Хадис

Кутуб ситтә, № 943

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 943 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 21
943
Кутуб ситтә, № 943 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

وَعَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ: «إِنَّ اللَّهَ أَمَرَنِي أَنْ أَقْرَأَ عَلَيْكَ الْقُرْآنَ». فَقَرَأَ عَلَيْهِ: «لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا»، وَقَرَأَ فِيهَا: «إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الْحَنِيفِيَّةُ الْمُسْلِمَةُ، لَا الْيَهُودِيَّةُ وَلَا النَّصْرَانِيَّةُ وَلَا الْمَجُوسِيَّةُ، وَمَنْ يَفْعَلْ خَيْرًا فَلَنْ يُكْفَرَهُ». وَقَرَأَ عَلَيْهِ: «لَوْ أَنَّ لِابْنِ آدَمَ وَادِيًا مِنْ مَالٍ لَابْتَغَى إِلَيْهِ ثَانِيًا، وَلَوْ أَنَّ لَهُ ثَانِيًا لَابْتَغَى إِلَيْهِ ثَالِثًا، وَلَا يَمْلَأُ جَوْفَ ابْنِ آدَمَ إِلَّا التُّرَابُ، وَيَتُوبُ اللَّهُ عَلَى مَنْ تَابَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кәғбтың (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Алла маған саған Құран оқып беруді бұйырды», – деген. Содан соң لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا деп басталатын сүрені оқыған. Риуаятта мына сөздер де берілген: «Алланың құзырындағы дін – ханиф, мұсылман діні. Ол яһудилік те, христиандық та, мәжусилік те емес. Кім жақсылық істесе, оның жақсылығы зая кетпейді».

Убәйдің айтуынша, Алла елшісі оған тағы былай оқып берген: «Адам баласының бір аңғар толы малы болса, екіншісін іздер еді. Екіншісі болса, үшіншісін іздер еді. Адам баласының ішін топырақ қана толтырады. Алла тәубе еткеннің тәубесін қабыл етеді».1

Түсіндірме

1. Бұл риуаятты осы нұсқада Тирмизи ғана келтіріп, хасан сахих деп бағалаған. Хадис «Убәй ибн Кәғбтың артықшылығы» бөлімінде берілген. Убәй (р.а.) сахабалар арасында Құранды ең жақсы оқитындардың бірі еді.

عَلِيٌّ أَقْضَانَا وَأُبَيٌّ أَقْرَؤُنَا

Омар (р.а.): «Арамызда қазылықты ең жақсы атқаратыны – Әли, Құранды ең жақсы оқитыны – Убәй», – деген.

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Убәйдің қырағаттағы қабілетін бағалап, бұл ілімді одан үйренуге кеңес берген. Осы риуаяттан Пайғамбардың өзі Убәйдің қырағатына көңіл бөліп, оған Құран оқып бергенін көреміз. Убәйдің осы ілімді терең меңгеруіне табиғи қабілеті мен Пайғамбардан алған тәрбиесі қатар ықпал еткен. Ол Алла елшісі тірі кезінде Құранды түгел жаттаған санаулы сахабаның бірі еді.

Басқа нұсқада Алла елшісі (с.а.с.) Алланың оған Құран оқып беруді бұйырғанын айтқанда, Убәй: «Алла менің атымды атады ма?» – деп сұраған. «Иә» деген жауапты естігенде көзіне жас алған. Жылауының себебін ғалымдар қуанышпен немесе осы нығметтің шүкірін өтей аламын ба деген толғаныспен түсіндірген.

2. Алла елшісінің (с.а.с.) Убәйге оқып берген сүресі – Құранның 98-сүресі, «Бәйина». Риуаятта келтірілген қосымша сөйлемдер қолдағы мұсхаф мәтінінде жоқ. Әбу Бәкір ибн әл-Арабидің түсіндіруінше, бұл сөйлемдердің оқылуы насых етілген, ал мағынасы сақталған. Ислам ғалымдары насыхтың бар екенін мойындағанымен, оның ауқымы мен қай аятқа қатысты болғаны жөнінде әртүрлі пікір айтқан.

Кейбір ғалымдар белгілі сөздердің тиләуаты насых етілгенімен, үкімі сақталуы мүмкін деп санаған. Олар бұл пікірін Пайғамбардың (с.а.с.) көзі тірісінде болған оқиғалар туралы сахих риуаяттарға сүйеніп айтқан. Автор осы түсінікте тиләуаттың насых етілуі кейін Құран мәтінінен бір нәрсе алынып тасталды дегенді білдірмейтінін ескертеді. Бүгінгі мұсхафтағы Құран Пайғамбар заманында көп сахабаға жеткізіліп, кейінгі ұрпаққа тәуәтур жолымен берілген. Насых пен мансұх жөніндегі хабарлар Омар, Ибн Аббас, Убәй ибн Кәғб секілді Құранды терең білген сахабалардан да сахих жолдармен жеткен. Ғалымдар бұл хабарларды Құранның сақталуымен сабақтастыра түсіндірген. Сондықтан автор насыхты жоққа шығарған көзқарастардың осы риуаяттарды қалай түсіндіретініне назар аударады.

ҚҰРАННЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ және жинақталуы

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَرْسَلَ إِلَيَّ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مَقْتَلَ أَهْلِ الْيَمَامَةِ فَإِذَا عُمَرُ جَالِسٌ عِنْدَهُ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: إِنَّ عُمَرَ جَاءَنِي فَقَالَ: إِنَّ الْقَتْلَ قَدِ اسْتَحَرَّ يَوْمَ الْيَمَامَةِ بِقُرَّاءِ الْقُرْآنِ؛ وَإِنِّي أَخْشَى أَنْ يَسْتَحِرَّ الْقَتْلُ بِالْقُرَّاءِ فِي كُلِّ الْمَوَاطِنِ فَيَذْهَبَ مِنَ الْقُرْآنِ كَثِيرٌ. وَإِنِّي أَرَى أَنْ تَأْمُرَ بِجَمْعِ الْقُرْآنِ فَقُلْتُ: وَكَيْفَ أَفْعَلُ مَا لَمْ يَفْعَلْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: هُوَ وَاللَّهِ خَيْرٌ، فَلَمْ يَزَلْ يُرَاجِعُنِي فِي ذَلِكَ حَتَّى شَرَحَ اللَّهُ تَعَالَى صَدْرِي لِلَّذِي شَرَحَ لَهُ صَدْرَ عُمَرَ، وَرَأَيْتُ فِي ذَلِكَ الَّذِي رَأَى. قَالَ زَيْدٌ: فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: إِنَّكَ رَجُلٌ شَابٌّ عَاقِلٌ لَا نَتَّهِمُكَ، وَقَدْ كُنْتَ تَكْتُبُ الْوَحْى لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَتَتَبَّعِ الْقُرْآنَ وَاجْمَعْهُ. قَالَ زَيْدٌ: فَوَاللَّهِ لَوْ كَلَّفَنِي نَقْلَ جَبَلٍ مِنَ الْجِبَالِ مَا كَانَ أَثْقَلَ عَلَىَّ مِمَّا أَمَرَنِي بِهِ. فَقُلْتُ كَيْفَ تَفْعَلَانِ شَيْئًا لَمْ يَفْعَلْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: هُوَ وَاللَّهِ خَيْرٌ، فَلَمْ يَزَلْ يُرَاجِعُنِي حَتَّى شَرَحَ اللَّهُ صَدْرِي لِلَّذِي شَرَحَ لَهُ صَدْرَ أَبِي بَكْرٍ فَتَتَبَّعْتُ الْقُرْآنَ أَجْمَعُهُ مِنَ الرِّقَاعِ وَالْعُسُبِ وَاللِّخَافِ وَصُدُورِ الرِّجَالِ حَتَّى وَجَدْتُ آخِرَ سُورَةِ التَّوْبَةِ مَعَ خُزَيْمَةَ أَوْ أَبِي خُزَيْمَةَ الْأَنْصَارِيِّ لَمْ أَجِدْهَا عِنْدَ أَحَدِ غَيْرِهِ، وَكَانَتِ الصُّحُفُ عِنْدَ أَبِي بَكْرٍ حَتَّى تَوَفَّاهُ اللَّهُ تَعالى، ثُمَّ عِنْدَ عُمَرَ حَتَّى تَوَفَّاهُ اللَّهُ تَعالى، ثُمَّ عِنْدَ حَفْصَةَ بنْتِ عُمرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا. أَخْرَجَهُ البُخَارِي والتِّرْمِذِي.

(944) Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай дейді: «Ямама шайқасында жұрт қаза тапқаннан кейін Әбу Бәкір (р.а.) мені шақыртты. Барсам, қасында Омар (р.а.) отыр екен. Әбу Бәкір маған былай деді: “Омар келіп: ‘Ямама күні Құран жаттаған көп кісі қаза тапты. Басқа шайқастарда да Құран жаттағандар осылай қырыла берсе, Құранның көп бөлігі жоғалып кете ме деп қорқамын. Сондықтан Құранды жинауды бұйырғаның жөн деп ойлаймын’, – деді. Мен: ‘Алла елшісі (с.а.с.) істемеген істі қалай істеймін?’ – дедім. Омар: ‘Аллаға ант етейін, бұл – қайырлы іс’, – деді. Ол осы мәселені қайта-қайта көтерді. Ақыры Алла Омардың көкірегін ашқан істі менің де көңіліме қондырды. Мен де Омардың пікіріне келдім”.

Зәйд сөзін жалғады: “Әбу Бәкір маған: ‘Сен жас әрі ақылды жігітсің. Саған күмәніміз жоқ. Алла елшісіне (с.а.с.) түскен уахиды жазып жүрдің. Енді Құранды іздестіріп, жина’, – деді”.

Зәйд былай дейді: “Аллаға ант етейін, маған бір тауды орнынан көшір десе, бұл тапсырмасынан ауыр болмас еді. Екеуіне: ‘Алла елшісі (с.а.с.) істемеген істі қалай істейсіңдер?’ – дедім. Әбу Бәкір: ‘Аллаға ант етейін, бұл – қайырлы іс’, – деді. Ол бұл мәселе жайлы менімен қайта-қайта сөйлесті. Ақыры Алла Әбу Бәкірдің көңіліне қондырған істі менің де көңіліме қондырды. Құранды жазба парақтардан, құрма бұтақтарынан, жалпақ тастардан және оны жаттаған адамдардың жадынан жинай бастадым. ‘Тәубе’ сүресінің соңғы бөлігін Хузайма немесе Әбу Хузайма әл-Ансаридан таптым. Оны одан басқа ешкімнен таппадым.

Жиналған парақтар Әбу Бәкір қайтыс болғанша оның қолында, одан кейін Омар қайтыс болғанша оның қолында сақталды. Содан соң Омардың қызы Хафсаға өтті”».2

وَعَنِ الزُّهْرِي عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ حُذَيْفَةَ قَدِمَ عَلَى عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، أَدْرِكْ هَذِهِ الْأُمَّةَ قَبْلَ أَنْ يَخْتَلِفُوا فِي الْكِتَابِ اخْتِلَافَ الْيَهُودِ وَالنَّصَارَى. فَأَرْسَلَ إِلَى حَفْصَةَ أَنْ أَرْسِلِي إِلَيْنَا بِالصُّحُفِ نَنْسُخُهَا وَنَرُدُّهَا إِلَيْكِ. فَأَرْسَلَتْ بِهَا. فَأَمَرَ زَيْدَ بْنَ ثَابِتٍ، وَعَبْدَ اللَّهِ ابْنَ الزُّبَيْرِ، وَسَعِيدَ ابْنَ الْعَاصِ، وَعَبْدَاللَّهِ بْنَ الحَارِثِ بْنِ هِشَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ فَنَسَخُوهَا، وَقَالَ لِلرَّهْطِ الْقُرَشِيِّينَ إِذَا اخْتَلَفْتُمْ أَنْتُمْ، وَزَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ فِي شَيْءٍ مِنَ الْقُرْآنِ فَاكْتُبُوهُ بِلِسَانِ قُرَيْشٍ فَإِنَّمَا نَزَلَ بِلِسَانِهِمْ فَفَعَلُوا حَتَّى إِذَا نَسَخُوا الصُّحُفَ فِي الْمَصَاحِفِ أَرْسَلَ إِلَى كُلِّ أُفُقٍ بِمُصْحَفٍ، وَأَمَرَ بِمَا سِوَى ذَلِكَ مِنَ الْقُرْآنِ فِي كُلِّ صَحِيفَةٍ أَوْ مُصْحَفٍ أَنْ يُحْرَقَ. قَالَ زَيْدٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: فَفَقَدْتُ آيَةً مِنْ سُورَةِ الْأَحْزَابِ قَدْ كُنْتُ أَسْمَعُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْرَؤُهَا فَالْتَمَسْتُهَا فَوَجَدْتُهَا مَعَ خُزَيْمَةَ بْنِ ثَابِتٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الَّذِي جَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَهَادَتَهُ بِشَهَادَةِ رَجُلَيْنِ وَهِيَ: مِنَ الْمُؤمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَأَلْحَقْنَاهَا فِي سُورَتِهَا مِنَ الْمُصْحَفِ». أَخْرَجَهُ البُخَارِي والتِّرْمِذِي.

(945) Зуһри Әнәстан (р.а.) былай жеткізеді: «Хузайфа Османға (р.а.) келіп: “Уа, мүміндердің әміршісі! Яһудилер мен христиандар өз кітаптары жөнінде келіспей қалғандай, бұл үмбет те Кітап жайында жікке бөлінбей тұрғанда, шара қолданыңыз!” – деді. Осман Хафсаға: “Парақтарыңызды бізге жіберіңіз. Көшіріп алып, өзіңізге қайтарамыз”, – деп хабар жіберді. Хафса парақтарды жіберді. Осман Зәйд ибн Сәбитке, Абдулла ибн Зубәйірге, Сағид ибн әл-Асқа және Абдулла ибн әл-Харис ибн Хишамға оларды көшіруді бұйырды. Олар парақтарды көшірді.

Осман Құрайыштан шыққан кісілерге: “Құранның бір тұсына келгенде Зәйд ибн Сәбитпен келісе алмасаңдар, оны Құрайыш тілінде жазыңдар. Өйткені Құран олардың тілінде түсті”, – деді. Олар солай істеді.

Парақтарды мұсхафтарға көшіріп болған соң, Осман әр аймаққа бір мұсхафтан жіберді. Құран жазылған өзге парақтар мен мұсхафтарды өртеуді бұйырды».

Зәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) оқығанын естіген “Ахзаб” сүресінің бір аяты қолымдағы жазбаларда жоқ болып шықты. Іздеп жүріп оны Хузайма ибн Сәбит әл-Ансаридан таптым. Алла елшісі (с.а.с.) оның куәлігін екі кісінің куәлігіне тең санаған еді. Ол аят мына сөздерден басталады: “Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар”. Оны мұсхафтағы өз сүресіне қостық».3

وفِي رِوَايَةٍ: قَالَ اِبْنُ شِهَابٍ وَاخْتَلَفُوا يَوْمَئِذٍ فِي التَّابُوتِ. فَقَالَ: زَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ التَّابُوهُ. وَقَالَ ابْنُ الزُّبَيْرِ وَسَعِيدُ بْنُ الْعَاصِ التَّابُوتُ فَرُفِعَ اخْتِلَافُهُمْ إِلَى عُثْمَانَ فَقَالَ اكْتُبُوهُ «التَّابُوتَ» فَإِنَّهُ بِلِسَانِ قُرَيْشٍ.

(946) Бір риуаятта Ибн Шиһаб былай дейді: «Сол күні “التَّابُوتُ” сөзінің жазылуы жөнінде дау туды. Зәйд ибн Сәбит “التَّابُوهُ” деді. Ибн Зубәйір мен Сағид ибн әл-Ас “التَّابُوتُ” деді. Дауды Османға жеткізді. Ол: “التَّابُوتَ деп жазыңдар, өйткені Құран Құрайыш тілінде түсті”, – деді».

Алдыңғы риуаятта берілген يُحْرَق сөзі кейбір риуаяттарда يُخْرق деп берілген. Алдыңғы يحرق емле бойынша «жағылу» мағынасын, ал екінші емле бойынша يُخْرق «жыртылу» мағынасын білдіреді.

Осыған дейінгі Құран нұсқаларының жағылуы оны аяқ астында қалудан сақтау үшін болса, мұнда ешқандай әбестік жоқ. Егер келемеждеу үшін болса, ол сақтауға жатпайды, сондықтан әлбетте, жайыз болмайды.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَمَعَ الْقُرْآنَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَرْبَعَةٌ كُلُّهُمْ مِنَ الْأَنْصَارِ: أُبَيُّ بْنُ كَعْبٍ، وَمُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ، وَزَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ، وَأَبُو زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ. قِيلَ لِأَنَسٍ: مَنْ أَبُو زَيْدٍ؟ قَالَ: أَحَدُ عُمُومَتِي». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِي.

(947) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде Құранды төрт кісі жинақтады. Төртеуі де ансардан еді: Үбәй ибн Кәғб, Мұғаз ибн Жәбәл, Зәйд ибн Сәбит және Әбу Зәйд (Алла оларға разы болсын)». Әнәстан: «Әбу Зәйд кім?» – деп сұрағанда, ол: «Әкемнің бауырларының бірі», – деп жауап берді.4

Бұл төрт риуаят Құран кәрімнің әзірет Әбу Бәкір заманындағы жинақтау ісі мен әзірет Осман заманындағы көшіріп көбейту істерін және соларға қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі түсіндіруде.

Жоғарыдағы риуаяттарда айтылған оқиғаларға қатысты әртүрлі риуаяттарды, түсіндірмелерді негізге ала отырып, Құран тарихының осынау алғашқы кезеңін 13 бөлімге бөліп қарастыруға болады:

1. Алла Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық 40 жасында берілді.

2. Пайғамбарлық уақыты – 23 жыл және бұның 13 жылы Меккеде, 10 жылы Мәдинада өтті.

3. Мекке кезеңінің алғашқы алты айы – уахидің түс күйінде келу кезеңі.

4. Алты айдан кейін рамазан айында Жәбірейіл періште алғашқы уахиді әкелді, олар – «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.

5. Алғашқы уахиден кейін 3 жылдық үзіліс болды. Бұл аралықта уахи келмеді.

6. Осы үш жылдың аяғында Жәбірейіл (а.с.) Расулаллаға келді және содан бастап он жыл бойы үзіліссіз Меккеде уахи әкелді. Һижреттен бұрын келген уахилерге Меккелік, һижреттен кейінгілерді Мәдиналық дейді, тіпті Мәдинадан тыс жерде, мысалы, жорықтар кезінде түскен болса да.

7. Құран дүние аспанына Қадір түнінде толық түскен, сол жерден Жәбірейіл 20 жыл ішінде біртіндеп түсірген. «Біз Құранды адамдардың санасы мен жүрегіне әбден сіңіріп, байыппен оқуың үшін (оқиғаларға орай һәм басқа да қажеттіліктерге қарай) бөліп-бөліп әрі бірте-бірте түсірдік»5 деген аят осыған дәлел болады. Дүние аспанында орналасқан жерге Бәйт-иззат делінген. Бір риуаят бойынша, Жәбірейіл Ләух-махфуздан дүние аспанына әр жылдың Қадір түнінде сол жыл ішінде уахи етілетін мөлшерді түсірді. Бұл риуаят бойынша Құран 20 жылда 20 түнде Ләух-махфуздан жер аспанына түскен болуы мүмкін. Алайда бұл риуаят алдыңғысына қарағанда әлсіз. Олай болса, бұл мәселеде дұрысы мынау: Құран дүние аспанына бір мәртеде толық түсірілген, сосын бөлім-бөлім болып әр уақытта Алла Елшісіне (с.а.с.) уахи етілген.

8. Әр рамазандa сол жылдың рамазан айына дейін түскен сүрелердi Жәбірейіл (а.с.) Алла Елшісіне (с.а.с.) оқитын әрі Пайғамбардан тыңдайтын. Содан кейін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітте халыққа оқитын еді. Бұлай жасауды арза6 дейді. Расулалланың өмірінің соңғы рамазанында бұл іс екі рет қайталанған және оған «арза ахира» делінген. Құран тарихында арзалардың, әсіресе, арза ахираның ерекше маңызы бар. Бұл – үйренілген нәрселерді тексеріп, сол арқылы қателесу, ұмыту секілді ықтималдықтарды жойып, уахиге деген сенімділікті арттыруға ықпал етті, әрі ибн Хажардың айтуынша, уахилерден сөз жағынан насых етілгендер шығарылып, насых етілмегендерді бекітуде үлкен маңыздылыққа ие.7 Осылайша Рамазан айы – Құран кәрім үшін тек алғаш түсу уақыты ғана емес, арза арқылы, яғни толық тапсыру арқылы тексеру, бекіту және мансұхтарды ажырату айы болды. Осы арқылы ол «Құран айы» деген сипатына сай болды. Ахмад ибн Ханбалдың Муснәдi мен Бәйхақидің Шуғабул-Иманында берілген бір риуаят рамазан айының илаһи кітаптар тұрғысынан маңызын былай түсіндіреді: أُنْزِلَتِ التَّوْرَاةُ لِسِتٍّ مَضَيْنَ مِنْ رَمَضَانَ، وَالْإِنْجِيلُ لِثَلَاثَ عَشْرَةَ خَلَتْ مِنْهُ، وَالزَّبُورُ لِثَمَانِيَ عَشْرَةَ خَلَتْ مِنْهُ، وَالْقُرْآنُ لِأَرْبَعٍ وَعِشْرِينَ خَلَتْ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ. «Таурат Рамазанның алтысы өткенде, Інжіл он үші, Зәбур он сегізі, Құран жиырма төрті өткенде түсірілді».

Басқа риуаят Ибраһимге берілген сухуфтың (парақтардың) рамазанның басында түскенін көрсетеді: أُنْزِلَتْ صُحُفُ إِبْرَاهِيمَ فِي أَوَّلِ لَيْلَةٍ مِنْ رَمَضَانَ. «Ибраһимнің парақтары Рамазанның алғашқы түнінде түсірілді».

9. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген уахилердi сол сәтте жаздыратын. Уахиді жазатын қырық шақты хатшы бар еді. Расулалла әскери жорықтар кезінде, тіпті Меккеден Мәдинаға һижрет ету секілді ең сындарлы сағаттарда да хатшы мен жазу құралдарын өзімен бірге алып жүрген. Зәйд ибн Сәбит жаңадан келген уахиді жазып болғанда, ардақты Пайғамбар сол жазылғандарды бір мәрте оқытқан, егер кемшілік бар болса, толықтырған және түзетіп болған соң халыққа жеткізген.

فَإِذَا فَرَغْتُ قَالَ: اقْرَأْ. فَأَقْرَأُهُ، فَإِنْ كَانَ فِيهِ سَقْطٌ أَقَامَهُ، ثُمَّ أَخْرُجُ بِهِ إِلَى النَّاسِ.

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай дейді: «Жазып болғанымда ол: “Оқы”, – дейтін. Оқып беретінмін. Түсіп қалған тұсы болса, түзететін. Содан кейін жазғанымды жұртқа алып шығатынмын».8

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген уахилердi жаздырумен шектелмей, жаттататын да еді. Өйткені ғибадат жасау үшін Құранды жаттау керек болғаны секілді, Алла тағаланың ризалығына ие болу үшін де жаттау өте маңызды. Бұл да халықтың Құранды жаттауына ынталандырушы себеп болды. Осылайша бір топ мұсылмандар барлығын, бір тобы кейбір сүрелердi жаттаған еді. Әрине, мұсылман бола тұра Құраннан кейбір бөлімдерді жаттамауы мүмкін емес еді.

Ардақты Пайғамбар Құранды үйрету мен сақтау ісінде жаздырып және жаттатып қана қоймай, соларға қоса тағы бір істі жүзеге асырды: ол – тексеру. Яғни, жазу жаттаумен, ал жаттау жазумен тексерілді. Бұның ең тамаша үлгісі әр рамазандa жүзеге асырылған – арза ісі. Осылайша әр рамазан айында сoл рамазанғa дейін келген барлық уахилердi мұсылмандар тексеріп шығуға мүмкіндік тапты. Жазушылар жазғандарын, жаттап алушылар жаттағандарын тексерді. Мынаны да айта кетейік, тексеру шаралары тек рамазан айымен шектеліп қалған жоқ. Расулалла тағайындаған Құран мұғалімдері бар еді. Олар халық арасында жүріп Құранды үйретті, әрі олардың үйренгендерін тексеріп отырды.

10. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген уахилердi әртүрлі нәрселерге жаздыратын: тері бөлшектері, құрма жапырақтары, жалпақ тастар, сүйектер секілді... Ол дәуірде бүгінгідей қағаз болмағанмен, иленген терілер қағаздың қызметін атқаратын. Дегенмен уахилердің негізінен тас, тақта, сүйек секілді кішкене нәрселерге жазылғанын көруге болады. Бұның мынадай тиімді жағы бар еді: аяттарды реттеуге жеңілдік туғызды, яғни аяттар мен сүрелер қазіргі Құрандағы ретіне сай кезекпен келген жоқ еді. Бір сүре толық түспей жатып басқа сүре түсе бастайтын. Сүре ішіндегі аяттар да белгілі бір ретпен түспеді. Әр аят келген сайын, ардақты Пайғамбар ол аят қойылатын сүренi және сүре ішіндегі орнын көрсететін. Әсіресе, кейінірек сөзі насых етілген уахилер де кездесетін. Сондықтан «Құранның жинақталуы» деп аталған істі жеңілдету үшін уахилердің кішкене нәрселерге жазылуы керек еді.

11. Құранның құрастырылуы немесе жинақталуы: Риуаяттарда осы ұғымды жиі кездестіреміз. Тіпті Бұхаридің Сахихінде осы атаумен берілген бір баб бар. Сахабалардың كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نُؤَلِّفُ الْقُرْآنَ مِنَ الرِّقَاعِ. «Біз Алла елшісінің (с.а.с.) жанында Құранды жазба үзінділерден құрастыратынбыз» дегенін кездестіреміз.

Құранның құрастырылуы деген не?

Құранның құрастырылуы – аяттардың сүре ішіндегі реті немесе сүрелердің өзара реттелуі. Ғұламалар «ардақты Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуіріндегі құрастыру» дегеннен аяттардың сүре ішіндегі реттелуін түсінеді және аяттардың құрылымын «тауқифи» дейді. Яғни, аяттардың орындары Жәбірейілдің (а.с.) көрсетуімен тікелей Расулалла тарапынан белгіленген, соған байланысты уахиге де негізделеді. Әрбір сүренің тамамдалуына ғұламалардың ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан алдыңғы буын ғалымдар бір сүренің ең соңғы аятынан бастап алғашқы аяттарына қарай оқылуын құп көрмей, «харам» деген. Мұндай үкімді мына мәселеге байланысты қойған: сол уақыттарда ақындар өзінің есте сақтау қабілетінің күштілігін көрсету үшін өлең-жырларды кей жағдайларда соңынан басына қарай оқитын. Бұл әдетті Құран кәрімгe де араластырмау үшін осындай тыйымға қажеттілік туындаған.

Алайда сүрелердің құрылымы «тауқифи» емес. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, Құранның қазіргі құрылымы ижтиһадпен жасалған, ол – әзірет Осман (р.а.) заманындағы «Құранды көбейту комиссиясы» тарапынан жасалған құрылым. Сондықтан намаздa немесе намаздан тыс уақытта, дәрісте, тиләуатта, Құран кәрімді соңындағы сүрелерден алдыңғыларына қарай оқуға болады. Мәселен, «Бақара»-дан бұрын «Кәһф»-ті, «Кәһф»-тен бұрын «Хaж» сүресiн оқуға болады. Тіпті кейбір риуаяттар Расулалланың түнгі намазындa «Әли Имран»-нан бұрын «Ниса» сүресiн оқығанын көрсетеді. Убәй ибн Кәғбтың мұсхафында да реті осындай. Әзірет Османның мұсхафы мен басқа мұсхафтар арасында байқалған сүрелердің ретіндегі өзгешеліктер «сүрелердің реттелу ісі ижтиһад бойынша» деушілерге дәлел болады.

12. Зәйд ибн Сәбиттің қызметі: Аталмыш риуаятта айтылғандай, Зәйд ибн Сәбит Құранды жинақтау қызметін қабыл алған соң, әзірет Омардың да көмек беруін шарт қосып, ісіне кіріседі. Әзірет Әбу Бәкір Зәйдкe жинақтау ісінде ақыл-жадына сенбеу керектігін, әр аят үшін жазбаша екі куәгер талап етуін шарт етті. Қалаға хабарландыру жасалып, кімде Құраннан жазбаша бөлімдер бар болса, оларды мешіткe әкеліп, Зәйдкe беруін талап етті. Әзірет Омар әкелінген жазбаша нұсқалардың Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан тексеріліп-тексерілмегендігі хақында ант ішкізіп отырды. Тіпті кейбір ғалымдар осы жазбаша куәлердің арза ақирада (соңғы тапсыруда) тексерістен өткен жазбаша нұсқалар болғанын айтады. Осының өзі арза ақираның Ислам тарихындағы маңызын және екі рет қайталануының хикметін көрсетуге жеткілікті.

Ғалымдар әкелінген екі жазбаша нұсқаға куәлік етті, ал екі куәгер үшінші біреуге негізделді. Үшінші біреу немесе «бірінші негіз» деп отырғанымыз, ол – Зәйд ибн Сәбит. Ол Құран кәрімдi бастан-аяқ жатқа білетін еді, сондықтан өзі жаттаған Құран мен жұрт әкелген жазбаша нұсқалардың сәйкестігін қадағалады. Өйткені жоспардан тыс біршама жағдайлар орын алған. «Тәубе» сүресінің ең соңғы екі аятын жазбаша түрде бір-ақ кісі әкелген еді. Бұл аяттар, бәлкім, ең соңғы түскен аяттар болғандықтан, басқаларында жазбаша түрде жоқ еді. Өйткені олар Құранды жаттаған Зәйд секілді кісілердің жадында уахи ретінде бар еді, алайда жазбаша түрде тек бір кісі әкелген еді. Бұл кісі Расулалланың (с.а.с.) көзі тірісіндегі бір оқиғаға байланысты «шаһидайн» (екі куәгер) деген атаққа ие болған Хузайма ибн Сәбит еді. Зәйд ибн Сәбит «Расулалла оның куәлігін екі кісінің куәлігіне тең санады» деп, осы екі аятты күмәнданбастан қабылдады. Сахабалардан да «Бұл – Құраннан емес» деп қарсы шыққан ешкім болмады.

Әзірет Омар (р.а.) «зина жасаушылардың тас боранмен жазалануына» қатысты бір жазбаша мәтінді «аят» деп әкелгенмен, Зәйд ибн Сәбит оны қабылдамады. Әзірет Омар өзінің әкелгеніне ешбір жазбаша куәлік те көрсете алмады, ауызша көмек берерлік біреуді де таба алмады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Алланың аяты» деп тас боранмен жазалауды айтқан әрі оны жүзеге асырған еді. Алайда шамасы, бұл үкімге «Алланың алдыңғы кітаптарындағы аяты» деген мағынадa «Алланың аяты» деген болуы мүмкін9 және әзірет Омардың есінде осылай жаңылыс күйінде қалған еді. Кейбір ғалымдар бұны үкімі сақталған, сөзі мансұх етілген аяттарға мысал ретінде береді.10

Кейбір риуаяттарда Зәйд ибн Сәбит (р.а.) «Ахзаб» сүресінің 23-аятын да бір ғана жазбаша куәгерге сүйеніп қабылдағанын көрсетеді. Бұл аяттың жазбаша куәгері де Хузайма ибн Сәбит әш-Шаһидайн еді. Бір ғана жазбаша куәгерден қабылдаған аталмыш үш аят, зерттеп қарағанда, ешбір үкімге, харам-халалға қатысты емес.

Зәйд ибн Сәбиттің (р.а.) Құран кәрімді жинақтауының немесе «екі мұқаба арасындағы мұсхаф» түріне келтіру ісінің тек жазбаша куәліктерге ғана негізделмегенін де ерекше айта кетуіміз керек. Өйткені көптеген хафыздар Құранды бастан-аяқ жатқа білетін еді. Көп бөлігін онсыз да барша мұсылмандар білетін. Өйткені намаз, тиләуат, дұға секілді ғибадаттарда Құран кәрімдi оқушы еді. Бастан-аяқ жатқа білетіндер (Құранды жинақтаушылар) де бар еді. Әнәстің (р.а.) бір риуаятындағы мына алты Ансарлық сахаба мәшһүр еді, олар: Убәй ибн Кәғб, Муаз ибн Жәбәл, Зәйд ибн Сәбит, Әбуд-Дарда, Сағд ибн Убада, Әбу Зәйд (Әнәстің көкелерінің біреуi, оның атына қатысты қайшылық бар: Әус, Сәбит ибн Зәйд, Сағд ибн Убәйд ибн Нұғман, Қайс ибн әс-Сәкән. Ибн Хажар осы соңғы есім болу мүмкіндігін ерекшелеп көрсетеді.).

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құранды үйренуді кеңес берген адамдардың арасында аты аталатын Салим Мәула Әбу Хузайфа мен Абдулла ибн Мәсғудтың (р.анһума) және хафыз әйел болғандығы ерекше атап көрсетілген Үммі Уарақаның (р.а.) Құранды жинақтаушылар тобында аты аталмауы мынаны көрсетеді: хафыздар тек олардан ғана тұрмайды. Ибн Хажардың әртүрлі сенімді дереккөздерден шығарған нәтиже бойынша11, Құран кәрімдi жинақтаған риуаяттардан белгілі болғандар арасында Мұһажирлерден мыналар бар: әзірет Әбу Бәкір, әзірет Омар, әзірет Осман, әзірет Али, әзірет Талха, Сағд, ибн Мәсғуд, Хузайфа, Салим, Әбу Һурайра, Абдулла ибн әс-Саиб, Абдуллалар (Алла оларға разы болсын); әйелдерден әзірет Айша, Хафса, Үммі Сәләма (Алла оларға разы болсын).

Ибн Әбу Дәуіт мыналарды да қосады: (мұһажир ретінде) Тәмим ибн Әус ад-Дари, Уқба ибн Амир; (ансар ретінде) Убада ибн әс-Сәмит, Муаз Әбу Хулайма, Мужаммиғ ибн Жария, Фадала ибн Убәйд, Мәсләма ибн Махлад. (Бұлардың кейбіреулері ардақты Пайғамбардан кейін хафыз болған.) Сондай-ақ Әбу Мұса әл-Ашғари, Амр ибн әл-Ас, Сағд ибн Убада секілді тұлғалар да Құранды жинақтаушылар арасында аталған.

Көріп отырғанымызай, Расулалла дәуірінде Құранды жинақтаушыларға қатысты шектеуші сандарға ықтиятпен қарау керек. Жоғарыда әзірет Әнәстан (р.а.) жеткен риуаят біршама қайшылықтарға себеп болған, Құран кәрімдi жинақтаушылардың санын кейде төрт, кейде бес, кейде алты деп өте шектеулі етіп көрсеткен баяндардың шындықты көрсетпейтініне риуаяттармен жауап берілген. Жоғарыда біз берген мәліметтер осы мақсатпен берілді.

Осы жерде назар аударылатын басқа мәселелер де бар: Расулалланың көзі тірісінде Бир Мағунда шейіт болған 70 хафыз бен Ямама шайқастарында шейіт болған 70 хафыздың бар болғандығына қатысты риуаяттар секілді.

Олай болса, Расулалла дәуірінде Құран кәрімдi бастан-аяқ жаттағандардың санын нақты білу мүмкін емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей, «Хафыздар үйінің» («Дарул-қурра») бар болғанын негізге алатын болсақ, олардың санының ондаған, тіпті жүздеген кісілерге жететіндігін болжап көруге болады.

Қорыта айтқанда, әзірет Әбу Бәкірдің көзі тірісінде Зәйд ибн Сәбит тарапынан Құран жинақталған уақытта көптеген қарилар (яғни Құран хафыздары) бар еді және олардың ешқайсысынан да жинақталған Мұсхафқа қатысты жоғарыда берілгендерден басқа қарсы пікір болмаған, ешбір талас-тартыс туындамаған.

Осылайша, қазіргі таңда қолымыздағы Құран кәрім Халифа Әбу Бәкір (р.а.) тағайындаған және әзірет Омар көмектескен Зәйд ибн Сәбит тарапынан жинақталған және ол Құранның құрылымы сахабалардың ижмағына ие болған.

13. Құранның көбейтілу ісі: Құран кәрім осылайша бір кітап күйінде жинақталған еді, бірақ бір ғана нұсқа еді. Бұл жағдай әзірет Осман заманына дейін жалғасты.

Әзірет Осман заманында Құранның оқылуына қатысты біршама қайшылықтар туындады. Құран жеті қаріп бойынша түскендіктен әртүрлі оқылатын және бұған шариғат рұқсат беретін. Алайда осылай әртүрлі оқуға халықтың ризасы жоқ еді. Әркім өз диалектісінің ыңғайына қарай оқудың дұрыс болатынын құптады. Ибн Әбу Дәуіттің «Масахиф»-те берген риуаяттары бойынша, Құранды әртүрлі қырағаттарға қарай үйреткен мұғалімдер мен шәкірттері арасында қайшылықтар туындап, келіспеушіліктердің асқынғаны сонша – бір-бірлерін кәпір деп айыптауға дейін барған. Әзірет Осман оларды басуға тырысқан, сол мақсатта құтбалар да айтқан.

Көп өтпестен бұл алауыздықтар мен қайшылықтарға әскерлер арасында шыққан келіспеушіліктер де қосылды. Өйткені Армения мен Әзербайжан аймақтарының жеңісі кезінде біріккен Сириялық және Ирактық әскерлер арасында дa Құранның әртүрлі оқылуынан қайшылық туындаған еді. Сириялық әскерлер Құран кәрімдi Убәй ибн Кәғбтың қырағаты бойынша, ал Ирактықтар Абдулла ибн Мәсғудтың қырағатына қарап оқыды. Екі жақ та бір-бірлерінен өзгеше нәрселер талап етті, әрі бір-бірінің ісін жатырқаған еді. Әркім өзінің қырағатын әдемі деп қана қоймай, қарсы тараптың қырағатын жек көруші еді, тіпті бір-бірлерін кәпір деп айыптауға дейін барды. Сөйтіп, қайшылықтар артып, бір-бірлеріне қару көтеретіндей дәрежеде асқынып бара жатты. Қолбасы Хузайфа әл-Яман Мәдинаға шұғыл түрде келіп, үйіне де соқпастан, тіке Халифа әзірет Османға (р.а.) барып, мән-жайды бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Үмбеттің көмек беруін талап етті. Халық арасындағы қайшылыққа әскерлердің алауыздығының қосылғанын көрген Халифа мәселенің ушығып бара жатқанын сезді. Дереу сахабалармен ақылдасты. Осы ақыл-кеңес жайлы бір риуаятты бере кетейік: әзірет Али былай дейді: «Осман (р.а.) хақында жақсылықтан басқа ештеңе айтушы болмаңдар. Аллаға ант етейін, Құранға қатысты жүргізген жұмыстарды ол өз бетінше жасаған жоқ, бізден құралған бір топ кеңес алқасымен ақылдаса отырып жүргізді. (Бір күні) былай деді:

– Мына қырағат мәселесіндe ойларыңыз қандай? Маған жеткен сөздерге қарағанда, елдің бір бөлігі: «Менiң қырағатым сенікінен де жақсы» деп жатқан көрінеді. Бұл – күпірлікке жақын сөз (Бұның алдын қалай алуға болады?)

Біз оған:

– Әуелі, өзіңіздің пікіріңізді білгіміз келеді, – дедік. Былай деді:

– Мен халықты бір Мұсхафта жинағым келеді. Осылайша бөлінушілік те, алауыздық та болмайды.

– Дұрыс айтасыз! – дедік.

Ибн Сириннің риуаятында кеңес алқасы Мұһажир мен Ансардан тұратын 12 кісі еді және араларында Убәй ибн Кәғб та бар еді.

Әзірет Осман осылайша сахабалардың келісімін алғаннан соң мұсхафты алғаш түскен тілі Құрайыш тілімен көбейтіп, барша үмбеттің осы диалектіге бағытталуына шешім қабылдады. Зәйд ибн Сәбитті (р.а.) шақырып, оның төрағалығымен Құран кәрімдi көшіріп көбейтетін арнайы топ құрды.

Мусғаб ибн Сағдтың айтуынша, әзірет Осман топ мүшелерін де ақылдастар алқасы арқылы таңдаған. Әзірет Осман: «Жазуы ең жақсысы кім?» – деді. «Расулалланың (с.а.с.) хатшысы болған Зәйд ибн Сәбит» делінді. Сосын: «Араб тілін ең терең білетін кім?», – деп тағы сұрады. (Бір риуаятта «тілге бай, ең шешені кім?» деген.) «Саид ибн әл-Ас» делінді. Әзірет Осман: «Олай болса, Саид диалектикасын реттесін, Зәйд жазсын!» – деді.

Кейбір деректер бойынша, Саид ибн әл-Астың тілі ардақты Пайғамбардікіне көбірек ұқсайтын, соған қатысты былай делінген: «Құран кәрімнің арабшасы Сағид ибн әл-Ас ибн Умәйяның арабшасына қарай бейімделген. Өйткені ол тілі жағынан ардақты Пайғамбарға ең көп ұқсағаны еді».

Жұмыс тобындағы мүшелердің аты-жөні мен саны риуаяттарда әртүрлі берілген. Ибн Әбу Дәуіттің риуаяттары арасында Мәлик ибн Әбу Амир, Кәсир ибн Әфлах, Убәй ибн Кәғб, Әнәс ибн Мәлик, Абдулла ибн Аббас т.б. айтылады. Бұхаридің риуаятында Зәйд ибн Сәбит, Абдулла ибн Зубәйір, Сағид ибн әл-Ас және Абдуррахман ибн әл-Харистың аты беріледі. Топ басшысы – Зәйд ибн Сәбит (Алла оларға разы болсын).

Әзірет Осман (р.а.) бұл топқа мынадай тапсырма берді: «Құранды көбейтіңдер. Құран кәрімнің арабшасы мәселесінде Зәйд ибн Сәбитпен араларыңда қайшылық туындаса, Құрайыш тілін негізге алыңдар. Өйткені Құран негізінен солардың тілінде түсті».

Көбейту ісі барысында біршама кішігірім қайшылықтар туындаған. Әзірет Османғa жеткізілген бір қайшылық التابوت сөзінiң жазылуына қатысты еді. Құрайыштықтар التابوت дейтін, Зәйд ибн Сәбит التابوه деді. Әзірет Осман (р.а.): «Бұл сөздi التابوت деп жазыңдар. Өйткені Құран Құрайыш тілінде түсті» деп бұйырды.

Құран қанша нұсқамен көбейтілді?

Көбейтілген нұсқалардың саны жайлы әртүрлі риуаят бар: 4, 5, 7. «Жеті» деген риуаят бойынша, бір нұсқа Мәдинада қалады да, қалғандары Мекке, Шам, Иемен, Бахрейн, Басра, Куфаға бір-бір нұсқадан жіберілген. Сондай-ақ әзірет Осман осы ресми нұсқалардан басқа Құрандардың жойылуын бұйырады. Мусғаб ибн Сағд былай дейді: «Әзірет Осман (р.а.) (ескі) мұсхафтарды жаққан кезде көп адамға куә болдым, олар бұл іске ризалығын білдірді, ешкім бұны жаман (ұнамсыз) іс деп айтқан жоқ».

Әбу Килаба да былай деген: «Әзірет Осман көбейту ісін бітіргеннен кейін Исламның барлық аймақтарына мынадай бұйрық жіберді: «Мен мынадай-мынадай қызмет жасадым және өзімдегі ескі нұсқаларды жойдым. Сендер де өздеріңдегі ескі нұсқаларды жойыңдар».

«Сухуф» пен «Мұсхаф» арасындағы айырмашылық: әзірет Әбу Бәкір заманында жасалған Сухуф пен әзірет Османның (р.а.) осы Сухуфтан көбейту арқылы жасаған «Мұсхаф» арасында біршама айырмашылықтар бар. Ең әуелі, әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) қызметі хафыздардың өлімімен бірге Құран кәрімнің мазмұнының жоғалуының алдын алу мақсатында жасалған жұмыс еді. Емлесі мен құрылымына тоқтамастан, ардақты Пайғамбар заманында жазылған және арза ақирада тексеруден және түзетуден өткен жазулы нәрселерден құралған жинақ еді. Осы жазулы нәрселер қолдарда жүргенмен бір жерде жиналған күйінде жоқ еді. Негізінде, уахидің қашан тоқтайтынын, жаңадан келетін уахилердің қай тұсқа орналастырылатынын ешкім білмегендіктен, мұндай түпнұсқаны жасау да мүлдем мүмкін емес еді. Бұл жағдайда әзірет Әбу Бәкір аяттардың сүрелергe орналастырылуына қатысты Расулалладан жеткен нұсқаулық бойынша сүрелердi парақтар (сухуф) түрінде жинақтатқан еді. Алайда әзірет Османның атқарған жұмысы Құран кәрімнің әртүрлі тілдерге қарай түрлі-түрлі оқылуынан пайда болған алауыздықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген еді. Бұл істе Құранның оқылуын бірізділікке түсіру көзделген еді. Бұл бірізділік Расулалланың тілі болған Құрайыш тіліне қарай жасалып, басқа тілдерге қарай оқу, діни тұрғыдан жайыз болғанмен, тәрк етіліп, тыйым салынды. Осы мақсатта тілі жағынан өзгешелік болған тұстарда Құрайыш тілі негізге алынды. Басқа тілдерде оқу рұқсатының әуел баста кездескен қиындықты жою әрі бір рұқсат ретінде дұрыс көрілгенмен, ендігі жерде бұл рұқсатқа қажеттілік қалмағандығы айтылды. «Қазіргі таңда ынтымақ-бірлікке қажеттілік бар, бұл істе Құрайыш тілі таңдалады, өйткені Расулалланың тілі т.б.» делінген.

Сондай-ақ бұл мұсхафтa сүрелер дe белгілі бір ретке қойылып, бұдан кейін ешкімнің алға-артқа жылжыта алмайтындай етіп нақты түрде құрастырылды. Әзірет Осман (р.а.) Құран сүрелерiнің қазіргі құрылымын сахабалармен ақылдаса отырып ретке келтірген. Яғни сүрелердің бүгінгі орындары өзінің жеке ойы емес, сахабалардың кеңесі арқылы анықталған. Сүре ішіндегі аяттардың ретінің Алла Тағаланың уахиі арқылы белгіленгенін жоғарыда айтып өттік.

Әзірет Әбу Бәкір дайындатқан нұсқаның соңы: әзірет Омар қайтыс болған соң әзірет Хафсағa өткен осы нұсқаны көбейту мақсатында әзірет Осман (р.а.) әзірет Хафсадан (р.а.) «көбейту ісінен кейін қайтарып беру» шартымен сұратқан еді, әрі көбейту ісі бітісімен әзірет Хафсағa қайтарылды. Әзірет Осман барлық ескі нұсқаларды жойғанмен, осы алғашқы нұсқағa тиіспеген еді.

Мәруан Мәдинаның әкімі болып тұрған кезде, әзірет Хафсадан осы нұсқаны сұратқанмен, әзірет Хафса (р.а.) бермеді. Алайда Хафса анамыз қайтыс болғаннан кейін Мәруан оның бауыры Абдулла ибн Омарға хабар жіберіп, осы «Сухуф»-ты сұратқанда, Абдулла (р.а.) оған береді. Мәруанның осы сухуфтарды бөлшектеп, жуып, жақтырғаны риуаяттарда айтылады. Мәруан бұл ісін былайша түсіндіріп: «Уақыт өте келе кейбір күдікшілдердің осы нұсқа мен үмбет қабылдаған әзірет Осман нұсқасы арасындағы айырмашылықтарға сүйеніп бүлік шығаруын уайымдағанын және соның алдын алу мақсатында әзірет Әбу Бәкірдің сухуфын жойғанын» айтқан.

Көріп отырғанымыздай, Құран кәрімнің жинақталуы секілді өте қайырлы істің алғашқы бастамашысы әзірет Омар болған, халифа әзірет Әбу Бәкір осы істі ұйымдастырған, ал Зәйд ибн Сәбит жинақтау ісін жүзеге асырған. Көбейту және емлесін бірізділендіру ісінің себепкері – алауыздықтар, ал бұл істі ұйымдастырушы әзірет Осман және жүзеге асырушы Зәйд ибн Сәбит пен көптеген сахабалар болған. Алла барлығынан разы болсын!

وفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَمَعْتُ الْمُحْكَمَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قِيلَ لَهُ وَمَا الْمُحْكَمُ؟ قَالَ الْمُفَصَّلُ.

(948) Бұхаридің басқа риуаятында Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде мұхкамды жинақтадым», – деген. Одан: «Мұхкам деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Муфассал сүрелер», – деп жауап берді.12

Усул ғалымдарының терминінде «мухкам» – ішінде мансұх жоқ нәрсе. Муташабиһтің антониміне де мухкам делінеді.

Муфассал деп Құран кәрімдегі бір-бірінен «бисмилләмен» ажыратылған қысқа сүрелерді айтады. Негізінен, 49-сүре «Хужурат» сүресi мен соңғы сүре «Нас» сүресi арасындағы сүрелерді муфассал дейді. Негізі, муфассал сүрелердің қай сүреден басталатындығы мәселесінде он шақты көзқарас бар, солардың ішінде бірауыздан қабылданғаны – соңғы параның муфассал болғандығы.

Бұхари бұл риуаятты «Балаларға Құран үйрету» деген бабта беріп, ибн Аббастың (р.анһума) мына сөзін меңзеп кеткен:

سَلُونِي عَنِ التَّفْسِيرِ فَإِنِّي حَفِظْتُ الْقُرْآنَ وَأَنَا صَغِيرٌ

Ибн Аббас: «Тәпсірден сұраңдар. Өйткені Құранды бала күнімде жаттадым», – деген.

Ибн Аббастың жасы жайлы риуаяттар әртүрлі. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғанда қанша жаста еді? Негізінен, ибн Аббастың һижреттен үш жыл бұрын туылғандығы айтылады. Бұл жағдайда Расулалла қайтыс болғанда 13 жаста болады.

ТӘУБЕГЕ ҚАТЫСТЫ БӨЛІМ

عَنِ الْحَارِثِ بْنِ سُوَيْدٍ قَالَ: «حَدَّثَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَدِيثَيْنِ: أَحَدُهُمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَالْآخَرُ عَنْ نَفْسِهِ. فَقَالَ: إِنَّ الْمُؤْمِنَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَأَنَّهُ قَاعِدٌ تَحْتَ جَبَلٍ يَخَافُ أَنْ يَقَعَ عَلَيْهِ، وَإِنَّ الْفَاجِرَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَذُبَابٍ مَرَّ عَلَى أَنْفِهِ. فَقَالَ بِهِ هَكَذَا بِيَدِهِ فَذَبَّهُ عَنْهُ. ثُمَّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “اللَّهُ أَفْرَحُ بِتَوْبَةِ عَبْدِهِ الْمُؤْمِنِ مِنْ رَجُلٍ نَزَلَ فِي أَرْضٍ دَوِيَّةٍ مُهْلِكَةٍ مَعَهُ رَاحِلَتُهُ عَلَيْهَا طَعَامُهُ وَشَرَابُهُ فَوَضعَ رَأْسَهُ فَنَامَ نَوْمَةً فَاسْتَيْقَظَ، وَقَدْ ذَهَبَتْ رَاحِلَتُهُ فَطَلَبَهَا حَتَّى إِذَا اشْتَدَّ عَلَيْهِ الْجُوعُ وَالْعَطَشُ قَالَ: أَرْجِعُ إِلَى مَكَانِي الَّذِي كُنْتُ فِيهِ فَأَنَامُ حَتَّى أَمُوتَ. فَوضَعَ رَأْسَهُ عَلَى سَاعِدِهِ لِيَمُوتَ فَاسْتَيْقَظَ فَإِذَا رَاحِلَتُهُ عِنْدَهُ عَلَيْهَا زَادُهُ وَشَرَابُهُ. فَاللَّهُ أَشَدُّ فَرَحًا بِتَوْبَةِ الْعَبْدِ الْمُؤْمِنِ مِنْ هَذَا بِرَاحِلَتِهِ وَزَادِهِ”». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ فِي رِوَايَةِ مُسْلِمٍ: ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ أَنْتَ عَبْدِي وَأَنَا رَبُّكَ»، أَخْطَأَ مِنْ شِدَّةِ الْفَرَحِ.

(949) Харис ибн Суәйд былай дейді: «Абдулла ибн Масғуд (р.а.) бізге екі сөз жеткізді. Бірі – Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі, екіншісі – өзінің сөзі. Ол: “Мүмін күнәларын үстіне құлап кетер деп қорқып, тау астында отырғандай ауыр көреді. Ал пасық адам күнәларын мұрнының үстінен өткен шыбындай көреді”, – деп, қолымен шыбын қуғандай қимыл жасады.

Содан кейін былай деді: “Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: ‘Алла мүмін құлының тәубесіне мына кісіден де артық қуанады. Бір кісі азығы мен сусыны артылған түйесімен қатерлі шөлге аялдады. Басын қойып ұйықтап, оянса, түйесі кетіп қалыпты. Түйесін іздеп жүріп, аштық пен шөл қысқан кезде: Бұрынғы орнына қайтып, өлгенше ұйықтамақ болды. Өлімін күтіп, қолын жастанып жатты. Оянса, азығы мен сусыны артылған түйесі жанында тұр. Алла мүмін құлының тәубесіне осы кісінің түйесі мен азығын тапқанына қуанғанынан да артық қуанады’”».

Мүслимнің нұсқасында: «Ол: “Уа, Алла! Сен менің құлымсың, мен Сенің Раббыңмын”, – деді. Қатты қуанғаннан жаңылысып кетті», – деген қосымша бар.13

«Тәубе» сөзінің шариғаттағы мағынасы жасаған күнәсін тәрк етіп, өкіну және одан біржола бастарту, егер де адам ақысына зұлымдық етіп қойған болса, одан кешірім сұрау. Фиқыһ ғалымдары тәубеге өкіну, енді қайтып күнә жасамауға бекіну, күнәдан алыстау деген секілді анықтамалар берген. Тәубе мәселесінде мына нәрсені қаперде ұстау қажет. Алланың алдында тәубе қабыл болуы үшін жоғарыда аталған іс-әрекеттер тек Алланың разылығы көзделіп атқарылуы керек. Ал олай болмаған жағдайда мал-мүлік пен денсаулыққа зарар береді деген оймен ысыраптан тыйылу, ішімдікті доғару немесе адамдардан ұят болады деген оймен теріс қылықтардан арылу тәубеге жатпайды. Бұл ғалымдардың бірауыздан айтқан көзқарасы. Сонымен қатар тек өкіну тәубеге жеткіліксіз. Жасаған күнәсына өкінумен қатар одан сап тыйылу және оны қайта жасамауға бекіну болу керек. Демек, тәубе ұғымына өкіну деп анықтама бергендер оның мәнін толық аша алмаған деуге болады.

Жалпы тәубе әдетте күпірліктен немесе күнәдан болады. Күпірліктен тәубе еткен адамның тәубесі сөзсіз қабыл болады. Ал күнәдан тәубе еткен адамның тәубесі егер шынайы болса ол да қабыл болады. Тәубе қабыл болды дегеннің мағынасы жасаған күнәнің зардабынан құтылу деген сөз. Сол күнәға қайта ұрынбайынша адам оны мүлдем жасамағандай пәк болады. Яғни, тазарады. Күнәһардың күнәсі тікелей Алланың ақысына қатысты болса, оны жоғарыда айтқанымыздай тәрк ету жеткілікті. Бірақ жасаған күнәсі адамдардың ақысына қатысты болса, сол адамнан кешірім сұрап, ризашылығын алуды шариғат шарт етіп бекітеді. Ал егер де ол адамнан кешірім сұрау мүмкіндігі болмаған жағдайда (дүниеден өтіп кетсе, не хабар-ошарсыз кетсе т.б.) аталмыш күнәні Алла кешірер деген үмітте боламыз. Себебі Алла тағала күнәні жақсылыққа айналдырады.

Абдулла ибн әл-Мубарак тәубеге және бір шарттар қосып былай дейді: «Тәубе дегеніміз жасаған күнәсіне өкіну, күнәні енді қайтып жасамауға сөз беру, адамдардың ақысына мұқият болу, қаза болған парыздарды өтеу, харам аспен қоректеніп қойған жағдайда ол ас денесінен тазарып шыққанға дейін қынжылыспен, қайғымен жүрсе, нәпсісін қалайша күнәға батырған болса, солайша Аллаға мойынсұнуға көндіру».

Тәубе мен истиғфар бір-біріне өзара жақын ұғымдар. Өзге құлшылықтар мен дұғалардың қабыл болуы үшін алдымен тәубе, истиғфар жасалуы керектігі айтылады. Кейбір әулие кісілерден «истиғфар жасағаным абзал ма әлде тәсбих айтқаным жөн бе?» деп сұрағанда былай деп жауап берген екен: «Кір киім хош иіске қарағанда сабынға көбірек мұқтаж».

Олай болса тәубе мен истиғфар жасау үшін міндетті түрде күнәһар болу шарт емес. Аллаға мінәжат етіп, құлшылық жасауға бекінген адам ә дегенде тәубе мен истиғфардан бастап, рухани ластықтан тазарып алғаны жөн. Себебі рухы таза жандардың дұғасы анағұрлым қабыл болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

وَاللَّهُ إِنِّي لَأَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَاَتُوبُ إِلَيْهِ فِي الْيَوْمِ أَكْثَرَ مِنْ سَبْعِينَ مَرَّةً

Алла елшісі (с.а.с.): «Аллаға ант етейін, күніне жетпістен астам рет Алладан кешірім сұрап, Оған тәубе етемін», – деген.

Пендесі тәубе еткеніне Алланың қуануы шынайы жасалған тәубенің сөзсіз қабыл болатындығын білдірсе керек. Жоғарыда келген риуаятта айтылғанындай бұл иләһи сүйіспеншілікті адамның өзі де сезінеді. Мұны тәубенің қабыл болуының белгісі деп қабылдауға болады.

وَعَنْ زِرِّ بْنِ حُبَيْشٍ قَالَ: «حَدَّثَنَا صَفْوَانُ بْنِ عَسَّالٍ الْمُرَادِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: بَابٌ مِنْ قِبَلِ الْمَغْرِبِ مَسِيرَةُ عَرْضِهِ أَوْ يَسِيرُ الرَّاكِبُ فِي عَرْضِهِ أَرْبَعِينَ أَوْ سَبْعِينَ سَنَةً، خَلَقَهُ اللَّهُ تَعَالَى يَوْمَ خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْاَرْضَ، مَفْتُوحٌ لِلتَّوْبَةِ لَا يُغْلَقُ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

(950) Зирр ибн Хубәйш былай дейді: «Сафуан ибн Ассал әл-Муради (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізді: “Батыс жақта бір қақпа бар. Оның ені – атты кісінің қырық не жетпіс жыл жүретін жолындай. Алла оны жер мен көктерді жаратқан күні жаратты. Ол күн батыстан шыққанға дейін тәубе үшін ашық тұрады”».14

وَلِمُسْلِمٍ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: مَنْ تَابَ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

(951) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Кім күн батыстан шықпай тұрып тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді», – дегенін жеткізген.15

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: أَنَّ اللَّهَ يَقْبَلُ تَوْبَةَ الْعَبْدِ مَا لَمْ يُغَرْغِرْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

(952) Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла құлының жаны алқымына келмей тұрып жасаған тәубесін қабыл етеді», – дегенін жеткізген.16

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: أَنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَبْسُطُ يَدَهُ بِاللَّيْلِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ النَّهَارِ، وَيَبْسُطُ يَدَهُ بِالنَّهَارِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ اللَّيْلِ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

(953) Әбу Мұсаның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Алла күндіз күнә жасаған кісі тәубе етсін деп түнде қолын созады. Түнде күнә жасаған кісі тәубе етсін деп күндіз қолын созады. Бұл күн батыстан шыққанға дейін жалғасады», – деген.

Бұл жерде «қол» дегенде Алланың мейірімі мен кешірімі айтылған17.

Соңғы төрт хадис (№950-953) күнәға ұрынған мүминдердің үмітсіздіктен арылып, тәубе етуді өсиет етуге бағытталған. Алла тағаланың әрқандай күнәлардың бәрін кешіретіндігі айтылады. Тәубе ету үшін арнайы уақыт қажет емес, кез келген сәтте тәубе есігі ашық. Алланың қолы күндіз де, түнде де ашық. Адамның жаны алқымға тірелгенге дейін және қияметтің ең үлкен белгісі болған күннің батыстан шығуына дейін тәубе есігі ашық. Және бұл есіктің кеңдігі сондай оның кеңдігі атты адамның қырық немесе жетпіс жыл шауып өтетіндей шекараны құрайды.

Жоғарыдағы «Алланың қолы ашық» деген сөзді дұрыс түсіну керекпіз. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Алланың мейірімінің шексіздігін, кеңшілігінің көптігін және кешірімінің кеңдігін білдіру мақсатында осылай сипаттауға барған. Әйтпесе оны дүниелік өлшемдерге салып түсінуге әсте болмайды. Бұл لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ «Оның бірде-бір ұқсасы жоқ»18 немесе وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُوًا أَحَدٌ «Оның ешбір теңдесі де жоқ!»19 секілді Алланың ұқсасы жоқ екендігін білдірген аяттарға қайшы келеді.

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: كَانَ فِيمَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ رَجُلٌ قَتَلَ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ نَفْسًا فَسَأَلَ عَنْ أَعْلَمِ أَهْلِ الْاَرْضِ. فَدُلَّ عَلَى رَاهِبٍ فَأَتَاهُ فَقَالَ: إِنَّهُ قَتَلَ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ نَفْسًا، فَهَلْ لَهُ مِنْ تَوْبَةٍ؟ قَالَ: لَا. فَقَتَلَهُ فَكَمَّلَ بِهِ مِائَةً، ثُمَّ سَأَلَ عَنْ أَعْلَمِ أَهْلِ الْأَرْضِ فَدُلَّ عَلَى رَجُلٍ عَالِمٍ فَأَتَاهُ فَقَالَ. إِنَّهُ قَتَلَ مِائَةَ نَفْسٍ، فَهَلْ لَهُ مِنْ تَوْبَةٍ؟ فَقَالَ نَعَمْ. وَمَنْ يَحُولُ بَيْنَكَ وَبَيْنَ التَّوْبَةِ؟ انْطَلِقْ إِلَى أَرْضِ كَذَا وَكَذَا. فَإِنَّ بِهَا نَاسًا يَعْبُدُونَ اللَّهَ فَاعْبُدِ اللَّهَ مَعَهُمْ وَلَا تَرْجِعْ إِلَى أَرْضِكَ فَإِنَّهَا أَرْضُ سُوءٍ، فَانْطَلَقَ حَتَّى إِذَا انْتَصَفَ الطَّرِيقَ أَتَاهُ مَلَكُ الْمَوْتِ فَاخْتَصَمَتْ فِيهِ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ وَمَلَائِكَةُ الْعَذَابِ. فَقَالَتْ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ إِنَّهُ جَاءَ تَائِبًا وَمُقْبِلاً بِقَلْبِهِ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى. وَقَالَتْ مَلَائِكَةُ الْعَذَابِ: إِنَّهُ لَمْ يَعْمَلْ خَيْرًا قَطُّ. فَأَتَاهُمْ مَلَكٌ فِي صُورَةِ آدَمِيٍّ فَجَعَلُوهُ بَيْنَهُمْ. فَقَالَ قِيسُوا مَا بَيْنَ الْأَرْضَيْنِ فَفِي أَيِّهِمَا كَانَ أَدْنَى فَهُوَ لَهُ، فَقَاسُوا فَوَجَدُوهُ أَدْنَى إِلَى الْأَرْضِ التَّى أَرَادَ بِشِبْرٍ. فَقَبَضَتْهُ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ. زَادَ فِي رِوَايَةٍ: فَلَمَّا كَانَ بِبَعْضِ الطَّرِيقِ أَدْرَكَهُ الْمَوْتُ فَجَعَلَ يَنُوءُ بِصَدْرِهِ نَحْوَ الْقَرْيَةِ الصَّالِحَةِ فَجُعِلَ مِنْ أَهْلِهَا.

(954) Әбу Сағид (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Сендерден бұрын тоқсан тоғыз адам өлтірген бір кісі болған. Ол жер бетіндегі ең білімді адамды сұрап еді, жұрт бір монахқа жол сілтеді. Монахқа барып, тоқсан тоғыз адам өлтіргенін айтты да, тәубе ете ала ма деп сұрады. Монах: “Жоқ”, – деді. Оны да өлтіріп, санын жүзге толтырды. Содан соң жер бетіндегі ең білімді адамды тағы сұрады. Жұрт бір ғалымға жол сілтеді. Ғалымға жүз адам өлтіргенін айтып, тәубе ете ала ма деп сұрады. Ғалым: “Иә. Тәубе етуіңе кім бөгет бола алады? Пәлен жерге бар. Онда Аллаға құлшылық ететін адамдар бар. Сен де солармен бірге Аллаға құлшылық ет. Өз жеріңе қайтып барма. Ол – жаман жер”, – деді. Кісі жолға шықты. Жолдың жартысына келгенде, оған ажал періштесі келді. Рақым періштелері мен азап періштелері оның кімге тиесілі екенін айтып дауласты. Рақым періштелері: “Ол тәубе етіп, жүрегімен Алла Тағалаға бет бұрып келді”, – деді. Азап періштелері: “Ол ешқашан бір жақсылық істеген жоқ”, – деді. Сол кезде адам кейпіндегі бір періште келді. Олар оны төреші етті. Ол: “Екі жердің арасын өлшеңдер. Қайсысына жақын болса, соған тиесілі”, – деді. Өлшеп қараса, ол бет алған жеріне бір қарыс жақын екен. Сонда оны рақым періштелері алды».

Бір нұсқада: «Жолда оған ажал жетті. Ол кеудесін ізгі адамдардың ауылы жағына қарай жылжытты. Сөйтіп, сол ауылдың тұрғындарынан саналды», – делінген.20

وَفِي أُخْرَى: «فَأَوْحَى اللَّهُ تَعَالَى إِلَى هَذِهِ أَنْ تَبَاعَدِي، وَإِلَى هَذِهِ أَنْ تَقَرَّبِي، وَقَالَ: قِيسُوا مَا بَيْنَهُمَا».

(955) Басқа бір риуаятта: «Алла бір елді мекенге “Алыста”, екіншісіне “Жақында” деп уахи етті. Содан кейін: “Екеуінің арақашықтығын өлшеңдер”, – деді», – делінген.21

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейбір ғайыпқа қатысты ақиқаттарды жақсы түсініп, есте сақталуы үшін тағылымды және басқа да мақсаттармен хикая мен мысалдарды қолданған. Пайғамбар хадистерінен осындай әдісті жиі кезіктіруге болады. Жоғарыдағы риуаятта бұның ең жарқын мысалын көреміз. Алла Елшісі бұл хикаяда көптеген маңызды ақиқаттарды айтқан. Бұл хикаяның исрайл ұлдарына қатысты болуы оған жеңіл немесе немқұрайды қарау керек дегенді білдірмейді. Оның үстіне бұны Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұнатып, баяндап, ғибрат үшін ұсынып тұр. Шындығында, хадисте حَدِّثُوا عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَلَا حَرَجَ. «Исраил ұрпақтарынан жеткен хабарларды айта беріңдер. Мұның айыбы жоқ» деп те айтылған. Кейде сахабаларға исрайұлдарының бастарынан өткен риуаяттар жеткен. Алайда бұлар белгілі кітаптарда орын алмаған, Алла Елшісі айтпаған исраилияттан сақ болу керек деп мән бермей кетуге де болмайды. Әйтпесе Исламның рухына, орта жол ұстанымына томпақ келуі әбден мүмкін.

Жоғарыдағы хикаяға келер болсақ, ол шынайы оқиға болуы мүмкін секілді, өмірлік ақиқаттарды көрсету ету үшін шығарылған әдеби хикая болуы да мүмкін. Алла Елшісінің (с.а.с.) хадистерінде бірқатар әдеби және ғұрыптық хикаялардан, даналық сөздерден пайдалануы қалыпты нәрсе. Бұндай жағдайларда хикаяда айтылған оқиғаның шындығында болғаны маңызды емес. Маңыздысы оның бергісі келген ғибрат. Алайда кейбір ғалымдар бұл оқиғаның шындығында орын алғанын қабылдап, хадистегі адам өлтірген жүзінші адамның монах болуына қарай отырып, оқиғаның әзірет Исадан (а.с.) кейін болу ықтималдығын айтқан. Өйткені рухбандық Құранда айтылғандай әзірет Исадан кейін шыққан. Бұл жерде айтылғаны – «Хадид» сүресінің 27-аяты.

Хадисте айтылған ақиқаттардың біз үшін маңызды болған бірнеше қырына тоқталып өтсек:

1. Тәубенің қабыл болуы. Құран аяттарында ашық айтылғандай, тәубе жасаған соң барлық күнәлар кешіріледі. Дініміз ең үлкен күнә деп бағалаған «Аллаға серік қосу» күнәсі шынайы тәубе жасап, бір Аллаға сенсе, ол да кешіріледі. №949 хадисте айтылғандай, күпірлік пен ширктен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін шынайы иман ету қажет.

«Аллаға серік қосу» күнәсінен кейінгі ең үлкен күнә – нақақтан-нақақ адам өлтіру. Құран кәрім бұл күнәні «барлық адамзатты өлтіргенмен тең» деп есептейді. Бұл риуаятта Алла Елшісі осы күнәні жүз мәрте жасаса да, жасағанына шынайы өкініп, Аллаға тәубе жасаған жағдайда кешірілу үміті бар екендігін білдіреді. Хикаяда монахтың өлтірілу себебі ретінде адам өлтірушінің басқа күнәларының себебі мен ар-ожданының қуаттылығын аңғартады. Осындай үлкен күнәлары бола тұра бір адамның шынайы тәубе жасауының себебінен кешірілуі – Исламның тәубеге деген ұстанымын білдірумен қатар, Алла тағаланың құлдарына қаншалықты мейірімді екендігін көрсетеді. Ислам ғұламалары міндетті түрде Алланың кешіріміне ие болатындығын ойлап, өзін күнәсіз деп білудің өзін үлкен күнә деп санағандай, мүлдем кешірімге ие болмайтындығына сенуді де үлкен күнә деп санайды. Мүмин – күнәсі қаншалықты көп және үлкен болса оның кешірілетініне, иләһи кешірімнің барлығынан да жоғары екендігіне сенуі қажет. Бұл сенім мүміннің әдебінен. Исламда кешірілмейтініне сенуге орын жоқ.

Ақыл-есі толық ешбір адам осы хадиске сүйене отырып, «адам өмірі түкке тұрғысыз» немесе «қандай күнә болса да кешіріледі» деген ұстаныммен күнә жасамайды. Өйткені хадистің басты мақсаты – күнәға емес тәубеге ынталандыру. №949 хадисте мүміннің күнәға деген ұстанымы бекітілген: «Күнә жасаудан – үстіне тау түсетіндей қорқу». Сондай-ақ аталмыш риуаятта Алланың тәубе жасағандарға деген кешірімділігі де айтылған. Ол шөлде азық-түлігі артылған түйесін жоғалтып алған адамның кенеттен түйесін тапқандағы қуанғанынан бетер қуану, атты адамның жетпіс жыл жүретіндей кеңдікте қиямет-қайымға дейін ашық тұрған тәубе қақпасы.

Осы жерге дейін айтылған хадистермен айтқымыз келгені Алла тағаланың тәубе жасаған құлына, кешірім жасауын соңғы хадис басқа қырынан көрсетеді.

Уа, Раббымыз! Күнәларымызға тәубе етіп, кешірімің мен мейіріміңнен үміт етеміз. Ендігәрі күнәға қайта оралмайтындай күш-қуат бер!

2. Мүмін үшін ниет пен нақты шешімнің амалдан жоғары екендігі. Хадис күнә жасаған пенденің кешірілуіне себеп болатын екі нәрсені көрсетеді.

a) Тәубе,

б) Азым, яғни тәубе қабыл болатындай амал жасау. Риуаятта тәубе жасаушы құл кешірілу мүмкіндігі бар екендігін, ол үшін ізгі адамдардың арасында өмір сүріп, құлшылық жасау керектігін естиді. Хикаядағы тәубені ашып-түсіндіру тұрғысынан ең басты қыры мынау: жүз адам өлтірген кісі әлі құлшылық жасап үлгерместен, тек ниет етіп, тәубе және ізгілік жолына түседі. Алайда мақсатына жетпей тұрып-ақ жарты жолда қайтыс болады. Алайда кешірілуі үшін соның өзі жеткілікті болғанын байқаймыз.

Шындығында Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сөзінде نِيَّةُ الْمُؤْمِنِ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ. «Мүміннің ниеті амалынан қайырлы»22, деген.

3. Тәубе және сауапты істе асығыстық жасау. Мейірім және азап періштелерінің қашықтықты өлшеулері өте маңызды мәселе. Риуаятта мақсатқа бір қарыс жақын болуы оны құтқарғандығы айтылады.

Егер аз да болса кешіккенде не болар еді?

Ажал аяқ астынан келетіндіктен тәубе мен жақсылық жасауды ертеңге, тіпті аз уақыт болса да кейінге қалдырмай, барынша ерте жасаған дұрыс.

4. Адамға араласатын ортасының ықпалы. Бұл риуаятта Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маңызды мәселеге назар аудартады. Ғалым кісінің аузынан шыққан мына сөз қоршаған ортасының адамның жақсы немесе жаман іс жасауында қаншалықты ықпалы бар екендігін көрсету тұрғысынан маңызды: «Бірақ сен пәлен деген жерге жырақ кетуің қажет. Өйткені сол жерде Алла тағалаға құлшылық жасайтын көркем мінезді адамдар бар. Сен де соларды өнеге тұтып, солармен бірге Құдайға құлшылық жаса. Еш уақытта өскен жеріңе қайта оралушы болма. Өйткені ол өте жаман аймақ». Хадистің басқа бір нұсқасында: «Өзің тұрып жатқан жаман ауылдан кетесің» деген. Ғалымдар осы хадисті басшылыққа ала отырып, күнә жасап жүрген адам одан құтылғысы келсе, оның күнәдан тәубе жасағанша орнын өзгертуі керектігіне назар аудартады. Осылайша жамандыққа алып баратын күнәні еске түсіретін заттар, әдеттер, күнә жасауға жәрдемші болатын адамдар, байланыстар үзіледі.

5. Бұл риуаятта ғалым адамның тек қана құлшылық жасайтын адамнан артық екендігін көреміз. Өйткені адам өлтіруші бірінші жүгінген монах – күнәсіне пұшайман болған адамның естігісі келген жауапты бермейді. Бұл оның өмірімен қош айтысуына алып барады. Екінші кісінің «ғалым» болғандығы айтылады. Ол даналықпен жауап беріп, ар-ожданы мазалап, жан дүниесі шарқ ұрған адамның күнә жасауын тоқтата алған.

6. Бізден бұрынғылардың шариғатымен амал ету. Бұл риуаят арқылы Қады Ияд айтқан бір түсіндірме бізден бұрынғылардың шариғатымен амал ету мәселесіне қатысты мәлімет беретіндіктен айта өтуді жөн көреміз: «Бұл хадискe сай – тәубе басқа күнәларға пайда бергендей, адам өлтіру күнәсіне де пайда береді. Сонымен қатар аталған риуаят бізге дейінгі үмбеттердің шариғатын көрсетеді. Ал бізге дейінгі үмбеттердің шариғатымен амал ету – талас-тартысты мәселе. Құран Кәрім мен Сүннетте бізге дейінгі үмбеттердің шариғатымен амал ету жөнінде нақты нұсқау немесе оны қуаттаушы хабар келуі тиіс. Егер оны қуаттаушы үкім келген болса, ол біздің де шариғатымыз болып есептеледі. Бұған қатысты талас жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, тәубе мәселесінде көптеген аят пен хадис бар: «Алла өзіне серік қосқанды әсте кешірмейді. Ал одан өзге күнәларды істеген құлдарынан қалағанын кешіреді»23. Тәубеге қатысты хадистер көп. Убада Ибн әс-Сәмиттен жеткен: «...Бұл күнәлардың бірін істеген адамның халі Аллаға қалған. Қаласа кешіреді, қаласа жазалайды» – деген хадис солардың қатарынан. Ибн Хажар: «Бұл үкімге бұрынғы үмбеттерге қарағанда Мұхаммед үмбетінің «жүктерінің жеңілдігі» ұстанымымен де қарауға болады. Адам өлтірушінің тәубесінің қабыл болуы олардың шариғатында бар нәрсе болса, бұл бізде екібастан орын алуы керек» – дейді.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: كُلُّ بَنِي آدَمَ خَطَّاءٌ وَخَيْرُ الْخَطَّائِينَ التَّوَّابُونَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(956) Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Адам баласының бәрі қателеседі. Қателескендердің ең жақсысы – тәубе еткендер», – дегенін жеткізген.24

Бұл жердегі қателік жасау сипаты барлық адамзат үшін айтылған. Яғни қателік жасау адам табиғатында бар нәрсе. Ғалымдар пайғамбарларды да осы үкімге кіргізіп, олардағы қателікті «кіші күнәлар» деп бағалаған. Олардың жасағандығын кейбір «зәллә» болса, Аллаға қарсы шығуды көздемей жасалған ұсақ қателіктер мен ұмыту ретінде бағаланған. Қателік жасау адамзатқа ортақ сипат болғандықтан, хадис «адамдардың ең қайырлысы тәубе ету арқылы күнәдан қашып, құлшылықпен Аллаға жүгінгендер» дегенге саяды. Пайғамбарлардан басқа ешбір адам күнәдан қорғалмағанына осы хадис дәлел болады.

Бұл хадисте айтылған қателікпен христиандардың алғашқы күнә ұғымын шатастырмау керек. Аталмыш хадистің мақсаты адамды тәкаппарлықтан сақтап, Аллаға құл болуға, тәубе жасауға шақыру. Тәубенің қаншалықты маңызды екендігін көрсету арқылы, адам баласының табиғатында күнә жасауға деген бейімі бар екендігіне назар аудартады. Ал христиандар әзірет Адамнан өз бойларында күнәнің мирасқа қалғандығына сенеді. Олардың сенімінде адам христиан болып, шоқынбайынша сол күнәсінен құтыла алмайды.

ТҮС ЖОРУ

Түс және түс әдебіне қатысты хадистер

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِذَا اقْتَرَبَ الزَّمَانُ لَمْ تَكَدْ رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ تَكْذِبُ، وَرُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ سِتَّةٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي. وَزَادَ بَعْضُهُمْ: وَمَا كَانَ مِنَ النُّبُوَّةِ فَإِنَّهُ لَا يَكْذُبُ.

(957) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Ақырзаман таяғанда мүміннің түсі жалғанға шықпайды деуге болады. Мүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің бірі». Бұхаридегі нұсқада: «Пайғамбарлыққа тән нәрсе жалған болмайды», – деген қосымша бар.25

Хадистен екі үкім шығады:

1. Қиямет-қайым жақындағанда көрген түстердің шынайы болуы.

2. Мүминнің түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бірі болуы.

Хадисте, «қиямет-қайым» сөзі жоқ. Тек «уақыт жақындағанда» деген сөз бар. Бұдан әртүрлі мағына шығарылған. Маңыздыларына тоқталсақ:

1. Күн мен түннің бір-біріне жақындауы. Яғни көктем және күз айларында күн мен түннің теңесуі. Хаттаби бұл мезгілдерде адам табиғатының бірқалыпты күйге енетіндігін білдіреді. Ал түс жорушылар ең шынайы түстердің күн мен түн теңесіп, жемістер жетілген кезде болатындығын айтады. Түс жорушылардың айтуынша түстің ең шынайы болатын кезі гүл ашып, жемістер пісетін кез (яғни, көктем мен күз мезгілі). Осы екі уақытта күн мен түннің мерзімі орташа болады. Біреуі екіншісінен ұзын не қысқа емес.

2. «Уақыттың жақындауы» сөзінен шығарылған екінші мағына – қиямет-қайымның жақындауы мен дүние өмірінің тоқтауы. Ибн Баттал хадисте осы мағынаның көзделгендігін айтып, оған Тирмизидің марфуғ риуаятын дәлел ретінде көрсетеді:

فِي آخِرِ الزَّمَانِ لَا تَكْذُبُ رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ وَأَصْدَقُهُمْ رُؤْيًا أَصْدَقُهُمْ حَدِيثًا

«Ақырзаманда мүміннің түсі жалғанға шықпайды. Ең шын түс көретіндер – сөзі ең шыншыл адамдар».

Ибн Хажар біз тоқталып отырған хадистен шығарылған бірінші мағынаны құптамайды. Оның пікірінше, күн мен түн тең болған кезде адамның табиғаты бірқалыпты болып, шынайы түс көретін болса, бұны мүміндерге таңу дұрыс емес. Хадистің «уақыт жақындағанда мүміндер шынайы түс көреді» дегеніне қарасақ бұл хадистен шығарылған екінші мағынаның яғни «қиямет-қайым жақындағанда мүміндер шынайы түс көреді» деп тәуил жасаудың әлдеқайда дұрыс болатындығына дәлел болады.

Ибн Баттал қиямет-қайымға жақын түстердің шынайы болуын былай түсіндіреді: «Қиямет-қайым жақындағанда ілімнің басым көпшілігі көтеріліп, дінге тиесілі құрылымдар талас-тартыс пен бүліктің себебінен бұзылып, жойылады. Адамдар пайғамбарсыз дәуірдің адамдары секілді діннің жойылуының себебінен бір қорқытушы әрі сүйіншілеушіге мұқтаж халге келеді. Шындығында, өткен үмбеттерде де пайғамбарлар ескерту жасаған (жаһаннаммен қорқытып) еді. Бір жағынан Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар болуы, бір жағынан аталған уақыттың пайғамбарсыз дәуірге ұқсауы – адамдарға тыйым салынған жаңа бір пайғамбарға деген мұқтаждықтың орнын басқа бір нәрсемен толтыруды қажет етеді. Міне, осы негізі тұрғысынан жәннатпен сүйіншілеп, қорқытудан тұратын пайғамбарлықтың бір паршасы етілген шынайы түс».

3. Дәуіт «уақыттың жақындауы» деген сөзді сағаттардың, күндер мен түндердің кемуі деп түсінген. Ал кемудегі мақсат олардың жылдам өтуі. Бұл – қиямет уақытының жақындауы деген сөз. Өйткені Мүслим бастаған көптеген мухаддистер риуаят еткен хадисте былай делінген: يَتَقَارَبُ الزَّمَانُ حَتَّى تَكُونَ السَّنَةُ كَالشَّهْرِ، وَالشَّهْرُ كَالْجُمُعَةِ، وَالْجُمُعَةُ كَالْيَوْمِ، وَالْيَوْمُ كَالسَّاعَةِ، وَالسَّاعَةُ كَاحْتِرَاقِ السَّعَفَةِ. «Уақыт қысқарып, жыл айдай, ай аптадай, апта күндей, күн сағаттай, сағат құрма жапырағының жанып кеткеніндей болады».

4. Хадистегі уақыттың Мәһдидің заманы екені, ол кезде әділдік пен тыныштық орнап, жақсылық пен ізгілік мол болып, осы жағдайдан алынатын ләззат пен рахаттың себебінен уақыт жылдам өтіп, қысқаратындығы да айтылған.

Хадисте «көбінесе» сөзі де айтылып, «...Мүминнің түсі көбінесе жалған айтпайды» деп айтылуы ол кезде көбінесе шынайы түс көретіндігін білдіреді.

5. Шынайы түс, шын сөздің туындысы: Қуртуби былай дейді: «Алла біледі, бұл хадисте айтылған ақырзамандағы мақсат әзірет Иса (а.с.) Тажалды өлтірген соң онымен бірге болатын мүмін қауымның уақыты. Өйткені Мүслимнің бір хадисінде былай делінген: «Алла Иса ибн Мәриямды жібереді. Ол халықпен жеті жыл бірге болады. Осы уақыт аралығында екі кісінің арасында дұшпандық болмайды. Кейін Алла Шам жақтан салқын жел жібереді. Жер бетінде жүрегінде зәрредей жақсылық немесе иман болған бір адам да қалмайды. Барлығының рухы осы желмен бірге шығып кетеді».

Қуртуби сөзін жалғастырып былай дейді: «Бұл заманда өмір сүрген адамдар маған былай көрінеді. Мына үмбеттің алғашқы ғасырынан кейін келгендердің ең жақсы және сөзінде ең шынайы болғаны. Сол себептен түстері де жалған айтпайды. Өйткені хадисте: أَصْدَقُهُمْ رُؤْيًا أَصْدَقُهُمْ حَدِيثًا «Түстері шынайы болғандар – сөзінде де шындықты айтатындар», – делінген. Шындығында, осылай. Себебі кім тек шын сөйлесе, жүрегі нұрланып, санасы күшейіп, мағыналар дұрыс жетеді. Осылайша ояу кезінде де айналасымен шынайы қарым-қатынас жасаған адамда бұл хал ұйқыда да жалғасып, жалған ештеңе көрмейді. Әлбетте, жалғаншының немесе дұрыс пен жалғанды араластырған адамның халі бұндай болмайды. Бұндай адам жүрегін қарайтып алған. Сондықтан түсінде шым-шытырық, мағынасыз нәрселерді көруі де заңды. Шын сөзді адамның жалған, жалғаншының шынайы түс көруі сирек болса да жағдайға байланысты кездеседі. Алайда көбінесе жоғарыда айтып өткеніміздей болады». Ибн Хажар: «Түсті шынайы және ізгі мүмін көрсе, пайғамбарлықтың паршаларынан бір парша» деп біз айтқан пікірді қуаттайды.

6. Ибн Әбу Жамра «Ақырзаманда мүміннің түсі көбінесе жалған сөйлемейді» деген хадисті былай түсіндіреді: «Түс – ол кезде жоруды қажет етпейтіндей анық болады. Оған жалған араласпайды. Бұл алдыңғы уақыттағы түстерге қайшы келеді. Өйткені алдыңғы уақытта көрген түстердің жорылуы белгісіз, тек түс жори алатын адамдар ғана жориды. Оның үстіне жорыған адамның айтқанындай болмауы да мүмкін. Осылайша оларға жалғандық араласқанын байқаймыз... Бұның ақырзаманға тән болуының сыры – мүмин ол кезде жалғыз қалуында. Сондықтан ол кезде мүміннің досы мен жанашыры тым аз болады. Алла оларға түстерін шынайы ету арқылы жомарттық көрсетеді. Хадистерде мүминнің түсі пайғамбарлықтың қанша бөлігі екендігіне қатысты әртүрлі риуаяттардағы қайшылықты осылай түсіндіруге болады. Сондай-ақ: «Қиямет-қайым жақындаған сайын түстің шынайылығы да артып, осылайша пайғамбарлықтың бір бөлігі болуы да артқандықтан саны түседі», – деп те айтады.

7. Түс – пайғамбарлықтың бір паршасы.

Түс – пайғамбарлықтың бір бөлігі

Біз тоқталып отырған хадис мүминнің түсін пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің бір бөлігі екендігін білдіреді. Осы тақырыпты басқа бір тақырыпта талдаған Ибн Хажар бұл мәселеге қатысты әртүрлі хадистерде әртүрлі сан айтылғанына назар аудартады. Яғни осы тақырыптағы он шақты әртүрлі хадистің әрқайсысы әртүрлі сан береді. Риуаяттарға қарасақ ең азы пайғамбарлықтың жиырма алтыдан бірі, ең көбі жетпіс алтыдан бірі деп айтылады. Осы аралықта қырықтан, қырық төрттен, қырық бестен, қырық алтыдан, қырық жетіден, қырық тоғыздан, елуден, жетпістен бір деген сандар бар. Хадистердің сенімділік дәрежесі әртүрлі. Ибн Хажар, «Сахихтық дәрежесі тұрғысынан ең жоғарғысы біріншісі. Оның артынан «жетпістен бір» риуаяты ереді» деген. Әртүрлі көзқарастарды 15-ке дейін шығарғандарға ерекше мән береді.

Ибн Хажар, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден өткен соң пайғамбарлық та тоқтағандықтан, түстің пайғамбарлықтың бір паршасы саналуы үлкен мәселе екендігіне назар аудартып, былай дейді: «Бұл пікірге жауап ретінде: «Түс – егер Алла Елшісінен (с.а.с.) жетсе, бұл, шындығында, пайғамбарлықтың бір паршасы. Ал егер басқа бір адамнан жетсе, метафоралық түрде пайғамбарлықтың бір паршасы»

Хаттаби былай деген: «Айтылғандай, түс – пайғамбарлыққа сай келеді. Бірақ бұл оның жалғасқан бөлігі дегенді білдірмейді».

«Бұның мағынасы түс – пайғамбарлық ілімнің бір бөлшегі. Пайғамбарлық тоқтаса да ілімі мәңгі» деген де пікір айтылған.

Ибн Баттал пайғамбарлық сөзінің тілдік мағынасына сүйене отырып: «Пайғамбарлық (нубууәт) – «инбә» сөзінен шыққан. Оның тілдік мағынасы «иғлам» (естірту). Яғни түс Алладан келген және жалған араласпаған шынайы хабар болуы мен пайғамбарлықтың да Алладан келіп, жалған араласпаған хабар болуы тұрғысынан түс пен пайғамбарлықтың арасында хабардағы шынайылық тұрғысынан ұқсастық құрылған» – дейді.

Түстің пайғамбарлықтың бір паршасы болу мәселесін кейбір ғалымдар былай түсіндірген: «Алла тағала Пайғамбарына алты ай түсінде хабар берді. Осы алты айдан кейін өмір бойы жиырма үш жыл ояу кезінде уахи етті. Осы алты айлық мерзімді жиырма үш жылға шаққанда қырық алтыдан бірі болады»

Ибн Баттал бұл пікірді екі тұрғыдан негізсіз деп көрсетеді:

1. Ардақты Пайғамбардың әлі пайғамбарлық міндет жүктелмегенімен, иләһи байланыстағы өмірінің қаншаға созылғаны нақты белгісіз.

2. Егер оны қабылдасақ, «Түс – пайғамбарлықтың жетпіс бөлігінің бір бөлігі» деген риуаяттың мәні қалмайды.

Ибн Хажар бұл мәселеге қатысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастарын баяндаған соң сандағы айырмашылықты былайша жоюға тырысады: «Сандағы айырмашылықтар Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл мәселені баян еткен уақыттарының әртүрлі болуынан бастау алады. Ол өзіне уахи келгеніне үш жыл толғанда «түстің пайғамбарлықтың жиырма алты бөлігінен бір бөлігі екендігін айтса керек. Ал бұл һижрет уақытына тұспа-тұс келеді. Жиырма жыл толғанда қырықтан бір, жиырма екі жылда қырық төрттен бір, одан кейін қырық бестен бір, өмірінің соңына таман қырық алтыдан бір десе керек. Қырықтан кейінгі риуаяттарға келсек, олар әлсіз риуаяттар. Елуден бірі деген риуаяттың айтылуы ықтимал. Жетпістен бір деген риуаят болса тым әсіреленген. Одан басқалар нақты емес. Осылай қараған жағдайда қарама-қайшылық туындамайды».

Бұл тақырыпқа қатысты Ибн Хажар басқа да пікірлерін айтып, егжей-тегжейлі түсіндіргенімен, біз осы сөздерін айтумен шектелеміз. Десек те Әбу Жамраның жоғарыда жазылып өткен, осыған ұқсас пікірі бар екендігін еске салып кеткен артықтық етпейді.

وَفِي أُخْرَى لِلسِّتَّةِ إِلَّا النَّسَائِي عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: الرُّؤْيَا مِنَ اللَّهِ، وَالْحُلْمُ مِنَ الشَّيْطَانِ؛ فَإِذَا حَلَمَ أَحَدُكُمُ الْحُلْمَ يَكْرَهُهُ فَلْيَبْصُقْ عَنْ يَسَارِهِ وَلْيَسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنْهُ فَلَنْ يَضُرَّهُ».

(958) Әбу Қатада (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Жақсы түс – Алладан, жаман түс – шайтаннан. Араларыңнан біреу ұнатпайтын түс көрсе, сол жағына түкіріп, оның жамандығынан Аллаға сыйынсын. Сонда ол түс оған зиян тигізбейді».26

Кейбір риуаяттар «Жақсы түс – Алладан» деп келгенімен, бұл жерде жақсы немесе жаман деп бөліп жармай, түстің Алладан екендігі айтылған. Мұсылманға тән сеніміміз де осындай. Яғни барлық нәрсенің орын алуы, жақсылық пен жамандық Алладан келеді. Түстің Алладан деп айтылуы – оның қаншалықты маңызды екендігіне назар аудартады.

Хадис Алладан келген жақсы түстерді «хулм» деп айтпайтындығын білдіреді. Сондай-ақ шайтанға тиесілілерін де түс деп айтпайды. Шындығында, бұл шариғи әдеп. Негізінде, тілдік тұрғыдан ұйықтап жатқанда көрген нәрселердің барлығы да түс деп аталады. Жоғарыда жеті түрге бөліп көрсеткен түстер бұл риуаятта екіге бөлінген. Яғни қорқыныш, қайғы беретін шым-шытырық түстер жалған және шайтаннан. Бұлардың барлығына ортақ «хулм» деп айтады. Хулм – Құран кәрімде «әдғас» деп аталған шым-шытырық, мағынасыз түстер.

Біз тоқталып отырған хадис түс көргенде мүміннің қандай әрекет жасау керектігін және түске қатысты әдептерді қамтыған. «Шайтаннан келген, өзіңе ұнамайтын түс көрген кезде сол жаққа түкіріңдер, истиғаза айтып, шайтаннан Аллаға сиыныңдар...» – дейді. Яғни «Ағузу билләһи минаш-шайтанир-ражим» деп айту. Басқа бір хадисте бұндай түс көрген адамның «сол жағына үш мәрте дем салып, فلْيَتَنَفَّسْ عَنْ شِمَالِهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ жамандығы мен қиындығынан Аллаға сиынуына» кеңес берілген. Бұған қатысты басқа да риуаяттар бар.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақсы түс көрген кезде не істеу керектігін де әртүрлі хадистерінде айтып өткен:

إِذَا رَأَى اَحَدُكُمْ رُؤْيًا يُحِبُّهَا فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ اللَّهِ فَلْيَحْمِدِ اللَّهَ عَلَيْهَا وَلْيُحَدِّثْ بِهَا وَإِذَا رَأَى غَيْرَ ذَلِكَ مِمَّا يَكْرَهُ فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ الشَّيْطَانِ فَلْيَسْتَعِذْ مِنْ شَرِّهَا وَلَا يَذْكُرْهَا لِأَحَدٍ فَإِنَّهَا لَا تَضُرُّهُ

«Сендердің бірің өзіне ұнайтын түс көрген болса, ол – Алладан (екендігін білсін). Сондықтан Аллаға мадақ айтып, басқа біреуге баяндап берсін. Ал өзіне ұнамайтын түс көрсе, ол – шайтаннан (екендігін білсін). Дереу кесірінен Аллаға сиынсын. Түсін ешкімге айтпасын. Өйткені өзіне зиян тигізбейді».

Бұхариден жеткен бұл риуаят өзімізге ұнайтын түстерді басқаларға айтуға шақырса да, басқа риуаяттарда түсті айтуға болатын адамдарға қатысты шарттар қояды. وَلَايُحَدِّثْ بِهَا إِلَّا لَبِيبًا اَوْ حَبِيبًا «парасатты немесе ұнататын адам» болуы, إِلَّا عَلَى عَالِمٍ اَوْ نَاصِحٍ «ғалым немесе ізгі ниетті адам» болуы, «сізді жақсы көретін және пайдалы ой айтатын» секілді сипаттар айтылғанымен, көрген түсімізді айтатын адамның ақылды, білімді, бізге жақсылық қалайтын, бізді сүйетін адам болуына назар аудуруымыз керектігі аңғарылады.

Әбу Бәкір ибн әл-Араби бұл мәселеге қатысты: «(Түсіңді айтатын адамның) ғалым болғаны жөн. Өйткені ол мүмкіндігінше жақсыға жориды. Ізгі ниетті болуы керек. Өйткені оған пайдалы және жәрдемі тиетін нәрселерге нұсқайды. Парасатты болғаны жөн. Ондай адам түс көрушінің неге мұқтаж екендігін түсініп, соны айтады немесе үнсіз қалады. Сүйікті болуы керек. Өйткені түсінен жақсылық көрсе айтады, түсінбесе немесе күмәнге түссе, үнсіз қалады», – деген.

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَقَدْ رَآنِي فَأَنَّ الشَّيْطَانَ لَا يَتَمَثَّلُ بِي».

(959) Бұхаридің бір риуаятында Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді: «Мені түсінде көрген адам шындығында мені көргені. Өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды».27

Жоғарыдағы хадистi Әнәс (р.а.) риуаят еткен. Былай түсіндірме жасалған: «Мені түсінде көрген адам мені шындығында көргені. Ол көргені мен бе әлде басқа ма деп күмәнге түспегені жөн. Түсі кәміл, ақиқат түс». Бұхариден жеткен басқа бір хадисте: مَنْ رَآنِي فَقَدْ رَأَى الْحَقَّ. «Мені түсінде көрген адам ақиқатты көргені» деп айтылған.

Түсте пайғамбарды көру мәселесі әрқилы пікір айтуға себеп болған. Яғни қандай бейнеде көрінсе де бұл ақиқат па? Әлде ақиқат болуы үшін пайғамбар өзіне тән сипаттарымен болуы тиіс пе? Өйткені Алла Елшісі әр жолы да барлығына мәлім сипаттарымен көріне бермейді. Бұхариден жеткен риуаяттардың кейбір нұсқаларында ибн Сириннің إِذَا رَآهُ فِى صُورَتِهِ «Алла Елшісі танымал сипаттарымен көрінсе бұл хақ түс» деген сөзі бар.

Алайда ғалымдар мынаған бірауыздан келіскен: «Шайтан Алла Елшісінің бейнесіне ене алмайды». Алла тағала оған бұндай мүмкіндік бермеген. Кері жағдайда шариғатқа жалған араласу ықтималдығы туындап, дінге деген сенім қалмас еді. Сол себептен Алла тағала шайтанды адам ояу кезде Алла Елшісінің бейнесіне кіруіне рұсқат бермегені секілді, ұйықтағанда да пайғамбар кейпіне енуіне тыйым салған. Бұны Алла Елшісі де ашық айтып кеткен.

Жағдай осындай болғандықтан, Алла Елшісі қандай бейнеде көрінсе де, шайтан оның бейнесіне ене алмайды деген сөз. Сол себептен Имам Науауи: «Пайғамбарды (с.а.с.) көрген адам бізге мәлім сипаттарымен болса да, оған қарсы сипатта көрсе де, шындығында, пайғамбарды көргені», – деген.

Нәуәуи көзқарасын Қады Иядтың: «Пайғамбардың белгілі бейнесімен көрген адам шындығында көргені, бұл сипатқа сай келмейтін бейнеде көрген адам шынайы көрген болып саналмайды. Жақсылап зеттеген дұрыс» деген сөзін жоққа шығару үшін айтқан.

Кейбіреулер хадисті былайша түсінген: «Хадистің мағынасы былай: Пайғамбарды (с.а.с.) көрген адам өмірдегі бейнесімен көреді. Одан мынадай нәтиже шығады: Алла Елшісін өз бейнесінен басқа бейнеде көрген адамның түсі шынайы түс емес».

Алайда ғалымдардың көпшілігі: «Бұл хадистегі мақсат: қандай халде болса да Алла Елшісін түсте көрудің жалғандығы жоқ. Яғни ақиқат. Көрінген бейне шайтаннан емес Алладан» деген көзқарасқа тоқтайды.

وَفِي أُخْرَى لِأَبى دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيِّ عَنْ أَبِي رَزِينٍ الْعُقَيْلِي: «رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ أَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ، وَهِيَ عَلَى رِجْلِ طَائِرٍ مَالَمْ يَتَحَدَّثْ بِهَا، فَإِذَا تَحَدَّثَ بِهَا سَقَطَتْ».

(960) Әбу Рәзин әл-Уқайли Лақит ибн Амир ибн Сәбира (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық бөлігінің бір бөлігі. Бұл түсті біреуге айтпайынша бір құстың тырнағында ілініп тұрғандай болады. Айтылатын болса, бірден түседі”, – деді».28

1. Түстің пайғамбарлықтың бір паршасы болғандығына қатысты мәселені №367 хадисте егжей-тегжейлі баяндадық.

2. Түстің құстың тырнағына ілінуі – теңеу. Осы арқылы түсті айтпаған жағдайда нақты мағынасын білу қиын екендігіне назар аударылған. Мысалы, жоғарыда асылып тұрған нәрсенің жерде тұрақты тұрмайтындығы секілді. Олай болса түс нақтыланып, шешімін табуы үшін жору қажет. Жорыған соң нақты мағынасы белгілі болады. Құс бір жерде қонып тұрмаса, оның тырнағына ілінген нәрсе де нақты тұрмайды. Сол секілді түсті біреуге айтқан соң оның үкімі көрген адамға түсінікті болады. Әбу Дәуіттің басқа бір риуаятында Алла Елшісі былай дейді «Түсті жорымайынша, құстың тырнағында ілініп тұрғандай болады. Ал жорыған соң, дереу түседі» Бұл риуаят «айтқанда» демейді, «жорығанда» дейді. Олай болса алдыңғы хадисте айтылған «айту» деген сөздегі мақсат – жоруы жайлы сөз қозғау, талқылау.

Хадистің Әбу Дәуіттегі нұсқасы Рәзиннің мына сөзімен бітеді: «Менің ойымша (Расулалла): «(Олай болса) түсті ақылды және жаныңа жақын адамға айт», – дегісі келген.

Түстегі ақиқатты анықтау – оны баяндауға, одан маңыздысы жоруға байланысты болғандықтан, түсті кез келген адамға айтпаудың маңыздылығы тағы да түсінікті бола түседі. Сол себептен Алла Елшісі түстің табиғаты жайлы берген білімге сай хадисті толықтырады: «Түсті ләбиб және хабиб адамға, яғни парасатты достарыңа баянда».

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ وَمَالِكٍ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ سِتَّةٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ».

(961) Әбу Сағид (р.а.): «Мүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің бірі», – деген.29

Хадис Муаттада Әбу Сағид әл-Худридың риуаяты ретінде емес, Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) риуаяты ретінде, соған жақын сөздермен келеді. Түстің пайғамбарлықтан бір бөлік болу мәселесін №957 хадисте айтып өттік.

وَلِلتِّرْمِذِي عَنْ أَبِي سَعِيدٍ أَيْضًا. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: أَصْدَقُ الرُّؤْيَا بِالْأَسْحَارِ».

(962) Тирмизи Әбу Сағидтен (р.а.) мына риуаятты жеткізген: «Ең шын түс – сәресі мезгілінде көрген түс».30

Жоғырыда (№957 хадис) айтып өткеніміздей, ғалымдар түстің шынайылығына қатысты оны көрген маусымның маңыздылығына да назар аударады. Кейбір маусымдарда адам табиғатының бірқалыпты болуының себебінен түсті шым-шытырық және мағынасыз ететін психологиялық және биологиялық әрекеттердің әлдеқайда аз әсер ететіндігін білдірген. Сондықтан күн тұрғысынан таң атар уақытты басқа уақыттарға қарағанда биологиялық және психологиялық тұрғыдан ең оңтайлы уақыт деп айтуға болады. Бұл кезде ұйқы арқылы нерв жүйесі әбден тынығып, асқазан босап, тәннің шаршағаны басылып, рух пен сананы мазалаған нәрселер ең төменгі деңгейге түседі т.б. Осылайша күш-қуаты қалпына келген кезде көретін түстердің ақиқат болу ықтималдығы жоғары. Бұны Алла Елшісі «Ең шынайы түс – таңсәрідегі түс» деп білдірген.

Тиби мәселенің басқа бір қырына да назар аудартып: «Өйткені таң атар уақыт періштелер түсетін кез», – деген.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَمْ يَبْقَ بَعْدِي مِنَ النُّبُوَّةِ إِلَّا الْمُبَشِّرَاتُ. قَالُوا: وَمَا الْمُبَشِّرَاتُ؟ قَالَ: الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ مُتَّصِلًا، وَمَالِكٌ عَنْ عَطَاءٍ مُرْسَلاً. وَزَادَ: يَرَاهَا الرَّجُلُ الْمُسْلِمُ أَوْ تُرَى لَهُ.

(963) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Менен кейін пайғамбарлықтан тек сүйінші хабарлар қалады”, – деді. Қасындағылар:

– Сүйінші хабарлар деген не? – деп сұрады. Ол: “Ізгі түс”, – деп жауап берді».

«Муаттадағы» риуаятта: «Оны мұсылман кісі өзі көреді немесе ол туралы басқа біреу түс көреді», – деген қосымша бар.31

«Сүйіншілеушілер» тілдік тұрғыдан «сүйіншілеуші» сөзінің көпше түрі. Бұл сөз сүйінші (қуанышты хабар) дегенді білдіреді. Алайда хадисте бұл жерде жақсы түстің көзделгенін Алла Елшісінің өзі ашып түсіндірген. Алла Елшісі: «Маған тиесілі пайғамбарлықтан кейін тек сүйіншілеушілер қалады. Пайғамбарлыққа тән басқа қасиеттер менімен кетеді» дегісі келген. Ибн Аббастан келген бір риуаят бойынша Алла Елшісі бұны өлім төсегінде жатқанда айтқан. Алайда хадистің көптеген нұсқалары бар. Солардың бірі мынадай: إِنَّ الرِّسَالَةَ وَالنُّبُوَّةَ قَدْ انْقَطَعَتْ، وَلَا نَبِيَّ وَلَا رَسُولَ بَعْدِي، وَلَكِنْ بَقِيَتِ الْمُبَشِّرَاتُ. قَالُوا: وَمَا الْمُبَشِّرَاتُ؟ قَالَ: رُؤْيَا الْمُسْلِمِينَ جُزْءٌ مِنْ أَجْزَاءِ النُّبُوَّةِ. «Елшілік пен пайғамбарлық тоқтады. Менен кейін пайғамбар да, елші де болмайды. Бірақ сүйінші хабарлар қалды». Одан: «Сүйінші хабарлар деген не?» – деп сұрағанда: «Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың бір бөлігі», – деді.

Ибнут-Тин былай дейді: «Хадистің мағынасы мынадай: «Уахи менің дүние салуыммен тоқтайды. Болашақта болатын нәрселерді білетін бір ғана қайнар қалады. Ол – түс». Алайда бұл сөзге илхамның бар екендігін айту арқылы қарсы пікір айтылған. Өйткені илхам да алда болатын нәрсені білудің жолдарының бірі.

