ деп оқытқаны айтылған.

  1. 1Бұхари, Тәпсір, Иқтарабус-сағат 3. Мүслим, Мусафирин 280 (№823). Тирмизи, «Қырағат» (№2937, Ибраһим Жанан келтірген басылымда №2938). Әбу Дәуіт, «Хуруф уәл-қырағат» (№3994).