وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ: أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَانَ يَقْرَأُ: «إِذَا نُودِيَ لِلصَّلَاةِ مِنْ يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَامْضُوا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.
Түсіндірме
«Муаттадағы» толық нұсқада Имам Мәлик Ибн Шиһабтан мына аят жөнінде сұрайды.
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِيَ لِلصَّلَاةِ مِنْ يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَىٰ ذِكْرِ اللَّـهِ
«Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу Алланы еске алып, зікір етуге асығыңдар»3 деген аят жөніндегі сұраққа Ибн Шиһаб Омардың فَاسْعَوْا орнына فَامْضُوا деп оқығанын айтып жауап берген.
«Муаттада» берілген түсіндірме бойынша, Имам Мәлик سَعَى сөзінің Құран кәрімде әрдайым амал және әрекет (іс) мағынасында қолданылғанын айтады. Келу (иқдам) немесе асығу (иштидад) мағынасында қолданбаған. Бұл риуаятты Имам Мәликтің سَعَى сөзінен «асығуды» түсінгендерге қарсы дәлел ретінде қолданғанын көруге болады. Өйткені فَامْضُوا «кет, кел» мағынасын білдіреді. Убәй ибн Кәғб және ибн Мәсғудтың да әзірет Омар секілді оқығаны риуаяттарда бар. Тіпті ибн Мәсғудтың былай дегені айтылады: «Егер мен فَاسْعَوْا деп оқитын болсам, онда бұл жағдайда қатты жүгіретінім сондай – үстімдегі киімім түсіп қалатын еді».
Ибн Абдулбәрр бұл риуаятқа қарап: «Әзірет Осман құрастырған Мұсхафқа енбеген нәрсемен тәпсірде дәлел етуге негіз бар, қанша жерден «Китабуллаһ үшін ахад риуаятпен пайда болған Сунән секілді» делінбесе де» дейді.
Әбу әл-Уәлид әл-Бажи де мынаны айтқан: «Мұсхафқа енбеген қырағаттар усул ғұламаларынан бір жамағат бойынша ахад риуаяттар категориясына жатады, Муснәд болса да, болмаса да, үкім бірдей». Алайда басқа бір топ ғалымдар: «Расулаллаға (с.а.с.) негізделгендер ахад риуаят болып саналса да, негізделмегендер қаридың өз сөзі болып қабылданады, өйткені бұны тәпсір мақсатында айтқан болуы мүмкін» деген.
Әбу Бәкір ибнут-Тиб нақтырақ айтқан: «Олармен қырағат етуге болмайтыны секілді мазмұнымен (әртүрлі мақсатта) амал етуге де рұқсат жоқ».
Жоғарыда №922 хадисте де бұл тақырыпқа түсіндірме жасалды.