Жорылған түстер

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكْثِرُ أَنْ يَقُولَ لِأَصْحَابِهِ هَلْ رَأَى أَحَدٌ مِنْكُمْ رُؤْيَا؟ فَيَقُصُّ عَلَيْهِ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يُقَصَّ، وَأَنَّهُ قَالَ لَنَا ذَاتَ غَدَاةٍ: هَلْ رَأَى أَحَدٌ مِنْكُمْ رُؤْيَا؟ فَقَالُوا: مَا مِنَّا أَحَدٌ رَأَى شَيْئًا. فَقَالَ لَكِنِّي أَتَانِي اللَّيْلَةَ آتِيَانِ وَإِنَّهُمَا ابْتَعَثَانِي فَقَالَا لِي: انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْتُ: فَأَتَيْنَا عَلَى رَجُلٍ مُضْطَجِعٍ، فَإِذَا آخَرُ قَائِمٌ عَلَيْهِ بِصَخْرَةٍ فَإِذَا هُوَ يَهْوِي بِالصَّخْرَةِ لِرَأْسِهِ فَيْثْلَغُ رَأْسَهُ فَيَتَدَهْدَهُ الْحَجَرُ هَا هُنَا فَيَتْبَعُ الْحَجَرَ فَيَأْخُذُهُ فَلَا يَرْجِعُ إِلَيْهِ حَتَّى يَصِحَّ رَأْسُهُ كَمَا كَانَ، ثُمَّ يَعُودُ عَلَيْهِ فَيَفْعَلَ بِهِ مِثْلَ مَا فَعَلَ بِهِ الْمَرَّةَ الْأُولَى. قَالَ: قُلْتُ لَهُمَا سُبْحَانَ اللَّهِ، مَا هَذَا؟ قَالَا لِي: انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى رَجُلٍ مُسْتَلْقٍ لِقَفَاهُ وَإِذَا آخَرُ قَائِمٌ عَلَيْهِ بِكَلُّوبٍ مِنْ حَدِيدٍ فَإِذَا هُوَ يَأْتِي أَحَدَ شِقَّيْ وَجْهِهِ فَيُشَرْشَرُ شِدْقَهُ إِلَى قَفَاهُ وَمِنْخَرَهُ إِلَى قَفَاهُ وَعَيْنَهُ إِلَى قَفَاهُ؛ ثُمَّ يَتَحَوَّلُ إِلَى الْجَانِبِ الْأَخَرِ فَيَفْعَلُ بِهِ مِثْلَ مَا فَعَلَ بِالْجَانِبِ الْأَوَّلِ، فَمَا يَفْرُغُ مِنْ ذَلِكَ الْجَانِبِ حَتَّى يَصِحَّ ذَلِكَ الْجَانِبُ كَمَا كَانَ. ثُمَّ يَعُودُ عَلَيْهِ فَيَفْعَلُ مِثْلَ مَا فَعَلَ فِي الْمَرَّةِ الْأُولَى. قُلْتُ: سُبْحَانَ اللَّهِ مَا هَذَا؟ قَالَا انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى مِثْلِ التَّنُّورِ فَإِذَا فِيهِ لَغْطٌ وَأَصْوَاتٌ. فَاطَّلَعْنَا فِيهِ فَإِذَا فِيهِ رِجَالٌ وَنِسَاءٌ عُرَاةٌ وَإِذَا هُمْ يَأْتِيهِمْ لَهَبٌ مِنْ أَسْفَلَ مِنْهُمْ. فَإِذَا أَتَاهُمْ ذَلِكَ اللَّهَبُ ضَوْضَؤُوا. قُلْتُ: مَا هَؤُلَاءِ؟ قَالَا: انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى نَهْرٍ أَحْمَرَ مِثْلَ الدَّمِ، وَإِذَا فِي النَّهْرِ رَجُلٌ سَابِحٌ، وَإِذَا عَلَى شَطِّ النَّهْرِ رَجُلٌ عِنْدَهُ حِجَارَةٌ كَثِيرَةٌ، وَإِذَا ذَلِكَ السَّابِحُ يَسْبَحُ مَا سَبَحَ، ثُمَّ يَأْتِي ذَلِكَ الرَّجُلُ الَّذِي عِنْدَهُ الْحِجَارَةُ فَيَفْغَرُ فَاهُ فَيُلْقِمَهُ حَجَرًا فَيَنْطَلِقُ فَيَسْبَحُ ثُمَّ يَرْجَعُ إِلَيْهِ، كُلَّمَا رَجَعَ فَغَرفَاهُ فَأَلْقَمَهُ حَجَرًا. قُلْتُ: مَا هَذَا؟ قَالَا: انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى رَجُلٍ كَرِيهِ الْمَرْآةِ كَأَكْرَهِ مَا أَنْتَ رَاءٍ فَإِذَا عِنْدَهُ نَارٌ يَحُشُّهَا وَيَسْعَى حَوْلَهَا. قُلْتُ: مَا هَذَا؟ قَالَا انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى رَوْضَةٍ مُعْتَمَّةٍ فِيهَا مِنْ كُلِّ نَوْرِ الرَّبِيعِ، وَإِذَا بَيْنَ ظَهْرَى تِلْكَ الرَّوْضَةِ رَجُلٌ طَوِيلٌ لاَ أَكَادُ أَرَى رَأْسَهُ طُولاً فِي السَّمَاءِ، وَإِذَا حَوْلَهُ مِنْ أَكْثَرِوِلْدَانٍ رَأَيْتُهُمْ. قُلْتُ: مَا هَؤُلَاءِ؟ قَالَا انْطَلِقِ انْطَلِقْ. فَانْطَلَقْنَا فَأَتَيْنَا عَلَى دَوْحَةٍ عَظِيمَةٍ لَمْ أَرَ دَوْحَةً قَطُّ أَعْظَمَ مِنْهَا وَأَحْسَنَ. فَقَالَا: ارْقَ فِيهَا، فَارْتَقَيْنَا فِيهَا إِلَى مَدِينَةٍ مَبْنِيَّةٍ بِلَبِنٍ ذَهَبٍ وَفِضَّةٍ فَأَتَيْنَا بَابَ الْمَدِينَةِ. فَاسْتَفْتَحْنَا فَفُتِحَ لَنَا فَدَخَلْنَاهَا فَتَلَقَّانَا رِجَالٌ شَطْرٌ مِنْ خَلْقِهِمْ كَأَحْسَنِ مَا أَنْتَ رَاءٍ، وَشَطْرٌ كَأَقْبَحِ مَا أَنْتَ رَاءٍ. فَقَالَا لَهُمْ: اذْهَبُوا فَقَعُوا فِي ذَلِكَ النَّهْرِ، وَإِذَا نَهْرٌ مُعْتَرِضٌ كَأَنَّ مَاءَهُ الْمَحْضُ فِي الْبَيَاضِ. فَذَهَبُوا فَوَقَعُوا فِيهِ ثُمَّ رَجَعُوا وَقَدْ ذَهَبَ ذَلِكَ السُّوءُ عَنْهُمْ فَصَارُوا فِي أَحْسَنِ صُورَةٍ. فَقَالَا: هَذِهِ جَنَّةُ عَدْنٍ، وَهَذَاكَ مَنْزِلُكَ. فَسَمَى بَصَرِي صُعُدًا فَإِذَا قَصْرٌ مِثْلُ الرَّبَابَةِ الْبَيْضَاءِ. فَقُلْتُ: فَذَرَانِي فَأَدْخُلَهُ. قَالَا: امَّا الْأَنَ فَلَا وَأَنْتَ دَاخِلُهُ. فَقُلْتُ: فَإِنِّي رَأَيْتُ مُنْذُ اللَّيْلَةِ عَجَبًا فَمَا هَذَا الَّذِي رَأَيْتُ؟ قَالَا: إِنَّا سَنُخْبِرُكَ. أَمَّا الرَّجُلُ الْأَوَّلُ الَّذِي رَأَيْتَهُ يُثْلَغُ رَأْسُهُ بِالْحَجَرِ فَإِنَّهُ الرَّجُلُ يَأْخُذُ الْقُرْآنَ فَيَرْفُضُهُ، وَيَنَامُ عَنِ الصَّلَاةِ الْمَكْتُوبَةِ. وَأَمَّا الرَّجُلُ الَّذِي يُشَرْشَرُ شِدْقُهُ إِلَى قَفَاهُ، وَمِنْخَرُهُ إِلَى قَفَاهُ، وَعَيْنُهُ إِلَى قَفَاهُ، فَإِنَّهُ الرَّجُلُ يَبْدُو مِنْ بَيْتِهِ فَيكَذِبُ الْكَذْبَةَ تَبْلُغُ الْأَفاَقَ، وَأَمَّا الرِّجَالُ وَالنِّسَاءُ الْعُرَاةُ الَّذِينَ هُمْ فِي مِثْلِ بِنَاءِ التَّنُّورِ فَإِنَّهُمْ الزُّنَاةُ وَالزَّوَانِي، وَأَمَّا الرَّجُلُ الَّذِي يَسْبَحُ فِي النَّهْرِ وَيُلْقَمُ الْحِجَارَةَ فَإِنَّهُ آكَلُ الرِّبَا. وَأَمَّا الرَّجُلُ الْكَرِيهُ الْمَرْآةِ الَّذِي عِنْدَ النَّارِ يَحُثُّهَا وَيَسْعَى حَوْلَهَا فَإِنَّهُ مَالِكٌ خَازِنُ النَّارِ وَأَمَّا الرَّجُلُ الطَّوِيلُ الَّذِي فِي الرَّوْضَةِ فَإِنَّهُ إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ. وَأَمَّا الْوِلْدَانُ الَّذِينَ حَوْلَهُ فَكُلُّ مَوْلُودٍ مَاتَ عَلَى الْفِطْرَةِ. فَقَالَ رَجُلٌ: يَارَسُولَ اللَّهِ وَأَوْلَادُ الْمُشْرِكِينَ؟ قَالَ ﷺ: وَأَوْلَادُ الْمُشْرِكِينَ. وَأَمَّا الْقَوْمُ الَّذِينَ كَانُوا شَطْرٌ مِنْهُمْ حَسَنٌ وَشَطْرٌ مِنْهُمْ قَبِيحٌ فَإِنَّهُمْ قَوْمٌ خَلَطُوا عَمَلًا صَالِحًا وَآخَرَ سَيْئًا تَجَاوَزَ اللَّهُ عَنْهُمْ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(964) Сәмура ибн Жундаб (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиі-жиі: “Араларыңда түс көрген адам жоқ па?” деп сұрап тұратын. Көргендер оған Алланың қалағанындай баяндап беретін. Бір күні таңертең бізден тағы да солай сұрап: “Араларыңда түс көрген адам жоқ па?” – деді.

Оған: “Біздің арамыздан ешкім түс көрмеді” деген жауап берілді. Осыдан кейін ол: “Ал мен көрдім” деп көрген түсін баяндады:

“Бұл түні маған екі кісі келді. Мені алып кетті. Біз жатқан бір адамның қасына келдік. Оның қасында қолында үлкен тасы бар біреу бас жағында тұрды. Кейде сол тасты басына түсіріп, онымен басын ұратын. Тас оңға-солға домалап кететін. Әлгі адам тастың артынан барып, қайтадан алатын. Бірақ басы қайтадан бұрынғы қалпына келгенше ұрмайтын. Ал қайта қалпына келген соң қайтадан ұрып, алдыңғы жасағандарын жасайтын. Мені алып барғандардан: ‘Субханалла! Бұл не?’ – деп сұрадым.(Олар маған құлақ аспай) ‘Жүр! Жүр!’ деді. Жүріп кеттік. Кейін шалқасынан жатқан бір адамға кезіктік. Оның да қасында қолында темір ілмектері бар бір адам тұрды. Ол адамның бір жағына шығып, шеңгелді іліп, бетінің жартысын, желкесіне дейін сыпырды. Мұрны мен көзі желкесіне дейін аршылды. Кейін екінші жағына шығып, дәл солай екінші бетінің терісін желкесіне дейін сыпырды. Ол да әлгі адамның бетінің терілері қайта қалпына келгенше күтіп, қалпына келген соң жаңа жасағандарын қайта жасайтын. Мен бұл жерде де: ‘Субханалла! Бұл не?’ деп сұрадым. (Олар) жауап қатпастан: ‘Жүр! Жүр!’ деді. Бірге жолымызды жалғастырдық. Әрі қарай кеттік. Біз пешке ұқсас бір нәрсенің қасына келдік. Оның ішіне үңілдік. Оның ішінде тыр жалаңаш ерлер мен әйелдер бар екен. Олардың астарынан жалындаған от лап еткенде у-шу болып, айқайлайды. Мен: ‘Мыналар кімдер?’ – дедім. Маған жауап бермей: ‘Жүр! Жүр!’ деді. Бірге жүріп кеттік. Қан секілді қызыл түсті өзеннің жағасына келдік. Өзенде бір адам жүзіп жүрді. Өзеннің жағасында қасында көп тас бар бір адам тұрды. Ол әлгі адам жағаға жүзіп келсе, қасында тастары бар адам келіп, әлгі адам ауызын ашып, бұл оны таспен ұрып қуалайды. Әлгі адам біраз жүзген соң қайта оралып, жағадағы адамға жақындайтын. Әр келгенінде ауызын ашып, жағадағы адам оған бір тас лақтыратын. Мен тағы да шыдай алмай: ‘Бұл не?’ деп сұрадым. (Олар) жауап қатпастан тағы да: ‘Жүр! Жүр!’ деді. Бірге жүріп кеттік. Өте ұсқынсыз кейіптегі бір адамның қасына келдік. Ондай ұсқынсыз адамды көрмегенсіңдер. Оның қасында от бар екен. Адам отты тұтандырып, айналып жүрді. Мен тағы да: ‘Бұл не?’ – деп сұрадым. Маған жауап қатпастан: ‘Жүр! Жүр!’ – деді. Бірге жүріп кеттік. Алып ағаштары бар бір бақшаға кірдік. Ішінде алуан түрлі гүлдер бар екен. Бұл бақшаның ішінде өте ұзын бойлы бір адам бар екен. Көкке созылған басын көру мүмкін емес. Оның айналасында көп балалар бар-тын. Мен тағы да: ‘Бұлар кім?’ деп сұрадым. Олар жауап бермей: ‘Жүр! Жүр!’ деді. Біз бірге жүріп кеттік. Алып ағаштың қасына келдік. Одан биік, одан әдемі ағашты ешқашан көрген емеспін. Жолдастарым: ‘Ағашқа шық’ деді. Біз бірге шыға бастадық. Алтын және күміс кірпіштермен қаланған қалаға көтеріле бастадық. Осылайша қаланың қақпасына жеттік. Қақпаны ұрып, ашуын сұрадық. Қақпа ашылып, ішке кірдік. Бізді бір топ адам қарсы алды. Олардың жаратылысы бір жағы өте әдемі, екінші жағы өте ұсқынсыз адамдар екен. Ондай сұлулық пен ондай ұсқынсыздықты көрмегендеймін. Жолдастарым оларға: ‘Барыңдар да ана өзенге түсіңдер’ – деді. Ол жерде бір өзен бар екен. Түсі сүт секілді ме дерсің. Олар барып, өзенге түсіп шықты. Ұсқынсыз жерлері толықтай жақсарып келді. Тәндерінің екі жағы да ең әсем бейнесіне ие болды. Мені аралатып жүрген жолдастарым мән-жайды баяндап былай деді:

– Бұл көріп тұрғаның адн жәннаты. Мынау сенің мақамың.

Айналама қарадым. Аппақ бұлт секілді сарай екен.

– Мені аралатыңдар! Ішіне бір кірейін, – дедім.

– Қазір емес! Бірақ міндетті түрде кіретін боласың, – деді.

Мен:

– Түннен бері таңғажайып нәрселер көріп келемін. Бұлар не? – деп сұрадым.

– Саған түсіндірейік, – деді де, баяндады:

– Алғаш көрген басы таспен жарылған адам – Құранды ысырып, парыз намаздарға ұйықтап қалып, оқымаған адам. Желкесіне дейін бетінің терілері, мұрны, көзімен қоса сыпырылған адам – үйінен шығып, өтірік құрастырып, айналаға өтірік таратқан адам. Пеш секілді бір құрылыстың ішінде көрген жалаңаш еркектер мен әйелдер – зина жасаған ер мен әйелдер. Қан өзеніне жүзіп, ауызына тас лақтырылған адам – пайыз жеген адам. Оттың қасында тұрып, оны жағып, айналып жүрген ұсқынсыз адам – жаһаннамның, оттың күзетшісі. Ал бақшада көрген ұзын бойлы адам – Ибраһим (а.с.). Ал маңайындағы балалар – балиғатқа толмай шетінеп кеткен балалар”.

Жамағаттың арасынан бір адам атылып шығып: “Уа, Алла елшісі! Мүшріктердің балалары да бар ма?” деп сұрады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Иә, мүшрік балалары да” деп сөзін жалғастырды.

“Жартысы әдемі, жартысы ұсқынсыз кейіптегі адамға келсек, бұл жақсы амал мен жаман амалды бір-бірімен араластырып, екеуін де жасаған адам. Алла оларды кешірген”».32

1. Түс жорудың мәкрүһ уақыты: Бұхари бұл хадисті түс жоруға қатысты бөлімде «Таң намазынан кейін түс жору» атты тақырыптың аясында жазған. Бұхаридың тақырыптарын зерттеген хадис ғалымдары Бұхаридың осындай тақырып қоюымен Абдурраззақ Мусаннафында жазған لَا تَقْصُصْ رُؤْيَاكَ عَلَى إِمْرَأَةٍ وَلَا تُخْبِرْ بِهَا حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ «Түсті әйел кісіге айтпа, күн шыққанша ешкімге баяндама» деген хадисінің әлсіздігіне ишарат еткенін және түс жорушылардың: «Түс жорудағы мұстахап іс – күн шыққан соң сағат төртке, екінті уақытынан бастап ақшамға дейін жорылуы» деген сөздеріне қарсы шығатынын білдіреді. Яғни, Бұхари бұл түсінікті жоққа шығарады. Өйткені аталмыш хадис түсті күн шықпастан бұрын жору керектігінің мұстахап екендігіне дәлел болады. Бұл үкім жорушылардың: «Намаз оқу мәкрүһ уақыттарда түс жору да мәкрүһ» деген сөздеріне қайшы келмейді.

2. Түс жорудың мұстахап уақыты: Мухәлләб бұған қатысты былай дейді: «Түсті таң намазының уақытында жору – басқа барлық уақыттан да хайырлы. Өйткені түсті көрген адам оны көрген уақытқа жақын болуының себебінен жадында жақсы сақтап қалады және есінен шығара қоймайды. Сондай-ақ жоритын адамның да миы тынығып, күйбең тірлік туындатқан мәселелерден біршама сергіп тұрады. Сонымен қатар түсті көрген адамның түстен алатын жақсы хабарға қуанып, жамандығынан сақтанып алдын алуы да керек. Сондай-ақ түс қарсы келуден қайтарады. Түс осылайша сақтандырып, бір істі алдын-ала ескертіп, осы арқылы түс иесін істерін бақылауға алуына себеп болады. Олай болса осындай көптеген пайдалары болғандықтан түсті күн шықпай тұрып, таңертең жору керек».

3. Ардақты Пайғамбар айтқан түстің мәні: Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Исламның парыздары, тыйымдары мен сенімге қатысты ақиқаттарды адамдар жақсылап түсінуі үшін, кейде хикаят секілді исрайлұлдарына тиесілі қиссаларды баяндауы да осы мақсатқа сай екендігін жоғарыда айтқан болатынбыз. (№954 хадиске қараңыз) кейде ұйқыда көрген түстер, кейде миғраж кезінде көрген нәрселерін айтқан. Біз бұл ашық түстен қиямет-қайымнан кейін көретін ақиқаттардың ең қараңғы деген мұсылманның өзі түсінетіндей мысалдармен түсіндірілгенін көреміз. Ислам дінін ұғынықты, Ислами нұсқауларды кез келген деңгейдегі мұсылман түсіне алатындай бұл әдіске Құран кәрімде де кеңінен орын берілгенін көреміз. Өйткені Құранда жаннат пен жаһаннамға қатысты сипттамалар күнделікті өзіміз көріп жүрген заттар мен құбылыстарды көрсету арқылы жасалған.

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, ақырет әлемінің ақиқатын білудегі кемшілігімізді мойындап, дүниедегі нәрселердің ол жерде тек атауы бар екендігін қабылдап, мәні тұрғысынан басқа екендігіне және біздің шамамыз оған жете алмайтындығына сену керек. لَا يُشْبِهُ شَىْءٌ مِمَّا فِى الْجَنَّةِ مَا فِى الدُّنْيَا إِلَّا فِى اَسْمَاءِ

Сөздің орайы келгенде жаннат пен жаһаннамға қатысты көптеген хадис пен аяттарда айтылған бірқатар ақиқаттардың мына хадисте қаншалықты орын алғанына тоқталып өтейік:

«Жаннат пен жаһаннам сөзге келіп қалады. Жаһаннам:

– Маған тәкаппарлар мен залымдар келеді! – деді. Ал жаннат:

– Маған адамдардың әлсіздері, кембағалдары және ғапылдары келеді Бұның себебі неде? – деді. Алла жаннатқа:

– Сен менің мейірімімсің, қалаған құлыма сен арқылы мейірімділік танытамын.

Жаһаннамға:

– Сен менің азабымсың. Қалаған құлыма сен арқылы азап беремін – деді. Кейін екеуіне де:

– (Сабырлық сақтаңдар), екеуіңді де толтыратын құлдарым бар!» – деді. (Алайда жаһаннам толуды, қанағат табуды білмей) Тағы бар ма? Тағы бар ма? – деп айтуын жалғастырады.33 Осыған байланысты Алла тағала «аяғын» жаһаннамның үстіне қойып, басады. Жаһаннам (басына түскен ауыртпашылықтан) қиналып «Жетеді! Жетеді! Жетеді!» дейді. Жаһаннам осылайша толып, ішіндегілер (сығылысып) араласады. (Осылай жасаумен) Құдіреті шексіз Алла ешбір құлына зұлымдық жасамайды. Жаннат та бос қалмайды. Алла оған да лайық құлдарды жаратқан».

Бұхари мен Мүслим – екеуі де риуаят еткен бұл хадисте көрсеткіміз келген тәлімді дидактикалық тұрғыдан емес, сөз тұрғысынан талдар болсақ, аяғы ушығатын пікірталасқа кіріп кетеміз. Алайда осындай сарындағы аят пен хадис жетерлік. Мәселен, өлімнің қиямет-қайым күні қошқардың бейнесінде келіп, махшар майданында бауыздалуы секілді.

Қорыта айтқанда, осы және осыған ұсқас сөздердің барлығы жалпы иманды талқылап, түсінікті деңгейге алып келіп, сезімге әсерлі ету мақсаты болғандығын назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ұлы ұстаз болған Алла Елшісіне (с.а.с.) бұл ғайып әлеміне қатысты ақиқаттар иләһи тәрбиенің ең маңызды деңгейі болған Миғражда көрсетілген. Құранда бұған қатысты «Оның (өз көзімен көргенін) жүрегі жалғанға шығармады»34 деп айтылып, бұрын иман жолымен үйренген нәрселері мен көзімен көргендерінің арасында толықтай үйлесімділік орын алғанын көрсетеді. Осылайша иманның шыңына шыққан пайғамбар آمَنَ الرَّسُولُ «Хақ елші өзіне Раббысынан (уахи арқылы) түсірілген (Құран мен сүннетке) қалтқысыз иман келтірді, (маңайындағы) мүміндер де (иман келтірді)»35 деген аятымен жоғыралатылды. Тіпті Сухайлидың «Рауду әл-Унф» еңбегінде жазғанындай, кейбір ғалымдарымыз «Хақ елші өзіне Раббысынан (уахи арқылы) түсірілген (Құран мен сүннетке) қалтқысыз иман келтірді» деп басталған бұл аяттың имани ақиқаттарды көзбен көріп, куәсі болған миғраж оқиғасына қатысты уахи етілгенін айтады.

4. Хадистің басқа нұсқаларындағы қосымшалар

Бұл хадис әртүрлі рауилерден жеткен. Кейбір риуаяттарда орын алған қосымшалар, хадисте айтылған мәселелерді кеңейте түсумен қатар, кейбір мәселелерді нақтылай түседі. Фатх әл-Бәриден кейбір үзінділер келтірсек:

Табаранидің бір риуаятында былай деп айтылған:

a) «Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (бір күні) таң намазынан кейін келіп былай деді: «Осы түні мен бір түс көрдім. Бұл шынайы түс. Жақсылап естеріңе сақтап алыңдар».

ә) Бір риуаятта: «...Маған екі періштенің келгенін көрдім» деген және риуаяттың соңында ол екі періштенің Жәбірейіл мен Микайл екендігін айтқан.

б) Бір риуаятта пеш: «Төменгі жағы кең, үсті жағы тар, астында от жанып тұрған болатын», – деп сипатталады.

в) Адн жаннатына қатысты жерінде мына қосымша бар: «(Бауырларым) мені бір үйге алып барды. Сән-салтанаты келіскен ондай үйді көрген емеспін. Ішінде қарт, жас, ерлер мен әйелдер болатын. Кейін мені ол жерден шығарып, одан да әдемі үйге алып барды».

г) Құранды тәрк еткендерге қатысты мынадай қосымша сөздер бар: «...Алла бір адамға Құран үйретіп, ол түнде оны оқымай, күндіз де амал етпеген»

ғ) Әбу Умаманың риуаятында мынадай өзгешеліктер бар: «Кейін бірге бардық, ең қорқынышты, иісі ең жаман, әжетхана секілді сасыған ерлер мен әйелдерге кезіктік. «Бұлар кім?» дедім. «Бұлар зина жасаған ерлер мен әйелдер» деді. Кейін қайта жүрісімізді жалғастырдық. Бірнеше мәйітке кезіктік. Қатты ісініп, өте жағымсыз иіс таратып жатқан болатын.. «Бұлар кім?» дедім. «Бұлар дүние салған кәпірлер», – деді. Кейін тағы да жүрдік. Ағаштардың көлеңкесінде ұйықтап жатқан адамдарға кезіктік. «Бұлар кім?» деп сұрадым. «Бұлар дүние салған мұсылмандар» деді. Одан соң тағы да жүріп, иісі өте жағымды, жүзі ең әдемі адамдарға кезіктік. «Бұлар кім?» дедім. «Бұлар шыншылдар мен ізгілер» деді.

5. Кейбір үкімдер

Ғалымдар бұл хадистен көптеген үкім шығарған. Олардың ең маңыздылары мыналар:

1. Исра (миғраж) оқиғасы кейде ояу кезде, кейде ұйқы кезінде бірнеше мәрте болған.

2. Дінге қарсы келушілердің бір бөлігі барзах (қабір) кезінде азап тартады.

3. Ілімді алдымен жалпы беріп, кейін егжей-тегжейлі түсіндіру әлдеқайда жақсы. Осылай жасалса, санада жақсылап орнығып, есте қалады.

4. Парыз намаздарға ұйықтап қалудан және жаттаған соң Құраннан алыстаудан сақтандыру бар.

5. Зина, өсім, өтірік айту сынды үлкен күнәлардан сақтандыру мен ескерту бар.

6. Шейіттердің артықшылығы, жұмақта ең жоғарғы дәрежеге ие екендігі айтылған.

7. Әзірет Ибраһимнің дәрежесі шейіттердікінен де жоғары.

8. Күнәсі мен сауабы тең түскендерді Алла кешіреді. Я, Раббым! Бізді де осы кешірілгендердің қатарынан ет!

9. Сұрау, жору сынды істермен түс мәселесінде ықтияттылық танытқан жөн.

10. Түсті таң намазынан кейін жорыған абзал.

11. Парыздан кейін намазға бағынышты нәпіл болмаса сәлем берген соң имамның жамағатқа бұрылуы мұстахап. Уағыз, пәтуә немесе құтба айту секілді мақсат болса, жүзді құбыладан бұрып, жамағатқа қарау мәкрүһ емес.

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَحْنُ الْآخِرُونَ السَّابِقُونَ وَبَيْنَا أَنَا نَائِمٌ إِذْ أَوتِيتُ خَزَائِنَ الْأَرْضِ فَوُضِعَ فِي يَدِي سِوَارَانِ مِنْ ذَهَبٍ فَكَبُرَا عَلىَّ وَأَهمَّانِي. فَأُوحِيَ إِلَى أَنِ انْفُخْهُمَا فَنَفَخْتُهُمَا فَطَارَا فَأَوَّلْتُهُمَا الْكَذَّابَيْنِ اللَّذَيْنِ أَنَا بَيْنَهُمَا: صَاحِبُ صَنْعَاءَ، وَصَاحِبُ الْيَمَامَةِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(965) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Біз алдыға өткен соңғылармыз. Ұйқыда жатқанымда маған жер бетінің қазыналары әкелінді. Қолыма алтыннан екі білезік қойылды. Бұлар менің назарымда үлкейіп, жабырқатты. Маған: ‘Бұларды үрле’ деген уахи келді. Мен де үрледім. Үрлегенім сол еді, ұшып кетті. Мен бұларды шығатын және өзім араларында тұрған екі жалғаншы ретінде жорыдым. Біреуі – Сананың басшысы, екіншісі – Ямаманың басшысы”».36

Хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетінің дүниеде ең соңғы кітап берілген үмбет болса да ақыретте есебі алғаш берілетін және алғаш жаннатқа кіретін үмбет екендігін айтқан. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне алып келген қазыналардағы мақсат Ислам жорықтарында Иран, Византия секілді мұсылмандардың қолына өткен жерлерден келген олжалар екендігі айтылған.

Білезіктердің ардақты Пайғамбардың «назарында үлкеюін» таңдану, таңдай қағу, назарын аударту деген мағыналарда түсінген жөн. Яғни материалдық көлемі мен салмағының артуы айтылып тұрған жоқ. Қуртубидың айтуынша алтыннан жасалған әшекей бұйымдар мұсылман ерлер үшін харам болғандықтан Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолына тағылған алтын білезіктерді (түсінде) таңданыспен қабылдап, жабырқап қалады.

Хадисте айтылған уахи – илхам, иршад. Үрлеу – жеңіл іс болғандықтан, түсте үрлеуді көрудің жеңілдікке, алдынан шыққан қандай да бір бөгеттің оңай шешілетіндігіне дәлел болатындығы айтылған. «Үрлеу – сөз» деп те айтылған.

Үрлегенде «ұшып кетуі» шығатын жалғаншылардың көп қиындықсыз бастырылатындығына, «өзім араларында тұрған» деген сөзбен түсінде көргендерінің сол уақытта өмір сүргенін білдіреді.

Бұл түсте айтылғаны Санадан шығып, пайғамбар екендігін айтқан Әсуәд әл-Анси мен Ямамадан шығып, сондай жалған пікірлерін таратқан Мусәйламатул Кәззәб. Бұл екеуі тіпті Алла Елшісінің көзі тірісінде маңайына өздерін қолдайтын адам жинап үлгерген болатын. Әсуәд Пайғамбардың көзі тірісінде-ақ өлтірілген. Ал Мусәйламамен Пайғамбар дүниеден өткен соң соғыс болып, Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде көзі жойылған.

Ардақты Пайғамбардың алтын білезіктерді жалғаншыларға ұқсатуы ер кісіге әшекей бұйым берілуіне негізделеді. Өйткені ер адамға харам етілген бір нәрсенің берілуі орынсыз нәрсенің жасалуы. Жалғаншылар да осындай. Орынсыз, жалған пікірде болады.

Бұл түсте айтылған «екі қол» екі мемлекет ретінде жорылған. Сана мен Ямама халқы әуелде мұсылман болып, Исламға «екі қол», екі жәрдемшіге айналған. Бұл аймақтардан шыққан екі адам жалған және алдамшы сөздерімен маңайына халық жинап, адастырған. Яғни алтын білезіктер екі жалғаншыға дәлел болып, сол екі «қолда» (аймақта) шыққан.

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ أَنِّي أُهَاجِرُ مِنْ مَكَّةَ إِلَى أَرْضٍ بِهَا نَخْلٌ، فَذَهَبَ وَهَلِي إِلَى أَنَّهَا الْيَمَامَةُ أَوْ هَجَرُ، فَإِذَا هِيَ الْمَدِينَةُ يَثْرِبُ، وَرَأَيْتُ فِي رُؤْيَاىَ هَذِهِ أَنِّي هَزَزْتُ سَيْفًا فَانْقَطَعَ صَدْرُهُ فَإِذَا هُوَ مَا أُصِيبَ بِهِ الْمُؤْمِنُونَ يَوْمَ أُحُدٍ، ثُمَّ هَزَزْتُهُ أُخْرَى فَعَادَ أَحْسَنَ مِمَّا كَانَ، فَإِذَا هُوَ مَا جَاءَ اللَّهُ بِهِ مِنَ الْفَتْحِ وَاجْتِمَاعِ الْمُؤْمِنِينَ، وَرَأَيْتُ فِيهَا أَيْضًا بَقَرًا وَاللَّهِ خَيْرٌ. فَإِذَا هُمُ النَّفَرُ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ أَحُدٍ، وَإِذَا الْخَيْرُ مَا جَاءَ اللَّهُ تَعَالَى بِهِ مِنَ الْخَيْرِ وَثَوَابِ الصِّدْقِ الَّذِي آتَانَا اللَّهُ تَعَالَى بَعْدُ يَوْمَ بَدْرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

(966) Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Түсімде Меккеден құрма ағаштары бар аймаққа һижрет еткенімді көрдім. Мен бұны (һижрет) Ямамаға немесе Хажарға болды деп болжаған едім. Алайда Ясриб шаһарына болды. Түсімде өзімнің қылыш сермеп жүргенімді көрдім. Қылышымның басы сынып қалған еді. Бұл Ұхұд соғысында мұсылмандардың басына түскен қиыншылықты көрсетеді. Кейін қылышымды қайта сілтедім. Бұл жолы алдыңғысынан жақсы халге ие болды. Бұл Алла тағаланың жеңісі мен мұсылмандардың бірігуіне берген нығметтеріне дәлел болады. Сол түсімде сиырлар мен Алла берген (басқа да) жақсылықты көрдім. Сиырлар Ұхұд күні мүміндерден бір топ болды. (Көрген екінші) жақсылық Алланың Бәдірден кейінгі (нәсіп еткен жеңістердің) жақсылығы мен Раббымыздың бізге берген (Бәдрул-Мауғуд) шыншылдығының сауабы болып шықты”».37

Бұл хадис түстің маңыздылығын және түсінілуі өте қиын пайғамбар түсін көрсетеді. Хадис ғалымдары риуаятты түсіндіру үшін әртүрлі жорамалды алға тартқан.

Біз Ибн Хажардың түсіндірмесін негізге алдық. Оған сай:

1. Хажар – Бахрейнде Абдулқайс тайпасы қоныстанған мекеннің аты. Мәдинаның маңайында осылай аталатын бір шағын ауылдың көзделгені де айтылады. Тіпті басқа да пікірлер айтылған. Алайда ең дұрысы – жоғарыда біз айтқан мекен.

2. Ясриб – Мәдинаның бұрынғы аты. Сапалы құрмаларымен аты шыққан.

3. Алла Елшісі сахабаларын қылышпен теңестірген. Қылыш сермеуі – дұшпанмен жиһад жасауы. Қылышының басының сынуы – Ұхұдта мұсылмандардың басына түскен қиындық ретінде жорылған. Кейбір риуаяттарда қылышының кетік болғаны айтылып, оны әулетінен бір адамның (әзірет Хамза) шейіт болуы деп жорамалданған. Ал кей риуаяттар бұл қылыштың «зулфиқар» екендігін білдіреді.

4. Қылыштың қайта сілтенуі күрестің жалғасы, қылыштағы сынықтың түзелуі – кейінгі шайқастарда мұсылмандардың жеңіске жетуінің белгісі ретінде қабылданған. Түс жорушылар қылышты әртүрлі жорыған. Мәселен, түсінде қылышқа қол жеткізген «күш-қуатқа жетеді», «билікке келеді», «аманатқа ие болады», «әйел алады», тіпті «түсінде қылышты қынына салған адам үйленеді», «бір адаммен одан ұзын қылышпен шайқасқан адам оны жеңеді», «қылыш ұстаған адам бір іске кіріседі» т.б. секілді.

5. Ал сиырлар – Ұхұдта шейіт болған мұсылмандар деп жорылған. Хадистің басқа риуаяттары мен нұсқаларында «Алла бұл өлімде хайыр беретіндігі» немесе «бұл өлімнен кейін Алланың хайыр беретіндігі» дегендей әрқилы жорамалдар айтылған. Біреулердің жоруынша ардақты Пайғамбар: «Аллаға ант етейін Алланың бергенінен (Ұхұдтағы қиындық) жақсылық көрдім, жақсылық бар» деген.

6. Бәдірден кейінгі жеңістер – Хайбар мен Меккенің алынуы. Хадисте айтылған آتَانَا اللَّهُ تَعَالَى بَعْدَ يَوْمِ بَدْرٍ сөйлеміндегі بَعْدَ сөзі кейбір риуаяттарда بَعْدُ кейбір риуаяттарда بَعْدَ деген үлгіде жеткен. Осыған сай жорамалдар да әрқилы болады. بَعْدُ сөзі оқылғанда Ұхұдтан кейін деген мағына шығып, бұндай жағдайда يَوْمَ сөзі қосылып, يَوْمَ بَدْرٍ деп оқылуы қажет. Онда «(Мен көрген басқа) жақсылық Алланың (Ұхұдтан) кейін Бәдір (ул-Мауғуд) күні шыншылдығымызға сауап ретінде бергендері мен кейін берген (олжа, сәттілік) жақсылыққа шықты» деген нұсқа шығады. Бұның мағынасы мынау: «Бәдір күні берілген». Ал бұлай десек мәселе шиеленісе түседі. Өйткені Бәдір соғысы Ұхұд соғысынан бұрын болғаны белгілі. Алайда айтылып отырған жағдай Ұхұдтан кейінгі уақытқа қатысты. Ғалымдар бұны былай шешеді: Хадисте айтылған Бәдірдегі мақсат Бәдрул-Мауғуд деп аталған екінші Бәдір шайқасы. Екінші Бәдір Ұхұдтан кейін болған. Ұхұд шайқасы бітіп, Меккеліктер жеңгендей болып, масаттанып қайтып бара жатқанда мұсылмандармен араларында кездесу болады. Міне, осы кездесу кезінде келесі жылы Бәдірде екінші мәрте кездесуге сөз байласады. Алла Елшісі келесі жылы қажылық маусымында Бәдірге барады. Бірақ мүшріктер келмей қалады. Осылайша мұсылмандар шайқас жасамай-ақ үлкен олжаға кенеліп қайтады. Осы екінші Бәдір шайқасы күні бұрын келісіп, жасалғандықтан Бәдрул-Мауғуд деп аталған.

Хадисте айтылған «сауабус-сыдқ» сөзі осы сапардың ерекшелігін білдіреді. Өйткені мұсылмандар мүшріктерге берген сөзде тұрып, шыншылдық пен сенімділік көрсеткен. Бұның Алланың алдына ақыреттік сауабы болғандай, мұсылмандарға рух, мүшріктерге қорқыныш болуы тұрғысынан саяси, дүниелік сауапқа да қол жеткізілген. Хадистің соңғы жағындағы Алланың берген нәрселері ретінде айтылған жақсылықта Бәдрул-Мауғуд сапары кезінде жасалған мол пайда түскен сәтті сауда көзделуі де мүмкін.

Ибн Хажар хадистің осы нұсқасынан мынадай қорытынды шығарады: «Ардақты Пайғамбар түсінде сиыр мен жақсылық көрген. Сиыр Ұхұдта шейіт болғандар ретінде жорамалданған. Ал «жақсылық» Меккенің жеңісіне дейін жасалған Бәдір мен басқа соғыстарда жиһад үшін мұсылмандар көрсеткен шыншылдық пен сабырдың себебінен кенелген сауабы ретінде жорылған. Алла тағала оларға марапат ретінде Ұхұдтан кейін Қурайза, Хайбар және басқа жеңістерді берген»

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: رَأَيْتُ اللَّيْلَةَ فِيمَا يَرَى النَّائِمُ كَأَنِّي فِي دَارِ عُقْبَةَ بْنِ رَافِعٍ، وَأُتِيتُ بِرُطَبٍ مِنْ رُطَبِ ابْنِ طَابَ فَأَوَّلْتُهُ أَنَّ الرِّفْعَةَ لَنَا فِي الدُّنْيَا، وَالْعَاقِبَةَ فِي الْأَخِرَةِ، وَأَنَّ دِينَنَا قَدْ طَابَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

(967) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай айтқанын естідім: “Мен бұл түні түсімде өзімді Уқба ибн Рафиғтың үйінде екенімді көрдім. Ол үйде маған ибн Таб деген сорттан балғын құрма алып келді. Мен бұл түсті: ‘Бұл дүниеде жоғарылау, абырой біздікі, ақыретте де қайырлы нәтиже біздікі, дініміз де кемелденген’ – деп жорыдым”».38

Бұл риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) жақсыға жоруды, сәттілікке балауды түсіне де қолданғанын көреміз. Алла Елшісі әр нәрсені сәтсіздікке, жамандыққа жоруға тыйым салғанымен, жақсылыққа жоруға қарсы болмаған.

Бұл риуаятқа сай, ардақты Пайғамбар түсінде өзін Уқба ибн Амирдің үйінде көрген. Ұқбаны бір түбірден келетін «уқба», «ақиба» сөздерімен жорыған. Рафиғ – жоғары, жоғарылатылған деген мағыналарды білдіреді. Осыдан «рифғат» «жоғарылау» деген ұғымына өтіп, «Бұл дүниеде жоғарылау, абырой біздікі, ақыретте де хайырлы нәтиже біздікі» деп жорыған. Негізінде, осы мағынада وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ «Ақырғы жеңіс Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан сақтанып, бұйрықтарын бұлжытпай орындайтын тақуалардың еншісінде»39 сондай-ақ: وَاَنْتُمُ الْأَعْلَوْنَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ «...егер шын мүмін болсаңдар, шүбәсіз, сендер үстемсіңдер»40 деген аяттар да бар.

Сонымен қатар пайғамбарға ұсынылған құрманың атауы – Ибн Таб. Бұл жерде «таб» тайиб яғни әдемі, кемел деген мағыналарды білдіреді. Мәдиналық бір кісінің аты болғанымен, аталмыш құрма осылай танылып кеткен. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл есімді діннің кемелденуі деп жорыған. Діннің кемелденуі – қағида мен үкімдер нақтыланып, бекуі. Күнделікті өмірде мұқтаждық туындаған кезде қажетті принциптер мен қағидалардың орнығуы. Шындығында, соңғы түскен аяттардың бірінде «Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім»41 деп айтылған.

Осы риуаяттарды негізге алған мұсылман түс жорушылар түсте жақсы есім көруді әрдайым жақcылыққа жоруға шақырған. Хадисте айтылған үкімдердің Құран аяттарымен бекітілгенін назарға алсақ, Алла Елшісінің бұл хадисті айтудағы басты мақсаттарының бірі түс жоруда осы принципті көрсету десек артық айтқандық емес. Сонымен қатар дүние есігін ашқан нәрестелерге және басқа да заттарға (үй жануарлары) берілетін есімнің жақсы болуына шақыру да бар.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: رَأَيْتُ امْرَأَةً سَوْدَاءَ ثَائِرَةَ الرَّأْسِ خَرَجَتْ مِنَ الْمَدِينَةِ حَتَّى نَزَلَتْ بِمَهْيَعَةٍ وَهِيَ الْجُحْفَةُ؛ فَأَوَّلْتُ أَنَّ وَبَاءَ الْمَدِينَةِ نُقِلَ إِلَيْهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(968) Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: “Мен (түсімде) шашы ұйпа-тұйпа бір қара әйелдің Мәдинадан шығып, Мәхяға түскенін көрдім. Ол жер Жухфа. Мен бұны Мәдинадағы обаның сол жаққа өтуі деп жорыдым”».42

1. Хадисте Мәхяға қатысты «Ол жер Жухфа» деген түсіндірме бар. Бұл түсіндірменің көптеген риуаятта келмеуін негізге алған шарихтер бұның түсіндірме сөз екендігін және оны хадистің рауилерінен Мұса ибн Ұқбаның қосқандығын айтқан.

2. Жухфа – Муғжаму әл-Булдән кітабында берілген мәліметке сай Мекке мен Мәдинаның арасында Меккеден төрт күндік қашықтықтағы жердің аты. Меккеге келген мысырлықтар мен шамдықтар Мәдинадан өтпеген жағдайда миқат (ихрамға кіретін) жерлері. Мәдинадан өтетін болса, ихрамға Зул-Хулайфада кіреді.

3. Мұсылмандар Мәдинаға һижрет еткен кезде меккеліктерге Мәдинаның ауасы жақпай, безгек ауруына шалдығады. Олардың жүрегін Меккеге деген сағыныш кернейді. Осыған байланысты Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): اللَّهُمَّ حَبِّبْ إِلَيْنَا الْمَدِينَةَ… وَانْقُلْ حُمَّاهَا إِلَى الْجُحْفَةِ. «Уа, Алла! Мәдинаны бізге сүйікті ете гөр… Оның безгегін Жухфаға көшіре гөр» деп дұға жасаған. Алла Елшісі осы дұғасының қабыл болып, безгек ауруының Жухфаға өткенін осы түсі арқылы сахабаларына сүйіншілеген.

4. Хадис ғалымдары «қара» (сәуда) сөзімен жамандық السوء пен аурудың الداء білдірілгендігін айтады. Шаштарының ұйпа-тұйпа болуында жамандық пен кесапат жатыр деп жорамалдаған.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ الرَّجُلُ فِي حَيَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذَا رَآى رُؤْيَا قَصَّهَا عَلَيْهِ، وَكُنْتُ غُلَامًا شَابًّا عَزَبًا أَنَامُ فِي الْمَسْجِدِ، فَرَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ كَأَنَّ مَلَكَيْنِ أَخَذَانِي فَأَتَيَا بِي إِلَى النَّارِ، فَإِذَا هِيَ مَطْوِيَّةٌ كَطَىِّ الْبِئْرِ، وَإِذَا لَهَا قَرْنَانِ كَقَرْنَيْ الْبِئْرِ، فَإِذَا فِيهَا أُنَاسٌ قَدْ عَرَفْتُهُمْ فَجَعَلْتُ أَقُولُ أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ النَّارِ ثَلَاثًا. فَلَقِيَهُمَا مَلَكٌ آخَرُ فَقَالَ لِي: لِمَ تُرَعْ؟ فَقَصَصْتُهَا عَلَى حَفْصَةَ فَقَصَّتْهَا حَفْصَةُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: نِعْمَ الرَّجُلُ عَبْدُاللَّهِ لَوْ كَانَ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ. قَالَ سَالِمٌ: فَكَانَ عَبْدُاللَّهِ بَعْدَ ذَلِكَ لَا يَنَامُ مِنَ اللَّيْلِ إِلَّا قَلِيلًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ

(969) Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуірінде бір адам түс көретін болса, оны пайғамбарымызға айтатын. Ол кезде мен жас әрі бойдақ болатынмын және мешітте жататынмын. Бір күні түсімде екі періштенің мені ұстап, жаһаннамның жағасына дейін алып барғандығын көрдім. Жаһаннам құдықтың шеңбері секілді дөңгеленген екен. Шелек тасталатын құдық секілді екі тірегі бар екен. Жаһаннамда кейбір адамдарды таныдым. Дереу Аллаға сиынып: “Оттан Аллаға сиынамын” дедім. Осы кезде мені алып келген екі періштенің алдынан үшінші бір періште шығып, маған: “Неге қорқасың? (қорықпа)” – деді.

Мен бұл түсімді бауырым Хафсаға (р.а.) айттым. Хафса Алла Елшісіне айтқан. Сонда Алла елшісі:

– Абдулла қандай жақсы адам. Шіркін түнгі намазды да оқыса ғой» – деген. Сәлим: «Абдулла бұдан кейін түнде аз ұйықтайтын болды», – деген.43

Сәлим ибн Абдулла ибн Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) әкесі Абдулланың былай дегенін жеткізді: «Бірде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен жайлы: “Абдулла қандай керемет адам! Түнгі намазды оқыса, тіпті жақсы болар еді”, – деп айтты», – деді. Сәлим: «Содан бері әкем Абдулла түннің біраз уақытын намаз оқумен өткізіп, аз ұйықтайтын болды», – деген. (№567)

1. Қуртуби былай деген: «Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Абдулланың (р.а.) түсін жақсыға жорыған. Өйткені Абдулла алғашында отқа келгенімен, оған «Несіне қорқасың? Қорықпа!» деп тыныштандырылып, отқа тасталмаған. Бұл – оның ізгі адам екендігінің дәлелі. Оның бар кемшілігі таһажжуд намазын оқымауы еді. Бұл түс оған ескерту, ынталандыру болды. Осылайша ол түнгі намаздың оттан, отқа түсуден сақтайтын маңызды құлшылықтардың бірі екендігін түсінді. Сол себептен Абдулла (р.а.) дүниеден өткенше таһажжуд намазын тәрк етпеген».

2. Шарих Мухәллаб: «Бұл жердегі сыр – Абдулланың мешітте жатуы. Өйткені мешіттің ақысы – оның ішінде құлшылық жасау. Абдулла отпен қорқыту арқылы осы кемшілігіне ескерту алды», – дейді.

3. Хадис – таһажжуд намазының маңыздылығын, бұл намаздың жаһаннамнан сақтануға себеп болатындығын көрсетеді.

4. Хадисте «Көрген түсті әйел адамға айтуға болмайды» деген кісілерге де жауап бар. Яғни әйел адамға айтуға рұқсат екендігі аңғарылады. Сондай-ақ мешітте қонуға да рұқсат бар екендігі байқалады.

وَفِي رِوَايَةٍ قَالَ: «رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ كَأَنَّ فِي كَفِّي سَرَقَةً مِنْ حَرِيرٍ لَا أَرِيدُ بِهَا مَكَانًا فِي الْجَنَّةِ إِلَّا طَارَتْ بِي إِلَيْهِ فَقَصَصْتُهَا عَلَى حَفْصَةَ فَقَصَّتْهَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: أَنَّ أَخَاكِ رَجُلٌ صَالِحٌ». «السَّرَقَةُ» بِتَحْرِيكِ الرَّاءِ: قِطْعَةٌ مِنْ جَيِِّدِ الْحَرِيرِ.

(970) Абдулла ибн Омар (р.а.) басқа риуаятта былай деген: «Түсімде алақанымда сарақа деп аталатын сапалы жібектің бір бөлшегін көрдім. Ол жұмақта қай жерге барғым келсе, сонда ұшырып алып баратын. Осы түсімді Хафсаға айттым. Ол Алла Елшісіне айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Сенің бауырың ізгі адам” деп жорып берген».44

1. Абдулла ибн Омардың жаһаннамның маңына барғаны секілді, жәннатқа барғанына қатысты түсі де риуаят етілген. Бұл екеуі бөлек түс. Жоғарыда жұмаққа кіретіндігін білдіретін түсіне қатысты риуаятты көріп отырмыз. Бұны кейінірек, түнгі намазды оқыған соң көруі ықтимал. Хадистің басқа бір нұсқасында Алла Елшісі алдыңғы хадистегідей «Абдулла қандай жақсы адам! Шіркін, түнгі намазды да оқыса ғой!» деген.

2. Кейбір хадис ғалымдары бұл хадис жазылған бабтан жоғарыда орын алған عَمُودُ الْفُسْطَاطِ تَحْتَ وَسَادَتِهِ «Түсінде жастығының астында шатырдың тіреуін көрген» атты бабтың тақырыбында осыны біріктіріп, Ибн Омардың түсінде жастығының астында шатырдың тірегін де көргендігін айтып, жорамалдарының ауқымын кеңейткен. Ол жорамалдар ескерілгенімен, Ибн Хажардың айтуынша, Абдулла ибн Омардың түсінде жастығының астында шатырдың тіреуін көргенін қуаттайтын риуаяттар жоқ.

3. Түсте көрген тіректер Ислам деп жорылған. Сондай-ақ жібек те дін мен іліммен, дінмен жеткен бедел деп топшыланған. «Оған қол жеткізген адам ақыретте қалаған жеріне, сол арқылы бара алады» деп айтылған.

4. Түсте жаннатқа кіру – ояу кезде кіргендей қабылданған. Өйткені хадистің басқа бір нұсқасында түсінде жәннатқа кірген адамның ояу кезінде жаннатқа кіретіндігі айтылған. Түсте жұмаққа кіру – Исламға кіру деп те жорамалданған. Өйткені жұмаққа кірудің бірден бір жолы Исламға кіру.

5. Жібектің ұшуы – күш-қуаттың бар екендігінің айғағы. Яғни жаннатта қалаған жеріне бара алатын күшке, рухани деңгейге ие болатындығын білдіреді.

وَعَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ: مَنْ رَآى مِنْكُمْ رُؤْيَا؟ فَقَالَ رَجُلٌ: أَنَا رَأَيْتُ كَأَنَّ مِيزَانًا نَزَلَ مِنَ السَّمَاءِ فَوُزِنْتَ أَنْتَ وَأَبُو بَكْرٍ فَرَجَحْتَ أَنْتَ بِأَبِي بَكْرٍ، وَوُزِنَ أَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ فَرَجَحَ أَبُو بَكْرٍ وَوُزِنَ عُمَرُ وَعُثْمَانُ فَرَجَحَ عُمَرُ. ثُمَّ رُفِعَ الْمِيزَانُ فَرَأَيْنَا الْكَرَاهَةَ فِي وَجْهِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(971) Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні: “Араларыңда түс көрген адам бар ма? ” деп сұрақ қойды. Жамағаттың ішінен бір адам: “Иә мен (мынадай түс көрдім): Көктен бір таразы түскен екен деймін. Сіз және Әбу Бәкір тартылдыңыздар. Сіз Әбу Бәкірден ауыр бастыңыз. Әбу Бәкір мен Омар тартылды. Әбу Бәкір ауыр басты. Кейін Омар мен Осман тартылды. Омар ауыр басты. Кейін таразы қайта көтеріліп кетті” деді.

(Әлгі адам сөзін аяқтаған соң) Расулалланың (с.а.с.) мүбәрак жүзінің жабырқағандығын көрдік».45

1. Бұл риуаятта әзірет Али мен әзірет Османның (р.а.) арасында абзалдық тұрғысынан кейбіреулер алға тартқан пікірталастың себебі байқалады.

2. Алла Елшісінің (с.а.с.) жабырқауын хадис ғалымдары таразының көкке көтерілуінен Омардың халифалығынан кейін жағдай нашарлап, бүліктің орын алатындығына жоруы деп түсіндіреді. Алайда: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалардан тек қана белгілі бір бөлігінің жоғары бағаланып және абзалдықтың үш кісімен шектелгеніне қамыққанын» айтқандар да болған. Жабырқауын осыдан көргендердің айтуынша Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахбаларынан көпшілігінің осындай абзал қасиеттерге ие екендігінен үміт еткен. Ал бұл түс арқылы Алла тағала абзалдықтың осы кісілермен шектелгендігін білдіргендіктен, Алла Елшісі жабырқаңқы күйге түсті.

3. Таразыдағы мақсат Осман дәуіріне дейін халықтың мамарыжай өмірі мен Ислам дінінің дамуы екендігі де айтылған. Деңгей – қандай да бір себеппен бір-біріне жақын болған әртүрлі нәрселердің арасында жасалады. Ал айырмашылық ұлғайса деңгей бұзылып, таразыға тартудың қажеті қалмайды. Олай болса Алла Елшісі таразының көтерілуін осылай жорамалдағандықтан қамығуы да мүмкін.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَتَى رَجُلٌ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: رَأَيْتُ اللَّيْلَةَ كَأَنَّ ظُلَّةً تَنْطِفُ السَّمْنَ وَالْعَسَلَ، وَأَرَى نَاسًا يَتَكَفَّفُونَ مِنْهَا بِأَيْدِيهِمْ فَالْمُسْتَكْثِرُ وَالْمُسْتَقِلُّ، وَإِذَا سَبَبٌ وَاصِلٌ مِنَ الْأَرْضِ إِلَى السَّمَاءِ وَارَاكَ أَخَذْتَ بِهِ فَعَلَوْتَ، ثُمَّ أَخَذَ بِهِ رَجُلٌ بَعْدَكَ فَعَلا، ثُمَّ أَخَذَ بِهِ أَخَرُ فَعْلًا، ثُمَّ أَخَرُ فَانْقَطَعَ بِهِ، ثُمَّ وَصِلَ لَهُ فَعَلَا، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: يَا رَسُولَ اللَّهِ بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي لَتَدَعَنِّي فَأَعَبِّرُهَا. فَقَالَ: اعْبُرْهَا. فَقَالَ: أَمَّا الظُّلَّةُ فَظُلَّةُ الإِسْلَامِ. وَأَمَّا الَّذِي يَنْطُفُ مِنَ السَّمْنِ وَالْعَسَلِ فَالْقُرْآنُ حَلَاوَتُهُ وَلِينُهُ. وَأَمَّا مَا يتَكَفُّفُ النَّاسُ مِنْ ذَلِكَ: فَالْمُسْتَكْثِرُ مِنَ الْقُرْآنِ وَالْمُسْتَقِلُّ. وَأَمَّا السَّبَبُ الْوَاصِلُ مِنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ فَالْحَقُّ الَّذِي أَنْتَ عَلَيْهِ، تَأْخُذُ بِهِ فَيُعْلِيكَ اللَّهُ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ بَعْدَكَ فَيَعْلُو بِهِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ آخَرُ فَيَعْلُو بِهِ ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ فَيَنْقَطِعُ بِهِ، ثُمَّ يُوصَلُ لَهُ فَيَعْلُو بِهِ. فَأَخْبِرْنِي يَا رَسُولَ اللَّهِ بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي؛ أَصَبْتُ أَمْ أَخْطَأْتُ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَصَبْتَ بَعْضًا وَأَخْطَأْتَ بَعْضًا. فَقَالَ: وَاللَّهِ لَتُحَدِّثَنِّي بِالَّذِي أَخْطَأْتُ. فَقَالَ ﷺ لَا تُقْسِمْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي. الظُلَّةُ شِبْهُ السَّحَابَةِ «واَلسَّبَبُ» الْحَبْلُ.

(972) Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Бір адам Расулаллаға (с.а.с.) келіп мынадай түсін баяндады: “Бұл түні түсімде бұлтқа ұқсас бір нәрсе көрдім. Одан май мен бал жауып тұрды. Адамдар қолдарын тосып, осы жаңбырдан алуға тырысып жатты. Көп алғандар да, аз ғана алғандар да болды. Осы кезде жерден көкке қарай созылған бір жіп көрдім. Сіз сол жіптен ұстап шықтыңыз. Сізден кейін бір адам сол жіптен ұстап ол да шықты. Кейін тағы бір адам көтерілді. Кейін тағы бірі жіпті ұстағанымен ол үзіліп кетті. Алайда жіпті қайта жалғап, ол да шықты”.

Әбу Бәкір (р.а.) алға атылып: “Уа, Алла елшісі, ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын. Рұқсат етсеңіз, бұл түсті мен жориын”, – деді. Расулалла да: “Әрине, жоры!” деді. Әзірет Әбу Бәкір: “Ол бұлт секілді нәрсе – Ислам бұлты. Одан жауған бал мен май – Құран. Құранның (бал секілді) тәттілігі мен (май секілді) жұмсақтығы. Адамдардың бұдан уыстарына толтыра алулары Құраннан кімнің көп, кімнің аз пайда алғандығын білдіреді. Ал жерден аспанға созылған жіпке келсек, сен алып келген ақиқат. Сен бұған жабыстың. Алла сол себептен сені көтереді. Сенен кейін бір адам да оған жабысып, сол арқылы көтеріледі. Одан кейін тағы бір адам жабысып, ол да көтеріледі. Одан кейін тағы бірі жабысады. Алайда жіп үзіліп кетеді. Бірақ ол үшін жіп жалғанып, ол да жабысып, көтеріледі. Уа, Алла елшісі, ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын. Дұрыс жорыдым ба? Соны айт”, – деді.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Кейбір сөздеріңде дөп түстің, кейбіреулерінде қате кеттің”, – деп жауап берді. “Олай болса, Аллаға ант етейін, қате кеткен жерлерімді айтып бер”, – деді. Алла елшісі: “Жоқ. Ант етпе!” – деді».46

1. Риуаят Әбу Бәкірдің жоруы арқылы жеткілікі деңгейде түсіндірілген. Сондықтан көп түсіндірудің де қажеті жоқ. Алайда Алла Елшісінің (с.а.с.) «Ант етпе!» деп сөзін үзуі назарымызды аудартады.

Дәууди: «Қайтадан ант етпе! Қате кеткен жерлеріңді айтпаймын», – деп түсіндірген. Алайда бұны «Жіптің үзілуін – әзірет Османның шейіт болуы мен одан кейінгі соғыстар мен бүліктер деп білгендіктен бұларды айтуды жөн көрмей, үнсіз қалған» деп жорығандар да болған.

2. Әбу Бәкір түсті жоруда қай жерде қателесті? Бұл да әртүрлі пікірдің туындауына жол ашқан. Олардың бірқатары мынадай:

a) Түсті пайғамбар жоруы қажет еді. Әбу Бәкір жорығысы келгендіктен асығыстық жасап, рұқсат сұрауда қателік жасаған. Алайда бұл пікірге қарсы шыққандар бар. Олар қателікті түсті жорудан іздеу керектігін айтқан. Тіпті «ант етпе» сөзін «ойлансаң, қатеңді түсінерсің» деген мағынаға саятындығын айтқан.

ә) Қателіктің май мен балды әртүрлі нәрселермен жорымай, тек Құран деп жоруынан «Құранның тәттілігі мен жұмсақтығы» деп айтуынан бастау алатындығын айтқандар да бар. Бұл – көпшілік ғалым құптаған пікір. «Май мен балды екі түрлі нәрсемен жоруға болар еді:

1) Құран мен сүннет.

2) Ілім мен амал

3) Түсінік пен есте сақтау деген.

б) Әбу Бәкірдің қателігі айтылған адамдардың атын атамауда болуы мүмкін деп те айтылған.

в) «Әрі дөп түстің, әрі қателік жасадың» деген сөздің мағынасының былай болуы да ғажап емес: «Жору, негізінде, ойға негізделеді. Нақты білім емес. Олай болса тура айту да, қателік жасау да әбден мүмкін».

г) Кейбіреулер: «Әбу Бәкірдің Алла Елшісінен түсті жору үшін рұқсат сұрауы қате болатын болса, әзірет Әбу Бәкірдің жоруынан қателік іздеу одан да үлкен қателік. Діннің талабы бұл мәселеде шектен шықпау» деп айтқан.

3. Риуаяттан түсінікті болғанындай, жіптен ұстап жоғары шыққандар ардақты Пайғамбардан кейін Әбу Бәкір, Омар және Осман. Осман кезінде жіп үзілген. Османға келгенде жіптің үзіліп, қайта жалғануы оның өлтірілуі және халифат тізгінінің басқа адамның қолына өтуі.

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «رَأَيْتُ ثَلَاثَةَ أَقْمَارٍ سَقَطْنَ فِي حُجْرَتِي فَقَصَصْتُ رُؤْيَاىَ عَلَى أَبِي بَكْرٍ فَسَكَتَ. فَلَمَّا تُوفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَدُفِنَ فِي بَيْتِي قَالَ أَبُو بَكْرٍ: هَذَا أَحَدُ أَقْمَارِكِ وَهُوَ خَيْرُهَا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(973) Айша (р.а.) былай дейді: «Түсімде бөлмеме үш ай түсті. Түсімді әкем Әбу Бәкірге (р.а.) айттым. Ол үндемеді. Алла елшісі (с.а.с.) қайтыс болып, бөлмеме жерленгенде, Әбу Бәкір: “Міне, көрген үш айыңның бірі әрі ең қайырлысы”, – деді».47

Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін Әбу Бәкір мен Омар (р.анһума) да Айшаның бөлмесіне жерленген.

وَعنهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ وَرَقَةَ ابْنِ نَوْفَلَ. فَقَالَتْ خَدِيجَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: إِنَّهُ قَدْ صَدَّقَكَ وَإِنَّهُ مَاتَ قَبْلَ أَنْ تَظْهَرَ. فَقَالَ ﷺ أُرِيتُهُ فِي الْمَنَامِ وَعَلَيْهِ ثِيَابُ بَيَاضٍ، وَلَوْ كَانَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ لَكَانَ عَلَيْهِ لِبَاسٌ غَيْرُ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(974) Айша былай дейді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) Уарақа ибн Нәуфәл жайлы сұрақ қойылды. Хадиша (р.а.): “Ол сені қолдады және сен пайғамбарлығыңды жарияламай тұрып дүние салды” деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Ол маған түсімде көрсетілді. Үстінде ақ киімі бар екен. Егер жаһаннамдық болғанда ақ түсті емес, (басқа түстегі) киімде болуы керек еді”, – деп жауап берді».48

1. Уарақа ибн Науфәл – Хадишаның (р.а.) ағасының ұлы. Жаһилият дәуірінде Інжіл мен Тауратты оқыған, діни ілімі бар кісі болатын. Алла Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық келген кезде қартайғандықтан, көздері көрмей қалған-тын. Алғашқы уахи келгенде Алла Елшісі қатты қорыққан еді. Хадиша Алла Елшісін ағасына алып барып, басынан өткендерін айтып, оның не ойлайтынын сұрайды. Уарақа Алла Елшісін байыппен тыңдаған соң, пайғамбардың келетіндігін әзірет Мұса мен Иса сүйіншілегенін, оның күткен пайғамбар екендігін, келген періштенің алдыңғы пайғамбарларға да келген Жәбірейіл екендігін айтып: «Шіркін! Қауымың сені Меккеден шығаратын кезде тірі болып, саған көмектессем ғой» деп қалауын білдірген. Бірақ көп уақыт өтпей дүние салады. Пайғамбарға әлі дінге шақыру әмірі келмегендіктен, оның пайғамбарды осылай қолдауы иман ету болып санала ма?

Бұл сұраққа ғалымдар «Иә» деп жауап беріп, Уарақаны сахаба деп санаған. Ибн Хажар оны өзінен бұрынғылар секілді сахаба деп қабылдап, «әл-Исаба» атты еңбегінің тақырыпқа қатысты жерінің алғашқы бөліміне енгізген.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Уарақаның жағдайын қозғап, сұраған кезде Хадишаға оны түсінде ақ киіммен көргенін айтып: «Жаһаннамдық болғанында басқа киіммен көретін едім» деген мағынада жауап берген. Пайғамбардың жауабында Уарақаны нақты жаннаттық деп айтпаса да, жәннаттық екендігіне ишарат бар.

2. Бұл жауаптан хадис түсіндіруші ғалымдар: «Мүмин – түсінде дүниеден өткен адамды ақ киімде көрсе, бұл оның халі жақсы, жәннат тұрғындарынан екендігіне дәлел болады» деген қорытынды шығарған.

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنِّي حَلَمْتُ أَنَّ رَأْسِي قُطِعَ فَأَنَا أَتْبَعُهُ. فَزَجَرَهُ وَقَالَ: لَا تُخْبِرْ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِكَ فِي الْمَنَامِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

(975) Жәбир (р.а.) былай дейді: «Бір бәдәуи Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Түсімде басымның кесіліп түскенін, артынан жүгіргенімді көрдім”, – деді. Пайғамбар оған: “Түсіңде шайтанның сені мазақ еткенін жұртқа айтпа”, – деп ескертті».49

Бұл риуаяттың басқа бір нұсқасында осы оқиғадан кейін пайғамбар халыққа: «Түстеріңде сендердің қайсыбіріңмен шайтан ойнағанда оны ешкім айтпасын» деп айтқан.

№957 хадисте айтып өткеніміздей, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жағымсыз, қайғыға батыратын түстерді «шайтанның көңіл-көтеруі» деп сипаттап, бұндай түстерді ешкімге айтпауға кеңес берген. Сондықтан біз тоқталып отырған риуаят «шайтанның көңіл көтеруіне» жататын түстерге мысал болады.

Алайда мынаны да ескерген жөн. Түс жорушылар түсте бастың кесілуін адамның қолындағы билік, мансап, мүмкіндіктен айырылуының белгісі деп санаған. «Егер құл бұндай түсті көрген болса, оның азат етілетіндігін, науқас көрсе шипа табатынын, қарызы бар болса қарызынан құтылатынына, қайғыда жүрген болса қуанатынына, уайымдап, қорқып жүрген нәрсесі болса, оның да шешімі табылатынына дәлел болады» деген.

وَعَنْ أُمِّ الْعَلَاءِ الْاَنْصَارِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمَّا قَدِمَ الْمُهَاجِرُونَ طَارَ لَنَا عُثْمَانُ بْنُ مَظْعُونٍ فِي السُّكْنَى فَاشْتَكَى فَمَرَّضْنَاهُ حَتَّى تُوفِّيَ. قَالَتْ: فَرَأَيْتُ لِعُثْمَانَ فِي الْمَنَامِ عَيْنًا تَجْرِي فَأَخْبَرْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: ذَلِكَ عَمَلُهُ يَجْرِي لَهَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(976) Уммул-Ала әл-Ансария (р.а.) былай дейді: «Мұһажирлер келген кезде (жеребе тасталды) бізге Осман ибн Мазғун түсті. (Оны үйімізге орналастырдық) Ол ауырып қалды. Ем-домымен айналыстық. (Бірақ шипа болмай) Дүниеден өтіп кетті. Османды (р.а.) түсімде көрдім, ағып тұрған бұлағы бар екен. Көрген түсімді Алла Елшісіне айттым. Ол кісі: “Бұл – оның амалы. Сол үшін ағып тұр” – деді».50

1. Уммул-Аланың бұл риуаяты Мәдинаға һижрет еткен Меккелік мұһажирлердің алғашында жаңа мекенге қалай орныққанын көрсету тұрғысынан өте маңызды. Мәдиналық отбасылар жеребе тастау арқылы өздеріне кім түссе соны үйіне алып барып, орналастырып, қонақ еткен. Бір-бірімен бауырластырылған бұл адамдар – бірі екіншісінің артынан мирас алатындай дәрежеде рухани байланыста болатын.

2. Меккенің құрғақ және шөлді климатынан Мәдинаның ылғалды климатына бірден үйренісіп кете алмағандықтан меккеліктер алғашқы кездері қызба ауруына шалдығады. Онымен қоса Меккеге деген сағыныштары да басылмайды. Жоғарыдағы риуаят Осман ибн Мазғунның (р.а.) аталған аурудан айыға алмай, қаза тапқанын білдіреді. «Усдул-Ғаба» атты еңбекте алғаш қаза тапқан мұһажирдің Осман ибн Мазғун (р.а.) екендігі айтылады. Ол һижраның 22 айында қаза тапқан. Алла Елшісі оның дүние салғанына қатты қайғырып, мүбәрак көздерінен жас аққан. Сондай-ақ қабіріне белгі ретінде тас қойып, ара-тұра зиярат етіп, ұлы Ибраһим қайтыс болғанда, «Бар! Біздің ізгі бауырымыз Осман ибн Мазғунмен қауыш» деп айтқандығы жеткен. Осман ибн Мазғун құлшылыққа құштар, түнде намаз оқып, күндіз ораза ұстайтын алдыңғы қатарлы сахаба болатын. Тіпті бір жолы өмір бақи үйленбей, өмірін құлшылыққа арнауға бел буғанда, Алла Елшісі оның бұндай шешімін естіп, олай жасауға рұқсат жоқ екендігін айтып, райынан қайтарған.

3. Хадисшілер Осман ибн Мазғунның (р.а.) дүние салған соң да ағып тұрған бұлақ секілді сауабын тоқтатпай тұрған қандай амалы екендігін зерттеген. Нәтижеде нақты болмағанымен төмендегідей ықтимал жайттарды алға тартқан:

a) Осман дәулетті сахабалардың қатарынан болатын. Сондықтан садақа-жария қалдыруы мүмкін. Бұл оның амалын ағып тұрған бұлақ секілді етеді. Алайда Ибн Хажар оның артынан садақа-жария қалдырғаны белгісіз екендігін айтып қарсы шыққанымен, Османның (р.а.) Саиб атты ізгі ұлы болғанын, оның Бәдірге қатысқанын, кейін әзірет Әбу Бәкірдің халифалық дәуірінде дүние салғанын, осы ұлы Османның амал дәптерін жаппайтын үш себептің бірі екендігін айтады. Адам қайтыс болған соң да артынан сауабы барып тұратын амалдың қалған екеуі пайдалы ілім мен садақа-жария (халықтың пайдасына жарайтын жол, көпір, құдық, қор т.б. қалдыру) екендігі белгілі.

ә) «Османның амалы мурабыттығы болуы мүмкін» деп те айтылған. Яғни өзін Алла жолында жиһад етуге арнау. Өйткені бір хадисте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген:

كُلُّ مَيِّتٍ يُخْتَمُ عَلَى عَمَلِهِ إِلَّا الْمُرَابِطِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَإِنَّهُ يَنْمِي لَهُ عَمَلُهُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَيَأْمَنُ مِنْ فِتْنَةِ الْقَبْرِ

«Алла жолында шеп күзеткен кісіден өзге қайтыс болған әр адамның амалы тәмамдалады. Ал оның амалы қиямет күніне дейін артып отырады әрі ол қабір сынағынан аман болады».

Бұл хадистi қуаттайтын мынадай хадисте жеткен:

رِبَاطُ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ خَيْرٌ مِنْ صِيَامِ شَهْرٍ وَقِيَامِهِ وَإِنْ مَاتَ جَرَى عَلَيْهِ عَمَلُهُ الَّذِي كَانَ يَعْمَلُ وَأَمِنَ الْفَتَّانَ

«Алла жолында бір күн, бір түн шеп күзету бір ай ораза ұстап, түнде құлшылық етуден қайырлы. Ол қайтыс болса, істеп жүрген амалы жалғасады, ризығы беріледі әрі қабір сынағынан аман болады».

«Осман ибн Мазғун өзін Алла жолына арнаған адамдардың бірі болғандықтан жағдайы осы хадиске келеді» деп айтылған.

Алайда осы айтылғандардың барлығы да Османның (р.а.) бойынан табылу ықтималдығы да бар.

ҚАРЫЗ БӨЛІМІ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أَدْرَكَ مَالَهُ بِعَيْنِهِ عِنْدَ رَجُلٍ أَفْلَسَ فَهُوَ أَحَقُّ بِهِ مِنْ غَيْرِهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَاللفظ للشيخين. وَزَادَ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ: وَإِنْ مَاتَ الَّذِي ابْتَاعَهُ فَصَاحِبُ الْمَتَاعِ فِيهِ أُسْوَةُ الْغُرَمَاءِ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ فَقط: وَإِنْ كَانَ قَضَى مِنْ ثَمَنِهَا شَيْئًا فَهُوَ أُسْوَة الْغُرُمَاءِ.

(977) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Кім төлемге дәрменсіз болып қалған кісінің қолынан өз мүлкін сол күйінде тапса, оны қайтарып алуға басқалардан гөрі құқылы». Мәлик пен Әбу Дәуіттің нұсқасында: «Сатып алушы қайтыс болса, тауар иесінің құқығы басқа алашақтармен бірдей», – делінген. Әбу Дәуіт тағы: «Сатып алушы тауар құнының бір бөлігін төлеп қойған болса, сатушының құқығы өзге алашақтармен бірдей», – деген нұсқаны жеткізген.51

Хадистен шығарылған үкімге қатысты Бұхариге түсіндірме жасаған Айниден бірқатар тұжырымдар аламыз:

1. Бұл хадистің сыртқы мағынасымен Aтa ибн Әбу Рабах, Уруа ибн Зубәйір, Тауус, Шағби, Әузаи, Убәйдулла ибн әл-Хасан, Имам Mәлик, Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ пен Дәуіт амал еткен.

Аталған ғалымдар хадистің сыртқы мағынасына қарап былай деген: «Бір адам ифлас жасап, қасында сатып алған бір мал, әлі сол күйінде болса, оны сатқан адам бұны алуға бәрінен ақылы». Ибн Абдулбәр бұл хадиспен амал етуге қатысты Хижаз ғалымдары кейбір мәселелерде әртүрлі көзқарас білдіргенімен, негізінде бір көзқараста болғанын айтады.

Әртүрлі көзқарастарына қатысты мынадай мәлімет береді: «Сатқан затын бір муфлистің қолынан сол күйде көрген адам затын кері алғысы келіп, басқа сатып алушылар бұған қарсы шығып, зат иесінің ақшасын қалталарынан төлеп, ол затты өздері алғысы келсе бұл затты алуға ақылары бар ма?» деген мәселеде Шәфиғи мен Имам Мәлік әртүрлі көзқарасты ұстанған. Имам Мәлик: «Олай жасауға ақылары бар. Заттың негізгі иесі басқа сатып алушылар оның құнын төлеген жағдайда қайта ала алмайды» дейді. Ал Шәфиғи: «Басқа сатып алушылардың бұл затта ақылары жоқ» деп бұлай үкім айтуының себебін түсіндіреді. «Муфлистің де, мұрагерлерінің де бұндай затты алуға ақылары жоқ болса, қарызы бар адамдікі тіптен жоқ. Шешім қабылдау заттың иесіне тиесілі. Қаласа, алады, қаламаса, алмайды және басқа алушылармен ортақ болады». Әбу Сәур, Ахмад ибн Ханбал мен бір топ кісі осындай үкім берген.

Мәлик пен Шәфиғи сондай-ақ мал иесінің сатқан мүлкінің орнына муфлистен белгілі бір құн алып-алмау мәселесіне қатысты да әртүрлі көзқарас айтады. Ибн Уәһб пен тағы да бірқатар кісілер Имам Мәликтің «Заттың иесі қаласа алған бағасын қайта беріп, малын кері ала алады» деп үкім бергенін риуаят етеді. Ал имам Шәфиғи: «Сатылған нәрсе құл болса және құнының жартысын алып, қалғанын қарызға берсе, кейін борышты адам дүние-мүлкінен айырылса, ол құлдың жартысы оған тиесілі болады. Өйткені төленген құн – құлдың өтемі. Қалған жартысын муфлис үшін сатады. Бұрын алған нәрселерінен ештеңенің орнын толтырмайды. Өйткені алуы керек ақысын алған болады». Ахмад ибн Ханбал да осы көзқарасты ұстанған.

Имам Мәлик пен Шәфиғи қарызға батқаны қазы тарапынан жарияланбай және тұтқындалмай тұрып дүние салған муфлис жайлы да әртүрлі көзқарас білдірген. Имам Мәлик былай дейді: «Муфлиске берілетін үкім қайтыс болған адамға берілетін үкімнен басқаша. Бір затты сатқан адам, оны дәл сол күйде қайтыс болған адамның қасынан тапса, бұл мал усуәтул-ғурама деп саналады. Алайда муфлиске қатысты керісінше үкім беріледі». Ахмад ибн Ханбал де осылай үкім берген. Алайда әт-Таудыхта: «Хадистің талабына сай бұл заттың бұрынғы иесіне қайтарылуы керек. Тіпті хадистің абсалютті мағынасы назарға алынса, малдың құнының бір бөлігін алса да бұрынғы иесіне қайтарылу керек» деп айтылған. Бұл – Шәфиғидің жаңа көзқарасы. Ал кейін бас тартқан бұрынғы көзқарасында қалған құнына барлық алушылармен бірге ортақ болуы керек.

Шәфиғилер хадистегі «мүлкін дәл бұрынғыдай тапса» деген сөзіне сүйене отырып, мал иесінің ол малға басқа алашақтардан ақысы жоғары екендігін «сатқан затын дәл бұрынғыдай табу» шартымен байланыстырған. Мәселен, мүлік азайған жағдайда немесе сипаттарының бірін жоғалту секілді бір жағдаймен қандай да бір өзгеріске ұшырамауы керек. Кері жағдайда барлық алатын адамдардың ортақ мүлкі болады».

Шәфиғилер бұл мәселеде әртүрлі көзқарас білдірген. Айни бұлардың жиырмасын жеткізеді. Біз сөзді көбейтпес үшін осы жерден тоқтаймыз.

Ханафилердің көзқарасы

Бұл мәселеде ханафилердің көзқарасы басқаша. Ибраһим ән-Нәһәи, Хасан Басри, (бір риуаятта) Шағби, Уәқиғ, Абдулла ибн Шубрума, Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед пен Зуфар (Алла баршасына рахым етсін) былай үкім береді: «Затын сол күйі тапқан сатушы басқа алушылар секілді». Бұл үкімге алып барған әртүрлі риуаяттардың бірі Омар ибн Абдулазиз жолымен келген мына риуаят:

مَنِ اقْتَضَى مِنْ ثَمَنِ سِلْعَتِهِ شَيْئًا ثُمَّ أَفْلَسَ فَهُوَ والغُرَمَاءُ فِيهِ سَوَاءٌ

«Сатушы тауар құнының бір бөлігін алғаннан кейін сатып алушы төлемге дәрменсіз болып қалса, сатушының құқығы өзге алашақтармен бірдей».

Тахауи біз тоқталып отырған хадисті былай түсіндіреді. «Бұл хадисте муфлистен өз малын сатқан күйі тапқан адам айтылып тұр. Сатылған зат ендігәрі өзіне тиесілі емес, ол сатылмай тұрып қана өзінікі болатын. Дәл сол секілді оныкі тартып алынған, қарызға берілген, аманат ретінде тасталған және осы секілді жағдайдағы заттар. Міне, осы сипатқа ие заттар өзінің заты және бұл затқа басқалардан қарағанда иелік ету құқығына ие. Біз тоқталып отырған Әбу Һурайра хадисінің мағынасы да осыған қатысты. Сондай-ақ Сәмура ибн Жундаб (р.а.) тарапынан риуаят етілген бір хадис те осыған дәлел болады. Бұл хадисте Алла Елшісі: مَنْ سُرِقَ لَهُ مَتَاعٌ أَوْ ضَاعَ لَهُ مَتَاعٌ، فَوَجَدَهُ عِنْدَ رَجُلٍ بِعَيْنِهِ، فَهُوَ أَحَقُّ بِعَيْنِهِ، وَيَرْجِعُ الْمُشْتَرِي عَلَى الْبَائِعِ بِالثَّمَنِ. «Заты ұрланған немесе жоғалған адам оны біреудің қолынан сол күйінде тапса, затты алуға бәрінен бұрын құқылы. Оны сатып алған кісі құнын сатушыдан өндіріп алады», – деген. Осылайша Табараниде де риуаят етілген бір хадис – аманат, тартып алу, ұрлану және осыған ұқсас жолдармен (иесінің уысынан шыққан) заттарға қатысты. Бұл заттарды бұрынғы иесі бір адамның қолынан дәл солай көрсе, ол затты басқалардың алуға құқығы жоқ. Өйткені негізгі иесінің меншігінде болуы жалғасады. Себебі тартып алушының қолы – зұлымдық пен зорлықтың қолы. Ұрлықшы да солай. Бірақ затты сатып, сатып алушыға беріп, әлі ақшасын алмаса да ол зат меншігінен шығатынын да айта кетейік».

Айни кейін бұл хадиске қатысты Ханафилердің көзқарасына қосылмағандардың мәзһаб бірбеткейлігінің себебінен, ханафи ғалымдарға қарата бейәдеп сөздер айтқандығын білдіріп, кейбіреулерінің айтқан сөздерін мысал ретінде береді. Біз ол мысалдарға кірмейміз.

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ قَالَ: «أُصِيبَ رَجُلٌ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي ثِمَارٍ ابْتَاعَهَا فَكَثُرَ دَيْنُهُ فَأَفْلَسَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: تَصَدَّقُوا عَلَيْهِ فَتَصَدَّقَ النَّاسُ عَلَيْهِ فَلَمْ يَبْلُغْ ذَلِكَ وَفَاءَ دَيْنِهِ. فَقَالَ ﷺ لِغُرَمَائِهِ. خُذُوا مَا وَجَدْتُمْ لَهُ لَيْسَ لَكُمْ إِلَّا ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيُّ.

(978) Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде бір кісінің сатып алған жемісі апатқа ұшырады. Қарызы көбейіп, оны өтей алмай қалды. Пайғамбар (с.а.с.): “Оған садақа беріңдер”, – деді. Жұрт садақа бергенімен, жиналған дүние қарызын өтеуге жетпеді. Сонда Алла елшісі алашақтарға: “Қолдарыңа түскенін алыңдар. Бұдан басқа ештеңеге ақыларың жоқ”, – деді».52

1. Бұл жерде жемісі апатқа ұшырап, шығынға батқан адамның кім екендігі айтылмаған. Бірақ кейбір риуаяттарға сүйене отырып, ол сахабаның Муаз ибн Жәбәл екендігі айтылған.

2. Риуаяттан сатып алушының жемісін сатқан бақшаның иесіне және басқа да адамдарға бірден қарыз болғандығы байқалады. Яғни сатып алынған жемістің апатқа ұшырауынан туған зиянды сатып алушы көрген.

Алайда Нәуәуидің айтуынша ғалымдар жеміс мәселесінде әртүрлі пікір білдірген. Яғни жеміс сатылған соң сатушы: «Алып кете берсең болады, міне мүлік, міне сен» деп сатылған мүлікті тастап кеткен соң, сатып алушы әлі жинап үлгермей тұрып бір апат келіп жемістердің барлығын құртса зиянды кім тартады? Сатушы ма, сатып алушы ма? Әлде екеуі де ме?

a) Имам Шәфиғи, Әбу Ханифа, Ләйс ибн Сағд және тағы бір топ ғалымдар: «Мүлік енді сатып алушының кепілдігінде. Апаттан келген зарары түсуі уәжіп емес. Сатушы түсетін болса, мұстахап» деген.

ә) Бұрынғы көзқарасында Имам Шәфиғи мен басқалары: «Мүлік әлі сатушының кепілдігінде. Апаттан келген зиян құнынан алынып тасталуы уәжіп» деген.

б) Имам Mәлик: Апаттан келген зиян үштен бірінен аз болса, бұл зиян бағасынан алынып тасталуы уәжіп емес. Үштен бірі немесе одан көбі болса, оны құнынан алып тастау уәжіп. Жеміс – сатушының кепілдігінде» деген Имам Mәликтің пікірінше, жеміс пен соған ұқсас заттардың бір бөлігін құстардың жеуі, желдің түсіруі, бір бөлігінің жерге түсіп жойылуы қалыпты құбылыс. Бұны ескеріп, арнайы қарастыру қажет емес. Алайда келуі мүмкін бұндай зиян мен табиғи апаттардың арасында бір шектеу болуы керек. Ислам өсиет пен науқастың кешіруі секілді жағдайларда үштен біріне дейін рұқсат бергендіктен, әдетке айналған көлемнен көп шығын жиналса, бұның жалпы құнынан алынуы қажет. Жеміс немесе егіннің барлығы жойылса, келісім бұзылып, сатып алушы ақшасын қайтарып алады. Ал келген зарар үштен бірінен аз болса, құнынан ештеңе түспейді. Сатушы мен сатып алушының екеуара апат немесе апатқа себеп болған зарардың көлеміне қатысты келісімге келе алмаса, сөз сатушыға тиесілі. Өйткені мүліктегі басты мақсат амандығы»

Бұл үш көзқарасты да қолдайтын риуаяттар келген.

Осылайша біз тоқталып отырған хадис бірінші көзқарасты қолдағандарға, яғни «зарар сатып алушыға тиесілі» деп үкім бергендерге дәлел болған.

Алайда кері көзқараста болғандар яғни «Апатпен келген зарарды сатушы тартады» дегендер, бұл хадисте айтылған қарыздану мәселесін былай түсіндіреді: «Жеміс – піскен соң сатып алушының тез жинап алмауының себебінен жойылуы мүмкін. Бұндай жағдайда сатып алушы шығынға батады. Сол себептен Алла Елшісі хадистің соңында «сіздерге бұдан басқа ештеңе жоқ» деген. Апаттан келген зиянның шығыны орындалмайтын болса, алашақтар қалған ақшасын сұрайды»

Ал басқаша көзқарастағылар бұларға жауап ретінде былай деген: «Сіздің айтқаныңыздай болғанда Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сіздерге қазір бұдан басқа ештеңе жоқ. Бұл кісі пақырлықтан құтылмайынша одан қарыз сұрауларыңыз дұрыс емес. Жағдайы түзелгенше күтіңіздер. Түзелген соң аларсыздар», – деп айтуы қажет еді.

Біз тоқталып отырған риуаят қарызға батқан адамдарға көмек қолын созып, садақа беруге шақырады. Қарызын өтей алмағандарға жаман қарым-қатынас жасамау керектігіне де ишарат бар. Ақшасын сұрап, табандап тұрып алу, жаман сөз айту, абақтыға жаптыру секілді әрекеттерге бару дұрыс емес. Сонымен қатар Имам Ағзам алашағы бар адам – қарызы бар адамның қарызын төлегенше артынан түсуге рұқсат бергендігі де айтылады.

ӨЛІМ ТІЛЕУ БӨЛІМІ

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ:لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمْ الْمَوْتَ مِنْ ضُرٍّ أَصَابَهُ. فَإِنْ كَانَ لَا َبُدَّ فَاعِلَا فَلْيَقُلِ: اللَّهُمَّ أَحْيِنِي مَا كَانَتِ الْحَيَاةُ خَيْرًا لِي. وَتَوَفَّنِي إِذَا كَانَتِ الْوَفَاةُ خَيْرًا لِي». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

(979) Әнәстың (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Араларыңнан ешкім басына түскен ауыртпалық үшін өлім тілемесін. Тілемей тұра алмаса: “Уа, Алла! Өмір мен үшін қайырлы болса, мені тірі қалдыр. Өлім мен үшін қайырлы болса, жанымды ал”, – десін», – деген.53

1. Хадис Расулалланың (с.а.с.) ардақты сахабаларына қарата айтылғанымен бұл тыйым қияметке дейін келетін барша мұсылмандарға да қатысты тыйым болып табылады.

2. Хадисте сөз етілген басты мәселе – «зиян» ұғымы. Алғашқы кезеңдегі ғалымдардың басым көпшілігі мұның «осы дүниелік зиян» екенін алға тартқан. Сол себепті қайсыбір адамның дініне зиян келіп, қандайда бір зиянға ұшыраса, бұл хадистің аясына кірмейді. Тіпті Ибн Хиббанда келген бір риуаятта бұл мәселе әлдеқайда кеңірек айтылады: لاَيَتَمَنَّيَنَّ اَحَدُكُمُ الْمَوْتَ لِضُرٍّ نَزَلَ بِهِ فِى الدُّنْيَا «Сендерден ешқайсың осы дүниеде басына түскен қиыншылықтар себепті өзіне өлім тілемесін». Бұл хадисте «осы дүниеде» деп ашық айтылып отыр. Сахабалардың кейбірі дүниелік емес қиыншылықтардың себебінен өзіне өлім тілеген кездері болған. «Муатта» кітабында Омардың былай деп дұға жасағаны риуаят етілген:

اللَّهُمَّ كَبِرَتْ سِنِّي وَضَعُفَتْ قُوَّتِي وَانْتَشَرَتْ رَعِيَّتِي فَاقْبِضْنِي إِلَيْكَ غَيْرَ مُضَيِّعٍ وَلَا مُفَرِّطٍ

Омар (р.а.) былай дұға етті: «Уа, Алла! Жасым ұлғайды, күшім әлсіреді, қарамағымдағы халық кеңге жайылды. Міндетімді жоғалтпай, оған салғырттық танытпай тұрғанда, жанымды Өзіңе ала гөр».54

Сонымен қатар «Муаттада» Расулалланың (с.а.с.) былай деп дұға еткені риуаят етілген:

اللَّهُمَّ أَسْأَلُكَ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَتَرْكَ الْمُنْكَرَاتِ وَحُبَّ الْمَسَاكِينِ وَإِذَا أَرَدْتَ فِي النَّاسِ فِتْنَةً فَاقْبِضْنِي إِلَيْكَ غَيْرَ مَفْتُونٍ

«Уа, Алла! Сенен жақсылық жасауды, жамандықтан тыйылуды және мұқтаж жандарды жақсы көруді сұраймын. Адамдарға бүлік жіберуді қаласаң, соған ұшырамай тұрып жанымды Өзіңе ала гөр».55

Ахмад ибн Ханбалдың және басқа да ғалымдардың хадис жинақтарында келгеніндей, Абис ибн Ғифари былай деп дұға еткен: «Ей, Тағун!56 Мені алып кет!» Сонда айналасындағылар оған таң қалып: «Неліктен бұлай дедің? Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Өздеріңе өлім тілемеңдер» демеп пе еді?» деп сұрағанда, ол: «Мен Алла Елшісінің былай дегенін естіген едім:

بَادِرُوا بِالْمَوْتِ سِتًّا إِمَارَةَ السُّفَهَاءِ وَكَثْرَةَ الشُّرَطِ وَبَيْعَ الْحُكْمِ وَاسْتِخْفَافًا بِالدَّمِ وَقَطِيعَةَ الرَّحْمِ وَنَشْئًا يَتَّخِذُونَ القُرْآنَ مَزَامِيرَ يُقَدِّمُونَ أَحَدَهُمْ لِيُغَنِّيَهُمْ وَإِنْ كَانَ اَقَلَّهُمْ فَهْمًا

«Мына алты жағдайдан бұрын өлімге асығыңдар: ақылы таяздардың ел билеуі, тәртіп сақшыларының көбеюі, үкімнің сатылуы, адам қанының қадірсізденуі, туыстық байланыстың үзілуі және Құранды әнге айналдыратын ұрпақтың шығуы. Олар өз араларынан Құранды әуендетіп оқитын кісіні, түсінігі ең таяз болса да, алға шығарады».

Бұл тақырып турасында ғалымдар яғни өлім тілеу мәселесіне байланысты Құрандағы мына екі аятты көрсеткен:

1. Юсуфтың дұғасы: تَوَفَّنِى مُسْلِمًا وَأَلْحِقْنِى بِالصَّالِحِينَ «Жанымды мұсылман күйінде алғайсың һәм мені ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!»57. Юсуф (а.с.) пайғамбар бұл дұғаны дүние нығметтерінің шыңына жеткен сәтте айтқан.

2. Сүлейменнің дұғасы: وَأَدْخِلْنِى بِرَحْمَتِكَ فِى عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ «Мені шексіз рақымыңмен игі құлдарыңның қатарына қосқайсың»58.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Бұхариде берілген бір дұғасында былай делінеді: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي وَأَلْحِقْنِي بِالرَّفِيقِ الْأَعْلَى. «Уа, Алла! Мені кешір, рақымыңа бөле және ең жоғары мәртебелі серіктерге қос».

Бұл дұғалардың өлім келген сәтте айтылғаны аңғарылады, яғни дұғада өлімнің тезірек келуін асыға күту байқалады. «Жан тапсыратын сәтіміз қайырлы нәтижемен аяқталса екен, арғы дүниеде ізгілермен бір болсақ екен» деген тілек дұғаның астарында бар. Басқа қырынан қарайтын болсақ, мұндай сипаттағы дұғалар өлімді тілеуден гөрі өлімді әрдайым санада жаңғыртып еске салып тұруға көбірек келетін секілді. Яғни, өлімді ұмытпай санада жаңғыртып отыру.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сөзінде мүмин адам үшін өмір өлімнен қайырлы екендігін айтқан: لَا يَزِيدُ الْمُؤْمِنَ عُمْرُهُ إِلَّا خَيْرًا. «Мүміннің ғұмыры ұзарған сайын жақсылығы арта береді».

وَلَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَزَّادَ خَيْرًا وإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَسْتَعْتِبَ

«Ешқайсың өлім тілемесін. Ізгі амал жасаған кісі жақсылығын арттыра түсер. Жаман іс істеген кісі терісінен қайтып, Алланың разылығына ұмтылар».

Дегенмен жақсы адамдардың жолдан таю секілді ықтималдықтардың болатыны белгілі, бірақ Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқандай өмір сүрудің бәрібір қайырлы іске үлкен мүмкіндік екенін жоққа шығара алмаймыз. Олай болса өлім қайырлы істердің, сауаптың соңғы нүктесі болмақ. Сол себепті өлім тілемеген абзал.

3. Өлім тілеуге неліктен тыйым салынған?

Ислам сенімі бойынша ажал тағдырға тәуелді, дұға мен қалауға емес. Кісінің ажалы келген сәтте, ол қаласа да, қаламаса да, кешіктірілмейді және жеделтетілмейді59. Демек, өлімді қалау немесе қаламау тәрбиелік қыры бар әрекет. Яғни, мүминнің әдебі. Осы орайда өлімді қалау екі түрлі маңызды моральдық мәселені алға шығарады:

1) Тағдырға қарсылық білдіру;

2) Мақсаты әртүрлі жағдайлармен сыналған адамның өмірдегі жауапкершіліктерінен қашуы. Бұл нағыз бейшаралық, адамның рухани сынуы. Құран кәрім адамның қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сыналу үшін жаратылғанын білдіре отырып60, бұл сынақтан сүрінбей өту үшін сабыр ету қажеттігін өсиет етеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «ертең қиямет болатынын білсең де бүгін қолыңдағы ағашты отырғыз» деп бұйырады.

Осылайша өмір сүруге құлшындыратын Ислам дінінің дүниелік һәм материалдық қиыншылықтардың себебінен адамның өзіне өлім тілеуіне жол беруі қисынсыз. Міне, мұндай жағдайларда өлімді тілеу үшін сынақтарға төтеп бере алмайтындай дәрежеде болған кезде ғана. Тіпті өлім тілеуді рұқсат ететін себептердің ішіндегілерді алып қарайтын болсақ, соның бірі өмір сүруден бас тарту ниетімен болмау керек. Себебі өлімді тілеуге болатындығын білдіретін риуаяттардың түпкі мақсаты ондай нәрсенің жаман екендігін санада бекіту үшін ғана. Біз соңғы келтірген хадисте айтылып өткен алты нәрсенің бірі – сот үкімін сатып алу мәселесі. Міне, бұл әділеттіліктің қалмағанын ұғындырады. Мұндай қоғам бұзғындықтың ең сорақы түріне қадам басты деген сөз. Адамдар өлім тілеуге болатын мұндай себеп арқылы жаман істерден тыйылады. Хадисте айтылған басқа амалдар да осындай.

Бұл хадистердің негізгі мақсаты аталмыш амалдардың себебінен өлім тілеуге болатындығын заңдастыратын болса, әрбір ғасырда өлім тілеуге болады деген үкім шығар еді. Себебі мұндай келеңсіздіктер ешқашан тоқтап қалмайды, кез келген қоғамнан бұл жайттарды кездестіруге болады. Бұл сөзімізді қуаттайтын мынадай риуаят бар. Ахмад ибн Ханбалдан жеткен риуаятта былай делінеді:

بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ سِتًّا

«Алты оқиға келмей тұрғанда амал жасауға асығыңдар».

Яғни, болашақта болатын бүліктерді еске салу арқылы ізгі іске ұмтылдыруда.

فِي رِوَايَةِ النَّسَائِي عَنْ قَيْسِ بْنِ أَبِي حَازِمٍ قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى خَبَّابٍ وَقَدِ اكْتَوَى فِي بَطْنِهِ سَبْعًا. وَقَالَ: لَوْلَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَانَا أَنْ نَدْعُوَ بِالْمَوْتِ لَدَعُوتُ بِهِ».

(980) Қайс ибн Әбу Хазим былай дейді: «Хаббаб ибн Әратқа (р.а.) бардым. Ол ішін жеті жерден күйдіртіпті. Маған: “Алла елшісі (с.а.с.) бізге өлім тілеуге тыйым салмағанда, өлім тілер едім”, – деді».61

Хаббаб ибн Әрат – алғаш иман еткен мұсылмандардан және мүшріктердің азаптауына ең жиі ұшырағандардың бірі. Жоғарыда да айтып өткеніміздей, оттың үстіне жатқызылу секілді ауыр азаптан алған жаралар денесінде өмір бақи жазылмаған із қалдырып, әлсін-әлсін қозып тұратын. Мына риуаят сондай жайтты көрсетеді. Ол ескі жараның орнына шыққан ісіктерді күйдіру арқылы емдеген. Кейбір риуаяттарда Қайс Хаббабқа «Алла хайырын берсін» деп зиярат ету үшін барғандығы айтылады.

Алдыңғы риуаятта айтылғандай, бұл жерде де өлімді тілеуге тыйым салынғанын көреміз. Хаббаб басқа риуаяттарда тіптен ашық түрде тартқан материалдық қиындықтарды тілге тиек етіп «Ол қиындықтар шыдай алмайтындай ауыр болатын. Алла Елшісі тыйым салмағанда өзімізге өлім тілер едік» деген. Мына сөздер де осы сахабаға тиесілі: «Мен Алла Елшісінің сахабаларынан мен секілді қиындық шеккен адамды көрмедім» «Алла Елшісінің дәуірінде бір дирхам таба алмаушы ем. (Қазір) үйдің бір бұрышында мың дирхам бар».

АЛҒЫС БӨЛІМІ

Бұл бөлім негізінде «Китаб әс-Сана уә әш-Шукр» деп аталатын. «Сана» сөзі «мақтау, мадақтау» деген мағыналарды білдіреді. «Шукр» – келген нығметке сөзбен және іспен немесе жүрекпен жауап беріп, ол нығметті бергенге тағзым ету. Басқаша айтқанда, жасалған жақсылықтың қадірін білетіндігімізді көрсетіп, ризашылығымызды білдіру. «Шүкір» сөзін сонымен қатар «мадақ» деген мағынада Алла үшін де қолданамыз.

Дініміз тек қана Алладан келген нығметтерге шүкір етуге ғана мән беріп қоймай, адамдар жасаған жақсылыққа алғыс айтуды да борыш деп санап, бұған да ерекше мән береді. Аллаға шүкір айту – құлдық міндет болса, адамдарға алғыс айту – адамдық борыш. Ислам діні – әрбір ағзамыз үшін Аллаға шүкір етуді міндеттеумен қатар, жақсылық жасаған адамдарға алғыс айтуды да міндеттеген. Біз бұл бөлімде алғыс айтудың қажеттігі мен әдебіне қатысты кейбір хадистерге тоқталамыз.

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ صُنِعَ إِلَيْهِ مَعْرُوفٌ فَقَالَ لِفَاعِلِهِ جَزَاكَ اللَّهُ خَيْرًا فَقَدْ أَبْلَغَ فِي الثّنَاءِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(981) Усама ибн Зәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.):

“Өзіне жақсылық жасаған кісіге ‘Алла саған қайырлы қарымта берсін’ деген адам алғысын толық білдірген болады”, – деді».62

Сана – мадақтау деген сөз. Жасалған жақсылыққа қарсы ризашылығымызды алғыс арқылы ғана білдіре аламыз. Негізінде, жақсылыққа сондай жақсылықпен жауап берген өте жақсы. Бірақ барлық жақсылыққа сол мезетте дәл солай жауап беру мүмкін бола бермейді. Адам бұл істе әлсіз. Олай болса алғысымызды сөзбен білдіруіміз қажет. Кейбіреулер «Жақсылық жасауға қолың қысқа болса, дұға мен алғыста тіліңді ұзарт» деп айтқан.

Біз тоқталып отырған хадисте Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жасалған жақсылыққа қарымына сол мезетте жасалатын ең кәміл жауаптың жақсылық жасаушыға: «Сенің бұл жақсылығың мен үшін өте жоғары. Дәл солай есесін қайтаруға дәрменсізбін. Оның қарымын тек Алла береді. Бұ дүниеде және ақыретте мен үшін Алладан асқан құдірет жоқ. Сол сізді марапаттасын» деген мағынада болумен қатар, «Жәзәкаллаһу хайран» деп айту екендігін білдіреді.

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أُعْطِيَ عَطَاءً فَلْيَجْزِ بِهِ إِنْ وَجَدَ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيُثْنِ بِهِ، فَإِنَّ مَنْ أَثْنَى بِهِ فَقَدْ شَكَرَهُ، وَمَنْ كَتَمَهُ فَقَدْ كَفَرَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَفِي رِوَايَةِ التِّرْمِذِيِّ: «وَمَنْ تَحَلَّى بِمَا لَمْ يُعْطَهْ كَانَ كَلَابِسٍ ثَوْبَيْ زُورٍ».

(982–983) Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кімге сый берілсе, шамасы жетсе, қарымын қайтарсын. Шамасы жетпесе, жақсылық жасаған кісіні мақтасын. Оны мақтаған адам алғысын білдірген болады. Жақсылығын жасырған адам оны бағаламаған болады”, – деді».

Тирмизидің нұсқасында: «Өзіне берілмегенді берілгендей көрсеткен кісі екі жалған киім кигендей», – деген қосымша бар.63

Бұл хадисте Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жасалған жақсылыққа дәл солай жақсылықпен жауап беруің дұрыс екендігін көрсетеді. Өйткені «жақсылық» деп аударған сөзіміздің түбірі «заттай сыйлық» дегенді білдіреді. Жақсылықтың қарымын жақсылықпен сол мезетте қайтарудың реті келмесе, жоқ дегенде алғыс айту керек. Яғни сөзбен ризашылығымызды білдіріп, жақсылық жасаушыны қуантатын сөздер айтқан жөн. Бұл оған дұға жасау және алғыс айту арқылы жүзеге асады. Хадис: «(Жақсылық жасаған адамын) мақтаған адам – алғыс айтқаны» деп айтылған.

Біреудің жақсылығын жасырып қалу – үнсіз қалу. Бұл жерде өзіне берілген нығметті жарияламау деген сөз. Яғни, біреудің жақсылығына дәл солай жауап беру былай тұрсын, жылы сөздер айтып, не ісімен, не сөзімен жауап бермеген адам жақсылықты білмегені. Хадистің түпнұсқа мәтінінде «жақсылықты білмеу» деген сөздің орнына «күпірлік жасады» деп аударатындай «кәфәра» сөзі қолданылады. Тирмизидің риуаятындағы қосымша сөздерге келсек, бұл қасиет берілмегендерді екі жалған киім кигендерге ұқсатады. Бұны қалай түсінген дұрыс?

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұндай сөзді бір әйел кісіге қарап айтқан. Ол әйел пайғамбарға келіп: «Уа, Алла Елшісі! Менің бір күндесім бар. Күйеуім маған бермеген нәрсені, бергендей кейіп танытсам күнә бола ма?» – деп сұрады. Алла Елшісі жоғарыдағы жауап арқылы ондай әрекетті екі жалған» деп сипаттаған. Бірінші жалған: «Күйеуім маған берді» деп айту. Екіншісі: «Күйеуім күндесіме қарағанда мені жақсы көреді» дегендей кейіп таныту. Хаттаби бұған қатысты мынадай түсіндірме жасайды: «Кезінде арабтар арасындағы бір адам өзін халыққа абыройлы және құрметті адам етіп көрсету үшін беделді кісілер киетін киімдерді киетін. Осылайша халықтың қолдауына ие болуға тырысатын. Өйткені беделді кісілер жалған сөйлемейтін. Халық оның үстінен сондай киім көргенде сөзіне құрмет танытып, жалған куәлігіне де сенім білдіретін. Әлгі адам сол киімі арқылы өзін шыншылдарға ұқсатып, жалғандығының себебі әлгі киім болғандықтан – халық ол киімге «сәуб-зур» екі жалған киім (жалғандық киімі) деген ат берген». Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырт көз үшін жалғандыққа бой алдырған іс-әрекеттерді, халық арасында кең таралған хикаяны пайдалана отырып жалған киім киюге ұқсатқан.

وَفِي أُخْرَى لِلتِّرْمِذِي عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: مَنْ لَا َيَشْكُرُ النَّاسَ لَا يَشْكُرُ اللَّهَ تَعَالَى».

(984) Әбу Сағидтен (р.а.) жеткен бір риуаятта Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Адамдарға алғысы жоқ адам Аллаға да шүкір етпейді».64

Исламның адамдарға алғыс айтуға қаншалықты мән беретіндігін бұдан асып түсіндіру де мүмкін емес. Өйткені бұл жерде адамға алғыс айту – Аллаға шүкір етумен бірдей қарастырылған.

Қади Ияд хадисті екі қырынан түсіндірген:

1. Алла Елшісінің бұлай үкім беруінің себебі мынада: құл – Аллаға деген шүкіршілігін, Аллаға бағыну мен әмірлерін орындауда осалдық танытпауы мүмкін. Алланың әмірлерінің бірі – Алланың нығметтерінің өзіне жетуінде дәнекер болған адамдарға алғыс айту болғандықтан, бұл әмірді орындамау – Алланың өзіне берген нығметтерінің шүкірін өтемегені.

2. Табиғатында адамдардан келген жақсылықтардың қадірін білмей, алғыс айтуға мән бермейтін қасиеті бар адам нығметтерінің себебімен Аллаға дұрыс қайтарымын бермей, шүкір айтуды тәрк етуді де әдетке айналдырады.

Алла алғыс айтумен тығыз байланысты шүкіршіліктің жалғыз өзін қабыл етпейді.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا قَدِمَ الْمُهَاجِرُونَ الْمَدِينَةَ قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا رَأَيْنَا قَوْمًا أَبْذَلَ مِنْ كَثِيرٍ وَأَحْسَنَ مُوَاسَاةً مِنْ قَلِيلٍ مِنْ قَوْمٍ نَزَلْنَا بَيْنَ أَظْهُرِهِمْ لَقَدْ كَفَوْنَا الْمُؤْنَةَ وَأَشْرَكُونَا فِي الْمَهْنَاءِ، لَقَدْ خِفْنَا أَنْ يَذْهَبُوا بِالْأَجْرِ كُلِّهِ. قَالَ: لَا. مَا دَعَوْتُمْ لَهُمْ وَأَثْنَيْتُمْ عَلَيْهِمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَالتِّرْمِذِيُّ. وَصَحَّحَهُ.

(985) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Мұһажирлер һижретпен Мәдинаға келіп, Ансарлардың жәрдемін көргенде): “Уа, Алла елшісі! Біз көп мүліктен осылайша жомарттық танытқан, аз мүліктен осыншалықты көркем жақсылық жасаған мына мәдиналықтардан басқа ешқандай қауымды көрмедік. Біздің маңызды істерімізді жасап, өмірімізді бір ізге салуға жәрдемші болды. Біз (һижрет пен құлшылығымызбен ие болған) сауаптардың барлығын олар ала ма деп қорқамыз”, – деді. Алла елшісі оларға: “Жоқ! Олар сендердің дұғаларың мен алғыстарыңнан келетін сауапты алады” деп жауап берді».65

1. Риуаяттың бір нұсқасында хадис былай басталады: «Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) һижретпен Мәдинаға келген соң (бұрын һижрет еткен) мұһажирлер келіп былай деді».

2. Бұл жерде назар аударған маңызды нәрсе ансардың көмегінен мұһажирлердің қаншалықты қуанышты болғаны. Олардың дәулеті шалқыған байынан да, өзі жәрдемге мұқтаж кедейінен да үлкен көмек көргендігін білдіреді. Үй, құрма бағы, егістік алқабы секілді істерде де ансарлардың елеулі көмек жасағандығы белгілі. Ансарлардың әрқайсысы да қолында бар мүліктің жартысын мұһажир бауырымен бөліскен. Бірге егін егіп, түскен өнімді бөліп алатын. Олардың бауырластығы иманнан туған бауырластық, Алланың разылығын көздеген байланыс болғандықтан құр сөзден тұрмайтын, шынайы болатын. Ал іс жүзінде қан бауырластығынан да асып түсетін. Тіпті артынан мирас қалдыратындай дәрежеге де жеткен. Некесіндегі екі әйелінің бірін бауырына бөліп беретіндей бауырластықты қазіргі уақыттағы көріп жүрген бауырластық байланыстың ешбіріне де ұқсату мүмкін емес.

Міне, осындай теңдесі жоқ бауырластық сезім мен жәрдемнің алдында мұһажирлер қауіптене бастады. Біздің Алла жолында һижрет етіп, намаз, ораза, сабыр, жиһад сынды әртүрлі құлшылық жасау арқылы қол жеткізген және жеткізетін сауаптарымыздың барлығы соларға кетіп қалып, біз мақұрым қалмаймыз ба деп уайымдады. Осылайша өздерін мазалаған уайымды Алла Елшісіне айтты.

Міне, Алла Елшісіне осындай уайыммен жүгінуінің өзі – ансарларға қаншалықты разы болғандығының жарқын көрінісі. Одан артығын ойлау мүмкін емес.

3. Алғыс айтудың қаншылықты маңызды екендігін білдіретін хадистің соңғы бөлігі – Алла Елшісінің уайымға салынған мұһажирлерді тыныштандыру үшін айтқандығы анық. «Сіздерге көмек қолын созған ансардың ол үлкен жәрдемінің (өтеміне) сіздердің үлкен алғыстарыңыз бен дұғаларыңыздың сауабы жетеді. Басқа ізгі істеріңіз бен құлшылықтарыңыздың сауабы өздеріңізге қалады». Осы жауап арқылы Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жасалған жақсылықтар секілді, дұға мен алғыстың да қаншалықты маңызды екендігін көрсеткен.

Тиби бұл сөздерді басқаша түсіндіріп, былай дейді: «Мұһажирлер: Ансарлар өздерін машақат пен азапқа салып, рахат пен мүмкіндікке бізді ортақ етумен тек өздері ғана сауап тауып жатыр. Біз оларға қалай қарымын береміз?» – дегісі келген. Алла Елшісі олардың бұндай ойына қосылмай: «Жоқ! Мәселе сіздер ойлағандай емес. Сіздер оларға жасаған істері үшін дұға мен алғыс айту арқылы олардың сауап алуына себеп боласыздар» деген.

ЖИҺАД

Жиһад және мұжаһидтердің (жиһад жасаушылардың) артықшылықтары

عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: رِبَاطُ يَوْمٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ خَيْرٌ مِنْ اَلْفِ يَوْمٍ فِيمَا سِوَاهُ مِنَ الْمَنَازِلِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

(986) Осман (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла жолында бір күн шеп күзету өзге шептердегі мың күннен қайырлы», – дегенін естіген.66

Рибат сөзі «байлау» деген мағынаны білдіретін «рабата» деген сөзден туындайды. Кейде атты байлайтын арқанды солай деп атаса, кейде аттың өзін рибат деп атаған. Хадистерде Алла Елшісінің (с.а.с.) қайырлы амалдар мен ғибадаттарды үзбеуді осы сөзбен айтқанын байқаймыз. Ибн Әсир «Ниһая» атты еңбегінде «рибат» соғыс, жиһад кезінде дұшпанға көрсеткен қарсылық екендігін айтқан. Кейіннен бұл сөз көбіне шекара қорғанысы үшін қолданылып кеткен.

Олай болса, хадисте Алла үшін жиһад жасау мақсатындағы шайқас барысында, дұшпанға көрсеткен қарсылық деген мағынаға келетін «рибат» сөзі орын алған. Бұл шекарада тұрған кездегі іс-әрекет арқылы орындала алатыны іспетті, әмір арқылы және қарудың күшімен (күзету) сынды кез келген жағдайда да болады. Хадис түсіндірмелері қамтылған кітаптардың алғаш жарық көре бастаған кезеңдерінде дұшпаннан қорғану барысындағы қауіпті аймақтардың шекарада болатындығынан, рибаттың мағынасын көпшілік «шекара» деп жазғанын аңғаруға болады. Алайда бүгінгі таңда әскерлік шарттары шекара мен шекарадан тыс қызметтер арасында көп айырмашылық жоқ. Сондықтан «Ниһаяда» берілген жоғарыдағы түсіндірме хадистің мағынасына және бүгінгі таңдағы шарттарға бір қадам жақынырақ.

Хадистің әскерге берген сүйіншісінің аса маңызды бір шартқа, яғни, Алла жолында жиһад жасауға байланыстырылғанын да айта кету керек. Алла разылығынан тыс атқарылған барлық «күзет» қызметтері бекер, майдандағы өлім де дәл солай.

وَعَنْ فَضَالَةَ بْنِ عُبَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: كُلُّ مَيْتٍ يُخْتَمُ عَلَى عَمَلِهِ إِلَّا الْمُرَابِطَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَإِنَّهُ يُنْمَى لَهُ عَمَلُهُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَيُؤَمَّنُ مِنْ فِتْنَةِ الْقَبْرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(987) Фадалә ибн Убәйд (р.а.) былай дейді: «Өмірден озған әрбір жанның амалы тоқтатылады, тек Алла жолында өлген мурабыт (күзетші) қана бұл жағдаяттан тыс. Өйткені оның амалы қиямет күніне дейін арта түспек. Сонымен қатар ол қабір азабына да душар болмайды».67

Алла тағала адам баласына беретін сауабын көзі тірісінде атқаратын амалдарына байланысты етіп қойған. Өлген сәттен бастап амал дәптері жабылады. Көзі тірісінде қаншалықты қайырлы іс және сауап жинаған болса, сол істеген амалдары ғана қалады әрі мөлшері де артпайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса кейбір жағдайларды бұдан тыс деп белгілеп берген. Олар пайдасы тие беретін ілім, қайырлы ұрпақ және садақа-жәрия. Талдап отырған хадисіміз Алла жолында шейіт болғандардың да амал дәптерінің ашық болып қала беретіндігін, дінді және діндегі бауырларының азаттығы үшін Алла разылығын көздеп шайқасып жүріп жан тәсілім еткендерге, жан пидалық жасағаны үшін амал дәптеріне әрқашан сауап жазылып, мәңгілік өмірдегі мәртебесінің асқақтай түсетіндігі жайлы мәлімдеуде. Сонымен қатар хадисте шейіттердің қабір азабынан еш қорқынышсыз бастан кешіретіндіктері де сүйіншілеген. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде өзі өлсе де амал дәптері дәйім ашық болатын жандар жайлы баяндаған кезде, шейіттерді атамаған еді. «Оның себебі, бәлкім олардың қабір азабын көрмейтіндігі үшін солай болған болуы мүмкін деген». Шейіттер амал дәптерлерінің дәйім ашық қалуымен қатар қабір азабынан да азат етілген. Сондықтан олар жеке-дара бір топ болып табылмақ. Сол себепті мұндай мәселелер қозғалғанда жеке айтылғандары әлдеқайда маңыздырақ болса керек.

وَفِي رِوَايَةِ التِّرْمِذِيِّ. قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْمُجَاهِدُ مَنْ جَاهَدَ نَفْسَهُ». قَوْلُهُ: «يُنْمَى» أَىْ يُزَادُ وَيُكْثُرُ.

(988) Тирмизидің риуаятында мынадай қосымша мағлұмат бар: «Шынайы мұжаһид (жауынгер) нәпсісімен күрескен (жиһад еткен) адам».68

Алла Елшісі бұл сөзінде мәртебесі жоғары болған «жиһад» мәселесін түсіндірумен қатар дұшпанмен бетпе-бет шайқасқа қатыса алмағандарға одан да пайдасы зор басқа бір жиһадтың түрін көрсетіп отыр. Нәпсімен, яғни жамандыққа бұйырып тұратын адамның ішкі ойларымен күрес. Бұл жиһад негізінде дұшпанға қарсы жасалған жиһадтан әлдеқайда қиын. Адам нәпсісінің жамандыққа, жалқаулыққа, әуесқойлыққа деген бейімділігіне қарсы тұра білсе, иманның шынайы ұлылығы көрініс табады. Ал мұны жасай алатын адамдар өте сирек. Расулалла бұл шындыққа сүйене отырып нәпсісімен күрескен жанға «шынайы мужаһид (жауынгер)» деген.

Нәпсімен жасалатын күрестің де Алла дәргейінде қабыл болуы үшін, мұның да «Алла разылығы» үшін жасалуы шарт. Хадистің енді бір нұсқасында «Шынайы мужаһид (жауынгер), Алла (разылығы) үшін нәпсісімен күрескен (жиһад еткен)» делінген.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَغَدْوَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ رَوْحَةٌ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(989) Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла жолында таңертең не түстен кейін бір рет жолға шығу дүние мен ондағы бар нәрседен қайырлы», – дегенін жеткізген.69

Бұл хадис түрлі нұсқалармен жеткен. Хадисте айтылған «ғадуа» сөзі – таң атқан сәттен бастап бесінге дейінгі уақытта үйден шығуды меңзеп тұр. «Рахуа» сөзімен болса бесін уақытынан бастап күннің батуына дейінгі сәтте үйден шығуды меңзеуде. Олай болса, күндіз қай сағатта болса да Алла разылығын көздеп шығу бұл дүние мен оның қойнауындағы барша заттардан әлдеқайда қайырлы болмақ. Хадистің Тирмизидегі өзге бір нұсқасында мынадай бір қосымша сөйлем бар: «...Жаннаттағы бір қамшы сыярлық жер бұл дүние мен оның қойнауындағы барлық нәрседен әлдеқайда қайырлы».

Хадиске берілген түсіндірмеде ибн Дақиқ әл-Ид былай деген: «Бұл хадистің екі түрлі тәуилі болуы мүмкін:

1. Бұл хадис ғайыпқа тән ақиқатты адам табиғатына жақын етіп түсіндіру үшін, көзге көрінетін белгілі бір заттарға ишарат ету арқылы айтқан. Өйткені бұл әлем адам санасына жақын, түсінуіне жеңіл материалдық жаратылыс. Хадис қарапайым бір амал іспетті көрінген бір амалдың сауабын осындай теңдессіз әлеммен салыстырып, әлемнен де артығырақ (ұлырақ) екендігін айтуда. Дегенмен бұл әлем жәннат тозаңының бір түйіріне де татымайтынын барлығымыз білеміз.

2. Хадисте: «Алла жолында атқарылатын осындай ғана бір амалдың сауабы, барша әлемді иелігіне алып, соның бәрін ғибадат жолында жұмсайтын жан кенелетін сауаптан әлдеқайда қайырлырақ деп есептейік» делінген.

Ибн Хажар осы екінші мағынаны ибн әл-Мубәрак тарапынан жазылған «Китабул-Жиһад» атты еңбегінде қамтылған мына мурсал70 риуаяттың растайтындығын айта келе былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Абдулла ибн Рауаха қатысқан жауынгерлер жасағын жорыққа аттандырған еді. Алайда Абдулла ибн Рауаха ардақты Пайғамбармен бірге намаз оқып алу үшін жасақтан қалып қояды. Сол кезде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған былай дейді: «Нәпсімді құдіретімен ұстап тұрған Алланың атымен ант етейін, жер бетіндегі барлық нәрсені Алла жолында жұмсасаң да, жорыққа кеткендердің кенелетін сауабына қол жеткізе алмайсың».

Бұл хадистің мақсаты – дүниелік істердің қарапайым ғана амал екендігін, ал ақыреттік істердің ұлылығын анықтап беру. Дұрысы да осы. Өйткені жұмақта қамшының сабы сыярлық бір орынға қол жеткізе алған жан, барша әлемді уысына сыйдырғаннан әлдеқайда ұлы іс атқарған болмақ.

Бұл жердегі мәселе айқын: Қандай да бір дүниелік нәрсеге деген ынтызарлықтың салдарынан жиһадтан қалып қойған жанға: «Сен соншалықты құнсыз бір заттың кесірінен, соншама қадірлі бір заттан айырылып қалып тұрсың, ал бұл дегеніміз санаға сыймайды», – деп тұрғандай. Алпауыт әлем ішіндегі бар байлығымен қоса жәннатта үлесіңе тиетін кішкентай бір жерге татымай тұрғанда, сен дүниенің болмашы бір заты яки ісі үшін жәннаттан көз жазып бара жатырсың.

Иә, жәннат шексіздігіндегі қамшының сабындай ғана бір жердің өзі құны тұрғысынан осынау фәни болып табылатын біздің дүниемізден ғана емес, тағы да қаншама фәни дүниелерден әлдеқайда қымбат. Өйткені тоқтап тұрған дария қанша жерден үлкен болса да, мәңгі әрі үздіксіз ағатын бір бұлақ сол дариядан әлдеқайда ауқымды болмақ.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَاتَلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فُوَاقَ نَاقَةٍ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(990) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Кім Алланың сөзі үстем болсын деп Оның жолында түйенің екі сауымының арасындай уақыт шайқасса, оған жәннат тиесілі болады», – дегенін жеткізген.71

1. Бұл хадис «Тәйсирде» Әбу Һурайраның хадисi деп көрсетілсе де, Тирмизиде және өзге кітаптарда Муаз ибн Жәбәлдан жеткен хадис деп тіркелген. Бұл «Тәйсирде» кеткен қателік болса керек.

2. Хадистің Тирмизидегі нұсқасында «Мұсылман ерлерден» деген сөз бар, бұл сөз өзгелерде жоқ. Хадистің өзге нұсқаларында басқа қосымшалар бар.

وَعَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَنْ سَأَلَ الْقَتْلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى صَادِقًا مِنْ نَفْسِهِ ثُمَّ مَاتَ أَوْ قُتِلَ كَانَ لَهُ أَجْرُ شَهِيدٍ، وَمَنْ جُرِحَ جَرْحًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ نُكِبَ نَكْبَةً فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَإِنَّهَا تَجِئُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَغْزَرِ مَا كَانَتْ، لَوْنُهَا كَلَوْنِ الزَّعْفَرَانِ، وَرِيحُهَا رِيحُ الْمِسْكِ، وَمَنْ خَرَجَ بِهِ خُرَاجٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى فَأَنَّ عَلَيْهِ طَابِعَ الشُّهَدَاءِ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

(991) Муаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Іштей шын пейілімен Алла жолында жиһад жасауға ниет еткен жан, кейін өлсе де, өлтірілсе де шейіт сауабына кенеледі. Кімде-кім Алла жолында жүріп жарақаттанса немесе Алла жолында (дұшпанның қатысынсыз) қандай да бір қиындыққа тап болып жарақаттанса, бұл жарасы қиямет күні, ең ұлы мәртебеде зағфаран түстес жұпар иіс болып келеді. Кімде-кімнің денесінде, Алла жолында жүрген сәтте, ісік яки жара пайда болса, ол да оған шейіттік мөр болмақ».72

Бұл риуаятты Тирмизи, Әбу Дәуіт және Нәсәи жоғарыдағы хадистің жалғасы ретінде келтірген. Хадис шын ниетпен жасалған жиһад сауабына қол жеткізуге болады деген сүйінші хабар жеткізген. Алла үшін жиһад жасау ниетін шынайы ықыласымен жүрегінде жандандыра алған кісі жиһадқа шақыру не болмаса осы мақсатта ту ұстауды арман еткен күйі төсекте жатып көз жұмса да шейіт сауабына қол жеткізеді. Хадисте «шынайылықтан» басқа талап қойылмаған әрі осы шынайылықтың дәлелі ретінде барынша Ислам шарттарына сай өмір сүру керек екендігі айтылған деуге болады.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Алла жолына аттанғанда дұшпаннан не болмаса қандай да бір қатердің яки қазаның салдарынан алған жарақат, қиямет күні шейіттік медалі іспетті денесінен хош иіс аңқыған шейіт кісінің әшекейі болатындығын айтқан. Сондай-ақ Алла жолындағы қандай да бір аурудың салдарынан шыққан жара және әртүрлі іскен ағзалары да шейіттік мөрі болатындығы сүйіншіленген.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا مِنْ مَكْلُومٍ يُكْلَمُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَكَلْمُهُ يَدْمِي، اللَّوْنُ لَوْنُ الدَّمِ وَالرِّيحُ رِيحُ الْمِسْكِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ.

(992) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла жолында жараланған әр адам қиямет күні жарасынан қан сорғалаған күйі келеді. Түсі – қанның түсі, иісі – мисктің иісі», – дегенін жеткізген.73

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَضَمَّنَ اللَّهُ تَعَالَى لِمَنْ خَرَجَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا جِهَادٌ فِي سَبِيلِي وَإِيمَانٌ بِي وَتَصْدِيقٌ بِرُسُلِي فَهُوَ عَلَىَّ ضَامِنٌ أَنْ أَدْخِلَهُ الْجَنَّةَ أَوْ أُرْجِعَهُ إِلَى مَسْكَنِهِ الَّذِي خَرَجَ مِنْهُ نَائِلاً مَا نَالَ مِنْ أَجْرٍ أَوْ غَنِيمَةٍ. وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ مَامِنْ كَلْمٍ يُكْلَمُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَهَيْئَتِهِ يَوْمَ كُلِمَ، لَوْنُهُ لَوْنُ دَمٍ وَرِيحُهُ رِيحُ مِسْكٍ، وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَوْلَا أَنْ أَشُقَّ عَلَى الْمُسْلِمِينَ مَا قَعَدْتُ خِلَافَ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فِي سَبِيلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ أَبَدًا. وَلَكِنْ لَا أَجِدُ سَعَةً فَأَحْمِلُهُمْ، وَلَا يَجِدُونَ سَعَةً فَيَتْبَعُونِي وَيَشُقُّ عَلَيْهِمْ اَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنِّي وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَوَدِدْتُ أَنِّي أَغْزُو فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَأُقْتَلُ، ثُمَّ أَغْزُو، فَأُقْتَلُ، ثُمَّ أَغْزُو فَأُقْتَلُ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَة وَالنَّسَائِي.

(993) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Алла Тағала Өзінің разылығын көздеп жолға шыққан кісі жайлы: ‘Бұл құлым менің жолымда жиһад жасау үшін маған сеніп, пайғамбарымды мойындап жорыққа шықты, енді оны не жәннатыма кіргізуге, болмаса сый-сияпатын толық алуына, не болмаса олжа алып қайтатындығына, оған қоса елді мекеніне кері қайтуына кепілдік беремін’, – деді. Мұхаммедтің нәпсісін құдіретінде ұстап тұрған Алла тағалаға ант етемін, Алла жолында жараланған кез келген кісі қиямет күні жарақаттанған күйінде келеді. Жаралы болған сәтіндегі қан сол түспен, иісі болса жұпар аңқып тұрады.

Мұхаммедтің нәпсісін құдіретінде ұстап тұрған Алла тағалаға ант етемін, мұсылмандарға қиындық туғызбағанда, Алла жолында аттанған еш бір жорықтан қалмас едім. Алайда оларды аттандыратын мүмкіндік тумайды. Олар да менің артымнан еруге мүмкіндік таппайды. Менен кейін қалу оларға қиындық туғызады.

Мұхаммедтің нәпсісін құдіретінде ұстап тұрған Алла тағалаға ант етемін, Алла жолында майданға түсіп өлуді, содан кейін қайта тіріліп қайта майданға түсіп қайтадан өлуді, содан кейін қайтадан майданға түсіп өлуді қатты аңсаймын!”»74

1. Бұл риуаят жоғарыда көрсетілген нұсқалардан өзгеше жеткен. Хадистің негізгі баяндаушысы Әбу Һурайра болған жағдайда, одан риуаят еткен кісілер көп болған. Хадис кейбір нұсқаларында жоғарыдағы айтылған күйінде келсе, кейбір нұсқаларда әрбір абзац жеке бір хадис күйінде жеткен. Кейбірінде تَضَمَّنَ اللَّهُ деп басталса, кейбірінде تَوَكَّلَ اللَّهُ деп басталған, ал енді бірінде болса اِنْتَدَبَ اللَّهُ деп басталады. Алайда мағынасы жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ. Дәл осындай мағынадағы кейбір риуаяттар (қудси хадис қағидаларына сай) ибн Омар және Убада Ибн әс-Сәмит (р.а.) тарапынан да риуаят етілген.

2. Ғалымдар шейіттi «жаннатқа кіргізу» кепілдігінен екі түрлі мағына шығарған:

a) Есеп-қисапқа тартылмай жаннатқа кіргізілу

ә) Өлген сәтінде-ақ, (қабір әлеміне апарылмай, қиямет күнін күттірмей) жаннатқа кіргізу. Бұл екі ықтималдықты растайтын дәлелдер келтірілген.

3. Есен-аман майданнан қайтып оралған ардагер үшін Алланың кепілдік берген «сый-сияпат пен олжа» деуіндегі мақсат не? Олжа дегеніміз түсінікті. Шайқас кезінде дұшпан әскерінен қолға түскен материалдық табыс (ақша, қару, жануар, киім т.с.с.)

Алайда сый-сияпат сөзіне түрлі мағыналар берілген:

a) Олжадан тыс төленетін материалдық ақы.

ә) Олжа түспеген жадайда төленетін құн (жалақы, қаржы).

б) Ақыретте берілетін сый-сыбаға. Алланың кепілдігі бола тұра ешқандай материалдық сый алмай еліне оралған жауынгерлердің болуы хадисті әртүрлі түсінуге себеп болған. Ақырында бұл сый-сияпат ақыретте беріледі деген нәтиже шығарылған. Мүслимде риуаят етілген бір хадис те осы мағынаны растайды:

مَا مِنْ غَازِيَةٍ تَغْزُو فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيُصِيبُونَ الْغَنِيمَةَ اِلَّا تَعَجَّلُوا ثُلثَىْ اَجْرِهِمْ مِنَ الْآخِرَةِ وَيَبْقَى لَهُمْ ثُلُثٌ فَإِنْ لَمْ يُصِيبُوا غَنِيمَةً تَمَّ لَهُمْ أَجْرُهُمْ

«Алла жолында жорыққа шыққандар, олжаға қол жеткізер болса, ақыретте алатындары сый-сияпаттарының үштен екісін қолма-қол алған болады, ал үштен бірі ақыретке қалады. Қандай да бір олжаға қол жеткізе алмаған болса, ақыретте толық алады».

4. Талқыланып отырған хадистің кейбір нұсқаларында үйіне есен-аман қайтып оралған жауынгерге әрі сый-сыбаға, әрі олжа алуына кепілдік берілгендігін аңғарамыз. Ал іс жүзінде бұлай болмаған. Ғалымдар хадистің басқа бір нұсқаларының бұл мағынаға сай келмейтіндігін айтқан. Яғни, көптеген нұсқаларда «немесе» деген сөздермен келген һәм осы риуаяттарды негізге алу керек екені айтылған. Демек, қандай да бір материалдық сый-сияпат қолына тимей үйіне қайтып оралған жауынгерлер Алла тағаланың ақыреттегі сый-сияпатына кенеледі.

5. Қиямет күні шейіт болған адам көз жұмған сәтіндегі жарақатымен, ыстық қаны қып-қызыл болып аққан күйі тіріледі. Бұл оның шейіт болған жан екендігінің көрінісі болмақ. Өйткені Алла жолында шейіт болу – қиямет күні пайғамбарлықтан кейін келетін ең ұлы мақам. Олай болса, бұл ұлы мәртебеге себепші болатын осы қанның ізі, ұлы даңқтың медалі іспетті.

6. Жиһад мәселесі, шейіттің жай-жапсары жайлы тақырыптар қозғалған кезде мына мәселелерді жақсы түсінуіміз керек. Шынайы жиһад – Алла разылығы үшін жасалатын жиһад. Бұл жиһадта өлген кісі шейіт саналады. Сондықтан талқыланып отырған хадистің мәтінінде «Алла жолында» деген шарт анық айтылып тұр. Хадистің кейбір нұсқаларында «Алла жолында» делінгеннен кейін, ортаға қосымша сөйлем ретінде وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَنْ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِهِ. «Алла Өз жолында кімнің күрескенін жақсы біледі» деп келген бір қосымша сөйлем осы сөзімізді нақтылай түседі. Олай болса, тек олжа үшін, атақ-абырой жинау мақсатында, елді қан қақсату, жаулап алу секілді мақсатта болған шайқас жиһад емес. Дәл сол секілді шариғат талаптарына сай жүріп жатқан шайқаста жауынгердің ниеті бұзық болса, оның да шейіттік дәрежеге жете алмайтындығы анық. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл мәселені көптеген хадистерінде айтып өткен.

7. Бұл хадисте қамтылған үкім қанша жерден кәпірлерге қарсы жасалған шайқастарға қатысты болса да, Ислам ғалымдары, асиларға (заңға, ережеге бағынбайтын, қарсы шыққандар), бағилерге (ашкөз, өзінің қолындағыға тоймай өзгенікін тартып алу үшін өзгені өлтірген жан), қатиғатут-тариқтарға (қарақшыларға), мүртәдтарға (діннен шыққандарға) қарсы жасалатын шайқастардың да осы санатқа қосылатындығын аят пен хадистерге сүйене отырып айтқан. Мұндайлармен шайқасу да жиһад, мұндай шайқастарда өлу болса шейіттік, тек шынайы ниетпен шайқасқа қатысқан болса болғаны.

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قِيلَ يا رَسُولَ اللَّهِ مَا يَعْدِلُ الْجِهَادَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟ قَالَ لَا تَسْتَطِيعُونَهُ. فَأَعَادُوا عَلَيْهِ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا كُلُّ ذَلِكَ يَقُولُ لَا تَسْتَطِيعُونَهُ. ثُمَّ قَالَ: مَثَلُ الْمُجَاهِدِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثَلِ الصَّائِمِ الْقَائِمِ الْقَانِتِ بِآيَاتِ اللَّهِ لَا يَفْتُرُ مِنْ صِيَامٍ وَصَلَاةٍ حَتَّى يَرْجِعَ الْمُجَاهِدُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ.

(994) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.) бірде былай деп сұралды: “Уа, Алла елшісі! Алла жолында жасалған жиһадқа қандай амал тең келеді?” Сонда ол кісі: “Өзгеше бір амалмен ғана, алайда оған күштерің жетпейді!” – деді. Сұрақ сұраушылар екінші, үшінші мәрте сол сұрақтарын қайталай берді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр қайталанған сайын сол жауабынан танбай: “Өзгеше бір амалмен, алайда оған күштерің жетпейді!” – деді де, артынша мына сөздерін айтты: “Алла жолында күрескен жауынгердің мысалы күндіз-түні еш кідірместен тынымсыз ораза ұстап, намаз оқыған, Алланың аяттарына мойынсұнып, Алла жолына кеткен жауынгер жиһадтан қайтып оралғанға дейін намазы мен оразасынан еш мүлт кетпеген (босаңсымаған) адам іспетті”, – деді».75

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисінде жиһад арқылы қол жеткізетін сауапқа намаз, ораза іспетті Алланың құзырында қадірлі болған өзге амалдар мен ғибадаттар арқылы қол жете қоймайтындығын айтқан. Мұны түсіндіру үшін жауынгердің жиһад үшін үйінен шыққан сәтінен бастап қайтып оралатын кезіне дейінгі мерзім ішінде ешбір үзіліссіз ораза ұстап, намаз оқыған адамның сауабы сынды сауапқа кенелетіндігін, ал мұндай құлшылыққа ешбір пенденің күші жетпейтіндігін айтқан. Талқыланып отырған риуаятта өткен «футур» сөзін «үздіксіз» деп аудардық. Үздіксіз күні-түні намаз оқу және ораза ұстау және бұл істі жауынгер қайтып оралғанға дейін айлар бойы жалғастыру мүлде мүмкін емес. Бұған ешбір пенденің күші жетпейді. Хадистегі айтылмақ ойдың түп төркіні осы. Хадистің Нәсәидегі нұсқасында былай делінген: «Мен жиһадқа тең келетін ешбір амал көрмедім. Қалай тең келсін?! Мужаһид жорыққа шыққан сәтте бірің мешітке кіріп еш кідірместен намаз оқып, еш кідірместен ораза ұстауға күштерің жете ме? Бұған кімнің күші жете қояр дейсің?»

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قِيلَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَىُّ النَّاسِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: مُؤْمِنٌ مُجَاهِدٌ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ. قِيلَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: رَجُلٌ فِي شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَتَّقِي اللَّهَ وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

(995) Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі, адамдардың ең абзалы кім?” – деп сұрады. Ол: “Алла жолында жанымен әрі малымен күрескен мүмін”, – деді. “Одан кейін кім?” – дегенде: “Тау аңғарларының бірінде тұрып, Алладан қорқатын әрі адамдарға зиянын тигізбейтін кісі”, – деп жауап берді».76

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадистерiнде Алла жолында жиһадтың қадір-қасиетін және мужаһидтің қоржынына түсетін мәртебе ұлылығын өзгеше бір тәсілмен баян еткен. Ғалымдар бұл хадисте айтылғандардың үкімін мына аят нақтылайды деседі: «Уа, иман келтіргендер! Сендерді жан төзгісіз азаптан құтқаратын өте табысты кәсіп көрсетейін бе?! Аллаға һәм расулына лайықты түрде иман келтіріп, Алла жолында мал-пұлдарыңды да, жандарыңды да аямай күресесіңдер. Біле білсеңдер, солай істегендерің өздерің үшін қайырлы болмақ. Сонда (Алла) күнәларыңды кешіріп, (жайқалған жасыл бауларының арасымен және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшаларына, түгесілмейтін нығмет пен мәңгілік шаттық мекені Адн жаннатындағы керемет үй жайларға орналастырады. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс деген – осы»77.

2. Хадистің тағы бір нұсқасында, «адамдар арасында мәртебесі жағынан ең қайырлысы», екінші бір нұсқасында: «Адамдар арасында иманы тұрғысынан ең кәмілі» делінген. Олай болса, Алла жолында малымен, жанымен жиһад жасау осы мағыналардың барлығын қамтиды. Адам иманы тұрғысынан ұлы істерді атқару арқылы ең ұлы мәртебеге қол жеткізбек. Жиһад парыз болған жағдайда одан қашу иман әлсіздігін көрсетеді.

3. Бұл хадис өзге парыздар мен уәжіптерді көзден таса қалдырып, тек жиһадты басты назарға алған жан туралы емес. Бұл хадисте айтылған мужаһид өзге парыздары мен уәжіптерін де орындай жүріп жиһад жасаған жан. Осы тұрғыдан қарағанымызда, ол Алла жолына нәпсісін де, малын да шынайы пида еткен жан болмақ.

Жиһад жасаған екенмін деп намазын қаза етіп жүрген мужаһидтің ықыласы мен шынайылығы жайлы сөз қозғау қиын. Қызу майданның өзінде оқылатын намазға78 және бұл қызу майданның өзінде жамағатпен өтелетін намаздың өзіне ынталандырған және осы мәселеге қатысты толық мәліметтерді қамтыған79 аяттарды ескермей, Алла жолында жиһад жасаған екенмін деп намазды қаза ету құлдық әдебіне жараспайды. Құлдың кез келген сәтте және кез келген жағдайда Раббысының алдында өте кішіпейіл әрі жалынып-жалбарынып тұруы әдебінің белгісі. Мұндай жағдайдағы пенденің құлшылықтарды тастап, жиһад жасадым, ұлы амал атқардым деп елемей жүруі дұға-тілек жасаудың орнына кінә арту, жалбарынудың орнына міндетсінуге көшу. Мұндай адамның жағдайы ықыластың шыңынан күнәһарлықтың құзына қарай құлдилау болмақ.

4. Хадистің келесі бөлігінде мужаһидтен кейінгі мәртебеге сай келетін мұсылман жайында сөз қозғалуда: «Алладан қорыққандықтан адамдарға зияным тимесін деп жеке өмірге (тыныштыққа) бас қойған жан». Тыныштық сөзін «таса», «бұрыш», «тыныштыққа бөленетін жеке мекен» деген сөздермен де беруге болады. Өйткені хадисте айтылған «шиғб» сөзі «екі таудың ортасындағы алаң» деген мағынаға келеді. Демек, тыныштық беретін орын деп түсініледі.

Хадистің осы бөлімін де түрлі жолдармен риуаят еткен. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен бір нұсқасында былай делінген: «Тыныш бір мекенге оңаша кетіп, намазын оқып, зекетін беріп, адамдардың зұлымдығынан тыс қалған жан».

Адамдардан оңаша қалу, қоғамнан аулақтау мәселесін дұрыс түсініп, мұның шарттарын жақсы біліп алған жөн. Жиһад кезінде жекеленуге болмайтыны іспетті, кейде жеке тұлғаның жағдайына қарай оңаша қалудың кейде адал, кейде харам болатын кездерінің бар екенін ұмытпаған жөн. Әбу Һурайраның (р.а.) риуаяты бойынша бір кісі тәтті суы бар, адамдар көп бара бермейтін бір жерге кез болғаннан кейін, сол жерде оңашаланып отыру үшін Алла Елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрады. Расулалла оған рұқсат бермей былай деді:

لَا تَفْعَلْ فَأَنَّ مَقَامَ اَحَدِكُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ اَفْضَلُ مِنْ صَلَاتِهِ فِي بَيْتِهِ سَبْعِينَ عَامًا

«Олай істеме. Араларыңнан бір кісінің Алла жолында тұруы үйінде жетпіс жыл намаз оқығанынан абзал».

Бұл рұқсат сұраған кісі жайлы нақты мәлімет берілмесе де, Алла жолында жүруге лайықты жан болғандығы анық. Адам баласы жасы, денсаулығы, білімі, халық арасындағы абыройына сай Алланың разылығына себеп болатын белгілі бір қызметтерді атқаруына әбден болады. Жиһад – жақсылыққа үндеу, өзгеге үлгі бола білу, жәрдемдесу сынды жолдармен де атқарылатыны секілді, міндетті түрде дұшпанға қарсы қару кезенумен бола бермейтіндігі де айқын.

Қоғамнан оңашалану мәселесі – ғалымдардың көп талқылаған мәселелерінің бірі. Ғұламалардың көпшілігі оңашалануға бүліктер қаптаған кездерде рұқсат етілетіндігін, яғни, мұсылмандар арасында өзара алауыздықтар туындаған сәтте болатындығына бір ауыздан келіскен.

5. Хадисте айтылған тағы бір маңызды мәселе ол: يَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ бұл сөйлем «адамдардың жамандығынан қашқан» деген мағынаға сай келетіндігіндей, «адамдарға зиян тигізуден қашу» деген мағынаға да келеді. Сондықтан аудармадағы нақты емес кеңірек мағынаны қамтитындай етіп алып «адамдарға зияным тимесін деп...» деп аудардық.

Кейде біреудің өзгелердің жамандығынан қашу арқылы дәрежесін өсіре алатыны секілді, кейде өзгеге залалын тигізуден қашудың өзі де дәрежесін көтеруі мүмкін. Сонымен қатар, кейде біреу зиянды істерден өз-өзін тыйса да, өзінің сол жерде болуының өзі зиян тигізетін шарттарға жатуы мүмкін. Мұндай жағдайларда саналы түрде адамдардан аулақ кетіп оңаша қалу, әлгі кісінің дәрежесін өсіруі мүмкін. Ол мұндай жағдайда тек Алла жолында болуды мақсат етсе болғаны.

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِخَيْرِ النَّاسِ وَشَرِّ النَّاسِ أَنَّ مِنْ خَيْرِ النَّاسِ رَجُلًا عَمِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ عَلَى ظَهْرِ فَرَسِهِ أَوْ ظَهْرِ بَعِيرِهِ أَوْ عَلَى قَدَمِهِ حَتَّى يَأْتِيَهُ الْمَوْتُ. وَأَنَّ مِنْ شَرِّ النَّاسِ رَجُلًا يَقْرَأُ كِتَابَ اللَّهِ لَا يَرْعَوِي بِشَيْءٍ مِنْهُ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(996) Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Сендерге адамдардың ең қайырлысы мен ең зияндысының кім екенін айтып берейін бе? Атымен я болмаса жаяу күйде өле-өлгенше Алла жолында қызмет қылған адам – ең жақсы адам. Ал адамдардың ең жаманы – Алланың кітабын оқи тұра (әмірлері мен тыйымдарына) құлақ аспайтын кісі”».80

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِخَيْرِ النَّاسِ؟ رَجُلٌ مُمْسِكٌ بِعِنَانِ فَرَسِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى. أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِالَّذِي يَتْلُوهُ؟ رَجُلٌ مُعْتَزِلٌ فِي غُنَيْمَةٍ لَهُ يُؤَدِّي حَقَّ اللَّهُ تَعَالَى فِيهَا. أَلَا أَخْبِرُكُمْ بِشَرِّ النَّاسِ؟ رَجُلٌ يَسْأَلُ اللَّهَ تَعَالَى وَلَايُعْطِي بِهِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

(997) Ибн Аббас былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Сендерге адамдардың ең қайырлысы мен ең зияндысының кім екенін айтып берейін бе? Алла жолында ат тізгінін босатпай, жақсылықтың жаршысына айналған кісі. Одан кейінгісінен хабар берейін бе? Ол отарының соңында, адамдардан аулақта жүрсе де, Алла ақысын аяқ асты етпеген кісі. Ал адамдардың ең жаманы – Алладан сұрағанымен Алла үшін бермейтін жан”».81

1. Алла жолында ат тізгінін ұстау, кез келген сәтте Алла разылығына сай келетін істерге әзір тұру керек. Мейлі бұл жиһадта болса да, басқа кезде болса да бәрібір.

2. Жақсы амалдардың қатарына жатқызылған істердің бірі жұрттан оңаша қалып, ғибадатпен айналысу барысында зекет беруді тоқтатпау керек екендігі айтылған.

3. Хадистің соңғы бөлімі Муаттаның риуаятында қамтылмаған. Нәсәи және Тирмизиде келген нұсқалары «Тәйсирден» сәл ғана өзгеше. Адамдардың ең жаманын былай деп сипаттаған: رَجُلٌ يَسْأَلُ بِاللَّهِ وَلَا يُعْطِي بِهِ. яғни, «Алланың атымен сұрайтын, бірақ өзінен Алланың атымен сұраса, бермейтін кісі».

Синдидің айтуынша бұл жерде екі түрлі жағымсыз іс орын алып тұр:

1. Алланың атымен сұрау. Бұл жағымсыз іс. Себебі сұрағанын әлгі кісі бермейтін болса немесе бергісі келсе де жағдайы болмаса, Алланың атымен сұралған нәрсені бермеуі жақсы емес. Мүмін адам Алланың атымен айтылған істерге ат үсті қарай алмайды. Сол себепті, талап етілгенді бере алмаған сәтінде көңілінде өкініш пен орындай алмай қалған амалы үшін жағымсыз күй кешеді.

2. Алланың атымен талап етілген істі жасамау. Мүміннің мұндай іс жасауы мұсылмандық әдепке сай емес. Алланың атымен сұралған болса мүмкіндігінше жасауы тиіс.

Олай болса Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алланың атымен сұрап қарсы тарапты мүшкіл халде қалдыруды, әрі Алланың атымен сұралған сәтте орындамайтындарды адамдардың ең жаманы екендігін баян еткен. Хадистегі يَسْأَلُ «иәсәлу» деген сөзді يُسْأَلُ «иусәлу» деп, яғни, ырықсыз етіс тұлғасында оқи отыра «Алланың атымен сұрағанды бермеген...» деп түсінгендер де болған. Кез келген жағдайда да адамды жайсыз жағдайда қалдыру ешбір мұсылманға жарасатын қылық емес. Әсіресе, Алланың атымен сұрауды әдетке айналдырып алудан аулақ болып, Алланың атына құрмет танытқан абзал.

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: سِيَاحَةُ أُمَّتِي الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ

(998) Әбу Умама (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Үмбетімнің саяхаты – Алла жолындағы жиһады”».82

Хадистің Әбу Дәуітте келген түпнұсқасында бір кісі Алла Елшісінен (с.а.с.) саяхатқа шығу үшін рұқсат сұрайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Үмбетімнің саяхаты Алла жолындағы жиһад», – деп рұқсат бермейді. Алайда хадис түсіндірмесін жазғандар бұл жердегі саяхаттың мақсаты елден жырақтап, шөл далада өмір сүру, жұма намаздары мен жамағаттан іргесін аулақ салу деп түсіндірген.

«Сиражул Мунирде» бұл кісінің араласып жүрген ортасынан, адал заттардан және кейбір ләззаттардан алыстап, жұма (намазы) мен жамағатты, ғылым-білімді және осыған ұқсас жағдайлардан бас тартып нәпсісіне (өз-өзіне) қиындық туғыза отырып тәрбиелеуді мақсат етіп рұқсат сұрағандығы айтылған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Осман ибн Мазғунның (р.а.) отау құрмау (үйленбеу) үшін сұраған рұқсатын кері қайтарғаны іспетті, бұл кісінің де қоғамнан бас тартып сахараны бетке алу үшін сұраған рұқсатын да қабыл алмаған.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ:لَا يَلِجُ النَّارَ رَجُلٌ بَكَى مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ تَعَالَى حَتَّى يَعُودَ اللَّبَنُ فِي الضَّرْعِ، وَلَا يَجْتَمِعُ عَلَى عَبْدٍ غُبَارٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَدُخَانُ جَهَنَّمَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ وَالنَّسَائِي.

(999) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Алладан қорыққандықтан көз жасын төккен жан, сүт омырауға қайтып кіргенге дейін отқа (тозақ отына) түспейді. Алла жолында жүрген бір құлдың үстіне жұққан шаңның тозаңымен тозақтың түтіні бірікпейді (жалыны шарпымайды)”».83

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: عَيْنَانِ لَا تَمَسُّهُمَا النَّارُ عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(1000) Ибн Аббас былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) былай айтқанын естідім: “Екі түрлі көз бар, оларға от (тозақ оты) тимейді: Бірі – Алла үшін жас шығарған көз, екіншісі – Алла жолында таң күзетіп көз ілмеген көз”».84

Алладан қорыққандықтан жылау көбінесе Алланың әмірлеріне толық мойынсұну мен тыйымдарынан аулақ болудың нәтижесінде ғана сезілетін көңіл-күй. Бұл құлшылықта жоғары деңгейге қол жеткізу деген сөз. Алладан қорыққандықтан көз жасын төгу кейде күнәһар екендігін түсінгендіктен, дәл сол сәттегі нәпсінің жаманшылығынан бойын аулақ ұстауға күш– жігер жұмсау арқылы болады. Ал бұл – ықыласпен жасалған тәубенің нәтижесі. Кез келген екі жағдайда да мейірімді Алланың мүмін құлын кешіретіндігінің белгісі. Расулалла бұл сүйіншіні былай баяндаған: «Алла жолында таң атқанша жұмылмаған көз» деп аударған сөздің түп нұсқасы تَحْرُسُ «қорғау» түбірінен туады. Яғни, белгілі бір аймақты дұшпаннан қорғап, күзетте тұрып таң атырған деген мағынаға саяды. Алайда риуаяттарда «Алла жолында» деген сөз әрдайым «дұшпанға қарсы қарулы күрескен (жиһад жасаған)» деп түсіну қате. Өйткені расулалланың хадистерінде жиһад жайлы түсініктеме берілген кезде ауқымдырақ мағыналарға жол беріліп, адамның өз нәпсісімен жасаған күрес те жиһад аясына жатқызылған. Олай болса, Алла разылығын көздеп жасалған кез келген еңбек те жиһад іспетті қастерлі болмақ. Сондықтан хадисшілер «ғылыммен айналыса отырып», «ғибадат жасай жүріп», «қажылық жасай жүріп», «шайқаса жүріп» көз ілмей атырған барлық таңдардың осыған жататындығын айтқан. Қарулы шайқаста дұшпаннан дін мен мұсылмандарды, Отан мен бала-шағаны қорғу үшін көз ілмей атырға ұзақ таңдар хадистің негізгі айтпақ болған мағынасы екенін ұмытпауымыз керек. Аласапыран соғыс уағында бұл өте жоғарғы дәрежелі амалдардың қатарына кіреді. Дәл сол секілді бейбітшілік кезінде ғылым үшін, ғибадат үшін көз ілмей атырылған таңдар да ниетіне сай соншалықты құнды болмақ.

Тиби «жас төккен көз» деу арқылы нәпсісімен күрескен «ғалым тақуа» жайлы айтылғандығын алға тартады. Сбебі аятта «Алланың құлдарының арасында Одан қорқатын, тек ғалымдар ғана»85, – деп келгендігін айта келе «Бұл жердегі хашият (қорқыныш сезімі) тек ғалымдарға ғана тән деп көрсетілген. Демек, бұл өзгелерде кездеспейтін сезім. Осылайша екі көз иесінің арасында, яғни нәпсімен және шайтанмен күресуші мен дінсіздерге қарсы жиһад жасаушының көздері бір-біріне ұқсас, осы хадистің аясына кіреді», – дейді.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَجْتَمِعُ كَافِرٌ وَقَاتِلُهُ فِي النَّارِ أَبَدًا، وَلَا يَجْتَمِعُ فِي جَوْفِ عَبْدٍ غُبَارٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَفَيْحُ جَهَنَّمَ وَلَا يَجْتَمِعُ فِي قَلْبِ عَبْدٍ الْإِيمَانُ وَالْحسَدُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1001) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла былай деді: “Кәпір мен оны өлтірген кісі жаһаннамда ешқашан бір жерде кездеспейді, сол сияқты бір құлдың ішінде (асқазанында), Алла жолында жүріп (жұтылған) тозаң мен жаһаннам оты бір-бірімен қосылмайды. Дәл сол сияқты адамның жүрегінде иман мен қызғаныш сезімі бір сәтте орын алмайды”».86

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кәпір мен оны өлтірген кісінің жаһаннамда ешқашан бір мекенде болмайтынын айтқан. Қади Ияд бұл мәселені былай түсіндіреді: «Бұл үкім кәпірді жиһад барысында өлтірген мұсылманға қатысты айтылса керек. Бұл амалы мұсылманның күнәларына кәффарат (қалқан) болады және күнәлары үшін жазаға тартылмайды. Яки бұл өлтіру мәселесі кек алу ниеті немесе қасақана жасалған болса, жаза жоқ. Немесе мүмін жазасын жаһаннамнан тыс (мәселен, Ағрафта жаннатқа кірмей тұрып баратын бір мекенде) тартады, бірақ тозақ отына кірмейді. Не болмаса жаһаннамда жазасын өтесе де, кәпірлердің жазасын тартатын мекеннен тыс бір жерде жазасын өтейді және ешқашан (екеуі) бір мекенде бірге болмайды».

Қади Ияд мынадай екі себепке сүйене отырып осы болжамға барған:

a) Хадис жалпылама мағынада келген, қандай жағдайда кәпір өлтірілсе сауап болатындығы нақты айтылмаған. Ал дініміз бұл мәселелерде белгілі бір мәліметтер белгілеген. Шайқас барысында, жиһад кезінде және сол сияқты жерлерде. Бейбітшілік кезінде яки қоғамға ешбір зияны жоқ кәпірді өлтіруге болмайды.

ә) Мүмин кісі жиһадқa қатысып кәпірді өлтірсе де кейіннен күнәһар болып кетуі мүмкін. Сол күнәларының салдарынан жаза өтеуге мәжбүр болуы да әбден мүмкін.

Қади Ияд осы үкімдерді келтіре отырып хадистің мәнін аша түскен.

Хадистің екінші жартысында жиһадтың артықшылығы жайында сөз қозғалған. Алла жолында тартқан азап «шаң-тозаң жұту» деген сөзбен білдірілген. Алла жолында соғысу, Алла разылығы үшін ғылым іздену, Алла үшін жәрдемдесуге асығу сынды ниеті тек қана Алла бола отырып тартқан азаптар күнәларға кәффарат (қалқан) болады. Тартқан азаптарына қарамай жаза өтеуді міндет ететіндей күнә жасаған жанның жағдайы Қади Иядтың жоғарыда берілген түсіндірмелеріне сай болмақ.

Хадистің үшінші үкімі қызғаныштың иманмен қатар бір жүректе орын алуы мүмкін емес екендігі. Бұл хадис жалпылама алынар болса, қызғаншақтардың барлығын «кәпір» деу керек болар еді. Алайда олай айтуға рұқсат етілмеген. Ғалымдарымыз мұндай сөздерді айтудан тыйып, мұнда айтылған иман «кәміл иман» дейді. Сондықтан хадисті ақида мәселесімен байланыстыра отырып былай түсіну керек: «Қандай да бір құлдың жүрегінде кәміл иман мен қызғаныш сезімі бір сәтте орын алмайды».

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ رَضِيَ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمًّدٍ رَسُولًا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ. فَعَجِبْتُ لَهَا. فَقُلْتُ: أَعِدْهَا عَلَىَّ يَا رَسُولَ اللَّهِ فَأَعَادَهَا. ثُمَّ قَالَ: وَأُخْرَى يَرْفَعُ اللَّهُ بِهَا الْعَبْدَ مِائَةَ دَرَجَةٍ فِي الْجَنَّةِ، مَا بَيْنَ كُلِّ دَرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ. قُلْتُ: وَمَا هِيَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.

(1002) Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні былай деді: “Кім Раббысы ретінде Алладан, дін ретінде Исламнан, пайғамбар ретінде Мұхаммедтен разы болса, оған жәннат уәжіп болмақ”. Бұл сөзге мен таң қалдым да: “Уа, Алла елшісі, қайталап айтасыз ба?” – дедім. Ол кісі дәл солай қайталады да мына бір сөзді қоса айтты: “Тағы бір амал бар, Алла Тағала сол арқылы құлдың жәннатағы мақамын жүз есе арттырады. Бұл екі дәреженің арасы жер мен көктей”. Мен білгім келіп ұмсынып: “Ол амал не екен?” – дедім. Ол кісі былай жауап берді: “Алла жолында жиһад, Алла жолында жиһад, Алла жолында жиһад!”»87

أَنَّ اَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ فِي الْجَنَّةِ اَهْلَ الْغُرَفِ كَمَا تَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ الدُرِّيَّ الْغَارِبَ فِي اُفُقِ الطَّالِعِ فِي تَفَاضُلِ اَهْلِ الدَّرَجَاتِ. فَقَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ اُولئِكَ النَّبِيُّونَ؟ فَقَالَ ﷺ بَلَى وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ وَأَقْوَامٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الرُّسُلَ

«Жәннат тұрғындары биік бөлмелердің иелерін сендер шығыс не батыс көкжиегінде батып бара жатқан жарқыраған жұлдызды көргендей көреді».

Бұл хадисте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиһад арқылы мүміннің жететін дәрежелерінің өте жоғыры екенін білдірген. Ғалымдар хадистің тікелей мағынада келгені секілді астарлы мағынада, рухани дәреже жайында айтылуы мүмкін дегенді айтады. Тікелей мағынасында айтылған дейтін болсақ, жәннаттың дәрежелері деуге болады. Сырты ішінен, іші сыртынан көрінетін жаннат төріне шыққандар бір-бірін жарық жұлдыздар іспетті тамашалап отыратын болады.

أَنَّ اَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ فِى الْجَنَّةِ اَهْلَ الْغُرَفِ كَمَا تَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ الدُرِّىَّ الْغَارِبَ فِى اُفُقِ الطَّالِعِ فِى تَفَاضُلِ اَهْلِ الدَّرَجَاتِ. فَقَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ اُولئِكَ النَّبِيُّونَ؟ فَقَالَ ﷺ بَلَى وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ وَأَقْوَامٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الرُّسُلَ

«Жаннат қауымы ғураф деп аталатын дәрежелерді бейне бір сіздің шығыс көкжиегінде батайын деп тұрған жұлдызды көргеніңіз іспетті тамашалайды», – дейді Алла Елшісі. Ол кісіні тыңдап отырғандар: «Уа, Алла Елшісі, бұл кісілер пайғамбарлар ма?» – деп сұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әлбетте, жанымды құдіретімен ұстап тұрған Аллаға ант етейін, олар Аллаға сеніп пайғамбарларын растаған адамдар».

Осы және осыған ұқсас риуаяттар біз талдап отырған хадисті тікелей түсінуге болмайтындығын көрсетуде. Алайда бұл жердегі аталған дәрежелерді рухани дәреже деп түсінуге де болады. Ақыреттің ақиқаттарын толықтай түсінуге күшіміз де, санамыз да жетпейді. Бар екеніне, ішіндегі көркемдігіне иман келтіреміз, алайда дәл қалай екеніне келгенде «Анығын Алла біледі» деп тоқтаймыз.

Қади Ияд былай дейді: «Алланың жаннат қауымына сыйлаған нығметтері, кереметтері пенденің санасына сыймайды. Бұлардың бір-бірімен арасындағы айырмашылықтары өте орасан. Қадірі мен құндылығы жағынан, араларында жер мен көктей айырмашылық бар. Алайда алдыңғы жорамал (тікелей мағына) басымырақ».

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَضْحَكُ اللَّهُ تَعَالَى إِلَى رَجُلَيْنِ يَقْتُلُ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ كِلَاهُمَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ، يُقَاتِلُ هَذَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ يَسْتَشْهِدُ فَيَتُوبُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَى الْقَاتِلِ فَيُسْلِمُ فَيُقَاتِلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيَسْتَشْهِدُ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثةُ وَالنَّسَائِي.

(1003) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Алла екі кісіге мейірлене (күлімсірей) назар салады: Бұлардың бірі екіншісін өлтірсе де, екеуі де жұмаққа кіреді. Бұлардың екіншісі Алла жолында жиһад жасайды, сосын шейіт болады. Алла өлтірушіге (шейіт етушіге) мейірімін төгеді, ол да мұсылман болады, кейін Алла жолында жиһадқа қатысып ол да шейіт болады (Осылайша екеуі де жәннатта кездеседі)”».88

Хадисте өлген және өлтірген екі кісінің де жаза өтемей жаннатқа кіруі мүмкін болатын бір жағдайды мәлімдеп отыр. Мүмин кісі Алла үшін жиһад жасап жүріп шейіт болады да жаннатқа кіреді. Оны өлтірген кәпір кейіннен мұсылман болып жиһадқа қатысады да, ол да шейіт болады. Осылайша екеуі де жаннаттық болады. Міне, адам таңқаларлық осындай жағдайға Алла тағала мейірлене қарайды.

Хадистегі сөзді тікелей алар болсақ, яғни, «мейірлене қарау», «күлімсіреу» сөздері Аллаға байланысты тікелей мағынасымен қолдануға келмейді. Өйткені бұл жаратылғандарға тән сипат, рахаттану мен шаттыққа себеп болатын көңіл-күй. Олай болса, мұны екі адамның да жасаған істерінің Алла тағаланың дәргейінде қабыл болуы деп түсінеміз. Хадисте Алланың разылығы «күлімсіреу» деген сөз арқылы жеткізілген, себебі екі амал бір-біріне қарама-қайшы болғанмен, екеуі де қабыл болады. Сонымен қатар, хадистің тағы бір нұсқасында «күлімсірейді» деп емес, «таң қалады», «таңырқайды» يَعْجَبُ مِنْ رَجُلَيْنِ деп келген.

Сонымен қатар, Бұхари бұл «күлімсіреуді» өзге бір жерде «риза» деп емес, «мейірім» деп тәуил жасаған. Алайда «риза» мен тәуил жасау дұрысырақ. ضَحِكَ «күлу» сөзінің إِلَى артиклі арқылы келуі «біреуге күлімсіреп қарау» деген мағынаға сай келеді. Сәләф ғалымдарының (алдыңғы ғалымдардың) көпшілігі осыған ұқсас түрлі мүтәшәбиһ (астарлы мағынасы бар) сөздерді тәуил жасамауды жөн көріп, тек қана хадисті риуаят етумен ғана шектелген. Мутәаххирун (кейінгі) ғалымдар Алла жайында негізгі ақида ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп тәуил жасаған.

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنِ احْتَبَسَ فَرَسًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِيمَانًا بِاللَّهِ وَتَصْدِيقًا بِوَعْدِهِ فَأَنَّ شِبَعَهُ وَرِيَّهُ وَرَوْثَهُ وَبَوْلَهُ فِي مِيزَانِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، يَعْنِي حَسَنَاتٍ» أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالنَّسَائِي.

(1004) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Кімде-кім Аллаға иман етіп, берген уәдесінде тұрып, Алла жолында (қолдану мақсатында) бір ат баптаса, бұл жылқының жегені, терісі, тезегі, зәрі қиямет күні таразыға тартылады, яғни, иесіне сауап болып жазылады”».89

اَلْخَيْلُ مَعْقُودٌ فِي نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. اَلْخَيْلُ ثَلَاثَةٌ فَهِيَ لِرَجُلٍ اَجْرٌ وَهِيَ لِرَجُلٍ سِتْرٌ وَهِيَ عَلَى رَجُلٍ وَزْرٌ فَاَمَّا الَّذِي هِيَ لَهُ اَجْرٌ فَالَّذِي يَحْتَبِسُهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيَتَّخِذُهَا لَهُ وَلَا تُغَيِّبُ فِي بُطُونِهَا شَيْئًا إِلَّا كُتِبَ لَهُ بِكُلِّ شَىْءٍ غَيَّبَتْ فِي بُطُونِهَا اَجْرٌ وَلَوْ عَرَضَتْ لَهُ مَرَجٌ فَاَطَالَ لَهَا فِي مَرْجٍ أَوْ رَوْضَةٍ فَمَا اَصَابَتْ فِي طَيْلِهَا ذَلِكَ فِي الْمَرْجِ اَوِ الرَّوْضَةِ كَانَ لَهُ حَسَنَاتٌ وَلَوْ اَنَّهَا قَطَعَتْ طَيْلَهَا ذَلِكَ فَاسْتَنَّتْ شَرَفًا اَوْ شَرَفَيْنِ كَانَتْ آثَارُهَا وَفِي حَدِيثِ الْخَرْثُ وَاَوْرَاثُهَا حَسَنَاتٍ لَهُ. وَلَوْ اَنَّهَا مَرَّتْ بِنَهْرٍ فَشَرِبَتْ مِنْهُ وَلَمْ يُرِدْ اَنْ تُسْقَى كَانَ ذَلِكَ حَسَنَاتٍ فَهِيَ لَهُ اَجْرٌ وَرَجُلٌ رَبَطَهَا تَفَيُّبًا وَتَعفُّفًا وَلَمْ يَنْسَ حَقَّ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ فِي رِقَابِهَا وَلَا ظُهُورِهَا فَهِيَ لِذَلِكَ سَتْرٌ وَرَجُلٌ رَبَطَهَا فَخْراً وَرِئَاءً وَنواءً لِأَهْلِ الإِسْلَامِ فَهِيَ وِزْرٌ عَلَى ذَلَكَ

«Қиямет күніне дейін жылқының кекіліне қайыр байланған. Жылқы үш түрлі: бір кісіге сауап, екіншісіне қалқан, үшіншісіне күнә болады».

1. Бұл хадисте «асырау» деп аударған сөзіміздің негізі «ұстау», «қайырымдылыққа беру», «жеке басы үшін қолданбау» деген мағынаға келеді. Кейбір ғалымдар бұл хадиске сүйене отырып жылқы және соған ұқсас малдың қайырымды істерге берілуі рұқсат деген үкім шығарған.

2. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғыстарда аттың керек екенін көп хадистерінде баяндап, ат баптауды үмбетіне үлгі еткен. Сондай хадистердің бірі мынадай:

اَلْخَيْلُ مَعْقُودٌ فِى نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. اَلْخَيْلُ ثَلَاثَةٌ فَهِىَ لِرَجُلٍ اَجْرٌ وَهِىَ لِرَجُلٍ سِتْرٌ وَهِىَ عَلَى رَجُلٍ وَزْرٌ فَاَمَّا الَّذِى هِىَ لَهُ اَجْرٌ فَالَّذِى يَحْتَبِسُهَا فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَيَتَّخِذُهَا لَهُ وَلَا تُغَيِّبُ فِى بُطُونِهَا شَيْئًا إِلَّا كُتِبَ لَهُ بِكُلِّ شَىْءٍ غَيَّبَتْ فِى بُطُونِهَا اَجْرٌ وَلَوْ عَرَضَتْ لَهُ مَرَجٌ فَاَطَالَ لَهَا فِى مَرْجٍ أَوْ رَوْضَةٍ فَمَا اَصَابَتْ فِى طَيْلِهَا ذَلِكَ فِى الْمَرْجِ اَوِ الرَّوْضَةِ كَانَ لَهُ حَسَنَاتٌ وَلَوْ اَنَّهَا قَطَعَتْ طَيْلَهَا ذَلِكَ فَاسْتَنَّتْ شَرَفًا اَوْ شَرَفَيْنِ كَانَتْ آثَارُهَا وَفِى حَدِيثِ الْخَرْثُ وَاَوْرَاثُهَا حَسَنَاتٍ لَهُ. وَلَوْ اَنَّهَا مَرَّتْ بِنَهْرٍ فَشَرِبَتْ مِنْهُ وَلَمْ يُرِدْ اَنْ تُسْقَى كَانَ ذَلِكَ حَسَنَاتٍ فَهِىَ لَهُ اَجْرٌ وَرَجُلٌ رَبَطَهَا تَفَيُّبًا وَتَعفُّفًا وَلَمْ يَنْسَ حَقَّ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ فِى رِقَابِهَا وَلَا ظُهُورِهَا فَهِىَ لِذَلِكَ سَتْرٌ وَرَجُلٌ رَبَطَهَا فَخْراً وَرِئَاءً وَنواءً لِأَهْلِ الإِسْلَامِ فَهِيَ وِزْرٌ عَلَى ذَلَكَ

«Қияметке дейін аттың маңдайына қайырлы іс жазылған. Ат баптайтындардың алдында үш жылқы бар: бір жылқы асыраушыға сауап болатын, енді бірі асыраушысын оттан қоғайтын қалқан, енді бірі иесіне күнә.

а) Қадірлі ат: Бұл иесі тарапынан Алла жолында қолданылу үшін бапталған ат. Бұл ат не жесе де, иесіне жегендерінің әрбірі сауап болады. Ал егер жолда кетіп бара жатып бір жайылымға тап болса және иесі оны сол жерге немесе бір бақшаға байласа, арқаны жеткен жерге дейінгі жайылым немесе бақшадан жей алған әрбір нәрсесі оған сауап болады. Ат жібін үзіп кетіп бірнеше адым ілгері кетсе, оның жүрген әрбір жері сол сәтте тастаған әрбір тезегі де оған сауап болады. Ал ат бір өзенге барып су ішсе, оның ішкен суы да иесіне сауап болып жазылады.

ә) Қалқан болған ат. Ешкімге мұқтаж болмауы үшін көлік үшін қолданып, жем-суын беріп бапталған ат. Мұндай жағдайда малға тиесілі зекет, мұқтаждарға қарызға беру сынды жолдармен төленеді. Міне, бұл жылқы иесін (тозақ отынан қорғайтын) перде болмақ.

б) Күнә болған ат. Бұл жылқыны егесі мақтану үшін және айналасындағыларға мұрнын шүйіріп қарау үшін баптаған. Мұндай ат иесінің мойнына ауыр жүк болмақ...»

Әскери мақсатта ат баптауға деген құлшынысты ояту үшін бұдан артық үгіт керек те емес. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әскерде қияметке дейін атқа деген қажеттіліктің болатындығын баян еткен. Бүгінгі таңда аттың орнын моторлы көліктер басты. Дегенмен бензиннің таусылуы, моторлы көліктерді сатып алудағы қиындықтар, тау-тасты жерлердегі шарттардың қолайсыздығы сынды жағдайларда міну үшін алдын-ала баптауда ұстап отыратын жылқылардың болатындығы анық.

3. Хадис түсіндірмесін жасаушылар жылқыға қатысты жем, су, тер сынды мәселелердің өзі қияметте сауап болатындығын айтқан. Кейбір риуаяттарда Алла разылығы үшін ат баптау тауқымеіне шыдаған жан рухани ұлылыққа қол жеткізетіндігі айтылған.

4. Бүгінгі таңда әскерде ат қолданыстан қалған. Хадисте өткен аттың орнына дәл сондай қызметке жарайтын моторлы көліктердің айтылып тұрғандығын жақсы ұғынғанымыз абзал.

وَعَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْبَدْرِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ بِنَاقَةٍ مَخْطُومَةٍ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فَقَالَ هَذِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى. فَقَالَ ﷺ: لَكَ بِهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ سَبْعُمِائَةِ نَاقَةٍ كُلُّهَا مَخْطُومَةٌ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.

(1005) Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) ноқталанған түйе алып келіп: “Бұл Алла жолына пида еткен садақам”, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі кісіге: “Мұның үшін саған қиямет күні, ноқталанған жеті жүз түйе бар (беріледі)!” – деді».90

وَعَنْ عَدِي بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَىُّ الصَّدَقَاتِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: إِخْدَامُ عَبْدٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ إِظْلَالُ فُسْطَاطٍ أَوْ طَرُوقَةُ فَحْلٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(1006) Ади ибн Хатим (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.): “Садақаның қайсысы артығырақ (Алланың құзырында құндырақ)?” – деп сұралғанда, ол былай жауап берді: “Алла жолында бір құлды қызметке орналастыру үшін немесе Алла жолында (әскерлер үшін) бір күрке тігу (сыйлау) немесе төлдейтін шаққа жеткен түйені (атау, қарызға немесе уақытша) беру”».91

وَعَنْ زَيْدٍ بْنِ خَاِلدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَقَدْ غَزَا، وَمَنْ خَلَفَ غَازِيًا فِي أَهْلِهِ بِخَيْرٍ فَقَدْ غَزَا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

(1007) Зәйд ибн Халид әл-Жуһәни (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла жолына аттанған жауынгерді жабдықтаған адам өзі де жорыққа шыққандай болады. Жауынгердің үй-ішіне жақсылықпен қарайласқан кісі де жорыққа шыққандай болады», – дегенін жеткізген.92

وَعَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: سَتُفْتَحُ عَلَيْكُمُ الْأَمصَارُ، وَسَتَكُونُ جُنُودٌ مُجَنَّدَةٌ تَقْطَعُ عَلَيْكُمْ؛ فِيهَا بُعُوثٌ يَكْرَهُ الرَّجُلُ مِنْكُمْ الْبَعْثَ فِيهَا فَيَتَخَلَّصُ مِنْ قَوْمِهِ ثُمَّ يَتَصَفَّحُ الْقَبَائِلَ يَعْرِضُ نَفْسَهُ عَلَيْهِمْ يَقُولُ: مَنْ أَكْفِهِ بَعْثَ كَذَا وَكَذَا؟ أَ فَهُوَ الْأَجِيرُ إِلَى آخِرِ قَطْرَةٍ مِنْ دَمِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1008) Әбу Әйюб (р.а.) былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Сендерге көптеген елдің фәтхы (азат етілуі) бұйырады. Сол жерлерде (көрші кәпірлермен жиһад жасау үшін) аттанған әскер жасағын көресіңдер. Сендерге сол жасақпен бірге жорыққа шығу міндеттеледі. Кейбірің соларға (шын көңілімен) жорыққа шыққысы келмей, адамдардың арасына араласып жорыққа (ақы төленбеген жағдайда) қатыспаудың жолын іздей бастайды. Артқы жақтан өздерімен келісетін тайпалар іздеп, оларға; ‘Пәленше жасаққа қарсы сендерге ақылы түрде қосылсам, маған ақы төлейтін табылмас па, пәленше жасаққа қарсы сендерге ақылы түрде қосылсам, маған ақы төлейтін табылмас па?’ дейді.

Біліп қойыңдар, (жорықтан қашқақтаған бұл кісі) қанының соңғы тамшысын ағызса да тек жалшы ғана (шынайы жауынгер емес, шейіт болып саналмайды, ақыреттік сауаптан мақұрым қалады)”».93

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисте жорықтың Алла разылығы үшін атқарылу керектігі айтылған. Дүниелік төлем-ақыға бола шайқасып қаза тапқан жауынгер шейіт болып саналмайды. Хаттаби бұл хадискe сүйене отырып: «Жиһад үшін төлемақыға келісу рұқсат етілмеген» дейді. Ғалымдар осындай тәсілмен (ақылы түрде) соғысқа қатысқан жан, қолға түсірген ғаниматын (олжасын) бөлісе ме, жоқ па деген мәселеде пікірталасқа түскен. Әузаи: «Әскерлерге қызмет қылу үшін ақылы жалданған кісіге ғаниматтан (олжадан) үлес жоқ» дейді. Исхақ ибн Рахия да осы көзқараста. Суфиян Сәури болса: «Ғаза және мұқаталаға қатысса, бөлісуге де қатысуы тиіс» деген. Имам Mәлик және Ахмад ибн Ханбал: «Сапарға қатысқан және мұқатала барысында ардагерлермен (ғазилармен) бірге болған болса (өз басы соғысқа тікелей қатыспаған болса да) бөлісуге қатысады» дейді.

وَعَنْ زَيْدٍ بْنِ أَسْلَمَ قَالَ: «كَتَبَ أَبُو عُبَيْدَةَ إِلَى عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَذْكُرُ لَهُ جُمُوعًا مِنَ الرُّومِ وَمَا يَتَخَوَّفُ مِنْهُمْ. فَكَتَبَ إِلَيْهِ عُمَرُ: أَمَّا بَعْدُ فَإِنَّهُ مَهْمَا يَنْزِلُ بِعَبْدٍ مُؤْمِنٍ مِنْ مَنْزِلِ شِدَّةٍ يَجْعَلُ اللَّهُ تَعَالَى بَعْدَهُ فَرَجًا، وَإِنَّهُ لَنْ يَغْلِبَ عُسْرٌ يُسْرَيْنَ، وَأَنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ فِي كِتَابِهِ: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اصْبِرُوا وَصَابِرُوا وَرَابِطُوا وَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1009) Зәйд ибн Әсләм былай дейді: «Әбу Убәйда Омарға хат жазып, Рум жамағаттары жайлы және солардан қауіп келіп қалады-ау деп алаңдайтындығын айтты. Әзірет Омар (р.а.) оған былай жауап жазып жіберді: “Мынаны біл, мүмін құлға қайдан болмасын бір қиындық тиер болса Алла содан кейін бір шығар жол (жетістік, жеңіс, азаттық) нәсіп етеді. Қандай да бір қиындық екі жеңілдікке басым келе алмайды. Алла Тағала Құран кәрімде: ‘Уа, мүміндер, сабырлы болыңдар, дұшпандарыңнан әлдеқайда сабырлырақ болыңдар, жиһадқа әзір болыңдар, Алладан қорықсаңдар, жетістікке жетесіңдер’94, – деді”».95

Бұл жерде өткен «Қиындық екі жеңілдікке басым бола алмайды» сөзі «Мустәдрак» атты еңбекте мәрфуғ хадис деп айтылмаған. Бұл риуаятқа Хасан Басри «мурсәл» деп баға берген. «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні үйінен жүзі күлімдеп, қуанып шықты да: «Кез келген қиыншылық екі жеңілдіктен басым түсе алмайды. «Әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар. Иә, рас, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар»96.

Әбу әл-Уәлид әл-Бажи бұл аятта «қиындық» және «жеңілдік» сөздерін екі мәртеден қайталаса да Расулалланың жеңілдікті «екі», қиындықты «бір» деп тәпсірлеуін былай түсіндіреді: فَإِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا إِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا аятындағы «қиындық»الْعُسْرِ сөзі адам басына келетін барлық қиындықтарды қамтиды. Осылайша бірінші الْعُسْرِ «қиындық» сөзі екіншісін де ішінде қамтығандықтан, екеуі бір болып саналады. Алайда «жеңілдік» деген мағынаға келетін يُسْر сөзінің басына «Әлиф пен ләм» артиклі жалғанбағандықтан, бұл сөз нәкира, яғни, жалпы атауды білдіреді. Сондықтан да бірінші يُسر жеңілдік сөзінің ішінде екінші жеңілдік يُسر қамтылмаған. Осылайша аяттағы айтылған мағына екі «жеңілдік» бір «қиындық» болып шығады. Бұхари قُلْ هَلْ تَرَبَّصُونَ بِنَا إِلَّا إِحْدَى الْحُسْنَيَيْنِ «Сондай-ақ оларға: «Сонда сендер біздің қос жақсылықтың біріне келуімізден (яғни, жеңіске жетуімізден немесе шейіт болуымыздан) басқа не күтесіңдер?..»97 деген аятты келтіре отырып мынадай түсіндірме берген: «Бұл аят Расулалланың түсінігіндегі екі жеңілдіктің «мұратқа жету» және «қадір-қасиет» екендігін білдіреді. Олай болса, бір қиындық осы қос жеңілдікке басым бола алмайды, яғни, мүминге осы екі жеңілдіктің бірі міндетті түрде бұйырады». Жеңіске жетуі ықтимал, ал «сауабы» ол анық, себебі жеңіс үшін жасалған әрбір талпынысқа сауап бар. Жеңіске жетті ме, құн екі еселене түседі. Олай болса қиындық үмітсіздікке жетелемеуі тиіс.

Шейіттік және шейіттің қадірі

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا أَحَدٌ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ يُحِبُّ أَنْ يَرْجِعَ إِلَى الدُّنْيَا، وَلَهُ مَا عَلَى الْأَرْضِ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا الشَّهِيدُ، وَيَتَمَنَّى أَنْ يَرْجِعَ إِلَى الدُّنْيَا فَيُقْتَلَ عَشْرَ مَرَّاتٍ لِمَا يَرَى مِنَ الْكَرَامَةِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ. وفِي رِوَايَةٍ: إِلَّا الشَّهِيدَ لِمَا يَرَى مِنْ فَضْلِ الشَّهَادَةِ.

(1010) Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Жәннатқа кірген ешкім, жер бетіндегі бар нәрсе өзіне берілсе де, дүниеге қайтуды қаламайды. Тек шейіт өзіне көрсетілген құрметті көргендіктен, дүниеге қайтып, он рет қаза тапқысы келеді».

Бір нұсқада: «Тек шейіт шейіттіктің артықшылығын көргендіктен қайтуды қалайды», – делінген.98

Шейітке нәсіп етілген мәртебелер мен ерекше қарым-қатынасты көргенде шейіт болған жан жер бетіне қайта оралуды армандайтыны жайлы көптеген риуаяттар бар. Кейбір риуаяттарда Алла тағала шейіттерге «Қандай да бір тілектерің бар ма?» – деп сұрайды. Сонда шейіттер ешқандай талап-тілектерінің жоқ екенін, тек жер бетіне қайтып оралып Алла жолында қайта шейіт болуды армандайтындарын айтады. Ал кейбір риуаяттарда мынадай диалогтың Алла тағала мен әзірет Хамза және Мусғаб ибн Умайрдың (р.анһума) арасында болғандығы баяндалады:

– Қандай талап-тілектерің бар?

– Рухымыздың тәнімізге қайтып оралуына рұқсат етуіңді һәм Өзіңнің жолыңда тағы бір мәрте шейіт болуды тілейміз!

Әкесі Ухуд шайқасында шейіт болған әзірет Жабирге (р.а.) Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде былай деген: «Алла тағаланың әкеңе не дегені жайлы айтып берейін бе? Алла тағала әкеңе: «Уа, Абдулла! Арманыңды айт, орындайын!» – деді. Сол сәтте әкең: «Уа, Раббым! Маған қайтадан өмір берші, Өзіңнің жолыңда тағы бір мәрте жан тапсырайын», – деді. Сонда Алла оған: «Бұл мәселе жайында бұлжымас ереже бұрыннан бар. Өлгендер дүниеге қайтып оралмайды!» – деді.

Ибн Баттал бұл хадис жайында мынадай пікір айтты: «Бұл хадис – шейіт болу мәртебесінің өте қадірлі екенін білдіре келген риуаяттардың ең кереметі. Жиһадтан басқа амалдарда нәпсіге мұндай нығмет берілмеген. Сондықтан оның сауабы өте үлкен».

Сондай-ақ хадисте өлген адамдардың түрлі жолдармен басқа денелерге еніп, жер бетіне қайта оралатындығын алға тартатын түрлі реанкарнациялық көзқарастардың жалған екендігін баян еткен. Мұсылман болып жан тапсырған адамдардың рухтары қандай да бір мақсатпен тәніне еніп жер бетіне қайтып оралатындығына сену, мұндай пікірлерге «мүмкін» деудің өзі дұрыс емес. Хадис бұл мәселеде нақты үкім берген.

وَعَنِ ابْنِ أَبِي عُمَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَأَنْ أُقْتَلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى أَحَبُّ إِلَى مِنْ أَنْ يَكُونَ لِي أَهْلُ الْمَدَرِ وَالْوَبَرِ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1011) Ибн Әбу Умайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Алла жолында шейіт болуым бүкіл үйлер мен лашықтарда өмір сүріп жатқандарға иелік етуден әлдеқайда жақсырақ”».99

وَعَنِ الْمُغِيرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَخْبَرَنَا نَبِيُّنَا ﷺ عَنْ رِسَالَةِ رَبِّنَا أَنَّهُ مَنْ قُتِلَ مِنَّا صَارَ إِلَى الْجَنَّةِ فَنَحْنُ أَحَبُّ فِي الْمَوْتِ مِنْكُمْ فِي الْحَيَاةِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَعْلِيقًا إِلَى قَوْلِهِ إِلَى الْجَنَّةِ. وَأَخْرَجَهُ بِطُولِهِ رَزِينُ.

(1012) Мұғира (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Раббымыздың жолдауын жеткізіп, “Арамыздан кім қаза тапса, жәннатқа кіреді”, – деді. Сондықтан біз өлімді сендер өмірді жақсы көргеннен де артық жақсы көреміз».100

Муғира бұл сөзін Нахәуәнд қаласында Иран әкіміне қарата айтқан: Бұхариде берілген бұл ұзын-сонар әңгімеде әзірет Омар (р.а.) Нұғман ибн Муқарриннің басшылығымен бір әскер жасағын (мұсылман болған Хурмузанның ұсынысымен) Иранның фәтх етілуі үшін жолдайды. Бұл жасақ Иранның ортасымен ілгері жылжып бара жатып Нәхәуәнд маңында 40 мың кісілік Иран әскеріне тап болады. Әскербасы әлгі елді мекеннің әкімінен елші сұрайды. Муғира ибн Шуғба (р.а.) мақұл көреді. Әкім аудармашының көмегімен кейбір жағымсыз сөздерді айта отырып не үшін келгендерін сұрайды. Сенімді қайнар көздерден келген мәліметтерге сүйенер болсақ, сәнделіп тұрып әзірленген тақта алтын мен жібек киімге оранып басында тәж киіп отырған күйі Муғираны (р.а.) қарсы алған әкім сөз арасында мынадай сөздер айтып отырған:

«Сендер кімсіңдер? Егер аштық пен жоқшылыққа тап болып, сол үшін келсеңдер, азық-түлік берейік, соны алып кері қайтыңдар!» – деді. Басқа бір риуаятта: «Арабтар ашаршылыққа жиі ұрынатын, қайырлы істерден мақұрым қалған қауымсыңдар ғой. Мен мына құлдарға әмір етіп үстілеріңе оқ боратып бір жерге үйіп тастауға да шамам жетеді. Алайда тәндеріңнен жиіркенгендігім үшін мұны жасамадым», – дегені айтылады.

Муғира (р.а.) Аллаға мақтау-мадақ, пайғамбарға салауат айтқаннан кейін, (Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында берілгендей) былай деп жауап береді:

«Бізге қатысты айтқан сөздеріңізде еш жаңылмадыңыз. Шынымен де біз сондай едік. Алайда Алла бізге Расулын жолдаған соң (барлық) мәселе өзгерді». Бұхаридің риуаятында жауап былай берілген: «Біз араб қауымының өкілдеріміз. Бұдан бұрын одан да жаман адасқан едік, өте жиіркенішті өмір салтын ұстанатын едік. Аштық кеміргенде тері мен құрма сүйегін соратынбыз, үстімізде тері мен қыл, табынғандарымыз тас пен ағаш болатын. Біз осы жағдайда өмір сүріп жатқанда көк пен жердің Раббысы өз арамыздан, біз танитын бір отбасыдан пайғамбар жолдады. Раббымыздың елшісі Пайғамбарымыз (с.а.с.) сендерді бір Аллаға ғибадат етуге шақыруды немесе жизия төлегенге дейін сендермен шайқасуға әмір берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге Раббымыздың әмірлерін жеткізді. Бұл әмірде бізден кім қаза тапса, жаннатқа кіреді, бұрын-соңды болмаған нығметтерге қауышады. Аман қалғандарымыз сендерді тұтқындайды».

وَعَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ يَارَسُولَ اللَّهِ أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَتُكَفَّرُ عَنِّي خَطَايَاىَ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: نَعَمْ إِنْ قُتِلْتَ وَأَنْتَ صَابِرٌ مُحْتَسِبٌ مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، ثُمَّ قَالَ كَيْفَ قُلْتَ؟ فَأَعَادَ عَلَيْهِ. فَقَالَ نَعَمْ إِلَّا الدَّيْنَ فَأَنَّ جِبْرِيلَ أَخْبَرَنِي بِذَلِكَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

(1013) Әбу Қатада (р.а.) былай дейді: «Бір кісі: “Уа, Алла елшісі! Алла жолында көз жұмар болсам, барлық қате кемшіліктерім кешіріле ме?” – деп сұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Әрине, сен сабырлық танытып, (Алладан) қарымын күтсең, артқа қашпай тек алға ұмтылған күйі қаза тапқан болсаң (күнәң кешіріледі)”, – деп жауап қатты. Сосын әлгі кісіден: “Сенің сұрағың қалай еді?” – деп сұрады. Әлгі кісі сұрағын айна-қатесіз қайталағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін былай аяқтады: “Әрине, қарыздан тыс барлық күнә кешіріледі. Жәбірейіл бұл жөнінде маған мәлімет берді!”»101

1. Хадистің түп нұсқасында кейбір қосымша мәліметтер келтірілген. Солар арқылы құл ақысының маңызды екенін айқын аңғарамыз. Бұл тұрғыдан Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі кісінің сұрағына алғашқы жауаптарын бергеннен кейін үнсіз қалады. Ол кісі сол жерден кетіп қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін: «Жаңағы сұрақ сұраған адам қайда?» – деп іздестіре бастайды. Сонда әлгі кісі: «Мұндамын», – деп жақындап келген кезде: «Не деп едің?» – деп сұрағын қайталаттырады. Содан соң Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді: «Әрине, қарыздан тыс (бүкіл күнәларың кешіріледі). Жәбірейіл (а.с.) бұл жөнінде жаңа ғана маған мәлімет берді!»

2. Қарыз алу күнә емес. Қарызды төлеуден бас тарту – күнә. Хадистің мәтінінен кімде-кім қарызын өтеуге шамасы бола тұра қарызын өтемесе күнә болады. Суюти кейбір ғалымдардан жеткізген сөздерінде былай деп жазған: «Бұл хадисте құл ақысының кешірілмейтіндігі айтылған. Өйткені құл ақысы қиындық пен ауыртпашылыққа негізделген. Тіпті адам жауапкершілігінің кемшілігінен туындап, кешірілмейтін күнәға апарған қарыз екендігін айтуға болады. Адам бұл қарызды рұқсат етілмеген жағдайда жасаған. Алдау немесе тартып алу арқылы құл ақысы мойынында қарыз болып қалған. Болмаса қарызын қайтармауды жоспарлай алдап қарыз алған. Мұндай қылықтар қателесіп жасаған істердің санатына жатпайды. Осылайша рұқсат етілген қарыздың қандай екені мұнда айтылмаған».

وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ عَنِ ابْنِ عَمْرَو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّهُ ﷺ قَالَ: يُغْفَرُ لِلشَّهِيدِ كُلُّ ذَنْبٍ إِلَّا الدَّيْنَ».

(1014) Абдулла ибн Амр ибн әл-Астан (р.анһума) жеткен хадисте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Шейіттің – қарыздарынан басқа барлық күнәлары кешірілген».102

وَعَنْ فَضَالَةَ بْنِ عُبَيْدٍ قَالَ: «سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ يَقُولُ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: الشُّهَدَاءُ أَرْبَعَةٌ: رَجُلٌ مُؤْمِنٌ جَيِّدُ الْإِيمَانِ لَقِيَ الْعَدُوَّ فَصَدَقَ اللَّهَ تَعَالَى حَتَّى قُتِلَ فَذَلِكَ الَّذِي يَرْفَعُ النَّاسُ أَعْيُنَهُمْ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ هَكَذَا وَرَفَعَ رَأْسَهُ حَتَّى سَقَطَتْ قَلَنْسُوَتُهُ، فَلَا أَدْرِي قَلَنْسُوَةَ عُمَرَ أَرَادَ أَمْ قَلَنْسُوَةَ النَّبِيِّ ﷺ. وَرَجُلٌ مُؤْمِنٌ جَيِّدُ الْإِيمَانِ لَقِيَ الْعَدُوَّ فَكَأَنَّمَا ضُرِبَ جِلْدُهُ بِشَوْكِ طَلْحٍ مِنَ الْجُبْنِ أَتَاهُ سَهْمُ غَرْبٍ فَقَتَلَهُ فَهُوَ فِي الدَّرَجَةِ الثَّانِيَةِ. وَرَجُلٌ مُؤْمِنٌ خَلَطَ عَمَلًا صَالِحًا وَآخَرَ سَيِّئًا لَقِيَ الْعَدُوَّ فَصَدَقَ اللَّهَ تَعَالَى حَتَّى قُتِلَ فَذَلِكَ فِي الدَّرَجَةِ الثَّالِثَةِ. وَرَجُلٌ مُؤْمِنٌ أَسْرَفَ عَلَى نَفْسِهِ لَقِيَ الْعَدُوَّ فَصَدَقَ اللَّهَ تَعَالَى حَتَّى قُتِلَ فَذَلِكَ فِي الدَّرَجَةِ الرَّابِعَةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. يُقَالَ «سَهْمُ غَرْبٍ» بِالْإِضَافَةِ وَغَيْرِهَا إِذَا لَمْ يُعْرَفْ مَنْ رَمَى بِهِ.

(1015) Фадала ибн Убәйд былай дейді: «Омардың (р.а.) “Ардақты Пайғамбардан естідім” деп мына бір хадисті риуаят еткеніне куә болдым: “Төрт түрлі шейіт бар:

1. Иманы өте күшті мүмін дұшпанмен бетпе-бет келіп көз жұмғанға дейін Аллаға берген сертінде бекем болады. Міне, қиямет күні адамдар қызыға қарайтын шынайы шейіттер осылар. (Осыны көрсетіп тұрған кезде басын көкке көтергені сол еді, басындағы қалансуасы103 жерге түсіп қалды). Фадала былай дейді: ‘Бұл Омардың бас киімі (қалансуасы) ма әлде Расулалланікі (с.а.с.) ме, ол жағын жақсы түсінбедім’.

2. Иманы берік (Алайда біріншісіндегідей күшті емес) бір мүмін кісі дұшпанмен шайқасқа келгенде қорыққандықтан денесі Талх ағашының тікені кіргендей104 дірілдеп тұрғанда қаңғыған бір оқ келіп тиіп өлетін болса. Бұл – екінші дәрежелі шейіттік.

3. Бірде жақсы, бірде жағымсыз амал жасап жүрген мүмін кісі дұшпанмен шайқасқа келгенде, сабыр және ерлік танытса, (шейіттіктің сыбағасын күтумен қатар) Аллаға берген сертінен таймаған қалпында көз жұмар болса, үшінші мәртебелі шейіттің қатарына кіреді.

4. Күнәһар мүмін дұшпанмен шайқасып, көз жұмғанға дейін Аллаға берген сертінен таймаса, бұл – төртінші дәрежелі шейіт”».105

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадистерiнде кез келген сәтте келуі мүмкін кейбір сұрақтардың басын ашып берген:

a) Шейіттер осы (шейіттік) мәртебелеріндегі дәрежелері тең бола ма?

Бұл хадистен амал тұрғысынан, майдандағы ықыласы мен ержүректігіне қарай әркім әртүрлі мәртебеге ие болады. Алайда хадисте көзге түскен бастапқы төрт дәреже жайлы айтылған. Бұхари, шейіт болу мәселесінде алдыңғы амалдың маңыздылығын көрсету үшін дәлел ретінде Әбу Дарданың «Сіздер жасаған амалдарыңа сай шейіт боласыңдар» деген сөзін жеткізген. Ибн Хажар бұл сөздің негізінде اَيُّهَا النَّاسُ عَمَلٌ صَالِحٌ قَبْلَ الْغَزْوِ فَإِنَّمَا تُقَاتِلُونَ بِأعْمَالِكُمْ «Уа, адамдар! Жорыққа шығардан бұрын салиқалы амал атқарыңдар, өйткені сендер жасаған амалдарыңа сай шейіт боласыңдар» деп келген риуаяттардың бар екенін алға тартқан.

ә) Пасық адам шейіт бола ала ма? Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иманы бар адам пасық болса да шейіттік мәртебеге жете алатынын айтқан.

б) Соғыс уақытысында артқы саптардан орын алып, демалып жатқан сәтінде немесе кездейсоқ бір жағдайдың салдарынан көз жұмған адам да шейіт пе? Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұндай сұраққа «Иә» деп жауап берген.

2. Хадисте ержүректік пен қорқақтық сынды қылықтар адамның табиғатында болғанмен жаужүрек мүминдердің Алланың құзырында жақсы адам екендіктерін, олардың мәртебе тұрғысынан әлдеқайда жоғары болатындығы айтылған.

3. Хадистегі صَدَقَ اللَّهَ حَتَّى قُتِلَ «Көз жұмғанға дейін Аллаға берген сертінен таймаса» деген сөз жиі келген. Бұл – шейіттіктің әрбір мәртебесіндегі негізгі шарт. Яғни, шейіттік мәртебесіне қол жеткізудің ең басты шарты осы. Қандай жағдайда серттен таймайтындығын Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисте анықтап айтпаған. Хадисшілер бұл сөзді: «Алланың мойынына міндеттеген батылдыққа адал болу арқылы» яки «Шейіт болу жайында Аллаға берген сертін дәлелдеу» деп түсіндіреді.

وَعَنْ يَحْيَى بْنِ سَعِيدٍ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَغَّبَ فِي الْجِهَادِ وَذَكَرَ الْجَنَّةَ، وَرَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ يَأْكُلُ تَمَرَاتٍ فِي يَدِهِ. فَقَالَ: إِنِّي لَحَرِيصٌ عَلَى الدُّنْيَا إِنْ جَلَسْتُ حَتَّى أَفْرُغَ مِنْهُنَّ فَرَمَى مَا فِي يَدِهِ وَحَمَلَ بَسَيْفِهِ فَقَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1016) Яхия ибн Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (Бәдір шайқасында біздерді) жиһадқа шақырып, жәннат жайын еске салды. Осы кезде Ансарлардың арасындағы бір кісі қолындағы құрмасын жеп отыр еді. Сол сәтте: “Мен мыналарды бітіргенге дейін отыра берер болсам дүниеге асыра көңіл аударған болмақпын”, – деді де, қолындағы құрмаларды лақтыра салып, қылышын қынабынан суырып алып, көз жұмғанға дейін шайқасты».106

Бұл оқиға Бәдір шайқасы кезінде орын алған. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шайқасқа кірмей тұрып жауынгерлерді жігерлендіре сөз сөйлеп, рухтарын қайрап шабыт беретін. Ибн Исхақ риуаят еткен бір хадисте былай делінген:

وَالَّذِي نَفْسِي بَيَدِهِ لَا يُقَاتِلُهُمُ الْيَوْمَ رَجُلٌ فَيُقْتَلُ صَابِرًا مُحْتَسِبًا مُقْبِلًا غَيْرَ مُدْبِرٍ إِلَّا أَدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ

«Нәпсімді құдіретінде ұстап тұрған Алла тағалаға ант етемін, бүгін кімде-кім мына мүшріктерге қарсы шыдамды болып, Алладан сауап күтіп, артқа шегінбестен тек алға жылжи отырып шайқасу кезінде шейіт болса, Алла оны міндетті түрде жәннатына кіргізеді».

Мүслимнің риуаятынан Расулалланың (с.а.с.) былай айтқанын байқаймыз: «Ал, тұрыңдар, көлемі (кеңдігі) жер мен көктей кең жаннатқа кіріңдер!»

Сол сәтте Умәйр ибн әл-Хумам алға ұмтылып: «Уа, Алла Елшісі! Көлемі (кеңдігі) жер мен көктей ме?» – дейді. Расулалла (с.а.с.): «Иә» – дегенде, «Пай! Пай!» – деп таңқалады. Расулалла: «Не себепті таңғалып тұрсың?» – деп сұрағанда, «Жаннаттық болуға құмартып тұрғандықтан солай айттым, уа, Алла Елшісі!» – дейді. Сонда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен жаннаттықсың!» – деп сүйіншілейді.

Умәйр қалтасынан құрмасын алып жей бастайды. Содан соң кілт тоқтап: «Мен мына құрмалар таусылғанға дейін өмір сүрер болсам бұл өте ұзақ ғұмыр болмақ, жаннатқа кіруге кешігемін!» – дейді де, қоржынындағы барлық құрманы лақтыра салып, шейіт болғанға дейін шайқасу үшін мүшріктерге тап береді һәм шейіт болады. Өзге бір риуаятта Бәдір соғысында алғаш болып шейіт болған кісі Умәйр (р.а.) екені айтылған.

وَعَنِ البَرَّاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ مُقَنَّعٌ بِالْحَدِيدِ فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ أُقَاتِلُ أَوْ أُسْلِمُ. فَقَالَ: أَسْلِمْ ثُمَّ قَاتِلْ فَأَسْلَمَ ثُمَّ قَاتَلَ فَقُتِلَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: عَمِلَ قَلِيلًا وَأَجِرَ كَثِيرًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَهَذَا لَفْظُ الْبُخَارِيُّ.

(1017) Бәра (р.а.) былай дейді: «Сауыт киген бір кісі келіп: “Уа, Расулалла! Шайқасуға кірісейін бе әлде мұсылман болып алайын ба?” – деп сұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мұсылман болып ал, содан кейін барып шайқасқа баста!” – деді. Әлгі кісі мұсылман болды да, шайқаста қаза тапты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол кісі жайында: “Азғантай амал атқарып, көп нәрсеге қол жеткізді!” – деді».107

Бұл хадисте аталған тұлғаның кім екендігі беймәлім. Басқа риуаяттарда да нақты айтылмаған. Алайда ибн Хажар бұл кісінің Амр ибн Сәбит болуы мүмкін екенін айтқан. Себебі бұл кісі жайлы жеткен нақты мәліметтер бұл хадисте айтылған мағыналарға дөп түсуде. Ибн Исхақтың риуаяты бойынша, Амр ибн Сәбит – «намаз оқымай жаннатқа кірген адам» деп танылған кісі. Әбу Дәуіт және әл-Хакимнің риуаяттарына қарайтын болсақ, Амр жаһилия (надандық) кезеңіндегі қалып қойған пайыздары себепті Исламға кірмеуге бар күшін салған еді. Ухуд соғысы барысында: «Қауымым қайда?» – дейді. Ухудқа шығып кеткендігін естіген кезде, қылышын алып арттарынан жетті. Қауымы: «Сен бізге керек емессің!» десе де, ол: «Мен мұсылман болдым» деп, шайқасқа қатысып жараланғанға дейін соғысады. Сағд ибн Муаз (р.а.) жанына келген кезде: «Алла мен Оның Елшісін жақтап (Меккеліктерге) ашулана соғыстым», – дейді. Осылайша жан тәсілім етеді де, намаз оқымастан жаннатқа кіреді». Әбу Һурайрадан жеткен сахих риуаятта:

اَخْبَرُونِي عَنْ رَجُلٍ دَخَلَ الْجَنَّةَ لَمْ يُصَلِّ صَلَاةً

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде-бір намаз оқымай жәннатқа кірген кісі туралы айтып беріңдер», – деген.

Ибн Хажар бұл мәселеге қатысты келген және кейбір ихтилафты (ғалымдар пікірталасқа түскен) мәселелері бар риуаяттарды жинап, талданған хадисте айтылып отырған тұлғаның Амр ибн Сәбит екендігін, оның (өзге риуаяттарда тікелей соғысқа қатысқалы келгендігіне қарамастан) алдымен Алла Елшісімен (с.а.с.) кездесіп (бәлкім, майданда болуы да мүмкін) Исламды қабылдағанын, содан кейін тез арада соғысқа қатысып, намаз оқитын мүмкіндік тумай жатып жарақаттанып шейіт болғандығы айтылған. Хадисшілер «Нәсәи келтірген бір риуаятта келген мына сөз осы түсіндірмені құптайды» дейді. Ол түсіндірмеде былай делінген:

اَنَّهُ قَالَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَوْ اَنَّى حَمَلْتُ عَلَى الْقَوْمِ فَقَاتَلْتُ حَتَّى أُقْتَلَ أَكَانَ خَيْرًا لِي وَلَمْ أُصَلِّ صَلَاةً؟ قَالَ. نَعَمْ

«Амр ибн Сәбит (р.а.) Расулалладан (с.а.с.): “Мен мүшріктерге шабуыл жасап шайқасар болсам және сол сәтте қаза тапсам, намаз оқымаған болсам да, маған бір пайдасы тие ме?” – деп сұрады. Расулалла: “Иә, болады!” – деді».

وَعَنْ رَاشِدِ بْنِ سَعْدٍ عَنْ رَجُلٍ مِنَ الصَّحَابَةِ «أَنَّ رَجُلًا قَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا بَالُ الْمُؤْمِنِينَ يُفْتَنُونَ فِي قُبُورِهِمْ إِلَّا الشَّهِيدَ؟ فَقَالَ: كَفَاهُ بِبَارِقَةِ السُّيُوفِ عَلَى رَأْسِهِ فِتْنَةً». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1018) Рашид ибн Сағд сахабалар арасындағы біреуден жеткізген риуаятында былай дейді: «Бір кісі Расулаллаға келіп: “Уа, Алла елшісі, не себепті шейіт болған жаннан өзге мүміндер қабірде сынаққа душар болады?” – деп сұрады. Расулалла сонда былай деп жауап берді: “Шейіттің өлім сәтінде төбесінен тұтқиылдап төніп келген қылыштың жарқылын сезінудің өзі оған сынақ ретінде жеткілікті”».108

Қабір сынағы дегеніміз – қабірде Мүнкәр мен Нәкир атты періштелерге берілетін есеп. Әрбір мүмин сол жерде иманы тұрғысынан бір сынақтан өтеді. Сынақтан кейін амалына қарай қиындыққа немесе рақатқа толы бір жағдайда қияметті, яғни, негізгі ұлы есеп күнін күтетін болады. Хадистерде Мүнкәр мен Нәкирдің сынағын да, қабір азабын да «фитнә» сөзімен айтқан.

Осы хадистен Расулалланың (с.а.с.): «Шейіттердің қабір сынағына тап болмайтынын» біліп отырмыз, осы сөзді айтқаннан кейін, кейбіреулер мұның себебін сұрастырып: «Әрбір мүмин бұл сынақтан өткен кезде, шейіттер не себепті бұл сынақтан босатылған?» – деп сұрайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім ықтималы жоғары болған майдандағы күрестің ауыртпашылығын сипаттау үшін: «Төбесінен тұтқиылдап төніп келген қылыштың жарқылын сезе тұра ержүректігімен Алла үшін шайқасуы және өмірін қиюы, иман сынағынан сүріндірмей өткізетін дәлел ретінде жеткілікті» деген мағынаны білдіретін сөздерімен: «Шейіттің өлім сәтінде төбесінен тұтқиылдап төніп келген қылыштың жарқылын сезінудің өзі оған сынақ ретінде жеткілікті», – деп жауап берген:

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا يَجِدُ الشَّهِيدُ مِنْ مَسِّ الْقَتْلِ إِلَّا كَمَا يَجِدُ أَحَدُكُمْ مِنْ مَسِّ الْقَرْصَةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(1019) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Шейіттің өлімнен сезінетін ауыртпашылығы сендердің біреу шымшыған сәтте сезінген ауыртпашылықтарың іспетті ғана”».109

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: عَجِبَ رَبُّنَا تَبَارَكَ وَتَعَالَى مِنْ رَجُلٍ غَزَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى فَانْهَزَمَ أَصْحَابُهُ فَعَلِمَ مَا عَلَيْهِ فَرَجَعَ حَتَّى أُرِيقَ دَمُهُ فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لِلْمَلَائِكَةِ انْظُرُوا إِلَى عَبْدِي رَجَعَ رَغْبَةً فِيمَا عِنْدِي وَشَفَقًا مِمَّا عِنْدِي حَتَّى أُرِيقَ دَمُهُ أَشْهِدُكُمْ أَنِّي قَدْ غَفَرْتُ لَهُ».

(1020) Ибн Масғуд (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Ұлы Раббымыз Алла Өз жолында жорыққа шыққан бір кісіге таңданды. Серіктері жеңіліп шегінді. Ол өз міндетін біліп, кері қайтты да, қаны төгілгенше шайқасты. Сонда Алла Тағала періштелерге: “Құлыма қараңдар. Менің құзырымдағы сыйды үміт етіп, жазадан қорқып, кері қайтты да, қаны төгілгенше шайқасты. Оны кешіргеніме сендерді куә етемін”, – дейді».110

Бұл хадисте соғыс кезінде жалғыз қалса да қашпаудың артықшылығы баяндалған. Мұндай жауынгерге Алла тағаланың разы болатындығын «таңырқайды» деген сөзбен айтқан. Таңдану – себебі белгісіз бір жағдай көрініс тапқанда туатын сезімнің аты. Бүкіл нәрсені білетін Аллаға тікелей мағынада «таңданады», «таңырқайды» деп айту үлкен қателік болмақ. Демек, бұл хадисте бұл мағына тікелей емес жанама түрде айтылған. Түпкі мағынасы – Алланың разы болуы.

Соғыс сәттерінде бір жауынгердің іс-әрекеті үлкен нәтижелерге жол ашуы әбден мүмкін. Қорқақ адамның сасқалақтап қашуы, өзгелерге де әсерін тигізгені іспетті, батырлық көрсеткен жанның да ұстамдылығы өзгелердің де ұстамды болуына әсер етеді. Соғыста жеңіске жетудің негізгі сыры, аятта да айтылғандай, дұшпаннан әлдеқайда ұстамды болуға тікелей қатысты.111

Мүмин соғыстың ең қиын әрі өте ауыр сәтінің өзінде жанын сауғалап, қара басының қамын ғана ойламай, Алланың беретін нығметі мен азабына ой жүгіртіп, Оның разылығына сай келетін амалды жасауға тиісті. Мұндай жағдайлар оның жеңіске жету мүмкіндігін арттыра түспек.

وَعَنْ عَبْدِ اْلخَبِيرِ بْنِ قَيْسٍ ثَابِتِ بْنِ قَيْسِ بْنِ شَمَّاسٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُقَالُ لَهَا أُمُّ خَلَّادٍ وَهِيَ مُتَنَقِّبَةٌ تَسْأَلُ عَنِ ابْنٍ لَهَا قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ. فَقَالَ لَهَا بَعْضُ أَصْحَابِهِ: جِئْتِ تَسْأَلِينَ عَنِ ابْنِكِ وَأَنْتِ مُتَنَقِّبَةٌ؟ فَقَالَتْ إِنْ أُرْزَأَ ابْنِي فَلَنْ أَرْزَأَ حَيَائِي. فَقَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ: ابْنُكِ لَهُ أَجْرُ شَهِيدَيْنِ. قَالَتْ: وَلِمَ؟ قَالَ: لِأَنَّهُ قَتَلَهُ أَهْلُ الْكِتَابِ». أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

(1021) Абдул-Хабир ибн Қайс ибн Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас әкесінен, ал әкесі болса атасынан112 (р.а.) мынаны жеткізді: «Расулаллаға (с.а.с.) Үммі Халлад атты бір әйел бетін бүркенген күйде келіп Алла жолында қаза тапқан ұлы жайында білгісі келді. Сахабалардың бірі әлгі әйелге: “Сен бетің жабық бола тұра келіп ұлың жайлы сұрамақсың ба?” – деді. Әлгі әйел: “Баламнан айырылсам да, ұятымнан айырылмадым”, – деді. Сонда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелге: “Ұлың екі шейіттің мәртебесіне қол жеткізді!” – деді. Әлгі әйел: “Бұған не себеп болды екен, уа, Алла елшісі?” – деп сұрағанда, Алла елшісі былай деп жауап берді: “Өйткені оны Әһл-кітап (кітап иелері) мерт қылды!”»113

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ حُنَيْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ سَأَلَ اللَّهَ الشَّهَادَةَ بِصِدْقٍ بَلَّغَهُ اللَّهُ مَنَازِلَ الشُّهَدَاءِ، وَإِنْ مَاتَ عَلَى فِرَاشِهِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيُّ.

(1022) Сәһл ибн Хунайф (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Кім Алладан шейіт болуды шын ықыласпен сұраса, төсегінде қайтыс болса да, Алла оны шейіттердің дәрежесіне жеткізеді», – дегенін жеткізген.114

وَعَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْعَرِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ فَصَلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَمَاتَ أَوْ قُتِلَ أَوْ وَقَصَهُ فَرَسُهُ أَوْ بَعِيرُهُ أَوْ لَدَغَتْهُ هَامَّةٌ أَوْ مَاتَ عَلَى فِرَاشِهِ بِأَىِّ حَتْفٍ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى مَاتَ فَهُوَ شَهِيدٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1023) Әбу Мәлик әл-Ашғари (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Кімде-кім Алла жолында үйінен шығып жолда қаза тапса, аты немесе түйесі (аударып түсіріп) мойынын сындырса яки улы жәндік шақса немесе төсегінде өлсе, Алланың қалаған қандай да бір апатынан қаза тапса, ол да шейіт болады”».115

وَفِي أُخْرَى لَهُ: «قِيلَ يَا نَبِيَّ اللَّهِ مَنْ فِي الْجَنَّةِ؟ فَقَالَ: النَبِيُّ فِي الْجَنَّةِ وَالشَّهِيدُ فِي الْجَنَّةِ، وَالْمَوْلُودُ فِي الْجَنَّةِ، وَالْوَئِيدُ فِي الْجَنَّةِ».

(1024) Әбу Дәуіттің екінші бір риуаятында болса, «Расулалладан (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі, кім жәннатқа кіреді?” – деп сұралады. Сонда ол былай деп жауап берген: “Пайғамбар жәннаттық, шейіт жәннаттық, сәби (күйінде өлген) жәннаттық, тірідей көмілген бала жәннаттық”».116

Бұл хадисте сұраққа тап болмастан жаннатқа кіретіндер жайлы мәлімет берілген. Пайғамбарлар, шейіттер, сәби шағында шетінеген және тірідей топыраққа көмілген сәбилер. Сәби терминінің ішінде, бәлиғат (кәмелет) жасына толмаған қыз және ұл, түсік болып қалған барлық балалар кіреді. Мұсылман емес отбасының балаларының жағдайына қатысты (түрлі риуаяттардан алына отырып) түрлі пікірталастар туындаса да негізгі көзқарас бойынша олар да жаннаттық болады.

«Уәид» деп тірідей топыраққа көмілген балаларға айтылады. Ислам келмей тұрып арабтар қыз баланың үйінде өсуіне намыстанғандықтан қыздарын тірідей көмсе, кейбірі аштықтан қорыққандықтан да ер балалар мен қыз балаларын тірідей топыраққа көмген. Бұл салт жайлы Құран кәрімнің кей аяттарында баяндалған. «Тәкуир» сүресіндегі бір аятта былай делінген:

وَإِذَا الْمَوْؤُودَةُ سُئِلَتْ بِأَىِّ ذَنْبٍ قُتِلَتْ

«Тірідей көмілген қыз сәбилерден қандай күнәсі үшін өлтірілгені сұралған кезде...»117

وَعَنْ أَبِي النَّضْرِ قَالَ: «مَرَّ النَّبِيُّ ﷺ بِشُهَدَاءِ أُحُدٍ. فَقَالَ هَؤُلَاءِ أَشْهَدُ عَلَيْهِمْ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَلَسْنَا بِإِخْوَانِهِمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ أَسْلَمْنَا كَمَا أَسْلَمُوا وَجَاهَدْنَا كَمَا جَاهَدُوا. فَقَالَ ﷺ: بَلى؛ وَلَكِنْ لَا أَدْرِي مَا تُحْدِثُونَ بَعْدِي فَبَكَى أَبُو بَكْرٍ ثُمَّ قَالَ: وَإِنَّا لَكَائِنُونَ بَعْدَكَ؟». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1025) Әбун-Надр былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ухуд шейіттерінің жанынан өтті. Сонда: “Бұларға куәлік етемін”, – деді. Әбу Бәкір (р.а.): “Уа, Алла елшісі! Біз олардың бауырлары емеспіз бе? Олар мұсылман болғандай, біз де мұсылман болдық. Олар күрескендей, біз де күрестік”, – деді. Алла елшісі былай жауап берді:

“Иә, бірақ менен кейін не істейтіндеріңді білмеймін”, – деді. Әбу Бәкір жылап: “Біз сізден кейін тірі қаламыз ба?” – деп сұрады».118

Ухудтa ансарлардан 64 кісі, мұһажирден 6 кісі – барлығы 70 мұсылман шейіт болды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың иманына және Исламға жанпида еткендеріне куәлік ететіндігін айтқан. Олар жан-тәнімен, мал-мүлкін Алла жолына қиып, бала-шағаның жетім қалатынынан қорықпай батыл қадамға барған. Мысалы, әзірет Жәбирдің (р.а.) әкесінің артында тоғыз қызы жетім қалды. Ухуд шейіттерінің кейбірі туралы жеткен хабарлардан олардың осындай жанпидалық көрсету кезінде тек қана Алла разылығын көздегендерін, Раббылары уәде еткен ақырет мәртебелеріне ертерек қауышуды тілегендерін көруге болады. Мысалы Әнәс Ибн ән-Надр (р.а.) сынды кейбір сахабалар соғыс кезінде: «Мен жаннаттың хош иісін сезіп тұрғандаймын», – деп соғыста атой салған. Кейбіреулері қолындағы құрмасын тастай сала қаза тапқанға дейін шайқасқан. Амр ибн Жәмух сынды батырлар соғысқа аттанғанда: «Уа, Раббым! Енді мені отбасыма қайтып оралтпа (шейіттік мәртебесін нәсіп ет)», – деп дұға жасаған. Кейбірі қарт болғандықтан Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан артта қалдырылса да, шейіт болсам деген үмітпен, үнсіз ғана әскер жасағына қосылған. Сәбит ибн Уақш және Хусәйл ибн Жәбир осылардың қатарында.

Хадисте Расулалланың (с.а.с.) Ухуд шейіттерiнің үлесіне (жақтап) қандай жағдайларда куәгерлік жасалатындығы анық айтылған. Бұл сол кездегі адамдарға мәлім еді. Жоғарыда кейбір жағдайлар жайлы мәлімдеме бердік. Хадиске түсіндірме жасаушылар (талдаушы ғалымдар) «Имандарының адалдығына (сахих екендігіне), үлкен күнәлардан алыс екендігіне, дінді өзгертпегендігіне және бұзбағандығына, дүние пайдалары үшін араларында бәсекелестіктің және қызғаныш сезімдерінің туындамағандығына» деп біраз мәселенің басын аша түскен.

Әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) соңынан сұраған сұрағы жауап күтіп айтылған сұрақ емес. Расулалладан ажырап, одан айырылып қалып онсыз өмір сүремін деген қорқыныштан және қайғылы күйінен туындаған жағдай.

Ибн Абдулбәрр бұл хадискe сүйене отырып Ухуд шейіттерiнің және Алла Елшісінен (с.а.с.) бұрын өлгендердің өзгелерден рухани мәртебесі жағынан жоғары тұратындығын айтқан.

ЖИҺАД ЖӘНЕ ЖИҺАДҚA ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Жиһадтың уәжіп болуы және жиһадқa үндейтін хадистер

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْجِهَادُ وَاجِبٌ عَلَيْكُمْ مَعَ كُلِّ أَمِيرٍ بَرًّا كَانَ أَوْ فَاجِرًا، وَالصَّلَاةُ وَاجِبَةٌ عَلَيْكُمْ خَلْفَ كُلِّ مُسْلِمٍ بَرًّا كَانَ أَوْ فَاجِرًا وَإِنْ عَمِلَ الْكَبَائِرَ، وَالصَّلَاةُ وَاجِبَةٌ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ بَرًّا كَانَ أَوْ فَاجِرًا وَإِنْ عَمِلَ الْكَبَائِرَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1026) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Әмірлерің (қолбасшыларың) аса көркем мінезді немесе өте нашар болса да (оның басшылығымен) жиһад етулерің сендерге парыз. Тіпті намазы да көркем яки нашар болса да, тіпті үлкен күнәларды жасаған болса да, әрбір мұсылманның оның артында намаз оқуы барлық мұсылмандарға парыз”».119

Бұл хадисте екі бөлек мәселе қамтылған:

1. Басшыға мойынсұну мәселесі

2. Пасық имамның артында намаз оқу мәселесі

Маңыздылығына қарай жеке-жеке талдап түсіндіруге тырысамыз.

1. Басшыға мойынсұну

Дініміз әмір беруге өкілетті адамға (басшыға) мойынсұнуды Ислами саясаттың маңызды ұстанымы деген. Аятта мойынсұнуға лайық басшының мұсылман болуы шарт етілген.120 Жоғарыда келген хадисте де анық байқалғандай басшыға мойынсұну үшін оның бойынан діндарлық сипат іздеу шарт емес. Дегенмен басшының діндар және тақуа болуы әлдеқайда жақсы екенін күмәнсіз. Себебі ондайлардың ожданында Алладан қорқу сезімі басым болғандықтан, істері әділ және әрдайым тура жолда болады. Алайда нақты іске келгенде олардың ісі көбінесе саф болады деп айту қиын. Мақамның жоғарылығы, мүмкіндіктердің артуы сынды жағдайлар нәпсісін семіртіп, басшылардың (әміршілердің) құлдық шеңберінен шығып, менменсулеріне, адасуына кейде тіпті зұлымдыққа баруына да себеп болуы мүмкін.

Мұсылман үмбеті сыртқы дұшпандарға қарсы тұру үшін ауызбіршілік және бір-біріне жәрдем беруге мұқтаж. Сонымен қатар сыртқы дұшпанға қарсы тұру мәселесінде басшы, яғни көшбасшы қаласа да, қаламаса да, адал болады. Үмбет тап болып отырған сыртқы қауіп-қатер ең пасық деген басшының да пайдасына шешілмейтіні анық. Лауазымы, атағы, қаржылай табыстары сияқты қашанда (кез келген сәтте тап болатын) қауіп-қатерге бейім. Олай болса, сырттан келген қауіп-қатер мәселесінде үмбеттің де, пасық басшының да пайдалары белгілі. Үмбет басшыларының пасықтығын сылтау етіп жиһад мәселесіне ат үсті қарайтын болса, күллі мұсылмандарға келетін пайда астан-кестен болары анық. Сондай-ақ Ислам аймағы күпірліктің шеңгелінде қалуы бек мүмкін. Әрі Расулалла «Алла бұл дінді пасықтың қолымен де қуаттандырады», – деген.

Міне, бұл және осыған ұқсас көзқарастарда Ислам ғұламалары, пасық болса да басшының жанынан табылып, шын пейілмен жиһадқа қатысудың уәжіп екендігі мәселесіне бір ауыздан келіскен. Негізінде, бұл тарауда көптеген хадис қамтылған. Имамның пасық және күнәһар болуын ғалымдар «пасықтық және күнәһарлық тек жеке басына ғана қатысты» деп пайымдаған. Ауызбіршілікке ақау түсіру, фитнәға себепші болу мәселелерінде қауіп тудыратын пасықтық орын алса «пасық имам тақтан түсірілуі тиіс» деген қағида келтірген.

Мойынсұнуға қатысты кейбір мәселелер

Басшыға мойынсұну мәселесі – әрқашан маңыздылығын жоғалтпаған діни мәселелердің бірі. Сондықтан аталмыш мәселеге қатысты кейбір жайттарды аят және хадистер арқылы тағы біраз анықтап алуды жөн көріп отырмыз.

Құран кәрім және мойынсұну

Құранның көптеген аяттарында бұл мәселе айтылған. Негізінде, мұсылман – Алланың әмірлеріне мойынсұнуды қабыл алған адам деген сөз. Алғашқы келісімнің (Аллаға берген серттің) түп негізінде мойынсұну жатыр. Ұлы Жаратушыға әмір ету (жарасса), ал құлға мойынсұну міндеттелген. Алла әмір береді, құл мойынсұнады. Исламның табиғатының сыры осындай әмір мен мойынсұнуда сақталған.

Діннің шынайы келбетінің көрінуі мүминге берілген уәде, дүние мен ақыреттегі жетістік, жеңіс, игілік және нығметтердің бәрі осы «мойынсұну» міндетінің орындалуына байланысты. Аллаға шынайы түрде мойынсұнбаған жанның Ислам уәде еткен дүние мен ақыреттік нығметтерден үлес аламын деп үміт етуге еш қақысы жоқ: «...Кімде-кім Аллаға және елшісіне бағынса, Алла оны (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргізеді…»121. «Кімде-кім Аллаға және расулына тиісінше мойынсұнса, міне, солар (пейіште) Алланың шексіз нығметіне бөленген… жандармен бірге болады…»122. «Кімде-кім Аллаға және Оның хақ елшісіне қалтқысыз мойынсұнып, Алланы лайықты түрде ұлықтаса әрі Оған асылық қылудан сақтанса, міне, солар – нағыз жетістікке, толағай табысқа жететін жандар»123.

«Аллаға және елшісіне мойынсұныңдар. Өзара таласып-тартыспаңдар. Әйтпесе, бойларыңды үрей билеп, жасып қаласыңдар өәм күш-қуаттан айырыоасыңдар. Тиісінше сабырлылық танытыңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге»124.

Ислам діні кімге мойынсұнылуы керек екенін белгілеп берген: Алла, Алла Елшісі және басшы. Алғашқы екеуіне (Аллаға және Елшісіне) мойынсұну Құранда бірнеше мәрте қайталанып берілген. Демек, негізгі мойынсұну Алла мен Оның Елшісіне болмақ. Басшыға мойынсұну берген әмірлері Алла мен Оның Елшісінің әмірлеріне негізделгенде ғана мақұлданбақ. Құран кәрімде мойынсұнылатындар қатар айтылып, әрі осыны орындау бұйырылған: «Уа, мүміндер, Аллаға мойынсұныңдар, Пайғамбарға және сендерден болып табылатын (мүмін) басшыларға да мойынсұныңдар. Егер бір мәселе жайында келіспесеңдер, оны Аллаға және Пайғамбарға бұрыңдар, егер Аллаға және ақырет күніне сенген (иман келтірген) болсаңдар (осылай жасаңдар). Бұл әрі қайырлы, әрі нәтижесі тұрғысынан әлдеқайда көркем»125.

«Улул-әмр» деп келген Құрандағы бұл сөзді мұсылмандар арасында кейде «басшы», кейде «әмірші» деп қолданылғанын көруге болады. Дәл сол мағынада келетін «сұлтан», «имам» сынды кейбір терминдерді де «улул-әмр» деген сөзбен қолданғандығына куә боламыз.

Сахабалар мен табиғиндерден бүгінге дейін улул-әмр деп аталған жандар жайлы түрлі көзқарастар жеткен. Бір тобы «ғұламаларды» солай атаған десе, кейбіреуі «әміршіні» солай атаған деген көзқарас білдіреді. Бұл сөз тек сахабаларға қатысты деп айтқандар да болғандай, бүкіл басшыларды қамтиды дегендер де болған.

Нәуәуи болса мұны жеңілдете түсіп: «Улул-әмр деген сөз әміршілер мен әкімдердің ішінде мойынсұнылуы Алла тарапынан уәжіп етілгендерге берілген атау» дейді. Бұл анықтама бұрынғы және кейінгі (тәпсірші, фиқыһшы) әртүрлі ғалымдардың ортақ көзқарасы болғандығы айтылған.

Кейбір фиқыһ ғалымдары улул-әмр сөзін былай түсіндіреді: «Ислам жамағатының дауыс беруі арқылы немесе өзінің күшімен яки үстемдігімен әкімшілік мақамды басып алып, мұсылмандардың аманат және саламат шеңберінде өмір сүрулерін қамтамасыз етуге лайықты мұсылман адам».

Бұл жерден де байқағанымыздай, көбіне ел тізгінін қолына алғандар жайлы айтылуымен қатар, кей жерлерде бүгінгі тілмен айтар болсақ «көшбасшы» деп аталатын мемлекеттік қызметкерлердің бәріне улул-әмр сөзін қолдануға болады және қолданылып та жүр. Олай болса имам, халифа, әмірші, жауапты, қызметкер, басшы, сұлтан сынды терминдердің барлығына «улул-әмр» деуге болады.

Улул-әмр айналасына Ислам жамағатының біртұтастығы мен ауызбіршілігін сақтай отырып, бейбітшілігі мен тыныштығын бір басқарушының қол астына жинай алған адам. Бұхаридің Әнәстан (р.а.) жеткізген бір риуаятында: «Басшылыққа басы құрғақ жүзім іспетті қап-қара Хабашстандық бір құл тағайындалса да мойынсұныңдар», – делінген.

Мүслимде келген бір риуаятта Әбу Зәрр: «Халилім (Ардақты Пайғамбар) маған: «Қолы шолақ құл да болса басшының әміріне мойынсұнуды насихат етті», – деген. Хадисшілер «құрғақ жүзім», не болмаса «қолы шолақ» сөздерімен басшының тегі жағынан төмен, көзге тұрпайы көрінуі сықылды тұстары айтылғандығын, яғни басшыға тегі мен физианомиясына қарап жатпай мойынсұну керектігін айтқан.

Тағы бір риуаятта былай келген: «... Басшылыққа қандайда бір Хабашстандық құл тағайындалса да, оған мойынсұныңдар. Сендерден біреу Ислам мен жанын таңдауға әкеліп тірегенге дейін мойынсұныңдар. Ал мұндай жағдайға тап болса онда мойнын созсын (жанын берсін). Дінінен айырылғаннан соң, оның дүниесі де, ақыреті де ойран болады». Ал мына хадисте имамға қарсы шығу қиямет белгілерінің бірі екені айтылған: «Жанымды құдіретінде ұстап тұрған Алла тағалаға ант етейін, имамдарыңды өлтірмейінше, бір-біріңе қылыш көтермегенше, сондай-ақ әлемде ең залым басшы болмағанша, қиямет болмайды».

Кейбір риуаяттарда басшыға мойынсұну Аллаға мойынсұнумен тең деңгейде екені баян етілген: «Кім маған мойынсұнса, Аллаға мойынсұнған болады. Ал кімде-кім маған қарсы келсе, онда Аллаға да қарсы келген болады. Тағайындаған басшыма кім мойынсұнса, маған мойынсұнған болады. Ал тағайындаған басшыма кім қарсы келер болса, маған да қарсы шыққан болады».

Биғаттың (серт беріп келісім жасасу) шарты – мойынсұну. Кейбір риуаяттар алғашқы мұсылмандармен биғат келісімі жасалғанда, Алла Елшісінің (с.а.с.) оларға қандай жағдай болмасын мойынсұнуын шарт еткендігін көре аламыз. Мұсылман болғандығы қабыл етілуі үшін ұсынылған алғашқы шарттардың арасында мойынсұну мәселесі де орын алған. Лауазым мен мойынсұнушылықтан мақұрым қалған сол шақтағы арабтардың арасында мойынсұнудың маңыздылығын бақылауға көз салу керек. Убада ибн Самит былай дейді: «Біз Алла расулына қандай күн туса да, көңіліміз хош көрген болса да, жақтырмасақ та, мойынсұну үшін биғат еттік (уәде бердік)».

Ұнамаса да мойынсұну. Тек жоғарыда айтылған Убада ибн Самит риуаятынан тыс өзге сахабалардан да жеткен биғаттарға (сертке) қатысты көптеген риуаяттарда ардақты Пайғамбардың мойынсұнуды шарт еткендігі, берілген әмір ұнаса да ұнамаса да, сол сәттегі жағдай бейбіт кезең болса да, таршылық кезең болса да, имам тарапынан күпірлікке итермелейтін қандай да бір жағдай көрініс таппайынша мойынсұну шартын ап-айқын насихаттағанын байқауға болады. Алла үшін биғат (серт беру): Кез келген жағдайда немесе шарттарда бағыну ісінің орындалуы үшін, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) биғат (серт беру) және мойынсұнудың (бағынудың) тек қана Алла разылығы үшін атқарылуы, бұған қандай да бір дүниелік мақсаттың араластырылмауы үшін өзге де ескертулер айтқан. Алла разылығынан тыс дүниелік қандай да бір мақсатпен жасалған биғат (серт беру) жайлы түрлі қатаң ескертулер мен айыптаулар жасаған: «Үш түрлі адам бар: қиямет күні Алла оларға қарамайды, олармен тілдеспейді, олардың күнәларын да кешірмейді, оларға аса ауыр азап бар: «...бірі дүниелік мақсат үшін имамға биғат еткен (сөз берген) кісі. (Ондайлар) қалағанын алғанда мойынсұнады, ал ала алмаса мойынсұнбайды». Осыған дейін айтылғандарды қорытындылар болсақ, Исламның үкімі мынадай: «Имамға қарсылығы жоқ мәселелерде мойынсұну парыз». Өйткені «Имам – дұшпанның шабуылына, адамдар арасындағы зұлымдықтың алдында – перде іспетті, (оның адами қасиеттері қандай болмасын), оның басшылығымен (дұшпандарға, сатқындарға және кез келген бүлікшілерге қарсы) жиһад жасалады...»

2. Пасық имамның артында намаз оқу

Негізінде, бұл тақырып мойынсұнушылыққа қатысты талқыланған алдыңғы тақырыптан онша алшақ емес. Соны толықтыра түсетін бөлімі іспетті. Өйткені «Имам» термин ретінде әрі намаз оқытатын, әрі мемлекеттің басшысына берілетін лауазым. Сонымен қатар имам мемлекет басшылығына қатысты қызметтерді де атқарады. Осы қызметтерінің ішінде жұма намаздарын өткеру ең маңызды істерінің қатарына жатады. Сондықтан жұма шарттарының бірі ресми түрде рұқсат берілу.

Имамда болуы тиіс шарттар: Ислам ғұламалары хадистерге сүйене отырып бұл шарттарды былай белгілеген: Ислам (мұсылман болу), балиғат жасқа толуы, ақыл иесі болу, зукурат (ер адам болу), қырағат (Құран оқи алу), ақыл-есінде кемшілік болмау. Олай болса, осы шарттарға сай келетіндер имам бола алады. Жамағат арасында осы шарттарға ие болғандардың арасынан ең абзалын, бұдан да басқа жақсы сипаттарға иелік еткендерді имамдыққа таңдайды. Мәселен, ғалым болу, қырағаты (Құран оқу шеберлігі) көркем болу, тақуа болу, жасы үлкен болу, көркем мінез тұрғысынан үстем болу, тегі, үні, киіну үлгісі, сыпайылығы сынды өзге де сипаттар. Бұлар уәжіп шарттар емес, сипат тұрғысынан тең болған жағдайда таңдалатын ерекшеліктер арасына жатады. Үй иесі немесе қандай да бір аймақтың имамы осы сипаттарға ие болмаса да таңдала береді. Олай болса, хадисте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) белгілеген негізгі шарттарға сай имам болуға лайық жан табылмаса, үлкен күнәларды жасаған болса да, пасықтың артында намаз оқылады, жамағат болып ұюға болады. Осы мәселені қозғаған ғалымдар сәләфтың (алдыңғылардың) да осылай жасағандығын және ибн Омар және Әнәс (р.анһумә) сынды сахабалар арасындағы дәрежесі жоғары тұлғалар Хажжаждың артында намаз оқығандығын айтқан.

Мына мәселелерді де анықтап алайық. Алиул Қари талқыланып отырған осы хадисті түсіндіргенде бұл жердегі уәжіптің рұқсат деген мағынада екендігін, яғни, пасық, тіпті әһлил бидғаттың артында намаз оқудың жайыз екендігін дәлелдеген. Ханафи мәзһабы бойынша, пасық имамның артында намаз оқу мәкруһ болса, Имам Мәлик пен Имам Мұхаммед бойынша мүлде рұқсат емес.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: جَاهِدُوا الْمُشْرِكِينَ بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ وَأَلْسِنَتِكُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1027) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Мүшріктерге қарсы мал-жандарыңмен және тілдеріңмен жиһад етіңдер”».126

1. Ғалымдар бұл хадисте мүшріктермен тікелей жүздесіп жиһад жасаудың уәжіп екендігіне қатысты дәлел бар екендігін айта келе, былай деп түйген: бұл дегеніміз өз орнына ақысын беріп жалдап өзге біреуді жіберумен әлгі адамның мойынан жауапкершілік түспейді. Хадисте Алла жолында (қаржы) жұмсау арқылы болса да жиһадқа қатысу уәжіп делінген. Алайда әмірді орындау үшін артығырақ еңбек етіп ақша тауып, жиһад ету мақсатында (қаржы) жұмсауға ынталандыру бар. Сахабалар арасындағы жағдайы төмендері Алла жолында қаржылай (қолдау білдіріп) жұмсау үшін бар күш-жігерін сарқып ақша тауып (Алла жолында) жұмсағандарына қатысты оқиғалар бар. Жиһад жасау мақсатымен жұмсалған (қолданылған) қару, ішіп-жем, киім, көлік немесе басқа да қажеттіліктер арқылы да (қаржы жұмсауға) болады.

2. Ал тілмен атқарылатын жиһадқа келер болсақ, Мунзири бұл сөзді дұшпанды келемеждеу деп түсінген. Дәлел ретінде Расулалланың (с.а.с.) әзірет Омарға (р.а.) бұл мәселеге қатысты айқан сөзін келтірген. Оқиға былай болған: Умратул қаза (қаза болған умра сапары) барысында ақын сахабалардан Абдулла ибн Рауаха (р.а.) Расулалланың алдында Құрайшты келемеждеп өлең оқығанда, әзірет Омар мұсынысын мақұл көрмей тыймақ болады. Сонда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәселеге өзі араласып: خَلِّ عَنْهُ يَا عُمَرُ، فَلَهِيَ أَسْرَعُ فِيهِمْ مِنَ النَّبْلِ. «Уа, Омар, оған тиіспе. Бұл сөздер оларға жебеден де жылдам жетеді», – дейді. Хассан ибн Сәбит турасында Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүшріктерді келемеждеуі олардың өлең жолдарымен жасаған шабуылдарына қарсы жауап беруі үшін Пайғамбар мешітінде жеке мінбер салдырған болатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Мүшріктерге қарсы... тілдеріңмен де жиһад жасаңдар» деу арқылы тек оларды келемеждеуді көздемеген. Ғылыми және әдеби салаға кіретін түрлі көзқарастар «шайқасын» меңзеген.

Тіл арқылы жасалатын жиһад уақыт пен мекеніне қарай да өзгеруі мүмкін. Қысқаша айтқанда, дінсіздердің осы жолда дайындаған жаңа методикасы мен тәсілдерін жақсы меңгеріп, оларға дәл солай жауап бере білу керек. Бүгінгі таңда халыққа арналған жария материалдары, кітап, газет, радио, теледидар, видео тәрізді нәрселер, сондай-ақ әдеби салаға жататын романдар, аңыз әңгімелер, ертегілер, күлкілі әңгімелер, карикатура секілді адамдар қызықтайтын әрбір сала Расулалланың (с.а.с.) насихаттарында өткен «тіл арқылы жиһадқа» кіреді деген ойдамыз. Тіл адамдардың көңілін жаулап алатындықтан, әсері оқтан да жылдам әрі өте күшті.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْمَ الْفَتْحِ: لَا هِجْرَةَ بَعْدَ الْفَتْحِ وَلَكِنْ جِهَادٌ وَنِيَّةٌ، وَإِذَا اسْتُنْفِرْتُمْ فَانْفِرُوا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

(1028) Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мекке азат етілген күні былай деді: “Енді бүгінгі жеңістен кейін һижрет жоқ. Алайда жиһад пен ниет тоқтамайды. Олай болса, майданға шақырылған сәттеріңде жылдам қаруларыңды асынуға асығыңдар!”»127

Хадисте айтылған «фәтх (азат ету)» деген сөз арқылы иашарат етілген нәрсе – Меккенің алынуы, мұсылмандардың қолына өтуі. Ғалымдар берген түсіндірмеде бұл жеңістен бұрын мұсылманмын деген әрбір адамға Мәдинаға һижрет ету парыз болатын. Өйткені Мәдинада мұсылмандар өте аз, сол себепті күш жинауға мұқтаж болды. Меккенің алынуынан кейін араб түбегіндегі мүшріктер тайпа болып толықтай Ислам дініне кіргендіктен, саны көбейіп, дұшпан қауіпі де біршама сейілді. Бұл жағдай Мәдинаға һижрет ету қажеттілігін жойған еді. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) фәтхпен (азат етумен) қатар һижретке де тыйым салды. Һижрет ету шартымен биғат жасағысы келгендер де болды, алайда рұқсат бермеді, керісінше, оларға: «Фәтхтен (азат етілгеннен) кейін һижрет жоқ, алайда жиһад және ниет бар...» – деді.

Сонымен қатар һижреттің екінші бір себебін де ескеру керек. Мұсылмандарға дін ұстанғаны үшін азап берілсе, ондай кезде һижрет етуге рұқсат етіледі. Мүшріктер Ислам дінін қабылдағандарды, дінінен тайдыру үшін ойға кіріп-шықпайтын түрлі зұлымдықтар жасады. Ислам дінінің шарттарына сай өмір сүру үшін ол аймақтан кету керек болды. Бұл шарттарда өмір сүретін болса, діннен бас тартуға мәжбүр жағдайға тап келетін еді. Ислам діні мұсылмандарға діннен мақұрым қалған өмір салтына рұқсат бермейді. Мұсылман міндетті түрде дінін еркін ұстана алатын, ұрпағын Ислам дінімен нәрлендіріп өсіре алатын аймақта өмір сүруге тиіс. Мұндай жағдайда дінін жақсы ұстана алатын аймаққа һижрет жасауы керек. Ислам ғалымдары осындай һижреттің қияметке дейін мәңгілік болатындығына иман еткен. Дәлелдерін аяттар мен хадистерден алғандарын айтып мына аятты келтіреді: «Өлім періштелері (мүміндермен бірге һижрет етуге шамаларың жете тұра мүшріктердің арасында қалып, Аллаға серік қосып) өз-өздеріне қиянат жасағндардың жанын аларда: «Қандай іспен шұғылдандыңдар?» – деп сұрағанда, олар: «Біз бұл жерде хақ (діннің талаптарын орындай алмаған, мүшріктерден) қысым көрген бейшара жандар едік», – дейді. Сонда періштелер: «Әйтсе де, Алланың жері кең емес па еді? Қоныс аударам десеңдер, сендерге қой деген кім бар?!» – деп айтады. Міне, ондайлардың түбінде барып паналайтын жері жаһаннам болады. Ол қандай жаман барар жер, қандай жаман ақырғы тұрақ еді»128.

Бұл аятпен мағыналас келген бір хадисте былай делінген: أَنَا بَرِيءٌ مِنْ كُلِّ مُسْلِمٍ يُقِيمُ بَيْنَ أَظْهُرِ الْمُشْرِكِينَ. «Мүшріктердің арасында тұратын әр мұсылманнан аулақпын». Олай болса, хадистің мағынасы Ибн Хажардың да айтқанындай «Мәдинаға һижрет» деген мағынада отанынан алыстауға бел шешуге тыйым салынған, алайда жиһад ету мақсатымен отанынан алыстауға берілген рұқсат мәңгі жалғасады, жақсы іске ниет етіп күпірге толы ортадан алыстау, ғылым жолында отанынан алыстау, бүліктер қаптаған кезде дінін сақтап қалу мақсатында отанын тәрк ету қияметке дейін қала бермек.

Нәуәуи бұл хадискe сүйене отырып һижреттің тоқтауымен тоқырауға бет алған қайырлы істер мен сауапқа «жиһад» және «жақсы ниет» арқылы қол жетізуге болатындығын айтқан. Әбу Бәкір ибн әл-Араби тыйым салынған һижрет Расулалланың көзі тірісінде қасында болу үшін Мәдинаға жасалған һижрет екендігін, Расулалла (өмірден озғаннан) кейін, өзі үшін алаңдаған әркімнің һижрет етуіне болатындығын айтқан. Бұл тақырып жайында ауқымды талдауды № 5775, 5779 хадистердің жалғасында келтіреміз.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَغْزُ وَلَمْ يُحَدِّثْ نَفْسَهُ بِغَزْوٍ مَاتَ عَلَى شُعْبَةٍ مِنَ النِّفَاقِ». قَالَ ابْنُ الْمُبَارَكُ: فَنَرَى أَنَّ ذَلِكَ كَانَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1029) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Кімде-кім жорыққа атанбай және жауынгер болуды армандамай көз жұматын болса, оның мұнафық сипатымен өлгендігі”.

Ибнул-Мубәрак былай дейді: “Біз мұның Алла Елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде ғана орын алған бір жағдай деп ойлаймыз”».129

Хадис шәріпте үлкен сауап жазылатыны уәде етілген жорық секілді ғибадатты армандамаудың құлшылық әдебіне жатпайтындығы айтылған. Мұсылман құл екендігін түсінетін, әрдайым қайырлы істі және жақсылықтың ең игісін талап ететін жан болуы тиіс. Олай болса, шейіттік сынды ең ұлы мәртебеге қол жеткізетін жорыққа шығуды тілемеу, шын көңілмен ынта-ықылас танытпау, кәмілдік деңгейдегі иманға жете алмағанның нышаны, бұл үлкен кемшілік. Ардақты Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуірінде мұнафықтардың істейтін белгілі іс-әрекеттерінің бірі «майданға бармау» болатын.130

Ибн Мубәрак мұны «Расулалла кезеңіне тән үкім» деген пікірде болса да, өзге ғалымдар көбіне мұның жорамал екенін, хадис барлық кезеңді қамтитынын, үкімінің қияметке дейін жалғасатындығы жайлы пікір білдірген. Бұл хадис қандай бір қайырлы іске ниет етіп, сол істі жасамайтын адам мен еш ниет етпеген кісінің арасында жер мен көктей айырмашылықтың болатындығын білдіріп тұр. Бұл мәселе نِيَّةُ الْمُؤْمِنِ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ «Мүминнің ниеті амалынанан да қайырлы» деп келетін хадистi еске салады. Бұл хадис жорыққа атануды іштей армандағанымен арманы орындалмай қаза тапқан адамға қандай да бір кінә тағылмайтындығына дәлел. Намазды уақыты шығуға таяған сәтте оқуға ниет етіп, алайда оқып үлгермей жатып қаза тапқан адам, қажылық парыз болған жағдайда ғұмырының соңғы кезеңіне қалдырып, қажылыққа жете алмай көз жұмған адам жөнінде ғалымдар әртүрлі көзқарасқа түскен. «Бұлар аталмыш істерді кешіктіргендері үшін күнәһар бола ма, жоқ па?» деген сұраққа «Мұндай жандар күнәһар болмаса да, үлкен сауаптан мақұрым қалары сөзсіз», – деп жауап берілген.

وَفِي رِوَايَةٍ أَبِي دَاوُدَ عَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «مَنْ لَمْ يَغْزُ وَلَمْ يُجَهِّزْ غَازِيًا أَوْ يَخْلُفْ غَازِيًا فِي أَهْلِهِ بِخَيْرٍ أَصَابَهُ اللَّهُ تَعَالَى بِقَارِعَةٍ قَبْلَ يَوْمِ الْقِيَامَةِ».

(1030) Әбу Умама (р.а.) былай дейді: «Кімде-кім жорыққа шықпаса яки жауынгерлік дәрежеге ұмтылмаса, болмаса, жорықта жүрген жауынгердің отбасына жақсылық жасамаса, Алла қиямет күнінен бұрын сол адамды аяқ астынан бір жаманшылыққа душар етеді».131

وَعَنْ أَبِي النَّضْرِ عَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَيَّامِهِ الَّتِي لَقِيَ فِيهَا الْعَدُوَّ انْتَظَرَ حَتَّى مَالَتِ الشَّمْسُ فَقَامَ فِيهِمْ فَقَالَ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ لَا تَتَمَنَّوْا لِقَاءَ الْعَدُوِّ وَاسْأَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ، وَإِذَا لَقِيتُمُوهُمْ فَاصْبِرُوا. وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّةَ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ. ثُمَّ قَالَ: اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ وَمُجْرِيَ السِّحَابِ وَهَازِمَ الْأَحْزَابِ اهْزِمْهُمْ وَانْصُرْنَا عَلَيْهِمْ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1031) Абдулла ибн Әбу Әуфә (р.а.): «Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: “Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Алладан есендік тілеңдер. Егер олармен жүзбе-жүз кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жәннаттың (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар, – деді де, – уа, Құранды түсірген, көктегі ақ-ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел буып келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Алла тағалам! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей көр!” – деп жалбарынды», – деген.132

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұшпанмен соғысуды шығыстан шыққан Күн батысқа батып кеш қарайғанға дейін жалғастыруды меңзейді. Жоғарыдағы хадистің негізгі мазмұны осы төңіректе.

2. Хадисте меңзелген маңызды мәселелердің бірі – дұшпанмен кездесуді қаламау. «Жаннат – қылыштардың көлеңкесінде» деген секілді жиһадқа, дұшпанмен күресуге мән беретін Расулалланың (с.а.с.) «дұшпанмен кездесуді армандамаңдар, сұрамаңдар» деген хадисі бір қарағанда бір-біріне қарама-қайшы сөз секілді көрінеді. Бұған түсіндірме берген Ибн Баттал былай дейді: «Бұл жердегі тыйымның хикметі мынау: Кісі өз өмірінің нәтижесі қалай болып бітерінен бейхабар. Бұл бейне бір бүліктен басын алып қашқан адамның жағдайына ұқсайды». Әзірет Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) мынадай дұғасы бар: لَأَنْ أُعَافَى فَأَشْكُرَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أُبْتَلَى فَأَصْبِرَ. «Сынаққа ұшырап сабыр еткеннен гөрі амандыққа бөленіп, шүкір еткенім өзіме сүйіктірек».

Адам жақсы нәтиже бере алатынына сенімді болса, сынақты құлшыныспен қарсы алады. Ал көрсететін нәтижесі бұлыңғыр болса, көңілі алаң болады. Алла Елшісінің (с.а.с.) дұшпанмен қарсы келуге қатысты дұға жасаудан тыюын былай түсіндіруге болады: «Адамның дұшпанмен қарсы келуді қатты тілеуі – өзін басқалардан жоғары санауынан, қол астындағы әскеріне иек артуынан, күш-қуатына шамадан тыс сенім артуынан және дұшпанын менсінбеуінен туындайтын әрекет. Мұндай әрекет адамның діні үшін қауіпті, парасатты тұлға болуына кедергі». Алайда бұл тыйымды «дұшпанмен қарсыласудың пайдалы һәм қажет екендігі күмәнді немесе зиянды екені анық болса» деген уәжге негізделіп бұл жағдайлар арнайы тақырып ретінде қозғалып, соғысудың бұйрыққа мойынсұну екендігі де айтылған.

Бірінші жорамалды (тәуил) қуаттай түсетін нәрсе – дұшпанмен қарсыласуды тілеуге тыйым салғаннан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Алладан кешірім сұраңдар» дегені. Сағид ибн Мансурдың бір риуаяты да осы тәуилді қуаттай түседі: لَا تَمَنَّوْا لِقَاءَ الْعَدُوِّ فَإِنَّكُمْ لا تَدْرُونَ عَسَى اَنْ تَبْتَلُوا بِهِمْ «Дұшпанмен қарсы келуді тілемеңдер. Қайдан білесіңдер, қиыншылыққа түсуілерің мүмкін ғой».

Ибн Дақиқу әл-Ид былай дейді: «Өліммен бетпе-бет келу – нәпсіге ең ауыр тиетін нәрсе және бұл ғайыпқа тән дүние, оның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Сондықтан да оның нәтижесі қалай болатыны белгісіз. Сол себепті оны тілеу, армандау мәкруһ. Ал егер де дұшпанмен қарсы келуді тілеп алған жағдайда айтқан сөзіне қайшы әрекет етуі мүмкін болғандықтан оған тыйым салынады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) адам өз еркінен тыс дұшпанмен бетпе-бет келіп қалған жағдайда сабыр етіп өзіне-өзі берік болуды бұйырған.

3. Хадисте «Жаннат – қылыштардың көлеңкесінде» делінген. Ибн әл-Жәузи: «Мұнда жаннаттың қылыш арқылы қол жеткізілетіні меңзелуде», – дейді. Хадистің басқа нұсқаларында أَنَّ الْجَنَّةَ تَحْتَ بَارِقَةِ السُّيُوفِ «Жаннат қылыштар жарқылының астында», – делінген.

Қуртуби хадисті түсіндіру кезінде оның мына қырын негізге алған. Оның айтуынша, бұл хадисте астарлы һәм нәзік мәселелер қамтылған. Хадистің тілі шешендікке негізделген. Онда мына мәселелер қамтылған деуге болады:

• Жиһадқа қызықтыру;

• Жиһад жасауда үлкен сауап бар екендігін баяндайды;

• Дұшпанмен бетпе-бет шайқасуға құлшындырады;

• Қылыш қолдануға шақыру;

• Жауынгерлердің бір ту астына жиналып біріге шайқасуына ишарат.

4. Бұл хадистен кейбір ғалымдар дұшпанды жекпе-жекке шақыруға деген тыйым бар деп түсінген. Әйгілі тәбиғин ғалым Хасан Басри осы көзқараста. Әзірет Али (р.а.): «Ешкімді жекпе-жекке шақырма. Ал шақыратын болсаң, соған жауап бер. Ондай адамға жәрдем берілмейді. Себебі әлдекімді жекпе-жекке шақырған адам – шектен шығушы адам», – деген.

5. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құтбасының соңында дұға ететін. Сол дұғасының арасында Алла тағалаға жалбарынып, Оның кейбір сипаттарын тілге тиек етеді. Бұл сипаттар арқылы мұсылмандарға қалай мінәжат ету керектігін ұғындырған. Ибн Хажар мұны былай түсіндірген:

a) مُنْزِلُ الْكِتَابِ «Кітапты түсірген» тіркесі арқылы мына аятқа ишарат жасайды: «Олармен (яғни ондай бүлікшіл, бәтуасыз қаскөй кәпірлермен) соғысыңдар. Алла оларды сендердің қолдарыңмен жазалап, қор қылсын. Оларға қарсы сендерге жәрдем беріп, жеңіске жеткізсін әрі (солардан әбден қысым көрген көңілі жарым) мүмін қауымның көңілін жайландырсын. Һәм олардың жүрегіндегі (көкірегіндегі) ашу-ызаны бассын»133.

ә) مُجْرِىَ السَّحَابِ «Бұлттарды көшіруші» тіркесі арқылы Алланың қалауымен бұлттардың кейде желдің айдауымен қозғалуы, кейде жауын-шашынмен орнынан қозғалуы секілді Оның құдіретін, шеберлігін көрсетеді. Бұлттардың қозғалысы арқылы Алла жолында соғысушыларға жәрдем берілетініне ишарат бар. Бұлттың көшпеуі кәпірлер мен мүминдердің бетпе-бет келуіне оңтайлы жағдай туғызып, жаңбырдың жаууы арқылы соғыс олжасына кенелуге, ал бұлттың жоқтығы жеңіліске себеп болатынына ишарат. Мұның бәрі айналып келгенде мұсылмандар үшін қолайлы жағдайлар болды.

б) هَازِمُ الْأَحْزَابِ «Қауымдарды жеңіліске ұшыратқан» деген сөзі арқылы бұған дейінгі болған нығметтерді есте ұстау, барлық жақсылықтар Алладан екендігіне ишарат етілген134.

Расулалланың (с.а.с.) бұл дұғасында сөз болған үш нығметтің ұлылығы адамға ой салмай қоймайды. Себебі Құранның түскеннен кейін ақыреттегі нығметтермен таныс болдық. Бұл – Ислам. Бұлттардың көшуі арқылы осы дүниелік нығметтер баяндалды. Бұл – ризық. Ал қауымдардың жеңілісі арқылы (яғни, Хандак шайқасындағы мұсылмандардың жеңісі) жоғарыда аталған екі нығметтің қорғалғаны белгілі болды. Олай болса Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Уа, Раббым! Бізді қалайша дүниелік һәм ақыреттік қос нығметке бөлесең, соны қорғап қалатындай жағдай туғыз. Бұларды бізге мәңгілік ет».

6. Бұл хадистен мынадай үкімдерді шығаруға болады:

• Дұшпанмен бетпе-бет келген сәттерде Аллаға дұға етіп жәрдем сұрау мустахаб амалға жатады.

• Мужаһидтерге яғни, Алла жолында күресетін адамдарға қалай әрекет етулері керектігін үйретіп, жол көрсету – мустахаб.

• Алла тағалаға дұға ету кезінде Оның көркем есім-сипаттарын тілге тиек етіп, өткен шақта берген нығметтерін де айтып соны дәнекер етіп жалбарыну – мустахаб.

• Біреуге қандайда бір міндет беру кезінде оған ахлақ, әдеп нормаларын сақтауын насихат етіп, адам табиғатын басты назарда ұстап сергек болу қажет, ғапылдықтан ұзақ болған жөн. Бұл да мустахаб амалға жатады. Расулалла сондықтан да күн батар сәттен кейін уағыз-насихат айтқан.

• Мұсылмандардың өлгендерін жалпылама «жаннаттық» деп айту жайыз, алайда әлдебір жекелеген адамдарды «пәленше жаннаттық» деп айтуға болмайды.

وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ نُفَيْلٍ الْكِنْدِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَزَالُ مِنْ أُمَّتِي أُمَّةٌ يُقَاتِلُونَ عَلَى الْحَقِّ وَيُرِيعُ اللَّهُ تَعَالَى لَهُمْ قُلُوبَ أَقْوَامٍ وَيَرْزُقُهُمْ مِنْهُمْ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ، وَحَتَّى يَأْتِيَ وَعْدُ اللَّهِ. الْخَيْلُ مَعْقُودٌ فِي نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. وَهُوَ يُوحِي إِلَى أَنِّي مَقْبُوضٌ غَيْرُ مُلَبَّثٍ، وَأَنَّكُمْ تَتْبَعُونِي، أَفَلَا يَضْرِبْ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ. وَعُقْرُ دَارِ الْمُؤْمِنِينَ الشَّامُ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1032) Сәләма ибн Нуфәйл әл-Кинди (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Үмбетімнің арасынан бір топ Алла жолында күресуді (үздіксіз) жалғастырады. Алла да олармен күрескендігі үшін кейбір қауымдардың жүректерін тайдырады және осылардан (алынған олжалар арқылы) олардың рызық-несібелерін қамтамасыз етеді, бұл жағдай қиямет күніне дейін, Алланың берген уәдесі келген сәтке дейін жалғаса береді. Аттың маңдайына қияметке дейін жақсылық жазылған. Раббым маған, араларыңда тұрақтап қалушы емес, сапарын жалғастырушы екендігімді, рухымды (тәнімнен бір күні) алатындығын, сендердің менің артымнан, (бір-біріңнің басын кесетін топ болып) еретіндіктеріңді мәлімдеді. Бір-біріңнің басыңды кесуші (өлтіруші) болмаңдар. Мүміндердің (фитнә шыққан сәтте бейбіт өмір сүре алатын) негізгі мекені – Шам (Сирия)”».135

1. Хадис біраз қысқартылып алынған. Біреу Расулалланың қасына келіп: «Уа, Алла Елшісі, адамдар аттарын босатып, қару-жарақтарын жинап тастады. «Енді жиһад бітті, шайқастар да тамамдалды» деп жатыр», – дегенде, Расулалла: «Өтірік айтады, негізгі шайқас енді келді», – деп сөз бастайды, сосын «Үмметімнің арасынан бір топ Алла жолында күресуді қияметке дейін жалғастырады...» – деп түсіндірді.

2. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисте мұсылмандар қанша жерден қиын кезеңге тап болып жеңіліске ұшыраса да, басшылықтағы басымдылығынан ажырап қалса да, ақиқаттың басым болуы үшін күресетін топтардың, әр жерде болатындығын баяндауда. Кейбір риуаяттарда бұл күрестің жасырын емес, жария түрде жасалатындығы айтылған. Хадистер бұл жағдайдың жария түрде болатындығын да баяндайды. Қандай да бір аймақта тұншықтырылып, жасырын күйге енуге күштелсе немесе Испаниядағыдай (Андалусия) толығымен (ақиқаттың шамы) сөндірілсе де, өзге жерде немесе аймақтарда Ислам жолындағы күрес әрқашан тоқтаусыз жүріп отырады. Жаратушы үшін жасалатын жиһадтың байрағы қиямет күніне дейін желбірейді. Хадисте осы жайлы айтылып отыр.

3. Ат маңдайына жазылған «қайырды» ғалымдар «сауап», «ғанимат», «ғиззат», «мақам», «жеңіс» деп жорамалдаған.

4. Хадистің Нәсәиде келген түп нұсқасы «...Сендердің менің ізімнен, бір-біріңнің басын кесетін топ күйінде еретіндіктерің жайлы мәлімдеді» деп келген. «Тәйсирде» осы мәселенің кейбір тұстары қысқартылып алынған. Біз бұл кітаптың ішінде алынып тасталған жерлерді жақшаның ішінде жазып отырдық.

Хадистің жалғасында да кейбір қысқартулар бар, алайда олар оншалықты маңызды емес.

5. «Мүминдердің негізгі мекені – Шам (Сирия)» деген сөзді ғалымдар «фитнә кезінде» деп түсіндіріп, мәселенің мәнін ашқан. Сирия аумағының ескі мәтіндердегі атауы – Шам. Яғни, бүгінгі таңдағы Шам қаласы емес. Шам қаласына Димашқ делінген. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуірінде Сирия әлі азат етілмеген болатын. Сонымен қатар хадис Раусулалланың (с.а.с.) болашақ жайлы тек шындықты айтқандығын көрсететін мұғжиза іспетті келген. Өзінен кейін қысқа мерзімде Сирия азат етіледі. Сол сәттерде шыққан бүліктер кезінде Ирак және Хижаз аймақтарында бүлік дүрілдеп тұрғанда, Сирия аймағы бұл аласапыраннан тыс қалған болатын. Әзірет Омардың (р.а.) шейіт болуынан бастап, әзірет Османның шейіт болуымен өршеленіп Сыффин және Кәрбәлә оқиғаларын тудырған бүліктердің ешқайсысы Сирияға бармаған, кейбір сахабалар бүліктен аулақ болу үшін Сирияға һижрет жасап кеткен кездер де болған.

Жиһад әдебі

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا غَزَا قَالَ: اللَّهُمَّ أَنْتَ عَضُدِي وَنَصِيرِي. بِكَ أَحُولُ وَبِكَ أَصُولُ وَبِكَ أُقَاتِلُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1033) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шыққан сәтінде: “Уа, Раббым, сен менің қолдаушым әрі жәрдемшімсің. Сенің арқаңда шара ойлап тауып, сенің арқаңда шабуыл жасап, сенің арқаңда шайқасамын” деуші еді».136

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ هُوَ وَجُيُوشُهُ إِذَا عَلَوُا الثَّنَايَا كَبَّرُوا، وَإِذَا هَبَطُوا سَبَّحُوا فَوُضِعَتِ الصَّلَاةُ عَلَى ذَلِكَ».

(1034) Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) және әскерлері (сапарда) өрге шыққан сайын тәкбір айтып, еңістен түскен кезде тәсбих айтушы еді. Намаздың өзі осыған қарай насихатталды».137

Бұл риуаят пайғамбардың сапар барысындағы жолдың ыңғайына қарай түрлі зікірлер жасағандығын көрсетеді. Өрге шыққанда тәкбір, яғни Алланы ұлықтау, еңістерге түскенде тәсбих, яғни «субханалла» деген секілді сөздер айту. Риуаят сонымен қатар намаздардағы тәкбір мен тәсбихтердің де осыған ұқсап намаздарда орын алғандығын көрсетеді. Яғни, рукуғ және сәждеге барғанда тәсбих, сәждеден тұрған сәтте тәкбір айту.

وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْاَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أمَّرَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَرَّةً أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي غَزَاةٍ فَبَيَّتْنَا أُنَاسًا مِنَ الْمُشْرِكِينَ فَقَتَلَهُمْ فَقَتَلْتُ بِيَدِي تِلْكَ اللَّيْلَةَ سَبْعَةً، هُمْ أَهْلُ أَبْيَاتٍ، وَكَانَ شِعَارُنَا: يَا مَنْصُورُ أَمِتْ أَمِتْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1035) Сәләма ибн әл-Әкуә (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір жорық барысында жасағымызға әзірет Әбу Бәкірді (р.а.) қолбасшы етіп тағайындады. Бұл жорық барысында мүшріктердің бір тобына түнделетіп шабуыл жасадық. Олардан көп адам өлтірілді. Мен өз қолыммен жеті адамды өлтірдім. Бұлар түрлі отбасының адамдары болатын. Сол күнгі құпия сөзіміз “Уа, Мансұр (жәрдем алушы), өлтір, өлтір!” – болды».138

Әбу Дәуіт бұл риуаятты «құпия сөзге» қатысты бір тарауда қамтыған. Расулалланың (с.а.с.) кезінде, сапарға шыққан сәттерде әрбір топтың бір қолбасшысы, бір байрағы болғаны іспетті өз іштерінде бір құпия сөздері де болушы еді. Осы құпия сөз арқылы, әсіресе түнгі мезгілдерде бір-бірін танушы еді. Хадистерде құпия сөз «шиғар» терминімен келген. Әзірет Әбу Бәкірдің басшы болып тағайындалған бұл жорығының құпия сөзі «әмит, әмит, Я, Мансұр!» болатын. «Әмит» сөзі «өлтір» деген мағынаны білдіреді. «Мансұр» сөзі «жеңіске жетті» деген мағынаны білдіреді, әрі мұндағы басты адамдар – жауынгерлер. Алайда шын мәнінде өлтіруші Алла болғандықтан, Аллаға бағыттала айтылғандықтан, бұл сөзге «Уа, Насыр (көмек беруші)! Дұшпанды өлтір» деген мағына беру керек екендігін айтқан.

وَعَنْ الْمُهَلَّبِ «عَمَّنْ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: إِنْ بَيَّتَكُمُ الْعَدُوُّ فَقُولُوا حم لَا يُنْصَرُونَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1036) Муһаллаб ибн Әбу Суфрә (рахимаһуллаһу) Расулалладан (с.а.с.) естіген бір кісіден Пайғамбарымыздың былай дегендігін жеткізеді: «Дұшпан сендерге түнделетіп шабуыл жасайтын болса حم لَا يُنْصَرُونَ “Хамим лә иунсарун” деңдер».139

Бұл жерде аяқ астынан жасалған дұшпан шабуылы кезінде айтылуы тиіс құпия сөз берілген. حم لَا يُنْصَرُونَ сөзі дұға емес, хабар екендігі айтылған. Ал егерде «жәрдем алмайтындар» деген мағынаға келетін дұға болғанында لَا يُنْصَرُوا деп жәзм күйінде келуі тиіс екендігі айтылған. Бұл бір хабар болғандықтан мағынасы «Уаллаһи, олар жәрдем алмайды» болатын еді. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен бір риуаятта «Ха Мим» Алланың есімдерінің бірі және құдды дұшпанның жәрдем алмайтындығын сенімді түрде баян етуде. «Ха Мим» сөзінің Алланың есімі емес екендігін айтып, «бұл сөзді растайтын өзге риуаяттар болмағандықтан, Алланың барлық есімдерінің нақты мағыналары болғандықтан, бұл жерде екі әріптен басқа мағынасы жоқ» деген. Алайда бұл пікірге бұл әріптердің Алланың кейбір есімдеріне бағытталғандығын айтып жауап та берілген. Ата әл-Хоросани былай деген: «Ха әріпі, Алла тағаланың мына есімдерінің бас әріптері: Халим, Хамид, Хай, Хаким, Ханнан. Мим әріпі болса мына есімдерінің бас әріптерін тәмсіл етеді: Мәлик, Мәжид, Мәннан, (Муқтадир, Мүнтақим)»

Алиул-Қари келтірген риуаятта: «Ха Миммен басталатын сүрелердің өзіндік бір ерекшеліктері бар. Бұл хадисте, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы ерекшеліктерге сахабалардың да назарын аударуда және (аталмыш сүрелердің ұлылығы мен мәртебелерінің Алла назарындағы қадірінен) бұларды айтудың мұсылмандарға көмек, дұшпандарға бәле әкелуін талап еткен сәттерде жүгінетін себепшілердің бірі екендігін айтқысы келген. Сондықтан оларға «Ха Мим» деу әмір етілген» дейді. Дәл сол түсіндірмеде لَا يُنْصَرُونَ сөзі «Мақұл! Ха Мим дегеннен кейін не деуіміз керек?» – деп сұралатын сұраққа: لَا يُنْصَرُونَ «Олар жәрдем алмайды!» деңдер» деген жауап ретінде келген.

وَعَنْ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ غَزْوَةً وَرَّى لِغَيْرِهَا وَيَقُولُ: الْحَرْبُ خُدْعَةٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1037) Кәғб ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шығуға шешім қабылдаған кезде, күтпеген жерден алдап өзгеше бір пікір тудырып: “Соғыс дегеніміз – алдау (жаңылыстыру/шатастыру)” деуші еді».140

Алла Елшісінің (с.а.с.) әскери техникаларының бірі – дұшпан жағынан хабар алу және сыртқа хабар бермеуге керекті шарттарды орындау болатын. Бұл мәселе пайғамбар саясатында аса маңызды орынға ие. Жоғарыдағы хадис Расулалланың (с.а.с.) жалпы ұстанымын анықтап береді. Тәурия жасау да соның бірі. Араб тілінде тәурия – негізгі мақсатын айқын білдірмей, қосымша яки жанама мағына беретін сөз қолдану арқылы сақтық жасау. Ислам ғұламалары шайқас кезінде дұшпанды алдау үшін кез келген алдау тәсілдерін қолдануға болатындығына бір ауыздан келіскен. Дұшпанмен бетпе-бет келген кезде жасалған келісімнің уақыты толмай жатып бұзуға және берілген уәденің орындамауға ғана рұқсат етпеген. Бұл екі нәрсені жасаудың үкімін «харам» деп бекіткен. Расулалланың (с.а.с.) өтірікке рұқсат еткен үш жағдайдың біреуі соғыс уақыты. Ибнул Мунир былай дейді: «Шайқас алдау тәсілінің қолданылатын жері» деуіндегі мақсат – шайқасып жүрген кісі үшін ең жақсы шайқас дұшпанмен бетпе-бет келіп айқасқа түсу емес, одан айласын асырып жеңіске жету. Өйткені дұшпанмен бетпе-бет келу өте қауіпті. Ал айла қолдану арқылы жеңіске қол жеткізуде ешбір қауіп жоқ». Хадисшілер Расулалланың (с.а.с.) «Әл-Харбу худғатун» сөзін ең алғаш Хәндәк шайқасында айтқандығын жеткізген.

وَعَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْغَزْوُ غَزْوَانِ: فَأَمَّا مَنِ ابْتَغَى وَجْهَ اللَّهِ تَعَالَى وَأَطَاعَ الْإِمَامَ وَأَنْفَقَ الْكَرِيمَةَ وَيَاسَرَ الشَّرِيكَ وَاجْتَنَبَ الْفَسَادَ فَأَنَّ نَوْمَهُ وَنَبْهَهُ أَجْرٌ كُلُّهُ، وَأَمَّا مَنْ غَزَا فَخْرًا وَرِيَاءً وَسُمْعَةً وَعَصَى الْإِمَامَ وَأَفْسَدَ فِي الْاَرْضِ فَإِنَّهُ لَمْ يَرْجِعْ بِالْكَفَافِ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ.

(1038) Муаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: Жорықтың екі түрі болады: біріншісі – Алланың разылығын іздеп шыққан жорық. Мұндай мақсатпен жорыққа шыққан жан имамға да мойынсұнады, ең құнды нәрселерін де сол жолға жұмсайды, майдандастарына да жеңілдік көрсетеді, бүлікке жуымауға тырысады. Мұндай жанның ұйқысы да, ояу өткізген сәттері де сауап болады. Ал екіншісі – мақтану, рия жасау (батыр болып көріну) үшін және өзін сату үшін шығатын жорық. Ондай адам имамға да қарсылық танытады, жер бетінде бүлік шығарады. Мұндай жорықтан ең төменгі құнды (сауапты) да ала алмайды».141

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мужаһидке уәде етілген ұлы дәрежеге жиһадқa қатысқан әрбір жанның қол жеткізе бермейтіндігін айта келе, шынайы мужаһидтің тек «Алла разылығы» үшін соғысуы керек екендігін айтқан. Тіпті мұның өзімен ғана шектелмей, қолбасшыға мойынсұну керек екендігін, соғыс барысында ең әуелі өз жанын және өзіне құнды болған бар нәрсесін жұмсап жомарттық танытуға, серіктерімен жақсы қарым-қатынаста болып, бүлік істі бастамауына абай болуы керек.

Расулалланың (с.а.с.) осы және осыған ұқсас айтқандары Алла жолында күреске шыққандардың орындауы керек ішкі тәртіпті нақтылап берген. Мұндай түсіндірмелерде жасаған амалдың «Алла жолындағы күрес» қатарына жатуы үшін керекті болған маңызды мәселелер екендігі сөз етілген. Бұл тәртіпке бағынған жауынгерлер тек дұшпанмен шайқасып жатқан сәтте ғана емес, тынығу кезінде де Алладан сауап алуына себеп болады.

Хадисте екінші бір жауынгердің сипаттарын да тізбектеп берген. Ол жайында сөз болғанда дүниелік мақсатпен шайқасқа бару, тәртіпке, басшыға бағынбау және алауыздылық сияқты мәселелер тілге тиек етілген. Бұл қылықтар ешбір сауап алмай жорықтан құр алақан оралуына немесе шейіттік мәртебеге жетпей көз жұмуына соқтырады.

Хадисте Алла разылығы үшін шайқасқа қатысқан адамдардың тәртіпке бағынулары, алауыздық тудырмаулары қатаң ескертілген. Ендеше, мұнда ұлы істе тек қана ниет ету жеткіліксіз, сол жақсы ниетті амал арқылы өрнектеу де басты шарттардың қатарына жатады.

وَعَنْ قَيْسِ بْنِ عَبَّادٍ قَالَ: «كَانَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَكْرَهُونَ الصَّوْتَ عِنْدَ الْقِتَالِ» أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1039) Қайс ибн Аббад былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) сахабалары (р.анһум) соғыс барысында дауыс шығарғанды ұнатпаушы еді».142

1. Қайс ибн Аббад Әбу Абдулла әл-Басри мухадрамундардың143 қатарына жататын һәм хадис ілімінде сиқа144 деген дәрежеге лайық көрілген жан. Әзірет Омар, әзірет Али және әзірет Аммардан (р.анһум) жеткен риуаяттары бар. Бұл кісіден ұлы Абдулла және Хасан Басри риуаят келтірген.

2. Сахабалар ұнатпайтын нәрсенің бірі – Алланы зікір етуден басқа жерде бақырып-шақырып, аты-жөні жоқ құр шуылдау болатын. Фиқыһшылар шайқас кезінде айқайлап, жөнсіз бақырып-шақырудың мәкрүһ екендігін осы хадистен алған. Соғыс кезінде жөнсіз дауыс көтеру қорыққанның белгісі саналып, босаңсуға, үмітсіздікке себепші болатындығы үшін тыйым салынған болуы мүмкін. Шайқас кезінде ұстамдылық танытып үндемеу – тұрақтылық пен табандылықтың, өз-өзіне сенімді болғанның белгісі.

وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ يَقِفُ حِينَ يَنْتَهِي إِلَى الدَّرْبِ فِي مَمَرِّ النَّاسِ إِلَى الْجِهَادِ فَيُنَادِي نِدَاءً يُسْمِعُ النَّاسَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ مَنْ كَانَ عَلَيْهِ دَيْنٌ وَيَظُنُّ أَنَّهُ إِنْ أَصِيبَ فِي وَجْهِهِ هَذَا لَمْ يَدَعْ لَهُ وَفَاءً فَلْيَرْجِعْ وَلَا يَتْبَعْنِي فَإِنَّهُ لَا يَعُودُ كَفَافًا». أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

(1040) Әбу Дәрданың (р.а.) айтуы бойынша, жиһадқа бара жатқан сәтте (Пайғамбарымыз (с.а.с.)) жолға шығып, адамдар өтетін жолда тұрып барлығы еститіндей дауыспен былай деген: «Уа, адамдар! Кімде-кім мойынында қарызы бола тұрып, жиһадқа қатысып шейіт болған жағдайда (мойынындағы) қарызы өтелмей қалатындығын білсе, тез арада кері қайтсын, артымнан еруші болмасын. Себебі ол қанша жерден жиһад жасаса да оның сауабын ала алмайды».145

Жиһадқа ниет етудегі ықылас пен адалдық

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الرَّجُلِ يُقَاتِلُ شَجَاعَةً، وَيُقَاتِلُ حَمِيَّةً، وَيُقَاتِلُ رِيَاءً، أَىُّ ذَلِكَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟ فَقَالَ: مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

(1041) Әбу Муса Абдулла ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.): «Бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.): “Біреуі өзінің көзсіз батырлығын көрсету үшін, енді біреуі ұлтының, руының немесе әулетінің намысы үшін, тағы біреуі рия қылып елдің назарын өзіне аудару үшін шайқасқандардың қайсысы Алла жолында күрескен болып саналады?” – деп сұрағанда, ол: “Кім Алланың сөзін (яғни, дінін) асқақтату үшін күрессе, міне, сол – Алланың жолында”, – деп жауап қатты», – деген.146

Бұл хадистің басқа түрлі риуаяттарында соғысқа апаратын басқа да мақсаттардың айтылғанын байқаймыз. Олар: олжаға кенелу, кек алу (ашу) сияқты нәрселер. Осылайша риуаяттардың жиынтығында соғыстың артында бес мақсат болатындығы көрінеді: олжаға кенелу, ержүректік таныту, рия жасау, қорғану, кек алу. Бұлардың әрқайсысының жақсы және жаман жақтарын айтуға болады. Ибн Батталдың айтуынша, ашу мен қорғану үшін жүргізілген соғыс кейде Алла жолында болуы да мүмкін. Сол себепті Алла Елшісі бұлардан тыймаған һәм құптамаған. Есесіне «Алланың сөзі үстем болсын» деген мақсатпен шайқасқан адамның ниеті Алла жолында екендігін білдіріп, шайқаста болатын алтыншы мақсатты көрсеткен. «Алланың сөзі» дегендегі айтқысы келгені – «Алланың Исламға шақыруы». Олай болса «Алланың сөзі үстем болсын» деген ниетпен ғана шайқасқа шыққан кісі Алла жолында болмақ. Бұл ұлы мақсатқа аталмыш бес мақсаттың бірін болса да араластырған адам ықыласын жоғалтып, асыл мұраттарынан адыра қалады. Алайда соғысының басты мақсатына айналдырмастан, тек соғыс барысына кіргізе отырып оларға да қол жеткізсе, онда ол ықылысқа еш зарар келтірмейді. Ғұламалардың көпшілігі осы пікірде.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَجُلًا قَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: رَجُلٌ يُرِيدُ الْجِهَادَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَهُوَ يَبْتَغِي عَرَضًا مِنَ الدُّنْيَا؟ فَقَالَ لَا أَجْرَ لَهُ. فَأَعَادَ عَلَيْهِ ثَلَاثًا كُلُّ ذَلِكَ يَقُولُ لَا أَجْرَ لَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1042) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алла елшісі, кімде-кім Алла жолында жиһад етуге ниет ете тұра, дүниелік бір нәрсені де аңсайтын болса, оның жай-күйі қалай болады?” – деп сұрады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай жауап берді: “Оған ешқандай сауап жоқ!” Әлгі кісі сұрағын үш мәрте қайталап еді, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшеуінде де: “Оған ешқандай сауап жоқ!” – деп жауап берді».147

Бұл риуаят алдыңғы хадисті тереңірек түсіндіре түседі. Шейіттік мәртебеге жетуі үшін ниет-ықыластың Алла разылығы үшін жасалуы шарт. Жүрегінің түбінде олжа немесе атақ-даңқ яки (жасанды) патриоттық сынды өзге бір мақсаттардың ұшқыны болса, ықылас кетіп жасаған амалы Алла жолындағы қарекет болудан тыс қалады. Бұл хадистің Әбу Умама тарапынан риуаят етілген нұсқасында үшінші мәрте, لَاشَىْءَ لَهُ «Оған ешқандай да сауап жоқ» дегеннен кейін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мынаны да қоса айқандығы келтірілген:

أَنَّ اللَّهَ لَا يَقْبَلُ مِنَ الْعَمَلِ إِلَّا مَا كَانَ لَهُ خَالِصًا وَابْتَغَى بِهِ وَجْهَهُ

«Алла тек Өзі үшін ықыласпен әрі Оның разылығын көздеп істелген амалды қабыл етеді».

Ибн Әбу Жәмраның пікірінше, «Жиһадтың (жиһадқа қатысудағы) негізгі мақсаты Алланың кәламын ұлықтау болса, екінші бір мәселенің де сол ниетке араласуы амалдағы ықыласқа залалын тигізбейді». Ғалымдардың біразы осы пікірді мақұл көрген.

وَعَنْ شَدَّادِ بْنِ الْهَادِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْاَعْرَابِ جَاءَ فَآمَنَ بِالنَّبِيِّ ﷺ ثُمَّ قَالَ: أُهَاجِرُ مَعَكَ؟ فَأَوْصَى بِهِ النَّبِيُّ ﷺ بَعْضَ أَصْحَابِهِ فَكَانَتْ غَزَاةٌ غَنِمَ النَّبِيُّ ﷺ فِيهَا شَيْئًا فَقَسَّمَ وَقَسَمَ لَهُ. فَقَالَ مَا هَذَا؟ فَقَالَ: قَسَمْتُهُ لَكَ. قَالَ: مَا عَلَى هَذَا اتَّبَعْتُكَ، وَلَكِنْ اتَّبَعْتُكَ عَلَى أَنْ أُرْمَى إِلَى هَهُنَا، وَأَشَارَ بِيَدِهِ إِلَى حَلْقِهِ بِسَهْمٍ فَأَمُوتَ فَأَدْخُلَ الْجَنَّةَ. فَقَالَ إِنْ تَصْدُقِ اللَّهَ يَصْدُقْكَ، فَلَبِثُوا قَلِيلًا ثُمَّ نَهَضُوا فِي قِتَالِ الْعَدُوِّ فَأُتِيَ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ مَحْمُولًا قَدْ أَصَابَهُ سَهْمٌ حَيْثُ أَشَارَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: أَهُوَ هُوَ؟ قَالُوا: نَعَمْ. قَالَ: صَدَقَ اللَّهَ فَصَدَقَهُ. ثُمَّ كُفِّنَ فِي جُبَّةِ النَّبِيِّ ﷺ ثُمَّ قَدَّمَهُ فَصَلَّى عَلَيْهِ فَكَانَ مِمَّا ظَهَرَ مِنْ صَلَاتِهِ: اَللَّهُمَّ هَذَا عَبْدُكَ خَرَجَ مُهَاجِرًا فِي سَبِيلِكَ فَقُتِلَ شَهِيدًا وَأَنَا شَهِيدٌ عَلَى ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

(1043) Шәддәд ибн әл-Һад (р.а.) былай дейді: «Бір бәдәуи (шөлде өмір сүретін араб) Расулалланың (с.а.с.) өзіне келді де, дінді қабылдады. Содан соң: “Сізбен бірге һижрет етейін бе?” – деп сұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны сахабаларының ішіндегі біреуге табыстап, оған көмектесуін (білмеген сұрақтарына жауап беруін) тапсырды. Кейін бір жорық барысында Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ғанимат (олжа) алды. Сол олжаны үлестіріп жатты да, әлгі бәләуиге де бір мөлшер берді. Бәдәуи сонда: “Бұл не?” – деп сұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Бұл мөлшерді саған тиесілі еттім”, – деді. Әлгі кісі: “Мен артыңыздан бұл үшін ермедім, мен (қолымен алқымын көрсетіп) мына жерге бір оқ қадалып өлу үшін және жәннатқа кіру үшін артыңыздан ердім”, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да: “Сен Аллаға адал болсаң, Ол да саған адал болады (қалағанын береді)”, – деді. Жауынгерлер біраз уақыт кідірген соң, қайтадан жорыққа аттанды. Әлгі кісіні біраз уақыттан кейін әзірет Пайғамбардың (с.а.с.) жанына әзер көтеріп әкелді. Қолымен көрсеткен жеріне оқ қадалып қаза тапқан екен. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мынау сол кісі ме?” – деп сұрады: “Иә, дәл өзі!” – дегенде, “Ол көңілдегі шынайы сөзін айтты һәм Аллаға адалдық танытты. Алла да оған адалдық көрсетті”, – деді. Ол кісі Расулалланың (с.а.с.) шапанымен кебінделді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мейітті алдыңғы тарапқа қарай қойып (жаназа) намазын оқыды. Оқыған дұғаларының ішінде мынадай сөздер де айтылып жатты: “Уа, Алла, бұл – сенің құлың. Сенің жолыңда һижрет жасау үшін елінен шықты. Шейіт болып жан тәсілім етті. Мен бұған куәлік етемін”».148

Бұл риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) шейіттің жаназасын оқығандығы жайлы сөз қозғалуда. Шәфиғи, Мәлики және Ханбали мәзһабтарының көзқарасы бойынша, шейітке намаз оқылмайды, шейіт жуындырылмайды да, шейіт болған сәттегі киімімен бірге көміледі. Сондықтан хадистегi فَصَلَّى عَلَيْهِ сөзі біраз пікірталас тудырған. Нәуәуи: «Бұл жердегі мақсат, намаз емес дұға» дейді. Олай болған жағдайда, шейітке намаз оқымаған, өлгендер үшін жасалатын дұғалардан бірін жасаған. Нәуәуи, Бұхаридің мына бір риуаятын көрсеткен. Аталмыш риуаятта әзірет Пайғамбардың (с.а.с.) Ухуд шейіттерi үшін сегіз жылдан кейін дұға жасағандығы және бұл дұға саләт (намаз) сөзімен айтылғандығын, бұған дәлел ретінде көрсеткен.

صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى قَتْلَى أُحُدٍ بَعْدَ ثَمَانِي سِنِينَ.

«Алла елшісі (с.а.с.) Ухудта қаза тапқандарға сегіз жылдан кейін жаназа намазын оқыды».149

وَعَنْ عَبْدِالرَّحْمَنٍ بْنِ أَبِي عُقْبَةَ عَنْ أَبِيهِ. وَكَانَ مَوْلَى مِنْ أَهْلِ فَارِسٍ قَالَ: «شَهِدْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ أُحُدًا فَضَرَبْتُ رَجُلًا مِنَ الْمُشْرِكِينَ فَقُلْتُ خُذْهَا وَأَنَا الْغُلَامُ الْفارِسِيُّ. فَالْتَفَتَ إِلَىَّ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: هَلَا قُلْتَ وَأَنَا الْغُلَامُ الْاَنْصَارِيُّ أَنَّ ابْنَ أُخْتِ الْقَوْمِ مِنْهُمْ، وَأَنَّ مَوْلَى الْقَوْمِ مِنْهُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1044) Абдуррахман ибн Әбу Уқба, әкесінен жеткізген риуаятында. Әкесі Ирандық, әрі азат етілген құл болатын. Ол былай дейді: «Ухуд соғысына Расулалламен (с.а.с.) бірге қатыстым. Мүшріктерден бірін ұрып жықтым да: “Міне, саған, бұл саған менен сыбаға. Мен Ирандық құлмын!” – дедім. (Айтқанымды естіп тұрған) Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған қарады да: “Неге мен ансарлық құлмын демедің? Бір қауымға тиесілі қыздың ұлы – сол қауымның мүшесі. Бір қауым азат еткен құл – сол қауымның мүшесі”, – деді».150

Әбу Дәуіт бұл риуаятты «Асабият» деп аталатын тараудың бір тақырыбында келтірген. «Асабият» Расулалланың (с.а.с.) дәл сол тарауда келтірген бір хадисінде «Адамның қауымының зұлымдығына қолдау көрсетуі» деп келген. Бүгінгі таңда бұған нәсілшілдік дейміз. Ислам нәсілге бөлінуді дұрыс деп қабылдамайды. Сондықтан бір қоғамның ішіндегі аз ғана нәсіл өкілдері өздері өмір сүріп жатқан қоғамның бір мүшесі екендіктерін үнемі естерінде ұстау керек екенін ескерткен. Бұл хадистен осындай ұстанымда болу керектігіне байланысты айтылған нақты мысалға куә болып отырмыз. Өз-өзін Ирандық деп санайтын бір мұсылман кісі мұсылмандармен бірге Ухуд соғысына қатысады. Меккелік бір мүшрікті қылышымен жайпап салғанда, сол кездегі шайқас ережесіне сай өз-өзін таныстырып: «Мен Ирандық пәленше деген құлмын!» – дейді.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ескерту жасап, өзін ансарлық деп танытуы керек екендігін айтады. «Қандай да бір қауымға тиесілі қыздың ұлы сол қауымның мүшесі болып саналады». Бұл жердегі «қыздың ұлы» деген сөз арқылы қауымдар арасындағы ер адам жағынан ешбір туыстық қатынасы жоқ, азғантай адамдар тобын айтып тұрғандығы анық. Дұшпанға өлім соққысын берген сәтте өз-өзін таныту, сол дәуірдегі әдеттің бірі боллатын. Осылай жасау арқылы аты аңызға айналып, ел аузында ерлігі жыр-дастан болып жүреді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыған наразылық танытты. Өз-өзін ансарлық деп танытпағанына кейіді. Себебі кез келген бір қоғамда өмір сүріп, сол қоғамның заң-ережелеріне, салт-дәстүріне тәуелді болған адам, сол қоғамның бір бөлшегі боп саналады. Бұл жайт хадисте الْقَوْمِ مِنْهُمْ «Қандай да бір қоғамның азат етілген құлы сол қоғамның бір мүшесі» деп айтылған. Жәрдемдесу, сүйіспеншілік, кеңесу сынды көптеген қарым-қатынастарда жаны мен тәні бір, тіпті қайғысы мен қуанышы да тағдырлас болғандардың ішінен біреу шығып «Менің қаным бөлек, сендерден бөлекпін» деп жекеленуін Ислам құп көрмейді.

Шайқас және жорықтың үкімі

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَمَّرَ الْاَمِيرَ عَلَى جَيْشٍ أَوْ سَرِيَّةٍ أَوْصَاهُ فِي خَاصَّتِهِ بَتَقْوَى اللَّهِ تَعَالَى وَمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ خَيْرًا، ثُمَّ قَالَ: اُغْزُوا بِسْمِ اللَّهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ قَاتِلُوا مَنْ كَفَرَ بِاللَّهِ اغْزُوا وَلَا تَغُلُّوا وَلَا تَغْدُرُوا وَلَا تُمَثِّلُوا وَلَا تَقْتُلُوا وَلِيدًا. فَإِذَا لَقِيتَ عَدُوَّكَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ فَادْعُهُمْ إِلَى ثَلَاثِ خِلَالٍ، فَإِنْ أَجَابُوكَ فَاقْبَلْ مِنْهُمْ وَكُفَّ عَنْهُمْ: ادْعُهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، فَإِنْ أَجَابُوكَ فَاقْبَلْ مِنْهُمْ وَكُفَّ عَنْهُمْ، ثُمَّ ادْعُهُمْ إِلَى التَّحَوُّلِ مِنْ دَارِهِمْ إِلَى دَارِ الْمُهَاجِرِينَ، وَأَخْبِرْهُمْ إِنَّهُمْ إِنْ فَعَلُوا ذَلِكَ فَلَهُمْ مَا لِلْمُهَاجِرِينَ، وَعَلَيْهِمْ مَا عَلَيْهِمْ، فَإِنْ أَبَوْ أَنْ يَتَحَوَّلُوا مِنْهَا فَأَخْبِرْهُمْ أَنَّهُمْ يَكُونُونَ كَأَعْرَابِ الْمُسْلِمِينَ يَجْرِي عَلَيْهِمْ حُكْمُ اللَّهِ تَعَالَى الَّذِي يَجْرِي عَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَلَا يَكُونَ لَهُمْ فِي الْغَنِيمَةِ وَالْفَئِ شَيْءٌ إِلَّا أَنْ يُجَاهِدُوا مَعَ الْمُسْلِمِينَ وَإِنْ هُمْ أَبَوْا فَسَلْهُمُ الْجِزْيَةَ، فَإِنْ هُمْ أَجَابُوكَ فَاقْبَلْ مِنْهُمْ وَكُفَّ عَنْهُمْ. فَإِنْ أَبَوْا فَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ تَعَالَى عَلَيْهِمْ وَقَاتِلْهُمْ، وَإِذَا حَاصَرْتَ أَهْلَ حِصْنٍ فَأَرَادُوكَ أَنْ تَجْعَلَ لَهُمْ ذِمَّةَ اللَّهِ تَعَالَى وَذِمَّةَ نَبِيِّهِ فَلَا تَفْعَلْ، وَلَكِنْ اجْعَلْ لَهُمْ ذِمَّتَكَ وَذِمَّةَ أَصْحَابِكَ، فَإِنَّكُمْ إِنْ تَخْفُرُوا ذِمَّتَكُمْ وَذِمَّةَ أَصْحَابِكُمْ أَهْوَنُ مِنْ أَنْ تَخْفَرُوا ذِمَّةَ اللَّهِ تَعَالَى وَذِمَّةَ رَسُولِهِ ﷺ. وَإِذَا حَاصَرْتَ أَهْلَ حِصْنٍ وَأَرَادُوكَ أَنْ تُنْزِلَهُمْ عَلَى حُكْمِ اللَّهِ تَعَالَى فَلَا تُنْزِلْهُمْ عَلَى حُكْمِ اللَّهِ تَعَالَى، وَلَكِنْ أَنْزِلْهُمْ عَلَى حُكْمِكَ، فَإِنَّكَ لَا تَدْرِي أَتُصِيبُ فِيهِمْ حُكْمَ اللَّهِ تَعَالَى أَمْ لَا ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1045) Бурәйда (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әскерге немесе жасаққа қолбасшы тағайындаса, оған Алладан қорқуды және қасындағы мұсылмандарға жақсылық жасауды өсиет ететін. Содан кейін былай дейтін: “Алланың атымен, Алла жолында жорыққа шығыңдар. Аллаға күпірлік еткендермен шайқасыңдар. Олжадан жымқырмаңдар, уәдені бұзбаңдар, мүрдені қорламаңдар, бала өлтірмеңдер. Мүшрік дұшпанмен бетпе-бет келсең, оларға үш істі ұсын. Ұсынысыңды қабыл алса, келісімін қабылдап, оларға тиіспе. Әуелі Исламға шақыр. Қабыл алса, келісімін қабылдап, оларға тиіспе. Содан соң оларды өз жұртынан мұһажирлердің мекеніне көшуге шақыр. Көшсе, мұһажирлердің құқығы мен міндеті оларға да ортақ болатынын айт. Көшуден бас тартса, мұсылман бәдәуилермен бірдей болатынын, мүміндерге жүретін Алланың үкімі оларға да жүретінін түсіндір. Мұсылмандармен бірге соғысқа қатыспаса, оларға ғанимат пен пәйден үлес берілмейді. Егер бас тартса, олардан жизия сұра. Келіссе, келісімін қабылдап, оларға тиіспе. Бас тартса, Алладан жәрдем сұрап, олармен шайқас. Қамалдағы жұртты қоршағанда, олар Алла мен Оның пайғамбарының кепілдігін сұраса, ондай кепілдік берме. Өз кепілдігің мен серіктеріңнің кепілдігін бер. Өйткені өздеріңнің және серіктеріңнің кепілдігін бұзу Алла мен Оның елшісінің кепілдігін бұзудан жеңілірек. Қамалдағы жұртты қоршағанда, олар Алланың үкіміне сай қамалдан түсіруіңді сұраса, оларды Алланың үкімімен түсірме. Өз үкіміңмен түсір. Өйткені оларға қатысты Алланың үкімін дәл табасың ба, оны білмейсің”».151

Бұл хадис жорыққа аттанған әскерге қатысты кейбір маңызды мәселелерді анықтап берген:

1. Қолбасшыға және әскерлерге берілетін бұйрық. Көптеген риуаяттарда Расулалланың (с.а.с.) әскерлерді жолға шығармас бұрын ең әуелі белгілі бір үгіт-насихат жасағандығын, осы арқылы дұшпан алдында қалай әрекет етуі керектігін негізгі қағидалар бойынша естеріне салған.

a) Қолбасшыға жеке өсиет. Ең алдымен тақуалық, яғни, Алладан қорқу керек екендігі ескерілуде. Негізінде, тақуалық әрбір тұлға үшін ең басты қажеттілік бола тұра, қолбасшыға әдейілеп ескерілуін ғалым Тиби қолбасшының өзін-өзі әлдеқайда ұқыпты, әлдеқайда қатал қарауы, ал қол астындағы мұсылмандарға мейірімді болуы тиіс екенін айтқан. Хадисте: يَسِّرُوا وَلَا تُعَسِّرُوا، وَبَشِّرُوا وَلَا تُنَفِّرُوا. «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар. Сүйіншілеңдер, үркітпеңдер» делінген.

ә) Жалпыға бірдей айтылған насихат. Алла жолындағы күрес Алла үшін және Алланың атымен жүргізілуі керек. Бұл бұйрықтың орындалуы үшін Алла белгілеген принциптерге мойынсұну, ғаниматтан (олжадан) ұрламау, балаларды өлтірмеу, тағы бір риуаяттарда әйелдерді өлтірмеу, шайқасқа күші жетпейтін қарттарды өлтірмеу, дін адамдары да осы топта қамтылған. Өлілерге (мәйітке) мүслә жасамау. «Мүслә» өліктің мұрынын, құлағын кесу, көзін ою, ішек-қарынан ақтару, қарғыс айту сынды мәйітті қорлайтын іс. Дініміз мұндай әрекеттерге тыйым салған.

• Өзге риуаяттарда қолбасшыға мойынсұну, достарымен жақсы қарым-қатынаста болу, шайқас кезінде қашпай сабырлылық таныту, бекем болу сынды мәселелер де айтылған.

• Дұшпанға шабуыл жасамас бұрын ең баста Ислам дінін ұсыну152, қабыл алмаса жизия төлеуге шақыру, бұлардан оң нәтиже шықпағанда ғана соғысуға шешім шығару.

• Бетпе-бет келген адамдардың мұсылман болып-болмағандығын растау, сондай-ақ азан үні естіліп тұратын ауылдарға шабуыл жасамау, ғанимат (олжа) алу үшін шабуыл жасамау, келісімді бұзбау сынды жауынгерлерге берілген ортақ әмірдің арасында орын алатын мәселелер. Хадистерде айтылған осы бұйрықтарға сүйене отырып фиқыһ ғалымдары «Имамның (сол сияқты жауынгерлерге басшы болып шыққан бас қолбасшының) жолға шықпас бұрын қол астындағы жауынгерлерге қарата Алладан қорқу керектігін, қол астындағыларға жақсы қарым-қатынас жасауларын, шайқас кезіндегі міндеттерін және ненің харам ненің адал (халал), ненің мәкруһ немесе ненің мустахаб екенін айтуы тиіс» делінген.

2. Хадистегі «мұһажирлерге һижрет етулерінің ұсынылуы» енді ғана мұсылман болған тайпаларға керек еді. Мұны қабыл алар болса мұһажирлерге уәде етілген барлық жақсылық (несібе) және міндеттер оларға да беріледі деген сөз. Ал олар һижрет жасаған жағдайда «мұһажир» мәртебесіне ие болып сауап тұрғысынан болсын яки пәй алу тұрғысынан мұһажирлермен тең қаралады. Бұл мәселелерде мұһажирлер басқалардан әлдеқайда оқ бойы озық тұратын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұһажирлерге жиһадқa шыққаннан-ақ (Имам қай кезде болмасын әмір берген болса) дұшпанның аз-көптігіне қарамай нәпақасын беретін. Мұһажирлерден басқалары мұндай жеңілдік пен сыйға ие болмайтын. Мұсылмандар мен дұшпандардың саны шайқасар кезде тең болған жағдайда мұһажир болмағандардың соғысқа қатысуы міндеттелмейтін. Демек, хадистегі «Мұһажирлерге міндеттелген нәрселер» деген сөзінің мәні осы.

Һижреттен бас тартқан жағдайда «Мұсылманның бәдәуи сынды» болуы дарул-куфрда, яғни, дінсіздер үстемдік жүргізіп тұрған аймақта емес, өз аймағында өмір сүрген бәдәуилердей болуы деген сөз. Себебі мұсылман бола тұрып дарул-куфрде қалғандардың жауапкершілігі Алла мен Оның Елшісінде емес. Олардың иманының қабыл болмайтындығы аяттарда баяндалған.153 Һижрет етпегендерге бұл хадисте كَاَعْرَابِ الْمُسْلِمِينَ «Мұсылман бәдәуилер іспетті» делінген. Сондай-ақ риуаяттарда Алланың мүминдерге міндеттеген (намаз, зекет сынды парыздар, қысас, құн төлеу сынды жаза үкімдері) үкімдерден сұралатындығы айтылған. Тирмизидің риуаятында اَنَّهُمْ يَكُونُونَ كَأَعْرَابِ الْمُسْلِمِينَ يَجْرِى عَلَيْهِمْ مَا يَجْرِى عَلَى الْأََعْرَابِ «Бәдәуилерге жүктелген үкім арқылы шешім шығарылады» делінген.

3. Қоршауға алған күннің өзінде кешірім сұраған жағдайда жасалатын келісімді Алла мен Оның Елшісінің атынан емес, өз атынан жасауы керек екендігін ескерткендігі ескерілуі керек нәрсе. Нәуәуи бұл тыйымның «тәнзиһи» тыйым екендігін, яғни, харамға жақын тыйым емес екендігін айтады. Міндетті түрде мойынсұну керек болған қатаң әмір емес, «өзің үшін жасасаң жақсырақ болады, әлдеқайда сенімдірек болады» деген мағынаны білдіретін өсиет екендігін алға тартады. Өйткені кейбір жағдайда, бұл жауапкершіліктің қадірін білмейтіндер, жасалған келісімді бұзады. Шындығына келсек, бәдәуилер мен кейбір жауынгерлер келісімнің қадірін қашырып, бұзып жатады. Бұл жерден бұзылатындығы анық болған келісімді Алланың атынан жасаудың күнәсі да ауыр екенін айтқысы келгенін аңғару қиын емес. Алла мен Оның Елшісінің атынан жасалған келісімдерге міндетті түрде мойынсұну керек. Бұлай болмаған жағдайда мұндай келісімнен аулақ болған абзал.

4. Хадисшілердің ішінде бұл хадистің соңғы абзацында «...Абай бол оларға Алланың берер үкіміне дөп түсіп түспейтіндігіңді біле алмайсың...»154 деген сөзін негізге алған кейбір ғалымдар: «Бұл хадисте бір мәселеге қатысты түрлі үкім жеткізген мужаһидтердің әрбірі ақиқатты дөп басып тапқан адамдар емес, араларынан тек кейбірінің ойы ғана Алланың берген үкіміне сай келеді» деген. Алайда «Әрбір мужтаһид ақиқатқа дөп түседі» деушілер былай деген: «Расулалланың (с.а.с.): «Алланың олар туралы беретін үкіміне дөп түсіп-түспейтініңді біле алмайсың» деген сөзінің мағынасы – «Сен бұл мәселеге қатысты маған уахидің келіп-келмегендігін біле алмайсың, ал өзің берген үкім үшін нақты жауап бере аласың» дегісі келгені. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Сағд ибн Муаздың (р.а.) Бәни Қурайза яһудилеріне берген үкіміне қатысты айтылған Әбу Сағидтің риуаятында: «Олар турасында Алланың үкімімен үкім беріңдер» делінген. Бұл сөз Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден озғаннан кейін үкімін тоқтатқан. Олай болса, әрбір мұжаһид ақиқатқа дөп түсуші болып табылады» Алиул-Қари Муғтазилә және Әһл-сүннет ғалымдарының кейбірі осындай үкім бергендігін айтады.

5. Имам Mәлик, Әузағи және кейбір фиқыһ ғалымдары осы хадискe сүйене отырып, «Жизия араб болса да, ажам (араб емес бүкіл халық) болса да, әһл-кітап болсын, мәжуси яки басқа дін өкілі болса да, мұсылман емес барлық адамдардан алынады» деген. Имам Ағзамның пікірінше, жизия арабтардың мүшріктері мен мәжусилерінен тыс барлық дінсіздерден алынады. Имам Шәфиғидің пікірінше, араб болса да, болмаса да, ажам болса да, болмаса да, тек әһл-кітап пен мәжусилерден ғана алынады.

وَعَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ عَوْنٍ قَالَ: «كَتَبْتُ إِلَى نَافِعٍ أَسْأَلُهُ عَنِ الدُّعَاءِ قَبْلَ الْقِتَالِ، فَقَالَ: إِنَّمَا كَانَ ذَلِكَ فِي أَوَّلِ الْإِسْلَامِ وَقَدْ أَغَارَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى بَنِي الْمُصْطَلِقِ وَهُمْ غَارُّونَ وَأَنْعَامُهُمْ تُسْقَى عَلَى الْمَاءِ فَقَتَلَ مُقَاتِلَتَهُمْ وَسَبَى ذَرَارِيَّهُمْ وَأَصَابَ يَوْمَئِذٍ جُوَيْرِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا حَدَّثَنِي بِذَلِكَ عَبْدُاللَّهِ بْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَكَانَ فِي ذَلِكَ الْجَيْشِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1046) Абдулла ибн Аун былай дейді: «Нафиғқа соғыстан бұрын (мүшріктерді Исламға) шақыру жөнінде сұрақтар қамтылған хат жаздым. Ол кісі былай деп жауап берді: “Исламның бас кезеңінде осылай болатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәни Мусталиққа аяқ асты шабуыл жасады. Олар бұдан бейхабар су жағасында малын суғарып жүрген болатын. Соғысуға шамасы жететіндер өлтірілді, әйелдері мен балалары тұтқынға алынды. Сол күні Жууәйриә (р.а.) анамыз тұтқынға алынды. Мұны маған Абдулла ибн Омар (р.анһума) риуаят етті. Абдулла бұл жорыққа жауынгер ретінде қатысқан”».155

Нафиғ – ибн Омар оқытқан атақты мұхаддистерінің (хадисшілерінің) бірі, азат етіп алған (құл) болатын. Бұл риуаят алдыңғы хадисте берілген маңызды бір ұстанымға қарама-қайшы келіп отыр: ол -дұшпанмен шайқаспас бұрын Исламға шақыру. Нафиғтің ибн Омардан (р.анһума) естуі бойынша Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл ұстанымын кейінгі кезеңдерде қолданбаған. Ең көркем үлгі Бәни Мусталиқ жорығы еді. Бұл хадистен байқағанымыздай, беймәлім жүрген сәттерінде шабуыл жасаған.

Нафиғ бастаған кейбір ғалымдар осы риуаятқа сүйене отырып, Ислам жайлы естіген кәпірлерге Исламға шақырмастан, соғыс жариялау жайыз (рұқсат етілген іс) деген үкім шығарған. Бұл көзқарас осы тақырыпқа қатысты айтылған үш түрлі көзқарастың ең сахихы (дұрысы) деп қабылданған. Бұл көзқарастарды былайша қысқартып ұсынуға болады:

1. Кәпірді хабардар ету, міндетті (мутлақ) уәжіп емес.

2. Міндетті (мутлақ) уәжіп.

3. Ислам жайлы (дағуат) жетпегендерге жеткізу уәжіп болса да, жеткендерге жеткізу уәжіп емес. Алайда жеткізу мустахаб. Ғалымдардың көпшілігінің оң көрген көзқарасы осындай. Мұны растайтын сахих риуаяттар бар.

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا بَعَثَ أَحَدًا مِنْ أَصْحَابِهِ فِي بَعْضِ أَمْرِهِ قَالَ: بَشِّرُوا وَلَا تُنَفِّرُوا، وَيَسِّرُوا وَلَا تُعَسِّرُوا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

(1047) Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларының бірін бір іске жібергенде: “Сүйіншілеңдер, үркітпеңдер. Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар”, – дейтін».156

Бұл риуаят қандай да бір жауапкершілік жүктеліп жіберілген әркімге басқаларға дінді жеңіл жеткізуді Расулалланың (с.а.с.) ескерткендігін анық байқаймыз. Мүслимнің тағы бір риуаятында Әбу Мұсаға және әзірет Муазды Әбу Бурдамен бірге Йеменге аттандырып жатып оларға да сол ескертулерді жасап «бейбіт болыңдар, алауызды, бүлікшіл болмаңдар» деп ескерткен.

Нәуәуи былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сөздерінде бір затты оның антонимімен қоса айтқан. Себебі бұл екі антоним әртүрлі кезеңдерде жасалады. Егер де тек бірін ғана айтып «Жеңілдік танытыңдар» дегенде, әрдайым қиындық тудырып жүретін жан бір-екі мәрте ғана жеңілдік танытып, сүннетке (айтылған сөзге) бас ұрғандығын алға тартар еді. «Қиындық туғызбаңдар» делінгенінде, кез келген жағдайдағы түрлі қиындықтың бәріне бірдей тыйым салған болады. Бұл хадистің түпкі мән-мақсаты осында жатыр».

Хадистен мынадай үкімдер шығады:

1. Алланың ұлылығынан, сауабының ұлылығынан, берекетінің молдығынан, мейірімінің кеңдігінен сөз қозғап әрдайым сүйіншілеуші болу керек. Сүйіншілейтін істер жайлы мүлде сөз етпей, тек қорқытатын және ескертетін істер жайлы ғана сөз қозғап үркітуге, жирендіруге болмайды.

2. Жаңадан мұсылман болғандардың жүрегін жаулап аламын деп оларға қаталдық танытудан абай болу керек.

3. Әсіресе балалардың арасында балиғат жасына таяп қалғандарға, балиғат жасына жаңадан толғандарға, қандай да бір күнәдан тәубеге келгендерге жақсы қатынаста және ілтипатшыл болуы керек, оларды ғибадатқа және жауапкершіліктерге дәрежесіне қарай әсте-әсте, аз-аздан бейімдеу керек. Ұсыныс тобына кіретін барлық Ислами әмірлер дәрежесіне қарай келген. Бұған кіргісі келетін жасқа немесе өзге тұлғаға жеңілдік танытар болсақ, бұл оған жеңіл тиеді және өздігінен бірте-бірте көбейте береді. Алайда басынан-ақ қиындық көрсетіп немесе ауыртпашылықты көтере алуы яки қиналуы жөнінде күмәнға душар етер болса, мұндай күймен кірсе де, бар ынта-ықыласпен жалғастыра алмайды-ау деген қорқыныш болады, амалдарынан ләззат ала алмайды және бәрін тастап кетеді.

4. Әкімдерге, қызметкерлердің халыққа мейірімді болулары насихат етілген.

5. Қандай да бір істе, басшылықта, қызметте тағы сол сияқты қосымша жауапкершілік иелерімен жақсы қарым-қатынаста болу, келіспеушіліктен аулақ болуы тиіс. Өйткені маңызды, маңызды емес барша істерде тек ауызбіршілік болса ғана жетістікке жетіледі және нәтижелі болады. Ал алауыздық араласқан жерде асыл мұрат әдірем қалады.

6. Имам (ел басшысы) тағайындаған қызметкерлеріне, тіпті әзірет Муаз және Әбу Мұса (р.анһума) сынды ұлы тұлға, салиқалы адамдар болса да ескерту жасауы керек. Аятта айылғандай: «Үгіт-насихат мүміндерге пайда әкеледі»157.

وَعَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدَبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اقْتُلُوا شُيُوخَ الْمُشْرِكِينَ وَاسْتَبْقُوا شَرْخَهُمْ، يَعْنِي مَنْ لَمْ يَنْبُتْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1048) Сәмура ибн Жундаб (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Мүшріктердің қарттарын өлтіріңдер, алайда жастарына, яғни әлі мұрты тебіндемегендерге тиіспеңдер”».158

Хадистің түп нұсқасында келген «шәйх» сөзі «қарт» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз әртүрлі жерлерде қолданылатын көп мағыналы сөздердің қатарына жатады. «Қалтыраған, өте қартайған әлсіз адам» деген мағынаны да білдіреді. Алайда хадис түсіндіруші ғалымдар бұл хадисте қолына қылыш ұстай алатын ер азамат деген мағынада берілгендігін айтқан.

Хадистегі «шәрх» сөзі «жеткіншек» деген мағынада айтылса да, мұнда әлі мұрты тебіндемеген, балиғат жасына толмаған бала деген мағынада айтылғандығы даусыз. Ер баланың мұрты тебіндесе балиғат жасқа толғанының белгісі деп қабылданған. Бәну Қурайза яһудилері сатқындықтарының себебі үшін оларға басшы болған Сағд ибн Муаз тарапынан балаларынан тыс басқа ер адамдардың өлтірілуі жөнінде үкім шығарылғанда, кімнің бала екенін анықтау қиындық тудырғанда мұртының тебіндегеніне қарап ажыратқан.

Өзге хадистерде соғыста соғысуға қауқары жоқ қарттар мен әйелдерді өлтіруіне ашық тыйым салынған. لَا تَقْتُلُوا شَيْخًا فَانِيًا. «Қартайған кісіні өлтірмеңдер». Бұл тыйым, жоғарыдағы хадиске қарама-қайшы емес.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «وُجِدَتِ امْرَأَةٌ مَقْتُولَةٌ فِي بَعْضِ مَغَازِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَنَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ قَتْلِ النِّسَاءِ وَالصِّبْيَانِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِي.

(1049) Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қатысқан жорықтарының бірінде өлген әйелдің денесі табылды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) содан кейін әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды».159

Әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салған әртүрлі риуаяттар бар. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кей-кейде әйел адамдардың мәйітіне кез болған кездерінде тыйымдарын қайталап естеріне салып отырған. Ибн Хажардың түсіндірмесінде келген бір риуаятта Таифте өлген бір әйелдің мәйітін көргенде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мен әйелдерді өлтіруге тыйым салмадым ба? Мұны кім өлтірді?» – деп мәселенің мән-жайын қазбалап сұрай бастайды. Біреу алға суырылып шығып мән жайды баяндай бастайды: «Мен өлтірдім, уa, Расулалла! Мен оны ұстап алып атыма мінгестіріп алған болатынмын. Кенет ол мені атымнан аударып, өзімді өлтіруге талпынды, ақырында өзі өліп тынды». Содан соң Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі әйелді жерлеуді тапсырды. Имам Мәлік және Әузағи Расулалланың (с.а.с.) осы мәселеге аса қатты мән бергендігіне сүйене отырып мынадай үкім шығарған: «Әйел мен баланы (соғыста) өлтіруге мүлде рұқсат жоқ. Соғыстағы жауынгерлер әйелдер мен балаларды өздеріне қалқан қылса, не болмаса бір қорғанға яки кемеге кіріп алып жандарындағы балалар мен әйелдерді қорғанудың құралы етер болса оларға өлім қауіпі туатындықтан қару қолдануға немесе әйелдер мен балалардан жасалған қорғандарын қиратуға рұқсат жоқ».

Имам Шәфиғи және Куфилер (Ханафи ғалымдары): «Әйел жауынгер ретінде соғысқа қатысқан болса ғана өлтіруге болады», – деген.

Мәликилерден ибн Хабиб: «Әйелдің соғысқа қатысуы өлтіруге болады деген үкім шығару үшін нақты себеп бола алмайды. Қорғану барысында ғана өлтіруге рұқсат», – дейді. Балиғат жасына жетпеген баланың жағдайы да дәл солай.

Ибн Батталдың айтуынша, барлық ғалымдар әйелдер мен балаларды өлтіруге ниеттенудің рұқсат емес екендігі жөнінде бір пікірде. Әйелдердің «Әлсіз болғандығы», балалардың «күпірлікке түспеуге мүмкіндіктері бар» деп түсіндірген.

وَعَنِ النُّعْمَانَ بْنِ مُقَرِّنَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «غَزَوْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ غَزَوَاتٍ، فَكَانَ إِذَا طَلَعَ الْفَجْرُ أَمْسَكَ عَنِ الْقِتَالِ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ، وَإِذَا طَلَعَتْ قَاتَلَ حَتَّى إِذَا انْتَصَفَ النَّهَارُ أَمْسَكَ حَتَّى تَزُولَ الشَّمْسُ، فَإِذَا زَالَتْ قَاتَلَ حَتَّى الْعَصْرِ ثُمَّ أَمْسَكَ حَتَّى يُصَلِّي الْعَصْرَ ثُمَّ قَاتَلَ؛ وَكَانَ يَقُولُ: عِنْدَ هَذِهِ الْاَوْقَاتِ تَهِيجُ رِيَاحُ النَّصْرِ وَيَدْعُو الْمُؤْمِنِينَ لِجُيُوشِهِمْ فِي صَلَوَاتِهِمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1050) Нұғман ибн Муқаррин (р.а.) былай дейді: «Расулалламен (с.а.с.) бірге көптеген жорыққа шықтым. (Осы жорықтарда мынаны байқадым): Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таң ағарған сәттен күн шыққанға дейін шайқасты тоқтатушы еді. Күн шыққаннан бастап тал түске дейін қайтадан жалғастыратын. Түс мезгілінен күн батысқа еңкейгенге дейін шайқасты тоқтататын. Күн еңкейген сәттен екінтіге дейін шайқасып, екінті намазын өтегенге дейін тоқтатып, содан кейін қайта жалғастырушы еді. (Сахабалар): “Осы уақытта (яғни күн туардың алдында) самал жел соғады, мүміндер намаздарында жауынгерлер үшін дұға жасаушы еді”».160

Нұғман ибн Муқаррин (Нұғман ибн Aмр ибн Муқаррин әл-Музәни) (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.) Музәйна тайпасынан 400 кісілік бір топпен бірге келіп мұсылман болғандардың арасында болған еді. Басрада содан кейін Куфада өмір сүрген. Нахауанд әскерінде әзірет Омардың (р.а.) көмекшісі болып қызмет атқарған. Мекке азат етілген күні шейіт болды. Бұл риуаят Бұхариде жартылай, Әбу Дәуітте қысқаша түрде берілген. Ибн Хажар риуаяттың үзіліп қалған жері бар екендігін айтқан.

Риуаятқа анықтап қарайтын болсақ, Расулалланың (с.а.с.) намаз уақыттарында кәпірлермен шайқаспағандығын байқаймыз. Демек, сол уақыттарда ең басты ғибадатпен шұғылдану керек. Риуаяттың соңындағы: «Бұл мезгілдерде самал жел еседі....» деген сөз бір қарағанда Алла Елшісінің (с.а.с.) сөзі іспетті көрінгенмен хадисшілер бұл сөз сахабалардың айтқаны деген. Тирмизидің риуаятында وَكَانَ يَقُولُ «айтылған еді» деп емес, وَكَانَ يُقَالُ деп, яғни, «айтылатын» деп келген.

Ғалымдар екінті намазынан кейінгі берекелі уақыт Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан тікелей ізделетін. Өйткені кейбір пайғамбарларға Алла тағаланың жәрдемі мен қолдауы әрдайым екінтіден кейін келген. Бұған дәлел ретінде мына хадисті келтіреді:

عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: غَزَا نَبِيُّ مِنَ اْلاَنْبِيَاءِ فَدَنَا مِنَ الْقَرْيَةِ صَلَاةَ الْعَصْرِ اَوْ قَرِيبًا مِنْ ذَلِكَ فَقَالَ لِلشَّمْسِ إِنَّكَ مَأْمُورَةٌ وَأَنَا مَأْمُورٌ اللَّهُمَّ احْبِسْهَا عَلَيْنَا فَحُبِسَتْ حَتَّى فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Пайғамбарлардың бірі жорыққа шықты. Екінті намазының уақытында немесе соған таяу бір елді мекенге жақындағанда, күнге: “Сен де әмірге бағынасың, мен де әмірге бағынамын”, – деді. Содан соң: “Уа, Алла! Күнді біз үшін тоқтата гөр”, – деп дұға етті. Алла оған жеңіс бергенге дейін күн тоқтатылды».

Риуаятта Расулалланың (с.а.с.) өзге уақыттардағы соғыс уақытын قَاتَلَ «соғысты» деп өткен шақпен берсе, екінті уағындағы соғыстарын يُقَاتِلُ «соғысады» деп келер шақпен беруін Тиби екінті уақытының осы ерекшелігінен іздеп, Расулалланың (с.а.с.) өзі үшін де осы мезгілді әдейі іздегендігін айтады.

Екінті уақытында соққан жел де мұсылмандар үшін ішінде Алланың жәрдемі бар самал жел деп қабылданған. Өйткені Алла тағала мұсылмандарға Хәндәк соғысы кезінде жел арқылы көмек көрсеткен. Ахзабтың (топтасқан дұшпан әскерлері) бытырап тоз-тоз болып кетулеріне жел себеп болған.

Риуаятта (сахабаның сөзі ретінде) тағы бір мәселе қамтылған. Мүминдер шайқасқа шыққан әскерлер үшін дұға жасайтын. Мұны (құныт дұғасы іспетті) намазда жасалғандай, намаздан тыс жасалатын дұғалардың қатарында да атаған. Бүгінгі таңда да Ислам жауынгерлерінің жеңісі үшін дұға жасалады. Байқағанымыздай бұл ғажайып әдеттің негізін сахабалар қалыптастырған.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُغِيرُ عِنْدَ صَلَاةِ الصُّبْحِ، وَكَانَ يَسْتَمِعُ فَإِذَا سَمِعَ أَذَانًا أَمْسَكَ وَإِلَّا أَغَارَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1051) Әнәс (р.а.): «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таңғы уақытта шабуыл жасаушы еді. (Жақындаған тұрғылықты мекенге) құлақ түріп, (азан шақырылып-шақырылмағандығын байқап қарайды) азан үнін естісе, тоқтаушы еді, ал естілмесе, шабуылға бастайтын».161

1. Бұл риуаят Алла Елшісінің (с.а.с.) жорыққа шыққанда тұрғылықты жерлерге түнгі уақытта барғанды оң көргенін білдіреді. Таңға жақын таяр болса, азан үнін күтетін. Егер азан үнін естісе, шабуыл жасамайтын, ал азан үні естілмесе, шабуыл жасайтын. Араб тілінде اَغَارَ сөзі «аяқ астынан басып алу» деген мағынаға келеді. Әскери харекеттерде жеңіске жетудің тетігі, көбіне аяқ астынан жасалған шабуылдарда жатыр. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорықтарда осы сықылды әскери ұстанымдарды өте орынды пайдаланатын. Дұшпанның сапқа тұрып ретке келуіне мүмкіндік бермей, аяқ асты басып алу үшін тыңшыларды да қолданатынын, «Соғыс – айла» деп айла-шарғылар арқылы өзінің жорыққа дайын екендігін жарияламағанын айтқан едік (№1037 хадистен қараңыз). Бұл әрекеттер дұшпанға сыр білдірмеуге, аяқ асты шабуыл жасауға бағытталған істер екені анық.

Азан естілгенде сол аймақта мүминдердің бар екендігі анықталатындықтан, оларға зиян тигізбес үшін күннің шығуына дейін шабуыл жасамайтын. Бұл жайт мүміндер мен мүшріктердің араласып өмір сүріп жатқан аймақтарына қатысты екені анық. Мұсылмандар жоқ екендігі нақты мәлім болған аймақтар, бұл хадисте айтылғандай таң уақытынан кейінгі аяқ асты шабуылға қалдырылуы қалыпты жағдай.

2. Ғалымдар бұл риуаяттан мынадай үкімдер шығарған:

a) Азан – Исламның символы һәм нышаны. Қандай да бір аймақта мұны (азанды) тастау (оқымай қою) харам. Қандай да бір аймақтың халқы бір ауыздан (азаннан) бас тартқан жағдайда сол елдің сұлтаны оларға қарсы күш қолдануға тиіс.162

ә) Ислам діні жайлы мағлұмат жеткендерді Исламға қайтадан барып шақырып жатпай, тұтқиылдан шабуыл жасауға болады.163

б) Дәлелге сүйене отырып үкім шығаруға рұқсат етілген, себебі әзірет Пайғамбар (с.а.с.) тек азан үнін есту арқылы ғана шабуылдан бас тартатын.

в) Қан төгу мәселесінде өте абай болу. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араларында мұсылман болуы мүмкін деген елді мекендерге шабуылды доғарып, азан үнін күткен. Сонымен қатар, Тирмизидің риуаятында Расулалланың (с.а.с.) «Аллаһу Әкбәр, әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ» сөзін естіген кезде шабуылдан бас тартқандығын айтқан.

г) Тәкбір мұсылмандарға тән сипат.

д) Тәкбір естілген ауыл халқына «Мұсылман» деп үкім беруге болады.

وَعَنْ عِصَامٍ الْمُزَنِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا بَعَثَ جَيْشًا أَوْ سَرِيَّةً يَقُولُ لَهُمْ: إِذَا رَأَيْتُمْ مَسْجِدًا أَوْ سَمِعْتُمْ مُوَذِّنًا فَلَا تَقْتُلُوا أَحَدًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1052) Исам әл-Музәни (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір әскер немесе сәрия (Пайғамбарымыз тікелей қатыспаған әскер жасағы) жолға аттандырғанда, әскерлерге мынадай ескерту жасайтын: “Қандай да бір мешіт көрсеңдер немесе азаншыны еститін болсаңдар, ол жердегі ешкімді өлтірмеңдер”».164

Хадис түсіндірмесін жасаушылар бұл хадистi былай түсінген: «Бір жерде мұсылман бар екендігіне дәлел болатын қандай да бір белгі көрсеңдер, мүминді кәпірлерден алыстатқанға дейін ешкімді өлтірмеңдер».

وَعَنْ الْحَارِثِ بْنِ مُسْلِمٍ بْنِ الْحَارِثِ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي سَرِيَّةٍ فَلَمَّا بَلَغْنَا الْمَغَارَ اسْتَحْثَثْتُ فَرَسِي فَسَبَقْتُ أَصْحَابِي فَتَلَقَّانِي أَهْلُ الْحَىِّ بِالرَّنِينِ. فَقُلْتُ لَهُمْ قُولُوا: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ تُحْرَزُوا فَقَالُوهَا: فَلَامَنِي أَصْحَابِي وَقَالُوا حَرَمْتَنَا الْغَنِيمَةَ، فَلَمَّا قَدِمْنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَخْبَرُوهُ بِالَّذِي صَنَعْتُ فَدَعَانِي فَحَسَّنَ لِي مَا صَنَعْتُ؛ ثُمَّ قَالَ لِي: أَمَّا أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَدْ كَتَبَ لَكَ بِكُلِّ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ كَذَا وَكَذَا مِنَ الْأَجْرِ، وَقَالَ: أَمَّا إِنِّي سَأَكْتُبُ لَكَ بِالْوَصَاةِ بَعْدِي فَفَعَلَ وَخَتَمَ عَلَيْهِ وَدَفَعَهُ إِلَيَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1053) Харис ибн Мүслим ибн әл-Харис әкесінен (р.а.) былай жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) бізді бір жасаққа қосып жіберді. Аттанған жерімізге жеткенде, атымды тебініп, жолдастарымнан озып кеттім. Елді мекеннің жұрты жанұшыра дауыстап, алдымнан шықты. Мен оларға: “‘Лә иләһә иллаллаһ’ десеңдер, аман қаласыңдар”, – дедім. Олар солай деді. Жолдастарым мені кінәлап: “Бізді олжадан құр қалдырдың”, – деді. Алла елшісіне (с.а.с.) оралғанымызда, олар менің не істегенімді айтып берді. Ол мені шақырып, ісімді құптады. Сосын: “Алла солардың әрқайсысы үшін саған мынадай-мынадай сауап жазды. Менен кейінгілерге сен туралы өсиет хат жазып беремін”, – деді. Хатты жазып, мөрін басты да, маған берді».165

وَعَنْ جُنْدَبَ بْنِ مَكِيثٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَرِيَّةً فَكُنْتُ فِيهِمْ فَأَمَرَهُمْ أَنْ يَشُنُّوا الْغَارَةَ عَلَى بَنِي الْمُلَوَّحِ فَخَرَجْنَا حَتَّى كُنَّا بِالْكَدِيدِ لَقِينَا الْحَارِثَ بْنَ الْبَرْصَاءِ الليْثِيَّ فَأَخَذْنَاهُ فَقَالَ: إِنَّمَا جِئْتُ أُرِيدُ الْإِسْلَامَ، وَإِنَّمَا خَرَجْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فَقُلْنَا: إِنْ تَكُ مُسْلِمًا فَلَنْ يَضُرَّكَ رَبْطُنَا يَوْمًا وَلَيْلَةً، وَإِنْ تَكُ غَيْرَ ذَلِكَ نَسْتَرْثِتْ مِنْكَ فَشَدَدْنَاهُ وَثَاقًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1054) Жундаб ибн Мәкис (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сәрия аттандырды, арасында мен де бар едім. Әскерге Бәнул Муләууәх тайпасына шабуыл жасау әмірі берілді. Жолға шықтық. “Кәдид” деген жерге келгенде әл-Харис ибн әл-Бәрса әл-Ләйсты көріп қалдық та, оны ұстап алдық. Бізге: “Мен мұсылман болу мақсатымен келе жатырмын. Елімнен Расулаллаға (с.а.с.) бару үшін шыққан едім”, – деді. Оған: “Егер мұсылман болсаң, біздің сені бір күн бір түн байлап қойғандығымыздың зияны тимейді, егер айтқаның өтірік болса (Алла Елшісін) сенен қорғау үшін шара қолданған боламыз”, – дедік те, жақсылап байлап қойдық».166

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَعْثًا إِلَى بَنِي لِحْيَانَ ثُمَّ قَالَ: لِيَنْبَعِثْ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ أَحَدُهُمَا وَالْأَجْرُ بَيْنَهُمَا».

(1055) Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәни Лиһян тайпасына әскер аттандыруға шешім қабылдады: “Әрбір екі адамнан бірі шығарылсын, (екеуі де) сауапқа ортақ болады”, – деді».167

وَفِي رِوَايَةٍ «ثُمَّ قَالَ لِلْقَاعِدِ أَيُّكُمْ خَلَفَ الْخَارِجَ فِي أَهْلِهِ وَمَالِهِ بِخَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ نِصْفِ أَجْرِ الْخَارِجِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1056) Әбу Сағидтің (р.а.) бұл риуаятының басқа бір нұсқасында былай делінген: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәни Лиһянға бір муфрәзә (взвод) аттандырды. (Мұны ұйымдастырып жатқанда) былай деді: “Әрбір екі адамның бірі (әскер қатарына қосылу үшін) шықсын!” Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейін сонда отырғандарға: “Сендердің араларыңнан кімде-кім (жорыққа) кеткен кісінің отбасы мен мал-мүлкіне жақсы қарайласатын болса, бас-көз болса, оған жорыққа кеткен кісінің сауабының тең жартысы беріледі”, – деді».168

Қандай да бір жиһадқa сол аймақтағы барша еркектің қатысуы қажет болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда туыстық яки достық сынды жақындығы бар жандар өзара келісіп бірі жиһадқа аттанғанда, екіншісі сол кісінің отбасы мен мал-мүлкіне бас-көз болып көмек көрсетер болса, шайқасқа аттанған адамның сауабына ортақтасатындығы айтылған. Хадистегі «әрбір екі адамның бірі» дегені «әр тайпаның жартысы» деген сөз.

Бірінші риуаятта «ортақтық» мәселесі қозғалса, екінші риуаятта «аттанған жанның сауабының жартысы» делінген. Екі риуаяттың арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Алайда хадис түсіндірмесін жасаған ғалымдар: «Сауап ортасынан бөлінген сәтте екі жаққа да теңдей үлес түсетіндіктен ортадағы келіспеушілік мәселесі жойылады, түсініспеушілік қалмайды», – деген.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ فِي سَرِيَّةٍ فَحَاصَ النَّاسُ حَيْصَةً فَكُنْتُ فِيمَنْ حَاصَ، فَلَمَّا نَفَرْنَا قُلْنَا كَيْفَ نَصْنَعُ وَقَدْ فَرَرْنَا مِنَ الزَّحْفِ وَبُؤْنَا بِالْغَضَبِ؟ فَقُلْنَا نَدْخُلُ الْمَدِينَةَ فَلَا يَرَانَا أَحَدٌ. فَلَمَّا دَخَلْنَا الْمَدِينَةَ قُلْنَا: لَوْ عَرَضْنَا أَنْفُسَنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِنْ كَانَ لَنَا تَوْبَةٌ أَقَمْنَا، وَإِنْ كَانَ غَيْرُ ذَلِكَ ذَهَبْنَا. فَأَتَيْنَاهُ فَقُلْنَا نَحْنُ الْفَرَّارُونَ. فَأَقْبَلَ عَلَيْنَا وَقَالَ: لَا. بَلْ أَنْتُمُ الْعَكَّارُونَ فَدَنَوْنَا فَقَبَّلْنَا يَدَهُ. فَقَالَ: أَنَا فِئَةُ الْمُسْلِمِينَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1057) Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Мен бір сәрияға қатыстым. Жауынгерлер (бір кезде) қаша бастады, мен де араларында болдым169. Ол жерден алыстағаннан кейін: “Енді не істейміз, жиһадтан қаштық, Алланың қаһарын арқалап қайтып барамыз”, – деп күңірене кеңестік. Ақыр аяғында “Мәдинаға кірейік, бізді ешкім көрмейтін шығар”, – деп ойладық.

Дегенмен, Мәдинаға барған соң: “Расулаллаға (с.а.с.) жағдайды баяндап, біз үшін тәубе ету мүмкіншілігі болса сонымен амал етіп тәубе етсек, не болмаса қайтып оралсақ”, – деп айтуға бел шештік. Расулаллаға (с.а.с.) барып: “Біз қашқынбыз!” – дедік. Ол кісі бізге келіп: “Жоқ, сендер қашқын емес, соғысқа қайтып бару үшін кері қайттыңдар”, – деді. Оған жақындап барып мүбәрәк қолынан сүйдік. Бізге: “Мен мұсылмандардың панасымын”, – деді».170

Бұл риуаят майданнан қашқаннан кейін қателігін түсініп, осы істеріне өкінген бір топ жауынгерлерге Расулалланың (с.а.с.) қалай қарым-қатынас жасағанын көрсетуде. Олардың «қашқынбыз» деп айтқандарын жоққа шығарып, «Сендер (аккар) қайта соғысу үшін кері қайттыңдар» деуінің өзі ой салады. Бұл сөзді яғни, «аккар» сөзін «соғысқа қайта бару үшін шегінгендер» деген мағынада бергенді жөн көрдік. Себебі «аккар» сөзін имам Тирмизи «Шайқастан қашуды ойламай, имамға жәрдем беру үшін имамның (қолбасшының) жанына келген», – деп түсіндірген. Бұл сөз шайқасқа қатысты қолданылған жағдайда «қайтып оралу үшін шегініс жасау» деген мағынаға сай келеді. Бұл да әскери тактиканың бір түріне жатады. Дұшпанға қашқан секілді сыңай танытып шептерінен шығару үшін һәм өздеріне ыңғайлы алаңға барып шайқасу үшін жасаған айла деуге болады.

Хадистің соңына қарай Расулалланың (с.а.с.) «Мен мұсылмандардың панасымын» деген сөзі келеді. Бұл жерде пана деп аударған сөзіміз فئة сөзі. Бұл араб тілінде әскердің артында тұратын, қорқыныш не болмаса жеңіліс болған жағдайларда барып жәрдем алынатын қосымша әскерге айтылады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өздерін «қашқын» санаған сахабаларға басу айтып «Мен мұсылмандар жеңіліске ұшыраған жағдайда паналайтын қосымша жауынгерлер жасағындаймын» деген. Қысқаша қорытындыласақ, «Сендер майданды тастап «соғыстан қашып» күнәға ұрынған адамдардың қатарында емессіңдер, керісінше, сендер шегініс жасап барып қайта соққы беру үшін артқа қайтқан, әскери тактиканы қолданған жауынгерсіңдер» деді.

Бағауидің көзқарасы бойынша, пайғамбардың сахабаларына бұлай деуінің мәні тереңде жатыр. Себебі Құран кәрімде соғыстан қашу үлкен күнә деп айтылған. Ал Исламда екі түрлі жағдайда ғана қашуға рұқсат берген:

1. Қайта соққы беру үшін шегіну.

2. Қосымша жасаққа барып қосылу үшін шегініс жасау. Аятта былай делінген: «Кімде-кім сондай (жауаты) күнде басқа жаққа қарай ойысып, қайта шабуыл жасауды немесе өзге жаққа қосылуды көздемеу, оларға ту сыртынан беріп тұра қашатын болса, шүбәсіз, Алланың қаһарына ұшырайды һәм ақыр соңында барар жері жаһаннам болады. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!»171 Бұл аяттың إِلَّا مُتَحَرِّفًا لِقِتَالٍ أَوْ مُتَحَيِّزًا إِلَى فِئَةٍ деген сөйлеміндегі فئة сөзі сол қалпында келген. Олай болса Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Мен мүминдердің фиясымын, яғни, панасымын» деп осы аятқа сілтеме жасап отыр. Міне, өздерін-өздері сөгіп үміт үзіп келгендерге осылай үміт сыйлады. №625 және №626 хадистердің түсіндірмесінде егжей-тегжейлі айтылғандай, мұсылмандар жеңіліске ұшырағанда аятта айтылғандай 20 адамның 200 адамға қарсы шыдамдылық танытып, кері шегінбеуі әмір етілген.172 Бұл кейіннен жеңілдетіліп, «100 адамның 200 адамға қарсы сабыр етіп шыдауы»173 әмір етілген. Ибн Аббастың (р.анһума) осы аяттар арқылы берген түсіндірмесі, талдап отырған осы хадистің басын ашып алуымызға пайда тигізеді. Ол былай дейді: «Үш адамнан қашқан мұсылман («Әнфал» сүресінің 16-аятында ескертілген) қашқын болып саналмайды, алайда екі адамнан қашқан жан қашқын болып саналады». Бағауи былай дейді: ибн Аббас (р.анһума) бұл жерде айтқан сөзі арқылы «Егерде бір мұсылман екі кәпірдің алдында, (соғысқа қайтып оралу немесе қосымша жасаққа барып паналау мақсатымен емес) қашатын болса, Алла тағаланың аятында айтылған ауыр азапқа душар болады». Бұл жаза, жоғарыда айтқанымыздай, «Алладан келетін азапқа душар болғанның барар жері жаһаннам (тозақ/тамұқ) болмақ».

Бағауи жалғасында былай дейді: «Мұсылманға қарсы шайқасып жатқан дүшпан әрбір мұсылманға екі кісіден артық болса, ондай жағдайда қашқан адамға сын жоқ. Ал екі адамнан қашқан жанға, қашып бара жатқан сәтінде көз ишараты арқылы намаз оқуына да рұқсат берілмейді. Өйткені ол құдды қарақшы іспетті бұзақы, жасағаны үлкен күнә».

وَعَنْ نَجْدَةِ ابْنِ عَامِرِ الْحَرُورِيِّ «أَنَّهُ كَتَبَ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَسْأَلُهُ عَنْ خَمْسِ خِصَالٍ: أَمَّا بَعْدُ فَأَخْبرْنِي هَلْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْزُو بِالنِّسَاءِ؛ وَهَلْ كَانَ يَضْرِبُ لَهُنَّ سَهْمًا؛ وَهَلْ كَانَ يَقْتُلُ الصِّبْيَانَ؛ وَمَتَى يَنْقَضِي يُتْمُ الْيَتِيمِ؛ وَعَنِ الْخُمُسِ لِمَنْ هُوَ؟ فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: لَوْ أَنْ أَكْتُمَ عِلْمًا لَمَا كَتَبْتُ إِلَيْهِ فَكَتَبَ إِلَيْهِ ابْنُ عَبَّاسٍ: كَتَبْتَ تَسْأَلُنِي هَلْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْزُو بِالنِّسَاءِ؟ وَقَدْ كَانَ يَغْزُو بِهِنَّ فَيُدَاوِينَ الْجَرْحَى، وَيُحْذَيْنَ مِنَ الْغَنِيمَةِ، وَأَمَّا بِسَهْمٍ فَلَمْ يَضْرِبْ لَهُنَّ، وَأَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمْ يَكُنْ يَقْتُلُ الصِّبْيَانَ فَلَا تَقْتُلْهُمْ؛ وَكَتَبْتَ تَسْأَلُنِي مَتَى يَنْقَضِي يُتْمُ الْيَتِيمِ: فَلَعَمْرِي أَنَّ الرَّجُلَ لَتَنْبُتُ لِحْيَتُهُ وَإِنَّهُ لَضَعِيفُ الْأَخْذِ لِنَفْسِهِ، فَإِذَا كَانَ آخِذًا لِنَفْسِهِ مِنْ صَالِحٍ مَا يَأْخُذُ النَّاسُ فَقَدْ ذَهَبَ عَنْهُ الْيُتْمُ؛ وَكَتَبْتَ تَسْأَلُنِي عَنِ الْخُمُسِ لِمَنْ هُوَ، وَأَنَا أَقُولُ هُوَ لَنَا فَأَبَى عَلَيْنَا قَوْمُنَا ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1058) Нәждә ибн Амир әл-Харури Ибн Аббасқа (р.а.) хат жазып, бес мәселе жайында сұрады:

• Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шыққанда әйелдерді бірге алып жүруші ме еді?

• Әйелдерге түскен олжадан үлес бөлуші ме еді?

• Соғыс барысында балаларды өлтіруші ме еді?

• Жетімнің жетімдігі (жетімдік сипаты) қай кезде доғарылады?

• Хумс (олжаның бестен бірі) кімдерге беріледі?

Ибн Аббас (р.а.): «Ілімді жасырып қалған болмасам, оған жауап жазбас едім», – деді. Содан кейін былай деп жазды: «Алла елшісі (с.а.с.) әйелдермен бірге жорыққа шыққан ба деп сұрапсың. Ол әйелдерді жорыққа ертіп шығатын. Олар жаралыларды емдейтін. Оларға олжадан бір нәрсе берілетін, бірақ арнайы үлес белгіленбейтін. Алла елшісі (с.а.с.) балаларды өлтірмеген. Сен де оларды өлтірме.

Жетімдік қашан тоқтайды деп сұрапсың. Расында, кісінің сақалы шықса да, өзіне тиесіліні алуға қауқарсыз болуы мүмкін. Жұрт өзі үшін жөн көрген нәрсені ол да өзіне ала алса, жетімдік үкімі тоқтайды. Олжаның бестен бірі кімдікі деп сұрапсың. Мен “Ол бізге тиесілі” деймін. Бірақ қауымымыз бұған келіспеді».174

1. Ибн Аббасқа (р.анһума) хат арқылы кейбір сұрақтар сұраған Нәждәт ибн Амир әл-Харури – Харижилердің өкілі. Сондықтан ибн Аббас оны жақтырмаған. Негізінде, хатқа жауап жазғысы келмеген еді, алайда кейбір ғылыми мәселелер сұралғандықтан, ғылымды жасырудың жауапкершілігінен қорыққандықтан, ұнатпаса да жауап берген.

2. Ибн Аббастың жауабынан әйелдердің, артқы саптағы кейбір істерде қызмет жасауға болатындығын аңғарамыз. Алайда олардың жорыққа қатысулары, ғанимат (олжаның) бөлісілуіне «үлеске» ортақ болады деген құқық бермейді. Қолбасшының шешіміне қарай қалтаға салуға жарайтындай белгілі мөлшерде «радх» деп аталатын кішігірім нәрселер беріледі. Әбу Ханифа, Сәури, Ләйс, Шәфиғи және көптеген ғалымдар осы көзқараста. Әузағи: «Шайқасқа қатысып, бірақ жарақаттарды емдесе, әйел де үлеске ортақ болады», – деген. Имам Mәлик: «Әйелге сыйлық та берілмейді», – деген. Алайда бұл екі көзқарас та қабылданбаған, өйткені талқылап отырған хадисіміз сахих хадис деңгейінде.

3. Соғыс барысында әһл-харбтің (жауынгерлердің) балалары соғысқа қатыспаған жағдайда өлтірілуі харам. Шәфиғи мен Куфилер соғысқа қатысқандардың өлтірілуі тиіс дегенді айтады. Мәлик және Әузағи тыйымның жалпыға бірдей екендігін айтса да өлтіруге тырысқан жағдайда әйелдер іспетті олардың да өлтірілуі жайыз (рұқсат етілген) деп үкім шығарған. Ғалымдар бұл мәселе жөнінде пікірталасқа түспеген. Хадистің Мүслимдегі нұсқасында «Балаларды сен де өлтірме» деген сөзден кейін мына қосымша мәлімет келген: «Алайда, Қыдыр жас баланы өлтіргенде оның білгенін сен білер болсаң, мәселенің мән-жайы мүлде басқа екенін ұғасың». Бұл жерде Құран кәрімде өткен Қыдыр оқиғасына сілтеме жасалған. Оқиғада Қыдыр сырттай қарағанда еш күнәсі жоқ болып көрінген бір баланы (оқиғаның соңында «оны мен өзім білемділікке салып өлтірмедім» дегенінен аңғарылғандай) Алланың әмірімен өлтірген. Олай болса, дәл солай саған да Алла тарапынан өлтіруге қатысты қандай да бір әмір келмесе өлтірме» деген. Пайғамбарлардан басқаларға мұндай әмір келмейтіндіктен, балаларды өлтіруге қатаң тыйым салынған.

4. Жетімдіктің тоқтауына қатысты сұрақта «Жетім бала қашан мүлкі мен жеке басына қатысты мәселелерде өзіндік шешім қабылдау мен жұмсау еркіндігіне ие болады?» делінген. Кәмелетке толмаған барлық балалар құқықтық мәселелерде шектеулі екені мәлім. Сауда-саттық келісімін жасай алмайды, жазаға тартылмайды. Бұл мәселе көбінесе жетім балалар мәселесі жөнінде көп талқыланады. Расулалланың (с.а.с.) لَا يُتْمَ بَعْدَ الْحُلْمِ. «Балиғатқа жеткеннен кейін жетімдік үкімі жүрмейді» хадисін негізге алған Шәфиғи, Мәлики және кейбір көпшілік ғұламалардың көзқарасы бойынша балиғат шағына жеткен балалардан жетімдік түседі.

Алайда кейбір ғалымдар тек балиғат немесе жастың ұлғаюымен жетімдік сипаты түспейді деген пікірде. Олар баланың діни және мүліктік тұрғысынан кәмелеттік жасқа толуды шарт етіп қойған. Әбу Ханифа «25 жасқа толған кезінде мүлікті қорғай алмайтын жағдайда болса да, одан балалық үкімі жойылады, кәміл болып табылды. Мүлкін жұмсай алады, осы жасқа толған кезде мүлкінің қайтарылып беруі уәжіп» деген. Алайда Имам Mәлик және көпшілік ғалымдар «өзінде (жетімде) (мүлкін ысырап ету) басым болған үлкеннен, жасы қаншада болса да жауапкершіліктен шектелмейді» деген пікірде.

5. Хадисте айтылған бестен бірдің айтылу мақсаты Нәуәуидің айтқанындай хумусул хумус, яғни ғаниматтың (олжаның) мемлекет қазынасы үшін бөлінген бестен бірдің бестен бірі175.

Аятта бұл зилқурбаға (Расулалланың (с.а.с.) жақын туыстарына) тағайындалған.176 Алайда бұл мәселеде ғұламалар әртүрлі көзқарас білдірген. Шәфиғи әзірет ибн Аббаспен (р.анһума) бірдей пікірде: Пәй мен олжаның бестен бірінің бестен бірі зилқурбаға, яғни, пайғамбар жақындарына тиесілі. Шәфиғи және көпшілік ғалымдардың пікірінше, зил-қурба Хашим ұлдары және Бәни Мутталиб. Ибн Аббастың: «Қауымымыз мұны (хумус әл хумус) бізге беруді ұйғармады» деген сөзі, «Басшылықтағы Әмәуилер бұл ақымызды бізге бөлу жайлы ойламады, олар бұл үлесті қоғамның қызметінде жұмсауда» деген.

Әбу Дәуіттің «Сунәнінде» келтірілген риуаятта Харижи Нәждәт бұл сұрақтарды ибн Аббастан (р.анһума) Абдулла ибн Зубәйір бүлігі өршіп тұрған кезде, һижреттен 60 жылдан кейін сұраған. Шәфиғи: «Ибн Аббас «Қауымымыз мұны (хумус әл хумус) бізге беруді ұйғармады» деу арқылы сахабадан кейін келетіндерді меңзеген болуы мүмкін. Ол – Муғауияның ұлы Язид», – деген.

وَعَنْ أُمِّ عَطِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «غَزَوْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سَبْعَ غَزَوَاتٍ أَخْلُفُهُمْ فِي رِحَالِهِمْ فَأَصْنَعُ لَهُمُ الطَّعَامَ، وَأُدَاوِي الْجَرْحَى، وَأَقُومُ عَلَى الْمَرْضَى». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

(1059) Үммі Атия (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге жеті жорыққа шықтым. Олардың қосында қалып, тамақтарын дайындадым, жараланғандарды емдеп, науқастарға қарадым».177

Бұл риуаятта да әйелдердің артқы саптардағы қызметтерді атқаруы үшін соғысқа қатысуына болатындығы айтылған. Үммі Атия жауынгерлердің арт жағында қалғандығын айтып отыр. Яғни, дұшпанмен шайқасу үшін алдыңғы сапқа шықпаған. Ас әзірлеу, тазалық, емшілік, малдың күтімі сынды жауынгерлерге қажетті болған қызметтерді атқарған. Жорыққа қатысқан әйелдердің ішінде Үммі Атия жалғыз әйел емес. Әзірет Әнәстан жеткен бір риуаятта Расулалланың (с.а.с.) жорықтарға Ансардан бір топ әйелді бірге ала шыққандығы айтылған. Алайда өзге риуаяттарға қарайтын болсақ, әйелдердің соғыста қару ұстап күрескендігін де байқауға болады. Мүслимнің бір риуаятында әзірет Әнәстің анасы Үммі Суләйм (р.а.) Хунайн соғысында қанжар алып жүрген. Қанжарын көрген Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мына қанжарың не?» – деп сұрайды. Сонда Үммі Суләйм (р.а.): «Мына мүшріктерден біреуі жақындар болса, осымен қарынын жару үшін алдым!» – деген. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жауапқа күлімсірейді. «Неге қару алдың, әйелдерге тыйым салынған?» дегендей тыйым салмаған. «Алланың қылышы» деген атақпен танымал болған сахаба Халид ибн Уәлидтің (р.а.) қолбасшылығымен жасалған Ярмук шайқасында әйелдердің Византиялықтарға қарсы қарумен шайқасқандығы тарихтан белгілі. «Футухул Бульдан» және «әл-Камил фит-Тарих» сынды тарихи деректерде әйелдердің осы шайқасын «өте күшті» деп сипаттаған.

Кейбір ғалымдарымыз әйелдердің соғысқа қатысуы кейіннен тыйылғандығын айтады. Алайда Расулалланың (с.а.с.) қазасынан кейін жүзге жуық Бәдірліктер, мыңға жуық сахаба қатысқан осы шайқаста әйелдердің де қатысуы, оған қоса Кипрдің алынуында әзірет Әнәстің нағашы әпкесі Үммі Харамның (р.а.) да сол шайқаста болуы178 сынды нақты мысалдар әйелдердің шайқасқа қатысуына болатынын нақты екенін көрсетеді. Мұсылмандардың сан жағынан көбеюі, жауынгерлердің жүйеленуі сынды тәртіптер әйелдердің әскерге қатысуына салынған тыйымдардың күшін жойған болуы мүмкін. Бүгінгі таңда ондай қажеттілік туындап отырған жоқ. Алайда «Исламның осы мәселеге қатысты айтары не?» деген сұрақ туар болса, «Тыйым салады» деген жауап асығыстықтан берілетін жауап екенін айтқымыз келеді. Олай болса «Жиһадтағы негізгі міндет еркектердің мойынында. Қажеттілік туындаған жағдайда әйелдерді алып баруға болады» деген үкімнің бар екенін мойындауымыз керек.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنْ وَجَدْتُمْ فُلَانًا وفُلَانًا (رَجُلَيْنِ مِنْ قُرَيْشٍ) فَأَحْرِقُوهُمَا بِالنَّارِ. فَلَمَّا أَرَدْنَا الْخُرُوجَ قَالَ: كُنْتُ أَمَرْتُكُمْ أَنْ تُحْرِقُوا فُلَانًا وفُلَانًا، وَأَنَّ النَّارَ لَا يُعَذِّبُ بِهَا إِلَّا اللَّهُ تَعَالَى، فَإِنْ وَجَدْتُمُوهُمَا فَاقْتُلُوهُمَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1060) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізді (жазаландыру үшін Меккеге) жолдады, сосын (Құрайыштан екі адамның атын атап): “Пәленше-пәленшені ұстап алсаңдар, отқа өртеңдер”, – деді. (Дайындық тамамдалып) Мәдинадан аттанар сәтімізде (бізді шақырып алып): “Мен сендерге пәленшелерді өртеулеріңе әмір етіп едім ғой. Отқа өртеу жазасы Аллаға ғана тиесілі. Сондықтан оларды ұстап алсаңдар, өлтіріңдер”, – деді».179

1. Ибн Хажар Хамза ибн Aмрдың қолбасшылығындағы жауынгерлерге өлтірілуі тапсырылған екі кісінің бірі Хаббар ибн әл-Әсуәд және Нафи ибн Абди Қайс екендігін айтады. Олар Алла Елшісінің (с.а.с.) Әбу әл-Аспен некелескен қызы Зейнеп (р.а.) Мәдинаға барып қайту үшін Меккеден шыққанда жолын кесіп, қорлық көрсетіп, соның салдарынан қызы түсік тастаған еді. Саид ибн Мансұрдың жеткізген риуаятында Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Мен (отқа өртеу арқылы жазалаудан) Алладан ұялдым, Алланың жазасымен жазаландыру ешбір жанға жараспайды».

2. Жазалауға жіберілген топ Хаббарды ұстай алмайды. Хаббар Меккенің азат етілуінен кейін Жиранада Расулалланы (с.а.с.) тауып мұсылман болады. Айтуынша, Расулалланың (с.а.с.) жанына келгендігін көрген кезде, бір кісі оны ұстап алу үшін орнынан тұрады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Отыр» деп ишара білдіреді. Хаббар кәлимә шәһәдәт айтып мұсылман болғандығын жариялайды. Содан соң «Сенен аймақтарды аралай қаштым. Араб елдерінен тыс алыс аймақтарға кетуді жоспарлаған болатынмын. Содан кейін саған қарсы дұшпандық жасаған жандарға өте кешірімді екендігің, жақсы қарым-қатынас жасайтындығың есіме түсті. Уа, Алла Елшісі! Біз ширкке белшесінен батқан ел едік, Алла сен арқылы бізге тура жол берді, сен арқылы бізді бәледен құтқарды. Менің надандығымды, менің сендерге тигізген жаманшылықтарымды да кешіре көр! Мен жасаған жамандықтарымды қабыл аламын, күнәмді мойындаймын!» – дейді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла саған Исламды нәсіп ету арқылы жақсылық жасаған екен. Ислам бұрын-соңды жасалған (жамандықтарды) жояды» деп кешіргендігін жария етті. «Усдул Ғаба» атты еңбектегі деректерге көз салсақ, Хаббар (р.а.) Мәдинаға келгеннен кейін оған тіл тигізіп, балағаттайтындар болған. Ол бұл жайтты айтып Расулаллаға (с.а.с.) шағымданады: «Олай жасағандарға сен де (дәл солай) сабырлы күйде жауап бер!» – дейді.

3. Нафиғ ибн Абди Қайстың не болғандығы жайлы мәлімет жоқ. Ибн Хажар мұсылман болмай өлген болуы мүмкін дейді.

4. Отқа жағу арқылы жазалау мәселесіне келер болсақ, бұл мәселеде алдыңғы ғасыр ғалымдары әртүрлі көзқарас білдірген. Әзірет Омар, ибн Аббас және Омар ибн Абдулазиз (р.анһум) бастаған көпшілік сахабалар кінәсі қандай болмаса да балағаттау, адам өлтіру, қысас алу сынды нәрселерді мәкруһ санаған. Әзірет Али, Халид ибн әл-Уәлид бастаған кейбір ғалымдар рұқсат дейді. Хадис түсіндіруші Муһәлләб осы мәселеге қатысты былай дейді: «Бұл хадистегі тыйым харам дегенді білдірмейді, керісінше, Расулалланың (с.а.с.) кішіпейілділігі себепті бастапқы пікірінен қайтқандығын көрсетуде. Отқа өртеп өлтірудің жайыз екендігіне кейбір сахабалардың жасаған амалдары дәлел бола алады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Урнайлықтардың көздерін ыстық темірмен ойдырған.180 Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) сатқындарды құзырына алдырып (Мәдина Масалахасында) өртеткен. Али Харижилердің бір бөлігін отқа өртеген. Халид ибн әл-Уәлид, мүртәд (діннен шыққандардың) кейбірін өртеткен. Мәдина ғалымдарының көпшілігі қорған мен кемелердің ішіндегілерімен бірге өртеуге рұқсат берген. Сәури және Әузағи да осы көзқараста».

Алайда ибн әл-Мунир және басқа ғалымдар бұған наразылық танытып: «Бұл берілген мысалдар рұқсат етуге дәлел емес. Урнайлықтарға қатысты хабарлар қысас болып саналады. Урнайлықтар Алла Елшісінің (с.а.с.) малшыларының көздерін ойып тастаған. Сахабалар арасындағы кейбірінің рұқсат деуі де дәлел бола алмайды, себебі өзге сахабалардың тыйым салулары олардың көзқарасына қайшы. Қорғандар мен кемелердің өртелуі – дұшпанды жеңудің өзге жолы қалмаған жағдайда ғана берілетін рұқсат. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар бұл рұқсатты «қорған мен кемеде әйелдер мен балалар болмаған жағдайда ғана» деген шартпен ғана рұқсат еткен. Сондықтан оның рұқсат етілуі де кез келген уақытта, қандай жағдайда болса да деген сөз емес». Осы бөлімдегі хадисте нақты харам деген үкім бар. Алдында өртеуге берілген үкім мансұқ болған. Бұл насых уахи арқылы жүзеге асырылды яки пайғамбардың жеке ижтиһады арқылы болды. Қандай жағдай болмасын адамды тірідей өртеп жазалаудың үкімі мансұқталды, яғни, жойылды.

5. Хадистен шығатын кейбір үкімдер:

a) Бұл хадисте бір мәселеге ижтиһад жасалу арқылы шешім бергеннен кейін одан қайтудың рұқсат екендігін байқай аламыз.

ә) Үкім шығарарда еске салудың алдын алу үшін дәлелді көрсету мустахаб.

б) Худуд және осыған ұқсас жазаларды міндетті түрде орындау керек. Жазалайтын уақыттың созылып кетуі, қылмыскердің ақталуына сылтау бола алмайды.

в) Бит, бүрге сынды жәндіктердің өзін отқа жағу мәкруһ.

г) Сүннет тек сүннет арқылы ғана үкімін жояды. Бұл мәселеде барлық ғалымдар бір пікірде.

д) Қандай да бір үкімді орындауға мүмкіндік болмай жатып яки орындамай тұрып насых етілуге болады.

وَعَنْ عُرْوَةَ قَالَ: «حَدَّثَنِي أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ عَهِدَ إِلَيْهِ قَالَ اغْزُ عَلَى أُبْنَى صَبَاحًا وَحَرِّقْ. قِيلَ أَبِي مِسْهَرٍ: أُبْنَى؟ قَالَ: نعَمْ نَحْنُ أَعْلَمُ هِيَ يُبْنَى فَلَسْطِينَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1061) Уруә Усама ибн Зәйдтен (р.анһума) жеткізген риуаятында былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: “Убнәға таңсәрімен шабуыл жаса, сосын өрте”, – деді. Әбу Мисһардан “Убнә деген не?” – сұралғанда, ол былай деді: “Иә, біз мұны жақсырақ білеміз. Ол (біз білетін) Палестинадағы Юбна”».

Убнә немесе Юбна Палестинада, Асқалан мен Рамлә арасындағы бір жердің атауы.181

Бұл жердегі өртеу әмірі ағаштардың, егіннің және үйлердің өртелуіне қатысты айтылған. Шабуылдың таңсәріде жасалуы болса, оларды аяқ асты қарсы шығуға бейқам отырған кезде үстілерінен түсу үшін айтылған.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا قَاتَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَجْتَنِبِ الْوَجْهَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ

(1062) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Араларыңнан екі адам ұрысқа түсіп қалса, (бір-біріңді) беттеріңнен ұрмаңдар”, – деді».182

1. Бетке ұруға тыйым салған бұл хадис кітаптарда әртүрлі нұсқада келген: Бұл жерде «Бір-біріңмен дауласып қалған кезде» деп тұрса да, өзге риуаяттарда «құлдарыңды ұрған кезде...», «қызметшілеріңді жазалайтын болсаңдар...» «Араларыңнан бірің бауырыңмен төбелесіп қалса...» «....бетіне жұдырық жұмсамасын», «...бетке ұрудан абай болсын» сынды сөздер айтылған. «Ұрсысу», «жанжалдасу», «төбелесу» деген сөздер قَاتَلَ деген сөзбен келген. «Ұру» сөзі ضَرَبَ сөзімен келген. Сонымен қатар, кейбір хадисшілер قَاتَلَ «қатала» деген сөзді де ضَرَبَ «дараба» деген мағынада түсіну керек деген.

Төбелес болсын, ұру болсын, қандай жағдай болмасын «бетке ұрудан абай болу» ескертілген. Тағы бір хадисті ескерсек «хадд» немесе «тағзир» немесе «тәғдиб»183 сынды жазалардың өзінде бетке ұрудан абай болған абзал. Тағы бір хадисте былай келген: ارْمُوا وَاتَّقُوا الْوَجْهَ. «Тас лақтырыңдар, бірақ бетке тигізбеңдер».

2. Бетке ұруға не себепті тыйым салынған?

Ғұламалар бетке ұруға не себепті тыйым салынғандығының хикметін іздеген. Нәуәуидің жазғандарына қарасақ, кейбір ғалымдар: «Бетке ұру – бет өте нәзік ағза, адам денесінің көркі сонда жинақталған. Адамның басқалармен байланыс жасайтын ағзалардың (тіл, көз, құлақ, мұрын іспетті) көбі бетте орналасқан. Ұрған кезде осы ағзалардың кейбіріне немесе бәріне зарар тиюі мүмкін. Сондықтан бұл ағзалар соққыдан тез зақым алатындай ашық орналасқан. Соққы болған жағдайда осы ағзалардың біріне залал келетіндігі анық».

Мүслимнің бір риуаятында فَإِنَّ اللَّهَ خَلَقَ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ. «Өйткені Алла Адамды оның бейнесінде жаратты». Бұл жердегі «өзінің» деп аударған есімдігіміз кімге сілтеп тұр деген мәселеде де пікірталас бар. Көбінің пікірінше, бұл ұрылатын жерге ишарат жасайды. Олай дейтін болсақ, мағынасы былай болмақ: «Құлдың бетінен ұрмаңдар, сірә, Алла адамды оның бейнесінде жаратты». Кейбір ғалымдар бұл есімдікпен Алла жайлы айтылғандығын алға тартқан, дәлелдері болса хадистің кейбір нұсқасында келетін «...Алла адамды Рахманның бейнесінде жаратқан» делінгендігі. Бұл жорамалға сүйенер болсақ, мағынасы былай болады: «Құлдың бетінен ұрмаңдар, өйткені Алла адамды Рахманның бейнесінде (шағылы етіп) жаратты».

Бұл жорамалда Алланы жаратылысқа ұқсату мәселесі қозғалатындықтан кейбір ғалымдар бұл мәселенің адам бейнесінде деген үкім шығарып, жоғарыдағы жорамалды қабыл етпейді. Мазири: «Алла адамды Жаратушыға лайықты түрде жаратты» деп жорамал жасау керек», – деген.

Ибн Хажар бұл қосымша мәліметтердің сенімді жолдармен келгенін бір ауыз сөзбен жоққа шығаруға болмайтындығын айта келе, осы мағынаны түсініктірек ететін басқа бір қосымша риуаят келтірген: مَنْ قَاتَلَ فَلْيَجْتَنِبِ الْوَجْهَ، فَإِنَّ صُورَةَ وَجْهِ الْإِنْسَانِ عَلَى صُورَةِ وَجْهِ الرَّحْمَنِ. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта: «Кім төбелессе, бетке ұрудан сақтансын. Өйткені адам жүзінің бейнесі Рахман жүзінің бейнесіне сай», – делінген.

Хадис әртүрлі нұсқаларда келгендіктен сахих екендігіне күмән жоқ. Хадистің мағынасын тікелей мағынада қабылдай алмайтынымыз тәрізді, Әһл-сүннет уәл-Жамағаттың сенім негізіне қайшы келмейтіндей жорамал жасауымыз керек.

وَعَنِ ابْنِ يَعْلَى قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ عَبْدِالرَّحْمَنِ بْنِ خَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ: فَأُتِيَ بِأَرْبَعَةِ أَعْجٍ مِنَ الْعَدُوِّ فَأَمَرَ بِهِمْ فَقُتِلُوا صَبْرًا بِالنَّبِلِ، فَبَلَغَ ذَلِكَ أَبَا أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيَّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَنْهَى عَنْ قَتْلِ الصَّبْرِ، فَوَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَوْ كَانَتْ دَجَاجَةٌ مَا صَبَرْتُهَا، فَبَلَغَ ذَلِكَ عَبْدَالرَّحْمَنِ فَأَعْتَقَ أَرْبَعَ رِقَابٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1063) Ибн Яғла былай дейді: «Абдуррахман ибн Халид ибн Уәлидпен бірге бір жорыққа шықтық. Бізге дұшпан тарапынан қарақшыға ұқсайтын төрт адамды ұстап әкелді. Олардың сол мезетте өлтірілуіне әмір берілді. Артынша садақпен атып өлтірілді184. Бұл хабар Әбу Әйюб әл-Ансариға (р.а.) жеткенде, ол былай дейді: “Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұндай өлім жазасына тыйым салған. Жаным құдіретінде болған Аллаға ант етейін, (адам түгіл) тауықтың өзін нысана етіп қойып өлтірмеңдер”. Әбу Әйюбтың бұл сөзі Абдуррахманға жеткен сәтте төрт құлды азат етті».185

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَعَفُّ النَّاسِ قِتْلَةً أَهْلُ الْإِيمَانِ»، أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ

(1064) Ибн Масғуд (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Өлім жазасын берген адамдар арасындағы ең ұяттылары – имандылар”».186

Адамға жаза бергенде яки басқа да шариғат рұқсат еткен жағдайларда адамды өлтірер кезде жазаға тартылған адамға мейірімділік көрсету, белгілі бір қағидаларға сай іс ету, зұлымдық жасамау (мазақ етіп қинамау), мүслә (аузы-мұрынын кесу, құлағын кесу) жасамау. Дініміздің осы мәселелер жөнінде белгілеп берген тыйымдары бар. Бүгінгі таңда тұтқындарға жасалатын қарым-қатынастар мен өлім жазаларына қатысты кейбір тыйымдар айтылғанмен осының орындалып жатқанын көре алмаймыз. Римде аш қалған жыртқыш аңға тастап өлтіру, аяғына тас байлап теңізге лақтыру, аштықпен қинап өлтіру, бетонға көміп өлтіру, қинап өлтіруге дейін түрлі жазалау тәсіліне Ислам тыйым салған. Олай болса, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлтірудің де белгілі бір ережесінің бар екенін, осы ережені имандылар сақтай алатындығын айтқан. Өлім жазасына кесілгендердің де Алланың жаратылысы екендігін, Алланың разылығы үшін жандары қиылатынын, бұл ризашылықтың да діннің белгілеген шеңберінен тыс шықпаумен табатынын біледі, сондықтан бұл шеңберге бағынады.

وَعَنْ عَبدِاللَّهِ بْنِ يَزِيدٍ اَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ النُّهْبَةِ وَالمُثْلَةِ» أَخْرَجَهُ البُخَارِيُّ

(1065) Абдулла ибн Язид әл-Ансари (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нуһба (тартып алу) мен мусләға (аузы-мұрнын кесу, құлағын кесу) тыйым салды».187

«Нуһба» есімдігі «нәһб» етістігінен туындайды. Нәһб – жымқыру, талан-тараж ету деген мағынаға келеді. Хадис түсіндірмесін жасаған ғалымдар мұны «Өзгенің мүлкін тартып алу» деп түсіндірген. Хадисте келгендей тартып алынған мүлікке «нуһба» делінген. Ғалымдар бұл тыйымның олжаны да қамтитындығын, қолбасшы үлестірмей тұрып алып алған олжаның да нуһба болып саналатындығын айтқан. Мүслә – өлген адамның құлағын немесе мұрынын кесу, көзін ою, қарынын жару, ішек-қарынын ақтару, мәйітке қорлық жасау. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түрлі жағдайларда осы тыйымдарын қайталап еске салып отырған.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ الْمُشْرِكُونَ عَلَى مَنْزِلَتَيْنِ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ وَالْمُؤْمِنِينَ. كَانُوا مُشْرِكِي أَهْلِ حَرْبٍ يُقَاتِلُهُمْ وَيُقَاتِلُونَهُ، وَمُشْرِكى أَهْلِ عَهْدٍ لَا يُقَاتِلُهُمْ وَلَايُقَاتِلُونَهُ، فكَانَ إِذَا هَاجَرَتِ الْمَرْأَةُ مِنْ أَهْلِ الْحَرْبِ لَمْ تُخْطَبْ حَتَّى تَحِيضَ وَتَطْهُرَ، فَإِذَا طَهُرَتْ حَلَّ لَهَا النِّكَاحُ، فَإِنْ هَاجَرَ زَوْجُهَا قَبْلَ أَنْ تَنْكِحَ رُدَّتْ إِلَيْهِ. فَإِنْ هَاجَرَ مِنْهُمْ عَبْدٌ أَوْ أَمَةٌ فَهُمَا حُرَّانِ، لَهُمَا مَا لِلْمُهَاجِرِينَ ثُمَّ ذَكَرَ مِنْ أَهْلِ الْعَهْدِ مِثْلَ حَدِيثِ مُجَاهِدٍ رَحِمَهُ اللَّهُ؛ فَإِنْ هَاجَرَ عَبْدٌ أَوْ أَمَةٌ لِلْمُشْرِكِينَ مِنْ أَهلِ الْعَهْدِ لَمْ يُرَدُّوا وَرُدَّتْ أَثمَانُهُمْ، قَالَ وَكَانَتْ قُرَيْبَةُ بِنْتُ أَبِي أَمَيَّةَ تَحْتَ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ فَطَلَّقَهَا فَتَزَوَّجَهَا مُعَاوِيَةُ بْنُ أَبِي سُفْيَانَ، وَكَانَتْ أُمُّ الْحَكَمِ تَحْتَ عِيَاضِ بْنِ غُنْمٍ الْفِهْرِيِّ فَطَلَّقَهَا فَتَزَوَّجَهَا عَبْدُاللَّهِ ابْنُ عُثْمَانَ الثَّقَفِيُّ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(1066) Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Мүшріктердің Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен мүміндердің алдында екі түрі бар еді. Соғысқа даяр тұратын мүшріктер. Олармен Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғысатын. Екіншісі әһл-аһд, яғни, араларында келісім жасалған мүшріктер. Олармен шайқаспайтын. Олар да Расулаллаға (с.а.с.) қарсы соғысқа шықпайтын. Соғыс жариялаған мүшріктерден қашып һижрет етіп келген әйел хайыз (айлығы) келіп тазарғанға дейін үйленуге ұсыныс жасалмайтын. Ал некеден бұрын әлгі әйелдің күйеуі де һижрет жасап келер болса, әйелі өзіне қайтарылып берілетін. Әһл-харбтан қандай да бір құл немесе күң һижрет етер болса, олар азат етіліп мұһажирлермен бірдей құқыққа ие болатын».

Содан кейін ибн Аббас (р.анһума) (Мужаһидтің риуаятында келгендей) Әһл-аһдқа қатысты риуаятты жалғастырып: «...келісім жасалған мүшріктерден бір құл немесе күң һижрет жасайтын болса, олар да қайтарылмайтын, тек құны қанша болса сол құн төленетін». Ибн Аббас жалғасында былай дейді: «Қурайбә бинт Әбу Умәйя Омардың (р.а.) жанында еді (некесінде), ажырасты. Ол әйелмен Муғауия ибн Әбу Суфиян үйленді. Үммүл Хакәм бинт Әбу Суфиян да Ияд ибн Ғанам әл-Фиһридің некесінде еді. Ол да ажырасты. Үммүл Хакәммен Абдулла ибн Осман әс-Сақафи үйленді».188

1. Ханафилер осы хадиске амал етіп, һижрет арқылы дарул-харбтан келген әйел кісіге бір хайыз мерзімі өткеннен кейін ғана үйленуге болатындығын айтқан. Алайда көпшілік ғалымдар һижрет ету және мұсылман болған сәтінен бастап азат болып есептелгендіктен, үш тазалық мерзімінің күтілуін, содан кейін барып некелесудің болатындығын айтқан. Бұл мәселе – ғұламалар арасында пікірталас тудырған мәселе.

Бұл мәселеде ибн Аббас (р.а.): «Қандай да бір христиан әйел күйеуінен бұрын мұсылман болса, ол күйеуіне харам болады» деген. Бұл үкімге себепші болған аятта былай делінген; «Уа, иман келтіргендер! Қатарларыңа қосылу үшін (иман айтып) һижрет етіп келген мүмін әйелдерді сынап көріңдер. Алла олардың иманын бәрінен жақсы біледі. Егер сынап көргеннен кейін, олардың шынымен мүмін екендігіне анық көз жеткізсеңдер, онда оларды кәпірлерге кері қайтармаңдар. Бұдан былай олар кәпір күйеулеріне адал емес, кәпір күйеулері де олар үшін адал жар бола алмайды. Сонымен қатар күйеулерінің оларға берген мәһірлерін қайтарыңдар. Ал сендерге келсек, тиісті мәһірлерін беру арқылы олармен некелесетін болсаңдар, күнәға қалмайсыңдар. Сондай-ақ (Кітап иелеріне жатпайтын) кәпір-мүшрік әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. (Талақ қылған кәпір әйелдеріңе) берген мәһірлеріңді қайтарып алыңдар. Кәпірлер де (Исламды қабылдап сендерге қосылған әйелдеріне) берген мәһірлерін өздеріне қайтаруларыңды талап етуге толық құқылы. Міне, бұлар – Алланың үкімдері. Араларыңда үкім беретін бір Өзі. Өйткені Алла – Алим (шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісімен әрбір үкімі хикметтерге толы болған асқан даналық иесі)»189. Көзқарастардың әртүрлілігі күйеуінің иддат күтіп мұсылман болуы жөнінде туындап отыр. Ғұлама Атағ: «Мұндай жағдайда әйел кісі егер жаңа неке мен жаңа мәһір арқылы бұрынғы күйеуіне қосылғысы келсе, ешбір кедергі жоқ» деген. Осы көзқарас аталмыш мәселеге негіз болған. Һижрет арқылы келген мүмин әйелге, иддат кезінде үйлену үшін ұсыныс жасалмайтынын негізге алынар болса, ибн Аббас пен Атағтың көзқарастары бірдей болады. Куфа ғұламалары (Ханафилер) бұл жағдайда «күйеуіне мұсылман болуы ұсынылады» деген шарт қойған.

2. Хадисте аты аталған Қурайбә бинт Әбу Умәйя – Расулалланың (с.а.с.) жұбайы болған Үммі Сәләманың (р.а.) сіңлісі. Әзірет Омар мүшрік әйелдерді мүминдергe харам еткен аят түскен кезде Меккеде үйленген әрі әлі күнге дейін мұсылман болмаған екі әйелінен ажырасады. Бұлардың бірі – Қурайбә. Қурайбәнің мұсылман болғандығы жайында келген пікірталастағы риуаяттарға және олардың ибн Хажар тарапынан жасалған түсіндірмеге бұл жерде тоқталмаймыз. Екінші әйелі – Үммі Гүлсім бинт Амр. Бұл кісі – Абдулланың анасы. Ол кісімен Әбу Жәһм ибн Хузайфа үйленеді. Әбу Суфиян да, Әбу Жаһм да ол кезде мүшрік болған.

3. Аталмыш аят Худайбия келісімі кезінде түскен. Келісім шарттарының арасында Меккеліктерден мұсылман болып Алла Елшісін (с.а.с.) паналайтындар шығатын болса, олардың Меккеліктерге қайтарылып берілуі тиіс. Бұл тарауда босқын мұсылман еркектер қайтарылып берілген еді. Әйел босқындардың да қайтарылып берілуі мәселесі келісімде бар ма, жоқ па ол мәселе риуаяттарда даулы болса да, жоғарыда аталған аят әйелдердің қайтарылуына тыйым салған және Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қайтармаған. Келісімде әйелдердің де қайтарылып берілуі тиіс деген шарт болған деген Ибн Кәсир тәпсірiнде аталмыш аяттың сүннетті бөлгендігін және Құран арқылы сүннетің бөлінуіне осы аяттың ең көркем мысал екендігін айтады. Сәләф ғалымдарының кейбірі бөлуге емес, насыхқа (үкімінің жойылуына) мысал екендігін, осы аят тиісті сүннеттің күшін жойғандығын айтады.

Аяттың әмірі бойынша мүшріктерге қайтарылмаған босқын әйелдерден Үммі Гүлсім бинт Уқба ибн Әбу Муғайт атымен аталған. Өйткені оны кері қайтарып алу үшін екі інісі Расулаллаға (с.а.с.) келіп жолығады. Алайда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аятта тыйым жасалғандықтан кері қайтармайды.

Осы келісімнен кейін босқын болып келген әйелдер қайтарылмаған, ал күйеулеріне мәһір төленген. Құлдардың да құны төленген. Бұл төлемдердің «келісім» болғандықтан төленгендігіне назар аударады. Ибн Кәсирдің риуаяттары бойынша, аяттың әміріне мүминдер сөзбе-сөз бағынып, ажырасқан әйелдерге мәһірлерін төлесе де, мүшріктерден ажырасқан мұсылман әйелдерге мүшріктер мәһірлерін төлемеген. Бұл жағдайдан қаржылай тапшылыққа душар болғандар үшін аяттың әмірімен190 қазынадан (ғаниматтан (олжадан) төленген.

4. Аятта мұндай босқын әйелдердің шынайы мүмин болып-болмағандығын, яғни, бұл босқындықтың және һижреттің орындалуы мәселесінің басын ашып алу үшін, иман талабы болғаны үшін сыналуы әмір етілген. Тіпті сүренің «Мүмтаханә» деген атауын да осыдан алған. Ал енді бұл сынақ қалай болмақ? Себебі, иман жүректегі, іштегі және адамның өзі ғана білетін бір жағдай. Мұның сыртта көрілуі мүмкін емес, ал түсіну қиын мәселе.

Риуаяттар бұл сұрақтарымызға анық жауап берген:

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сынау жауапкершілігін әзірет Омарға (р.а.) жүктеген.

2. Омар (р.а.) бұл әйелдерге (Ибн Аббас, Мұжаһид, Икримә және Қатададан жеткен риуаяттар бойынша) Алланың атымен ант еттіріп мынадай мәселелерді сұрап һәм талап қойған:

• Күйеуіне ренжігендігі үшін һижрет етті ме?

• Бір жерден басқа бір аймаққа кеткісі келгендіктен һижрет етті ме?

• Дүниелік бір қалауы болғандығы үшін һижрет етті ме?

• Алла мен Оның Елшісіне деген сүйіспеншілігі болғандықтан һижрет етті ме?

• Алланың бір және әзірет Мұхаммедтің (Алланың) құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етуін.

• Өзге біреуге деген махаббатының нәтижесінде һижрет етті ме?

• Күйеуімен күн көре алмағандықтан ба, Исламға және мұсылмандарға деген сүйіспеншілігінен бе?

Алланың атымен ант еттіріліп алынған жауаптар, иманының үлесіне қарай болса, қабыл алынып кері қайтарылмайтындығы, ал керісінше болса, күйеулеріне қайтарылып берілгендігі айтылған.

Ибн Кәсир сынақ аятында: «Олардың шынымен мүмин (әйелдер) екендігіне анық көз жеткізсеңдер, онда оларды кәпірлерге кері қайтармаңдар» деген сөйлемінен «Иманның қандай екенін білудің мүмкін екендігі осы аятта дәлелденген», – дейді.

3. Бұл аят үйлену мәселелеріне қатысты маңызды бір өзгеріс әкеліп сол күнге дейін бос жүрген мүшріктермен үйленуге тыйым салған. Ер болсын, әйел болсын кез келген бір мұсылман мүшрікпен үйлене алмайды. Бұл – харам іс. Осы аяттан бұрын Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы Зейнептің (р.а.) өзі мүшрік болып өмір сүрген Әбу әл-Астың жұбайы болған және Бәдір тұтқындарының арасында болған Әбу әл-Ас Зейнептің (анасы Хадиша тарапынан сыйға берілген) алқасымен тұтқыннан босатылуға әрекет жасалған.191 Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «қызы Зейнепті (р.а.) Мәдинаға жіберуі» шартымен Әбул Асты (алқаны қайтарып береді және өзге материалдық ештеме талап етпестен) босатады. Зейнеп (р.а.) Мәдинаға келіп һижри сегізінші жылдың бас кезінде күйеуі мұсылман болғанға дейін жеке өмір сүрген. Мұсылман болғаннан кейін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаңадан неке мен мәһір талап етпей қайтарып берген. Сонымен қатар некесін жаңалағандығы да айтылады. Бұл аяттан бұрын мұсылмандарға мүшріктер арасынан үйленгендердің бар екендігін бұрын да болғанын көрсету үшін тағы да Расулалладан (с.а.с.) мысал берер болсақ, Әбу әл-Астың мысалын бере аламыз. Бір кездері мүшріктер Расулаллаға (с.а.с.) жамандық жасаймыз деп, өздерінің дініндегі Әбу әл-Асқа Зейнептен (р.а.) ажырасуын сұрайды. Әбу әл-Ас қабылдамаған соң, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу әл-Асқа алғыс айтады.

Жиһадқa қатысты себептер

عَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا مِنْ غَازِيَةٍ أَوْ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى فَيَسْلَمُونَ وَيُصِيبُونَ إِلَّا تَعَجَّلُوا ثُلُثَىْ أَجْرِهِمْ. وَمَا مِنْ غَازِيَةٍ أَوْ سَرِيَّةٍ تَخْفِقُ وَتُخَوَّفُ وَتُصَابُ إِلَّا تَمَّ أَجْرُهُمْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. تَخفِقُ أَىْ لَا تُصِيبُ شَيْئًا مِنَ الْمَغْنَمِ.

(1067) Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Алла жолында жиһадқа шығып жорыққа аттанып сау-саламат ғаниматпен (олжамен) қайтып оралған жауынгер мен жасақ ақиретте қол жеткізетін нығметінің үштен екеуіне дүниеде қол жеткізеді. Ешбір ғанимат (олжа) ала алмаған, қорқынышқа душар болған және қиындықтарға тап болған жауынгерлер мен жасақ (пайғамбарымыздың қатыспаған әскер жасағы) болса (ақиретте) толық құнға (сауапқа) кенеледі”».192

مِنَّا مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَأْكُلْ مِنْ أَجْرِهِ شَيْئًا، وَمِنَّا مَنْ أَيْنَعَتْ لَهُ ثَمَرَتُهُ.

«Арамызда еңбегінің жемісінен ештеңе татпастан дүние салғандар да, жемісі пісіп жетілгендер де бар».

Риуаяттың Мүслим мен Нәсәидегі түпнұсқасында жеңіске жеткен күйде және ғанимат (олжалы) қайтқан жауынгерлер сауаптарының үштен екісін бұ дүниеде қолма-қол алатындықтары айтылғаннан кейін мына қосымша келген: وَيَبْقَى لَهُمُ الثُّلُثُ. «Сауабының үштен бірі оларға қалады».

Хадис шәріп жиһадтың үлесі ретінде жер бетінде атақ және ғаниматтан (олжадан) несібесін алған мен соғыста жеңіліс тауып немесе ешбір дүниелік нәсіпке қол жеткізе алмағандар тек қорқыныш пен қиындық тартқан жауынгерлердің ақыретте нығметте тең болмайтындықтарын айтып отыр. Себебі дүниеде тапқан ғанимат секілді жиһадтан келетін нығметтердің бір бөлігі болып табылады. Нәуәуи бұл түсіндірменің сахабадан осы мәселеге қатысты жеткен белгілі және сахих риуаяттардың мағынасына сай өте керемет тәуил (түсіндірме) екендігін, хадистің берген мән-мағынасына сай келетін түсіндірменің осы екендігін, Қади Иядтың да осы түсіндірмені қабыл алғандығын айтады. Кейбір пікірлердің (жорыққа қатысқандар сауап тұрғысынан тең болатындарын және ғаниматтың (олжаның) сауапты кемітпейтіндігін алға тартқандығына қарай отырып) бұл хадистің сахих болмайтындығы жөніндегі пікірлердің бар екенін айтқан Қади Ияд бұл пікірдің дұрыс емес екендігін алға тартып, дәлелдерін жоққа шығарған.

Нәуәуидің осы тұрғыда берген дәлелдерінің бірі көптеген сахабаның мына мағынада айтқан сөздері: مِنَّا مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَأْكُلْ مِنْ اَجْرِهِ شَيْئًا وَمِنَّا مِنْ اَيْنَعَتْ لَهُ ثَمَرَتُهُ «Ислам үшін жиһад жасаған кейбір достарымыз, еңбектерінің ақысы ретінде берілген ешбір нәрсені жемей (қолданбай) шейіт болып кетті (Ухудта шейіт болғандар іспетті). Кейбір достарымыз болса жемістерінің бұ дүниеде нәтиже бергендігін көрді (Исламның өркендеп қанат жайған дәуірін көрген, молшылыққа қол жеткізгендер іспетті)». Омар және Хаббаб ибн Әрат (р.анһума) бастаған көптеген сахабалар осы мәселеде қатты қиналған, тіпті: «Абай болайық, барлық нығметтерімізді (сауаптарымызды) дүниеде жеп тауыспайық», – деп алаңдаушылық танытушы еді.

Бұл хадистің үкімін мойындамағандардың көбінесе сүйенетіндері – Бұхари мен Мүслимде мужаһидтің сауап және ғанимат арқалап қайтатындығын айтқан хадисі. Нәуәуи былай деп жауап береді: «Бұл екі риуаяттың бірін таңдап екіншісін алмайтындай дәрежеде араларында қарама-қайшылық жоқ қой. Себебі бұл хадисте мужаһидтің сауаппен және олжамен оралатындығы айтылып жатса, олжаның сауапты азайтып азайтпайтындығына тоқталмаған яки олжа алған мен алмағанның сауабы тең деп те айтылмаған, тек қана мужаһидтің (жиһадшының немесе жауынгердің) әрі сауап, әрі олжа арқалап қайтатындығы айтылған. Демек, мәселеге арқау болған риуаятымыз жалпылама айтылған келесі бір риуаятты жалқы үкімге айналдырған. Үкім беру ережесі бойынша «Жалқы үкім жалпы үкімнің орнына жүреді һәм бұл басты шарт».

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزَاةٍ. فَقَالَ: إِنَّ بِالْمَدِينَةِ رِجَالًا مَا سِرْتُمْ مَسِيرًا وَلَا قَطَعْتُمْ وَادِيًا إِلَّا كَانُوا مَعَكُمْ حَبَسَهُمُ الْعُذْرُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَأَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ عَنْ أَنَسٍ.

(1068) Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бір жорықта болдық. Ол: “Мәдинада қалған кісілер бар. Қай жолмен жүрсеңдер де, қай аңғардан өтсеңдер де, олар сендермен бірге болды. Оларды үзірлі себеп ұстап қалды”, – деді».

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: عَجِبَ رَبُّنَا مِنْ قَوْمٍ يُقَادُونَ إِلَى الْجَنَّةِ بِالسَّلَاسِلِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ. وَقَالَ: يعْنِي الْأَسِيرَ يُوثَقُ ثُمَّ يُسْلِمُ.

(1069) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Шынжырларға таңылған күйде жәннатқа беттеп бара жатқан бір топты көрген кезде Раббымыз таңырқады”».

Әбу Дәуіт «Шайқаста тұтқын ұсталып, шынжырға таңылады, бірақ кейіннен мұсылман болады», – деп түсіндірген.

Хадисшілер бұл жерде жанама түрде айтылғандығын, тікелей мағынада айтылмауы мүмкін деген пікір айтқан.

Хадистегі тағажжуб – беймәлім бір іс алдында кешетін күй, қазақ тіліндегі «таң қалу» деген мағынаға сай келеді. Әрине, ғайыптарды білетін Алла тағала таңдануы мүмкін емес. Бұл сөз Аллаға қатысты айтылар болса «риза болып қарайды», «разы болады», «мадақтайды» іспетті сөздермен түсіндіру абзалырақ болмақ.

Хадистің мағынасына келер болсақ, шайқас барысында тұтқындалып шынжырға таңылған тұтқындар кейіннен Ислам жайлы мәлімет алып жүрегінің қалауымен мұсылмандықты қабыл алғандар жаннатқа кіреді. Хадисте «күштеу» деген мағына «шынжыр» сөзімен келген. Тиби «Шынжыр» сөзі адамды адасудың құзынан құтқарып һидаят шыңына ұластыратын Хақ Тағаланың нығметі болуы мүмкін» деген. Алайда мына бір хадис жоғарыда берілген мағынаның әлдеқайда сахих екендігін құптайды:

Әбут-Туфәйл Расулалладан (с.а.с.) мына сөздерді жеткізеді:

رَأَيْتُ نَاسًا مِنْ اُمَّتِي يُسَاقُونَ إِلَى الْجَنَّةِ فِي السَّلَاسِلِ كَرْهًا قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَنْ هُمْ؟ قَالَ: قَوْمٌ مِنَ الْعَجَمِ يَسْبِيهِمُ الْمُهَاجِرُونَ فَيُدْخِلُونَهُمْ فِي الْإِسْلَامِ مُكْرِهِينَ

«Үмбетімнің ішінен бір топтың жәннатқа шынжырға таңылған күйде күшпен апарыла жатқандығын көрдім», – деді. «Уа, Алла елшісі, олар кімдер?» – деп сұрағанымда, «Олар араб емес бір қауым. Мұһажирлер оларды тұтқындайды, күштеп Исламға кіргізеді».

Кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл хадисте айтылғандар – кәпірлер тарапынан тұтқындалып шынжырға тағылған күйде жан тапсырған мұсылмандар.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّمَا الْإِمَامُ جُنَّةٌ يُقَاتَلُ بِهِ.» أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ.

(1070) Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Имам – қалқан. Соғыс оның басшылығымен жүргізіледі», – дегенін жеткізген.193

مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ اَطَاعَ اللَّهَ وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ عَصَى اللَّهُ وَمَنْ يُطِعِ الْاَمِيرَ فَقَدْ اَطَاعَنِي وَمَنْ يَعْصِي الْاَمِيرَ فَقَدْ عَصَانِي. وَإِنَّمَا الِامَامُ جُنَّةٌ يُقَاتِلُ مِنْ وَرَئِهِ وَيُتَّقى بِهِ فَإِنْ اَمَرَ بِتَقْوَى اللَّهِ وَعَدَلَ فَأَنَّ لَهُ بِذَلِكَ أَجْرًا وَإِنْ قَالَ بِغَيْرِهِ فَأَنَّ عَلَيْهِ مِنْهُ

«Кім маған мойынсұнса, Аллаға мойынсұнғаны. Кім маған қарсы келсе, Аллаға қарсы келгені. Кім басшыға мойынсұнса, маған мойынсұнғаны. Кім басшыға қарсы келсе, маған қарсы келгені».

Бұл түрлі жолдармен риуаят етілген хадис. Жамағатқа имамның керек екендігін һәм оған мойынсұнуды анықтап берген. Бұхаридегі нұсқасы әлдеқайда толығырақ:

مَنْ أَطَاعَنِى فَقَدْ اَطَاعَ اللَّهَ وَمَنْ عَصَانِى فَقَدْ عَصَى اللَّهُ وَمَنْ يُطِعِ الْاَمِيرَ فَقَدْ اَطَاعَنِى وَمَنْ يَعْصِى الْاَمِيرَ فَقَدْ عَصَانِى. وَإِنَّمَا الِامَامُ جُنَّةٌ يُقَاتِلُ مِنْ وَرَئِهِ وَيُتَّقى بِهِ فَإِنْ اَمَرَ بِتَقْوَى اللَّهِ وَعَدَلَ فَأَنَّ لَهُ بِذَلِكَ أَجْرًا وَإِنْ قَالَ بِغَيْرِهِ فَأَنَّ عَلَيْهِ مِنْهُ

«Кімде-кім маған мойынсұнса Аллаға мойынсұнғанмен бірдей. Ал кімде-кім маған қарсы шықса, Аллаға да қарсы шыққанмен тең. Басшыға мойынсұнған, маған да мойынсұнған болып табылады, кім басшыға қарсы келсе маған да қарсы шыққаны. Имам (басшы) бір перте іспетті, оның артында дұшпанға қарсы соғысу керек, сонымен сақтану керек. Егер Алладан қорқуды әмір етсе және әділетті болса, мұнысы үшін сауапқа кенеледі, ал егер керісінше іс істер болса мұнысы үшін күнәға душар болады».

«Имам – халыққа қызмет жасайтын әрбір адам. Әрбір қызметкер өзіне міндеттелген істерде, халықтың алдында басшы іспетті. Имамға «жуннә», яғни, перде делінуінің себебі, халықтың атынан дұшпанмен келісімге келу, дұшпан тарапынан келетін қиындық пен жаушылықтан халықты, әскері мен алдын-алу шараларымен қорғағандығы үшін аталған. Бұл мәселеге қатысты жалпы мәлімет Хилафат және Имарат бөліміндегі №1702-1743 хадистерде қамтылған.

وَعَنْ أَنَسِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ فَتىً مِنْ أَسْلَمَ قَالَ يَارَسُولَ اللَّهِ: إِنِّي أُرِيدُ الْغَزْوَ وَلَيْسَ لى مَالٌ أَتَجَهَّزُ بِهِ. قَالَ: ائْتِ فُلَانًا فَإِنَّهُ كَانَ قَدْ تَجَهَّزَ فَمِرضَ. فَأَتَاهُ فَقَالَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ يَقْرَأُ عَلَيْكَ السَّلَامَ وَيَقُولُ: أَعْطِنِي الَّذِي تَجَهَّزْتَ بِهِ. فَقَالَ لِاهْلِهِ يَافُلَانَةُ أَعْطِيهِ الَّذِي تَجَهَّزْتُ بِهِ وَلَا تَحْبِسِي عَنْهُ شَيْئًا مِنْهُ، فَوَاللَّهُ َلَا تَحْبَسِي مِنْهُ شَيْئًا فَيُبَارِكَ لَكَ فِيهِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1071) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Әсләм тайпасынан бір бозбала: “Уа, Алла елшісі! Жорыққа аттанғым келеді, алайда жорыққа қажетті қару-жарақ алатын қаражатым жоқ!” – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Олай болса пәленшеге бар. Ол дайындық жасады, алайда науқастанып қалды (келе алмайды)”, – деді. Бозбала әлгі адамға барып: “Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиһад үшін әзірлеген қару-жарақтарыңызды маған беруіңізді әмір етті”, – деді. Әлгі адам әйелін атымен атап шақырып алды да оған: “Әй, пәленше, жиһад үшін әзірленген қару-жарақты мына бозбалаға бер, ешбір затты аяп қалушы болма. Алланың атымен ант етейін, аямай берген әрбір затың сен үшін берекелі болмақ”, – деді».194

Бұл хадис қайырлы іске себепкер болудың да жақсылық әрі сауап екендігін көрсетіп тұр. Ғұламалар қайырлы іс үшін әзірленген заттың басқа бір қайырлы іске жұмсауға болатындығының дәлелін осы хадистен шығарған. Егер атау нәзір еткен болса, нәзір еткен іске жұмсауы керек. Алайда шарттар бұл заттардың өзге қайырлы істе жұмсалуының әлдеқайда қайырлырақ екендігін көрсетер болса, нәзірге қарамай одан да қайырлырақ іске жұмайды да, нәзірді орындамаған үшін кәффарат өтейді. Осылайша жақсылықтары еселене түспек.

وَعَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدَبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَّا بَعْدَ فَأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ سَمَّى خَيْلَنَا خَيْلَ اللَّهِ تَعَالَى، وَكَانَ يَأْمُرُنَا بِالْجَمَاعَةِ إِذَا فَزِعْنَا، وَالصَّبْرِ وَالسَّكِينَةِ إِذَا قَاتَلْنَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1072) Сәмура ибн Жундаб (р.а.) (бір күні) былай деді: «Әмма бағд. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аттарымызды (жылқыларымызды) “Алланың аттары” деп атады да, бізге қорыққанда жамағат болып жиналуымызды, шайқасқанда сабырлы һәм шыдамды болуымызды әмір етті».195

1. «Әммә бағд» – араб тілінде маңызды бір мәселе жайында сөз қозғалардан бұрын айтатын сөз. Қазақ тілінде бұл сөз құрылымына мысал келтіру мүмкін емес. Біреу сөз бастар алдында, жазушы хат жазар кезде Ислами әдепке жататын хамдәлә (Аллаға шүкіршілік ету сөзі) мен сәлуәлә (Пайғамбарымызға салауат сөзі) айтылғаннан яки жазылғаннан кейін негізгі мәселеге өтер алдында «әммә бағд» деп айтылып не жазылып барып мәселе баяндалады.

2. Аттардың «Алланың аты» деп аталуы тәфәғул үшін болса керек, яғни, пайдалы жолға қолданғандығынан болса керек. Әрі Алла жолында жиһадқа қолданылғандықтан, осы мақсатта бапталғандығы үшін айтылса керек. Жылқы баптап, асты-үстін тазалап оның бар бейнетін арқалаған кісі жылқыға «Алланың аты» деген көзқараспен қарағандықтан, оған деген құрметі мен сүйіспеншілігі анағұрлым жоғары болары сөзсіз. Затқа берілген (әрбір) есім оның әрдайым сол іске қатысты қолданылатындығынан. Атқа (немесе қайыр жолында қолданылуға лайықты бір затқа) осындай атау берудің мустахаб болуы мүминнің қайырлы іске деген ниетіне орай берілген есімнің қаншалықты әсерлі болатындығы анық көрініп тұр.

Хадис Әбу Дәуітте «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қорыққанымызда аттарымызды Алланың аты деп атады» деп келген. Ғалымдар «Қорыққан сәттерімізде» деген сөзді «жәрдем тілеген кезімізде» деп түсінудің дұрысырақ болатындығын айтқан. Алайда бұл сөзде «Фурсан» (атты әскер) сөзін қамтығандығын, сондықтан да бұл сөйлемді былай деп түсінгеннің абзал екендігін айтқан: يَا فُرْسَانَ خَيْلِ اللَّهِ. «Уа, Алланың атты жауынгерлері!» Сонымен қатар, Әскәридің «әл-Әмсәл» атты еңбегінде Әнәстен жеткен бір риуаятта: «Хариса Ибнул-Нұғман: «Уа, Алла Елшісі, шейіт болып өмірден өтуім үшін дұға етіңізші», – дейді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған дұға жасайды. Бір күні «Уа, Алланың аттары, мініңдер» деген бір үн естіледі. Хариса сол сәтте атқа алғашқылардың бірі болып мініп, алғашқы шейіт болған атты әскер болды», – делінген. Бұл жерде «Уа, Алланың аттары» деген сөздің мағынасы «Уа, Алланың аттарына мінген жауынгерлер» дегенді білдіреді.

Азимабади жасаған кейбір түсіндірмелерден кейін хадистің соңғы бөліміне қатысты мынадай анықтама берген: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғысқан сәтімізде жамағат болуымызды, сабыр мен шыдамдылыққа даяр болуымызды әмір етті».

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: خَيْرُ الصَّحَابَةِ أَرْبَعَةٌ، وَخَيْرُ السَّرَايَا أَرْبَعُمِائَةٍ، وَخَيْرُ الْجُيُوشِ أَرْبَعَةُ آلَافٍ، وَلَنْ يُغْلَبَ اثْنَا عَشَرَ أَلْفًا مِنْ قِلَّةٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1073) Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Ең қайырлы достар (тобы) – төрт кісілік (топ). Ең қайырлы әскер жасағы – төрт жүз кісілік (жасақ). Ең қайырлы әскер – төрт мың кісілік әскер. Он екі мың адам саны тұрғысынан аз екен деп жеңіліске ұшыратылмайды”».196

1. Хадисте айтылған достар – сапарға бірге шыққан адамдар. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жалғыз адамның (шамамен 90 шақырым) алыс жолға шықпауын айтқан. Тіпті екі адам болса да алыс сапарға ниет етпеулерін ескерткен. Ал үш кісіге рұқсат берілсе де, мына хадисте жол серік ретінде төрт адамдық топтың ең абзал екендігі айтылған. Бұл насихаты уәжіп емес, сондықтан адамдар саны бұдан аз немесе көп болса да болады. Ғаззали «Ихия улумиддин» атты кітабында төрт санының хикметін былай деп түсіндіреді: «Жолаушы сапар барысында өзіне қорған болатын, жәрдем беретін бір кісіге мұқтаж. Кей сапарларда қажеттіліктер туындаған жағдайда анда-мұнда барып келуі де керек болады. Егер үш кісі болса қажеттіліктер үшін барып келетін кісі жалғыз өзі кетер болса, жанында ешкім болмағандықтан рухани тұрғыдан қиналып қалады. Қажеттілік үшін екі адам бірге шықса, заттардың жанында қалған кісі жалғыз болып қалады. Бұл әрі қауіпті әрі ол адамды рухани күйзеліске душар етеді. Олай болса төрт кісіден аз кісімен сапарға шыққан жандар сапардағы қажеттіліктерін керегінше қамтамасыз ете алмайды. Бесіншісі болса, қажеттіліктен артық болмақ. Адам көп болғандықтан (жөнді) әңгіме-дүкен де болмайды». Демек, хадисте ең қайырлы жамағат төрт кісі екендігіне қатысты дәлел бар. Хадистегі «Ең қайырлы достар – төрт кісі (топ)» деген сөздің астарында төрттен аз адамдардан құралған достарға да (қорғаныс немесе сапарда) қайыр бар» деген мағына шығады. Алайда Амр ибн Шұғайыбтың риуаят еткен бір хадисінде «үштен» аз болған топқа «шайтан» деген сөз айтылған: الرَّاكِبُ شَيْطَانٌ، وَالرَّاكِبَانِ شَيْطَانَانِ، وَالثَّلَاثَةُ رَكْبٌ. «Жалғыз жолаушы – шайтан, екі жолаушы – екі шайтан, ал үшеуі – сапарлас топ», – делінген. Табари былай дейді: «Бұл жердегі тыйым әдеп пен насихаттан құралған. Харам үкімі үшін айтылған тыйым емес. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жалғыз басты адамның саяхатында жалғыздықтан туындайтын кедергілер мен күмәндар болғандықтан тыйым салған, әйтпегенде жалғыз болуы харам емес».

Ғалымдар осы мәселеге қатысты түрлі пәтуалар берген. Қажеттіліктерге, сапар шарттарына қарай кейде жалғыз қалу да керек болуы мүмкін. Ендеше, тыңшылар, барлаушылардың жалғыз жүргені ләзім.

2. Әскер жасағы деп аударылған сәрия – төрт жүз кісіден тұратын жасақ. Негізгі әскердің бір бөлігі. Шамамен бүгінгі таңдағы бір батальонға сай келеді. Ибраһим Харби: «Сәрия – төрт жүз шамасындағы атты әскер жасағы», – деп түсіндірген. Түнделетіп жолға шығып, күндіз тығылып жатқандығы үшін де сәрия деп аталған деген сөз бар. Өйткені сәра سَرَى «түнде жүрді» деген сөз.

Ибн Әсир бұл түсіндірмені мақұлдамайды. Оның пікірінше төрт жүзге жуық әскери жасақ жәмғу сәраға келеді, яғни, сәрия санынан көп жауынгерлер. Сәрия делінуінің себебі, олардың жауынгерлер арасынан таңдалған ең мықты дегендерінің таңдалуында. Осынша әскерден құралған жасаққа сәрия делінуі (күш-қуаттың көп болғанынан) жасырын түрде, сыр берместен дұшпанға шабуыл жасауынан болуы да мүмкін.

Ибн Раслан былай анықтама берген: «Сәрияның қайырлысы – төр жүз кісілік» деп шектелуінен. Бәдір сахабаларының үш жүзден астам болғандығынан болуы мүмкін. Бұл жағдайда, ең қайырлы сәрия үш жүз-төрт жүзден төрт жүз-бес жүз арасындағы сәрия».

3. «Он екі мың саны тұрғысынан аз деп жеңіліске ұшырамайды» деген сөзден мұндай әскер санының үлкен күш болуы үшін жеткілікті екенін түсінеміз. Мұншалықты әскер дұшпаннан жеңіліс тапқан болса, онда ол оның санының аздығынан емес. Әбу Яғла әл-Мәсилидің «Муснәдінде» «... إِذَا صَبَرُوا وَاتَّقوا» деп келетін қосымша сөйлем бар. Мағынасы былай болмақ: «Саны он екі мыңға жететін әскерлер шыдамдылық танытып, тақуалы болса, саны аз болса да жеңілмейді». Олай болса, осыншалықты жасағы бар Ислам армиясы жеңіліс табатын болса, оның себебін «санының аздығынан» емес өзге бір себептен іздеу керек. Санға сену соғыста жеңілмейтін күшке иеміз деп шайтан салған оймен араларындағы батырларға тәуекел жасап, материалдық тұрғыдан да күштіміз деген теріс ойлары Алланы естерінен шығарғандықтан адасты. Хунәйн соғысында саны он екі мыңға ұласатын Ислам әскерлері көптігі мен батырларына қатты сенім артып: «Бүгін бізді саны аз болғандар жеңе алмайды», – деген еді. Алайда бірінші шабуылдан-ақ шашырап тоз-тоз болып кетті. Ақырында, Расулалланың (с.а.с.) шыдамдылығының, әскердегі айласының арқасында қайта жинақталып барып жеңіске жетті. Бұл мәселе аятта: «...Хунәйн күні қараларыңның көптігіне масаттанған едіңдер. Алайда оның сендерге түкте пайдасыз тимеді...»197 делінген.

Ғалымдар бұл хадискe сүйене отырып «Мұсылмандарға әскер саны он екі мыңға жетсе де яки дұшпан өте аз болса да майданды тастау харам» деген. Бұл тақырыпқа қатысты №1057 хадистің түсіндірмесіне де қарауыңызға болады.

وَعَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا ظَهَرَ عَلَى قَوْمٍ أَقَامَ بِالْعَرْصَةِ ثَلَاثَ لَيَالٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي.

(1074) Әбу Талха (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір қауымды жеңсе, сол жердің ашық алаңында үш түн аялдайтын».198

Бұл хадисте Расулалланың (с.а.с.) әскери шабуылына қатысты өте маңызды бір мәселеге куә болудамыз. Азат етілген елді мекенде үш күн тұрақтау. Муһәллиб мұны «Әскерлерді және жануарларды тынықтыру үшін тұрақтаған», – деп түсіндіргеннен кейін, «азат етілген жер дұшпанға және келіп кетушіге қауіпсіз болса ғана» деген шарт көрсеткен. Ибн әл-Жәузи былай дейді: «Мақсат – жеңістің әсерін арттыру, үкімін орындау және (көрер көзге қорқыныш салып) жиналуды азайту. Осылай жасау арқылы құдды былай деп тұрғандай: «Ал, кәнеки, кім күшті екен?! Өзіне сенімділер келсін, көрелік».

Ибн Мунир мынадай пікір білдірген: «Бұл жерде тұрақтаудың мақсаты – бұл аймақта Алланы зікір ету һәм Исламның негізгі қағидаларын түсіндіру шараларын атқарып, жауынгерлерге рухани нәр беру. Зікір ету, рухани нәр беру ісін үш күнге жалғастыру керек. Себебі үгіт-насихаттың мерзімі үш күн». Әрбір түсіндірменің өзіндік шындығы бар.

وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ الْحُصَيْنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَتْ ثقِيفٌ حُلَفَاءَ لِبَنِي عُقَيْلٍ، فَأَسَرَتْ ثَقِيفٌ رَجُلَيْنِ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَسَرَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مِنْ بَنِي عُقَيْلٍ وَأَصَابُوا مَعَهُ الْعَضْبَاءَ فَأَتَى عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ فِي الْوَثَاقِ فَقَالَ يَا مُحَمَّدُ. فَقَالَ مَا شَأْنُكَ؟ فَقَالَ بِمَ أَخَذْتَنِي وَأَخَذْتَ سَابِقَةَ الْحَاجِّ؟ يَعْنِي الْعَضْبَاءَ. قَالَ أَخَذْتُكَ بِجَرِيرَةِ حُلَفَائِكَ ثَقِيفٍ. ثُمَّ انْصَرَفَ عَنْهُ فَنَادَاهُ يَا مُحَمَّدُ، يَا مُحَمَّدُ، وَكَانَ ﷺ رَفِيقًا رَحِيمًا. فَرَجَعَ إِلَيْهِ فَقَالَ: مَا شَأْنُكَ؟ فَقَالَ: إِنِّي مُسْلِمٌ. فَقَالَ: لَوْ قُلْتَهَا وَأَنْتَ تَمْلِكُ أَمْرَكَ أَفْلَحْتَ كُلَّ الْفَلَاحِ، ثُمَّ انْصَرَفَ عَنْهُ فَنَادَاهُ فَأَتَاهُ. فَقَالَ: مَا شَأْنُكَ؟ قَالَ: إِنِّي جَائِعٌ فَأَطْعِمْنِي، وَظَمْآنٌ فَاسْقِنِي. قَالَ: هَذِهِ حَاجَتُكَ فَافْتُدِي بِرَجُلَيْنِ. قَالَ: وَأَسِرَتِ امْرَأَةٌ مِنَ الْاَنْصَارِ وَأُصِيبَتِ الْعَضْبَاءُ فَكَانَتِ الْمَرْأَةُ فِي الْوَثَاقِ. فَكَانَ الْقَوْمُ يُرِيحُونَ نَعَمَهُمْ بَيْنَ يَدَىْ بُيُوتِهِمْ فَانْفَلَتَتْ ذَاتَ لَيْلَةٍ مِنَ الْوَثَاقِ فَأَتَتِ الْإِبِلَ، فَجَعَلَتْ إِذَا دَنَتْ مِنَ الْبَعِيرِ رَغَا فَتَتْرُكُهُ حَتَّى انْتَهَتْ إِلَى الْعَضْبَاءِ فَلَمْ تَرْغُ وَهِيَ نَاقَةٌ مُنَوَّقَةٌ: أَىْ مُدَرَّبَةٌ، وَرُوىَ مُدَرَّبَةٌ، وَرُوىَ مُجَرَّسَةٌ. قَالَ: فَقَعَدَتْ فِي عُجُزِهَا ثُمَّ زَجَرَتْهَا فَانْطَلَقَتْ وَنَذِرُوا بِهَا فَطَلَبُوهَا فَأَعْجَزَتْهُمْ. قَالَ: وَنَذَرَتْ لِلَّهِ تَعَالَى إِنْ نَجَّاهَا اللَّهُ عَلَيْهَا لَتَنْحَرَنَّهَا. فَلَمَّا قَدِمَتِ الْمَدِينَةَ: رَآهَا النَّاسُ فَقَالُوا: الْعَضْبَاءُ نَاقَةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ: نَذَرْتُ ِإنْ نَجَّانِّيَ اللَّهُ لَأَنْحَرَنَّهَا فَاَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَذَكَرُوا ذَلِكَ لَهُ. فَقَالَ: سُبْحَانَ اللَّهِ؟ بِئْسَمَا جَزَتْهَا، نَذَرَتْ إِنْ نَجَّاهَا اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهَا لَتَنْحَرَنَّهَا. لَا وَفَاءَ لِنَذْرٍ فِي مَعْصِيَةٍ، وَلَا فِيمَا لَا يَمْلِكُ ابْنُ آدَمَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ. وَأَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ منه طرَفًا يَسيرًا. «المُدَرَّبَةُ» الْمُخَرَّجَةُ الْمُؤَدَّبَةُ الَّتِي اّلّْفتِ الرُّكُوبُ وَعُوِّدَتِ الْمَشْىُ فِي الدُّرُوبِ. «وَالمُجَرَّسَةُ» بِالْجِيمِ وَالسِّينِ الْمُهْمَلَةِ: اَلْمُجَرَّبَةُ الْمُدَرَّبَةُ فِي الرُّكُوبِ وَالسَيْرِ.

(1075) Имран ибн әл-Хусәйін (р.анһума) былай дейді: «Сақиф Бәни Укайлдың жақтасы еді. Сакифтықтар Расулалланың (с.а.с.) сахабаларынан екі адамды тұтқынға алды. Бұған қарсы мұсылмандар да Бәни Уқайлдан бір адамды тұтқынға алды, ол тұтқынмен қоса Адба деп аталатын түйені де олжалады. Әлгі адам байлаулы жатқан кезде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның жанына жақындады. Ол кісі: “Уа, Мұхаммед!” – дегенде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Не керек?” деп сұрады. “Мені не үшін тұтқындадыңдар, қажылардан озғанды (яғни Адбаны) не үшін тартып алдыңдар?” – деді: Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәселені ұлғайту үшін: “Сені жақтастарың болып табылатын Сақифтың қылмысы (адам өлтіргендігі) үшін тұтқындадым!” – деп жауап берді де, ол жерден кетіп қалды. Әлгі адам қайта дауыстап: “Уа, Мұхаммед! Уа, Мұхаммед!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мейірмді әрі кішіпейіл еді. Ол кісіге қарап: “Не керек?” – деді. Ол: “Мен мұсылманмын!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Сен бұл сөзіңді, осыдан бұрын, өз халқыңа басшы кезіңде айтқаныңда, толығымен азат болар едің”, – деді де кетіп қалды. Әлгі адам қайталап: “Уа, Мұхаммед! Уа, Мұхаммед!” – деп айқайлады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайта келді де: “Не керек?” – деді. Ол: “Ашпын, мені тамақтандыр, шөлдедім, су бер маған!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Қажеттілігің осы ма?” – деді. Кейін әлгі адам ана екі кісіге айырбас жасалып алынды».

Рауи Имранның сөзін былай деп жалғастырды: «Ансардан бір әйел тұтқынға алынды. Адбаның өзі де қолға түсірілді. Әйелді байлап қойған еді. Халық түйелерін үйлерінің алдында тынықтырып жатқан болатын. Бір күні кешке әлгі әйел байлауын босатып түйелердің жанына келді де, түйеге жақындаған сәтте, ол түйе өкіреді. Әйел оның жанынан алыстап екіншісінің жанына жақындап отырды. Ақыр соңында Адбаға жақындап барды. Ол өкірмеді.

Рауи былай дейді: “Бұл жетілген (ересек) түйе еді” басқа бір риуаятта: “Ол қолға үйретілген түйе еді”, – делінген. Әбу Дәуітте: “Жуас түйе”, – деп келген. Әлгі әйел түйенің арт жағынан мінді, түйені айдап жолға шығып кетті.

Әйелдің қашып кеткенін білген кезде ары-бері іздеді бірақ таба алмады. Әлгі әйел, егер оған аман құтылуын нәсіп етсе, түйені Алла үшін құрбан етуге сөз берді. Мәдинаға келген кезде, халық оның аман құтылғанын көрген кезде, “Адба – Расулалланың (с.а.с.) түйесі!” деген сөздер желдей есті. Әйел: “Алла мені құтқарар болса, оны құрбан етемін деп нәзір еткен едім!” – деді. Расулаллаға (с.а.с.) келісімен мәселенің мән-жайын жеткізеді. Ол: “Субханалла! Жануарға неткен жаман опасыздық жасаған. Алла оны мынаған мінгізіп құтқарады, ал ол болса оны алып сойып тастамақ па! Бұл мүмкін бе? Жооқ! Күнә іске нәзір жасалмайды, өзінікі болмаған мал үшін берілген уәде нәзір жасалынбайды!” деді».199

1. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұшпандарымен қарым-қатынасын сол кезеңнің соғыс қағидаларына сай жүргізген. Тұтқынға түскен мұсылмандарды құтқару үшін, ол да дұшпан тарапынан дұшпанның сыбайластарынан бірнешеуін тұтқынға алған. Сол арқылы тұтқынға түскен мұсылмандардың құтқарылуы үшін айырбас жасалған.

2. Екінші оқиғада Ансардан тұтқынға түскен әйел – Әбу Зәрр Ғифаридің (р.а.) әйелі.

3. Адба Расулалланың (с.а.с.) асыл тұқымды, жақсы үйретілген түйесі еді. Жүйріктігімен мәлім еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол түйеге мініп қатысқан түйе жарыстарында әрдайым бірінші келетін. Риуаятта берілгендей, «қажыларды озатын» деп түйенің осы сипатын айтқан. Бәлкім, қажылыққа аттанған топтардың ішінде ешкімді алдына шығармай ең алдыңғы қатарда жүргендігі үшін де осылай аталған болуы мүмкін. Риуаяттан байқағанымыздай, түйе негізінде Бәни Уқайлдың бір адамының түйесі. Кейіннен Расулалланың (с.а.с.) Қасуа және Жәдға деп аталатын түйелерінің де аты риуаяттарда аталған. Алайда бұлар сол түйенің басқа атаулары ма әлде үш түйе ме, ол жөнінде пікірталас бар. Ол заманның шарттарында бір отбасында бірден көп түйенің болуы қалыпты жағдай еді.

4. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Мен мұсылманмын» деген тұтқынға: «Бұл сөзді бұрынырақ өз халқыңның басшы болып тұрған кезіңде айтқаныңда, толығымен азат болар едің» деу арқылы мынаны айтқысы келген: «Тұтқын болмай тұрып мұсылман болғаныңда, сені тұтқындамаушы да, мүлкіңді олжаламайтын да едік. Алайда қазір жартылай азаттыққа жеттің. Енді сені өлтіріп өлтірмеу мәселесінде таңдау еркіміз жоқ, ғұмырың енді кепілдікте, алайда тұтқын етіп ұстау, кешіру немесе айырбастап еркіндікке жіберуге құқымыз бар».

Бұл жауап Исламның соғыс құқығына қатысты бір үкімді ортаға қойған. Тұтқынның мұсылман болуы оның олжаға құқы барлардың мойынындағы ақыларын жоғалтпайды. Тұтқын болмай тұрып мұсылман болған кісі, олжа мүлкінің қатарына кіруден аман қалады.

5. Бұл риуаят Мүслим және Әбу Дәуітте нәзір, яғни, атауға қатысты бөлімде келген. Өйткені Расулалланың (с.а.с.) риуаятын ең соңында жазған сөзі нәзірге қатысты маңызды екі мәселені қозғаған:

1) Күнә істі істеу үшін берілген нәзір орындалмайды. Яғни, шарап ішу, зина жасау, әке-шешеге бағынбау сынды діннің тыйым салған амалдары үшін берілген нәзір қабыл етілмейді. Мұндай іске «нәзір» делінбейді. Мұндай нәзірлерге бағынбаған жанға ант етудің де керегі жоқ. Әбу Ханифа, Шәфиғи, Мәлик, Дәуіт, Захири және көпшілік ғалымдар бұл үкімге бір ауыздан келіскен. Тек Ахмад ибн Ханбал басқа бір хадис арқылы мұндай жағдайда ант ету кәффаратының керек екендігін дәлелдеген көзқарас танытқан. Бұл хадис әзірет Айша тарапынан риуаят етілген, яғни: لَا نَذْرَ فِي مَعْصِيَةٍ، وَكَفَّارَتُهُ كَفَّارَةُ يَمِينٍ. «Күнә іске нәзір жүрмейді. Оның кәффараты – анттың кәффараты». Хадисшілер бұл риуаяттың дағиф екеніне бір ауыздан келіскен.

2) Расулалланың (с.а.с.) бұл хадисте берген екінші бір үкімі – «Кімде-кім өзіне тиесілі болмаған бір затты нәзір етер болса, ол орындалмайды» деген сөзі. Яғни, нәзір жасаған кісі нәзірді өз мүлкінде жоқ бір заттан бере алмайды деген сөз. Мәселен, «Алла науқасыма шипа берсе, пәленшенің құлын азат етемін» яки «киімін немесе үйін садақаға беремін» дегені секілді.

Алайда сол сәтте өзінің қолында жоқ бір мүлікке сілтеп нәзір жасайтын болса, бұл нәзір нәзір болып саналады, қарызданған болады. Мысалы, «Алла науқасыма шипа берер болса, Алла үшін бір құлды азат етемін» десе, сол мезетте құлын немесе құлды сатып алатындай мүлкі болмаса да нәзірі нәзір болып саналады, науқасы жазылған жағдайда бір құлды азат етуі керек.

6. Бұл хадистен әйелдердің дарул-харбтен дарул-Исламға һижреті жамандық жасауға ниет еткендерден қашу іспетті мәжбүрлі жағдайларда жалғыз өзі сапарға аттануына болатындығы жайлы үкім шығады. Шариғатымыз сапар болып саналатындай қашықтыққа әйел кісінің жалғыз өзіне сапар шегуіне рұқсат бермейді. Жанында не күйеуі немесе жақындарының бірінің болуы шарт. Бұл риуаяттан әйел адамның жоғарыда келгендей мәжбүрлі жағдайда сапар шегуіне рұқсат деп үкім берілген.

7. Имам Шәфиғи және кейбір ғалымдар бұл хадис арқылы: «Кәпірлер мұсылмандардың мүлкін олжалаған жағдайда, бұл мүлікке олар иелік ете алмайды, яғни, мұсылмандар сол мүлікті қайта қолға түсірер болса, бұрынғы иесіне қайтарылып беріледі, мұсылмандардың ортақ олжасы болып саналмайды» деген. Өйткені Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Біреу өзінің мүлкі болмаған бір зат үшін берген нәзірін орындамайды» деу арқылы, әлгі әйел мінген Адба атты түйенің әлгі әйелге тиесілі емес екендігіне ишарат еткен. Алайда Әбу Ханифа және өзге фиқыһ ғалымдары кәпірлер мұсылмандардың малын талан-таражға салып олжа еткен жағдайда, солардың мүлкі болады деген көзқарасты ұстанған.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «اَلْمُشْرِكُونَ أَرَادُوا أَنْ يَشْتَرُوا جَسَدَ رَجُلٍ مِنَ الْمُشْرِكِينَ فَأَبَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَبِيعَهُمْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(1076) Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Мүшріктер бір мүшріктің денесін ақшаға сатып алғысы келді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дененің ақшаға сатылуына қарсылық танытты».200

لَا حَاجَةَ لَنَا بِثَمَنِهِ وَجَسَدِهِ.

«Оның құнына да, денесіне де мұқтаждығымыз жоқ».

Бұл жерде мүшріктердің ақша беру арқылы алғылары келген мәйіт Нәуфал ибн Абдулла Ибн әл-Муғираның мәйіті болатын. Ол Хәндәк соғысында батылдық жасап орды аттап өткен кезде өлтірілген. Меккеліктер оның денесін сатуды сұраған кезде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұны естіген сәтте: لَا حَاجَةَ لَنَا بِثَمَنِهِ وَ جَسَدِهِ Меккеліктер бұл мәйіт үшін он мың дирхәм ұсынса да, біз ол мәйітке яки сол мәйіттен түсетін ақшаға да мұқтаж емеспіз» деп мәйітті қайтарып берулерін бұйырған.

Ислам фиқыһ ғалымдары осы және осыған ұқсас хадистерге сүйене отырып мүшріктердің денесін ақша үшін сатудың болмайтынына үкім шығарған. «Мәйіттің сатылуы, мәйіт үшін ақша алуға рұқсат жоқ. Себебі ол өлі. Өліні иемдену, сол үшін бір құн алу рұқсат емес», – дейді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәйіттің және пұттардың сатылуын харам еткен.

ЖИҺАДҚА ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҒЫРАҚ МӘЛІМЕТТЕР

Сенім мен келісім

عَنْ عُثْمَانَ بْنِ أَبِي حَازِمٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ صَخْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ غَزَا ثَقِيفًا، فَلَمَّا سَمِعَ بِذَلِكَ صَخْرٌ رَكِبَ فِي خَيْلٍ يُمِدُّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَوَجَدَهُ وَقَدِ انْصَرَفَ وَلَمْ يَفْتَحْ فَجَعَلَ صَخْرٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حِينَئِذٍ عَهْدَ اللَّهِ وَذِمَّتَهُ أَنْ لَا يُفَارِقَ الْقَصْرَ حَتَّى يَنْزِلُوا عَلَى حُكْمِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يُفَارِقْهُمْ حَتَّى نَزَلُوا عَلَى حُكْمِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَكَتَبَ إِلَيْهِ صَخْرٌ: أَمَّا بَعْدُ فَأَنَّ ثَقِيفًا قَدْ نَزَلُوا عَلَى حُكْمِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَإِنِّي مُقْبِلٌ بِهِمْ فِي خَيْلٍ. فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالصَّلَاةِ جَامِعَةً. فَدَعَا لِأَحْمَسَ عَشْرَ دَعَوَاتٍ: اللَّهُمَّ بَارِكْ لِأَحْمَسَ فِي خَيْلِهَا وَرَجْلِهَا، وَأَتَاهُ الْقَوْمُ فَكَلَّمَهُ الْمُغِيرَةُ بْنُ شُعْبَةَ. فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَنَّ صَخْرًا أَخَذَ عَمَّتِي وَقَدْ دَخَلَتْ فِيمَا دَخَلَ فِيهِ الْمُسْلِمُونَ فَدَعَاهُ فَقَالَ: يَا صَخْرُ أَنَّ الْقَوْمَ إِذَا أَسْلَمُوا فَقَدْ أَحْرَزُوا دِمَاءَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ فَادْفَعْ إِلَى الْمُغِيرَةِ عَمَّتَهُ فَدَفَعَهَا إِلَيْهِ، وَسَأَلَ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ: مَاءً كَانَ لِبَنِي سُلَيْمٍ قَدْ هَرَبُوا عَنِ الْإِسْلَامِ وَتَرَكُوا ذَلِكَ الْمَاءَ فَقَالَ: أَنْزِلُ فِيهِ أَنَا وَقَوْمِي فَأَنْزَلَهُ. وَأَسْلَمُوا، يَعْنِي بَنِي سُلَيمٍ. فَأَتَوْا صَخْرًا وَسَأَلُوهُ أَنْ يَدْفَعَ إِلَيْهِمْ ذَلِكَ الْمَاءَ فَأَبَى. فَأَتَوْا النَّبِيَّ ﷺ فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ قَدْ أَسلَمْنَا فَأَتَيْنَا صَخْرًا لِيَدْفَعَ إِلَيْنَا مَاءَنَا فَأَبَى مَاءَنَا فَأَبَى عَلَيْنَا فَدَعَاهُ: فَقَالَ يَا صَخْرُ أَنَّ الْقَوْمَ إِذَا أَسْلَمُوا أَحْرَزُوا دِمَاءَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ فَادْفَعْ إِلَيْهِمْ مَاءَهُمْ. قَالَ: نَعَمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؛ وَرَأَيْتُ وَجْهَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَتَغَيَّرُ عِنْدَ ذَلِكَ حُمْرَةً حَيَاءً مِنْ أَخْذِ الْجَارِيَةِ، وَأَخْذِهِ الْمَاءَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1077) Осман ибн Әбу Хазим, әкесі арқылы атасы Сахрдан (р.а.) мынаны риуаят етті: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Тайфқа қарсы жорыққа аттанған еді. Сахр мұны ести сала, Расулаллаға (с.а.с.) көмек көрсету үшін бір топ аттымен аттанды. Алайда Расулалланың (с.а.с.) фәтх (азат) етпей қайтып келе жатқандығын көрді. Сахр сол күні Аллаға ант етіп: “Мына Қаср, Расулалланың (с.а.с.) үкіміне мойынсұнбағанша қоршауды бұзбаймын”, – деді де сол жерден кетпей қойды. Ақырында іштегілер Расулалланың (с.а.с.) үкіміне мойынсұнды. Сахр, Расулаллаға (с.а.с.) хат жазып жағдайды былай деп баяндап берді: “Әммә бағд: Уа, Алла елшісі! Сакиф сенің үкіміңе мойынсұнды. Мен оларды атты әскерімнің арасында ертіп келе жатырмын”.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) “Әссаләту Жамиға” деп үндеу айтуды бұйырды.201Қаһарманға (яғни Сахға) арнап: “Раббым, осынау қаһарманға аттарын да, әскерін де мубәрак ете көр!” деп он мәрте дұға жасады.

Сол сәтте халық арасынан бір топ Расулалланың (с.а.с.) жанына келді. Муғира ибн Шуғбә сөз алып: “Уа, Алла елшісі! Сахр, апамды (әкесінің әпкесі/ немесе қарындасын) тұтқындапты. Ал апам (әкесінің әпкесі немесе қарындасы) болса мұсылмандардың кіргеніне (иманға) кірген еді”, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларды шақырып: “Уа, Сахр! Қандай да бір қауым мұсылман болған сәттен бастап, олардың қаны да, малы да қорғалған болып табылады. Муғираға апасын (әкесінің әпкесін немесе қарындасын) қайтарып бер!” – деді. Ол әйелді қайтарып берді.

Сахр Алла Елшісінен (с.а.с.) Бәни Сүләймға тиесілі бір суды (құдықты) сұрады. Бәни Суләйм Исламнан қашқан кезде бұл суды тастап кеткен еді. Сахр: “Уа, Алла елшісі! Мені және қауымымды сол жерге орналастыр!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мақұл!” – деді, сосын оны сол жерге орналастырды.

Кейіннен Сүләймдықтар Мұсылман болды. Сахрға келіп суды қайтарып беруін сұрады. Сахр бұған қарсылық танытқан соң, Сүләймдықтар Расулаллаға (с.а.с.) барып шағым жасады: “Уа, Алла елшісі!Біз мұсылман болдық, суымызды қайтарып беруі үшін Сахрға бардық, ол қарсылық танытты, қайтарып бермеді”, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Сахрды шақыртты. Келгеннен кейін: “Уа, Сахр! Қандай да бір қауым мұсылман болғаннан кейін малы да, жаны да қорғаныста (панамызда), мыналардың суларын қайтарып бер!” деп әмір етті. Сахр: “Ләббайк, уа, Алла елшісі!” – деді.

Рауи: “Мен судың және әйелдің алғандығы үшін Расулалланың (с.а.с.) бетінің ұяттан қызарғандығына куә болдым”, – дейді».202

1. Һижреттің сегізінші жылының шәууәл айында болған Тайфтың азат етілуіне қатысты бір оқиға жайлы сөз қозғалуда. Сахр деп отырғаны – Әбу Хазм Сахр ибн әл-Алия ибн Абдулла әл-Бәжәли әл-Ахмәс. Куфаға орналасқан еді. Бәғауи «Сахрдың бұдан өзге риуаяты жоқ», – дейді.

2. Расулалланың (с.а.с.) Сахрға суды қайтарып беруін талап етуі, құқықтық бір міндет болғандықтан емес, көңілдерін разы ету үшін айтылған. Сірә, фиқыһта басты мәселе: Кәпір мүлкін тастап қашқан сәтте қолға түсіріліп қайтарылса, бұл пәй (дұшпанмен соғысу немесе соғыссыз қолға түсірілген жер) болып саналады. Бір жер пәй болған сәттен бастап оның иелік құқығы Расулаллаға (с.а.с.) өтеді. Бұл жерде де солай болған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) суды Сахрға сыйлаған еді, бұл судың мұсылман болса да бұрынғы иелеріне қайтарылуы мүмкін емес еді. Алайда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) суды Сахрдың рұқсатымен одан алып, бұрынғы иелеріне қайтарып берді. Расулалланың (с.а.с.) суды қайтарып беру үшін берген әмірінің осындай (рұқсат алу) күйінде екендігінің ең көркем дәлелі – әмір берген сәтте жүзінің (бетінің) қызаруы. Бұл жерде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) фиқыһтық тұрғыдан құқық иесінен (судың заңды иесінен) қайтарып беруіне әмір берген, қайырлы іс жасауын сұраған. Сахр (р.а.) болса бұл әмірге еш кідірместен бас иген.

Муғира ибн Шуғбәнің апасын (әкесінің әпкесін немесе қарындасын) қайтарып беруін әмір етуі де осындай болған болу ықтималы жоғары. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хунәйн Соғысында қолға түскен әйелдерді де отбасыларына, еш бір зат талап етілместен қайтарып беруге үгіттеп, солай жасатқан еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген әскердің құптауымен, осы мәселені шынайы ықыластарымен атқаруларын қамтамасыз етуге тырысқан еді. Тағы бірде Мурайс жорығы барысында қолға түскен Бәни Мусталиқ тұтқындары да осылайша кешіріліп, жүректерінің төрінен орын алынған еді.

وَعَنْ يَزِيدٍ بْنِ عَبْدِاللَّهِ قَالَ: «كُنَّا بِالْمِرْبَدِ بِالْبَصْرَةِ فَإِذَا رَجُلٌ أَشْعَثُ الرَّأْسِ بِيَدِهِ قِطْعَةُ أَدَمٍ أَحْمَرَ. فَقُلْنَا كَأَنَّكَ مِنْ أَهْلِ الْبَادِيَةِ؟ فَقَالَ أَجَلْ. قُلْنَا: نَاوِلْنَا هَذِهِ الْقِطْعَةَ الْأَدَمَ الَّتِي فِي يَدِكَ. فَنَاوَلْنَا فَإِذَا فِيهَا: مِنْ مُحَمَّدٍ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَى بَنِي زُهَيْرِ بْنِ قَيْسٍ: إِنَّكُمْ إِنْ شَهِدْتُمْ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ وَأَقَمْتُمُ الصَّلَاةَ وَآتَيْتُمُ الزَّكَاةَ وَأَدَّيْتُمُ الْخُمُسَ مِنَ الْمَغْنَمِ وَسَهْمَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَسَهْمَ الصَّفِيِّ أَنْتُمْ آمِنُونَ بِأَمَانِ اللَّهِ تَعَالَى وَرَسُولِهِ. فَقُلْنَا: مَنْ كَتَبَ لَكَ هَذَا؟ قَالَ: رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1078) Зәйд ибн Абдулла былай дейді: «Біз Басраның Мирбәд деген жерінде едік. Шашы дудырап кеткен бір кісі келді, қолында қызыл түсті терінің бір бөлшегі бар еді. Оған “ауылдан келдің-ау деймін”, – дедік. “Иә”, – деді. “Қолыңдағы мына теріні бізге бер (көрейік ішінде не жазылған екен)!” – дедік. Қолындағысын ала сала ішіндегіні оқыдық. Былай деп жазылған екен: “Алла елшісі Мұхаммедтен Бәни Зуһәйр ибн Кайсқа. Егер де сендер Алладан өзге құдайдың жоқ екендігіне Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік (шәһәдат) етіп, намаз оқысаңдар, зекет берсеңдер, ғаниматтың (олжаның) бестен бірін Пайғамбардың үлесін және Сафии үлесін қайтарар болсаңдар, сендер Алланың және Оның елшісінің қорғанында боласыңдар”.

Біз: “Бұл хатты сізге кім жазды?” деп сұрадық. Ол: “Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)!” – деді».203

1. Әбу Дәуіт бұл хадисi «Сафии үлесі» деп ашқан бір тарауында қамтыған.

Сафии үлесі деген не? Ибн әл-Әсир «ән-Нәһиясында» «сафии» сөзіне: «Әскер қолбасшысының бөлістіруден бұрын ғаниматтан (олжадан) өзіне арнап алып қойған бір заты» деген анықтама берген. Сафия деп те аталады, көпше түрі сәфая деп беріледі. Әзірет Айша (р.а.) әзірет Сафия (р.а.) анамызды: كَانَتْ صَفِيَّةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِنَ الصَّفِىِّ деген. Яғни: «Сафия – Расулалланың (с.а.с.) (ғаниматтан (олжадан жеке өзіне) таңдағаны еді». Өйткені Хайбар соғысында қолға түскен тұтқындардың бірі еді. Зулфиқар атты қылышты да Бәдір соғысында осылай таңдап алғандығы айтылған.

Тиби ғаниматты үлестіруден бұрын мұндай үлес таңдап алу құқығының тек Расулаллаға (с.а.с.) тиесілі екендігін, Расулалладан (с.а.с.) кейін келген имамдардың ешбіріне мұндай құқықтың берілмегендігін айтады. «Әл-Һидаяда» Расулалланың (с.а.с.) сауыт, қылыш, күң сынды кейбір ғанимат (олжа) заттарынан сафии үлесін алғандығы айтылады. Айни Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден озғаннан кейін бұл (үкімнің) жойылғандығынан төрт халифадан ешбірінің сафии алмағандығын айтады.

Әбу Дәуітте дәл сол тарауда келген өзге бір риуаятта Қатада сафии үлесі жайында мынадай мәлімет береді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шыққан кезінде өзінің үлесі болушы еді. Ол қалағанын алушы еді. Сафия (р.а.) анамыз осындай үлестердің бірі болған еді. Жорыққа Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тікелей қатыспаса да, бұл үлес оған арнап алынушы еді. Алайда ондай кезде таңдау еркі болмаушы еді. (Не үлесіне тисе соны алушы еді. (№1125 хадиске қараңыз).

2. Мирбәд: Басраның ең атақты, ең күшті аймағы деп келген.

3. Ғанимат және пәй: Жиһад тарауында жиі қолданылған осы екі сөздің де түсіндірмесін осы сәтті пайдалана отырып бере кетуді жөн көрдік.

Ғұламалар «ғанимат» және «пәй» сөзіне берген түсініктемелерінде екеуі бір нәрсе ме әлде бөлек-бөлек пе деп біраз пікірталасқа түскен?

Атағ ибн Сабиттің көзқарасы бойынша, ғанимат – мұсылмандардың мүшриктерді жеңгеннен кейін олардан күшпен тартып алған сәтіндегі мүліктің атауы. Ал жер алар болса, ол «пәй» болып табылады.

Суфиянус-Сәуридің пікірінше, ғанимат – кәпірлердің мүлкінен соғыс арқылы күшпен тартып алынған мүлік. Бұл беске бөлінеді. Төрт бөлшегі соғысқа қатысқандарға тиесілі болып табылады.

Ал пәй болса, соғыспай, бейбіт жолмен кәпірлерден алынған мүлік. Бұл жерде беске бөлу (хумус) жоқ. Пәй Алланың белгілеген жандарына тиесілі204.

Бұл мәселе жайында мынадай көзқарастар да айтылған:

• Ғанимат – кәпір мүлкінен жеңіс және басып алу арқылы күшпен алынған мүлік. Ал пәй болса, ат және түйенің көмегінсіз алынған мүлік. Ұшыр, жизия (кәпірлерге салынатын салық), келісім және бейбіт жолмен алынған мүлік.

• Пәй де, ғанмиат та бір мағынаны меңзейді, бір зат үшін қолданылатын екі түрлі термин. Ғұламалардың көпшілігінің оң көрген пікірі бойынша: «Пәй» және «ғанимат» екі түрлі зат. Пәй – кәпірлерден ат пен түйенің көмегіне жүгінбестен (соғыссыз) алынған мүлік. Ғанимат – ат пен атты әскердің көмегімен, соғысып жаулау мен жеңістің нәтижесінде күшпен алынған мүлік. Ғанимат жайында Алла тағала мына бір аятта баяндаған. «Біліп қойыңдар, соғыстан не нәрсе олжаласаңдар да, соның бестен бірі сөзсіз Аллаға тиесілі. Сондай-ақ Алла Елшісіне, оның жақын туысқандарына, жетімдерге, пақыр-міскіндерге және жолда қалған мүсәпір жолаушыларға тиесілі...»205 Тәпсіршілердің көпшілігі «Алланың» деген сөзді, ұлықтау үшін бастама ретінде айтылған сөз ретінде көрсеткен. Мұны жеке бір үлес емес деп түсіндірген. Олай болса Алла және Оның елшісінің үлесі бір үлес боп есептеледі.

Расулалладан (с.а.с.) кейін ғаниматтан (немесе пәйдан) «Расулалланың (с.а.с.) үлесі» не болмақ? деген сұраққа ғалымдар тағы да түрлі көзқарас білдірген. Ахмад ибн Ханбал және Шәфиғи мұның бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қызметтер мен Ислам дінін қуаттандыра түсетін істер үшін жұмсалуы керек екендігін айтқан. Әзірет Әбу Бәкір және әзірет Омардың (р.анһума) аталмыш үлесті, ат және қару үшін жұмсағандығы риуаят етілген. Қатада «халифаға тиесілі» деген.

Марқұм Әбу Ханифа: «Расулалланың (с.а.с.) ғаниматтағы үлесі, қазасынан кейін хумсқа (бестің бестен бірі) қайтарылады және хумс беске емес, төртке бөлінеді» деген. Бұл төрттік: «Жақындары, жетімдер, қайыршылар, жолаушыларға» тиесілі деген. «Жақындары» деп отырғаны: Алла Елшісінің (с.а.с.) туыс-туғандары. Бұлар «кімдер деген мәселе» жөнінде де пікірталас туындаған.

• Барша Құрайыш халқы,

• Садақа алуы адал болып табылмайтындар,

• Хашим ұлдары,

• Хашим ұлдары, Бәни Абдулмутталиб, бұлардың інілері болса да Нәуфәл ұлдары мен Абд Шәмс ұлдарына ештеме берілмейді.

Ал «жақын туыстарының үлесі бүгінгі таңда да бар ма, жоқ па?» деген мәселе пікірталасқа ие. Көпшілік сол тиесілі деген пікірде: «Бестен бірдің бестен бірін кедей және бай болып табылатын әйелдерге бір, ал еркектерге екі есе етіп үлестіріледі» деген. Имам Mәлик және Шәфиғи осы көзқараста.

Марқұм Әбу Ханифа «бүгінгі таңда берілмейді» деген пікірде.

Ханафилер: Алла Елшісінің (с.а.с.) үлесі мен «жақын туыстарының үлесінің бестен бірге қайтарылатындығын және олжаның бестен бірін үшке бөліп: «Жетімдерге, кедей-кепшіктерге және мүсәпір жолаушыларға үлестіріледі» деген.

«Бүгін де беріледі» деушілердің дәлелдері – Құран мен сүннетте келгендігі және төрт халифа дәуірінде де дәл солай жасалғандығы. Сонымен қатар халифалар бұл үлесті бөлістіргенде кедей немесе бай деп бөліп қарамаған бәріне тең үлестіріп отырған. Өйткені Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «жақын туыстары» үлесін үлестіргенде, өте бай болғанына қарамастан Аббасқа да үлестен берген еді.

Бестен бірі жетімдерге тиесілі еді. Жетім, әкесі жоқ балиғат жасына толмаған бала, мұқтаж болса, бұларға да үлестіріледі.

Пақыр-міскін: Яғни, пақыр яки мұқтаж мұсылмандар.

Жолаушыларға келер болсақ, ол ұзақ сапар шеккен жолаушы. Өз елінде мүлкі болса да, жолаушылық күйінде қажеттілігі болса, оған да бестен бір үлес беріледі.

Ғаниматтан (олжадан) қалған бестен төрті соғысқа қатысушыларға үлестіріледі. Атты әскер бестен үшін алады: мұның бірі өзі үшін, ал екеуі атына арналып беріледі. Жаяу әскер бестен бірін ғана алады. Бұл жумһурдың (ғұламалардың көпшілігінің) көзқарасы.

Соғысқа әйел, құл және балалар да қатысқан болса, оларға арнап бір үлес бөлінбейді, қолбасшының еркіне қарай қаласа біраз қалталық беруіне болады. Жауланған жерлердегі пайда көзі де жылжымалы мүлік іспетті үлестіріледі.

Мұсылмандар арасынан біреу бір мүшрікті өлтірер болса, мүшриктің бойындағы (қаруы, киімі және қаражаты) өлтірген адамға тиесілі, үлеске кірмейді.

Қолбасшы ерлік танытқан және ерекше көзге түскен әскерлерге арнап арнайы сый-сияпат жасауына болады, бұл жайыз (рұқсат етілген). Ал «сол сый-сияпат қайдан беріледі?» деген мәселеге ғалымдар түрлі жауап берген. Кейбірі бестен бірдегі бестен бірден Расулалланың (с.а.с.) үлесінен деген. Ибн әл-Мусайяб және Шәфиғи осы көзқараста. Ал кейбірі: «Бұл ғаниматтан бестен бір алынғаннан кейін ардагерлерге арналып алынған төрттен бірден беріледі» деген. Исхақ ибн Рахуя және Ахмад ибн Ханбал осы көзқараста.

Тағы бір топ ғұламалар болса: «Сый-сияпат ғанимат бөлінбей тұрып беріледі, құдды (мүшрікті өлтірген адамға) соның бойындағылардың берілгені іспетті, ғаниматтан алынады, қалғаны беске бөлінеді» деген.

Пәй, алдында да баяндағанымыздай, кәпірлерден соғыссыз алынған мүлік жатады:

• Келісім шарттарына сай алынғандар,

• Жизия (салық) ретінде алынғандар,

• Сауда үшін Ислам мемлекетіне кірген тауардан кеден салығы ретінде алынғандар,

• Ислам мемлекетінде өлген мирасқоры жоқ жанның мүлкі.

Пәй мүлкін жұмсау құқығы көзі тірісінде тек Алла Елшісіне (с.а.с.) ғана тиесілі. Омар: «Алла тағала пәйді жұмсау құқығын тек Расулаллаға (с.а.с.) берген, ол (дүниеден өткеннен) кейін ешкімге берілмеген» деп мына бір аятты оқыған: «Алланың олардан соғыссыз-ақ алып, расулына нәсіп еткен олжаға келсек, сендер ол олжа үшін ат та, түйе де терлеткен жоқсыңдар. Алайда Алла елшілеріне қалағанын соғыссыз-ақ бағындырады. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»206.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәйді жауапкершілігіндегі отбасының жылдық нәпақасы үшін жұмсап, қалғанын «Алланың мүлкі» деп ат пен қару үшін жұмсаушы еді. Расулалладан (с.а.с.) кейін пәйдің жұмсалуы тиісті жерлері жөнінде ғалымдар түрлі көзқарас айтқан. Кейбірі: «Бұл имамға тиесілі» деген.

Имам Шәфиғидің екі түрлі көзқарасы бар:

1. «Есімдері ұлықталып жазылған жауынгерлерге тиесілі. Себебі дұшпанды қорқыту мәселесінде Расулалланың (с.а.с.) орнын осылар иеленуде».

2. «Мұсылмандардың жалпы қызметіне тиесілі, алдымен жауынгерлерге қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей деңгейде төленеді, кейін маңыздылығына қарай, жалпы халықтың қызметі үшін жұмсалады» деген.

Пәйдің беске бөлінуі жайында да түрлі көзқарастар бар. Шәфиғи: «Беске бөлінеді, бестен бірі ғаниматтан бестен бірін иеленгендерге беріледі және бұл үлес тағы беске бөлінеді, төрттен бірі жауынгерлерге және жалпы халық қызметіне беріледі» деген.

Алайда көпшіліктің көзқарасы бойынша, пәй беске бөлінбейді, толығымен бір бағытта жұмсалатындығы, бұл жерде барша мұсылмандардың да үлесі бар екендігі басты назарға алына отырып жиналады.

وَعَنْ عَامِرٍ بْنِ شَهْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَتْ لِي هَمْدَانُ هَلْ أَنْتَ آتٍ هَذَا الرَّجُلَ وَمُرْتَادٌ لَنَا، فَإِنْ رَضِيَتَ لَنَا شَيْئًا رَضِيْنَاهُ، وَإِنْ كَرِهْتَ شَيْئًا كَرِهْنَاهُ. قُلْتُ: نَعَمْ. فَجِئْتُ حَتَّى قَدِمْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَرَضِيتُ أَمْرَهُ وَأَسْلَمَ قَوْمِي، وَكَتَبَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هَذَا الْكِتَابَ إِلَى عُمَيْرِ ذِي مِرَّانَ. قَالَ: وَبَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَالِكَ بْنَ مِرَارَةَ الرَّهَاوِيَّ إِلَى الْيَمَنِ جَمِيعًا فَأَسْلَمَ عَكٌّ ذُو خَيْوَانَ. قَالَ: فَقِيلَ لِعَكٍّّ انْطَلِقْ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَخُذْ مِنْهُ الْأَمَانَ عَلَى بَلَدِكَ وَمَالِكَ. فَقَدِمَ: فَكَتَبَ لَهُ النَّبِيُّ: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ لِعَكٍّ ذِي خَيْوَانَ إِنْ كَانَ صَادِقًا فِي أَرْضِهِ وَمَالِهِ وَرَقِيقِهِ فَلَهُ الْاَمَانُ، وَذِمَّةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَتَبَ خَالِدُ بْنُ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1079) Амир ибн Шәһр (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) шыққан кезде Һамдан тайпасы маған: “Мына кісіге барып, біз үшін хабар біліп келесің бе? Сен құп көрсең, біз де құп көреміз. Сен құп көрмесең, біз де құп көрмейміз”, – деді. Мен: “Иә”, – дедім.

Алла елшісіне (с.а.с.) барып, оның ісін құп көрдім. Қауымым да Исламды қабылдады. Алла елшісі (с.а.с.) маған Зу Миррандық Умәйрге арнап хат жазып берді. Содан соң Алла елшісі (с.а.с.) Мәлик ибн Мирара әр-Раһауиді бүкіл Йеменге жіберді. Зу Хайуандық Акк Исламды қабылдады.

Аккқа: “Алла елшісіне (с.а.с.) барып, елің мен малыңа қауіпсіздік кепілдігін ал”, – делінді. Ол келді. Пайғамбар (с.а.с.) оған былай деп жазып берді:

“Мейірімді, Рақымды Алланың атымен. Зу Хайуандық Аккқа. Егер шыншыл болса, жері, малы және құлдары үшін оған қауіпсіздік беріледі. Оған Алла елшісінің (с.а.с.) кепілдігі бар. Хатты Халид ибн Сағид ибн әл-Ас жазды”».207

1. Исламның жария болуымен қатар, кейбір көркем мысалдарды көріп отырмыз.

Алайда бұл оқиғаның Меккенің азат етілуінен кейін орын алған болу ықтималының жоғары екендігін де айта кету керек. Не себепті бұлай дегенімізді түсіндіреміз.

2. Хамдан – Йемендегі бір тайпаның атауы. Хадистi риуаят етуші Амир ибн Шәһр әл-Хамдани – Расулалланың (с.а.с.) Йеменге жолдаған жауапты қызметкерлердің бірі. Әбу Дәуітте қысқартылып қорытынды күйінде келген риуаятта Әбу Яғлада толығымен келген: «Хамдан – Хакл деген бір таудың ығындағы, әскер жасақтары жете алмайтын бір мекен. Алла оны Ирандықтар келгенге дейін сырттан келетін жаулардан сақтаған. Халық Ирандықтармен Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келгенге дейін шайқасуын жалғастырған еді. Ол кездері Хамад халқы маған: «Уа, Амир ибн Шәһр, сен өзіңді-өзің білгеннен бері патшалардың жанында қызмет атқардың. Мына адамның жанына да барып біздің орнымызға мәлімет жинап қайтсаң қалай болады? Біз үшін нені мақұл көрсең, соны қабыл алып орындаймыз. Ал ұнатпағаныңды біз де ұнатпаймыз», – деді. Мен де «Жарайды!» – дедім. Расулаллаға (с.а.с.) бардым, жанына отырдым. Сол сәтте бір топ келіп қалды да: «Уа, Алла Елшісі! Бізге үгіт-насихат айтшы!» – деді. Оларға: «Алладан қорқуды насихат етемін. Құрайыштың сөзіне ермеңдер, олардың жасап жатқанын жалғастырмаңдар», – деді. Осы насихат маған жеткілікті болды...»

3. Талқыланып отырған бұл риуаятта Расулалланың (с.а.с.) Зи Мәрранға жазған бір хаты жайлы да сөз қозғалған, алайда бұл хаттың мазмұны жайлы айтылмаған.

Зи Мәрран – Уәйр әл-Хамданның лақап аты. Бұл кісі Мужалид ибн Сағид әл-Хамданның атасы, ибн әл-Әсир, Зәһәби сынды көптеген ғалымдар оны сахаба деген. Жоғарыда айтылған хатқа қатысты риуаятты Табарани былай дейді:

«Расулалланың (с.а.с.) хаты бізге жетті. Ол хатта былай деп жазылған еді: «Бисмилләһир рахманир рахим, Алла Елшісінен Умәйр Зи-Мәрранға және Хамдан халқының ішіндегі мұсылмандарға сәлем жолданды. Мен Өзінен басқа құдай болмаған Аллаға шүкір етемін һәм осы ұстанымымды өздеріңізге білдіріп отырмын. Исламға кірген сүйінші хабарыңызды Рим аймағынан келгенде естідік. Алла сіздерді тура жолға бағыттаған. Ұзағынан сүйіндірсін. Сіздер Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне және Мұхаммедтің Алла Елшісі екендігіне куәлік беріп, намаз оқып, зекет берсеңіздер, мал-мүліктеріңіз бен өздеріңізге әсте зарар келмейтініне байланысты Алла мен елшісінің кепілдігі бар. Мұсылман халықтар мекендеген тау мен тас, бау-бақша да осы кепілдікің аясына кіреді. Ешкімге ауыртпалық та, зорлық-зомбылық та жасалмайды. Біле білсеңдер, садақа алу Мұхаммедке және оның отбасына адал емес. Мәлик ибн Мирарә әр-Раһауи сырды сақтады, аманатты (міндетін) атқарды, хатты (хабарды) жеткізді. Оған жақсы қарым-қатынас жасауларыңа әмір етемін. Өйткені ол – қауымының арасындағы мәртебелі жан. Бұл хатты Али ибн Әбу Талиб жазды»208.

4. Риуаятта Расулалланың (с.а.с.) Акк әл-Хамданиға да бір хат жолдағандығы риуаят етілген. Зу Хайуан (немесе Зи Хайуан) – Акктың лақап аты.

Бәззарда келген риуаятынан бұдан әлдеқайда толығырақ түсіндірмені байқай аламыз: «Акк Зи Хайуан мұсылман болды. Оған: «Расулаллаға (с.а.с.) барып өзің және адамдарың үшін кепілдік ал» делінді. Акктың сол жерде бір ауылы мен құлы бар еді. Акк Расулалланың (с.а.с.) жанына барып: «Уа, Алла Елшісі, (сен жолдаған елші) Мәлик ибн Мирарә әр-Раһауи бізге келді. Исламға шақырды. Біз де мұсылман болдық. Ол жерде менің жерім мен құлдарым бар. Маған жазбаша бір кепілдік берсеңіз», – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған кепілдік жазып берді...»

5. Хат жазуға қатысты риуаяттар жазуларды құдды Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолымен жазғандай етіп жеткізген. Бұл қате түсінуге жол ашпауы тиісті. Келтірілген мысалдардан мұны Алла Елшісі емес, хатшылардың жазғандығын түсінеміз.

وَعَنْ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ كَعْبَ بْنَ الْاَشْرَفِ كَانَ يَهْجُو رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَيُحَرِّضُ عَلَيْهِ كُفَّارَ قُرَيْشٍ، فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ قَدِمَ الْمَدِينَةَ وَكَانَ أَهْلُهَا أَخْلَاطًا مِنْهُمُ الْمُسْلِمُونَ وَمِنْهُمُ الْمُشْرِكُونَ يَعْبُدُونَ الْاَوْثَانَ، وَمِنْهُمُ الْيَهُودُ وَكَانُوا يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابَهُ فَأَمَرَ اللَّهُ تَعَالَى نَبِيَّهُ ﷺ بِالصَّبْرِ وَالْعَفْوِ، فَفِيهِمْ أَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا. فَأَبى كَعْبُ بْنُ الْأَشْرَفِ أَنْ يَنْزِعَ عَنْ أَذَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَعْدَ ابْنَ مُعَاذٍ أَنْ يبْعَثَ إِلَيْهِ مَنْ يَقْتُلُهُ فَقَتَلَهُ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَلَمَّا قَتَلَهُ فَزِعَتِ الْيَهُودُ وَالْمُشْرِكُونَ فَغَدَوْا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَقَالُوا: طُرِقَ صَاحِبُنَا فَقُتِلَ. فَذَكَر لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الَّذِي كَانَ يَقُولُ. ثُمَّ دَعَاهُمْ إِلَى أَنْ يَكْتُبَ بيْنَهُ وَبَيْنَهُمْ كِتَابًا يَنْتَهُونَ إِلَى مَا فِيهِ، فَكَتَبَ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُمْ وَبَيْنَ الْمُسْلِمِينَ عَامَّةً صَحِيفَةً». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1080) Кәғб ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Кәғб ибн әл-Әшрәф Расулаллаға (с.а.с.) қарсы түрлі жағымсыз өлеңдер айтатын және осы өлеңдерімен Құрайыш кәпірлерін оған қарсы қойып желіктіре түсетін. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға һижрет жасап келген кезінде, қала халқы түрлі ұлттардан құралған еді. Біразы мұсылман, енді бір бөлігі мүшріктер, ал бір бөлігі яһуди еді. Яһудилер Расулаллаға (с.а.с.) және сахабаларына тиісіп, соқтыға беретін. Алла Тағала пайғамбарына (с.а.с.) сабырлылық пен кешірімділік жолын ұстануды бұйырды. Бұл мәселе аятта былай делінген: “Шүбәсіз, сендер мал-мүліктеріңе һәм жан-тәндеріңе қатысты түрлі сынақтарға душар боласыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен бұрын иләһи Кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер. Егер соның бәріне сабырлылық танытсаңдар һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінде өмір сүрсеңдер, міне, сол – асқан табандылық пен ерекше күш-жігер талап ететін, сауабы мол зор істердің бірі”.209

Кәғб ибн әл-Әшрәф Алла Елшісіне (с.а.с.) тиісуін бір тоқтатпады. Ақырында, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Сағд ибн Муғазға (р.а.) оны өлтіру үшін әмір етті. Осы бұйрық бойынша оны Мұхаммед ибн Мәсләма (р.а.) өлтірді. Кәғб өлтірілгеннен кейін яһудилер мен мүшріктер қатты секемденіп қалды. Расулаллаға (с.а.с.) келіп: “Досымызды түнде үйіне келіп өлтіріп кетіпті”, – деп жар салды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға Кәғбул Әшрафтың бұрын айтқан сөздерін естеріне салды. Содан соң оларды өзара бітімгерлікке келіп, әртүрлі залал-зиян әкелетін нәрселерден тыйылуға шақырды. Осылайша Алла елшісі мұсылмандар мен яһудилердің арасында үкімі ортақ келісім шарт жасатты».210

Яһуди ақыны Кәғбул Әшрәфтің өлтірілуіне байланысты оқиға №4243 хадисте толық келтірілген.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «صَالَحَ النَّبِيُّ ﷺ أَهْلَ نَجْرَانَ عَلَى أَلْفَيْ حُلَّةٍ النِّصْفُ فِي صَفَرٍ وَالنِّصْفُ فِي رَجَبٍ يُؤَدُّونَهَا إِلَى الْمُسْلِمِينَ وَعَارِيَةِ ثَلَاثِينَ دِرْعًا وَثَلَاثِينَ فَرَسًا وَثَلَاثِينَ بَعِيرًا وَثَلَاثِينَ مِنْ كُلِّ صِنْفٍ مِنْ أَصْنَافِ السِّلَاحِ يَغْزُونَ بِهَا وَالْمُسْلِمُونَ ضَامِنُونَ لَهَا حَتَّى يَرُدُّوَهَا عَلَيْهِمْ عَلَى أَنْ لَا تُهْدَمُ لَهُمْ بِيعَةٌ وَلَا يُخْرَجُ لَهُمْ قَسٌّ وَلَا يُفْتَنُونَ عَنْ دِينِهمْ مَا لَمْ يُحْدِثُوا حَدَثًا أَوْ يَأْكُلُوا الرِّبَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1081) Ибн Аббас былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Нәжрандықтарға екі мың қос киімге қатысты келісім жасалған еді. Жартысын сафар айында, қалған жартысын ережеп айында мұсылмандарға табыстауы тиіс болатын. Сонымен қатар жорықтарда пайдалану үшін қарызға қосымша отыз сауыт, отыз ат, отыз түйе және түрлі қарулардың әрбірінен отыздан беруі тиіс еді. Мұсылмандар бұларды уақытша қолданып, кейіннен қайтарылып беруі керек болатын. Осы себепті мұсылмандар христиандардың құлшылық орындарын қиратпауға, ілім жолында жүрген ғалымдарына тиіспеуге, қандай да бір қақтығыс туындатпағанша яки ел ішіне пайызды таратуға кіріспейінше оларға тиіспеуге келісті».211

Бұл хадис Расулалланың (с.а.с.) Нәжрандық христиандармен жасаған келісімінің шарттарын көрсетіп отыр.

1. Нәжран – Йеменнің Мекке жақ тарапына қарайтын бір аймағының атауы. Халқы араб бола тұра христиан дінін ұстанатын. Мекке азат етілгеннен кейін мұсылмандармен келісім жасасуға мәжбүр болған Нәжрандық христиандар, Мәдинаға бір топ делегат жібереді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға Исламды қабылдауды ұсынады. Араларында Исаның адами қасиеттері жайында пікірталас жүргізеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олармен жақсы мәміледе болады. Олар жексенбі күнгі ғибадат-құлшылықтарын жасағысы келеді. Ибн Хишамның келтірген деректері бойынша, Алла Елшісі оларға құлшылық жасаулары үшін пайғамбар мешітіне кірулеріне болатынын айтады. Бұл ұсынысты қабыл еткен олар өз діндерінің шарттарына сай жүздерін шығысқа бұрып құлшылықтарын атқарады.

Мұсылмандар тарапынан жасалған жақсы қарым-қатынастарға, Исаның құдайлық қасиетінің жоқ, керісінше, адами қасиетке ие пайғамбар екендігін дәлелдеп берсе де, олар өз сенімдері мен ұстанымдарынан бас тартпады. Олардың бас тартпайтындықтарына көзі жеткен соң бұл ұстанымдарының қате екеніне көздерін жеткізу үшін аятта айтылғандай оларға мубәһаләні, яғни, лағынеттесуді ұсынады. Бұл аятта былай білдірілген: «Өзіңе осынау хақ ілім жеткеннен кейін, кімде-кім сенсімен (Иса жайлы) сөз таластыратын болса, ондайларға: «Қане, келіңдер! Біз өз балаларыңды, біз өз әйелдерімізді, сендер де өз әйелдеріңді, сондай-ақ біз өзімізді, сендер де өздеріңді бір жерге шақырайық, содан кейін бәріміз бірауыздан шын көңілден Аллаға жалбарынайық, сөйтіп, Алланың лағынеті өтірікші кәззаптарға жаусын деп қарғыс айтайық», – деп айт»212.

Бұл ұсынысты естігеннен кейін өзара ақылдасу үшін Алла Елшісінен рұқсат сұрап кеңес құрды. Іштерінен бірі: «Көріп тұрсыңдар ғой, Мұхаммед хақ пайғамбар. Қандай да бір пайғамбармен лағынеттесуге ешкімнің дәті бармайтынын жақсы білесіңдер. Ал лағынеттескен үмбеттердің ішінде кәрілерінің тірі қалғанын, жастарының өсіп-өнгенін көргеніміз жоқ. Демек, мубаһалаға келісу дегеніміз – өз-өзімізді тұншықтыру дегенді білдірсе керек» деп ақылға қонымды сөз айтады. Ақырында, мубәһәлә ұсынысын қабылдамауға және мұсылмандардың пайдасына қарай келісім жасауға бел шешеді.

Талқылап отырған осы риуаят аталмыш келісімнің шарттарын баяндаған.

2. Келісімнен мынаны түсінуге болады: Нәжран халқы – киім өндірісін жетік меңгерген халық. Сондықтан Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардан жұп-жұп киімдер талап еткен.

3. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Йемен аймағында жасасқан келісімге қиянат жасалатындығын алдын-ала білген, сондықтан араларында соғыс бола қалған жағдайда қолданатын қару-жарақтың бір бөлігін Нәжран халқы тарапынан әзірлеп қоюды ойластырған.

4. Имам Шәукәни бейбіт келісімнің ішінде болған бұл мүліктің жизияға жататынын, дегенмен келісім-шартта жизия деп аталмағанын айтады.

5. Хаттаби былай дейді: «Бұл риуаят бейбіт келісім жасалғанда қарсы тараптан алынатын материалдық заттардың солардың шама-шарқыларына қарай азайтылып яки көбейтіліп отырады. Бұл хадис бейбіт келісім жасаған кезде қарызды да сол келісімнің ішіне шарт етіп қосуға болатынын көрсететін риуаяттардың қатарына жатады».

6. Алла Елшісі дүние салардан бұрын яһудилер мен христиандардың Араб түбегінен айдалуын, Араб түбегінде Исламнан өзге діннің болмауын қадағалауды мықтап тапсырған. Осы өсиетті берік ұстанған әзірет Омар (р.а.) Нәжрандықтардың мүлкін сатып алып, өздерін Иракқа, Куфаға екі күндік қашықтықтағы Нәһру Әмнан ауылына жер аударып жіберді. Нәжрандықтар әзірет Али халифа болған тұста келіп «Уа, Али! Сенен шапағат сұраймыз. Сен өз қолыңмен жазылған бейбіт келісімге қол қойған едік. Омар бізді елімізден шығарып жіберді. Бізге жерімізді қайтарып беруіңді сұраймыз!» – дейді. Әзірет Али (р.а.): «Менің олай жасауым мүмкін бе? Бұл іске әзірет Омар жауапты болды. Енді оның істегендерінен мен ештеме өзгертпеймін!» – дейді. «Муғжамул Булдан» атты кітапта келтірілгендей, Нәжрандықтар қоныстанған осы мекендерін де Нәжран деп атап кеткен.

وَعَنْ زِيَادَةَ بْنِ حُدَيْرٍ قَالَ: «قَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: لَئِنْ بَقِيتُ لِنَصَارَى بَنِي تَغْلِبٍ لَأَقْتُلَنَّ الْمُقَاتِلَةَ وَلَأَسْبِيَنَّ الذُّرِّيَّةَ فَإِنِّي كَتَبْتُ الْكِتَابَ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى أَنْ لَا يُنَصِّرُوا أَوْلَادَهُمْ». أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

(1082) Зияд ибн Худайр былай дейді: «Әзірет Али (р.а.) былай деді: “Егер аман қалсам, Бәни Тағлиб христиандарының қолына қылыш ұстай алатындарын өлтіріп, балаларын тұтқынға аламын. Себебі Расулалланың (с.а.с.) олармен жасасқан келісімін өз қолыммен жаздым: ‘Балаларын христиан дініне кіргізбейді’ деген шарт бар еді”».213

1. Бәни Тағлиб Рабиға руының ішінегі бір араб тайпасы еді. Тарих кітаптарында Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) және әзірет Омар (р.а.) кезеңінде Ислам мемлекетімен ара-қатынастары жайлы түрлі мәліметтер ұсынылған. Алайда һижри тоғызыншы жылы біразы мұсылман болған еді. Мұсылман болмағандар болса балаларын «христиан дініне кіргізбейміз» деп Алла Елшісімен (с.а.с.) келісім жасасады.

Жоғарыдағы риуаяттан олардың келісімге бағынбағандығын аңғара аламыз. Әзірет Али «Олар берген сөздерінде тұрмағандықтан, ғұмырым жетсе алғашқы кезекте оларға барып жазасын тарттырамын..» деген ниетін білдірген. Себебі ғұламалар: «Келісім шартқа қайшы әрекет жасағандар келісімде көрсетілген кепілдіктен мақұрым қалады», – дейді.

Риуаяттарда Тағлабилердің (Тағлиби деп те келеді) әзірет Омар кезеңінде екі есе садақа беру шартымен келісім жасағандықтары айтылған. Бәйхақидің бір риуаятында бұл «беріп жүрген салықтарына «жизия» деген атау берілмес үшін жасаған еді» деп түсіндірілген. «Әзірет Омар Бәни Тағлиб христиандарымен садақаның екі еселенуіне қатысты келісім жасасқан сәтінде (олар) былай деді: «Біз арабтармыз, сондықтан біз ажамдықтар (араб емес өзге ұлттың) төлеген құнды төлеуге тиісті емеспіз. Бізден өз араларыңда белгіленген құн бойынша салық алыңдар!» – деген еді. Әзірет Омар (р.а.): «Жоқ, бұлай болмайды, өйткені садақа – мұсылмандарға парыз болған ғибадат», – дейді. Сонда олар: «Садақа деген атпен ал да, құнын қалағаныңша еселей бер, тек «жизия» деп атамасаң болғаны!» – дейді. Әзірет Омар бұл ұсыныстарын қабыл алады. Екі жақ та «садақаларының» екі еселенуі жөнінде келісімге келеді».

Риуаяттарда анық айтылмаса да әзірет Омар дәуірінде Тағлибиліктермен жасалған келісімнің қайта көтерілуіне, олардың Алла Елшісімен (с.а.с.) жасаған келісімдеріндегі «балаларын христиан дініне кіргізбеу» шартына бағынбағандықтарынан туындаған. Өйткені жасалған жаңа келісімде осы мәселе қайта көтеріледі. Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында келген келісім үш негізгі мәселе төңірегінде өрбиді:

• «Зекетті» екі есе төлейді;

• Балаларын христиан дініне кіргізбейді;

• Олар да өзге дінге кіргізілу үшін күштелмейді.

Міне, жоғарыдағы риуаят балаларын христиан дініне үгіттеп өсірген Тағлабилықтар келісім шартты бұзғандықтан, әзірет Алидің (р.а.) жазалауды көздегендігін білдіреді.

وَعَنِ الْعِرْبَاضِ بْنِ سَارِيَةَ الْسُلَمِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَزَلْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَلْعَةَ خَيْبَرَ وَمَعَهُ مَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ وَكَانَ صَاحِبُ خَيْبَرَ رَجُلًا مَارِدًا مُتَكَبِّرًا فَأَقْبَلَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ يَا مُحَمَّدُ: أَلَكُمْ أَنْ تَذْبَحُوا حُمُرَنَا وَتَأْكُلُوا ثَمَرَنَا وَتَضْرِبُوا نِسَاءَنَا؟ فَغَضِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَالَ: يَا ابْنَ عَوْفٍ ارْكَبْ فَرَسَكَ ثُمَّ نَادِ: أَنَّ الْجَنَّةَ لَا تَحِلُّ إِلَّا لِمُؤْمِنٍ، وَأَنِ اجْتَمِعُوا لِلصَّلَاةِ، فَاجْتَمَعُوا ثُمَّ صَلَّى بِهِمْ ثُمَّ قَامَ فَقَالَ: أَيَحْسَبُ أَحَدُكُمْ مُتَّكِئًا عَلَى أَرِيكَتِهِ قَدْ يَظُنُّ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يُحَرِّمْ شَيْئًا إِلَّا مَا فِي الْقُرْآنِ؟ أَلَا وَإِنِّي وَاللَّهِ لَقَدْ وَعَظْتُ وَأَمَرْتُ وَنَهَيْتُ عَنْ أَشْيَاءَ إِنَّهَا لَمِثْلُ الْقُرْآنِ أَوْ أَكْثَرُ، وَأَنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يُحِلَّ لَكُمْ أَنْ تَدْخُلُوا بُيُوتَ أَهْلِ الْكِتَابِ إِلَّا بِإِذْنٍ، وَلَا ضَرْبِ نِسَائِهِمْ وَلَا أَكْلِ ثِمَارِهِمْ إِذَا أَعْطَوُا الَّذِي عَلَيْهِمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1083) Ирбаз ибн Сария әс-Суләми (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Хайбар қамалына тоқтадық. Қасында мұсылмандар бар еді. Хайбардың басшысы өктем, тәкаппар кісі еді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Мұхаммед! Есектерімізді союға, жемістерімізді жеуге, әйелдерімізді ұруға қақыларың бар ма?” – деді. Алла елшісі (с.а.с.) ашуланып: “Уа, Ибн Ауф, атыңа мін де, ‘Жәннат тек мүмінге адал. Намазға жиналыңдар!’ – деп жар сал”, – деді.

Жұрт жиналғанда, Алла елшісі (с.а.с.) оларға намаз оқытты. Содан кейін тұрып, былай деді: “Араларыңдағы біреу төсегіне жайғасып алып, ‘Алла Құранда айтылғаннан өзге еш нәрсені харам етпеген’ деп ойлай ма? Біліп қойыңдар, Аллаға ант етемін, мен өсиет айттым, әмір еттім әрі бірқатар іске тыйым салдым. Бұлар Құрандағыдай, тіпті одан да көп. Кітап иелері өз міндеттемесін өтегенде, олардың үйлеріне рұқсатсыз кіруді, әйелдерін ұруды және жемістерін жеуді Алла сендерге адал етпеді”».214

1. Раулалланың (с.а.с.) мұндай өсиет айтуына итермелеген жағдай – Хайбар басшысының қатал ұстанымы. Бұл хадистен Хайбарға келген мұсылмандардың Хайбар яһудилеріне тиесілі бақшадан жеміс алғандықтарын, еті сол күнге дейін харам етілмеген есекті сойғандарын, осы іске араласқан әйелдерді ұрғандығын байқаймыз.

2. Расулалла Хайбар басшысының шағымын естігенде шағымданушыға емес, әскерлеріне ашуланып, насихат айту үшін жинап, намаз оқығаннан кейін айтқан сөзінде мына мәселелерді сөз еткен:

а) Исламдағы харам мен адалдың тізімі тек Құрандағылармен шектелмейді. Оның өзі де хадисте айтып өтеді. Құрандағы харамның санындай яки одан да көп харамдардың бар екенін айтты. Себебі кей нәрсені харам етуге пайғамбардың құқы бар еді. Расулалланың (с.а.с.) Құран кәрімді «жеткізу» және «түсіндіру» атты міндетімен қатар, «үкім шығару» да жүктелгендігі Құран Кәрім аяттарында бірнеше мәрте айтылған.

ә) «Мамық төсектерге мекенге жайғасып...» деген сөзі арқылы Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «надандықпен» деп айтқысы келген. Яғни, ғылым үшін ұстаздың алдына бару, сапарға шығу сынды ауыртпалықтарды арқаламай, ғылым үйрену жолындағы қиындықты көрмей, рақатшылықта, мың-бір түрлі мүмкіндіктері бар үйінде отырып алып, жеңіл жолмен өздігінен үкім шығарып, ақырында дін тек қана Құранда айтылған нәрсе ғана деп ойлайды. Харам мен адалды білу, дінді меңгеру үшін Құран жеткілікті деп ойлайды. Алиул-Қари Расулалланың (с.а.с.) осы жерде діни мәселелерге келгенде аса ұқыптылық танытпаған, рахатқа бой алдырған, тәкәппар және менменшіл жанның жай-күйін сипаттап берген.

Сонымен қатар, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бойында осы сипаттары бар адамдардың үмбеттің ішінен шығатындығы жайлы мәлімет беруге де ерекше тоқталған. Ондай адамдар жайлы хадистерде қайталанып келуі, бұндай адамдардың жалғыз емес, қияметке дейінгі адамдардың арасынан шығатын һәм қитұрқылықты ұран еткен «ұйым» екендігіне дәлел болады.

3) Әһл-зимма (мұсылман емес елдер) Ислам мемлекетінде мүлік, жан, ар-намысы тұрғысынан қорғалады. Олардың үйлеріне ешбір рұқсатсыз кіруге болмайды. Мал-мүлкіне, ар-намысына тиісуге ешкімнің қақысы жоқ. «Жизия» деп аталатын салық төленіп тұрған жағдайда осындай құқықтарға ие болады. Оларды заң жүзінде Ислам мемлекеті қорғайды.

وَعَنْ رَجُلٍ مِنْ جُهَيْنَةَ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: لَعَلَّكُمْ تُقَاتِلُونَ قَوْمًا فَتَظْهَرُونَ عَلَيْهِمْ فَيَتَّقُونَكُمْ بِأَمْوَالِهِمْ دُونَ أَنْفُسِهِمْ وَذَرَارِيِّهِمْ فَيُصَالِحُونَكُمْ عَلَى صُلْحٍ فَلَا تُصِيبُوا مِنْهُمْ فَوْقَ ذَلِكَ فَإِنَّهُ لَا يَصْلُحُ لَكُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1084) Жуһәйндық бір кісі былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Сендер мүмкін бір қауыммен шайқасып жеңіске жетесіңдер. Олар мал-мүлкі мен бала-шағаларын сендерден қорғаштайды”.

Саид (Ибн Мансұр) риуаятында былай дейді: “Сендермен кейбір мәселелерде келісімге келеді” (Осы сөзінен кейін Мусәддәт пен Сағид ибн Мансұр мына сөздің айтылғандығын) бір ауыздан растады: “...Одан кейін олардан (келісім барысында келісілген мәселелерден) тыс ештеме ала алмайсыңдар. Себебі мұндай іс сендерге жараспайды”».215

1. Бұл риуаят – мунқатығ (рауилер арасынан бірі үзілген яки белгісіз тұлға тарапынан жеткен риуаят) хадистердің бірі. Хадис Жуһайндық белгісіз бір рауиден жеткізілген.

2. Хадисте жеңіліс тапқан дұшпанмен де келісім жасалатындығын, олардан алынған белгілі бір материалдық басымдылықпен шектеліп олардың жанын және балаларын аман қалдыруға болатыны айтылуда. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бейбіт келісім барысында белгіленген шарттардан тыс, кейіннен өзге талап қоюға болмайтындығын насихат еткен. Құран кәрім келісімді бұзбауды әмір еткендіктен, келісім-шартта көрсетілгеннен тыс заттарды талап ету келісімге жасалған опасыздық болмақ. Олай болса келісім барысында нені ала алсаң соны талап ету керек, дұшпанды көндіре алса, кез келген келісім шартын жасауға болады, алайда олардан тыс, кейіннен қандай да бір талап қоюға болмайды. Расулалла бір хадисінде: «(Кейіннен талап қою) сендерге жараспайды», – деген.

3. Әбу Дәуіт бұл риуаятты Мусәддәд және Сағид ибн Мансұрдың бір-бірінен өзгеше мәтіндерді риуаят еткендігін жеткізе келе, соңғы сөйлемдерде ешқандай айырмашылық жоқ екенін айтқан.

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: الصُّلْحُ جَائِزٌ بَيْنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَّا صُلْحًا حَرَّمَ حَلَالًا أَوْ حَلَّلَ حَرَامًا. قَالَ: وَالْمُسْلِمُونَ عَلَى شُرُوطِهِمْ إِلَّا شَرْطًا حَرَّمَ حَلَالًا أَوْ أَحَلَّ حَرَامًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1085) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Мұсылмандар арасында арамды адал, адалды арам деп үкім бергенге дейін бейбіт келісім жасасуға рұқсат”. Тағы бірде былай деді: “Мұсылмандар арамды адал, адалды арам еткенге дейін қабылданған шарттарға мойынсұнады”».216

Мүминдер өзара немесе кәпірлермен жасайтын келісімдерінде бұзбаулары тиісті болған белгілі бір шегара белгіленген:

• Арамды адал, адалды арам ететін қандай да бір келісім шариғатқа сай болмайды. Мұндай келісім жасауға тыйым салынады.

• Мұндай келісім белгісіз бір жағдайларда жасалып, мәселен, мәжбүрлі түрде түзілсе, мұндай келісімге бағынышты болудың қажеті жоқ.

• Арамды адал, адалды арам ету шарттарын қамтымайтын келісімге бағыну парыз, бағынбау, мұндай келісім-шарттарды елемеу яки бұзу – харам.

وَعَنِ ابْنِ الْمُسَيَّبِ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِيَهُودِ خَيْبَرَ: أُقِرُّكُمْ مَا أَقَرَّكُمُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَى أَنَّ التَّمْرَ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ، وَكَانَ ﷺ يَبْعَثُ عَبْدَاللَّهِ ابْنَ رَوَاحَةَ فَيَخْرُصُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُمْ. ثُمَّ يَقُولُ: إِنْ شِئْتُمْ فَلَكُمْ، وَإِنْ شِئْتُمْ فَلَنَا فَكَانُوا يَأْخُذُونَهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1086) Ибн әл-Мусайяб былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Хайбар яһудилеріне: “Құрма сендер мен біздің арамызда бөлінеді деген шартпен, Алла қалаған уақытқа дейін сендерді осы жерде қалдырамын”, – деді.

Ол Абдулла ибн Рауаханы жіберіп, екі жаққа тиесілі өнім мөлшерін болжатып есептейтін. Абдулла оларға: “Қаласаңдар, сендердікі, қаласаңдар, біздікі болсын”, – дейтін. Олар өнімді өздері алатын».217

1. Хайбар Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуіріндегі үлкен қалалардың бірі еді. Мәдинаға Шам тарапынан едәуір қашықтықта жатқан, айналасына қорған соғылған қала болатын. Мұсылмандар бұл жерді Худайбия келісімінен кейін һижреттің жетінші жылында, он шақты күн шабуылдай отырып азат еткен еді.

Хадис кітаптарында келген кейбір риуаяттарда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбарды азат еткен кезде яһудилердi жер аударып жібергісі келген. Алайда барлық еңбекті өз жауапкершіліктеріне алып, шыққан өнімнің жартысын мұсылмандарға табыстау шартымен мекендерінде қалуды ұсынады. Сол кезде: «Алланың рұқсат еткен сәтіне дейін мекендеріңде қалуға рұқсат етемін», – деді.

2. Кейбіреулер осы хадистен мерзімі көрсетілмейтін шарт жасасудың рұқсат екенін айтады. Алайда Зурқанидің түсіндіруінше бұл жерде ол мәселе сөз болмаған. Өйткені Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кәпірлерді Араб түбегінен шығаруға шешім қабылдаған болатын, құдды Құдұсқа бет бұрып намаз оқып жүргенде Қағбаға жүзін бұрғысы келгені және осы мәселеге қатысты уахидің келуін күткендігі іспетті. Әдетте, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маңызды шешімдер жасамас бұрын уахиді күтетін. Олай болса, бұл мәселеде де шешімді яһудилерге мәлімдеген, олар жайлы уахидің келуін күткен. Бұл мәселе жайында لَا يَبْقَيَنَّ دِينَانِ بِأَرْضِ الْعَرَبِ. «Араб жерінде екі дін қатар қалмасын» деген. Кейіннен әзірет Омар бұл хадистi естіген кезде сахих болып-болмағандығын зерттеп, сахих екендігіне көзі жеткеннен кейін, мұсылман еместерді Араб түбегінен жер аударып жіберген.

3. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алынатын өнімнің мөлшерін шамалап қайту үшін, осы істің қыр-сырын білетін адамдарын жұмсады. Алғаш рет мұсылмандардың ақыны, Исламды алғаш қабылдаған кісілердің қатарынан орын алатын Абдулла ибн Рәуәханы (р.а.) жіберді. Абдулла – Мута жорығында шейіт болған қолбасшылардың бірі.

Жәбирден жеткен бір риуаятта Абдулла ибн Рәуәха өнімді 40 мың уасқ болады деп есептеген. Абдулла оларға: «Қаласаңдар, мұның құнын төлеп өнімін өздерің алыңдар, қаласаңдар, біз сендерге құнын беріп, толықтай өзіміз алайық» деп таңдау мүмкіндігін оларға берді. Яһудилер 20 мың уасқ төлеп өнімді өздерінде алып қалуды ұйғарған.

Бұл хадис қолданыста түрлі түсінуге себеп болған. «Мусакат» деп аталған өнімге ортақ болу мәселесінде, алдын-ала жасалған болжаммен амал етуге рұқсат жоқ. Шыққан өнімді бөлісу тек өлшеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан да Абдулла ибн Рәуаханың істеген ісі түрлі жорамалдауға жол ашқан. Әбу әл-Уәлид әл-Бажи: «Бұл, бәлкім, зекет ақысын белгілеу үшін жасалған. Себебі зекеттің жұмсалатын орны (мөлшері), соғыс нәтижесінде қолға түскен жер телімінен келетін пайданың жұмсалатын жерлерінен өзгеше. Имам бұдан түскен пайданы бай-кедей деп бөлмей, ақы иесіне табыстайды», – дейді.

Көпшілік бұл жорамалдың зекет мөлшерін белгілеу үшін қабылданған дегенді мақұл көрген. Өйткені өнім жиылғанға дейін яһудилердің қолында болады, ал балауса күйінде алынған мөлшер, зекет мөлшерін азайтты. Әзірет Айша да «Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдын-ала болжауды, жеміс желінбей тұрып және бөлістірілмей тұрып зекеттің есептелуін әмір етті», – деген.

4. Бұл риуаяттан көпшілік ғұламалар мусакатқа рұқсат деп үкім шығарған. Ахмад ибн Ханбал, Шәфиғи, Мәлик, Әбу Юсуф және Имам Мұхаммед осы пікірге бір ауыздан келіскен.

Алайда Әбу Ханифа түрлі себепке сүйене отырып рұқсат емес деген.218 Оның айтуынша:

1. «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мухабәраға тыйым салған. «Мухабәра» Хайбар сөзінен туындайды «Хайбарлықтардың мусакаты» деген мағынаға келеді. Ал бұл іске рұқсат ретінде дәлел етілген хадистің үкімі жойылған».

Осы мәселеге қатысты туындаған сұраққа Әбу Ханифа былай деп жауап берген: «Арабтар Исламнан бұрын да мухабараны білетін. Бұл жер телімін өнім өндіріп алу үшін жалға алынуы. «Мухабара» сөзі «хайбар» деген сөзден шықпаған, «жасырын нәрсені білу» деген мағынаға келетін «хибрә» сөзінен туындаған».

Сонымен қатар, «харб» сөзінің «харс», яғни «егін», «ауылшаруашылығы» деген мағына беретіндіктен «мухабара» сөзі осы сөзден туындауы мүмкін екендігі де айтылған. Мусакат тәсілін қолдану Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін де әзірет Әбу Бәкір, әзірет Омар дәуірінде болғандықтан, үкімі жойылған деуге болмайтындығы айтылған.

2) Әбу Ханифаның екінші бір жорамалы былай: «Хайбар яһудилерi мұсылмандардың құлы іспетті еді. Бөтен біреумен жасалуына рұқсат етілмеген кейбір мәселелерді құл мен келісім жасауға рұқсат етіледі. Расулалланың (с.а.с.) яһудилермен келісіміндегі жартысын оларға беруі, олардың нәпақасы болғандықтан. Өйткені құлдың нәпақасы иесінің мойынында». Бұл көзқарасқа былай деп жауап берілген: «Яһудилер құл іспетті болғанда, оларға жизия төлеу жүктелмейтін еді, сондай-ақ, оларды Сирияға, ана жақ, мына жаққа сүргінге ұшыратпас еді. Бұлай сүргін жасау мұсылмандардың мал-мүлкін зиянға ұшырату болар еді. Сонымен қатар, ибн Рәуәха оларға: «Қаласаңдар, сендер мұсылмандардың үлесінің ақысын төлеп, өнімді өздерің алыңдар, болмаса, сендерге тиесілі үлестің құнын біз төлеп өнімді өзімізге қалдырайық», – деген. Иесінің құлына үлес беруі деген нәрсе мүмкін емес. Себебі мүлік толығымен иесіне тиесілі. Олай болса, бұл жердегі яһудилер бұл үлестің негізгі иесі екендігі анық.

3) Әбу Ханифаның пікірінше, Расулалланың (с.а.с.) «бәйғул ғарарға»219 тыйым салуы да мусакатқа рұқсат жоқ екенінің бірден-бір дәлелі. Мұнда айтылып отырған құнда ғарар бар, өйткені жердің өнім беріп-бермеуі беймәлім.

4) Әбу Ханифа былай дейді: «Қандай да бір хабардың қағидалары әртүрлі көзқарас туындатып жатса, қағидаға жүгініледі. Ал бұл мәселеге рұқсат беру үш қағидаға сай келмейді: «Бәйғул ғарар», «беймәлім затқа төлем жасау», «жеміс піспей тұрып сату» барлық ғалымдар осы үшеуін де харам деген».

Бұл пікірге қарсы шыққан кей ғалымдар «Қандай да бір риуаятпен амал жасалмаған болса, ол риуаятты қағидаларға қалдырамыз. Ал амал жасалған болса, мәтіндегі мағынаға қарай үкім беріледі және мұнымен амал ету керек дегенге иман келтіреміз».

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ أَهْلَ خَيْبَرَ قَالُوا: يَا مُحَمَّدُ دَعْنَا نَكُونَ فِي هَذِهِ الْأَرْضِ نُصْلِحُهَا وَنَقُومُ عَلَيْهَا فَأَعْطَاهُمْ عَلَى أَنَّ لَهُمْ الشَّطْرَ مِنْ كُلِّ زَرْعٍ وَشَيْءٍ مَا بَدَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَكَانَ عَبْدُاللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَأْتِيهِمْ كُلَّ عَامٍ فَيَخْرِصُهَا عَلَيْهِمْ ثُمَّ يُضَمِّنُهُمُ الشَّطْرَ فَشَكَوْا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ شِدَّةَ خَرْصِهِ وَأَرَادُوا أَنْ يَرْشُوهُ. فَقَالَ عَبْدُاللَّهِ: تُطْعِمُونِي السُّحْتَ؛ وَاللَّهُ لَقَدْ جِئْتَكُمْ مِنْ أَحَبِّ النَّاسِ إِلىَّ، وَلَأَنْتُمْ أَبْغَضُ إِلَىَّ مِنْ عِدتِكُمْ مِنَ الْقِرَدَةِ وَالْخَنَازِيرِ، وَلَا يَحْمِلُنِي بُغْضِي إِيَّاكُمْ عَلَى أَنْ لَا أَعْدِلَ فِيكُمْ. فَقَالُوا بِهَذَا قَامَتِ السَّمَوَاتُ وَالْاَرْضُ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْطِي كُلَّ امْرَأَةٍ مِنْ نِسَائِهِ ثَمَانِينَ وَسْقًا مِنْ تَمْرٍ كُلِّ عَامٍ وَعِشْرِينَ وَسْقًا مِنْ شَعِيرٍ، فَلَمَّا كَانَ زَمَنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ غَشُّوا الْمُسْلِمِينَ فَأَلْقَوُا ابْنَ عُمَرَ مِنْ فَوْقِ بَيْتٍ فَفَدَعُوا يَدَيْهِ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: مَنْ كَانَ لَهُ سَهْمٌ بِخَيْبَرَ فَلْيَحْضُرْ حَتَّى نُقَسِّمَهَا بَيْنَهُمْ. فَقَالَ رَئِيسُهُمْ: لَا تُخْرِجْنَا! دَعْنَا نَكُونُ فِيهَا كَمَا أَقَرَّنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺوَأَبُوا بَكْرٍ، فَقَالَ لَهُ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَتُرَاهُ سَقَطَ عَلَى قَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَيْفَ بِكَ إِذَا رَقَصَتْ بِكَ رَاحِلَتُكَ نَحْوَ الشَّامِ يَوْمًا ثُمَّ يَوْمًا ثُمَّ يَوْمًا، وَقَسَّمَهَا عُمَرُ بَيْنَ مَنْ كَانَ شَهِدَ خَيْبَرَ مِنْ أَهْلِ الْحُدَيْبِيَّةِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1087) Ибн Омар былай дейді: «Хайбар халқы былай деді: “Уа, Мұхаммед, бізге тиіспе, біз осында қалайық, жерді жыртып егін егейік”. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сонда әрбір егіннің және өзі мақұл көрген әрбір заттың өнімінің тек жартысын оларға қалдыру шартымен жерді олардың иелігінде қалдырды.

Абдулла ибн Рәуәха (р.а.) жыл сайын сол жерге келіп, өнімді есептеп, жартысының құнын олардан алатын.

Яһудилер Абдулланың болжам жасауда шектен тыс мұқияттылық жасайтынын айтып Алла Елшісіне (с.а.с.) шағымданады. Тіпті бірде олардың үлесінің көбірек болуы үшін пара бергілері келеді. Абдулла оларға: “Маған харам ас бергілерің келе ме?! Аллаға ант етейін, бәрінен артық жақсы көретін адамнан келдім. Ал сендер мен үшін маймылдар мен доңыздардан да жиіркеніштісіңдер. Соған қарамастан, менің сендерге деген жек көрініш сезімім сендерге әділ болуыма кедергі болмайды”, – дейді.

Яһудилер Абдулланы (р.а.) мадақтап: “Міне, осындай әділдік пен туралықтың арқасында аспан мен жер тепе-тең болады”, – деді.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр әйеліне жыл сайын сексен уасқ құрма, жиырма уасқ арпа беретін. Әзірет Омар (р.а.) халифа болып тұрғанда яһудилер мұсылмандарға қулық жасап, ибн Омар (р.а.) түнде бір үйдің төбесінде ұйықтап жатқанда әлгілер байқатпай келіп, үйдің үстінен лақтырып жібереді. Осының салдарынан қолы мен аяғының буындары шығып кетеді. Әзірет Омар ибн әл-Хаттаб: “Хайбардан үлесі барлар әзірленсін, араларыңда бөлістіріледі”, – деді. Өнімдер бөліске түсетін кезде басшылары: “Бізді бұл жерден шығарма. Бізді Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) және әзірет Әбу Бәкір сияқты елді мекенімізде қалдыр”, – деді.

Әзірет Омар (р.а.) оған: “Шешіміміздің Расулалланың (с.а.с.) сөзіне қайшы деп тұрмысың? Атыңның сені алып Сирияға дейін бір күн, содан кейін тағы бір, содан кейін тағы бір күн шапқылауына не дейсің?” – дейді.

Әзірет Омар (р.а.) Хайбарды Худайбия сахабаларының ішіндегі Хайбар жорығына қатысқандарға үлестіріп берді».220

1. Хайбардың азат етілуіне қатысты риуаяттар Бұхаридің «Китабул-Мағази» бөлімінде 38-41-тарауларында орын алған. Алайда жоғарыдағы риуаяттың жартысы «Китабуш-Шуруттың» 14-тарауында жазылған күйінде Әбу Дәуітте жазылмаған. Хадистің «Жамиғул Усулдағы» негізгі нұсқасы әлдеқайда ұзынырақ. «Тәйсирул-Усул» риуаяттың бас жағындағы бөлігін алмаған. Хайбардың азат етілуі, яһудилердің ол жерде белгілі бір мерзім ішінде тұрақтап қалулары, кейін ол жерден сүргінге кетулері сынды түрлі мәселелерге қатысты егжей-тегжейлі баяндайтын болғандықтан, риуаяттың алынбай қалған бөлігін қоса келтіріп отырмыз.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбар халқымен шайқасты. Ақырында олар қорғандарына тығылып алды. Мұсылмандар қорғанды біраз күн бойы қоршауға алды. Олардың егіндіктерін, құрмалары мен бау-бақшаларын басып алды. Ақыр соңында көліктерінің шамасы жеткенінше мал-мүліктерін алып, Хайбарды тастап кетулерін әмір етті. Келісім шартта алтын-күміс, қару-жарақ сынды заттарды Алла Елшісіне табыстау да қамтылған болатын. Не бар, не жоқ осының барлығын жасырмай айтып берулері де шарттың ішінде айтылды. Егер бұл келісімге қиянат жасар болса, олардың қауіпсіздігіне берілген кепілдіктің де күші жойылатын еді. Сонда да Хуйәй ибн Ахтабтың мүлкі мен зергерлік бұйымдарын жасырған «мәске» деп аталатын теріні айтпай қалды. Бұл бұйымдарды Бәни Надир яһудилері Мәдинадан сүргінделіп келген кезде әкелген еді.221 Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хуйәйдің Сағиә есімді ағасына «Надирліктер әкелген Хуйәйдің мәскіне не болды?» – деп сұрады.

«Күнделікті нәпақамызға һәм соғыс шығындарына жұмсалды», – дегенде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олардың алып келгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Мәсктегі қазына өте аз уақыттың ішінде біте қоймайтын еді ғой», – деді. Хуйәй осы оқиғадан бұрын өлтірілген еді. Мәсктің қай жерде екенін тек Сағи ғана білетін. Оған шындықты айтқызу үшін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл істі Зубәйрға табыстады. Зубәйр (р.а.) оған біраз қыспақ көрсетіп еді «Хуйәйдің анау бір қирандының маңайында жүргенін көрген едім», – деді. Екеуі бірге барып сол маңды аралап көрді. Мәскті шынымен де сол қирандының ішінен тапты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу әл-Хукайктің екі ұлын өлтіртті. Бұлардың бірі Сафия бинт Хуйәй ибн Ахтабтың күйеуі еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелі мен балаларын тұтқынға алды. Келісімге мойынсұнбағандықтан мүліктерін де араларында бөлістірді. Тіпті Хайбардан жер аударып жібермек болды. Алайда хайбар халқы...» Риуаяттың жалғасы жоғарыда берілді.

2. Хайбар – яһудилер мекендеген жер. Мәдинадан жер аударылған Бәни Надир яһудилерi де сол аймаққа орналасқан еді. Бұл жер Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін аса қатерлі еді. Сырттай қарағанда жеңіліс болып көрінген Худайбия келісіміне Расулалланың (с.а.с.) қол қоюға асығуының бір себебі осы бір қауіпті ошақты таратқысы келгеннен туындаған еді. Бұл жердегі яһудилер сан жағынан көп әрі дәулеттірек еді. Сонымен қатар, яһудилер мұсылмандарға өшігіп көре алмастық жасайтын. Бұлар бір кездері бар күшімен айналасындағы мүшірік тайпаларды да қамтыған бір қол жасақтап Мәдинаға шабуыл ұйымдастырмақ болды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жайлы мәлімет алған кезде Абдулла ибн Атикті (р.а.) төрт кісілік бір топ жасақтап жіберіп, Хайбарлық яһудилердің басшысы Сәллам ибн Әбу әл-Хукайкты өлтіртті. Сәлламның орнына отырған Усайр ибн Зарам дәл сол шабуыл ұйымдастыруын жалғастырған кезде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Абдулла ибн Рәуәха бастаған екінші жасақты жіберіп, оны да өлтіртті. Бұл жер мұсылмандар үшін аса қауіпті аймақ болды. Ендігі жерде бұл қауіптен арылу басты мақсат болды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Худайбия келісіміне қол қойғаннан кейін Мәдинада бір айдан аз уақыт тұрды да, тағы да Хайбарға бет алады. Бұл жолғы мақсаты яһудилерді бұл мекеннен шығарып жіберу болды.

Соғыста жеңіске жеткеннен кейін яһудилердің егін егу мәселесінде білгір екендіктерін ескеріп, еккен егіс өнімінің жартысын мұсылмандарға беру шартымен сол жерде қалуларын сұрайды. Сол кезде Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдыңғы риуаятта айтылғандай «Алла рұқсат еткен уақытқа дейін» сол аймақты мекендеулеріне рұқсат береді.

«Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларды жер аударып жіберуге не себепті асықпады?» деген сұраққа былай жауап беруге болады:

1) Хайбар жері Мәдинаның азық-түлік қоймасының рөлін атқаратын. Құрма бақшалары, дәнді-дақыл егістігі дамыған яһудилердің бұл мекеннен кетуі аталмыш шаруашылық өндірісінің тоқтап қалуына себеп болар еді.

2) Яһудилер арасында сәулет өнерін жетік меңгергендер бар еді. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларды да сәулет өнерін дамыту үшін қолданғысы келді. Тұтқындар арасынан таңдалған отызға жуық темір ұстасына қатысты «Оларды мұсылмандардың арасында еркіндікке жіберіңдер. Өнерлерін үйренсін және сол өнерлерін дін дұшпандарына қарсы шайқаста қолдансын» деген бұйрық берді. Бұл бұйрық айна-қатесіз орындалды.

3) Олардың барлық қару-жарақтары мен мал-мүліктері алынып, оларды еліртіп жүрген басшыларының барлығы өлтірілді. Ендігі жерде олардан ешқандай зиян күтудің қажеті болмай қалды. Олар тек қана егістікпен айналысатын диқанның рөлін ғана атқарды.

4) Олар Хайбардан шығарылған жағдайда барған жерлерінде күш жинап, мұсылмандарға қарсы қайта бас көтерулері мүмкін еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың Хайбарда қалып, мұсылмандардың бақылауында болулары әлдеқайда ыңғайлы болады деген оймен ұсыныстарын қабыл алған. Әзірет Омар (р.а.) шарттар орындалғаннан кейін ұлы Абдулланы (р.а.) ұйықтап жатқан жерінде үйдің үстінен лақтырғандарын сылтау етіп оларды Тәймә және Әрихаға жер аударып жібереді. Әриха – Сирияның Иорданиа аумағындағы Бәйтул-Мақдиске бір күндік жер.

3. Хайбар яһудилерiнен түскен мал-мүлік. Имам Уақидидің «Мәғази» атты еңбегінде келген мәлімет бойынша, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбарлықтардың басшысы Кинанә ибн Әб әл-Хукайкті және қорғандағы жауынгерлердің отбасы мен балаларын кешіру үшін Хайбардан бала-шағаларын алып кетуді және мал-мүлік, жер, алтын-күміс, қару-жарақтарын мұсылмандарға қалдыру шартымен босатады. Сол кезде мынадай мүліктер қабылданды: 100 сауыт, 400 қылыш, 1000 найза, 500 садақ.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Кинанә ибн Әб әл-Хукайктан әулетінің атадан балаға беріліп келе жатқан қазынасы мен зергерлік бұйымдарын сұрайды. Кинәнә болса жоғарыда айтылғандай, жұмсалып кеткендігін айтса да сәл қысым көрсетілгенде өтірігі ашылып қалады. Шындықтың беті ашылған кезде ол өтірік айтқан үшін келісімде көрсетілген барлық кепілдіктен мақұрым қалады. Кинәнә мен бауыры өлтіріліп, мал-мүліктері тәркіленеді де, әйелдері мен балалары тұтқындалады.

Мәскті ашқан кезде ішінен алтыннан соғылған білезіктер, алқалар, сырғалар, жүзіктер, қолғаптар, әшекейлер мен асыл тастардан жасалған бұйымдар шығады.

Риуаяттарда пайғамбардың осы жерден алқа алып қыздарының біріне яки әзірет Айшаға сыйлағаны айтылады. Ол кісі мұны алған күні мұқтаждар мен жесірлерге таратып жібереді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол түні ұйықтай алмай шығады. Таң атар-атпас Айшаға (немесе қызына) барып: «Алқаны қайтарып бер! Ол менің затым емес, сондықтан сенің де үлесің жоқ!» – дейді. Алқаның жесір әйелдердің біріне берілгенін естіген кезде қатты қуанады.

وَعَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ قَتَلَ مُعَاهَدًا فِي غَيْرِ كُنْهِهِ حَرَّمَ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ الْجَنَّةَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1088) Әбу Бәкра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Кім қауіпсіздігіне кепілдік берілген адамды заңсыз өлтірсе, Алла оған жәннатты харам етеді», – дегенін естіген.222

Дініміз кәпірді қалай болса солай өлтіре беруді адал санамайды. Белгілі бір шарттар мен нақты фактілер жүзеге асқанда ғана өлтіруге рұқсат береді. Ондай шарттардың бірі – соғыс. Ал келісім жасасып, кепілдік берілген кәпір адамды өлтіру – харам. Ислам мемлекетінің аумағында өмір сүріп жатқан мұсылман еместер де кепілдік берілгендердің қатарына жатады. Демек, оларға қару кезену – харам. Хадисте «келісім жасасқан жанды мақсаттан тыс өлтірген...» деп беріледі. Хадистегі «кунһ» сөзі «уақыты», «мақсаты» деген мағынада айтылған. Демек, «өлтірілуін керек ететін шарттар орындалмаған жағдайда...» немесе «кепілдік берілген уақыт бітпей жатып өлтірген» деген мағынаны қамтиды.

وَعَنْ صَفْوَانَ بْنِ سُلَيْمٍ عَنْ عِدَّةٍ مِنْ أَبْنَاءِ الصَّحَابَةِ عَنْ آبَائِهِمْ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ ظَلَمَ مُعَاهِدًا أَوِ انْتَقَصَهُ أَوْ كَلَّفَهُ فَوْقَ طَاقَتِهِ أَوْ أَخَذَ مِنْهُ شَيْئًا بِغَيْرِ طِيبِ نَفْسِهِ فَأَنَا حَجِيجُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1089) Сафуан ибн Суләйм Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кімде-кім келісім жасасқан жанға зұлымдық жасаса немесе ақысын жесе (азайтса) немесе көтере алмайтын міндет жүктесе және оның қалауынан тыс бір затын алса, қиямет күні мен оған қарсы сапта орын аламын».223

Біреудің ақысын жеу (азайту), маңдай терімен тапқан ақысын кемітіп беру, наным-сенімі үшін айыптау мұсылманның әдебіне жатпайды. Өзінен төмендерге яки өзге дін өкілі болғаны үшін шамасынан тыс міндет жүктеу, төлей алмайтындай салық салу да осындай дөрекіліктердің қатарына жатады. Хадисте айтылған осындай істердің барлығы Ислам мемлекетінде өмір сүріп жатқан мұсылман емес халыққа әділ қарау керектігін ескертеді.

وَعَنْ أُمِّ هَانِئٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «أَجَرْتُ رَجُلَيْنِ مِنْ أَحْمَائِي فَقَالَ ﷺ: قدْ أَجَرْنَا مَنْ أَجَرْتِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِي.

(1090) Үммі Һани (р.а.) былай дейді: «Күйеуімнің туыстарынан екі кісіге қауіпсіздік кепілдігін бердім. Алла елшісі (с.а.с.): “Сен кепілдік бергендерге біз де кепілдік бердік”, – деді».224

1. Араб тілінде «жиуар» сөзі «пана болу», «қамқорлығына алу» деген мағынаға келеді. Яғни, бір мұсылман бір кәпірге «Сенің өміріңе мен кепіл боламын, саған ешкім тиісе алмайды» деп кепілдік беруіне «жиуар» делінеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көкесінің қызы Үммі Һанидің Мекке азат етілген күні екі мүшрикті кепілдігіне алуына байланысты «Сен кімге қамқор болсаң, бұл келісімді біз де мойындаймыз. Ол біздің де панамызда болады», – деген.

Осы риуаятқа сүйенген ғұламалардың бәрі: «Әйелдердің де кепілдік бере алатындығын айтқан. Фиқыһ ғалымдарының көпшілігі құлдың берген кепілдігінің үкімі болатындығын айтады. Алайда Әбу Ханифа және оның шәкірттері соғысқа қатысқан құлға кепілдік жүретінін, ал шайқасқа бармаған құлдың кепілдігі есепке алынбайтынын айтқан. Ал балалардың кепілдігі есептелмейді. Өйткені балалармен жасалған келісім келісім болмайды.

2. Негізгі кітаптарда Үммі Һәнинің Мекке азат етілген күні Расулаллаға (с.а.с.) жолыққандығы айтылғанмен оның кепілдігі жөнінде сөз қозғалмаған. «Кепілдік беру мәселесі имамға ғана тиесілі» дегендер болса да, дұрысы жоғарыдағы көзқарас.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا خَتَرَ قَوْمٌ بِالْعَهْدِ إِلَّا سَلَّطَ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِمْ الْعَدُوَّ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ بَلَاغًا.

(1091) Ибн Аббас (р.а.): «Қай қауым келісімге опасыздық жасаса, Алла дұшпанын сол қауымға үстем етеді», – деген.225

Жизия және жизияға қатысты үкімдер

Әһл-зиммадан, яғни, Ислам аймағында өмір сүріп жатқан мұсылман еместерден алынатын салық түріне жизия делінеді. Мұны зекет деуге келмейді. Себебі зекет салық емес, мүміндер атқаратын ғибадат. Мұсылман еместер жизия беру арқылы Ислам елінде мұсылмандармен емен-жарқын өмір сүру құқына ие болады. Мұсылмандар өркендесе, соған ортақ болып, құлдыраса, қастарында ауыртпалықты бірге арқалайды. Олар жизия берген кезде өздерін мұсылмандардан төмен санағандықтан, тезірек Исламды қабылдауға шешім жасайды. Демек, жизия Ислам дініне кіргізу үшін қойылған дәнекер деуге болады. Мұны №1092 хадисте берілген түсіндірмеден оқуға болады. Жизия алғаш рет һижри сегізінші жылы пайда болған.

عَنْ مُعَاذٍ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا وَجَّهَهُ إِلَى الْيَمَنِ أَمَرَهُ أَنْ يَأْخُذَ مِنْ كُلِّ حَالِمٍ دِينَارًا أَوْ عَدْلَهُ مِنَ الْمَعَافِرِي: ثِيَابٌ تَكُونُ بِالْيَمِينِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1092) Муаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны Иеменге жіберген сәтте ихтилам болған (ересек тартқан баладан бастап) әрбір жанға (салық салынып) бір динар немесе Иеменде тігілетін мағарифи матасынан, бір динарға тең түсетін мөлшерде алынуын бұйырды».226

1. Мағариф – Хамданда өмір сүріп жатқан бір тайпаның атауы. Сол жерде шығатын матаға жер атауын беріп «Мағарифи» делінген. «Мағарифидің» не екеніне хадисті жеткізген рауидің өзі түсіндірме беріп «Иеменде өндірілетін мата түрі» деген. Хадис ілімінде мәтіндегі бір сөзді рауи түсіндірме қоса келтірсе «дәрж» деп атайды. Ал хадистің өзіне «мудраж хадис» деген атау беріледі. Мудраж хадистер негізінде әлсіз хадистердің қатарына жатады. Алайда бұл жердегі дәрж (хадистің) сахихтығына нұқсан келтіретін деңгейде емес.

2. Хаттаби былай дейді: «Хадистегі كُلُّ حَالِمِ «әрбір ихтилам болатын кісі» деген сөз жизияның тек балиғат жасқа толған еркектерден алынатындығына дәлел. Өйткені حالم деп тек еркектерге ғана айтылады. Сонымен қатар, балиғат жасына толмаған бала және ақылынан айырылған жындылар жизия өтеуден болсатылған. Бұл риуаят жизияның Исламнан бас тартқан барша араб пен араб емес адамдарға міндетті екенін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әзірет Муазды Иеменге жолдағанда олармен Ислам қабылдағанша шайқасуын, ал егер салық төлейтін болса, тиіспеуді бұйырған. Салық төлеуді жандарын сақтап қалуға бірден-бір себеп етіп көрсеткен. Имам Шәфиғи осындай риуаяттарға сүйене отырып жизия балиғат жасына жеткен әрбір ер азаматқа міндет деген үкім шығарған.

Сахабур Рәғи және Ахмад ибн Ханбал: «Бай-ауқаттыларға 48, 24, 12 дирхам салық салынады» деген. Одан: «Бүгінгі таңда бұл мөлшерді кемітуге немесе көбейтуге бола ма?» деп сұрғанда: «Әрине, мүмкіндіктері мен имамның мақұл көрген мөлшеріне қарай тағайындалады» деген.

Ибн Әбу Шәйба және ибн Сағдтың риуаяттары бойынша, әзірет Омар жизия салығын ерлерге міндеттеп, бай-ауқаттылардан 48 дирхам, орта деңгейлілерден 24 дирхам, кедейлерден 12 дирхам алған.

Сол заманның мүмкіндіктері мен шарттарына қарай жейде 2, 3 дирхам, шалбар 3, 4 дирхам, бір жұп Нәдрандықтың киімі (хуллә) 40 дирхам, әкімшілік қызметкерінің бір күндік жалақысы 2 дирхам, бір қойдың бағасы 0, 5-1 динар (1 динар 12 дирхамға тең), Хабашстанға кеткен Меккелік мұһажирлердің кемеге мінгендегі төлеген ақылары 6 дирхам (жарты динар). Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 200 дирхам ақшасы немесе соған сай мүлкі бар адамды бай деп санаған.

وَعَنْ جَعْفَرَ بْنِ مُحَمَّدٍ عَنْ أَبِيهِ «أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ذَكَرَ الْمَجُوسَ فَقَالَ: مَا أَدْرِي مَا أَصْنَعُ فِي أَمْرِهِمْ؟ فَقَالَ عَبْدُالرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَشْهَدُ لَسَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: سُنُّوا بِهِمْ سُنَّةَ أَهْلِ الْكِتَابِ».

(1093) Жағфар ибн Мұхаммед әкесінен былай жеткізеді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) мәжусилер туралы: “Оларға қатысты не істейтінімді білмеймін”, – деді. Абдуррахман ибн Ауф (р.а.): “Куәлік етемін, Алла елшісінің (с.а.с.) ‘Оларға Кітап иелеріне қолданған тәртіпті қолданыңдар’, – дегенін естідім”, – деді».227

1. Кез келген мәселеге қатысты Расулалладан (с.а.с.) бір үлгі іздеген әзірет Омар, Иран азат етіле бастаған кезде, олардан қалай салық алу керек деген мәселеге тап болады. Өзі Расулалланың (с.а.с.) бұл мәселеге қатысты қандай да бір жасаған амалын яки айтқан насихатын есіне түсіре алмағандықтан достарымен ақылдасып кеңес құрады. Абдуррахман ибн Ауф Алла Елшісінің (с.а.с.) мәжусилерден де әһл-кітаптан алынғандай салық алынуы керек екендігін айтқан насихатын еске салады. Мұндай жағдайларда екінші бір куәгерді талап ететін Омар Абдуррахманнан қандай да бір куәгер әкелуін талап етпей-ақ осы хадиспен амал жасайды.

2. Негізінде, хадис мәтіні «Мәжусилерге әһл-кітапқа қарым-қатынас жасағандарыңдай қараңдар» деуі «салық мәселесінде» деп келмеген. Алайда өзге риуаяттарда «олардың қыздарымен үйленуге болмайтындығы, сойған малының етін жеуге болмайтындығы» жазылған. Бұл риуаяттар белгілі бір адамға қарата айтылған ескерту делінген. Ибн әл-Мусайябтан өзге ғұламалар осы пікірге бір ауыздан келіскен. Тек оның мәжусилердің сойған малының етін жеуде ешқандай ағаттық жоқ екені риуаят етілген.

3. Абдуррахман ибн Ауфтың риуаятын қуаттайтын бір риуаят «Муаттада» ибн Шиһабтан жеткен. Онда Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бахрейн мәжусилерiнен жизия алған. Расулалланың (с.а.с.) Хижр мәжусилерiнен де жизия алғандығы риуаяттарда кездеседі. Әзірет Осман да Барбарлықтардан жизия алған.

Ендігі жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: Ислам дінін ұстанбайтындардың барлығын тең санап, бәрінен бірдей жизия талап ету Ислам принциптерінің бірі ме? Бұл мәселе жөнінде түрлі көзқарастар бар. Араб мүшріктері мен отқа табынушылар жөнінде ғалымдар бір пікірге келе алмаған. Имам Mәлик, Әузағи және Сағид ибн Абдулазиз: «Бұлардан да жизия алынады» десе, басқа ғалымдар: «Жизия Құранда келгендей әһл-кітаптан, сүннетте белгіленген мәжусилерден де алынады, ал бұлардан басқа халықтан алынбайды» деген.

Мына бір аятты негізге алған ғалымдар мәжусилерді әһл-кітап қатарына жатқызбаған: «...Хақ Кітап бізден бұрынғы екі қауымға (яһудилер мен христиандарға) ғана түсті. Біз олардың оқып-білгенінен бейхабар едік» деп айтпауларың үшін түсірдік»228 Ғұламалардың басым көпшілігі осы екі тайпаны яһуди және христиандар деп, мәжусилердің әһл-кітапқа жатпайтындығы жөнінде үкім шығарған. Сонымен қатар, біз сөз етіп отырған хадисте де мәжусилерді әһл-кітап қатарына жатқызбаған. «Мұсылмандар Ирандықтарды жеңген кезде әзірет Омар (р.а.): «Жиналыңдар, мәжусилер әһл-кітап емес қой, сондықтан оларға жизия салығын салмаймыз. Оның үстіне пұтқа табынушы да емес, сол себепті оларға пұтқа табынушыларға қолданатын шарттарды да қоя алмаймыз», – деді. Әзірет Али «олардың әһл-кітап екендігін» алға тартып былай деді: «Мәжусилердің оқитын кітаптары мен тыңдайтын ғылымдары бар. Бір күні олардың патшалары шарап ішті. Ақыры қатты мас болып, қарындасымен жыныстық қатынасқа түсті. Таң атқан кезде, айналасындағы жағымпаз сыбайластарын шақырып оларға сый-сияпат беріп: «Адам атамыз ұлдарын қыздарымен некелестірген еді», – деді. Әлгілер сол сәтте қарсылық көрсетпеді. Ал қарсылық танытқандарды дарға асты. Кітапта жазылғандар мен іштеріне сақтағандары уақыт өте келе ұмытылды, қолдарында да еш мәлімет қалмады». Имам Зурқани талқылап отырған осы риуаяттан басқа да үкімдердің бар екенін былай білдірген:

1. Бір кісі ғана жеткізген хадиспен амал етуге болады.

2. Сахабалар басқалар білетін кейбір хадистерді және кейбір үкімдерді білмеуі мүмкін. Алайда бұл олардың қадірін азайтпайды.

3. Хадистің мағынасын негізге алу керек. Әзірет Омар әһл-кітап деген кезде тек яһудилер мен христиандар ғана солай аталады деп ойлаған. Өйткені бұл сөз көбіне соларға қатысты айтылатын. Абдуррахман ибн Aуф мәжусилердің де солардың қатарына жататындығына қатысты риуаятты жеткізгенге дейін әзірет Омар бұл терминді тек соларға ғана қатысты деп қабылдаған.

وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ قَالَ: «بَلَغَنِي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَخَذَ الْجِزْيَةَ مِنْ مَجُوسِ الْبَحْرَيْنِ، وَأَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَخَذَهَا مِنْ مَجُوسِ فَارِسَ، وَأَنَّ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَخَذَهَا مِنَ الْبَرْبَرِ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.

(1094) Ибн Шиһаб былай дейді: «Маған Алла елшісінің (с.а.с.) Бахрейн мәжусилерінен, Омардың (р.а.) Парсы мәжусилерінен, ал Османның (р.а.) берберлерден жизия алғаны жетті».229

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَخَذَهَا مِنْ أُكَيْدِرِ دُومَةَ يَعْنِي الْجِزْيَةَ».

(1095) Әнәстың (р.а.) айтуы бойынша, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Думәттік Үкәйдірден де жизия алған.

Думәт Шам (Сирия) аймағында орналасқан, Тәбукке жақын бір аймақтың яки бір қорғанның атауы. Үкәйдір – Думәт патшасы. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол жерді азат ету үшін Халид ибн Уәлидті аттандырған. Укәйдір ибн Абдулмәлик христиан еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны өлтіруді бұйырды. Дегенмен тұтқындалып Мәдинаға тірі әкелінеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кешірім беріп, жизия өтеуі үшін келісім жасасады.

Хаттаби Укәйдірдің ата-тегінің араб екендігін айта келіп мұсылман емес арабтардан да жизия алынатындығына осы риуаяттың дәлел екендігін келтірген. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Имам Әбу Юсуф арабтардан жизия алынбайтындығын, тек қана зекет алынатындығын айтқан. Ал имам Мәлик, Әузағи, Шафиғи араб болса да, болмаса да, мұсылман емес бүкіл халықтан жизия алынатынын айтқан.

وَعَنْ حَرْبٍ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ عَنْ جَدِّهِ إِلَى أُمِّهِ وَاسْمُهُ عُمَيْرُ الثَّقَفِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِنَّمَا الْخَرَاجُ عَلَى الْيَهُودِ وَالنَّصَارَى، وَلَيْسَ عَلَى الْمُسْلِمِينَ خَرَاجٌ». وَفى رِوَايَةٍ: عُشُورٌ. أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

(1096) Харб ибн Убайдулла нағашы атасы Умәйр әс-Сақафиден (р.а.) жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.а.с.): «Хараж яһудилер мен христиандарға салынады. Мұсылмандарға хараж салынбайды», – деген. Басқа нұсқада «хараж» орнына «ұшыр» делінген.230

«Хараж» сөзі сөздікте «жер телімінен алынатын өнім» және «құлдың еңбегінен түскен табысқа» берілген атау деп білдірілген. Алайда кейіннен мұсылман елінде өмір сүріп жатқан өзге дін өкілдерінен кісі басынан алынатын жизияны да хараж деп атаған.

«Ұшыр» сөзі – араб тіліндегі «ұшр» деген сөздің көпше түрі. Ол бір заттың оннан бірі деген мағынаға саяды. Демек, түскен табыстың оннан бірі алынатын салықты «ұшыр» деп атайды. Ал бұл жерде «ұшыр» сөзімен сауда-саттықтан түскен салықтар меңзелген. Шәфиғидің пікірінше, келісім барысында әһл-зиммадан белгілі бір шарттарға сай алынатын салық мөлшеріне «ұшыр» дейді. Келісім шартта мұндай салық түрі қамтылмаған болса, әһл-зиммадан жизиядан тыс ештеме алынбайды.

Әбу Ханифа: «Мұсылмандар дарул-харбқа (өзге дін өкілдері басқарып отырған мемлекет) сауда жасап барған кезде, мұсылмандардан кәпірлер «ұшыр» алар болса, Ислам мемлекетіне келген өзге дін өкілдерінен де сауда-саттықтан түскен пайдаларының оннан бірін мұсылмандар «ұшыр» салығы деп алады» деген. Жер салығы «Татархани» атты еңбекте үш түрге бөліп қарастырылатыны айтылған:

1. Мемлекеттің жері

2. Ұшыр алынатын жер

3. Хараж салығы алынатын жер

1. Мемлекеттің жері – өкіметтің қарамағында, ұшыр жері – мұсылмандардың қарамағында, хараж салығының жері – әһл-зимманың қарамағында. Хараж салығы алынатын жерден алынған салықты хараж деп атайды. Егер бұл жер мұсылманға сатылған болса да хараж салығы алынбайды.

Хараж екі түрлі болады:

1. Хараж мұқасәмә. Жер жағдайына қарай жартылай, бестен бірі, алтыдан бірі деген сияқты есептеп алынатын салық.

2. Хараж уазифа. Әһл-зимманың хараж жерінен пайда көрулеріне мүмкіндік берілгендігіне және олар сол аймақта қауіп-қатерсіз өмір сүрулерінің кепілдігі ретінде алынатын салық. Әзірет Омар (р.а.) суарылатын бір соттық егістіктегі бидай мен арпа түрінен бір сағ және бір дирхам салық жинаған.

«Хараж» жер пайдаланғанға және мұсылман еместердің әрқайсысына салынған салыққа берілген атау болған. Алайда кейіннен «хараж» сөзі көбінесе жер салығы үшін қолданылып, жизия әһл-зимманың төлейтін салығының атауы ретінде қолданылып кеткен».

Шәфиғидің айтуынша, хараж екі түрлі:

1. Жизия

2. Жердің жалға берілуі және ақысы. Қандай да бір жер азат етілгеннен кейін, сол жер өз иелерінің қарамағында қалдырылса, жерге хараж салығы, ал адамдардың қауіпсіздігіне жизия алынады деген үкімге кіреді. Олардың арасынан Исламды қабылдағандар шығар болса, одан хараж салығы алынбайды, жизия салығының да алынбайтындығы іспетті, мұның орнына жерден шыққан өнімінен ұшыр алынады. Азат ету барысында «жер мұсылмандардың иелігіне өтеді, ал ондағы халық жыл сайын жерді игеру үшін белгілі бір мөлшерде өтемақы төлейді» деп келісілген болса, мұндай жер мұсылмандардың иелігінде болады, алынған салық та жердің (жалға берілу) ақысы болып табылады. Мұндай жағдайда жер иесі мұсылман болса немесе кәпір болып қалса да бәрі бір. Келісім барысында белгіленген шарттар сол қалпында қалады. Бұл жерді сатуға да рұқсат етілмейді. Себебі сауда тек иелігіндегі мүлікте ғана болады, ал иесі болса ол жердің шынайы иесі емес. Иесі барша мұсылмандардың атынан Ислам мемлекеті болып табылады.

Қысқаша айтар болсақ, хараж салығы алынатын жерлер мынадай түрлерге бөлінген:

1. Соғыспен алынып, ардагерлерге үлестірілген жер. Мұсылмандар басшысы мұның ақысын ардагерлерге ақша күйінде беріп, жерді мұсылмандардың мүлкі деп қабылдап, хараж салығы арқылы мемлекетке үздіксіз кіріс көзін ашады. Әзірет Омар Ирак жеріне осылай жасаған.

2. Мұсылмандар басшысы қандай да бір аймақты бейбіт келісім жолымен азат етсе, жер мұсылмандардың мүлкі болып саналады, алайда бұрынғы иелері хараж салығын төлеу шартымен сол жерде тұрақтай алады.

3. Келісім жолымен азат етілген, алайда келісімде «жер негізгі иелеріне тиесілі», «Хараж беру арқылы сол жерде мекендей алады» деген шарттар болса, бұл салық жизия салығы болады. Олар мұсылман болса, жизия салығын төлемейді.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ عُمَرَ كَانَ يَأْخُذُ مِنَ النَّبَطِ مِنَ الْحِنْطَةِ وَالزَّيْتِ نِصْفَ الْعُشْرِ يُرِيدُ بِذَلِكَ أَنْ يُكْثِرَ الْحَمْلَ إِلَى الْمَدِينَةِ وَيَأْخُذَ مِنَ الْقِطْنِيَّةِ الْعُشْرَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1097) Ибн Омар былай дейді: «(Әкем) Омар (р.а.) Нәбәт халқынан бидай және зығырдың майынан ұшырдың жартысын (жиырмадан бір шамасында) салық алушы еді. Бұлай жасау арқылы Мәдинаға табысты көбірек әкелгісі келді. Қынтиядан (деп аталатын бидай мен арпадан тыс, ноқат, жасымық, кең бұршақ түріндегі дақыл) да ұшыр алушы еді».231

Зурқани «Муаттаның бір нұсқасында «зәйт» сөзінің орнына «зәбиб» (кепкен жүзім) келгендігін айта келіп, мұны дұрыс дейді.

Мәтіндегі «қынтия» сөзін «қунтия» деп оқуға да болады. Ол екі түрлі мағынаға сай келеді:

1. Бидай және арпадан бөлек, бұршақ, дақыл, жасымық, ноқат деп те атауға болады.

2. Мақталы киімдер. Дегенмен бұл жерде дәнді-дақыл жайлы айтылып отырғандығы анық. Нәбат – Иракта Куфа мен Басраның арасындағы Бәтахирада тұратын бір тайпаның атауы. Әзірет Ибраһимның осы жерде туғандығы айтылған. Сондықтан бұл хадисте «Біз Нәбәти болып табылатын құрайыштықтармыз» деген сөзді кездестіруге болады.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا تَصْلُحُ قِبْلَتَانِ فِي أَرْضٍ وَاحِدَةٍ وَلَيْسَ عَلَى مُسْلِمٍ جِزْيَةٌ». قَالَ سُفْيَانُ رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى: مَعْنَاهُ إِذَا أَسْلَمَ الذِّمِّيُ بَعْدَ مَا وَجَبَتْ عَلَيْهِ الْجِزْيَةُ بَطَلَتْ عَنْهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1098) Ибн Аббас былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Бір жерде екі құбыланың болуы дұрыс емес. Мұсылманға жизия салығы салынбайды”. Суфиян былай деген: “Мұның мағынасы былай: Зымми кісі жизия салығын төлеу міндеттелгеннен кейін (салығын төлемей тұрып) мұсылман болса, бұдан кейін салық төлеу міндеті оған жүктелмейді”».232

1. Кейбір ғалымдар «Бір жерде екі құбыланың болуы дұрыс емес» деген сөйлемді былай деп түсіндірген: «Бір жерде екі дін үстемдік ете алмайды. Яғни, мұсылман кісінің кәпірлердің арасында өмір сүруіне рұқсат жоқ. Егер бұлай болса, мұсылман кісі өз-өзін мұсылмандар арасындағы зыммидің орнына қойған болады. Сондықтан ол өзін-өзі дұшпанның табасына тастамау керек. Себебі үстемдік пен айбындылық Аллаға, Расулына және мүміндерге тиесілі. Исламнан басқа дін ұстайтын адамдарға Ислам мемлекетінде өмір сүру тек жизия төлету арқылы ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, оған дінін оңды-солды таратуына рұқсат етілмейді. Діни іс-шаралар атқаруда екінші орында тұруы міндеттеледі».

2. Хадистің екінші бөлімі «Мұсылман кісі жизия төлемейді» деген үкімді бекіткен. Бұл екі бөлім арасында мынадай байланыс бар: «Зымми – жизия салығын төлеу шартымен мұсылмандар арасында өмір сүруіне рұқсат етілген кісі. Олай болса, зыммидің мойнында жизия салығы бар, мұсылманның мойынында жизия салығы жоқ. Бұл жағдай екі құбыланың бірінің мәртебесін көтерсе, екіншісінікін төмендетеді, сондықтан да ешқандай жағдайда бұлар бірдей бола алмайды».

Бұл хадиске қатысты Хаттаби былай дейді: «Бұл екі түрлі түсіндіріледі:

1. Мұндағы жизия хараж деген мағынада айтылған. Егер бір яһуди мұсылман болса және оның иелігінде келісім жасалған жер болса, сол кісіден жизия, жерінен хараж салығы алынбайды. Суфиян Сәури және Имам Шәфиғи осылай үкім берген. Суфиян Сәури «Бұл жер соғыс арқылы алынған жер болса, халқы кейіннен мұсылман болса, жизия салығынан босатылады, ал жер үшін төлейтін хараж болса мәңгі қала береді».

2. Зымми кісі мұсылман болғанға дейін жылдың белгілі бір мерзімі өтіп кетсе, одан өткен айларға қарасты салық талап етілмейді. Шәфиғидің пікірінше, бұл қарыз одан талап етіледі. Ол жизия қарызын төлеу арқылы ғана құтыла алады.

وَعَنْ مُعَاذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «مَنْ عَقَدَ الْجِزْيَةَ فِي عُنُقِهِ فَقَدْ بَرِئَ مِمَّا جَاءَ بِهِ مُحَمَّدٌ ﷺ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1099) Муаз (р.а.) былай деген: «Кімде-кім өз мойнына жизия келісімін жасаса, Расулалланың (с.а.с.) сүннетінен аулақ болғаны».

«Бұл жерде «жизия» сөзі, жерді сатып алу арқылы өз-өзін хараж салығына душар еткен кісі дегенді білдіріп тұр. Құдды әһл-китапты жизияға душар еткені іспетті бір қылық жасаған болады»233.

Бұл жерте айтылып отырған мәселе мынадай: Кімде-кім хараж салығы бар жерді бір кәпірден сатып алар болса, бұл кісінің мойнына хараж салығы уәжіп болады. Ал хараж – «жизия» категориясына кіретін салық түрі. Жизия – зыммилерден ғана алынатын салық. Мұсылмандардан жизия алынбайды. Демек, мұндай сауда арқылы кісі өз-өзін зыммилер төлейтін хараж салығына мәжбүрлейді. Ал енді жизияның мәжбүр болуы сүннет арқылы бекітілген іс емес екендігі анық. «Сүннеттен аулақ болғаны» деген сөз осы мағынада айтылған болуы мүмкін. Өйткені хараж жерінің салығы жер мұсылманның иелігіне өтті екен деп тоқтатылмайды.

Бұл хадисте зыммилерді егістіктен алыстауларын жеңілдетпеу керек екендігі де байқалады. Келесі хадис те осы мағынаны толықтыра түседі.

وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أَخَذَ أَرْضًا بِجِزْيَتِهَا فَقَدِ اسْتَقَالَ هِجْرَتَهُ، وَمَنْ نَزَعَ صَغَارَ كَافِرٍ مِنْ عُنُقِهِ فَجَعَلَهُ فِي عُنُقِ نَفْسِهِ فَقَدْ وَلَّى الْإِسْلَامَ ظَهْرَهُ». قَالَ سِنَانُ بْنُ قَيْسٍ: فَسَمِعَ مِنِّي خَالِدُ بْنُ مَعْدَانَ هَذَا الْحَدِيثَ فَقَالَ: أَ شَبِيبٌ حَدَّثَكَ؟ قُلْتُ نَعَمْ؛ قَالَ: فَإِذَا قَدِمْتَ فَاسْأَلْهُ يَكْتُبْ إِلَىَّ بِهِ. قَالَ: فَكَتَبَهُ لَهُ. فَلَمَّا قَدِمْتُ سَأَلَنِي ابْنُ مَعْدَانَ الْقِرْطَاسَ فَأَعْطَيْتُهُ فَلَمَّا قَرَأَهُ تَرَكَ مَا فِي يَدِهِ مِنَ الْأَرْضِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1100) Әбу Дәрда (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Кім жерді оған тиесілі салығымен бірге алса, һижретінен бас тартқаны. Кім кәпірдің мойнындағы қорлықты алып, өз мойнына салса, Исламға теріс бұрылғаны», – дегенін жеткізген.

Синан ибн Қайс былай дейді: «Халид ибн Мағдан бұл хадисті менен естіп: “Саған Шәбиб айтты ма?” – деді. “Иә”, – дедім. “Барғаныңда осы хадисті маған жазып беруін сұра”, – деді.

Шәбиб оған хадисті жазып берді. Қайтып келгенде, Ибн Мағдан қағазды сұрады. Оған қағазды бердім. Хадисті оқыған соң, қолындағы жерден бас тартты».234

1. №1096 хадисте түсіндірмесі берілгендей, хараж салығына тағайындалған жерді мұсылман сатып алар болса да ол жердің салығын төлеуге міндетті. Хараждың жизия категориясына кіргендігін ескерер болсақ, хадистің түпкі мақсаты да ашыла түспек. Себебі хараж жерін сатып алу – өз-өзін жизияға мәжбүрлеу болмақ. Рәй (көзқарас) иелері (Ханафилер) мұсылман кісі кәпірден сатып алған хараж жерінің салығын төлеуге мәжбүр екендігін айта келе, егістіктен алатын өнімі үшін ұшыр төлемейді деген үкім шығарған. Олардың пікірінше, қандай да бір егістікке әрі хараж, әрі ұшыр мәжбүрленбейді. Алайда өзге ғалымдар: «Егістіктен алынған өнім бер уасққа жетсе, ұшыр уәжіп болады» деген үкімге бір ауыздан келіскен. Бір уасқтың мөлшерін №1086 хадисте көрсеттік.

2. Хадистегі «һижретінен бас тартқан» деген сөз хараж жерін сатып алудың һижреттен бас тарту ісіне пара-пар қылық екендігін баяндауда. Өйткені мұсылман кісі зыммиден мұндай жерді сатып алуы немесе жалға алуы арқылы, сол жердің жизиясын өтеу арқылы өзін сол зыммидің орнына қойған болады. Артта қалдырғаннан кейін де қайта айналып сол жерге оралғанын білдіреді. Бұл – һижреттен бас тарту. Себебі һижрет кәпірлердің жерінен алыстау.

3. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жерде хараж жерін сатып алмауға кеңес бергені анық. Мұндай тыйым мұсылмандардың егіншіліктің бейнетіне душар болмауларына қарата айтылғанға ұқсайды. Яғни, мұсылман еместердің жерлерін сатып алу арқылы олардың сауда, қолөнер, өндіріс сынды әлдеқайда пайдалы салаларға кетулеріне жол ашпау жатыр. Сондықтан хадисте «қорлықты кәпірдің мойнынан алып, өз мойнына арту» деп сипаттаған. Расулалланың (с.а.с.) саудаға қызықтырып تِسْعَةُ أَعْشَارِ الرِّزْقِ فِي التِّجَارَةِ. «Ризықтың оннан тоғызы саудада»235 деген хадистерін ескерер болсақ, мәселені анығырақ түсінеміз. Бүгінгі таңда материалдық тұрғыдан дамыған әрбір елде ауқатты деп танылған топтың көбінесе сауда мен өндіріс саласына баса назар аударғандығын да ескерер болсақ, Расулалланың (с.а.с.) бұл хадисі бүгінгі таңда да маңызды.

4. Алайда, сахабалар арасында кейбірі хараж жерін сатып алғандар бар еді. Бәйхақидің «әл-Мәғрифа» атты еңбегінде ибн Мәсғуд, Хаббаб ибн әл-Әрәт, Хусәйн ибн Али, Шурайх сынды сахабалардың да хараж жері болған. Утбә ибн Фәркад әс-Сүләми әзірет Омарға «Арзус Сәудадан (Хараж жері) жер сатып алдым» дегенде, әзірет Омар (р.а.): «Олай болса сен ол жердің иесі іспеттісің», – дейді. Тағы да Бәйхақи жеткізген бір риуаятта былай делінген: «Бәһзул Мәлик халқынан бір әйел мұсылман болады. Әзірет Омар тиісті адамдарға «Өз жерлерінде қалғысы келіп, жерге салынған бұрынғы салықтарын төлесе, жеріне тиіспеңдер».

Әзірет Али де мұсылман болған Ирандық бір егіншіге: «Жеріңде отыра берем десең, сенен алынған (кісі) басы салығын алып тастаймыз, алайда жерден алынатын салықты алуды жалғастырамыз, ал ол жерден кетер болсаң, жерге біз иелік етеміз», – дейді.

Олжа (ғанимат) және пәй

Олжа – кәпірлермен шайқаста қолға түскен мүлік. Бұл беске бөлінеді. Бір бөлігі Алла Елшісіне беріледі, қалған төрт бөлігі соғысқа қатысқан жауынгерлерге үлестіріледі. Атты әскерлер үш бөлігін, жаяу әскер бір бөлігін алады. Пәй – кәпірлердің шегініп кетулері немесе мұсылмандармен соғыспай келісімге келуінің нәтижесінде қолға түскен мүлік. Кедендік салық, сауда салығы, мирасшысы жоқ зыммиден мемлекеттің қазынасына өткен мүлік сияқтылардың барлығы пәйге жатады. Бұл екі сөздің антоним ретінде қолданылған кездері де болған.

عَنْ مُجَمِّعِ بْنِ جَارِيَةَ الْأَنْصَارِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَهِدْنَا الْحُدَيْبِيَّةَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَمَّا انْصَرَفْنَا عَنْهَا إِذَا النَّاسُ يَهُزُّونَ الْإِبِلَ. فَقُلْنَا مَا لِلنَّاسِ؟ فَقَالُوا: أُوحِيَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَنَفَرْنَا مَعَ النَّاسِ نُوجِفُ الْإِبِلَ فَوَجَدْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِكُرَاعِ الْغَمِيمِ وَاقِفًا عَلَى رَاحِلَتِهِ. فَلَمَّا اجْتَمَعَ النَّاسُ قَرَأَ عَلَيْنَا: إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا. قَالَ رَجُلٌ أَفَتْحٌ هُوَ؟ قَالَ: نَعَمْ؛ وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ إِنَّهُ لَفَتْحٌ حَتَّى بَلَغَ: وَعَدَكُمُ اللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةً تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَذِهِ: يَعْنِي خَيْبَرَ، فَلَمَّا انْصَرَفْنَا غَزَوْنَا خَيْبَرَ فَقُسِّمَتْ عَلَى أَهْلِ الْحُدَيْبِيَّةِ، وَكَانُوا أَلْفًا وَخَمْسَمِائَةٍ مِنْهُمْ ثَلَاثُمِائَةِ فَارِسٍ فَقُسِّمَتْ عَلَى ثَمَانِيَةَ عَشَرَ سَهْمًا فَأُعْطِيَ الْفَارِسُ سَهْمَيْنِ وَالرَّاجِلُ سَهْمًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1101) Мүжәммиғ ибн Жария әл-Ансари236 (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Худайбияда болдық. Ол жерден қайтқанда, жұрт түйелерін қамшылап бара жатты. “Жұртқа не болды?” – деп сұрадық. “Алла елшісіне (с.а.с.) уахи түсіпті”, – деді. Біз де жұртпен бірге түйелерімізді тебініп жеттік. Алла елшісін (с.а.с.) Курағул-Ғамимде түйесінің үстінде тұрған жерінен таптық. Жұрт жиналғанда, ол бізге ﴿إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا﴾ “Расында, Біз саған айқын жеңіс нәсіп еттік” деген аятты оқыды.

Бір кісі: “Бұл жеңіс пе?” – деп сұрады. Ол: “Иә. Мұхаммедтің жаны қолында болған Аллаға ант етейін, бұл – жеңіс”, – деді. Ол “Алла сендерге қолға түсіретін мол олжа уәде етті де, осы олжаны сендерге тездетіп берді” деген аятқа дейін оқыды.

Мұнда Хайбар меңзелген. Қайтып келген соң, Хайбарға жорық жасадық. Олжа Худайбияға қатысқандарға бөлінді. Олар мың бес жүз кісі еді, үш жүзі атты болатын. Олжа он сегіз үлеске бөлінді. Аттыға екі үлес, жаяуға бір үлес берілді».237

Худайбия жорығына қатысты толық мәлімет №4266, 4269 хадистерде айтылады. Алайда мәселе түсінікті болуы үшін кейбір мәселелер жайлы қысқаша мәлімет береміз.

1. Худайбия жорығы һижреттің алтыншы жылы зул-қағда айында жасалды. Негізінде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғыс үшін емес, умра үшін Меккені бетке алып шыққан болатын. Зулхуләйфә деген жерге келген кезде ихрам киеді. Осылайша Ғамим деген жерге дейін келеді. Мүшріктер сол жерде алдарынан шығып одан ары жүрулеріне кедергі болды. Расулалламен (с.а.с.) мүшріктер арасында елшілер барыс-келіс жасады. Жағдай мүшкілдене түсті. Сол кезде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келісімнен үмітін үзіп бір ағаштың көлеңкесінде барша мұсылмандардан «жан берсе де қайтпауға» серт (биғат) алады. Артынша келген аяттарда осы серттесуден Алланың разы болғандығы айтылғандығы үшін бұны «Биғатур Ридуан» деп атаған. Бұл серт беру жайлы хабар мүшріктерге қорқыныш ұялатады және мұсылмандармен келісім жасауға разы болады.

2. Аталмыш келісімде сол жылы емес, келесі жылы умра жасау сөз болады, он жыл бойы бір-бірімен соғыспайтын болады, Меккеліктер Сирияға сауда үшін кедергісіз барып келе алатын болады, мұсылмандарды паналаған Меккелік мұсылмандар, Меккеге қайтарылады, мұсылмандардан Меккені паналаған діннен шыққандар болса қайтарылмайды. Умра үшін жолға шыққан мүминдер, умра жасай алмай қайтып оралғандығы үшін наразы күйде болды. Онымен қоймай Меккелік мұсылмандардың мүшірік туыстарына қайтарылып берілетіндігі тіптен ауыр тиген еді. Олар бұл келісімге разы болмады. Көбісінің ойынша соғысу бұл келісімнен әлдеқайда жақсырақ болар еді. Алла Елшісіне (с.а.с.) әзірет Омардан бастап, көптеген сахаба наразылық білдіріп, наразы екендіктерін сөздерімен, істерімен көрсетіп қалудан тартынбады.

Осындай күйде қайтып бара жатқанда «Фәтх» сүресінің түсуі, осы келісімді «Фәтх мубин» деп атауы тіпті таңқаларлық жағдай болды. Риуаятта бір жауынгердің сүрені оқып отырған Расулалланы (с.а.с.) бөліп жіберіп, «Бұл келісім жеңіс пе?» деуі – осы таңырқаудың белгісі.

3. Кейіннен тікелей әзірет Әбу Бәкір және әзірет Омардың да айтқанындай Худайбия келісімі шынымен де ұлы жеңіс болды. Кейіннен келетін Хайбар, Мекке, Хунәйн секілді жеңістерінің кілті іспетті еді. Осы келісімнің арқасында жылдар бойы арақатынасы ажыраған Меккелік мүшріктер мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынас қайта жаңғырып, Исламның не екендігін және не емес екендігін келісім шарттарында қамтылған және іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік туындаған еді. Екі жақты сенім мен қамқорлық оянды. Мүминдер қорықпай мүшріктердің арасына кіріп, айтысып-тартыса алатын болды. Әбу Суфиян сынды көшбасшы деңгейдегі Ислам дұшпандарының өзі Мәдинаға сенімді түрде бара алатын болды. Халид ибн Уәлид осы келісім барысында мұсылман болған еді. Әзірет Әбу Бәкірден өзгесі наразылық танытқан осы келісім, сырттай көрінген түрлі көрініске қарамастан шынымен де ұлы жеңіс еді.

4. Олжасы жайлы айтылған Хайбардың қоршалуы Худайбиядан қайтқан сәтте, Мәдинада 20 күнге жуық мерзім болғаннан кейін орын алған бір жеңіс еді. Риуаяттар кейбір жерінің соғыс арқылы, кейбір аумағының болса келісім арқылы азат етілгендігін жеткізген.

5. Ғанимат үлестірілгенде аттылар, аттары немесе түйелері үшін де қосымша үлес алды. Мәтінде Хайбар олжасының он сегізге бөлінгендігі айтылған. Мұның мағынасы мынадай: Бұл риуаят бойынша соғысқа қатысқандар – 1500 кісі. Бұлардың 300-і атты, сондықтан бұлар екі үлестен алған, 1200 жаяу жауынгер бір үлестен алған. Рауи әрбір тең бөлінген 100 бөлшекті бір үлес деп түсіндірген. Олай болса 12 жаяу, 6 атты әскер бар деген сөз, бұл 18-ге тең.

6. Худайбия жорығы жайлы айтылған әртүрлі риуаяттар да бар. Сенімділігі жағынан бұл риуаят өзгелерге қарағанда әлсізірек болғандықтан, бұл жердегі сандар негізге алынбайды. Нақты сандар келтірген риуаяттарда Хайбарда қолға түскен олжа 36 үлес, яғни, 3600-ге бөлінген. Мұның жартысы Расулаллаға (с.а.с.) және өзге мұсылмандарға берілген. Бұл дегеніміз 1800-ге тең деген сөз. Расулалланың (с.а.с.) үлесі өзге мүміндерден бір кісіге артық. 1800-ге тең қалған үлес мұсылмандардың жалпы қажеттіліктері үшін қазынаға қосылған. Худайбия жорығына 1400 адам қатысқан. Бұлардың арасында 200 атты әскер. Әрбір атқа арнап екі үлес берілді. Осылайша аттарға 400 үлес берілген. Мұны да адам басына берілген үлеске қосар болсақ, 1800 үлес болады. Олжаның тең жартысы үлестіріліп берілген. Жаяу әскерлер бір үлес алса, атты әскерлер үш үлестен алған.

Худайбияда бола тұра Хайбарға қатыспаған тек Жәбир ибн Абдулла (р.а.) ғана болатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған да сондай бір үлес алып қойды.

Әбу Муғауияның риуаятында келген бұл мәліметтер ғалымдар тарапынан сахих деп танылған. Әбу Дәуіт жоғарыдағы Мужамми хадисіндегі қателесушілікке назар аудара отырып, атты әскер санының Мужаммиде келгендей 300 емес, 200 екендігін айтқан. Өйткені аттыға 2 емес, 3 үлестен берілген. Бірі өзіне болса, екеуі атына.

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ أَبِي حَثْمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ نِصْفَيْنِ: نِصْفًا لِنَوَائِبِهِ وَحَاجَاتِهِ، وَنِصْفًا بَيْنَ الْمُسْلِمِينَ. فَقَسَّمَهَا بَيْنَهُمْ عَلَى ثَمَانِيَةَ عَشَرَ سَهْمًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1102) Сәһл ибн Әбу Хасмә (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбарды екіге бөлді: Бірі болуы мүмкін жағдайлар үшін және өз қажеттілігі үшін, қалған бөлігін мұсылмандар арасында үлестірді. Бұл бөлімі он сегіз үлеске бөлінді».238

1. Хаттаби бұл хадистен мынадай үкім шығарған: «Олжа ретінде жер қолға түсер болса, бұл да өзге мүліктер іспетті үлеске түседі. Екеуінің арасында қандай да бір айырмашылық жоқ».

2. Хайбар мәселесі соғыспен (күшпен) азат етілген жерлерге қатысты шариғи үкімдер мысал бола алады. Мұндай жерлер олжа қатарына жатады.

Алайда жоғарыдағы сөз бен аят үкімі арасында қарама-қайшылық туындап тұрған сияқты:

Мәселе былай: وَاعْلَمُوا أَنَّمَا غَنِمْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَأَنَّ لِلَّهِ خُمُسُهُ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِى الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ аяты239 Алла Елшісіне (с.а.с.) «хумусул хумус», яғни, «бестен бірдің бестен бірін» беріп тұр, ал жоғарыдағы риуаяттан тең жартысын Алла Елшісіне (с.а.с.) арнағандығы жайлы сөз қозғалған. Бұл қалай болмақ?

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін, Хайбардың азат етілуіне қатысты келген барлық риуаяттарды қарау керек. Сол кезде мәселенің басы ашылады. Ол былай болады: Хайбар делінген сәтте бір ғана қала екен деп түсінбеу керек. Сол жерге қарасты ауылдар, егістіктер, қорғандар тағы сол сияқтылар бар. Тіптен олардың атауларының өзі әртүрлі еді: Уатихә, Кәтибә, Шақ (немесе Шық), Нәтат, Сүлалим.

Бұлардың бәрі бірдей азат етілмеді. Бір бөлігі соғыс арқылы азат етіліп олжаланса, енді бірі соғыссыз, аятта айтылғандай шабуылсыз240 азат етілген. Соғыс нәтижесінде қолға түскен хумус (бестен бір) бөлінгеннен кейін қалғаны ардагерлер арасында үлестірілсе де, келісім арқылы алынғандар, Алла тағаланың айтқанындай өз қажеттіліктері, аяқ асты туындаған қажеттіліктер және мұсылмандардың жалпы ісі үшін жұмсалды.

Олай болса, соғыс нәтижесінде және келісім нәтижесінде азат етілгендердің бәрі бірге қарастырылған және солай есептелген, олар, тең болып шықққан. Яғни, Хайбарға қарасты қорған, ауыл және егістіктердің жартысы соғыс арқылы азат етілген, екінші жартысы болса келісім арқылы қолға түскен. Осылай есептер болсақ, мұндай олжа бөлу түрін тең екіге бөлінгенде талқылап отырған риуаятымыздан да байқағанымыздай, кейбір риуаяттар соңғы нәтижесіне қарай жеткен, кейбір риуаяттар болса соғыс арқылы азат етілген жерлерді үлестіру мәселесіне қарай жеткізген. Демек, бұл жерде қандай да бір қарама-қайшылық жоқ. Бұл мәселе Әбу Дәуіттің дәл сол кітабындағы өзге хадистерінде жеңіл (сарих) деп көрсетілген.

Алайда ибн әл-Жәузи өзгеше бір көзқарас айтқан:

Хайбар толықтай соғыс арқылы азат етілген. Алайда қолбасшы соғыс арқылы азат етілген жерлерді мынадай үш түрлі жолмен қолдануға қолдануға құқылы.

1. Ардагерлерге үлестіріледі.

2. Үлестірмей қорға қосады.

3. Бір бөлігін үлестіріп екінші бөлігін қорға береді.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы үш тәсілді де қолданған.

1. Қурәйзә және Надир яһудилерінің мүліктерін бөліп берген.

2. Меккені бөлмеген.

3. Хайбардың жартысын бөлген, жартысын бөлмеген.

Соңғы сөз ретінде мынаны да айта кетейік, риуаяттар мәселені ибн әл-Жәузидің айтқанындай нақты үкім бере қоятындай анық емес. Хайбардың азат етілуіне дейін Меккенің азат етілуі мәселесі де ғалымдарды екі ойда қалдырған.

وَعَنْ شِهَابٍ قَالَ: «خَمَّسَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ ثُمَّ قَسَّمَ سَائِرُهَا عَلَى مَنْ شَهَدَهَا، وَمَنْ غَابَ عَنْهَا مِنْ أَهْلِ الْحُدَيْبِيَّةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1103) Ибн Шиһаб былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбарды беске бөліп, бестен бірін алғаннан кейін қалғанын Худайбия жорығына қатысқандар арасынан Хайбарға қатысқандар мен қатыспағандар арасында үлестірді».241

Ғалымдар Худайбия келісімі барысында түскен «Фәтх» сүресінің 20-аятында уәде етілген «мол ғаниматтың» Хайбар екендігін айтқан. Мұсылмандар Худайбия келісімін жасаған Зул-хижжа айында қайтып оралғаннан кейін Мәдинада 20 түн немесе осыған таяу бір мерзім өткерген. Кейін мухаррам айында азат ету үшін Хайбарға қарай бет алған.

Керекті түсіндірме алдыңғы риуаятта берілді.

وَعَنِ ابْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «ضَرَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَامَ خَيْبَرَ لِلزُّبَيْرِ أَرْبَعَةَ أَسْهُمٍ: سَهْمٌ لِلزُّبَيْرِ، وَسَهْمٌ لِذِي الْقُرْبَى لِصَفِيَّةَ بِنْتِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ أُمِّ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَسَهْمَانِ لِلفَرَسِ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1104) Ибн Зубәйір (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Хайбар жылы Зубәйірге төрт үлес берді: бір үлес – Зубәйірге, бір үлес – туыстық ақысы ретінде оның анасы Сафия бинт Абдулмутталибке, екі үлес – атына».242

Хадистен олжадан аттыға берілетін үлестің мөлшерін анықтауға болады. Атты кісінің атына екі үлес, өзіне бір үлес беріледі, сонда барлығы үш үлес болады. Зубәйірдің (р.а.) анасы Сафияға (р.а.) арнап алынған үлес, зилқурба (Пайғамбармыздың жақын туысқаны) үлесінен бөлінген. Себебі Сафия ханым Расулалланың (с.а.с.) әпкесі. Аятта олжадан алынатын үлесті есептегенде зилқурба атымен Алла Елшісінің (с.а.с.) жақындарын да ескерген243. Алла Елшісіне (с.а.с.) және жақындарына садақа және зекеттен алу харам етілген, ал пәй және олжадан түскен мүліктерден үлес берілген.

وَعَنْ حَشْرَجَ بْنِ زِيَادٍ عَنْ جَدَّتِهِ أُمِّ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّهَا خَرَجَتْ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزَاةِ خَيْبَرَ سَادِسَةَ سِتِّ نِسْوَةٍ. قَالَتْ: فَبَلَغَ ذَلِكَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَبَعَثَ إِلَيْنَا فَجِئْنَا فَرَأَيْنَا فِيهِ الْغَضَبَ فَقَالَ: مَعَ مَنْ خَرَجْتُنَّ؟ وَبِإِذْنِ مَنْ خَرَجْتُنَّ. فَقُلْنَا: خَرَجْنَا نَغْزِلُ الشَّعْرَ وَنُعِينُ بِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَنُنَاوِلُ السِّهَامَ، وَمَعَنَا دَوَاءٌ لِلْجَرْحَى؟ وَنَسْقِي السَّوِيقَ. قَالَ: أَقِمْنَ إِذًا: فَلَمَّا فَتَحَ اللَّهُ تَعَالَى خَيْبَرَ أَسْهَمَ لَنَا كَمَا أَسْهَمَ لِلرِّجَالِ. قَالَ: فَقُلْتُ يَا جَدَّةُ مَا كَانَ ذَلِكَ؟ قَالَتْ تَمْرًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1105) Хашраж ибн Зияд әкесінің анасы Хайбар жорығына Алла елшісімен (с.а.с.) бірге шыққан алты әйелдің бірі болғанын жеткізген. Әжесі былай дейді: «Бұл хабар Алла елшісіне (с.а.с.) жетіп, ол бізді шақыртты. Барғанымызда оның ашуланғанын көрдік. Ол: “Кіммен шықтыңдар? Кімнің рұқсатымен шықтыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Қыл иіріп, сонымен Алла жолында жәрдемдесеміз. Жебе әпереміз, жаралыларға дәрі-дәрмек әкелдік, талқан сусынын береміз”, – дедік. Ол: “Олай болса, қалыңдар”, – деді.

Алла Тағала Хайбарды алуды нәсіп еткенде, ол ерлерге үлес бергендей бізге де үлес берді».

Хашраж былай дейді:

– Әжетай, ол не еді? – деп сұрадым.

– Құрма, – деп жауап берді.244

Бұл риуаятта сапарға қатысқан әйелдердің де ерлермен тең үлес алғандығы жөнінде айтылуда. Алайда бұл риуаят сәнәд жағынан әлсіз болғандықтан, амал етуге алынбаған. Ғұламалардың көпшілігі «Соғысқа қатысқан құл, әйел және балалар әскерлермен бір дәрежеде олжаға үлескер бола алмайды» деген үкім шығарған. Бұларға азын-аулақ сыйақы іспетті беріледі. Ал оның мөлшері қолбасшының еркіне қалдырылады. Сонымен қатар, «Не берілген еді?» деген сұраққа «Құрма» деп жауап бергендігін ескерген ғалымдар, мынадай пікір айтқан: «Бұл жерде әйел «Бізге де ерлерге берілгендерден берілді» дегісі келген, үлес мөлшерін айтпаған. Мұндай жауаптан «Ерлермен тең мөлшерде үлес алдық» деген мағына шықпайды». Алайда хадистен байқайтынымыз, Расулалланың (с.а.с.) құрманың бір бөлігін әйелдер мен ерлер арасында тең үлестіріп бергендігін айтуда. Хаттаби Әузағидің соғысқа қатысқан әйелдердің де үлескер болатындығына қатысты үкім бергеннен кейін осы хадисті дәлел ретінде көрсетуге болатындығын айтқан.

وَعَنْ عُمَيْرٍ مَوْلَى آبِي اللَّحْمِ قَالَ: «شَهِدْتُ خَيْبَرَ مَعَ سَادَانِي فَكَلَّمُوا فِيَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقُلِّدْتُ سَيْفًا فَأُخْبِرَ أَنَّنِي مَمْلُوكٌ فَأَمَرَ لِي بِشَيْءٍ مِنْ خُرْثِيِّ الْمَتَاعِ وَعَرَضْتُ عَلَيْهِ رُقْيَةَ كُنْتُ أَرْقِي بِهَا الْمَجَانِينَ فَأَمَرَنِي بِحَبْسِ بَعْضِهَا وَطَرْحِ بَعْضِهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1106) Умәйр Мәула Әбил Лахм (р.а.) былай дейді: «Қожайындарыммен бірге Хайбар жорығына қатыстым. Расулаллаға (с.а.с.) мен жайлы айтылды және менің құл екендігімді де айтты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған қылыш беруді бұйырды. Маған қылыш берілді. (Алайда жасым кіші болғандықтан және бойым аласа болғандығы үшін) қылышты жерге сүйретіп жүрдім. Кейін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған үй заттарын беруді әмір етті. Жындыларды емдеу үшін оқитын бір тылсымды (сиқыр) (тексеруі үшін) Расулаллаға (с.а.с.) ұсындым. Бір бөлігін лақтырды да, қалған бір бөлігін сақтап қой деп берді».245

1. «Тәйсирдегі» мәтінде кейбір кемшіліктер бар. Аудармада Тирмизидің мәтінін негізге алдық.

2. Бұл риуаятта екі түрлі мәселе қамтылған:

1) Құлдың соғысқа қатысуы және жасы кіші болса да, соғысуды үйренуі үшін қылыш берілуі, соғысқа қатысқандығы үшін үлес берілмей, құны жағынан төмен болып табылатын үй заттарын сыйлауы. Хадистің осы бөлімінде құлдың соғысқа қатысуы арқылы олжадан үлес ала алмайтындығы жайлы айтылған.

2) Риуаяттың екінші бөлімінде өзгеше бір мәселеге тоқталған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сиқыр (гипноз) арқылы науқастарды емдеуге рұқсат еткен және тек жаһилия (надандық) дәуірінен жалғасып келе жатқан дұғаларды тексерткен. Ислам ақидасына сай келмейтін сөздер, сөйлемдер, пұт, жын, шайтан аттарын, мағынасыз сөздерді алып тастаған. Бұл риуаятта айтып отырғандарымыз түсінікті болмаса да өзге риуаяттар мәселенің басын ашып береді. Бұл жерде Умәйраның сиқырлау (гипноздау) арқылы емдейтін дұғаларын тексеруі үшін Алла Елшісіне (с.а.с.) оқып бергендігі, Расулалланың (с.а.с.) бұл жәһилиә (надандық) дұғасының кейбір жерін Ислам ақидасына сай келмегендіктен алып тастауын, қалғандарына болса, қандай да бір қарсылық танытпай оқи беруіне рұқсат еткендігін байқаймыз. №4022 хадисте толығырақ мәлімет беретін боламыз.

وَعَنِ الزُّهْرِي قَالَ: «أَسْهَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِقَوْمٍ مِنَ الْيَهُودِ قَاتَلُوا مَعَهُ» أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

(1107) Зуһри былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), өзімен бірге соғысқан бір топ яһудилерге олжадан үлес бөліп берді».246

Тирмизи бұл риуаятты «Мұсылмандармен бірге соғысқан зыммилер жайында келген үкім: Олжаға да үлескер бола ма?» деп басталатын бір тарауда қамтыған. Соғыста дұшпанға қарсы зыммилерден жәрдем сұрамау негіз бола тұра, соғысқа қатысқан жағдайда, көпшілік ғұламалар, зыммилерге олжадан үлес берілмейді деген үкім берген. Кейбіреулері «Оларға да үлес беріледі» деген үкім шығарған.

Олай болса, талқылап отырған хадисіміз Зуһридің мурсәл риуаяты – осы көзқарастың көрінісі. Алайда бірінші көзқарас дұрысы, яғни, зыммилерден мұсылмандармен бірге дұшпанға қарсы шайқасса да, олжадан үлес берілмейді. Хадисшілер Зуһридің мурсәлдеріне көп жүгінбейді және әлсіз деп қабылдайды. Егер сахих деген күннің өзінде бұл жердегі мақсат олжадан үлес беру емес, сыйлық немесе сыйақы іспеттес бірдемелердің берілуі радх деп саналған. Радх «азын-аулақ сый-сияпат» деген сөз.

Қорыта айтқанда, әйел, бала, құл және зыммиге олжадан үлес берілмейді. Берілгендігіне қатысты келген риуаяттар радх деп саналған.

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَدِمْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي نَفَرٍ مِنَ الْأَشْعَرِيِّينَ بَعْدَ أَنِ افْتَتَحَ خَيْبَرَ فَقَسَمَ لَنَا وَلَمْ يَقْسِمْ لِأَحَدٍ لَمْ يَشْهَدِ الْفَتْحَ غَيْرَنَا إِلَّا أَصْحَابَ سَفِينَتِنَا جَعْفَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَأَصْحَابَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1108) Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Хайбар азат етілгеннен кейін бір топ Әшғаримен Расулалланың (с.а.с.) жанына келдік. Олжадан бізге де үлес бар еді. Алайда (Хабашстаннан қайтқан) кемедегі серігіміз Жағфар (р.а.) және оның достарынан тыс, Хайбар жорығына тікелей қатыспағандарға үлес берілмеген еді».247

Хайбардың азат етілуінен кейін ғанимат үлестірілуі барысында Хабашстаннан қайтып келе жатқан мұһажирлер арасынан, оқиғаны жеткізуші Әбу Мұсаны да қамтыған бір топ Хайбарда Расулаллаға (с.а.с.) жолығады. Әбу Дәуіттің риуаятында «ғанимат үлесіне үлескер ретінде қосылдық» деген. Риуаяттағы өзгешелікке қарасақ Әбу Мұса: «Олжа үлесіне бізді де қосты» немесе «Олжадан бізге де берді» деген.

Хаттаби бұларға берілген үлестің Расулалланың (с.а.с.) өз үлесіндегі бестен бірі (хумустан) болуы керек екендігін айтқан. Алайда өзге әскерлердің разылығымен олжа үлестіруге қатысқандықтарын алға тартқандар да болған. Мұса ибн Уқба «Мағазиінде» осы мәселеде нақты пікір білдірілген. Сонымен қатар, олжаның жиналуынан кейін және үлестірілуінен бұрын келгендіктен, барлық олжадан бұларға жеке үлес бөлген болуы мүмкін деген пікірлер де бар.

Шәфиғидің осы мәселеге қатысты екі көзқарасының бірі осы.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَامَ: يَعْنِي يَوْمَ بَدْرٍ فَقَالَ: أَنَّ عُثْمَانَ انْطَلَقَ فِي حَاجَةِ اللَّهِ وَحَاجَةِ رَسُولِهِ ﷺ، وَإِنِّي أُبَايِعُ لَهُ، فَضَرَبَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِسَهْمٍ وَلَمْ يَضْرِبْ لِأَحَدٍ غَابَ عَنْهُ غَيْرَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1109) Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні яғни, Бәдір соғысы күні былай деді:

“Осман Алланың және Расулының (с.а.с.) ризашылығына сай қызмет атқаруға келгеніне күмән жоқ. Мен оның орнына биғат (ант) беремін”. Кейін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олжадан үлес бөлді. Соғысқа қатыспаған одан өзге ешбір жанға үлес бермеді».248

1. Риуаяттағы «Яғни, Бәдір соғысы күні» деген сөз рауилер тарапынан қосылған түсіндірме. Алайда хадисте жаулау мәселесі қозғалып отыр. Өйткені Алла Елшісінің (с.а.с.) әзірет Османның (р.а.) атынан биғат (ант) етуі тек Хұдайбияда болған оқиға. Меккеліктерге елші ретінде кеткен әзірет Османды мүшіріктер тұтқындап алып, мұсылмандардың арасына өліп қалды деген жалған хабар таратып та үлгерген. Міне, сол кезде Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сапарға келген барша мұсылмандардан биғат (ант) алған. Әзірет Османның кезегі келгенде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оң қолын көрсетіп, «Бұл – Османның қолы», – дейді және екінші қолына қойып оның атынан биғат (ант) етеді.

Бәдірде мұндай оқиға болмаған. Алайда әзірет Османның Бәдірдегі жағдайы басқа. Бұл оқиға былай болған: Расулалланың (с.а.с.) қызы Руқия (р.а.) науқас еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Руқияның күйеуі әзірет Османды Мәдинада қалдырып Руқияға қарайласуын бұйырады. Османға: إِنَّ لَكَ أَجْرَ رَجُلٍ مِمَّنْ شَهِدَ بَدْرًا وَسَهْمَهُ. «Саған Бәдірге қатысқан кісінің сауабы да, үлесі де беріледі», – дейді.

Олай болса жоғарыдағы риуаятта рауилер кейбір нәрселерді шатастырып алғанын байқаймыз.

2. Бәдір соғысына қатыспаса да ғаниматтан үлес бөлінген кісі – әзірет Осман. Бұл оның тікелей Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызы Руқияға қарайласуына міндеттелгені үшін, Мәдинада қалуға міндеттелгендігі үшін берілген.

3. Бұл хадистен имам тарапынан міндеттелген жауапкершілігі үшін соғысқа қатыса алмағанға олжадан үлес бере алады деген үкім берген. Имамға тиесілі емес қандай да бір іс кедергі болып соғысқа қатыспаған кісіге олжадан үлес берілмейді деген үкімге Шәфиғи, Мәлик, Әузаи, Сәури, Ләйс те келіскен.

Әбу Ханифа және шәкірттері бұл мәселеге қатысты былай дейді: «Олжа Исламға тұрып әскер қатарына қосылғандарға олжадан үлес беріледі»

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَيُّمَا قَرْيَةٍ أَتَيْتُمُوهَا أَوْ أَقَمْتُمْ فِيهَا فَسَهْمُكُمْ فِيهَا، وَأَيُّمَا قَرْيَةٍ عَصَتِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ خُمُسَهَا لِلَّهِ وَرَسُولِهِ وَهِيَ لَكُمْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1110) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Қандай да бір ауылға барып сол жерде тұрақтайтын болсаңдар, үлестерің сол жерде. Қандай да бір аймақ Аллаға және Оның Елшісіне қарсы келер болса, сол аймақтың бестен бірі Алла және Оның елшісіне тиесілі және қалғаны сендердікі”».249

Пәйдің олжа сынды беске бөлінбейтінін айтқан ғалымдар осы хадисті дәлел етеді.

Ибнул-Мунзир: «Пәйдің де беске бөлінетіндігі жайлы Шәфиғиден бұрын айтқан ешбір фиқыһ ғалымын білмейміз», – дейді.

Хаттаби былай дейді: «Бұл хадисте соғыс арқылы алынатын жердің үкімі, өзге олжа мүліктерінің үкіміне қарай болатындығына қатысты дәлел бар. Яғни, жер де беске бөлінеді, бестен бірі әһл-хумус деп аталатындарға беріледі. Қалған төрті қолға түскен өзге ақша және мүлік іспетті соғысқа қатысқан жауынгерлер арасында үлестіріледі.

وَعَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَجْعَلُ فِي قَسْمِ الْغَنَائِمِ عَشْرًا مِنَ الشَّاءِ بِبَعِيرٍ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1111) Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олжа үлестіргенде он ешкіні бір түйемен тең санайтын».250

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олжа үлестіргенде түйені ешкімен салыстырған. Исхақ ибн Рахуя бұл хадиспен амал еткен. Алайда өзге ғалымдар мұның мансұх болғандығын жеткізеді. Себебі көпшіліктің мақұл көргені сахих риуаяттарда түйенің де сиыр іспетті жеті құрбанның бірі екендігі айтылған.

Алиул-Қари хадистің насых болуына емес, сахих хадиспен қарама-қайшы келеді деген үкім беруді жөн көрген.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُنَفِّلُ بَعْضَ مَنْ يَبْعَثُ مِنَ السَّرَايَا لِأَنْفُسِهِمْ خَاصَّةً سِوَى قِسْمَةِ عَامَّةِ الْجَيْشِ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: وَالْخُمُسُ فِي ذَلِكَ كُلِّهِ وَاجِبٌ. أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1112) Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жорыққа жіберген жасақтардың кейбіріне бүкіл әскерге бөлінген олжадан бөлек, қосымша үлес беретін». Бір нұсқада: «Осының бәрінде бестен бір үлесті бөлу міндетті», – деген қосымша бар.251

Олжа белгілі бір шарттарға сай беріледі. Бестен бірі (хумус) Алла және Оның елшісіне тиесілі, қалған төрті жауынгерлерге (атты әскерге үш, жаяу әскерге бір үлес болып) тең бөлінеді. Бұл риуаятта соғыста айрықша ерлік көрсеткен немесе өте маңызды қызмет атқарғандарға Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеке сый-сияпат бергендігін байқаймыз. Бұл сый-сияпат шайқасқа қабілетті, ерлік көрсете алатын жауынгерлерді ынталандыру іс болса керек. Осы ерекше сый-сияпат кейде материалдық құндылыққа ие болмаса да, өзіндік құны бар екендігі анық. Бүгінгі таңда медаль, алғыс хат, естелік іспетті сый-сияпаттың түрлері де осыған ұқсас. Алла Елшісінің (с.а.с.) осындай сый ұсынғандығын байқауға болады. Осы мәселеге қатысты түрлі көзқарастар бар:

• Амр ибн Шуайб: «Мұндай сыйды беру тек Алла Елшісінің (с.а.с.) ғана еншісінде» деген.

• Имам Mәлик қолбасшының ынталандыру үшін алдын-ала осындай шарт қоюы мәкруһ деген. «Бұл жиһадты Алла разылығы үшін емес, дүниелік пайда үшін жасаған болып табылады» деген.

• Ғұламалардың басым көпшілігі мұндай іске рұқсат деген көзқарасқа бір ауыздан келіскен.

Алайда үлестен тыс берілетін бұл сый-сияпат қайдан берілген? Міне, осы мәселеге қатысты пікірталастар туындаған. Олжа үлестірілмей тұрып беріле ме әлде бестен бірінен бе, не болмаса бестен бірдің бестен бірі ме яки содан қалғаны ма?

• Шафиғилер алғашқы үш негізді айтқан. Олардың пікірінше ең дұрыс пікір бестен бірдің бестен бірінен. Яғни, олжа үлестіріліп, бестен бір алынғаннан кейін, Хумус жұмсалатын бес орынның біріншісінен алынуы. Аятта хумус былай келген:

1. Алла және Оның елшісі

2. Пайғамбардың (с.а.с.) жақындары (туыстары)

3. Жетімдер

4. Пақыр-міскіндер

5. Жолаушылар.

• Әузағи, Ахмад ибн Ханбал, Әбу Сәур және басқа ғалымдар бұл сый (нәфл) олжа бөлінбей тұрып берілетіндігін айтқан.

• Имам Mәлик және бір топ ғұламалар: «Нәфл берілетін болса, міндетті түрде хумустан болуы тиіс» деген.

• Хаттаби «Осы мәселеге қатысты жеткен хабарлардың көпшілігі нәфл олжаның негізгіден берілуі керек екендігінің дәлелі», – дейді. Алайда өзі хумустан болады деген көзқарасты ұстанған.

• Ибн Абдулбәрр: «Имам мынадай-мынадай себептерге қатысты әскерлер арасынан кейбіріне сый бергісі келсе, мұны хумустан (бестен бірден) алады. Алайда әскерлер арасынан кейбіреулері ерекше ерлік танытып олжа тапқан болса және қолбасшы бұларға сый бергісі келсе, ондай жағдайда үштен бірден аспайтын мөлшерде деген шартпен, олардың тапқан олжаларынан өздеріне сый беріледі», – дейді.

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَفَّلَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ بَدْرٍ سَيْفَ أَبِي جَهْلٍ دُونَ الَّذِي كَانَ قَتَلَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1113) Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәдір күні Әбу Жәһилдің қылышын маған сыйлады». Әбу Жәһилді Ибн Мәсғуд өлтірген еді.252

Бәдір соғысында ибн Мәсғуд Әбу Жәһилдің басын шапқан еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыған орай Әбу Жәһилдің қылышын сәләб деп қабылдап олжа арасына қоспаған. «Сәләб мүлкі өлтірушіге тиесілі» деген қағида бекітілген еді. Яғни, соғыс барысында, бір әскер жаулардың бірін өлтірсе және өлтіргендігі анықталар (нақтыланатын) болса, өлген кәпірдің сәләбі (жарамды заттары, ақшасы, қаруы тсс.) өлтіргенге тиесілі болады. Бұл өзге олжа арасына қосылмайды, жауынгерлерге үлестірілмейді. (№1117 хадисте талқыланады). Міне, Әбу Жәһилді ибн Мәсғуд өлтіргендіктен оның қылышы олжа емес «сәләб» болып саналған.

Ғұламалар осы риуаятқа сүйене отырып, «жаралы адамды өлтірген де оны өлтірген болып саналады, «сәләб»-қа ие болады» деген үкім шығарған. Негізінде, Әбу Жәһилді жарақаттаған Муаз ибн Амр ибн Жәмух және Муаз ибн Афра еді. Ибн Мәсғуд басын шапқан еді.

«Әбу Жәһилді ибн Мәсғуд өлтірген еді» деген сөз рауилер қосқан сөз ретінде қабылданған.

وَعَنْ أَبِي الْجُوَيْرِيَّةِ الْجَرْمِي قَالَ: «أَصَبْتُ بِأَرْضِ الرُّومِ جَرَّةً حَمْرَاءَ فِيهِمَا دَنَانِيرُ فِي إِمْرَةِ مُعَاوِيَةَ، وَعَلَيْنَا رَجُلٌ مِنَ الصَّحَابَةِ مِنْ بَنِي سُلَيْمٍ فَقَسَمَهَا بَيْنِي وَبَيْنَ الْمُسْلِمِينَ وَأَعْطَانِي مِثْلَ مَا أَعْطَى رَجُلًا مِنْهُمْ. ثُمَّ قَالَ: لَوْلَا أَنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: لَا نَفْلَ إِلَّا بَعْدَ الْخُمُسِ لَأَعْطَيْتُكَ، ثُمَّ أَخَذَ يَعْرِضُ عَلَىَّ مِنْ نَصِيبِهِ فَأَبَيْتُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1114) Әбу әл-Жууәйрия әл-Жәрми былай дейді: «Рим аумағында ішінде динары бар қызыл қап тауып алдым. Сол сәтте басшы әзірет Муғауия (р.а.) еді. Қолбасшы ретінде әзірет Расулалланың (с.а.с.) сахабаларының бірі Мағн ибн Язид (р.а.) атты Бәни Суләмдық біреу бар еді. Қапты соған апарып бердім. Ол алтындарды мұсылмандарға үлестіріп берді. Маған да өзгелерге берген мөлшерде берді. Содан кейін, “Расулалланың (с.а.с.): ‘Нәфл (сый) тек хумустан кейін болады’ дегенін естімегенімде саған (көбірек) берер едім”, – деді. Кейін маған өз үлесінен сый берді».253

Бұл риуаятта нәфлдің, яғни, сыйдың олжадан берілетіндігі айтылған. Хадисте табылған қаптың соғыс нәтижесінде (күшпен) алынбағандығы, яғни олжа емес екендігі баяндалған. Ғалымдар мұны пәй қатарына жатқызады. Пәйде хумус та жоқ, нәфл де жоқ. Нәфл тек дұшпанды өлтіргенде ғана берілетіндігі айтылған. Қолбасшы Раулалланың (с.а.с.) «Нәфл тек хумустан болады» деген сөзіне сүйеніп нәфл (сый) беруден бас тартқан. Олай болса, қолбасшы бұл хадис арқылы Әбу әл-Жуәйрияға тапқан динарларын сыйламаған. Себебі қолбасшы бұл хадистен нәфлді олжадан бестен бір алынғаннан кейін ғана жауынгерлер арасында үлестірілетін қалған бестен төртінен берілетіндігін айтқан. Сонымен қатар осы мәселені Әбу Дәуіттен алынған Хабиб ибн Мәсләмә әл-Фиһри хадисі де қуаттай түседі. «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олжадан бестен бір алынғаннан кейін, қалған үштен бірін (лайық болып табылатындарға) сый ретінде (нәфл) беріледі» Бұл риуаят бойынша, олжаның бестен төртінің үштен бір мөлшері ғана нәфл ретінде алынады. Әузаи және Мәкһул нәфлді осы үшті бір мөлшерінен аспауы керек екендігін алға тартса да, Шәфиғи: «Бұған нақты шектеу қойылмайды, имамның көзқарасы мен қалауына қалады» деген.

Нәфлге қатысты риуаяттардың әртүрлі болуы және осыған сүйенген ғұламалардың түрлі пікірталастарын алға тартқандығын көрсету үшін, тағы Хабиб ибн Мәсләмә әл-Фиһриден Әбу Дәуітте келген бір риуаятқа назар аударамыз: «Расулалланың (с.а.с.) бастапқыда төрттен бір, (екінші) мәрте оралғанда үштен бір нәфл бергендігіне куә болдым».

Кейбіреулері бұл риуаятта өткен бәдиғ (бастапқыда) сөзінің «соғысқа қатысқан», «рәжәғ» сөзінің «соғыстан қайтып оралғанда» деп пайымдаса да, Хаттаби «бәдғә» сөзін «дұшпанмен бірінші қарсыласу» деп пайымдаған, «рәжәғ» сөзін «дұшпанға екінші мәрте жасалған шабуыл» деп пайымдаған.

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَهْطًا وَأَنَا جَالِسٌ فَتَرَكَ مِنْهُمْ رَجُلًا هُوَ أَعْجَبَهُمْ إِلَىَّ. فَقُلْتُ مَالَكَ عَنْ فُلَانٍ؟ وَاللَّهِ إِنِّي لَأَرَاهُ مُؤْمِنًا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَوَ مُسْلِمًا. ذَكَرَ ذَلِكَ سَعْدٌ ثَلَاثًا فَأَجَابَهُ بِمِثْلِ ذَلِكَ. ثُمَّ قَالَ: إِنِّي لَأُعْطِي الرَّجُلَ وَغَيْرُهُ أَحَبُّ إِلَى مِنْهُ خَشْيَةَ أَنْ يُكَبَّ فِي النَّارِ عَلَى وَجْهِهِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ.

(1115) Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен жанында отырғанда бір топ адамдарға сый-сияпат берді. Алайда олардың ішіндегі бір кісіге ештеме бермеді. Мен “Пәленшемен араларыңызда бірдеме болды ма (оған неге бермедіңіз)? Аллаға ант етейін, мен оны мүмін деп санаймын!” – дедім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Әрине, мұсылман!” – деді. Сағд (шыдамай кетіп) осы сөзін үш мәрте қайталады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да әр қайталаған сайын сол айтқанындай жауап берді. Соңғы сөзінде мынаны да қоса айтты “Маған көз алдымда әлдеқайда үнымды болып табылғанға ештеме бермей тұрғанда, тозақ отын құша құлайды деп қауіптенген жанды құтқарып қалу үшін оған сый беремін (сый-сияпат беруіме сүйіспеншілігім өлшем болып табылмайды)”».254

1. Кейбір түсіндірмелерде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сый бермеген кісінің Жуайл ибн Сурақа әл-Ғифари екендігі айтылады. Суффа сахабаларының қатарында болған. Алғаш Исламды қабылдаған және Ухудқа қатысқан. Бәни Қурайза жорығында көзінен жарақат алған. Бет-әлпеті ұсқынсыздау болатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мадақтаған сахабалардың қатарында болған. Кедей болды. Бәни Мустакил жорығында Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жуаилды Мәдинаға өкіл етіп қалдырған.

2. Тағы бір риуаятта жоғарыдағы оқиға былай келген:

Расулаллаға (с.а.с.): «Акра ибн Хабис, Уйәйнә ибн Хиснға жүз түйе бердің де, (шынымен мұқтаж болып табылатын) Жуайлге бермедің!» делінген кезде, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деп жауап берді: «Жанымды ұстап тұрған Алла тағалаға ант етейін, Жуайл Уйәйнә және әл-Ақра сындылардан әлдеқайда қайырлы. Алайда мен мұсылман болулары үшін екеуінің жүрегін баурауға тырыстым».

Бұл риуаят Саид ибн Әбу Уаққардың (р.а.) жеткізген оқиғасын, Хунәйн соғысы кезінде қолға түскен олжаны тарату барысында, Меккенің азат етілуі арқылы жаңадан мұсылман болғандарға, Алла Елшісінің (с.а.с.) оларды Исламға жібіту үшін (олжа үлестірудегі негізгі қағидадан шығып) мол-мол берілуі оқиғасына қатысты айтылған. Сонымен қатар хадисте айтылған рахт, саны жағынан оннан аз, үштен көп және араларында әйел жоқ топ деген. Келесі №1116 хадисте бір көзқарас берілетін болады.

3. Алла Елшісінің (с.а.с.) «Мүмин» деме, «мүслим» де!» деген қарсы айтылған сөзін кейбір ғалымдар: «Иман ғайып бір мәселе, қал-күйін жақсылап зерттемей тұрып бұл мәселеге қатысты нақты кесіп айтуға қарағанда абай болуды, сыртқы ісіне қарап үкім беру әлдеқайда дұрыс». «Мүслим» сыртқы көрінісіне қарай айтылған, осылай деу, абай болуға әлдеқайда оңтайлы» деп пайымдаған.

4. Негізгі оқиға мынадай: Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүәлләфәтул-қулуб қатарына жататын бір топқа молынан беріп Жуайлге бермегеннен кейін Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) әрі кедей екендігін, әрі өте жақсы танитын мына кісіге бермегендігіне шыдай алмай, Расулаллаға келіп, (бір риуаятта жасырын түрде) «Мынаған неге бермедіңіз, уаллаһи, мен оны мүмин деп есептеймін» дейді.

Расулалланың (с.а.с.) «Мүслим деп білемін де!» деп берген жауабына қанағаттанбаған Сағд сөзін қайталайды. Бірнеше мәрте қайталанған сұраққа Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақыр соңында Жуайлдің өз көзіндегі орнын және оған бермеуінің негізгі себебін түсіндіреді: «Мен көз алдымда әлдеқайда ұнамды болып табылғанға ештеме бермей тұрғанда, тозақ отын құша құлайды деп қауіптенген жанды құтқарып қалу үшін оған сый беремін!»

Бұл жауапта Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрі Жуайлға (р.а.) деген сүйіспеншілігін, әрі өзгелердің діннен шығып кетуінен қауіптенгендігін тілге тиек еткен. Шынымен де осындай саясаттың арқасында, материалдық пайда үшін Исламға кірген көптеген жан, кейіннен Исламды шын пейілімен қабыл алған, аса қауіпті жағдайлардың өзінде діннен ат-тонын ала қашпаған.

وَعَنْ رَافِعِ بْنِ خُدَيْجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَبَا سُفْيَانَ ابْنَ حَرْبٍ يَوْمَ حُنَيْنٍ، وَصَفْوَانَ بْنَ أُمَيَّةَ وَعُيَيْنَةَ بْنَ حِصْنٍ، وَالْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ وَعَلْقَمَةَ بْنَ عُلَاثَةَ كُلَّ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ مِائَةً مِنَ الْإِبِلِ، وَأَعْطَى عَبَّاسَ بْنَ مِرْدَاسٍ دُونَ ذَلِكَ. فَقَالَ عَبَّاسُ بْنُ مِرْدَاسٍ فِي ذَلِكَ شِعْرًا. أَ تَجْعَلُ نَهْبِي وَنَهْبَ الْعَبِيدِ ِبَيْنَ عُيَيْنَةَ وَالْأَقْرَعِ وَمَا كَانَ حِصْنٌ وَحَابِسٌ يَفُوقَانِ مِرْدَاسَ فِي مَجْمَعِ وَمَا كُنْتُ دُونَ امْرِئٍ مِنْهُمَا وَمَنْ تَخْفِضِ الْيَوْمَ لَا يُرْفَعِ فَأَتَمَّ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِائَةً». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

(1116) Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хунәйн күні Әбу Суфиян ибн Харб, Сафуан ибн Умәйя, Уйәйнә ибн Хысн, Ақрағ ибн Хабис және Алқамә ибн Уләса атты кісілердің әрбіріне жүз-жүз түйе берді. Аббас ибн Мирдасқа азырақ берді. Сол сәтте Аббас ибн Мирдас мынадай өлең шығарды:

“Үбәйд атты жылқымның олжасы мен өз олжамды Уйәйнә мен Ақрағқа бөлдің бе?

Хисн255 де, Хабис те жұрт ішінде Мирдастан асып көрген емес.

Мен де екеуінің ешқайсысынан кем емеспін.

Бүгін төмендеткенің ертең биікке көтеріле алмайды”.

Рафиғ: “Сонда Алла елшісі (с.а.с.) оның үлесін жүз түйеге толтырды”, – дейді».256

Бұл – Хунәйннен қайтып оралар жолда Жиранә атты жерде болған оқиға. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккені азат еткеннен бірнеше аптадан кейін мұсылмандарға қарсы соғысқа дайындық жасап жатқан Ғатафандықтарға қарсы соққы беру үшін Хунәйнді бетке алады. Әскер қатарына Исламға жаңадан кірген екі мыңға жуық Меккелік әскер алады. Бұлардың көбінің жүрегінде иман әлі бүр жармағандығын Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де білуші еді. Сондықтан оларға дүние-мүлікті көбірек беріп көңілдерін тапқысы келді. Сол себепті Табаридің айтуы бойынша, соғыс басталмай тұрып көбісіне сый-сияпат берген еді.

Негізгі сый-сияпатты соғыстан кейін берген еді. «Муәлләфәтул қулуб», яғни, жүректерінің төрінен орын бергендер деп Ислам тарихына аты қалған осы топ, Алла Елшісінің (с.а.с.) ғұмырында ерекше орны бар еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хунәйндегі жеңісте олжаланған заттардан Ансарларға ештеме бермей, Меккеліктерге молынан берген еді. Әсіресе Меккенің бетке ұстарларына халықтың көшбасшысы болып табылатындарға елу-елу түйеден берген еді.

Өздеріне ештеме берілмегендер мен азғантай заттар алғандар реніштерін айтады. Осы жағдайды құрметсіздік деп санап, қарсы пікір айтушылар және сынаушылар да шығады. Мысалы, Тәмимдік бір кісі мен Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арасында мынадай диалог болған:

– Уа, Мұхаммед бүгін не істегеніңді байқадым.

– Не байқадың, айта отыр!

– Әділеттілік танытпадың, әділ бол!

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қатты ашуланса да:

– Сен үшін өкінемін, мен әділ болмасам, кім әділ болмақ? Әділ болмасам құрдымға кетер едім! – дейді. Әзірет Омар

– Рұқсат етші, мына мұнафықты өлтірейін! – деп рұқсат сұраса да, Расулалла рұқсат етпейді.

Жоғарыда берілген Аббас ибн Мирдастың өлең жолдарының бірнеше тармағы Расулаллаға (с.а.с.) жеткен кезде, үлесін 50-ден 100-ге (түйеге) көбейтуін әзірет Алиге бұйырып: «Қалағанын бер де, мынаның аузын жап», – дейді.

Өздеріне ештеме берілмегендіктен Ансарлар да разы болмады. Тіпті ибн Һишамның айтуынша, Расулалланың (с.а.с.) жанындағы ақыны Хассан ибн Сәбит (р.а.) Алла Елшісін (с.а.с.) сынай өлең шығарады. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ансарларды шақырып алып, оларға неліктен олжадан бермегенінің себебін түсіндіреді. «Уа, Ансар халқы! Менің естіп жүргенім қаншалықты рас?! Маған көңілдерің суып қалған секілді. Сендердің араларыңа келгенімде адасқан ел едіңдер ғой, Алла сендерге діні арқылы тура жолды көрсетпеді ме?! Жалаңаяқ кедей едіңдер, Алла дәулеттеріңді арттырмады ма? Бір-бірлеріңе қас дұшпан едіңдер ғой, Алла көңілдеріңе бір-біріңе деген мейірім-махаббат орнатпады ма?..

«Уа, Ансар халқы! Болмашы бір дүние үшін маған ренжідіңдер ме? Мен бұлай жасау арқылы Исламға кірген бір қауымның жүрегін жаулауды көздеп, сендерді Исламға (имандарыңа) аманат еткен едім. Уа, Ансар халқы, адамдар бұл жерден түйе мен мал айдап қайтқанда сендер Алла және Оның елшісімен үйлеріңе қайтып оралуға разы емессіңдер ме? Мұхаммедтің жанын уысында ұстап тұрған Алла тағалаға ант етейін, һижрет болмағанда Ансарлық болар едім, егер адамдар бір елді мекенге, Ансарлар басқа бір елді мекенге бет алатын болса, мен Ансарлар таңдаған жаққа барар едім. Уа, Раббым! Ансарға, Ансар ұрпағына, Ансар ұрпағының ұрпағына мейірім жаудыр!»

وَعَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ: مَنْ قَتَلَ قَتِيلًا لَهُ عَلَيْهِ بَيِّنَةٌ فَلَهُ سَلَبُهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِي.

(1117) Әбу Қатада (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Шайқаста қарсыласын өлтіргенін дәлелдеген кісіге сол қарсыластың үстіндегі мүлкі тиесілі», – дегенін жеткізген.257

1. Сәләб (көпше түрі әсләб), көпшілік ғұламалардың айтуынша майдангердің қолындағы қару, киім секілді заттарға берілген атау.

Ахмад ибн Ханбалдің пікірінше тұяқты малдар сәләб қатарына кірмейді. Шәфиғидің пікірінше, соғыс жарақтары сәләб қатарына кіреді.

2. Сәләбтің кімге тиесілі болатындығы жайында ғалымдар әртүрлі көзқарас айтқан. Көпшілік ғұламалар сәләб дұшпанды жекпе-жекте жер жастандырған жанға тиесілі болады деген пікірге келіскен. Қолбасшы алдын-ала осындай уәде берсе де, бермесе де. «Хадисшілер «Бұл құқық қолбасшының өкілетіне берілмеген», – дейді. Көпшілік ғұламалардан тыс қалған Ханафилер мен Мәликилердің пікірінше, бұл құқық алдын-ала қолбасшының шарт қоюы арқылы ғана беріледі. Имам Мәлик: «Имам таңдау еркіне ие, қаласа, өлтірген жанға береді, қаласа, өзге олжа мүлкінің арасына қосып Хумусқа араластыра алады», – дейді.

Исхақ ибн Рахуяның «Әсләб көп болса, хумусқа қосылады» дегендігін айтады.

Мәкһул және Сәури: «Міндетті түрде Хумусқа қосылуы тиіс» деген. Сәләбті өлтірген адамға тиесілі деген пікірді алға тартушылар жоғарыдағы хадисті негізге алады және Расулалланың (с.а.с.) әртүрлі оқиғаларынан мысалдар береді.

وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَيْنٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ وَهُوَ فِي سَفَرٍ فَجَلَسَ عِنْدَ أَصْحَابِهِ يَتَحَدَّثُ ثُمَّ انْفَتَلَ فَقَالَ ﷺ اطْلُبُوهُ فَاقْتُلُوهُ فَقَتَلْتُهُ فَنَفَّلَنِي سَلَبَهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

(1118) Сәләма ибн әл-Әкуә (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір жорықта еді. Мүшріктерден бір тыңшы келіп сахабалардың арасында біраз отырып әңгімелесті. Содан кейін суырылып шығып кетті. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “(Анау тыңшы,) іздеп табыңдар және өлтіріңдер!” деп әмір берді. Мен (бірінші болып) тауып алдым да, өлтірдім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сәләбін маған сыйға берді».258

1. Бұхари бұл хадисті «Харби дарул Исламға әман (виза) алмай кірсе» деген тақырыптағы бір тарауда жазған. Мұндай адам қолға түссе не істеу керек? Өлтірілуі керек пе, жоқ па? Бұл – көзқарас қайшылықтарын тудыратын мәселе. Имам Мәлик: «Имамның қалауы біледі, мұндай адам, әһл-харбқа кіреді деген үкімде қамтылады». Әузаи және Шәфиғи: «Елші екендігін алға тартар болса, қабыл алынады», – дейді. Имам Ағзам және Ахмад ибн Ханбал: «Айтқан сөзіне сенуге болмайды», – дейді.

2. Бұл оқиға басқа риуаяттарда әлдеқайда ауқымдырақ түсіндірілген. Нәсәидің риуаятында өлтірілу себебі көрсетілген. Кейбір ғалымдар былай дейді: «Әлгі адам мұсылмандардың сырларын біліп қойды және жақтастарына жеткізу үшін сол жерден тез арада алыстап кетуге тырысты. Сондықтан өлтірілуі мұсылмандарға пайдалырақ болды».

Бұл хадистен соғыс кезінде кәпір тыңшының өлтірілуі керек деген үкім шығарған. Бұл мәселеде ғалымдар бірауызды келіскен.

Муахәд (әмән берілген) және зымми жайында Мәлик және Әузағи: «Бұлар тыңшылық жасайтын болса, қауіпсіздігіне берілген кепілдік келісімі жойылады», – дейді. Шәфиғи фиқыһшылары «Сатқындықтың кепілдікті жоятындығы келісімде жазылған болса, екі жақтың да келісімі бойынша келісім жойылады, олай жазылмаған жағдайда жойылмайды», – деген.

3. Хадисте сәләбтің толығымен өлтірушіге тиесілі болатындығын алға тартушыларға дәлел бар. Алайда «сәләбқа» имамның шешімінен кейін ғана иелік ете алады дегендер «Хадисте екі жағдайдың біріне нақты дәлел болатын ашық көрініс жоқ, керісінше, екі жағдай да болуы мүмкін», – деген. Алайда хадистің Исмайлиден жеткен бір нұсқасында «Әлгі кісі тұрып кеткеннен кейін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның мүшріктер тарапынан келген бір тыңшы екендігін айтып: «Оны кім өлтірсе, сәләбі сонікі», – деді. Хадисті жеткізген кісі «Мен тез арада тұрып әлгі адамды қуып жеттім, сосын өлтірдім. Сәләбін Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған берді», – деген. Міне, осы риуаят екінші көзқарасты нақтылай түседі, яғни, сәләбқа, имамның шешімі бойынша ғана иелік ете алады.

4. Тыңшы кәпір емес мұсылман болса, көпшілік ғұламалардың көзқарасы бойынша өлтіре алмайды, жазасы құн ретінде төленеді. Әбу Ханифа, Шәфиғи, Әузағи және Мәликилер осы көзқараста. Тек салықтың мөлшері мен түрін анықтау мемлекет басшысының шешіміне қалдырылады. Қади Ияд «Мәликилердің лауазымдылары мұндай адамның өлтірілетіндігін айтқан», – дейді.

وَعَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ، وَخَالِدِ بْنِ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: «قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي السَّلَبِ لِلْقَاتِلِ وَلَمْ يُخَمِّسِ السَّلَبَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1119) Ауф ибн Мәлик және Халид ибн Мәлик былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сәләбтің өлтірушіге тиесілі екендігін айтты, сәләбті олжа мүлкіне қосып бестік үлеске (хумус) қоспады».259

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «هَلْ كُنْتُمْ تُخَمِّسُونَ الطَّعَامَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالَ: أَصَبْنَا طَعَامًا يَوْمَ خَيْبَرَ فَكَانَ الرَّجُلُ يَجِئُ فَيَأْخُذُ مِنْهُ قَدْرَ مَا يَكْفِيهِ ثُمَّ يَنْصَرِفُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1120) Абдулла ибн Әбу Әуфаның (р.а.) айтуынша одан: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі кезде азық-түлікті хумус үлесіне қосушы ма едіңдер?» деп сұрағанда, ол былай жауап берді: «Хайбар күні азық-түлікті де олжалаған едік, адамдар келіп керегінше алып кете беретін».260

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ جَيْشًا غَنِمُوا فِي زَمَنِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ طَعَامًا وَعَسَلًا فَلَمْ يُؤْخَذْ مِنْهُ الْخُمُسُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1121) Абдулла ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезеңінде бір әскер жасағы азық-түлік және бал олжалаған еді. Дегенмен бұдан хумус алмады».261

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ عَبَسَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى بَعِيرٍ مِنَ الْمَغْنَمِ فَلَمَّا صَلَّى أَخَذَ وَبَرَةً مِنْ جَنْبِ الْبَعِيرِ. ثُمَّ قَالَ: لَا يَحِلُّ لِي مِنْ غَنَائِمِكُمْ مِثْلُ هَذِهِ إِلَّا الْخُمُسَ، وَالْخُمُسُ مَرْدُودٌ فِيكُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ، وَأَخْرَجَهُ النَّسَائِي مِنْ رِوَايَةِ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ بِنَحْوِهِ.

(1122) Амр ибн Абәсә (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құбыла бағытын қалқалап олжадан түскен түйе тұрғанына қарамастан артында тұрып бізге намаз оқытты. Намаз оқылғаннан кейін, малдың бүйірінен бір уыс жүн алып (алақанына салып көрсетіп тұрып): “Олжадағы хумустан (бестен бірден) тыс осындай мөлшерде болса да маған адал емес. Хумус та сендерге қайтарылады (сендердің керектеріңе жұмсалады)”, – деді».262

Пайғамбар олжаны өз қалауына қарай жұмсай алмайды. Хумустан тыс қандай да бір зат ала алмайды, хумус та оның жеке басына тиесілі емес. Құран кәрімде айтылғандай хумус (бестен бірін) де мұсылмандар игілігіне жұмсалуы керек. Аятта былай делінген: «Қолдарыңа олжа ретінде түскен мүліктердің бестен бірі Алланың, пайғамбардың және туған-туыстарының, жетімдер мен міскіндердің және жолаушылардың үлесі»263. Расулаллаға (с.а.с.) осы жерде берілген үлес «хумусул хумус», яғни, бестен бірдің бестен бірі, аятта айтылған «Алланың, Пайғамбардың» деген сөз, екі бөлек үлес емес, бір үлесті меңзеген. «Хумусул хумус» Расулалладан (с.а.с.) кейін оның орнына келген имамға тиесілі.

وَعَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَيْتُ أَنَا وَعُثْمَانُ بْنُ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نُكَلِّمُهُ فِيمَا يُقْسَمُ مِنَ الْخُمُسِ فِي بَنِي هَاشِمٍ وَبَنِي الْمُطَّلِبِ فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ قَسَمْتَ لِإِخْوَانِنَا بَنِي الْمُطَّلِبِ وَلَمْ تُعْطِنَا شَيْئًا، وَقَرَابَتَنَا وَقَرَابَتُهُمْ وَاحِدَةٌ. فَقَالَ ﷺ إِنَّمَا بَنُو هَاشِمٍ وَبَنُو الْمُطَّلِبِ شَيْءٌ وَاحِدٌ، وَلَمْ يَقْسِمْ لِبَنِي عَبْدِ شَمْسٍ وَلِبَنِي نَوْفَلٍ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقْسِمُ الْخُمُسَ نَحْوُ قِسْمِ النَّبِيِّ ﷺ غَيْرَ أَنَّهُ لَمْ يَكُنْ يُعْطِي قُرْبَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْطِيهِمْ، وَكَانَ عُمَرُ يُعْطِيهِمْ مِنْهُ، وَعُثْمَانُ بَعْدَهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي، وَهَذَا لَفْظُ أَبِي دَاوُدَ.

(1123) Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) былай дейді: «Хумустан Хашим ұлдары және Мутталиб ұлдарына берілген үлес жайында сөйлесу үшін Осман ибн Аффанмен (р.а.) бірге Расулаллаға (с.а.с.) бардық. Мен “Уа, Алла елшісі, бауырларымыз Мутталиб ұлдарына бердіңіз, бізге ештеме бермедіңіз. Былай қарасақ, біз бен олардың да (сізге) жақындығы бірдей ғой”, – дедім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мутталиб ұлдары мен Хашим ұлдары тең!” – деді.

Жубәйр былай деді: “Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Абд Шәмс ұлдарына және Нәуфал ұлдарына (Хашим ұлдары және Мутталиб ұлдарына берілсе де хумустан) үлес бөлмеді. Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) де хумусты дәл Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) іспетті үлестірді. Алайда Расулалланың (с.а.с.) жақын туыстарын пайғамбар оларға бергеніндей мөлшерде бермеді. Әзірет Омар (р.а.) да оларға хумустан берді. Кейін Осман (р.а.) берді”».264

1. Жубәйр ибн Мутғим ибн Ади ибн Нәуфал ибн Абди Мәнәф ибн Қусай әл-Қурәйши ән-Нәуфали байқап отырғанымыздай, Абдумәнәфұлдары. Алла Елшісімен (с.а.с.) жақын туыс болып келеді.

2. Жубәйрдің келіспеушілігі хумустан үлес ала алмағандығына туған. Әбу Дәуіттің бір риуаятындағы түсіндірмесінде: «Хумустан үлес алатындар жөнінде аталған бес үлескердің бірі туыстардың үлесіне Хашимұлдары және Мутталиб ұлдарын қосып, Нәуфал ұлдары мен Абд Шәмс ұлдарын қоспағандықтан, мен және Осман ибн Аффан, Расулаллаға (с.а.с.) бардық» деп келген. Жубәйр және Мутталиб тең, өйткені бәрі де Абди Мәнәфтың ұлдары. Сондықтан да Жубәйр (р.а.) Алла елшсіне (с.а.с.): «Біздің де олардың да (Абд Мәнәфқа қарата) сізге туыстығымыз бірдей» деген. Ибн Исхақтың осы мәселеге қатысты риуаяты былай келген: «Былай деп айт: «Уа, Алла Елшісі, Хашимұлдары нәсілі жөнін түсіндік, сізге деген туыстық жақындығына орай Алланың оларға нәсіп еткендерін жоққа шығармаймыз. Алайда бауырларымыз Мутталиб ұлдарының ерекшелігі не, оларға (хумустан) бердіңіз, бізді шығарып тастадыңыз?»

Кейбір риуаяттарда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сұраққа: «Мутталиб ұлдарымен Хашим ұлдары тең» деген сәтте екі саусағын айқастырып «былай» деп көрсеткен. Ибн Исхақтың осы риуаятында берілген жауап әлдеқайда анық және дәлел ретінде берілген: «Біз (Хашим ұлдары) және Мутталиб ұлдары жаһилия кезеңінде де, Исламда да еш ажырамадық, біз және олар бірдейміз!» деді де саусақтарын айқастырды».

Алла Елшісінің (с.а.с.) отбасынан болып табылатын Хашимұлдары мен Мутталибұлдары265 арасындағы жақындық қайдан келеді? Бұхари ибн Исхақтан Абду Мәнәфтың ұлдары болып табылатын төрт бауырдың үшеуі, яғни, Абду Шәмс, Хашим және Мутталибтің аналары Атика атты әйел екендігін, сондықтан бір әке мен бір анадан туған бауыр екендігін, Нәуфәлдің өзге анадан туғандығын жазған. Жубәйр әулетінің (Нәуфәл ұлдарының) ажырауын осылай түсіндіруге болса да, әзірет Османның266 туысы болған Абд Шәмс ұлдарының ажырауын түсіндіре алмады. Өйткені Абди Мәнәф – Хашим және Мутталиб сынды бір ананың ұлдары.

Ибн Хажар «Хашим және Мутталиб арасындағы жай қарым-қатынас болуы мүмкін екендігін айтады. Осыған дәлел ретінде екі мәселе қозғалады:

1. әз-Зубәйір ибн Бәккар «ән-Нәсәб» атты еңбегінде былай деген: «Хашим және әл-Мутталибке «Әл-Бәдран», Абду Шәмс және Нәуфәлға: «әл-Әбһәрән» делінген.

2. Араларындағы бұл келісімнің себебінен мұсылмандар жайында Құрайыштықтар Меккеде санкция жариялаған кезде, Мутталиб ұлдарын Хашим ұлдарына қосқан. Алайда Нәуфәл ұлдары мен Абд Шәмс ұлдарын бұларға қоспаған. Негізгі себебі беймәлім күйде қалған. Оның себебі осы тығыз қарым-қатынастан болса керек. Мутталиб ұлдары және Хашим ұлдарының арасындағы кәпір де, мұсылман да Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан табылып, Исламның қиын кезеңінде Меккеде соңғы демдері қалғанша қорғаштаған. Мұсылман болғандары Алла және Оның елшісінің әмірімен, ал кәпірлері туыстық және рушылдық намыспен қорғаштаған. Сонда Нәуфәл мен Абд Шәмс ұлдары Алла Елшісіне (с.а.с.) қарсы шыққан Құрайш тайпасының арасынан табылды.

Кейбір Шәфиғи ғалымдары Расулалланың (с.а.с.) туыс ретінде Хашим ұлдары мен Мутталиб ұлдарын таңдауына туыстық және көрсеткен көмектерін ескергенін айта келе, Абд Шәмс ұлдары және Нәуфәл ұлдарында «жәрдем» шарты болмағандығы үшін туыстық себептен тыс қалғандығын алға тартады.

Кейбір Шафиғилер туыстардың үлесін иеленетін тек туыстар екендігін айта келіп, Абд Шәмс ұлдары мен Нәуфәл ұлдарын мақұрым қалдырып Хашим ұлдарынан айырылып олармен соғысулары арқылы ғана түсіндірген. Шәфиғи «Хумусул Хумус туыстар арасында ғана үлестіріледі, кедей және бай деп бөлінбейді. Алайда ер адамдарға екі, әйел адамдарға бір үлес беріледі» деген.

3. Ғалымдар Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан туыс ретінде Хашим ұлдары және Мутталиб ұлдарының таңдалуында берілген мәліметтер мәселені толық түсіндірмеген һәм нақты болмағандықтан бұл хадисті басқаша жорамалдаған:

• Имам Шәфиғи және оның ізін басқандардың айтуынша, бұл хадис хумустан зәуилқурбаға бөлінуі тиісті үлестің тек Хашим ұлдары және Мутталиб ұлдарына тиесілі екендігінің дәлелі.

• Омар ибн Абдулазиз: «Туыстар тек Хашимұлдары» деген. Зәйд ибн Әрқаммен Куфалықтардың бір бөлігі де осы көзқараста.

• «Бұл хадис Мутталиб ұлдарының да Хашим ұлдарына қосылатындығына дәлел» дегендер де болған.

• Кейбіреулері: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға қажеттіліктері болғандықтан үлес бөлген» десе де, бұл пікір өте әлсіз деп қабылданған. Өйткені Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі отбасы мүшелерінің бәріне берген, ал өзгелеріне ештеме бермеген.

Ибн Хажар: «Бұл хадис Расулалланың (с.а.с.) өз руының ішінен тек аталмыш отбасыларға ғана беруінің себебі, олардың жәрдем еткендігі (яғни Мекке кезеңіндегі жәрдемдескендігі үшін) және Ислам үшін тартқан (қиындықтары) үшін берілгендігі анық әрі нақты», – дейді.

4. Ғалымдар туыстарға үлесін бөлістіру арқылы да өзгеше жорамалдар жасаған.

• Хадисте үлестірудің қалай болатындығы жайлы мәлімет ұсынбаған, бұл жерде үлескерлерге теңдей үлес беріледі. Бұл жағдайда «мирас үлестірілуі үшін (ер азаматтарға екі, әйелдерге бір үлес) беріледі» дегендер дәлелсіз болып қалады.

• Көпшілік ғалымдар туыстарға берілетін үлестің бәріне тең берілуі керек деген көзқарасты айтқан. Алайда Шәфиғи және Ахмад «жетімдерге көбірек көңіл бөлінеді және бірінші болып соларға беріледі» деген.

5. Қорыта келгенде, ибн Аббастан жеткізілген Нәсәиде жазылған бір риуаят бойынша әзірет Омар (р.а.) аталмыш үлесті бәріне тең бөліп бермей, мұқтаж жандардың қажеттілігін қамтамасыз етуді ұйғарады. Алайда бұл пікірі туыстар арасында наразылық тудырады: «Омар бізге жетімдерімізді үйлендіруді, отбасыларымызға қызметші алуды, қарызға кіргендердің қарыздарын төлеуімізді ұсынды. Біз наразылық таныттық және үлестерімізді қолма-қол беруін талап еттік», – дейді. Әзірет Омар (р.а.) олардың талаптарын орындайды.

Хаттаби Расулалладан (с.а.с.) кейін әзірет Омар және әзірет Османның да осы үдерісті жалғастырғандығын айтады.

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي لَيْلَى قَالَ: «سَمِعْتُ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: اجْتَمَعْتُ أَنَا وَالْعَبَّاسُ وَفَاطِمَةُ وَزَيْدُ بْنُ حَارِثَةَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ إِنْ رَأَيْتُ أَنْ تُوَلِّينَا حَقَّنَا مِنْ هَذَا الْخُمُسِ فِي كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى فاقْسِمْهُ فِي حَيَاتِكَ كَىْ لَا يُنَازِعَنَا أَحَدٌ بَعْدَكَ فَفَعَلَ فَقَسَمْتُهُ حَيَاةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ ثُمَّ وَلَا يَةَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَتَّى كَانَ آخَرُ سِنِّي عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَتَاهُ مَالٌ كَثِيرٌ فَعَزَلَ حَقَّنَا ثُمَّ أَرْسَلَ إِلَىَّ فَقُلْتُ بِنَا عَنْهُ الْعَامَ غِنَى، وَبِالْمُسْلِمِينَ إِلَيْهِ حَاجَةٌ فَارْدُدْهُ عَلَيْهِمْ. فَلَقِيتُ الْعَبَّاسَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بَعْدَ خُرُوجِي مِنْ عِنْدِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَخْبَرْتُهُ فَقَالَ: لَقَدْ حَرَمْتَنَا الْغَدَاةَ شَيْئًا لَا يُرَدُّ عَلَيْنَا أَبَدًا، وَكَانَ رَجُلًا دَاهِيًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1124) Абдуррахман ибн Әбу Ләйла былай дейді: «Алидің былай дегенін естідім: “Расулалланың (с.а.с.) жанында мен, Аббас, Фатима және Зәйд ибн Хариса жиналған едік. Мен ‘Уа, Алла елшісі, Азиз және Жәлил Алланың кітабында айтылған осы хумус мәселесіндегі құқығымыздың үлестірілуі үшін мені жауапты етіп тағайындасаңыз, көзімнің тірісінде осы істі мен атқарсам! Кейіннен осы мәселеге қатысты ешкім бізбен пікірталасқа түсіп жүрмесін!’ – дедім. Расулалла осы қалауымды қабыл алды. Өмірі бойы осы үлесті мен үлестірдім. Кейін бұған әзірет Әбу Бәкір де мені жауапты етіп тағайындады. Дәл сол істі, әзірет Омар (р.а.) кезеңінің соңғы жылына дейін мен жалғастырдым. Сол жылы мол дәулет олжаланды. Біздің үлесімізді сонда да бөліп маған жіберді. ‘Биылғы жылы қажет емес, мұсылмандар бұған әлдеқайда мұқтажырақ, соларға бер!’ – дедім. Содан соң осы үлесті мұсылмандарға берді. Әзірет Омардан (р.а.) кейін ешкім мені бұл іске шақырмады.

(Сол кезде) әзірет Омардың жанынан шыққаннан кейін Аббаспен (р.а.) жолыққанымда (ашулы күйде) маған: ‘Уа, Али, кеше бізге бір нәрсені харам еттің, енді осыдан кейін ешбір жан бізге мұны бермес!’ – деді. Дұрыс айтқан екен. Ол неткен көреген жан еді!”»267

وَعَنْ قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا غَزَا بِنَفْسِهِ يَكُونُ لُهُ سَهْمُ صَفِيٍّ يَأْخُذُهُ مِنْ حَيْثُ شَاءَ: عَبْدًا أَوْ أَمَةً أَوْ فَرَسًا يَخْتَارُهُ قَبْلَ الْخُمُسِ؛ وَكَانَتْ صَفِيَّةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِنْ ذَلِكَ السَّهْمِ، وَكَانَ إِذَا لَمْ يَغْزُ بِنَفْسِهِ ضُرِبَ لَهُ بِسَهْمٍ وَلَمْ يَخْتَرْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1125) Қатада былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа өзі де шыққан кезде, оның “сәһми сафии” деп аталатын арнайы үлесі бар еді. Бұл үлесті бермес бұрын құл, күң, ат сынды олжаларға қосылатын мүліктерден қалағанынан алатын. Сафия анамыз да осы олжалардың арасында болды. Жорыққа өзі қатыспаған кезде бұл үлесті ол үшін алып қоятын. Алайда мұндай жағдайда таңдау еркі болмайтын. Не берілсе, соны қабыл алатын».268

Алла Елшісінен кейін алынып тасталған осы «сафии» үлесімен қатысты түсіндірме №1078 хадисте берілді, сол жерден қарап алуға болады.

وَعَنْ مَالِكِ بْنِ أَوْسِ بْنِ الْحَدَثَانِ قَالَ: «أَرْسَلَ إِلَىَّ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَجِئْتُهُ حِينَ تَعَالَى النَّهَارُ فَوَجَدْتُهُ فِي بَيْتِهِ جَالِسًا عَلَى سَرِيرٍ مُفْضِيًا إِلَى رِمَالِهِ مُتَّكِئًا عَلَى وَسَادَةٍ مِنْ أَدَمٍ فَقَالَ يَا مَالُ إِنَّهُ قَدْ دَفَّ أَهْلُ أَبْيَاتٍ مِنْ قَوْمِكَ، وَقَدْ أَمَرْتُ فِيهِمْ بِرَضْخٍ فَخُذْهُ فَاقْسِمْهُ بَيْنَهُمْ. فَقُلْتُ لَوْ أَمَرْتَ بِهَذَا غَيْرِي؟ فَقَالَ خُذْهُ يَا مَالُ فَجَاءَ يَرْفَأُ مَوْلَى عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ: هَلْ لَكَ فِي عُثْمَانَ وَعَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ وَالزُّبَيْرِ وَسَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ؟ فَقَالَ: نَعَمْ. فَأَذِنَ لَهُمْ فَدَخَلُوا فَسَلَّمُوا وَجَلَسُوا. ثُمَّ جَاءَ فَقَالَ: هَلْ لَكَ فِي عَبَّاسٍ وَعلَىٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ نَعَمْ: فَأَذِنَ لَهُمَا فَدَخَلَا فَسَلَّمَا. فَقَالَ الْعَبَّاسُ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ: اقْضِ بَيْنِي وَبَيْنَ هَذَا، وَهُمَا يَخْتَصِمَانِ. فَقَالَ الْقَوْمُ: أَجَلْ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ:؟ اقْضِ بَيْنَهُمْ وَأَرِحْهُمْ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: اتَّئِدُوا أَنْشُدُكُمْ بِاللَّهِ الَّذِي بِإِذْنِهِ تَقُومُ السَّمَاءُ وَالأَرْضُ؛ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: لَا تُورِثُ مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ؟ قَالُوا نَعَمْ. ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَى الْعَبَّاسِ وَعَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَقَالَ: أَنْشُدُكُمَا بِاللَّهِ الَّذِي بِإِذْنِهِ تَقُومُ السَّمَاءُ وَالأَرْضُ أَتَعْلَمَانِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: لَا نُورِثُ مَا تَرَكْنَاهُ صَدَقَةٌ؟ قَالَا نَعَمْ فَقَالَ عُمَرُ: أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى كَانَ خَصَّ رَسُولَهُ ﷺ بِخَاصَّةٍ لَمْ يَخُصَّ بِهَا أَحَدًا غَيْرَهُ. فَقَالَ: مَا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ مِنْ أَهْلِ الْقُرَى فَلِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ؛ فَقَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَكُمْ أَمْوَالَ بَنِي النَّضِيرِ فَوَاللَّهِ مَا اسْتَأْثَرَ عَلَيْكُمْ وَأَخَذَهَا دُونَكُمْ حَتَّى بَقِيَ هَذَا الْمَالُ، فَكَانَ ﷺ يَأْخُدُ مِنْهُ نَفَقَتَهُ سَنَةً ثُمَّ يَجْعَلُ مَا بَقِيَ أُسْوَةَ الْمَالِ».

(1126) Мәлик ибн Әус ибн Хадасән (р.а.) былай дейді: «Әзірет Омар (р.а.) маған хабар жолдады. Мен күн көтерілген кезде жанына бардым. Оны өз үйінде көрпешенің үстінде, терімен қапталған жастыққа сүйеніп отырғанын көрдім. Көрпенің жіптері тігісінің астында жатыр еді. Маған:

“Уа, Мәлик, сені мына бір мәселе үшін шақырдым, қауымыңнан бірнеше отбасының мүшелері бірінен кейін бірі келді (қажеттіліктерін айтты). Мен де оларға ‘біраз жәрдем берілсін’ дедім. Міне, мынаны ал да, араларында үлестіріп бер!” – деді. Мен: “Бұл істі басқа біреуге берсеңіз дұрысырақ болар!” – дедім. Алайда ол қоймай: “Уа, Мәлик, ал мынаны!” – деді. Біраздан кейін Омардың азат еткен қызметшісі Ярфағ келді де: “Уа, мүміндердің әміршісі! Осман, Абдуррахман ибн Ауф, Зубәйр және Сағдтың (р.а.) кіруіне рұқсат бересіз бе? (сізбен жолығуға келіпті!)” – деді. Ол “Әрине, кірсін!” – деп рұқсат берді. Олар сәлем беріп жайғасты. Біраздан кейін Ярфағ қайтадан келіп: “Аббаспен Алиге де рұқсат бар ма екен!” – деді. Әзірет Омар оларға да рұқсат берді. Кіріп сәлем берді, отырды. Аббас сөз бастап: “Уа, мүміндердің әміршісі! Али екеуіміздің арамызда үкім бер!” – деді. Бұлар бір мәселеге қатысты пікірталасқа түскен екен, бір-бірін шағымдап келген екен. Сол жердегі жамағат та: “Уа, мүміндердің әміршісі, араларында үкім беріп олардың жүгін жеңілдеткін!” – деді. Әзірет Омар (р.а.) (бірінші болып келгендерге бет бұрып): “Алдымен бір демдеріңді алыңдар!” деп сөзін жалғап: “Жер мен көкті уысында ұстап тұрған Алла үшін сұраймын. Расулалланың: ‘Бізде мирасқор болмайды, не қалдырсақ сол садақа’ дегендігін білесіңдер ме?” Ол екеуі де: “Иә!” – деді. Әзірет Омар тағы да: “Алла Тағала Расулына (с.а.с.) кейбір ерекшеліктер нәсіп еткен, бұларды одан өзге ешкімге бермеген. Мысалға аймақ халқынан Алланың пәй еткен заттары (жеке дара) Алла және Оның елшісіне тиесілі. Алла Расулы (с.а.с.) Надир ұлдарының мүліктерін араларыңда үлестіріп берді. Аллаға ант етейін, ол мәселеде, өзін бірінші орынға қоймады, сендерді ескермей жатып оны өзі алған жоқ. (Оны араларыңда үлестіріп берді.) Тек мына бір мүлік (өзінде) қалды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұнымен (отбасының) жылдық нәпақасын қамтамасыз етіп, артылғанын (бәйтулмалға) мемлекет қазынасына қоюшы еді”, – деді».269

1. Бұл риуаяттағы Али мен Аббастың арасындағы келіспеушілік не жайында екені нақты білдірілмеген. Бұл мәселе риуаяттың өзге нұсқаларында берілген. Бұхаридің осы риуаятында: «...олар Алла Тағаланың Надир ұлдарынан Расулына пәй етіп берген мүлкі жөнінде келіспеушілікке түскен», – дейді. Тіпті Мүслимнің риуаятында әзірет Аббас (р.а.) әзірет Алиді ғализ деген сөзбен сипаттап әзірет Омарға (р.а.) шағымданған: «Уа, мүминдердің әміршісі, мына қателескен270, күнәһар, адасқан және сатқынмен менің арамда үкім бер!» – дейді.

2. Келесі хадисте сол мәселені жеткізгендігі және осы риуаяттың басын ашатындықтан, оны да жазып, тиісті түсіндірмелерді ең соңынан беретін боламыз.

وَفِي رِوَايَةٍ: «ثُمَّ يَجْعَلُ مَا بَقِيَ مُجْعَلَ مَالِ اللَّهِ تَعَالَى؛ ثُمَّ قَالَ: أَنْشُدُكُمْ بِاللَّهِ الَّذِي بِإِذْنِهِ تَقُومُ السَّمَاءُ وَالأَرْضُ أَتَعْلَمُونَ ذَلِكَ؟ قَالُوا نَعَمْ؛ ثُمَّ نَشَدَ عَبَّاسًا وَعَلِيًّا بِمِثْلِ مَا نَشَدَ بِهِ الْقَوْمَ فَقَالَا نَعَمْ. قَالَ فَلَمَّا تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَا وَلِيُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَجِئْتُمَا تَطْلُبُ أَنْتَ مِيرَاثَكَ مِنِ ابْنِ أَخِيكَ، وَيَطْلُبُ هَذَا مِيرَاثَ امْرَأَتِهِ مِنْ أَبِيهَا. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا نُورَثُ مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ ثُمَّ اتَّفَقْتُمَا ثُمَّ تُوُفِّيَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَأَنَا وَلِيُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَوَلِيُّ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَوَلِيْتُهَا ثُمَّ جِئْتَنِي أَنْتَ وَهَذَا وَأَنْتُمَا جَمِيعٌ وَأَمْرُكُمَا وَاحِدٌ. فَقُلْتُمَا ادْفَعْهَا إِلَيْنَا، فَقُلْتُ: إِنْ شِئْتُمَا دَفَعْتُهَا إِلَيْكُمَا عَلَى أَنَّ عَلَيْكُمَا عَهْدَ اللَّهِ أَنْ تَعْمَلَا فِيهَا بِالَّذِي كَانَ يَعْمَلُ فِيهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَخَذْتُمَاهَا بِذَلِكَ؛ أَكَذَلِكَ؟ قَالَا نَعَمْ. قَالَ: ثُمَّ جِئْتُمَانِي لِأَقْضِيَ بَيْنَكُمَا؟ لَا وَاللَّهِ لَا أَقْضِي بَيْنَكُمَا بِغَيْرِ ذَلِكَ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ فَإِنْ عَجَزْتُمَا عَنْهَا فَرُدَّاهَا إِلَىَّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

(1127) Бір нұсқада: «Содан кейін қалғанын Алланың мүлкі ретінде қалдыратын», – делінген. Омар (р.а.) одан әрі былай деді: «Аспан мен жер әмірімен тұрған Алланың атымен сұраймын, мұны білесіңдер ме?» Олар: «Иә», – деді. Содан кейін Аббас пен Әлиден де солай сұрады. Екеуі: «Иә», – деді. Омар сөзін жалғады: «Алла елшісі (с.а.с.) қайтыс болғанда, Әбу Бәкір (р.а.): “Мен Алла елшісінің (с.а.с.) ісін жалғастырушымын. Сен бауырыңның ұлынан қалған мұраны, ал мына кісі әйеліне әкесінен қалған мұраны сұрап келдіңдер. Алла елшісі (с.а.с.): ‘Бізден мұра қалмайды. Қалдырғанымыз – садақа’, – деген”, – деді. Кейін екеуің келістіңдер. Содан соң Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс болды. Мен Алла елшісінің (с.а.с.) және Әбу Бәкірдің ісін жалғастырып, мүлікті басқаруды мойныма алдым. Содан кейін екеуің бір пікірге келіп, маған бірге келдіңдер. “Мүлікті бізге тапсыр”, – дедіңдер. Мен: “Қаласаңдар, Алла алдында оны Алла елшісі (с.а.с.) басқарғандай басқаруға міндеттенсеңдер, сендерге тапсырамын”, – дедім. Сол шартпен алдыңдар. Солай ма?» Екеуі: «Иә», – деді. Омар: «Енді араларыңа үкім айтуым үшін келдіңдер ме? Аллаға ант етейін, қияметке дейін араларыңа бұдан басқа үкім айтпаймын. Мүлікті басқаруға шамаларың жетпесе, оны маған қайтарыңдар», – деді.271

1. Хадистің кейбір нұсқаларын Бұхари «Китабул-Фараидте»: Расулалланың (с.а.с.): «Бізде мирасшы болмайды, не қалдырсақ та садақа» деген тарауында келтірген. Хадис Бұхаридің әртүрлі бөлімдерінде әртүрлі нұсқалармен қамтылған.

2. Оқиғаның желісі қысқаша былай: Расулалланың (с.а.с.) әкесінің ағасы Аббас пен әзірет Али арасында Надир ұлдары яһудилерінен қалған272 пәй мәселесінде келіспеушілік туындап, халифа Омарға жүгінеді. Әзірет Омар оларға дәл сол мәселеге қатысты Әбу Бәкірге (р.а.) да шағымданғандықтарын естеріне сала келіп, Әбу Бәкірдің оларға Пайғамбардың: «Ешбір жан бізге мирасқор бола алмайды, артта қалдырғандарымыз садақа» деген хадисін естеріне салып, оларға осы мүліктен олардың үлесі жоқ екендігін айтады. Бұл мүлікті берсе де белгілі бір шарттарды орындауларын талап ете отырып беретінін айтады.

3. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Надир ұлдары, Хайбар, Фәдәк халқынан келген пәй мүліктерінен белгілі бір мөлшерін көзі тірі кезде өзінің және отбасының қажеттіліктері үшін жұмсаған. Қалғанын мұсылмандардың игілігіне ат, қару сатып алу сынды қоғамдық қызметтерге жұмсаған еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейін алдымен қызы Фатима (р.а.) халифа Әбу Бәкірге барып бұл мүлікті мирас ретінде иелігіне алғысы келсе де, әзірет Әбу Бәкір (р.а.): «Бізде мирасқор болмайды, артымызда не қалдырсақ соның бәрі садақа» деген хадисін айтып, Алла Елшісінен қалған мүлікті мирасқа бермейтіндігін айтады.

4. Хадисте бірнеше қайшы мәселелер кездеседі:

Хадис көптеген жолдармен риуаят етілген. Әрбір нұсқасында бір-бірінен өзгешелік бар және кейбір түсініксіз мәселелер талқыланады:

a) Кейбір нұсқаларда Аббастың Алиге қарата айтқан жағымсыз сөздері бар. Сахабалар арасында көптеген саяси және түрлі келіспеушіліктер болса да, бір-бірін жағымсыз сөзбен айыптағанын көп кездестірмейміз. Аббастың жиені Алиге хадисте келгендей айыптап, тіл тигізуі өте сирек жағдайларда ғана орын алатын. Шынымен Аббас осылай деді ме әлде рауилерден бірінің айта салған сөзі ме, ол жағы белгісіз. Хадисшілер арасында кейбірінің мұны мойындамай Аббастан Алиге қарата мұндай сөздер айтуы мүмкін емес екендігін айтып, риуаяттағы мұндай сөздерді өшірген. Риуаяттан бұларды алып тастауды мақұлдаған Мазири Аббастың шынымен де айтуы мүмкін болған жағдайда да былай түсінуге болады дейді: «Аббастың ұлы сияқты болып кеткен Алиге сөзі өтімді болғандықтан әзілдеп айтуы мүмкін. Осылай айту арқылы өзі дұрыс деп білген мәселеде қателікке жол берген жиенін жөнге салғысы келген. Сондықтан бұл іске қателесіп барды дегеннен гөрі, әдейі айтты деуге болады». Мазири жалғасында мынадай түсіндірме берген: «Осылай түсіну қажет, себебі Аббас бұл ауыр сөздерді халифа Омар мен Осман, Зубәйір, Абдуррахман ибн Ауф және Сағд сынды тұлғалардың құзырында айтты, әрі олардың ешбірі қарсылық танытпаған және араласпаған. Ал бұл сахабалар жамандықтан тыятын және өтірікке жол бермейтін жақсы адамдар болатын. Али сынды салихалы кісіге мұндай сөздер айыптау үшін айтылмағандықтан араласуды жөн көрмеген».

Риуаят бойынша бұл мүлікті жұмсау әзірет Алиге тиесілі еді. Аббасты бұл мәселеден тыйып тастап, осы мәселені өзі ғана қолына алғандықтан Аббас шағымданған.

ә) Хадисте байқалатын екінші нәрсе – бір мәселеге қатысты екі шағымның болуы. Аббас пен Али алдымен Әбу Бәкірге барған. Әбу Бәкір оларды Алла Елшісінен қалған мүлікке мұрагер бола алмайтындықтары жөніндегі хадисті олардың да білетіндігін аңғарады. Олар мұны біле тұра Әбу Бәкір қаза тапқаннан кейін Омарға қайта шағымданып келеді, әзірет Омар оларға бұрын да Әбу Бәкірге барғандықтарын естеріне салып, шағымдарын қабылдамайды.

Бұл жердегі мәселе мынау: Олар осы мүлікке мұрагер бола алмайтындықтарын біле тұра неге әзірет Әбу Бәкірге, содан соң әзірет Омарға барып шағымданды?

Ибн Хажар былай деп жауап береді: «Осы екі сахаба болсын немесе бұлардан бұрын Фатима болсын «Бізде мұрагерлік жоқ» деген тыйымның бүкіл мүлікке емес, пайғамбардың артында қалған кейбір мүлікке ғана қатысты деп білген».

Әзірет Омарға екінші мәрте баруларына қатысты Дарақутнидің бір риуаятына сілтеме жасала отырып мынадай түсіндірмені әл-Қади Исмайлден былай деп жеткізген: «Әзірет Аббас және әзірет Алидің келіспеушіліктері аталмыш мүліктің өкілдігі (жұмсау құқығы) және (қалай, қай жерлерге) жұмсау жөнінде еді». Алайда ибн Хажар бұл түсіндірмені орынды көрмеген. Нәсәидағы риуаяттың осы мүліктің өздеріне үлестірілуін талап ете барғандықтары тәуил жасауға қажеттілік туындамайтын дәрежеде анық екендігін айтқан.

6. Әзірет Омар кейіннен келген ұрпақтар тарапынан жеке меншікке айналдырып алатын бір үлестен қашқан. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әзірет Әбу Бәкір белгілі бір шарттар арқылы аталмыш мүлікті қолдану еркін өздеріне берген.

7. Ибн Хажар дауға себепші болған осы мүліктің соңы не болғандығы жайлы мынадай мәлімет берген: «Бұл мүлік әзірет Алидің иелігінде еді, кейін Хасан мен Хусейнге өтті, сосын Али ибн әл-Хусейн және Хасан ибн Хасанға, кейін Зәйд ибн Хасанның қолына көшті. Кейін Абдулла ибн Хасанға берілді. Басшылықты Аббасұлдары қолдарына алғанша осылай жалғасты. Аббасилер билікке өткен соң барлығын тәркілеп алды».

Әл-Қади Исмайыл мынадай мәлімет келтіреді: «Бұл мүліктен әзірет Аббастың бас тартуының себебі әзірет Осман кезеңінде болған еді».

Ибн Хажар екінші ғасырдың басына дейін халифаның рұқсатымен өкілдікке өткендер өнімді Мәдина халқының ішіндегі мұқтаж адамдарға жұмсағандығын, кейіннен жағдайдың өзгергендігін айтады.

8. Хадистен шыққан мынадай кейбір үкімдер шығарылған:

1. Қандай да бір тайпаның басшылық міндетін, араларындағы жасы үлкендер алуға тиіс. Өйткені әркімнің жағдайын ең жақсы білетін сол.

2. Имам атақты кісіні атымен не болмаса лауазымын айтып шақыра алады.

3. Имамнан адам өкілдікті талап ете алады, алайда мұны жұмсақ тілмен айтуы тиіс.

4. Ұлы адамдардың күзетші, хатшы жалдауына рұқсат. Имамның жанына отыруға, соттың шешімі барысында мейірім танытуы, шығарған үкімінің себебі мен салдарын соттың түсіндіруі сынды мәселелерге рұқсат берілгендігі байқалады.

5. Имам уақфқа жауапты етіп өз орнына өзге біреуді өкіл тағайындай алады.

6. Әсіре зүһдпен (дүниені тәрк етумен) күн кешіп жүргендердің сөзіне қайшы үйде жылдық азықты сақтауға рұқсат, бұл тәуекелге кедергі болмайды.

7. Ақар (жалға берілу арқылы табыс әкелетін мүлік) ұстауға болады, әрі осы арқылы табыс табуға болады. Ақардан тыс пайда көзін ашуға болады, сауда, егін т.с.с.

8. Қандай да бір мәселеге қатысты жаңа дәлел көрсетілген жағдайда имам оны негізге алып және қажеттілігіне қарай амал етеді.

9. Хакімнің білімімен амал етуіне болады.

10. Қол астындағылар басшыларының қандай да бір мәселеге ренжіп қалғандығын байқаса, ол кісі сөз бастамай тұрып, жанындағылар үлкеннің алдында үнсіздік танытуы тиіс.

11. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәйдан олжаның хумусынан (бестен бірінен), өзі мен отбасының қажеттілігінен тыс артық ештеме ұстамаушы еді. Аталмыш мөлшерден артылғанын, бөліп үлестіру немесе сыйға беру жөнінде өкілетті еді.

12. Фиқыһшылар және ғалымдардың өзгелер білетін кейбір мәселелерді білмеуі айып емес.

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِمَالٍ مِنَ الْبَحْرَيْنِ فَقَالَ انْثُرُوهُ فِي الْمَسْجِدِ، وَكَانَ أَكْثَرَ مَالٍ أُتَى بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الصَّلَاةِ وَلَمْ يَلْتَفِتْ إِلَيْهِ. فَلَمَّا قَضَى الصَّلَاةَ جَاءَ فَجَلَسَ إِلَيْهِ فَمَا كَانَ يَرَى أَحَدًا إِلَّا أَعْطَاهُ فَجَاءَ الْعَبَّاسُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَعْطِنِي فَإِنِّي فَادَيْتُ نَفْسِي وَفَادَيْتُ عَقِيلًا. فَقَالَ: خُذْ فَحَثَى فِي ثَوْبِهِ ثُمَّ ذَهَبَ يُقِلُّهُ فَلَمْ يَسْتَطِعْ فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: مُرْ بَعْضُهُمْ يَرْفَعْهُ إِلَىَّ. فَقَالَ: لَا. قَالَ: فَارْفَعْهُ أَنْتَ عَلَىَّ. قَالَ لَا. قَالَ: فَنَثَرَ مِنْهُ ثُمَّ ذَهَبَ يُقِلُّهُ فَلَمْ يَسْتَطِعْ. فَقَالَ: مُرْ بَعْضَهُمْ يَرْفَعْهُ إِلَىَّ. قَالَ: لَا. قَالَ فَارْفَعْهُ أَنْتَ عَلَىَّ. قَالَ: لَا. فَنَثَرَ مِنْهُ ثُمَّ احْتَمَلَهُ فَأَلْقَاهُ عَلَى كَاهِلِهِ، ثُمَّ انْطَلَقَ فمَا زَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُتْبِعُهُ بَصَرَهُ حَتَّى خَفِيَ عَلَيْهِ عَجَبًا مِنْ حِرْصِهِ. فَمَا قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَثَمَّ مِنْهُ دِرْهُمٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(1128) Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулаллаға (с.а.с.) Бахрейннен бір мүлік әкеліп берілді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Мұны мешітке жайыңдар”, – деді. Осы мүлік (сол сәтке дейін) Расулаллаға (с.а.с.) келгендердің ішіндегі ең көбі еді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намазға тұрды, мүлікке көз қырын да салмады. Намаз біткеннен кейін мүліктің жанына жақындады. Әркімге сол мүліктен таратып берді. Сол сәтте көкесі Аббас (р.а.) келді де: “Уа, Алла елшісі, маған да бер. Мен әрі өзімнің, әрі Акилдің (азат етілген) фидиясын бердім!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Ал!” – деді.

Содан ол дорбасын аузына дейін толтырып көтермекші болып еді, күші жетпеді.

“Уа, Алла елшісі, біреу арқама салып жіберсінші” дегенде, “Жоқ” деді. Сонда Аббас: “Олай болса, сен көтеріп жібер!” – деді. Тағы да: “Жоқ!” деген жауап алды. Сосын Аббас дорбаны біраз босатты, қайта көтеруге тырысты, бірақ көтере алмады. Сосын: “Біреуге айтыңызшы, арқама салып жіберсін”, – деді: “Жоқ” деген жауап алғаннан кейін, тағы да: “Олай болса, сіз көтеріп жіберіңіз!” – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұған да “Жоқ!” дегеннен кейін, Аббас тағы бір мөлшерін төгіп тастады, сосын иығына көтеріп алып кетті.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аббастың (р.а.) ақшаға деген құмарлығына таңданып, көзге көрінбей кеткенше қарап тұрды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір дирхамын да қалдырмай таратылғанға дейін сол жерде болды».273

1. Басқа хадис кітаптарында Бахрейннен келген осы мүліктің Мәдинаға сырттан келген алғашқы салық мүлкі екенін, оны әкім Ала ибн Хадрами жібергендігі, көлемі 100 мың дирхам екені айтылған.

2. Әзірет Аббастың (р.а.) айтып отырған Акилі – Әбу Талибтің ұлы. Фидия Бәдір соғысына байланысты еді. Бәдір соғысы кезінде Акил және Аббас мүшріктердің сапында соғысқа қатысып, екеуі де тұтқынға түскен. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол кездегі қаржыгерлердің бірі болған көкесі Аббастың «Ақшам жоқ!» дегеніне қарамай соғысқа шығар кезде тығып қойған жерін және әйеліне сыр ретінде айтқанын, тіпті сол кезде айтқан сөздерін есіне түсіру арқылы ақшасының бар екенін айтты. Жиені Акилдің және ибн Исхақтың айтуынша, тұтқындар арасынан әл-Харис ибн Нәуфал ибн Харис ибн Абдулмутталибтің де фидиясын төлеп азаттық алған.

3. Хадистен шығарылатын кейбір үкімдер:

• Бұл хадисте Расулалланың (с.а.с.) ақшаға деген көзқарасы көрініп тұр. Еш ақшаға құмартпағанын байқаймыз. Мүлікті сақтауға және өз қажеттілігіне жұмсауға мүмкіндігі бола тұра мұқтаж жандарға таратып жіберген.

• Имам мәсәлиһ мүлкін (жұмсау еркі өзінде болған мүлікті) тиесілі жандарға тез арада үлестіруі тиіс, жұмсалуы керекті жерлерге күттірмей жұмсауы тиіс.

• Мұсылмандардың жалпыға тең құқығына тиесілі зекет, садақа, салық, пітір садақа сынды мүліктерді мешітке орналастырылуына рұқсат.

• Мүліктер мешітте намаз оқуға, жамағаттың жүріп-тұруына негізгі мәселелерді атқаруға кедергі келтірмейтіндей орналастырылуы тиіс.

• Әркімнің игілігіне ұсынылған ауыз су сынды өзге заттардың да мешітке орналастырылуына рұқсат етіледі.

• Мешіткe аты аталған мүліктерді сақтау мақсатымен емес, тарату мақсатымен орналастыруға болады.

وَعَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَاهُ الفَيْئُ قَسَّمَهُ فِي يَوْمِهِ فَأَعْطَى الْآهِلَ حَظَّيْنِ، وَأَعْطَى الْعَزَبَ حَظًّا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1129) Ауф ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) пәй мүлкі келсе, оны сол күні бөліп, отбасылы кісіге екі үлес, бойдақ кісіге бір үлес беретін».274

1. Бұл хадис «Алла Елшісі (с.а.с.) пәйді қалай таратушы еді» деген сұрақтарға жауап болады. Екі нәрсе назар аударады:

a) Пәйдің күттірілмей тез арада таратылуы.

ә) Пәйдің таратылуы қажеттілікке қарай жүзеге асуы. Себебі бірінші кезекте үйленгендердің үйленбегендерге қарағанда әлдеқайда мұқтажырақ деп қабылданады.

2. Пәй дегенде ғұламалардың көпшілігі «мұсылмандардың еш соғыссыз мұсылман еместерден алынатын кез келген салық түрі» деген.

3. Пәйдің жұмсалуыжөнінде түрлі көзқарастар айтылған:

• Кедей, бай барша мұсылмандардың ақысы.

• Соғысқа қатысқан әскерлерге берілетін атияға және балалардың нәпақасына, Исламның және мұсылмандардың игілігі үшін деп имам үкім берген әрбір іске осы қаржыдан жұмсалады.

4. Пәйдің үлестірілу тәсілі жөнінде де әртүрлі пікірталастар туындаған:

• Әбу Бәкірдің пікірінше түрлі жолмен таратылады. Әзірет Али және Атағ та осы көзқараста. Шәфиғидің де таңдауы осылай.

• Омар, Осман кейбір жағдайларда қажеттілігіне қарай кейбіріне аз, кейбіріне көп берілуі керек деп үкім шығарған. Имам Мәлик осы көзқарасты таңдаған.

Куфалықтар (Ханафилықтар) бұл мәселені имамның еркіне қалдырған.

Бұл көзқарастардың әрқайсысын қуаттайтын риуаяттар бар.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْطِي أَزْوَاجَهُ مِنْ خَيْبَرَ كُلَّ سَنَةٍ مِائَةَ وَسْقٍ ثَمَانِينَ وَسْقًا مِنْ تَمْرٍ وَعِشْرِينَ مِنْ شَعِيرٍ. فَلَمَّا وُلِّيَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَسَّمَهَا حِينَ أَجْلَى الْيَهُودَ مِنْهَا فَخَيَّرَ أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ بَيْنَ أَنْ يُقْطِعَ لَهُنَّ مِنَ الْمَاءِ وَالأَرْضِ أَوْ يُمْضِيَ لَهُنَّ الْأَوْسَاقَ: فَمِنْهُنَّ مَنِ اخْتَارَ الْأَرْضَ وَالْمَاءَ، وَمِنْهُنَّ عَائِشَةُ وَحَفْصَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَاخْتَارَ بَعْضُهُنَّ الْوَسَقَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

(1130) Ибн Омар былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хайбар өнімінен әр жыл жұбайларына жүз уасқ275бергізетін. Мұның сексен уасқы құрма, жиырма уасқы арпа еді. Әзірет Омар (р.а.) халифа болғаннан кейін Хайбардан яһудилерді шығарған кезде сол жерді үлестіріп берді және Расулалланың (с.а.с.) жұбайларына таңдау еркін берді. Қалағанына жер және (суару) суы беріледі, қалағанына бұрынғысынша белгілі бір мөлшердегі уасқы беріледі. Кейбірі жер мен суды таңдады (әзірет Айша және Хафса осыны таңдаған) кейбірі өздеріне құрма берілгенді таңдады».276

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَزَا نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِيَاءِ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ. فَقَالَ لِقَوْمِهِ لَا يَتْبَعْنِي رَجُلٌ مَلَكَ بُضْعَ امْرَأَةٍ وَهُوَ يُرِيدُ أَنْ يَبْنِيَ بِهَا، وَلَمَّا يَبْنِ بِهَا وَأَحَدٌ بَنَى بُيُوتًا وَلَمْ يَرْفَعْ سُقُوفَهَا، وَرَجُلٌ اشْتَرَى غَنَمًا أَوْ خَلِفَاتٍ وَهُوَ يَنْتَظِرُ وَدَهَا. فَغَزَا فَدَنَا مِنَ الْقَرْيَةِ صَلَاةَ الْعَصْرِ أَوْ قَرِيبًا مِنْ ذَلِكَ. فَقَالَ لِلشَّمْسِ إِنَّكِ مَأْمُورَةٌ وَأَنَا مَأْمُورٌ: اللَّهُمَّ احْبِسْهَا عَلَيْنَا فَحُبِسَتْ حَتَّى فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ فَجَمَعَ الْغَنَائِمَ فَجَاءَتْ: يَعْنِي النَّارُ لِتَأْكُلَهَا فَلَمْ تَطْعَمْهَا. فَقَالَ: أَنَّ فِيكُمْ غُلُولاً فَلْيُبَايِعْنِي مِنْ كُلِّ قَبِيلَةٍ رَجُلٌ. فَلَزِقَتْ يَدُ رَجُلٍ بِيَدِهِ؟ فَقَالَ: فِيكُمُ الْغُلُلُ فَلْتُبَايِعْنِي قَبِيلَتُكَ فَلَزِقَتْ يَدُ رَجُلَيْنِ أَوْ ثَلَاثَةٍ بِيَدِهِ فَقَالَ فِيكُمُ الْغُلُولُ. فَجَاءُوا بِمِثْلِ رَأْسِ بَقَرَةٍ مِنَ الذَّهَبِ فَوَضَعَهَا فَجَاءَتِ النَّارُ فَأَكَلَتْهَا. فَلَمْ تُحَلَّ الْغَنَائِمُ لِأَحَدٍ قَبْلَنَا. ثُمَّ أَحَلَّ اللَّهُ تَعَالَى لَنَا الْغَنَائِمَ لَمَّا رَأَى مِنْ عَجْزِنَا وَضَعْفِنَا فَأَحَلَّهَا لَنَا».

(1131) Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла: “Ертеректе бір пайғамбар жорыққа аттанарда қауымына: ‘Енді ғана үйленіп, бірақ алғашқы түнін некелі жарымен бірге өткізіп үлгермеген; үй салып, бірақ шатырын жауып үлгермеген; буаз қой немесе түйе сатып алып, солардың төлдеуін күтіп отырған адам маған ермей-ақ қойсын!’ – деп жар салды. Сөйтіп, әлгі пайғамбар жасағымен жорыққа аттанды. Олар екінті намазының уақытында (немесе екінті намазына аз уақыт қала) бір елді мекенге келіп жетті. Сонда қолбасшы пайғамбар күнге қарап: ‘Сен де, мен де (бір Алланың) әміріндеміз, – деді де, – уа, Алла тағалам! Күннің батуын кешеуілдете тұрғайсың’, – деп дұға етті. Содан Алла Тағала оны жеңіске жеткізгенше, күн батпады. Соғыс аяқталған соң, ол түскен олжаның бәрін бір жерге жинатты. Жиналған олжаның түгін қалдырмай өртеу үшін көктен от түсті, бірақ өртемеді. Сол кезде қолбасшы пайғамбар әскеріне: ‘Араларыңда олжаға қол сұққандар бар. Әр рудан бір-бір адамнан шығып маған қол беріп, алдымда ант етсін!’ – деп жар салды. Ант қабылдау рәсімі барысында бір адамның қолы пайғамбардың қолына жабысып қалды. Пайғамбар әлгі адамға: ‘Олжаға қол сұққан сендердің араларыңда. Бүкіл руыңмен келіп қолымды алып, алдымда ант етіңдер’, – деп бұйырды. Бұл жолы екі немесе үш адамның қолы пайғамбар қолына жабысып қалды. Пайғамбар оларға: ‘Ұрланған дүние сендерде’, – деді. Олар сиырдың басына ұқсаған бір алтын бас алып келді. Пайғамбар оны үйіліп жатқан олжаға қосты. Сол-ақ екен көктен бір от түсіп олжаның түгін қалдырмай жалмап, өртеп жіберді. Бізден бұрын ешбір пайғамбар мен қауымға соғыстан түскен олжа адал емес еді. Алла Тағала біздің қауқарсыз, әлсіз екенімізді білген соң, оны біз үшін адал қылды”, – деп айтты», – деген.277

1. Ибн Хажардың келтірген мәліметтеріне сәйкес бұл жерде аты аталған пайғамбар – Юша (а.с). Оның жеңген жері – Палестинадағы Эриха деген қалашық. Бұл мәлімет Хакимнің Кәғбул-Ахбардан жеткізген риуаятында келген. Ахмад ибн Ханбалдың мәрфуғ дәрежесіндегі риуаятында Расулалла (с.а.с.) күннің Юша (а.с.) үшін тоқтатылғандығынан хабар береді.

إِنَّ الشَّمْسَ لَمْ تُحْبَسْ لِبَشَرٍ إِلَّا لِيُوشَعَ لَيَالِيَ سَارَ إِلَى بَيْتِ الْمَقْدِسِ.

«Бәйтул-Мақдиске бет алған сапарында Юша үшін ғана күн тоқтатылды».278

Әзірет Дәуіт (а.с.) пен әзірет Сүлеймен (а.с.) үшін де күннің тоқтатылғаны жайлы риуаяттар бар болғанымен, мухаддистер бұл риуаяттардың әлсіз екенін ескерткен. Әзірет Мұса үшін де таңның атуы кешіктірілген. Расулалланың (с.а.с.) дұғасы арқылы да күннің батуы бірер сәтке кешіккені сенімді риуаяттарда айтылған. Әсма бинт Умәйстің (р.анһа) риуаяты бойынша, бірде әзірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың тізесінде жатып көзі ілініп кетеді де, сол аралықта екінді намазының уақыты шығып кетеді. Алайда Расулалланың (с.а.с.) дұғасымен күн қайтадан кері шығады. Сөйтіп олар намаздарын өтейді де, сосын күн батады.

Ибн Хажар мұның анық мұғжиза екенін атап өтіп, бұл риуаятты арнайы тақырып етіп қозғаған ибн әл-Жәузи мен ибн Тәймияның қателік жасағандарын айтқан.

Расулалланың (с.а.с.) дұғасымен Хандақ шайқасында да (екінті намазын өтеу үшін) күннің батуы кешіккенін баяндайтын риуаят бар.

Осы арада Расулаллаға (с.а.с.) қатысты үшінші бір риуаят бар. Миғраж мұғжизасын баяндау кезінде Құрайыштарға жолда бір керуенді көргенін айтады. Сөйтіп керуен келіп жеткенше күннің батпай қоя тұруын тілеп, Аллаға дұға етеді.

Міне, мұндай ұлы мұғжиза Расулалланың (с.а.с.) өмірінде үш рет қайталанғанын көріп отырмыз.

2. Бір риуаятта «құрылысы басталып шатыры жабылмаған үйі болған» деп қолданылса, Нәсәиде келген риуаят бойынша «Үй салып алайда ішіне кірмеген» деп беріледі. Құрылысын бастап шатырын жаппастан немесе неке қидырып, алайда жарымен қосылмастан жиһадқа шығуға тыйым салынғаны, адам көңілінің аталмыш істерге ауып өз міндетін дұрыс атқаруына кедергі келтіретіндігінен. Екі жағдайдың арасында үлкен айырмашылық болғандықтан екінші жағдайда жиһадқа шығуға рұқсат берілмеген.

3. Риуаятта Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көбіне соғыс олжасы турасында мәлімет бергісі келген:

• Олжа бұған дейінгі үмбеттерге харам етілген болатын. Дұшпаннан алынған олжаның ешбір бөлігін қолданбаған. Олжа бір жерде қол жеткізілген жеңістің шүкірі ретінде құрбандықтың бір түрі іспетті болатын. Көктен түскен оттың оны жағып жіберуі шалынған құрбанның қабыл етілгеніне дәлел болатын. Риуаятта олжаның ішіне ұрланған зат араласқандықтан от оны жандырмағаны айтылады. Саид ибн Мусайябтың риуаяты аталмыш оттың адамдар тарапынан жағылмағанын, оның көктен түскендігін қуаттай түседі: وَكَانُوا إِذَا غَنَمُوا غَنِيمَةً بَعَثَ اللَّهُ عَلَيْهَا النَّارَ فَتَأْكُلُهَا «Ол кезеңде адамдар қандай да бір олжаны қолға түсірсе, Алла от жіберетін, ол от олжаны жейді».

• Хадисте «жақты» деудің орнына «жеді», «дәм татты» секілді сөздер қолданылған. Мұны асырмалы шырай деп ұғу керек. Яғни, оттың олжаны жағуы әдеттегі жағу емес, ерекше шапшаңдықпен жанғаны, күлінің көкке ұшқаны меңзеледі.

4. Хадис Мұхаммед үмбетіне олжаның рұқсат етілген білдіреді. Бұл ең алғаш Бәдір шайқасында айқындалды. Сол кездегі жеңіске байланысты түскен аятты: فَكُلُوا مِمَّا غَنِمْتُمْ حَلَالًا طَيِّبًا «Ендеше бұдан былай соғыстан түскен олжаны да, тұтқындардан алған бодауды да (өздерің үшін) адал һәм таза күйінде тұтынып, пайдаларыңа жаратыңдар279.

Бірақ реті келгенде мынаны да айта кеткен жөн, мұсылмандардың ең алғаш қолға түсірген олжасы Бәдір шайқасынан екі ай бұрын қолға түсірген Абдулла ибн Жахштың сәруасынан (пайғамбарсыз жасалған жиһад) алған олжасы болатын. Абдулланы (р.а.) Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұһажирлерден құралған 12 кісілік қолмен Нахла жиһадына жіберген. Ибн Сағд бұл сәруада қолға түсірген олжаның «хумс»280 мөлшері алынған ең алғашқы олжа болғанын айтады және былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) бұл олжасы дереу тарқатылмай, сақталғаны, кейіннен Бәдір шайқасында түскен олжадан келген үлеске қосылып барып тарқатылғаны жайлы риуаяттар бар».

Олай болса алғашқы олжа Абдулла ибн Жахш сәруасынан түскен олжасы деген тұжырым мен олжаға қатысты түскен аят Бәдір шайқасының олжасына қатысты деген аяттың арасындағы қарама-қайшылықтың түйіні осы жерде шешілді деп ойлаймыз: «Ол олжаның алғашқысы болуына қарамастан, Бәдір шайқасына қатысты түскен аяттың үкіміне сай одан хумс мөлшері алынған. Яғни, олжа аят үкіміне сай бөлінген.

Мұхаммед үмбетіне олжаның адал етілуі, олжаны жымқырып қалуға тыйым салынуы, жиһадтың маңыздылығын ескерту бәрі де соңғы пайғамбардың Алла тағаланың құзырындағы құрметінен туындаған иләһи кеңшіліктер. Осы нығметтер үшін Раббымызға мақтау, мадақ айтамыз.

5. Хадис үйлену, үй соғу, буаз малдың төлдеуін күту секілді бұл дүниелік істердің адамның көңілін алаңдатып, мәңгі өмір сүретіндей сол істерді маңызды көретінін, сөйтіп нәтижеде ақыреттік істерге тосқауыл болатынын білдірген. Адамның аяғына тұсау болатын істер бұл үшеуімен бітпейтіні, басқа да өмірдегі істердің осындай кедергі келтіретін функциясы бар екенін хадистің Сағид ибн әл-Мусайяб жеткізген риуаятында келеді: اَوْلَهُ حَاجَةٌ فِى الرُّجُوعِ «...немесе кері қайтуға мәжбүр болған адам да (менімен келмесін)».

6. Хадис маңызды істердің жүрегі тыныш, ерік-қалауын тежей алатын жандарға жүктелуіне ишарат жасайды. Өйткені көңілі басқа нәрсеге алаңдап, жаны жай таппай тұрған адамның ерік-қалауы әлсіз, ықыласы кем болады. Адамның назары екіге не үшке бөлінсе, өзге ағзаларының әрекеті әлсірейді.

7. Хадис нәпсінің жетегінде кеткен жандардың іс-әрекеттерінің себебімен бүтіндей бір қауымның жазаға душар болатындығына дәлел болады.

8. Негізінде, сыртқы көрініске қарап үкім береміз дегенімізбен, бұл риуаят пайғамбарлардың кейде ішкі пейіл, ниетке қарай үкім бергендерін білдіреді.

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَامَ فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ فَذَكَرَ الْغُلُولَ وَعَظَّمَهُ وَعَظَّمَ أَمْرَهُ حَتَّى قَالَ:لَا أَلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيئُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ بَعِيرُ لَهُ رُغَاءً فَذَكَرَ جَمِيعَ الْكُرَاعِ وَالْمَتَاعِ، فَيَقُولُ يَا رَسُولَ اللَّهِ أَغِثْنِي فَأَقُولُ لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا قَدْ أَبْلَغْتُكَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

(1132) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні ғулул жайлы (яғни, олжа мүлкінен ұрлау) мәселесін еске салды, мұның жамандығын, қаншалықты үлкен күнә екендігін еске салды және осыны айтып: “Абай болыңдар, араларыңнан біреуіңді, қиямет күні түйесі бола тұра маған келіп: ‘Уа, Алла елшісі, маған жәрдем бер!’ деп жалынып тұр, сәтте мен оған жауап ретінде: ‘Сен үшін ештеме істей алмаймын, мен саған тәблиғ жасаған едім’ деп тұрған күйде болып жүрмейік”. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осындай мал және өзге олжа мүлкін жеке-жеке атап өтті».281

1. Ғулул – «қиянат» деген сөз. Соның ішінде олжа мүлкіне жасалған қиянатқа, ұрлыққа қарата айтылған. Ғұламалар мұның үлкен күнә екеніне бір көзқарас білдірген. Алла Елшісінің (с.а.с.) өзге де хадистеріне назар аударар болсақ, мемлекет мүлкінен, заңсыз алынған әрбір іс «ғулул» болады. Тирмизидің бір риуаятында әзірет Муазды Йеменге жолдаған сәтте оған берген бұйрықтарында мына бір сөздер де қамтылған еді: «Менің рұқсатымсыз ешбір затқа тиіспейсіңдер. Себебі бұл – ғулул. Кімде-кім ғулул жасайтын болса Қиямет күні ұрлаған заттарымен бірге келеді». Сірә, Рухул-хамра хадисінде, қияметтің 15 белгіден бірі болып табылатын аманаттың (мемлекет мүлкінен, қызметкер тарапынан) адал деп есептеулері айтылған. Ондай болған жағдайда мемлекет мүлкі осы мәселеге олжаның артықшылығында, заңсыз қолдану ғулул болып табылады.

2. Талқылап отырған хадис шәріпте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дегісі келген: «Абай болыңдар, олжадан (және мемлекет мүлкінен) ұрлап алып мұның күнәсынан келетін азаптан сақтану үшін қиямет күні менен шапағат тілемеңдер. Мен мұның күнә екендігін ескертіп айтқандығым үшін мұндай күнәларыңның ешбіріне шапағатшы болмаймын.

«Тағы бір хадисте: إِيَّاكُمْ وَالْغُلُولَ، فَإِنَّهُ عَارٌ عَلَى أَهْلِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ. «Олжадан жымқырудан сақтаныңдар. Бұл қиямет күні оны істеген кісіге масқара болады».

3. Хадистің түпнұсқасы ұзын, олжадан ұрлануы мүмкін мал және мүлікті атымен атап, басын ашып, ұрлықшының қиямет күніндегі масқара жайға түсетіні айтылған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қарсы алдындағы кісіге сөзі өтуі үшін ұзын сөйлемдерді қайта-қайта айтудан тартынбаған. Хадис былай жалғасады:

«...Абай болыңдар, араларыңнан бірің қиямет күні мойнында кісінеген атты арқалаған күйде маған келіп: «Уа, Алла Елшісі! мені құтқар!» деп, мен болсам: «Сен үшін ештеме жасай алмаймын, мен саған ескерткен едім» деп жауап беріп тұрмайын!

Абай болыңдар, араларыңнан бірің, қиямет күні мойнында кісінеген атты арқалаған күйде маған келіп: «Уа, Алла Елшісі! Мені құтқар!» деп, мен болсам: «Сен үшін ештеме жасай алмаймын, мен саған ескерткен едім» деп жауап беріп тұрмайын!

Абай болыңдар, араларыңнан бірің, қиямет күні мойнында кісінеген атты арқалаған күйде маған келіп: «Уа, Алла Елшісі! Мені құтқар!» деп, мен болсам: «Сен үшін ештеме жасай алмаймын, мен саған ескерткен едім» деп жауап беріп тұрмайын!»

4. Кейбір ғалымдар, бұл хадистің وَمَنْ يَغْلُلْ يَأْتِ بِمَا غَلَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ мағынасы: «Кімде-кім сатқындық жасап (олжа мен халыққа тиесілі қаражаттан бір нәрсе ұрлайтын) болса, қиямет күні сатқындық жасаған сол ісі(нің күнәсін) арқалап келеді»282 аятының тәпсірі екенін айтқан.

Аятта арқалайтыны күнә ма әлде сол мүлік пе деген мәселе беймәлім болса да, тікелей мүлік болуы әбден мүмкін. Бұл жерде «Алтын, күміс сынды салмағы жағынан түйеге қарағанда әлдеқайда жеңіл болса да, құны әлдеқайда қымбат заттарды арқалағанға бірдей жаза берілмейді» деген сынды пікірлер орынсыз. Себебі хадис пен аят мұндай амал жасағандардың қиямет күні әшкереленіп, сол үлкен топ арасында қара бет және масқара болатындығын айтқан.

5. Олжа үлестірілмес бұрын оны ұрлаған кісі ұрланған затты үлестірілмей тұрып қайтаруы тиіс. Бұл жөнінде ғұламалар бір пікірде. Үлестірілуден кейінге қалса, Сәури, Әузағи, әл-Ләйс және Имам Mәликтің пікірінше, бестен бірін имамға беріп, қалғанын жұмсауы тиіс.

Шәфиғи: «Мүлкі болса, садақа етуге міндеттелмейді, мүлкі болмаса, өзгенің мүлкін садақа етуге рұқсат жоқ. Ең дұрысы – жоғалып кеткен мүлік іспетті, барлығы имамға табысталады», – дейді.

6. Олжадан ұрлаған кісінің жазасы жайында ғалымдар түрлі көзқарас білдірген. Көпшілік ғалымдар: «Имам тағайындаған жаза беріледі» деген. Әбу Ханифа, Шәфиғи және Мәлик осы көзқараста. Олардың пікірінше, бұл мүлікті жоюға болмайды. Алайда Хасан Басри, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ, Мәкһул және Әузағидің пікірінше барлық мүлік өртелуі тиіс. Хасан Басри «мал және парақтардың өртелмеуі тиіс» екендігін айтқан.

7. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олжадан бір аяқкиімнің бауы, бір иненің өзін ұрлаған жанның шейіт болмайтындығын түсінікті етіп қайталап айтқан.

ЕСКЕРТУ: Ғулул жасаған жанның заттарының өртелуі мәселесі №1137 хадисте келеді.

عَنْ سَمُرَةِ بْنِ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَنْ كَتَمَ غَالًا فَإِنَّهُ مِثْلُهُ».

(1133) Сәмура ибн Жундаб (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кімде-кім олжа ұрлықшысын жасырса, ол да сол сияқты болады».283

Олжадан ұрлау қаншалықты ауыр күнә екендігін түсіндіретін тағы бір риуаят осы. Өйткені бұл хадис ұрыны көрген кісі жасырмай айту керек екенін міндеттеген. «Ол да сол сияқты болады» деу арқылы ұрыны жасырған кісінің күнә мен жазада әлгі ұрымен ортақ болатындығы баян етілген.

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَصَابَ غَنِيمَةً أَمَرَ بِلَالاً فَنَادَى فِي النَّاسِ فَيَجِيئُونَ بِغَنَائِمِهِمْ فَيُخَمِّسُهُ وَيَقْسِمُهُ. فَجَاءَ رَجُلٌ يَوْمًا بَعْدَ النِّدَاءِ بِزِمَامٍ مِنْ شَعَرٍ. فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ هَذَا كَانَ فِيمَا أَصَبْنَاهُ مِنَ الْغَنِيمَةِ. فَقَالَ أَسَمِعْتَ بِلَالًا يُنَادِي ثَلَاثًا؟ قَالَ فَمَا مَنَعَكَ أَنْ تَجِيئَ بِهِ؟ فَاعْتَذَرَ إِلَيْهِ. فَقَالَ: كَلَّا، أَنْتَ تَجِيئُ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَلَنْ أَقْبَلَهُ عَنْكَ». أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ

(1134) Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) олжа түскенде, Біләлға бұйыратын. Біләл жұртқа жар салып, жұрт қолға түскен олжасын әкелетін. Ол олжаның бестен бірін бөліп алып, қалғанын үлестіретін. Бір күні жар салынғаннан кейін бір кісі қылдан есілген ноқта әкеліп: “Уа, Алла елшісі! Мынау да қолға түскен олжаның ішінде еді”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Біләлдың үш рет жар салғанын естідің бе? Мұны сол кезде әкелуге не бөгет болды?” – деп сұрады. Әлгі кісі ақталды. Алла елшісі (с.а.с.): “Жоқ, оны сенен қабылдамаймын. Қиямет күні оны өзің әкелесің”, – деді».284

Ғалымдар «Олжадан ұрлық жасаған жанның да тәубе ету құқы бар. Расулалланың (с.а.с.) бұлай жасауынан «Ғулулдың тәубесі қабылданбайды» дегенді білдірмейді. Бұл жерде қатаң ескерту берілген», – дейді.

«Мирқатта» келген мәліметтерге жүгінсек, кейбір ғалымдар былай деген: «Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл мүлікті одан қабыл алмады, өйткені бұл мүлікте олжаны алуға құқылы барша әскердің үлесі бар еді. Олар тарап кеткендіктен кейіннен келген мүліктегі олардың үлестерін оларға жеткізіп беру мүмкін емес болды. Сондықтан Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)мүлікті ұрлағанның күнәсі мойнында қалу үшін қабыл етпеді».

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ عَلَى ثَقَلِ النَّبِيِّ ﷺ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ كَرْكَرَةُ فَمَاتَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هُوَ فِي النَّارِ. فَذَهَبُوا يَنْظُرُونَ إِلَيْهِ فَوَجَدُوا عَبَاءَةً قَدْ غَلَّهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(1135) Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) жасақ қорын күзетіп тұрған Кәркәрә атты бір адам бар еді, бірде ол қаза тапты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Ол тозақтық!” – деді. Сосын осы сөзді естіп әлгі адамның жанына барды. Олар оның үстінен олжадан ұрланған бір алқа тауып алды».285

Бұл риуаят олжадан ұрланған зат құндылығы төмен немесе азғантай бір зат болса да, ұрлық жасаушының соңы өкінішпен аяқталатынын білдіріп тұр. Кәркәрәні соғыс кезінде Расулаллаға (с.а.с.) Иәмәмәнің басшысы Хәуза ибн Али әл-Ханафи сыйға берген. Расулалла (с.а.с.) оны азат еткен.

Бұхари мен Мүслимде келген басқа бір риуаятта Мидам атты бір құлдың Расулалланың (с.а.с.) жылқысын баптап жатқан сәтте жан тәсілім еткендігін көргендер: «Неткен бақытты жан еді, шейіт болды» дегенде, Пайғамбар: «Жоқ, Хайбар күні олжадан ұрлаған бір орамалы, үстінде от болып өртеп жатыр» дейді.

Бұл хадис олжадан азғантай бір затты ұрлаудың ауыр күнә екенін білдіреді.

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «تُوُفِّيَ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ خَيْبَرَ؛ فَذُكِرَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: صَلُّوا عَلَى صَاحِبِكُمْ فَتَغَيَّرَتْ وَجُوهُ النَّاسِ لِذَلِكَ. فَقَالَ: أَنَّ صَاحِبَكُمْ قَدْ غَلَّ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى فَفَتَّشْنَا مَتَاعَهُ فَوَجَدْنَاهُ قَدْ غَلَّ خَرَزًا مِنْ خَرَزِ يَهُودَ لَا يُسَاوِي دِرْهَمَيْنِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

(1136) Зәйд ибн Халид (р.а.) былай дейді: «Хайбар соғысы кезінде Расулалланың (с.а.с.) сахабаларының бірі көз жұмды. Қайғылы хабар пайғамбарға естіртіледі. “Майдандастарыңа жаназа оқыңдар!” – деді. Расулалланың (с.а.с.) мұнысына айналасындағылар таңырқап қалды. (Неге жаназаны өзі өткізбейді деген сұрақ тұрды) Алла елшісі: “Достарың Алла разылығы үшін жүріп жатқан шайқас кезінде олжадан ұрлық жасады”, – дейді.

Сол сәтте қаза тапқан кісінің заттарын қопарып көрдік. Яһудилерге тиесілі моншақты алқалардан екі дирхамдік құнға да татымайтын бір алқа ұрлағандығын аңғардық».286

Алла Елшісінің (с.а.с.) намаз өтеуден бас тартуын Зурқани: «Имам үлкен күнә жасағанның жаназасын оқымайды» деп түсіндірген.

Адамдардың таңырқауы әлгі кісінің жасырып істеген қылмысын білмегендіктен. Бұл хадис олжаға ұрлық жасаудың қаншалықты ауыр күнә екендігін, аз немесе көп болуының арасында қандай да бір айырмашылықтың жоқ екендігі жөнінде нақты үкім білдіретін риуаяттардың бірі.

وَعَنْ صَالِحِ بْنِ مُحَمَّدِ بْنِ زَائِدَةَ قَالَ: «دَخَلْتُ مَعَ مَسْلَمَةَ أَرْضَ الرُّومِ فَأُتِيَ بِرَجُلٍ قَدْ غَلَّ فَسَأَلَ سَالِمًا عَنْ ذَلِكَ. فَقَالَ سَمِعْتُ أَبِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُحَدِّثُ عَنْ أَبِيهِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: مَنْ غَلَّ فَأَحْرِقُوا مَتَاعَهُ وَاضْرِبُوهُ. قَالَ فَوَجَدْنَا فِي مَتَاعِهِ مُصْحَفًا فَسُئِلَ سَالِمٌ عَنْهُ؟ فَقَالَ بِيْعُوهُ وَتَصَدَّقُوا بثَمَنِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1137) Салих ибн Мұхаммед ибн Заида былай дейді: «Мәсләмамен бірге Рим жеріне кірдім. Олжадан жымқырған бір кісіні алып келді. Мәсләмә бұл жайында Сәлимнен сұрады. Ол: “Әкемнің өз әкесі Омардан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) ‘Кім олжадан жымқырса, мүлкін өртеп, өзін ұрыңдар’, – деген сөзін жеткізгенін естідім”, – деді.

Әлгі кісінің мүлкінен бір мұсхаф тауып алдық. Сәлимнен ол туралы сұрағанда: “Сатып, құнын садақаға беріңдер”, – деді».287

Бұл риуаятта олжаға ұрлыққа түскені әшкереленген жағдайда, жаза ретінде барлық заттарының өртелуі тиіс екендігі айтылып тұр. Ибн Хажардың айтуынша, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн Рахуя, Мәкһул, Әузағи және Хасан Басри сынды кейбір ғалымдар олжадан ұрлаған кісіге берілетін жаза мәселесінде бұл хадистің тікелей мағынасын назарға алып, барлық мүлкінің өртелуі тиіс деген үкім шығарған. Тек Хасан Басри заттарының арасында Құран және жануар болса бұлардың өртелмеуі тиіс екендігін айтқан.

Көпшілік ғұламалар осы мәселеге қатысты, хадистің сәнәдындағы (келу жолындағы) дағиф (әлсіз) екендігін және хадиске қайшы келетін риуаяттарды да ескере отырып бұл хадиспен амал етпеген. Бұхари: «Олжадан ұрлық жасаған жанның жануарының өртелуі мәселесінде осы хадиспен (кейбіреулер) амал еткен. Алайда бұл хадис батил (жалған), нақты негізі жоқ» деген.

Тирмизи Бұхариден бұл хадис жайлы сұрағанда мынадай жауап алғандығын жазған: «...Олжадан ұрлық жасаған жанға қатысты бірден көп (мақбул (қабылданатын) хадис риуаят етілген. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешбірінде мүлкінің өртелуін әмір етпейді».

Имам Тахауи: «Бұл хадис сахих болған күннің өзінде үкім, берілетін жазаның мүлік түрінен болуына қатысты болуы ықтимал», – дейді. Өйткені көпшілік ғұламалардың пікірінше мұндай ұрлық жасаған жанның жазасын беру имамға жүктелген, имам қалаған немесе дұрыс көрген жазаны тағайындайды.

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَرَّقُوا مَتَاعَ الْغَالِّ وَضَرَبُوهُ وَمَنَعُوهُ سَهْمَهُ».

(1138) Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Әбу Бәкір және Омар олжадан ұрлаған кісінің мүлкін өртеп жіберді және өзіне дүре соқтырды».288

وَعَنْ عَاصِمِ بْنِ كُلَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ فَأَصَابَ النَّاسَ حَاجَةٌ شَدِيدَةٌ وَجَهْدٌ فَأَصَابُوا غَنَمًا فَانْتَهَبُوهَا فَأَنَّ قُدُورَنَا لَتَغْلِي إِذْ جَاءَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَمْشِي فَأَكْفَأَ الْقُدُورَ بِقَوْسِهِ ثُمَّ جَعَلَ يُرَمِّلُ اللَّحْمَ بِالتُّرَابِ. ثُمَّ قَالَ: أَنَّ النُّهْبَةَ لَيْسَتْ بِأَحَلَّ مِنَ الْمَيْتَةِ أَوْ أَنَّ الْمَيْتَةَ لَيْسَتْ بِأَحَلَّ مِنَ النُّهْبَةِ: الشَّكُّ مِنْ هَنَّادٍ الرَّاوِي». أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

(1139) Асым ибн Куләйб әкесінен, ол Ансарлық бір сахабадан мынадай хадис жеткізген: «Біз Расулалламен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шыққан едік. Жорықта құрғақшылық пен қиындыққа тап болдық. Бір кезде қолымызға олжа түсірдік. Әскерлер оны әп сәтте талан-тараж етті. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаяулап келіп жанымызға жеткенде, қазандарымыз қайнай бастаған еді. Қолындағы садағымен қазанды төңкеріп тастады. Еттер топыраққа былғанды. (Бәрін осылай желінбестей еткеннен кейін) былай деді: “Талан-таражға түскен мүлік өлген малдың етінен адалырақ емес” немесе (былай деген еді): “Өлген малдың еті талан-таражға түскен мүліктен адал емес”».289

1. Бұл риуаятта Расулалланың (с.а.с.) харамдар мен тыйым салынғандарға қатысты тәртіп және үкімнің қалай жүзеге асқандығының жарқын үлгісін көреміз. Ислам діні үкімдердің қолданысқа енуіне, харам мәселеге ат үсті қарамауға шақырады. Әскери жорықтың өзінде, тартқан азап пен аштық қаншалықты қиын болса да, талан-тараж жасауға рұқсат жоқ.

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тыйымды көзге ілмей істелген іске бей-жай қарамады. Ол кісі әлгілердің қазандарды төңкеріп қана қоймай, еттерді құмға, топыраққа әбден батырып желінбейтін күйге жеткізді. «Әскерлер қатты ашықты-ау», «ысырап болмасын» деген сияқты сылтауларға бет бұрмай, бұлай жасаудың харам екенін түсіндірді.

2. Риуаят осы жерде келген күйінде алғаш қарағанда мунқатығ хадис іспетті көрінеді, себебі сәнәдінде есімі белгісіз «Ансарлық бір сахаба» деген сөйлем орын алған. Алайда Куләйбидің (Куләйб ибн Шиһәб әл-Жәрми) сахаба екендігін ескерсек, сәнәдтегі бұл үзік хадистің сахих болуына кедергі бола алмайды. Өйткені сахабаның сахабадан жеткізген риуаяты қабылданады, сахихтік дәрежесін жоғалтпайды. Сонымен қатар, Бұхари, Мүслим және Тирмизиде әртүрлі нұсқалармен келген муснәд риуаяттар осы хадисті қуаттай түседі. Рафиғ ибн Хадиждан риуаят етілген бір нұсқаға сүйенсек, оқиға Зул Хуләйфада орын алған. Көптеген түйе мен ұсақ мал олжаланған. Расулалла ең артқы сапта еді. Әскерлердің алдыңғы саптағылары, аш болғандықтан асығыстық танытып қолға түскен малдың кейбірін бауыздап жіберіп етін пісіруге кірісіп кетеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген кезде қазандарды аударуды бұйырады.

Бұл риуаяттарда еттердің жойылуы жайлы әмір беріліп берілмегендігіне қатысты нақты мәлімет келмеген.

Хадисшілер хадиске қатысты бір-екі мәселеде түрлі пікір айтқан:

1. Қазандарды не себепті төңкерді?

2. Еттер тасталды ма, жоқ па?

Бірінші сұраққа қатысты Қади Ияд мынадай жауап берген: «Бұл жер дәрул-харб емес, Ислам мемлекеті. Яғни, Зул Хуләйфада оқиға орын алған жерде олжа мүлкінен бірлесе жеу адал емес. Олжа тек үлес біткеннен кейін ғана адал болмақ. Ал олжа мүлкін бірлесе пайдалану тек дарул харбте ғана рұқсат. Сонымен қатар, малды бауыздағандар қажеттіліктен тыс бауыздап жіберген болуы мүмкін. Сондықтан бұл жайтқа мал-мүлікті талан-таражға салу мәселесі де араласып кеткен болуы мүмкін». Ибн Хажар сөзін былай түйіндейді: «Бұл риуаят Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) талан-таражға салуға асыққандары үшін осылай жасаған, ондағы мақсаты малға таласқандардың ісін кері әрекетпен жазалау. Бұл жаза кісі өлтіргеннің мирастан мақұрым етілетініне ұқсайды».

Екінші мәселеге қатысты Нәуәуи былай деген: «Қазанның аударылуы жөніндегі әмірдің берілуіндегі мақсат – оларға жаза ретінде астың суын төгу. Етке келер болсақ, ол төгілмеген. Еттердің қайта жиналып олжаға қосылған болуы мүмкін. Расулалланың (с.а.с.) мүлікті зарарға ұшыратпау жөніндегі әмірлерін назарға алар болсақ, қазанды аударуды әмір етсе де еттерді тастауды әмір етуі санаға сыйымсыз. Сонымен қатар, осы мүлік ардагерлердің бәріне бірдей тиесілі. Оның үстіне әмір берілмей жатып тамақ пісіруге олжадан үлесі барлардың барлығы кіріспеген. Араларында хумсқа құқылы жандар да бар еді. Егер қазандағы еттердің олжаға қайтарылғандығына қатысты нақты риуаяттарда қамтылмаған дегендер болса берер жауабымыз мынадай: «Риуаяттарда еттің өртелгендігіне немесе жойылғандығына қатысты да нақты мәлімет берілмеген, олай болса, бұл мүбһәм (беймәлім) жағдайға қағидалар шеңберінде тәуил жасалуы тиіс», – дейді.

Нәуәуидің бұл көзқарасын Ибн Хажар құптамайды және талқыланған Әбу Дәуіттегі риуаятқа кері дәлел екендігін алға тартады. Қазандағы судың емес, еттердің де тасталғандығына қатысты пікірін қуаттандыра түсетін түсіндірме жасап өзге пікірлер де білдірген. Қосымша: №1145 хадистің түсіндірмесі осы мәселені тамамдайды.

وَعَنِ الصَّعْبِ بْنِ جَثَّامَةَ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا حِمَى إِلَّا لِلَّهِ تَعَالَى وَلِرَسُولِهِ». أَخْرَجَهُ البُخَارِي وَأَبُو دَاوُدَ.

(1140) Сағб ибн Жәссәма былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Панасына алу тек Алла және Оның Елшісіне тиесілі (құқық)”».290

وَفِيِ رِوَايَةٍ قَالَ: «وَبَلَغَنَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ حَمَى النَّقِيعَ، وَأَنَّ عُمَرَ حَمَى السَّرْفَ وَالرَّبَذَةَ».

(1141) Бір риуаятта, Шиһабуз зухри былай деген: «Бізге жеткен хабарда, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Накии, әзірет Омар (р.а.) да Сараф және Рабзаны панасына алғандығын жәрия еткен».291

1. «Қорғалған жер» немесе «панасына алу» деп аударылған сөздің түпнұсқасы – «хима». «Хима» сөзінің тілдік мағынасы халықтан қорғалған, халықтың кіруіне және малдың жайылуына рұқсат берілмейтін жайылымның атауы. Мемлекетке тиесілі малдың жайылуы үшін бөлінген, сондықтан жеке адамдарға тиесілі малдың жайылуына тыйым салынған жайылымды осылай атаған.

2. Хадистің жетуіне қатысты мынадай түсіндірме берілген: Жаһилият дәуірінде арабтардың лауазымды тұлғаларының бірі, қарамағындағы жердің аумағынан бір жерге кеткен сәтте, қонған жерінде ит үргізеді. Осылайша иттің үні естілген жерге дейін сол кісінің қарамағындағы жер болып саналатын. Ендігі жерде онда ешкім жақындай алмайды әрі малын жая алмайтын. Алайда лауазымдылар қатарындағы бұл кісі, қарамағына кіретін және кірмейтін жерлерді қалағанынша пайдалана алатын еді. Осындай келеңсіздіктің нәтижесінде көптеген келіспеушіліктер мен соғыстар орын алған еді. Араб тарихында Бәсус деп аталатын атақты соғыс та осындай келеңсіздіктің нәтижесінде туындаған еді.

3. Кез келген мәселеде адамзат тарихына реформа және әділдік әкелген ардақты Пайғамбар мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін, қандай да бір жер аумағын пайдалануға тыйым салу мәселесінің Алла және Оның елшісіне тиесілі екендігін айтқан. Осылайша жерге тыйым салу құқығын мемлекеттің құзыретіне өткізген, мемлекеттен тыс ешбір жан қалауына қарай, өз қарамағына алу құқығына ие бола алмайтын.

4. Имам Шәфиғи бұл хадистен екі түрлі мағына шығуы мүмкін дейді:

a) Ешбір мұсылман Расулалланың (с.а.с.) орнатқан заңнан тыс жаңа өкілеттілік орнатуға құқылы емес.

ә) Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өкілеттілік орнатқан жер сияқты аймақтарға өкілеттілік орнатуға болады, ал ол ережеден өзгеше орнатуға болмайды.

Бірінші мағынаны негізге алар болсақ, хадистен Расулалладан (с.а.с.) кейін мемлекет қызметкерлерінен ешкім өкілеттілік орнату құқығына ие бола алмайды деген үкім шығар еді.

Екінші мағынаны негізге алсақ, мемлекет қызметкерлерінен тек Алла Елшісінің (с.а.с.) орнында отырған яғни, халифалар өкілеттілік орната алады, өзге ешкім орната алмайды. Шәфиғи ғұламаларының көпшілігі екінші мағынаны таңдаған. Себебі қолданысқа екіншісі қабылданған. Расулалладан (с.а.с.) кейін әзірет Омар да өкілеттілік орнатқан. Расулалладан (с.а.с.) Накиғ аймағын қорғауға алғандығын жариялаған. Әзірет Омар халифалығы кезінде Музәйна аймағында Накидул хадамат деп аталатын бір жерді қорғануға алынғандығын жариялайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен әзірет Омар қорғауға алған жерлер қазынаға және жауынгерлер мінетін ат, түйе сынды малдардың жайылымы ретінде қолданылған.

5. Имам Ағзамның пікірінше, арази мәуәттің қайталануы мемлекеттің рұқсаты берілген жағдайда ғана рұқсат. (№105 хадиске қараңыз). Бұл жағдайда қолдану құқығы бәріне тең болып табылатын мемлекет жері аумағында, жекешелендіру істері, Имам ағзамның пікірінше мемлекеттің рұқсатымен орындалады, олай болған жағдайда мұндай рұқсаттың берілмей тұрып, мемлекет басшысынан тыс ешкім құзыретіне ала алмайды.

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كُلُّ قِسْمٍ قُسِّمَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ فَهُوَ عَلَى مَا قُسِّمَ، وَكُلُّ قِسْمٍ أَدْرَكَهُ الْإِسْلَامُ فَهُوَ عَلَى قِسْمِ الْإِسْلَامِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ مَوْقُوفًا.

(1142) Ибн Аббас (р.а.): «Жаһилиятта бөлінген мүлік сол бөлінісімен қалады. Ислам дәуіріне дейін бөлінбей қалғаны Исламның үлес тәртібімен бөлінеді», – деген.292

Ислам діні мирасқа қатысты мынадай үкім жеткізген. Түрлі дін өкілдері бір-біріне мирасшы бола алмайды. Мысалы, христиан әкенің баласы мұсылман болса, әкесі өлген жағдайда ұлы оның мирасшысы бола алмайды. Осы мәселеде Исламнан басқа діндерге бірдей үкім жүреді. Қағида: اَلْكُفْرُ مِلَّةٌ وَاحِدَةٌ «Күпірліктегілер бір қауым» деп айтылады. Жоғарыдағы хадисте кімде-кім мұсылман болмай жатып мирас үлесіне қатысқан болса, алғанына иелік ете алатындығы, ал егер үлес алған соң мұсылман болса, кәпір туыстарының мирасына қатыса алмайтындығы айтылған.

Өзінен мирас үлес болып қалатын қандай да бір жақыны қаза тапқан кісі мирас алуға құқылы бола тұра мирас үлестірілмей жатып мұсылман болса, көпшілік ғұламалар бұл мирастан үлес ала алмайды деген үкім шығарған. Алайда Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Абдулла ибн Мәсғуд, Хасан ибн Али мұндай жағдайда мирас ала алатындығын айтқан. Сонымен қатар, Жәбир ибн Зәйд, Хасан Басри, Мәкһул, Қатада, Хумайд, Ияс ибн Муғауия, Исхақ ибн Рахуя бірінде Ахмад ибн Ханбал сынды кейбір ғалымдар да осы көзқараста болған. Алайда өзге үш үлкен имаммен қатар фиқыһ ғалымдарының басым көпшілігі мирас болмайды деген үкім шығарған.

Осы мәселеге қатысты толыққанды мәліметтерді №4707 хадисте келтіреміз.

وَلِمَالِكٍ مُرْسَلًا عَنْ ثَوْرِ بْنِ زَيْدِ الدِّيلِيِّ قَالَ: «بَلَغَنِي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ قَالَ: أَيُّمَا دَارٍ أَوْ أَرْضٍ قُسِّمَتْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ فَهِيَ عَلَى قِسْمِ الْجَاهِلِيَّةِ، وَأَيُّمَا دَارٍ أَوْ أَرْضٍ أَدْرَكَهَا الْإِسْلَامُ وَلَمْ تُقَسَّمْ فَهِيَ عَلَى قِسْمِ الْإِسْلَامِ»

(1143) Мәлик мүрсәл жолмен жеткізген риуаятта Сәур ибн Зәйд әд-Дили: «Маған Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзі жетті: “Жаһилиятта бөлінген үй не жер сол бөлінісімен қалады. Ислам келгенде бөлінбей тұрған үй не жер Исламның үлес тәртібімен бөлінеді”», – деген.293

1. «Жаһилият» сөзі арқылы пайғамбарлыққа дейінгі кезеңді айтып тұр деушілер болған. Алайда «Фәтхтан бұрын» деген ғалымдар да бар. Себебі ибн Аббас мұсылмандар Меккеде бойкот көріп жатқан кезде дүниеге келсе де, әкесі жайлы естелігін айтқан сәтте былай деген: سَمِعْتُ أَبِي يَقُولُ فِي الْجَاهِلِيَّةِ: اسْقِنِي كَأْسًا دِهَاقًا. «Жаһилият дәуірінде әкемнің “Маған ыдысты толтырып сусын бер”, – дегенін естідім».

Әбу әл-Уәлид әл-Бажи былай дейді: «Хадисті екі тұрғыдан түсінуге болады:

1) Үлесі жаһилият дәуірінде белгіленіп қойған мүлік. Бұлай түсіну әлдеқайда нақты, әрі мағынаға дөп түседі.

2) Былай болуы да мүмкін: Жаһилият дәуірінде үлес бөлінген, алайда үлестіріліп үлгермегендіктен мүлікке иелік етпеген. Мәселен, біреу қайтыс болған және жақындары әлі мұсылман болмаған болса да мүлкіне мирасшы болған».

Олай болса, Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Исламнан бұрын орын алған іс-әрекеттерін терістеуді принцип етіп, оқиғаны болған күйінде жасауды негізге алған. Сол күннің өзінде жәһилия кезеңінде қиылған некелерін терістемеген. Осы келісім бойынша түскен мүлікті сахих санаған.

Бұл хадис жаһилия дәуірінде ортаға шыққан жер және үй үлестерінің де сол күйінде қалатындығын айтқан.

وَعَنْ نَافِعٍ عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ عَبْدًا لَهُ أَبَقَ فَلَحِقَ بِأَرْضِ الرُّومِ فَظَهَرَعَلَيْهِمْ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَرَدَّهُ إِلَيْهِ، وَأَنَّ فَرَسًا لَهُ غَارَ فَظَهَرُوا عَلَيْهِمْ فَرَدَّهُ إِلَيْهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ، وَمَالِكٍ وَأَبُو دَاوُدَ. وَفِي رِوَايَةٍ: فِي الْفَرَسِ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. وَفِي رِوَايَةٍ فِي الْمُوَطَّأْ: فِي الْعَبْدِ وَالْفرَسِ فَرُدَّا عَلَيْهِ، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ تُصِيبَهُمَا الْمَقَاسِمُ. وَقَالَ أَبُو دَاوُدَ: فِي الْعَبْدِ فَرَدَّهُ عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَلَمْ يُقْسَمْ.

(1144) Нафиғ әзірет ибн Омардан мынадай хадис риуаят еткен: «Ибн Омардың бір құлы Рим аумағына қашып кетеді. Кейіннен Халид ибн әл-Уәлид Римдіктерді жеңеді. (Тұтқындар арасында, қашып кеткен құл да бар еді) Халид құлды ибн Омарға қайтарып береді. Оның жоғалып кеткен жылқысы да бар екен. (Әскерлер) ол атты да олжалапты. Халид жылқыны да ибн Омарға қайтарып береді» (Бұл риуаяттың сөздері Бұхаридің риуаятына сай)

Енді бір риуаятта: «Алла Елшісінің (с.а.с.) көзі тірі кезінде қашып кеткен бір ат жайлы сөз қозғалған».

«Муаттаның» бір риуаятында дұшпан тарапынан олжаға түскен бір құл мен ат жайлы сөз қозғалған. Бұлар үлестен бұрын бұрынғы иелеріне қайтарылып беріледі.

Әбу Дәуіт құл жайлы сөз қозғай келіп, Алла елшісі бұл олжаларды үлестірмей тұрып бұрынғы иелеріне қайтарып бергендігін айтқан.294

1. Бұл риуаятта кәпір тарапынан қолды болып, кейін олжа ретінде қайтып келген бір мүліктің қайтадан мұсылмандарға қайтарылғанын байқаймыз. Тіпті риуаятта бұл мүліктің бұрынғы иесіне қайтарылып берілгендігі айтылған.

2. Ибн Омардың құлы Алла Елшісі өмірден озған соң (Ярмук шайқасы кезінде) қашып кеткендігінде қарама-қайшы пікір жоқ болса да, жылқысының қай кезде ұрланғандығына қатысты пікірталас бар. Кейбір риуаяттарда Алла Елшісінің тірі кезінде қашып дұшпанның қолына түскендігі, қайтадан қолға түскен сәтте Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тікелей өз тарапынан ибн Омарға қайтарып бергізгендігі айтылған.

3. Дұшпанға олжа болған бір мұсылманның мүлкі қолға түскен сәтте бұрынғы иесіне қайтарылып беріле ме әлде өзге олжа мүлкіне қосылуы тиіс пе? Бұл мәселе жөнінде пікірталас бар.

a) Имам Шәфиғи және бір топ ғалымдар былай дейді: «Мұсылмандардың мүлкінен қарсы тараптағы жауынгерлер қандай да бір затты күштеп тартып алған болса, бұл қайтып қолға түскен кезде, бұрынғы иесі қайтарып алады. Тіпті біреуге үлес ретінде беріліп кеткен болса да, оны қайтарып алуға құқылы.

ә) Әзірет Али, Зуһри, Амр ибн Динар және Хасан Басридің ойынша мұндай мүлік ешқашан бұрынғы иесіне қайтарылмайды, сол олжаның ішіндегі бір мүлік болып қалады.

б) Әзірет Омар, Сүлейман ибн Рабиға, Ата, Ләйс, Мәлик, Ахмад және өзгелерден жеткізілген бір риуаятта мүлік иесі үлестірілместен бұрын мүлкін байқап қалған болса, оны қайтарып алуға құқылы. Ал үлестіріліп жіберген соң байқаса, оны қайтарып ала алмайды.

в) Әбу Ханифа мен Сәури Имам Mәликтің пікірін алған. Бірақ «Қашып кеткен құл бұрынғы иесіне қайтарылады. Тіпті үлес бөлінсе де, бөлінбесе де, ол бұрынғы иесіне тән», – деген.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُصِيبُ فِي مَغَازِينَا الْعَسَلَ وَالْعِنَبَ فَنَأْكُلُهُ وَنَرْفَعُهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(1145) Ибн Омар былай дейді: «Біз жорық кезінде бал және құрғақ жүзім олжаладық. Бұларды (үлестіру үшін, өзге олжа мүлкіне) араластырмай, жеп қоятынбыз».295

1. Бұхари бұл хадисті «Шайқас кезінде қолға түскен азық-түлік тарауында» жазған. Ондағы мақсаты «азық-түлікті әскерлер арасында үлестіру керек пе әлде үлестірместен жауынгерлердің жеуіне рұқсат па» деген мәселенің басын ашып алу болатын. Имам Бұхари осындай талас тудыратын мәселелерді астарлы атаулармен беру арқылы тақырыпты тартымды ете түседі.

Көпшілік ғалымдар азық-түліктерді үлестірмей жатып алуға болатынын айтады. Кез келген азық түрін пайдалануға болады, тіпті мініс аттары мен жануарларға берілетін жем-шөп те осының қатарына жатады. Үлестен бұрын немесе кейін алынуы, имамның рұқсат беріп-бермеуі маңызды емес, үкім сол қалпында қала береді.

2. Осы талқылап отырған риуаят дарул харбта киім аз болатындықтан, қажеттілік себебімен, азық-түліктің пайдалануы мубах саналатынын білдіреді. Ғалымдардың көбі сондай қатты қажеттілік болмаған күннің өзінде алуға болады деп үкім шығарған. Соғыс кезінде олжадан түскен жылқы яки түйеге міну, киімдерді кию, қару-жарақтарын қолдануға болатынын да айтқан. Бұл рұқсат шайқас біткенде тоқтайды. Әузағи осы рұқсаттарға имамның рұқсатын шарт еткен.

Имам Мәлик азық-түлік алуды мубаһ деп санап, мал союға болатынын да ашып айтқан. Ал имам Шафиғи бұл тек қатты қажеттілік туындағанда ғана атқарылатын мәселелер деген.

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِظَبْيَةٍ فِيهَا خَرَزٌ فَقَسَّمَهَا لِلْحُرَّةِ والأَمَةِ. قَالَتْ وَكَانَ يَقْسِمُ لِلْحُرِّ وَالْعَبْدِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1146) Айша (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарға (с.а.с.) ішінде моншақтары бар шағын дорба әкелінді. Ол моншақтарды азат әйел мен күңге бөліп берді. Ол азат адамға да, құлға да үлес беретін».296

1. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құқылы болғандығы үшін емес, тек әйелдер қолданатын зат болғандығы үшін моншақтарды азат әйел яки күң деп бөліп-жармай барлық әйелдерге үлестірген.

2. Әзірет Айшаның екінші сөзі мәтінде أَبِى «әкем» деген сөзі жазылмай қалған. Түпнұсқасында болғандықтан аудармаға жаздық. Әзірет Айша пайғамбардың әлгі моншақтарды азат және күң деп бөліп-жармай әйелдерге таратқанын айтқан соң: «Әкем де азат немесе күң деп бөліп-жармай таратушы еді» деуі нені таратқандығы белгісіз бір сөйлем болғандықтан, ойға моншақ және сол сияқты заттар таратылады деген ой келеді. Алайда бұл жерден мынадай мағына шығуы мүмкін дегенді ғалымдар айтқан: «Әкем де пәйдан азат кісі яки құл деп алаламай таратушы еді». Алиул-Қари бұл хадисті былай түсінген: «Яғни азат немесе күң, әрбір мұқтаж әйелдерге пәйдан беретін».

وَعَنِ الْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ عَمْرَو بْنَ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَخْبَرَهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ أَبَا عُبَيْدَةَ إِلَى الْبَحْرَيْنِ يَأْتِي بِجِزْيَتِهَا فَلَمَّا قَدِمَ بِالْمَالِ سَمِعَتِ الْأَنْصَارُ بِقُدْوَمِهِ فَوَافَوْا صَلَاةَ الْفَجْرِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَمَّا انْصَرَفَ تَعَرَّضُوا لَهُ فَتَبَسَّمَ ثُمَّ قَالَ: أَظُنُّكُمْ سَمِعْتُمْ أَنَّ أَبَا عُبَيْدَةَ قَدِمَ بِشَيْئٍ؟ فَقَالُوا أَجَلْ. فَقَالَ: أَبْشِرُوا وَأُمِّلُوا مَا يَسُرُّكُمْ. فَوَاللَّهِ مَا الْفَقْرَ أَخْشَى عَلَيْكُمْ، وَلَكِنْ أَخْشَى عَلَيْكُمْ أَنْ تُبْسَطَ عَلَيْكُمْ الدُّنْيَا كَمَا بُسِطَتْ عَلَى مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ فَتَنَافَسُوا فِيهَا فَتُهْلِكَكُمْ كَمَا أَهْلَكَتْهُمْ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1147) Әл-Мисуар ибн Махрамаға Амр ибн Ауф былай деген: «Амр ибн Ауф әл-Ансари (р.а.): “Бірде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу Убәйда ибн әл-Жәррахты Бахрейнге жіберіп, сол елден жан басына салынатын салықты жинап әкелуді тапсырды. Әбу Убәйда тапсырманы орындап, Бахрейннен мол дүниемен оралды. Оның келгенін естіген ансарлықтар әдеттегідей мешітке жиналып, таң намазын Алла Елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге оқыды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаз оқып болып, мешіттен шығуға айналғанда, ансарлықтар бір нәрсе дәметкендей оның қасына барды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың осы халін көргенде, еріксіз езу тартып: ‘Менің ойымша, сендер Әбу Убәйданың Бахрейннен құр қол қайтпағанын естіген сияқтысыңдар?’ – деді. Ансарлықтар: ‘Уа, Алла елшісі! Иә, естідік’, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): ‘Олай болса, сүйінші! Еншілеріңді алып, әлі-ақ қуанышқа бөленесіңдер. Алланың атымен ант етейін! Асылында, сендер үшін кедейліктен қорықпаймын. Керісінше, сендерден бұрынғы қауымдарға ағыл-тегіл дүние берілгендей, сендерге де дүниенің молшылығы нәсіп болып, солар сияқты бір-біріңмен бақталасып, ақырында қу дүниенің олардың түбіне жеткеніндей сендерді де құрта ма деп қорқамын’, – деп айтты”».297

Пайғамбарымыз хадисте байлықтан келетін залалдың кедейліктен жететін зиянға қарағанда басым түсетінін баян еткен. Шариғат талаптарына сай игерілмесе байлықтың бүлігі кедейліктің бүлігінен асып түседі. Құранда Алла тағала: «Алайда (Оның мұншама нығметтеріне қарамастан) адам баласы, шынында да, (Раббысына) бағынбай азғындайды», «Өзін (Аллаға) мұқтаж еместей көріп»298, – деп баяндайды.

Байлық адамның мінез-құлқына тікелей әсер ететін фактор. Ғапылдық, тәкаппарлық, азғындық т.б. жаман мінездер байлықтың буына мастанудан туындайды. Бұл нәрсе адамның дүниесімен қоса ақыретіне де зиян. Байлықтың буына мастану адамды неге апарып соғатынын Құрандағы Қарын байдың қиссасынан оқып білсеңіз болады. Ғалымдар: «Мұсылмандардың болашақта дүниенің шырмауына түсуінен хабар беруі – Пайғамбарымыздың пайғамбарлық мұғжизасы», – деген.

Зиянға ұшырап кетпесін деп Пайғамбарымыз үмбетін қу дүниенің соңына түсуден және оның бүлігінен сақтандыруда. Бұдан Пайғамбарымыздың үмбетіне деген мейірімін көреміз.

Алла тағала байлық нәсіп еткен адам:

1. Байлығы құлшылығына кедергі болмауы тиіс.

2. Баймын деп кеуде қақпай, барынша кішіпейіл болғаны жөн. Байлықты жүрегінде емес, қолында ұстағаны абзал.

3. Алла берген байлықты шариғат талаптарына сай Алла жолында жұмсауы қажет.

4. Жомарттықты ту етіп, сараңдықтан алыс болғаны игі.

5. Байлықты ізгі істерге сарп еткен кезде шынайы ниетпен, Алла разылығы үшін беруді ұмытпаған жөн.

6. Берген дүниені міндетсінбеу қажет.

7. Дүние үшін өзгелермен дауласып һәм жауласудан ұзақ жүргені абзал.

Хадис бай болуды жоққа шығармайды һәм бай болма демейді. Керісінше адам мүмкіндігінше ешкімге мұқтаж һәм масыл болмауға тырысуы қажет. Пайғамбарымыз хадистерінде: «Беруші қол алушы қолдан қайырлы», «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйіктірек», – деу арқылы, мұсылманға «Беруші қол» және «Күшті һәм қуатты» болу керектігін үйретуде. Бұл көбінесе адамның бай болуы арқылы жүзеге асады. Ендеше, бай болу Ислам дінінде айып болып есептелмейді, егер дүние-мүлік Алла разылығы үшін шариғат талаптарына сай ізгі амалдарға жұмсалатын болса. Маңыздысы, байлықтың буына мастану арқылы тәкаппарлыққа салынудан және Алла тағаланың бұйрықтарына бойсұнуды тастап қоюдан сақтану қажет.

Ақымақ байдан ақылды кедей артық. Бай және Аллаға бойсұнушы һәм құлшылық етуші құл болу ең қайырлысы.

وَعَنْ ثَعْلَبَةِ بْنِ أَبِي مَالِكٍ: «أَنَّ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: قَسَمَ مُرُوطًا بَيْنَ نِسَاءِ أَهْلِ الْمَدِينَةِ فَبَقِيَ مِنْهَا مِرْطٌ جَيِّدٌ. فَقَالَ لَهُ بَعْضُ مَنْ عِنْدَهُ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ؟ أَعْطِ هَذَا ابْنَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الَّتِي عِنْدَكَ، يُرِيدُونَ أُمَّ كُلْثُومٍ بِنْتَ عَلِيٍّ فَقَالَ أُمُّ سَلِيطٍ أَحَقُّ بِهِ فَإِنَّهَا مِمَّنْ بَايَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَكَانَتْ تَزْفِرُ لَنَا الْقِرَبَ يَوْمَ أُحُدٍ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

(1148) Сағлаба ибн Әбу Мәлик былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) бірнеше орамалды Мәдиналық әйелдер арасында үлестіріп берген соң, соңында сәнді бір орамал қалды. Маңайындағылардың кейбірі оған: “Уа, мүміндердің әміршісі, мұны да өзіңнің қасыңдағы Расулалланың (с.а.с.) қызына бер”, – деді. Бұл жерде олар әзірет Әлидің (р.а.) қызы Үммі Гүлсімді меңзеп тұр еді. Әзірет Омар оларға: “Үммі Сәлит бұл орамалды алуға лайық. Өйткені Алла Елшісіне серт берген, Ухуд шайқасында бізге ожаумен су тасыған”, – деді».299

1. Үммі Сәлит Әбу Сағид әл-Худридің анасы болатын. Әбу Сәлиттің некелі жары еді. Һижреттен бұрын Әбу Сәлит қайтыс болған соң, Мәлик ибн Синан әл-Худриға күйеуге шыққан. Әбу Сағид екінші некесінен дүниеге келген. Бұл әйел Хайбар және Хунәйн жорықтарына қатысқан. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол жайында: «Ухудта оңға, солға қарағанымда үнемі оның жанын сала шайқасып жүргенін көрдім» деп қаһармандығын мадақтаған.

2. Үммі Гүлсім әзірет Омардың жұбайы болатын. Анасы ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) қастерлі қызы Фатима болғандықтан «Расулалланың (с.а.с.) қызы» деп аталатын. Алла Елшісінің көзі тірісінде дүниеге келген әрі Фатима анамыздың ең кенже қызы болатын.

Шейіттер жайлы

Шейіттік – дінімізде ұлы мәртебе. Алла жолында жанын құрбан еткен кісіге «шейіт» дейді. Мұндай жандар көз жұмғанда мейірім періштелері күтіп тұратындықтан яки Алла тағаланың қонағы ретінде күтілетіндіктен «шейіт» деп аталған деседі. Бұл мәселелерге қатысты риуаяттар көп келген. Шейіт деп аударылған сөздің түпнұсқасы «шаһид», яғни «дайын тұру» деген мағынаға саяды. Шейіттердің ұлылығын бірнеше аятта баяндалған. «Олардың басқа адамдардай емес, тірі екендігін» айта келіп, оларды «өлді» деуге болмайтынын ескерткен.300

Алла Елшісі хадистерінде жаннатта жүрген шейіттер жерге қайта оралып, тағы бір мәрте шейіт болуды армандайтындарын айтқан. Осындай асқақ арман пайғамбардың да көңілінде болған.

Фиқыһ ғұламалары шейіттік мәртебені үшке бөледі:

1. Дүние және ақыреттік тұрғыдан шейіт болғандар.

2. Тек дүниелік үкімдер тұрғысынан шейіт болғандар.

3. Тек ақыреттік үкімдер тұрғысынан шейін болғандар.

1. Бірінші топтағы шейіт – қандай да бір әділетсіздік көріп, зорлық-зомбылық көріп көз жұмған кісі. Дін дұшпандарымен немесе қарақшылармен шайқасып жүріп қаза тапқан және жан тапсыру кезінде жүніп болмай, әрі ақыл-есі түзу, балиғат жасқа толған мұсылман осындай шейіттердің қатарына кіреді. Майдан даласында көзінен қан кетіп, дұшпанның қолынан қаза тапқандығы белгілі болған кісі де осы топқа жатады. Қысқасы, мал-мүлкін, ар-намысын, жанын, өзге мұсылмандарды немесе мұсылмандардың қарамағындағы мұсылман еместерді (зыммилерді) қорғау барысында дұшпан қолынан қаза тапқан мұсылман кісі осындай шейіттің қатарында. Осылардың әрқайсысына шейіт деген үкім берілген. Имам Ағзамның пікірінше, бұлар жуындырылмастан, тек жаназалары ғана оқылып жерленеді. Киімдері де шешілмейді және кебінге оралмайды. Өздерімен бірге жүрген қару-жарақтары, кебін үшін керекті мөлшерден артық сырт киімдері, сауыт сынды артық киімдер шешіледі, ал кем болса басқа маталармен толықтырылады. Қалған үш имамның пікірінше, мұндай шейіттің намазы да оқылмайды.

2. Жүрегінде екі жүзділік бола тұра сырттай мұсылман көрініп, майданда мұсылмандармен бірге соғысып жүріп дұшпан тарапынан өлтірілген қандай да бір кісі сырттай үкімі тұрғысынан шейіт болмақ. Біріншісіндегі сияқты оған да шейітке жасалатын рәсімдер жасалады. Алайда ақыреттік үкімде шейіт қатарына кірмейді.

3. Үшінші топқа кәміл шейіттің бойынан ізделінетін дүниелік шарттардың кейбірі кем болған кісі жатады. Мысалы, қателікпен өлтіріліп мирасшыларына құн төлеген мұсылман, ақыреттік тұрғыдан шейіт болып саналса да, дүниелік үкім тұрғысынан шейіт емес. Алайда аруланып кебенделеді, әрі намазы өтеледі. Майдан даласында шайқасып жүріп жарақаттанған соң емделіп, арадан аздаған уақыттар өткеннен кейін осы жарақат салдарынан көз жұмған кісі де осы топқа жатады. Сол сияқты, суға батқан, өртте қалған, құрылыс қирандысының астында қалған, оба, рак ауыруларының бірімен ауырып қайтыс болса яки ілім жолында немесе жұма түнінде қайтыс болған мұсылман да шейіттердің қатарына жатады. Сауабын Алладан күткен азаншы, адал мұсылман саудагер, отбасының нәпақасын адал жолмен табумен жүріп қаза тапқан қандай да бір мұсылман да осы топқа кіреді. Осылардың бәріне ақыреттік тұрғысынан шейіт делінеді. Бұлар қанша діндар болса да, ақыреттік тұрғыда шейіт болады. Алайда оларға дүниелік үкім тұрғысынан шейіт деп қаралмайды. Өзге мұсылмандармен тең жаназа рәсімдері атқарылады. Олай болса бұл тақырыпта, шейіттер жайындағы фиқыһ ғалымдарынан қысқартып алынған үкімдерін беруге сілтеме жасайтын риуаяттардың кейбірін ғана қозғаған.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا تَعُدُّونَ الشَّهِيدَ فِيكُمْ؟ قَالُوا يَارَسُولَ اللَّهِ مَنْ قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَهُوَ شَهِيدٌ. قَالَ: أَنَّ شُهَدَاءَ أُمَّتِي إِذًا لَقَلِيلٌ. قَالُوا: فَمَنْ هُمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ مَنْ قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَهُوَ شَهِيدٌ. وَمَنْ مَاتَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَهُوَ شَهِيدٌ. وَمَنْ مَاتَ فِي الطَّاعُونِ فَهُوَ شَهِيدٌ. وَمَنْ مَاتَ فِي الْبَطْنِ فَهُوَ شَهِيدٌ. وَالغَرِيقُ شَهِيدٌ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

(1149) Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деп сұрақ қойды:

– Араларыңда кімді шейіт деп атайсыңдар?

– Уа, Алла елшісі, Алла жолында өлтірілген шейіт болар.

– Олай болса, үмбетімнің шейіттері аз.

– Онда тағы да кімдер шейіт, уа, Алла елшісі?

– Алла жолында өлтірілген – шейіт. Алла жолында өлген – шейіт. Оба ауруынан өлген – шейіт. Қарны үшін қайтыс болған – шейіт, тұншығып өлген – шейіт».301

1. Алла Елшісі қасындағы адамдарға маңызды мәселені жақсылап түсіндіру үшін сұрақ сұрау арқылы сөзін бастаған. Бұл Пайғамбарымыздың жиі қолданатын тәсілдерінің бірі деуге болады.

2. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шейіттерді атағанда «Алла жолында өлгендерді» жеке-жеке топқа бөліп қараған. Өйткені «өлтірілгендердің» арасына майданда шейіт болғандар кірсе де, өз өмірін дін жолында қызмет етуге арнап жұмыс істеп жүрген сәтте қандай да бір жағдаймен, қандай да бір мекенде қаза тапқандар кірмейді. Бұларды адамдар білмесе де Алла біледі. Расулалла (с.а.с.) осылайша «Алла жолында қаза тапқандарды» шейіт деп жариялау арқылы, шейіттіктің шеңберін бірталай кеңейткен, дұшпанмен соғыспаса да шейіттік сынды ұлы мәртебеге кез келген күйде және шарттарда, кез келген уақытта қол жеткізу мүмкіндігін әрбір мұсылманның алдына жайып салған.

3. Қарны үшін деген сөзді көпшілік «жаулау» деп түсінген. Алайда «қарны» деген сөзден шыққан өзге де ауру түрлері жайлы сөз қозғалған болуы мүмкін, тіпті нифас күйінде, жүктілік кезде өлген әйелдер жайлы айтылған болуы ықтимал. Сондықтан аударманы өзгертпей «қарны үшін» деп жалпы мағынада аударуды жөн көрдік.

4. Бұл хадисте ақырет үкіміне сай шейіт болуы керек адамдардың топтары баяндалған.

a) Алла жолында өлген;

ә) Оба ауруынан өлген;

б) Қарны үшін (жүктілік, нифас, соқыршек т.б.);

в) Тұншығып өлген.

وَفِي رِوَايَةِ مَالِكٍ وَالتِّرْمِذِيِّ. قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ»، وَزَادَ: «وَصَاحِبُ الْهَدْمِ شَهِيدٌ». وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ جَابِرٍ: وَالْمَرْأَةُ تَمُوتُ بِجُمْعٍ. وَفِي رِوَايَةٍ أُخْرَى صَحِيحَةٍ عَنِ ابْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ: وَمَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ.

(1150) Мәлик пен Тирмизи жеткізген нұсқада Алла елшісі (с.а.с.): «Шейіттер бесеу», – деп, «Үйінді астында қалған да шейіт», – деген.

Жәбирден (р.а.) жеткен бір риуаятта: «Құрсағында нәрестесі болған күйде өлген әйел де шейіт» делінген.

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астан жеткен сахих нұсқада: «Мүлкін қорғап жүріп өлтірілген кісі – шейіт», – делінген.302

Хадисті жеткізуші рауи «Имам Мәлик және Тирмизиде келген бір риуаятта Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді: «Осы бес кісі шейіт» дегеннен кейін алдыңғы риуаятқа сілтеме жасап риуаяттың түпнұсқасын бермеген, тек қана тарауды тіркеген. Біз мәтінді және аударманы тіркеуді жөн көрдік: الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ: الْمَطْعُونُ، وَالْمَبْطُونُ، وَالْغَرِيقُ، وَصَاحِبُ الْهَدْمِ، وَالشَّهِيدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ. «Шейіттер бесеу: обадан қайтыс болған, іш ауруынан қайтыс болған, суға батқан, үйінді астында қалған және Алла жолында шейіт болған адам».

وَعَنْ أُمِّ حَرَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْمَائِدُ فِي البَحْرِ الَّذِي يُصِيبُهُ القَيْئُ لَهُ أَجْرُ شَهِيدٍ، وَالْغَرِيقُ لَهُ أَجْرُ شَهِيدَيْنِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1151) Үммі Харам (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Теңіздің шайқауынан (кемеде) құсқан жанға да шейіт сауабы беріледі. Тұншығып өлген жанға екі шейіттің сауабы бар”».303

Хадисті риуаят еткен Үммі Харам бинт Милхан – әзірет Әнәстің анасы Үммі Суләймнің сіңлісі. Сахабалардың үлкені Убадатубнус-Самиттің (р.а.) жұбайы. Расулалланың (с.а.с.) мақтау-мадағына лайық болған жан. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне дейін барып қонақ болған, сол жерде түскі уақытта тынығып, көз шырымын алған. Ұйқысынан күлімсіреп оянған Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түсінде мұсылмандардың кемеге мініп теңіз сапарына шығатындықтарын көргендігін айтқан. Үммі Харам: «Уа, Расулалла! Аллаға дұға етіңізші, мені де солардың арасына қоссын», – дейді. Ардақты Пайғамбарымыз: «Сен солардың қатарында боласың», – деп сүйіншілеген.

Үммі Харам осы дұғадағы пайғамбарлықтың берекесімен әзірет Османның халифалығы кезеңінде, әзірет Муғауияның (р.а.) қолбасшылығында жолданған Кипр сапарына жары Убадамен бірге қатысады. Теңізден өтіп аралға шығады. Сол жерде мінген көлігі құлатып өлтіреді. Мазары әлі сол Кипрде кесене болып тұр. Ол кесене Хала Сұлтан деп аталып кеткен.

وَعَنْ سَعِيدِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ قُتِلَ دُونَ دِينِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ قُتِلَ دُونَ أَهْلِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

(1152) Саид ибн Зәйд былай дейді: «Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Кімде-кім мүлкін қорғау барысында өлтірілсе, шейіт. Кімде-кім қанын қорғау барысында өлтірілсе, онда ол шейіт. Кімде-кім дінін қорғау барысынла өлтірілсе, онда ол шейіт. Кімде-кім отбасын қорғау барысында өлтірілсе, онда ол да шейіт”».304

1. Расулалла бұл хадистерiнде адам жанын қорғаудың дұрыс жолын көрсеткен. Құранда бейкүнә жанның өмірін қию тозаққа апаратын зұлымдық екенін айтумен қатар, күллі адамзатты өлтірумен тең екенін ескерткен. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мал-мүлкі, жаны, отбасы, діні үшін жан тапсырғандардың шейіт болатындығын сүйіншілеп, аталмыш істерде өлім қауіпі болса да соңы жақсылық екенін білдірген. Сонымен қатар Мүслимде келетін Әбу Һурайраның (р.а.) бір риуаяты осы мәселені толығырақ баян еткен: «Бір кісі келіп: «Уа, Алла Елшісі, қандай да бір бейтаныс жан келіп мүлкіме қол салғысы келсе не істеуім керек?» деп сұрайды. «Мүлкіңді оған берме!» деген жауап алды. Әлгі адам қайталап: «Ал мені өлтіруге тырысса не істеуім керек?» деп сұрады.«Сен де оны өлтіруге тырыс», – деді. Әлгі адам: «Егер мені өлтіріп тастаса», – дегенде: «Сен шейіт боласың!» – деді. Әлгі кісі: «Ал мен оны өлтірсем?» – дегенде «Oл жаһаннамға кіреді!» – деп жауап берді.

«Ахмад ибн Ханбалдың бір риуаятында осыған ұқсас бір сұраққа Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): اُنْشُدِ اللَّهَ «Алланың атын айт!» деп насихат еткен. «Сөз ұқпаса ше?» дегенде қайталап «Алланың атын айт!» – дейді. «Сонда да сөз ұқпаса?» – деген кезде, «Олай болса өлтір, қаза табар болсаң жаннаттық боласың, өлтірер болсаң, ол тозаққа кіреді!» – деп жауап берген.

Шариғат рұқсат еткен жолмен өзін қорғау барысында өлтірген жанға қысас, құн сынды қандай да бір жаза берілмейтіндігі әртүрлі риуаяттарда жеткен. Көпшілік ғұламалар хадис жалпылама келгендігі үшін, «қорғалатын мүліктің аз немесе көп болуына қаралмайды» деген үкім берген. Ибн әл-Мубәрак «Екі дирхамдік мүлікті қорғаудың өзі адал» деген. Кейбіреуі аз да болса малдың қорғалуын «уәжіп» деп білгенде Мәликилердің кейбірі: «Құны төмен, мөлшері аз зат үшін рұқсат емес» деген.

2. Ғалымдар аят пен хадистерге қарай отырып «азғантай зат үшін адам өлтіруге болмайды» дегендерді құптамаса да, мүлікті аман сақтап қалудың алдын алуды қарапайым тәсілмен бастап, болмаған жағдайда өлімге баруға болатындығын айтқан. Яғни, өлтірмей тұрып, шабуыл жасаушыны қуудың жолдары мен шаралары бар бола тұра сол арада өлтіруге жүгінбеу керек. Сонымен қатар «өлтіруге рұқсат беретін риуаят» та осы мағынаны растайды.

Ахмад ибн Ханбалда келген риуаятта «Алланың атын айт!» деуі және осы сөзді бірнеше мәрте қайталауы да осы көзқарастағы ғалымдардың дәлел ретінде әкелген аргументтерінің бірі. Шәфиғидің риуаяты бойынша: «Кім мүлікті немесе нәпсісін яки харимидің себебімен шабуылға ұшыраса, оның өлтіруге қақысы бар. Бұлай болған жағдайда құн, кәффарат секілді жаза берілмейді».

3. Екі ерекше жағдай:

1) Мұны да анықтап алуымыз керек, ғалымдар Расулалладан (с.а.с.) келген көптеген риуаятқа сүйене отырып, осы мәселеде «сұлтанды» бөлек үкіммен қарастырған. Яғни, залым сұлтан тарапынан келген жағдайда, оған сабыр етуі, көтеріліс жасамауы жөнінде пайғамбардың көптеген үгіт насихаттарын назарға алған ғалымдар, сұлтанға қарсы шықсын деген пәтуа бермейді. Ибн әл-Мунзир осы мәселеде ғалымдар ижмағы бар екенін айтады.

2. Бүлік белең алып тұрған кезде нәпсіні қорғаудан бас тартқан абзал. Яғни, ел іші іштей бүлініп, аласапыран басталған сәтте Расулалла (с.а.с.) мұндай бүлікке араласпауды, мүмкіндігінше одан қашуды қатал ескерткен. Олай болса, өлу немесе өлтірілуден бірін таңдауға мәжбүр болған шешуші сәтке тап болған жағдайда, әзірет Адамның екі ұлының арасындағы қайырлысы (Әбіл) болуды насихаттаған. Бүлік туындаған кезде не істелуі керек екендігінің ең көркем үлгісін Құран кәрім Әбіл мен Қабыл қиссасымен берген. Қабыл інісі Әбілді өлтірмек болып ұмтылғанда Әбіл былай дейді: «Ант етейін, мені өлтіру үшін қолыңды маған созсаң, мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын...»305 Осы аятпен амал еткен әзірет Осман (р.а.) да бүлік шығарғандарға қарсы қылыш көтермеген, керісінше, солардың қолынан шейіт болуды таңдаған.

Бүліктерге қатысты жалпы түсіндірмені №4761 хадистен таба аласыз.

وَعَنْ أَبِي سَلَّامٍ عَنْ رَجُلٍ مِنَ الصَّحَابَةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَغَرْنَا عَلَى حَىٍّ مِنْ جُهَيْنَةَ فَطَلَبَ رَجُلٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ رَجُلًا مِنْهُمْ فَضَرَبَهُ فَأَخْطَأَهُ فَأَصَابَ نَفْسَهُ. فَقَالَ ﷺ: أَخَاكُمْ يَا مَعْشَرَ الْمُسْلِمِينَ فَابْتَدَرَهُ النَّاسُ فَوَجَدُوهُ قَدْ مَاتَ فَكَفَّنَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِثِيَابِهِ وَدَمِهِ وَصَلَّى عَلَيْهِ وَدَفَنَهُ. فَقَالُوا أَشَهِيدٌ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ نَعَمْ؛ وَأَنَا لَهُ شَهِيدٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

(1153) Әбу Сәллам сахабалардың бірінен мынадай хабар риуаят еткен: «Жуһәйнның бір ауданына шабуыл жасадық. Мұсылмандардан бірі (жекпе-жек шайқасу үшін) олардан бір адам талап етті. (Бір жауынгер келген кезде) сол сәтте қылышымен айқасқа кірісіп кетті. Алайда қателік жіберіп алды да, қылышы өзіне кеп тиді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Уа, мұсылмандар, бауырларыңа (жәрдем беріңдер)” деп дауыстады. Адамдар соған қарай беттеді. Бірақ ол сол жерде көз жұмған еді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны киімімен, қанымен бірге орап, намазын оқыды да, жер қойнауына табыстады.

“Уа, Алла елшісі, бұл шейіт пе?” деп сұралғанда.“Иә, ол шейіт және мен оған осы мәселеде куәгермін”, – деп жауап берді».306

Хадис соғыста шейіт болу үшін қалай да дұшпанның қаруымен өлтірілген болуы міндетті емес. Адам шын ниетімен Алла разылығы үшін соғысқан жағдайда, қалай қаза тапса да, шейіт болатындығы айтылады. Хадисте адамның байқаусызда өз қаруынан қаза тапқандығын, Расулалланың (с.а.с.) бұл кісіні шейіт деп сипаттағанын байқаймыз.

وَعَنِ العِرْبَاضِ بْنِ سَارِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَخْتَصِمُ الشُّهَدَاءُ وَالْمُتَوَفَّوْنَ عَلَى فُرُشِهِمْ إِلَى رَبِّنَا فِي الَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنَ الطَّاعُونِ فَيَقُولُ الشُّهَدَاءُ إِخْوَانُنَا قُتِلُوا كَمَا قُتِلْنَا، وَيَقُولُ الْمُتَوَفَّوْنَ عَلَى فُرُشِهِمْ إِخْوَانُنَا مَاتُوا كَمَا مُتْنَا. فَيَقُولُ رَبُّنَا: انْظُرُوا إِلَى جِرَاحِهِمْ فَإِنْ أَشْبَهَتْ جِرَاحَ الْمقَتُولِينَ فَإِنَّهُمْ مِنْهُمْ وَمَعَهُمْ فَإِذَا جِرَاحُهُمْ قَدْ أَشْبَهَتْ جِرَاحَهُمْ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

(1154) Ирбаз ибн Сария (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Шейіттер мен төсегінде жан тапсырғандар обадан қайтыс болғандар жайында Раббымыздың алдында дауласады. Шейіттер: “Олар – біздің бауырларымыз. Олар да біз сияқты өлтірілді”, – дейді. Төсегінде жан тапсырғандар: “Олар – біздің бауырларымыз. Олар да біз сияқты қайтыс болды”, – дейді. Раббымыз: “Жараларына қараңдар. Өлтірілгендердің жараларына ұқсаса, солардың қатарында әрі солармен бірге болады”, – дейді. Қараса, жаралары шейіттердің жараларына ұқсас екен».307

Ғалымдар төсекте жатып өлгендердің бұлай деуі оба ауруынан өлгендердің шейіт болуларын қызғанғандықтан емес «Бізге де шейіттік бер, біз де олар сынды төсекте өлдік, олар шейіт болса біз де шейіт болуымыз керек» дегісі келгендерін айтады. Сонымен қатар, бұл талап жаннатқа кірмей тұрып болатындығы, өйткені жаннатта وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَشْتَهِى اَنْفُسُكُمْ аятында308 әркімге қалағаны берілетіндігі айтылады.

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: عُسِّلَ وَكُفِّنَ وَصُلِّيَ عَلَيْهِ وَكَانَ شَهِيدًا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

(1155) Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жуылды, кебінделді, жаназа намазы оқылды. Ол шейіт еді».309

Әзірет Омар (р.а.) Әбу Лулу атты кісінің қолынан қаза тапты. Намазын Сухайб (р.а.) оқытты. Әзірет Омар (р.а.) шейіт деп білінсе де, кебіндеу, жуындыру істері қарапайым өліммен өлген жанға жасалатындай атқарылды. Өйткені дүниелік үкімдер тұрғысынан да шейіт болғандар – майданда қаза тапқандар. Сонымен қатар, олар да алған жарақатынан көз жұмуы керек. Жарақаттанған соң біраз уақыт дәрі ішіп, ас-ауқат жеп, әңгіме-дүкен құрғаннан кейін қайтыс болған кісі ақыреттік үкім бойынша шейіт болғанмен, дүниелік үкім жөнінен шейіт емес. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ухуд шейіттерін жуындырмай, киімдерімен көмген және жаназа намаздарын да оқымаған. Намаз оқылды деп келген риуаяттарды «дұға» деп тәуил жасаған. Өлген адам үшін дұға жасалады. Намаз мәселесі жөнінде пікірталасқа түскен болса да, жуындырмай киімдерімен көму жөнінде ешқандай пікірталас жоқ.

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб» (№3898, Ибраһим Жанан келтірген басылымда №3894).
  2. 2Бұхари, Фәдәилул-Құран 3, 4, Тәпсір, Тәубе 20, Ахкам 37; Тирмизи, Тәпсір, Тәубе, (3102).
  3. 3Бұхари, Фәдәилул-Құран 2, 3, Манақиб 3, Тирмизи, Тәпсір, Тәубе, (3103).
  4. 4Бұхари, Фәдәилул-Қуран 8, Манақибул-Ансар 17; Мүслим, Фадаилус-сахаба 119, (2465); Тирмизи, Манақиб, (3796).
  5. 5«Исра» сүресі, 106-аят
  6. 6Кейбір риуаяттар «арза»-ны Расулалланың Жәбірейіл (а.с.) періштегe оқуы, кейбіреулері Жәбірейілдің ардақты Пайғамбарға оқуы деп түсіндірген. Демек, Жәбірейіл ардақты Пайғамбарға оқитын, әрі одан тыңдайтын. Құранның ұлық мәртебесіне лайықты әдеп! هَذَا مِنْ فَضْلِ رَبّنَا
  7. 7Мына риуаят осы тақырыпқа қатысты: عَنْ أَبِى مُوسَى الاَشْعَرِي قَالَ: نَزَلَتْ سُورَةٌ نَحْوَ مِنْ برَاءةٍ فَرُفِعَتْ فَحَفِظْتُ مِنْهَا: إِنَّ اللَّهَ لَيُؤَيّدُ هَذَا الدِّينَ بِأَقْوَامٍ لَاخَلَاقَ لَهُمْ( Әбу Мұса әл-ашғари айтады: «Тәубе» сүресінің ұзындығындай сүре түскен еді. Кейіннен алынып тасталды. Мен одан мына сөйлемді жаттап алған едім: Алла бұл дінді қиямет күні ешқандай нәсіп ала алмайтын адамдармен де демеп күшейтеді». Бұл мағына марфуғ хадис ретінде басқа риуаяттарда кездеседі: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَيُؤْيدُ الْإِِسلَامَ برجَالٍ مَا هُمْ بِأَهْلِهِ «Алла Исламды мұсылман болмаған адамдармен де күшейтеді» немесе إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَيُؤَيِّدُ الدِّينَ بِالرَّجُلِ الْفَاجِرِ «Алла бұл дінді фажир (ашықтан-ашық күнә жасайтын, діндар емес) адаммен де күшейтеді».
  8. 8Табарани, «Әл-Муғжам әл-әусат», №1913. Иснадында кітаптан жеткізілген нұсқа бар. Һайсами, «Мәжмағ әз-зауаид», «Ілім» бөлімі.
  9. 9Ескерте кететін бір жайт: Зина жасаған екі яһудидің жазаландырылуы үшін яһуди жамағаты ардақты Пайғамбарға өтініш білдірген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алланың Кітабында (Тауратта) болған үкімді, яғни ражмды (тас боран) орындаған. Исламдағы алғашқы ражм осы еді. Расулалланың көзі тірісінде мұсылмандарға қатысты қолданылған ражммен жазалау ісі де бар.
  10. 10Әзірет Омардың (р.а.) аят деп ұсынған мәтіні мынау еді: الشيخ والشيخة اذا زَنيا فاَرْجُمُوهُمَا الْبيَّنةَ نَكَالًا مِنَ اللَّهِ واللَّهُ عَزِيزٌ حَكيِمٌ «Әйел және еркек екі қарт кісі зина жасаса, екеуін де Алладан келген ғибратты жаза ретінде тас боран атыңдар. Алла Азиз, Хаким» Әзірет Омар кейінірек былай деген: «Білесіздер, ражм (тасборан) хақ. Расулалла ражмды орындады. Одан кейін біздер де ражмды жүзеге асырдық. Халықтың «Омар Алланың кітабына, онда жоқ нәрсені жазды» демейтінін білсем, бұны жазатын едім», – деп, жоғарыдағы мәтінді оқиды. Әзірет Омар кей-кейде біреулердің «Біз Китабуллаһта ражм аятын көрмедік» деп, Алла түсірген парызды тәрк етіп, адасушылыққа ұрынатынын былайша ескерткен: «Мухсан болған жағдайда зина жасаушылардың ражм етілуі хақ. Маңызды болғаны, зина ісі анық дәлел, жүктілік немесе мойындау арқылы нақтылансын. Аллаға ант етейін, «Омар Китабуллаһқа қосымша енгізді» демейтін болса, мен бұл аятты жазатын едім».
  11. 11Фәтхул-бари, 10, 425, 430
  12. 12Бұхари, Фәдәилул-Қуран 25.
  13. 13Бұхари, Дағуат 4; Мүслим 3, (2744); Тирмизи, Қиямет 50, (2499, 2500)
  14. 14Тирмизи, Дағуат 102, (3529).
  15. 15Мүслим, Зикр 43, (2703).
  16. 16Тирмизи, Дағуат 103, (3531); ибн Мәжа, Зүһд 30, (4253).
  17. 17Мүслим, Тәубе 32, (2760).
  18. 18«Шура» сүресі, 11-аят.
  19. 19«Ықылас» сүресі, 4-аят.
  20. 20Бұхари, Әнбия 50; Мүслим, Тәубе 46, (2766); ибн Мәжа, Дият 2, (2621).
  21. 21Бұхари, сол бөлімде
  22. 22Табарани, Сәһл ибн Сағдтан жеткен нұсқа. Әлбани, «Дағиф әл-жамиғ», №5977. Иснады әлсіз деп бағаланған.
  23. 23«Нисә» сүресі, 48-аят
  24. 24Тирмизи, Қиямет 50, (2501); ибн Мәжа, Зүһд 30, (4251).
  25. 25Бұхари, Руя, 26; Мүслим, Руя, 8, (2263); Тирмизи, Руя 1, (2271); Әбу Дәуіт, Әдеп 96, (5019).
  26. 26Бұхари, Тыб 39, Бәдғул-халқ, 11, Тағбир 3, 4, 10, 14, 46; Мүслим, Руя 5, (2262); Муатта 1, (2, 957); Тирмизи, Руя 4, (2288); Әбу Дәуіт, Әдәб 96, (5021).
  27. 27Бұхари, Табир 2, 10; Мүслим, Руя 10; (2266); Муатта, Руя 1, (2, 956).
  28. 28Тирмизи, Руя 6, (2279, 2280); Әбу Дәуіт, Әдәб 96, (5020).
  29. 29Бұхари, Табир 4, Муатта 1, (2, 956).
  30. 30Тирмизи, Руя 3, (2275).
  31. 31Бұхари, Табир 5; Муатта, Руя 3, (2, 957); Әбу Дәуіт, Әдәб 96, (5017).
  32. 32Бұхари, Табир 48, Азан (Сыфатус-Салат) 156, Таһажжуд 12, Жәнәиз 93, Буйуғ 2. Жиһад 4, Бәдиғул-халқ 6, Әнбия 8, Тәпсір, 15, Әдәб 69; Мүслим 23, (2275); Тирмизи, Руя 10, (2295).
  33. 33Жақшаның арасындағы сөздер Мүслимнің басқа бір руиаятынан алынған.
  34. 34«Нәжім» сүресі, 11-аят
  35. 35«Бақара» сүресі, 285-аят
  36. 36Бұхари, Табир 40, 70; Мүслим, Руя, 22, (2274), Тирмизи, 10, (2293).
  37. 37Бұхари, Табир 39, 44, Мәнәқиб 25, Мағази 9, 26, Мәнәқиб әл-Ансар, 45; Мүслим, Руя 20, (2272).
  38. 38Мүслим, Руя, 18, (2270); Әбу Дәуіт, Әдәб 96, (5026).
  39. 39«Ағраф» сүресі, 128-аят
  40. 40«Әли Имран» сүресі, 139-аят
  41. 41«Мәида» сүресі, 3-аят
  42. 42Бұхари, Табир 41, 42, 43; Тирмизи, Руя 10, (2291).
  43. 43Бұхари, Тағбир, 35, 36, Салат 58, Таһажжуд 2, Фәдәилул-Асхаб 19; Мүслим, Фадаилу-сахаба 140, (2479).
  44. 44Бұхари, Тағбир, 25; Мүслим, Фадаилус-сахаба 139, (2478).
  45. 45Әбу Дәуіт, Сүннет 9, (4634), Тирмизи, Руя 10, (2288).
  46. 46Бұхари, Табир 11, 47; Мүслим, Руя 17, (2269); Тирмизи, Руя 10, (2294); Әбу Дәуіт, Сүннет 9, (4632); ибн Мәжа, Руя 10, (3918).
  47. 47Муатта, Жәнәиз 10, (1, 232).
  48. 48Тирмизи, Руя, 10, (2289).
  49. 49Мүслим, Руя 12, (2268).
  50. 50Бұхари, Табир 13, 37, Жәнәиз 3, Шаһадат, 30, Мәнәқибу әл-Ансар 46.
  51. 51Бұхари, Истиқраз 14; Мүслим, Мусакат 22, (1559); Муатта, Буйуғ 42, (2, 678); Тирмизи, Буйуғ 36, (1262); Әбу Дәуіт, Буйуғ76, (3519.3520, 3522); Нәсәи, Буйуғ 95, (7, 311); ибн Мәжа, Ахкам 26, (2358, 2359).
  52. 52Мүслим, Мусакат 18, (1556); Тирмизи, Зекет 24, (655); Әбу Дәуіт, Буйуғ 60, (3469); Нәсәи, Буйуғ30 (7, 265), 96, (7, 312); ибн Мәжа, Ахкам 25, (2356).
  53. 53Бұхари, Марда 19, Дағауат 30; Мүслим, Зикір 10, (2680); Тирмизи, Жанаиз 3, (971); Әбу Дәуіт, Жанаиз 13, (3108, 3109); Нәсәи, Жанаиз 1, (4, 3).
  54. 54Мәлик, «Муатта». Омар ибн әл-Хаттабтың дұғасы.
  55. 55Мәлик, «Муатта», №580. Мәликтен балағ жолымен жеткен нұсқа.
  56. 56Тағун – оба ауруының бір түрі.
  57. 57«Юсуф» сүресі, 101-аят.
  58. 58«Нәміл» сүресі, 19-аят.
  59. 59Қараңыз: «Юнус» сүресі, 19-аят; «Нахыл» сүресі, 61-аят.
  60. 60«Бақара» сүресі, 155-аят; «Мүлік» сүресі, 2-аят.
  61. 61Нәсәи, Жәнәиз 2, (4, 4); Бұхари, Марда 19, Дағуат 30, Риқақ 7, Тәмәнни 6; Мүслим Зикр 12, (2681).
  62. 62Тирмизи, Бирр 86, (2036).
  63. 63Тирмизи, «Бирр», 86 (№2034). Әбу Дәуіт, «Әдеп», 12 (№4813–4814).
  64. 64Тирмизи, Бирр 35, 1955); Әбу Дәуіт, Әдәб 12, (4811).
  65. 65Тирмизи, Қиямат 45, (2489); Әбу Дәуіт, Әдәб 12, (4812).
  66. 66Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 26; (1667, 1664, 1665); Бұхари, Жиһад 73; Мүслим, Имарат 163; ибн Мәжа, Жиһад 7, Нәсәи, Жиһад 39, 6, 39
  67. 67Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 2, (1621); Әбу Дәуіт, Жиһад 16, (2500)
  68. 68Фәдәилул-Жиһад 2, (1621)
  69. 69Бұхари, Жиһад 5, 6, 73, Риқақ 2, 51; Мүслим, Имарат 112.115, (1880); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 17, (1648, 1649, 1651); Нәсәи, Жиһад 11, 12, (6, 15); ибн Мәжа, Жиһад 2, (2755.2757)
  70. 70Сахабаларды аттап өтіп тікелей пайғамбарымыздан риуаят етілген табиғиннен келген хадис
  71. 71Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 21, (1657); Әбу Дәуіт, Жиһад 42, (2541); Нәсәи, Жиһад 25, (6, 26); ибн Мәжа, Жиһад 15, (2792)
  72. 72Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 21, (1657); Әбу Дәуіт, Жиһад 42, (2541); Нәсәи, Жиһад 25, (6, 26)
  73. 73Бұхари, Жиһад 10, Зәбәих 31; Мүслим, Имарат 103; Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 21, (1656); Нәсәи, Жанаиз 82, (4, 78), Жиһад 27, (6, 28); Муатта, Жиһад 29, (2, 461)
  74. 74Бұхари, Иман 25, Жиһад 2, 119, Хумс 8, Тәухид 28, 30; Мүслим, Имарат 103.107, (1876), (8, 119); Муатта, Жиһад 2, (2, 444), 40, (2, 465); Нәсәи, Жиһад 14, (6, 16), Иман 24
  75. 75Бұхари, Жиһад 2; Мүслим, Имарат 110, (1878); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 1, (1619); Нәсәи, Жиһад 17, (6, 19); Муатта, Жиһад 1, (2, 443)
  76. 76Бұхари, Жиһад 2, Риқақ 34; Мүслим, Имарат 122, 123, 127, (1888); Әбу Дәуіт, Жиһад 5, (2485); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 24, (1660); Нәсәи, Зекет 74, (5, 83), Жиһад 7, (6, 11); ибн Мәжа, Фитән 13, (3978)
  77. 77«Саф» сүресі, 10-12-аяттар
  78. 78«Бақара» сүресі, 239-аят
  79. 79«Ниса» сүресі, 102-аят
  80. 80Нәсәи, Жиһад 8, (6, 11.12)
  81. 81Муатта, Жиһад 4, (2, 445); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 18, (1652); Нәсәи, Зекет 74, (5, 83.84)
  82. 82Әбу Дәуіт, Жиһад 6, (2486)
  83. 83Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 8, (1633); Зүһд 37, (2372); Нәсәи, Жиһад 8, (6, 12)
  84. 84Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 7, (1632)
  85. 85«Фатыр» сүресі, 28-аят
  86. 86Мүслим, Имарат 130, 131, (1891); Әбу Дәуіт, Жиһад 11, (2495); Нәсәи, Жиһад 8, (6, 12.14); ибн Мәжа, Жиһад 9
  87. 87Мүслим, Имарат 116, (1884); Нәсәи, Жиһад 18, (6, 19.20)
  88. 88Бұхари, Жиһад 28; Мүслим, Имарат 128, 129, (1890); Муатта, Жиһад 28, (2, 460); Нәсәи, Жиһад 37, (2, 38); ибн Мәжа, Муқаддима 13, (191)
  89. 89Бұхари, Жиһад 46; Нәсәи, Хайл 11
  90. 90Мүслим, Имарат 132, (1892); Нәсәи, Жиһад 46, (6, 49)
  91. 91Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 5, (1626)
  92. 92Бұхари, Жиһад 38; Мүслим, Әмарат 135, 136, (1899); Әбу Дәуіт, Жиһад 21, (2509); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 6, (1628); Нәсәи, Жиһад 44, (6, 46)
  93. 93Әбу Дәуіт, Жиһад 30, (2525)
  94. 94«Әли Имран» сүресі, 200-аят
  95. 95Муатта, Жиһад 6, (2, 446)
  96. 96«Инширах» сүресі, 5-6-аяттар
  97. 97«Тәубе» сүресі, 52-аят
  98. 98Бұхари, Жиһад 5, 21; Мүслим, Имарат 108, 109, (1877); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 13, (1643); Нәсәи, Жиһад 30, 6, 32).
  99. 99Нәсәи, Жиһад 30, (6, 33).
  100. 100Бұхари, Жизия 1, Тәухид 46, (Бұхари, Китабут-Тәухидте қосымша пікір деп келген. Ал Рузин мәтіннің өзі ретінде келтірген).
  101. 101Мүслим, Имарат 117, (1885); Муатта, Жиһад 31, (2, 461); Нәсәи, Жиһад 32, (2, 33).
  102. 102Мүслим, Имарат 118.
  103. 103Қалансуә – бас киім. Ол кезде сәлде болмағандықтан, бұл айтылған тақия болуы мүмкін.
  104. 104Талх ағашы – сөздікте үлкен бір ағаш деп келген. Бананның ағашына да талх делінеді. Осындай мағынамен Құранда келген.
  105. 105Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 14, (1644).
  106. 106Муатта, Жиһад 42, (2, 466); Бұхари, Мағази, 17; Мүслим, Имарат 145, (1901)
  107. 107Бұхари, Жиһад 13; Мүслим, Имарат 144, (1900)
  108. 108Нәсәи, Жанаиз 112
  109. 109Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 26, (1668).
  110. 110Әбу Дәуіт, Жиһад 38, (2536)
  111. 111«Әли Имран» сүресі, 200-аят
  112. 112Есімі жөнінде әртүрлі көзқарас бар. Бұхаридің пікірінше: Абдуль Хабир әкесінен, әкесі атасы Сәбит ибн Қайстан ол болса Расулаллалдан (с.а.с.) деп келген.
  113. 113Әбу Дәуіт, Жиһад 8, (2488)
  114. 114Мүслим, Жиһад 156, 157, (1908, 1909); Әбу Дәуіт, Соләт 361, (1520); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 19, (1653); Нәсәи-Жиһад 36, (6, 36); ибн Мәжа, Жиһад 15, (2797)
  115. 115Әбу Дәуіт, Жиһад 15, (2499)
  116. 116Әбу Дәуіт, Жиһад 27, (2521)
  117. 117«Тәкуир» сүресі, 8-9-аяттар
  118. 118Муатта, Жиһад 32, (2, 461.62)
  119. 119Әбу Дәуіт, Жиһад 35, (2533)
  120. 120«Ниса» сүресі, 4-аят
  121. 121«Ниса» сүресі, 13-аят
  122. 122«Ниса» сүресі, 69-аят
  123. 123«Нұр» сүресі, 52-аят
  124. 124«Әнфал» сүресі, 46-аят
  125. 125«Ниса» сүресі, 59-аят
  126. 126Әбу Дәуіт, Жиһад 18, 2504); Нәсәи, Жиһад 1, (6, 7).
  127. 127Бұхари, Жиһад 1, 27, 194, Жизия 22, Хаж 43, Жәзәус Саид 10; Мүслим, Имарат 85, (1353), Хаж 445, (1353); Тирмизи, Сияр 33, (1590); Нәсәи, Жиһад 15, (7, 146); Әбу Дәуіт, Жиһад 64, (2480).
  128. 128«Ниса» сүресі, 97-аят
  129. 129Мүслим, Имарат 158, (1910); Әбу Дәуіт, Жиһад 18, (2502); Нәсәи, Жиһад 2, (6, 8)
  130. 130Тәубе 81, Фәтх 11.16
  131. 131Әбу Дәуіт, Жиһад 18, (2503).
  132. 132Бұхари, Жиһад 156, 22, 32, 112, Тәмәнни 8; Мүслим, Жиһад 20, (1742), Әбу Дәуіт, Жиһад 98, (2631)
  133. 133Тәубе сүресі, 14-15 аяттар.
  134. 134Ахзаб «хизб» сөзінің көпше түрі. Хизб партия, топ деген мағыналарды білдіерді. Хандак шайқасында өте көп мүшріктерден құралған рулар мұсылмандарға қарсы топтанып, Мәдинаға шабуыл жасайды. Сол себепті бұл шайқастың аты Ахзаб деп аталған, яғни, өзара топтасқандардың соғысы. Бұл шайқаста мұсылмандар Алланың мейірімділігі мен жәрдемінің арқасында жеңіп шыққан.
  135. 135Нәсәи, Хайл 1, (6, 214.215).
  136. 136Тирмизи, Дағауат 132, (3578); Әбу Дәуіт, Жиһад 99, (2632)
  137. 137Әбу Дәуіт, Жиһад 78, (2595)
  138. 138Әбу Дәуіт, Жиһад 78, (2596), 102, (2638)
  139. 139Тирмизи, Жиһад, 11, 2861; Әбу Дәуіт, Жиһад, 87, 2597
  140. 140Әбу Дәуіт, Жиһад 101, (2637); Бұхари, Жиһад 157; Мүслим, Жиһад 18, (1740)
  141. 141Әбу Дәуіт, Жиһад 25, (2515); Нәсәи, Жиһад 46, (6, 49); Муатта Жиһад 18 (2, 466)
  142. 142Әбу Дәуіт, Жиһад 112, (2656)
  143. 143Пайғамбар дәуірінде өмір сүріп иман келтіргенмен Расулалланың көре алмаған адамдарға берілген атау
  144. 144Хадис риуаят еткен адамдарға берілген сипаттың бір түрі. Сенімділік, әділетті деген сипаттарға ие адам
  145. 145Разиннің қосымша мәліметінде келген
  146. 146Бұхари, Жиһад 15, Хумс 10, Илм 35, Тәухид 28; Мүслим, Имарат 149, (1904); Тирмизи, Фәдәилул-Жиһад 16, (1646); Әбу Дәуіт, Жиһад 26, (2517); Нәсәи, Жиһад 21; ибн Мәжа, Жиһад 13, (2783)
  147. 147Әбу Дәуіт, Жиһад 25, (2516)
  148. 148Нәсәи, Жанаиз 61, (4, 60, 61)
  149. 149Бұхари, «Мағази», №4042.
  150. 150Әбу Дәуіт, Әдеп 121, 5/23; ибн Мәжа, Жиһад 13, (2784). Бұл хадистің соңғы сөзі, яғни اِبْنُ اخْتِ الْقَوْمِ مِنْهُمْ деген сөз өзге кітаптарда да бар. Бұхари, Фараид 24, Тирмизи, Мәнәқиб 85, (3897); Нәсәи, Зекет 96, (5, 106); Мүслим, Зекет 133, (1059)
  151. 151Мүслим, Жиһад 3, (1731); Тирмизи, Сияр 48, (1617), Дият, 14, (1408); Әбу Дәуіт, Жиһад 90, (2612, 2613)
  152. 152Басқа хадистерден мұның жалпылама үкім емес, жекелеген жағдайға байланысты үкім екендігін байқаймыз.
  153. 153Ниса 89, 97; Әнфал 72
  154. 154Бұл сөз келісім шарттарда «Алланың үкімі осындай» деп «харекет қылу» деген сөз. Осылайша қолбасшыларға, стандартты келісім қағидалары насихат етілген. Кезеңге, уақытқа, шарттарға қарай оңтайлы деп тапқан келісім шарттар жасауға рұқсат берген.
  155. 155Бұхари, Итық 13; Мүслим, Жиһад 1, (1730); Әбу Дәуіт, Жиһад 100, (2633)
  156. 156Мүслим, Жиһад, (1732)
  157. 157«Зәрият» сүресі, 55-аят
  158. 158Әбу Дәуіт, Жиһад 121, (2670); Тирмизи, Сияр 28, (1583)
  159. 159Бұхари, Жиһад 147, 148; Мүслим, Жиһад 24, (1744); Муатта 3, (2, 447); Тирмизи, Жиһад 19, (1569); Әбу Дәуіт, Жиһад 34, (1667); ибн Мәжа, 30, (2841).
  160. 160Тирмизи, Сияр 46, (1612); Әбу Дәуіт, Жиһад 111, (2655); Бұхари, Жизя 1
  161. 161Мүслим, Саләт 9, (382). Тирмизи, (Сияр 48, (1618); Әбу Дәуіт, Жиһад 100, (2634)
  162. 162Имам Мұхаммедтің пәтуасы
  163. 163№1045 хадиске қараңыз
  164. 164Әбу Дәуіт, Жиһад 100, (2635); Тирмизи, Сияр 2, (1549)
  165. 165Әбу Дәуіт Әдеп 110, (5080)
  166. 166Әбу Дәуіт, Имарат 137, (1896)
  167. 167Мүслим, Имарат, 1896
  168. 168Әбу Дәуіт, Жиһад 21, (2510)
  169. 169Алиул Қари риуаяттың فَحَاصَ النَّاسُ حَيْصَةً فَأَتَيْنَا الْمَديِنَةَ деген жерін негізге ала отырып нас сөзінің мақсаты “дұшпан” екендігін, сондықтан бұл сөздің мағынасының: “Дұшпан шабуыл жасады, жеңіліске ұшырап Мәдинаға келдік” деп аударылуы керек дейді.
  170. 170Әбу Дәуіт, Жиһад 106 (2647); Тирмизи, Жиһад 36, (1716)
  171. 171«Әнфал» сүресі, 16-аят
  172. 172«Әнфал» сүресі, 65-аят
  173. 173«Әнфәл» сүресі, 66-аят
  174. 174Мүслим, Жиһад 137, (1812); Тирмизи, Сияр 8, (1556); Әбу Дәуіт, Жиһад 152, (2727, 2728)
  175. 175Бұған бестен бірдің бестен бірі делінеді, себебі аталмыш аят ғаниматтың (олжаның) бестен бірін беске бөледі: «...соғыстан не нәрсе олжаласаңдар да, соның бестен бірі сөзсіз Аллаға тиесілі. Сондай-ақ Алла Елшісіне, оның жақын туыстарына, жетімдерге, пақыр-міскіндерге және жолда қалған мүсәпір жолаушыларға тиесілі.” (Әнфал, 41). Аяттағы “Алланың Пайғамбарының” деген сөз бір үлес деп қабылданған.
  176. 176«Әнфал» сүресі, 41-аят
  177. 177Мүслим, Жиһад 142, (1812)
  178. 178Үммі Харамның бұл жорыққа қатысуы Расулалланың (с.а.с.) осы бағытта жасаған дұғасының нәтижесінде орындалған болатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) харам яки мәкруһ істердің орындалуы үшін дұға етпейді.
  179. 179Бұхари, Жиһад 149; Әбу Дәуіт, Жиһад 122, (2674); Тирмизи, Сияр 20, (1571)
  180. 180Урнайлықтар Мәдинаға келіп мұсылман болады. Мәдинаның климаты жақпай науқастанады. Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) оларды қазына елінің жайлауына, «түйелердің сүті мен зәрін ішсеңдер, жазыласыңдар» деп жібереді. Сол жерге барып жазылғаннан кейін діннен шығып, шопандарды өлтіріп, түйелерді ұрлағылары келеді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұстатып жазалады.
  181. 181Әбу Дәуіт, Жиһад 90, (2616)
  182. 182Бұхари, Итқ 20; Мүслим Бирр 117, (2613)
  183. 183Хад – зина, ұрлық, жала жабу, мас қылатын ішімдік ішу, діннен шығу сынды жазасы Құранда белгіленген ауыр күнәларға берілетін жазалар. Тағзир – бұлардан тыс сот тарапынан тағайындалған сөгіс беру, ескерту мақсатында берілетін жазалар.
  184. 184قَتَلَ صَبْرًا соғыстан тыс кезде нысанаға алып тұрып атылып өлтіруге қатлу сабр делінеді. Нысанаға алу, дарға асу деген мағынаға келеді.
  185. 185Әбу Дәуіт, Жиһад 129, (2687)
  186. 186Әбу Дәуіт, Жиһад 120, (2666)
  187. 187Бұхари, Мазалим 30, Забаих 25
  188. 188Бұхари, Талақ 19
  189. 189«Мумтахана» сүресі, 10-аят
  190. 190«Мумтахана» сүресі, 11-аят
  191. 191Алқаны көрген Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) марқұм әрі сүйікті жары әзірет Хадишаны (р.а.) есіне алып көңілі қатты босап, алқаның алынбауын және Әбул Астың азат етілуін әмір етеді. Әбул Ас кейіннен мұсылман болады (р.а.).
  192. 192Мүслим, Имарат 153, (1906); Әбу Дәуіт, Жиһад 13, (2785); Нәсәи, 15, (6, 17, 18); ибн Мәжа, Жиһад 13, (2785)
  193. 193Бұхари, Жиһад, 109, Аһкәм 1; Мүслим, Имарат 43, (1841), Әбу Дәуіт, Жиһад 163, (2757); Нәсәи, Бүюғ 30, (7, 155)
  194. 194Мүслим, Имарат 134, (1894); Әбу Дәуіт, Жиһад 177, (2780)
  195. 195Әбу Дәуіт, Жиһад 54, (2560)
  196. 196Әбу Дәуіт, Жиһад 89, (2611); Тирмизи, Сияр 7, (1555); ибн Мәжа, Жиһад 25, (2827)
  197. 197«Тәубе» сүресі, 25-аят
  198. 198Бұхари, Жиһад 185, Мағази 7; Мүслим, жаннат 78, (2875); Тирмизи, Сияр 3, (1551); Әбу Дәуіт, Жиһад 131, (2695)
  199. 199Мүслим, Нүзур 8, (1641); Әбу Дәуіт, Әйман 28, (3316)
  200. 200Тирмизи, Жиһад 35, (1715)
  201. 201«Әссалату Жамиғтун»әлі азан шақыру қалыптаспаған кезде намаз уақыттарында, жамағатты жинау үшін айтылан үндеу еді. «Намаз біріктіруші» деген сөз.
  202. 202Әбу Дәуіт, Хараж 36, (3067).
  203. 203Әбу Дәуіт, Хараж 21, (2999); Нәсәи, Пәй 1, (7, 134).
  204. 204«Хашыр» сүресі, 6-7-аяттар
  205. 205«Әнфәл» сүресі, 41-аят
  206. 206«Хашыр» сүресі, 6-аят
  207. 207Әбу Дәуіт, Хараж 27, (3027).
  208. 208Мәтінді беру үшін Мұхаммед Хамидуллаһтың «әл-Уасиясын» пайдаландық.
  209. 209«Әли Имран» сүресі, 186-аят
  210. 210Әбу Дәуіт, Хараж 22, (3000).
  211. 211Әбу Дәуіт, Хараж 30, (3041).
  212. 212«Әли Имран» сүресі, 61-аят
  213. 213Әбу Дәуіт, Хараж (30, 40).
  214. 214Әбу Дәуіт, Хараж 33, (3050).
  215. 215Әбу Дәуіт, Хараж 33, (3051).
  216. 216Әбу Дәуіт, Ақдия 12, (3394); Тирмизи, Ахкәм 17, (1352).
  217. 217Муатта, Мусакат 1, (2, 703).
  218. 218Уасқ: бір уасқ 60 сағ. Бір сағ жарманың өлшемі 4 мүдке тең. 1 мүд – 530 грамм. 1 сағ = 2120 грамм. Олай болса 1 уасқ шамамен 127 килограмға тең.
  219. 219Бәйғул ғарар №304 хадисте түсіндірілді.
  220. 220Бұхари, Мәғази, 38; Әбу Дәуіт, Жиһад 24, (3006).
  221. 221Осыған сай келетін риуаяттарда «Ән-Нәһиде» келген мәліметтерде, бұл «мәск» сол кезеңде өте танымал еді. Он мың динарлық құн берілген еді. Мәдинаның әрбір тойында, күйеуге шыққан әйел соны жалға алып, той барысында сол жердегі зергерлік бұйымдармен сәнденуші еді. Бұл мәсктің алдымен қой терісінен, кейіннен сиыр терісінен сосын түйенің терісінен жасалғандығын айтады. Негізінде, мәск сөзінің мағынасы тері. Олай болса, көп қолданғандықтан ескіріп, әр жолы әртүрлі малдың терісімен тігілген болса керек.
  222. 222Әбу Дәуіт, Жиһад 165, (2760); Нәсәи, Қасәмә 14, (8, 24).
  223. 223Әбу Дәуіт, Хараж 33, (3052).
  224. 224Бұхари, Жизия 9, Салат 4, Әдеп 94; Мүслим, Хайыз 70, (336), Мүсафирин 80; Муатта, Сәфәр 27, (1, 152); Тирмизи, Истиғзан24, (2735); Әбу Дәуіт, Саләт 30, (1290); Жиһад 167, (2763).
  225. 225Муатта, Жиһад 12, (2, 449), 26 (2, 460). Имам Мәлик мұны бәләғ (сәнәді жоқ) деп риуаят еткен.
  226. 226Әбу Дәуіт, Хараж 30, (3038, 3039); Тирмизи, Зекет 5, (623); Нәсәи, Зекет 8, (25.26).
  227. 227Муатта, Зекет 42 (1, 278).
  228. 228«Әнғам» сүресі, 156-аят
  229. 229Муатта, Зекет 41, (1, 278).
  230. 230Әбу Дәуіт, Хараж 33, (3046.3049).
  231. 231Муатта, Зекет 46, (1, 281).
  232. 232Әбу Дәуіт, Хараж 34, (3053); Тирмизи, Зекет 11, (633).
  233. 233Әбу Дәуіт, Хараж, 38, (3082).
  234. 234Әбу Дәуіт, Хараж 38, (3082).
  235. 235Ибн Әбу Дүния, «Ислах әл-мал», №213. Риуаят мүрсәл жолмен жеткен.
  236. 236Жанан басылымында әкесінің есімі «Хариса» (حَارِثَةُ) деп басылған. Әбу Дәуіттің №3015 риуаятында «Жария» (جَارِيَةُ) деп берілген.
  237. 237Әбу Дәуіт, Жиһад 155, (2736), Хараж 24, (3015).
  238. 238Әбу Дәуіт, Хараж 24, (3010).
  239. 239«Әнфал» сүресі, 41-аят
  240. 240«Хашыр» сүресі, 6-аят
  241. 241Әбу Дәуіт, Хараж 24, (3019).
  242. 242Нәсәи, Хайл 17, (6, 228).
  243. 243«Хашыр» сүресі, 7-аят
  244. 244Әбу Дәуіт, Жиһад 152, (2729).
  245. 245Тирмизи, Сияр 9, (1557); Әбу Дәуіт, Жиһад, (2730). Ибн Мәжа, Жиһад 37, (2855).
  246. 246Тирмизи, Сияр 10, (1558).
  247. 247Әбу Дәуіт, Жиһад 151, (2725); Тирмизи, Сияр 10, (1559).
  248. 248Әбу Дәуіт, Жиһад 151, (2726).
  249. 249Мүслим, Жиһад 47, (1756); Әбу Дәуіт, Хараж 29, (3036).
  250. 250Нәсәи, Дахая 15, (7, 221).
  251. 251Бұхари, Хумс 15, Мәғази 57; Мүслим, Жиһад 35, (1749); Муатта, Жиһад 15, (2, 450); Әбу Дәуіт, Жиһад 35, (2741.2746).
  252. 252Әбу Дәуіт, Жиһад 150, (2722).
  253. 253Әбу Дәуіт, Жиһад 160, (2753, 2754).
  254. 254Бұхари, Зекет 3, Иман 53; Мүслим, Иман 236, (150), Әбу Дәуіт, Сүннет 16, (4685); Нәсәи, Иман 7, (8, 103, 104).
  255. 255النهب: الغنيمة Бәдр деп отырғаны, Уйәйнә ибнк Хыснның атасы. Себебі үшінші атасының аты Бәдр еді. Уйәйнә Ибну Хынс Ибну Хузайфә Ибну Бәдр.
  256. 256Мүслим, Зекет 137, (1060).
  257. 257Бұхари, Хумс 18, Буюғ37, Мәғази 54, Ахкәм 21; Мүслим Жиһад 46, (1571); Муатта, Жиһад 18, (2, 454); Тирмизи, Сияр 13, (1562); Әбу Дәуіт, Жиһад 147, (2717).
  258. 258Бұхари, Жиһад 173; Мүслим, Жиһад 45, (1754); Әбу Дәуіт, Жиһад 110, (2653); ибн Мәжа, Жиһад 29, (2836).
  259. 259Әбу Дәуіт, Жиһад 149, (2721).
  260. 260Әбу Дәуіт, Жиһад 138, (2704).
  261. 261Әбу Дәуіт, Жиһад 137, (2701).
  262. 262Әбу Дәуіт, Жиһад 161, (2755).
  263. 263«Әнфал» сүресі, 41-аят
  264. 264Бұхари, Хумус 17, Мәнәкыб 2, Мағази, 38; Әбу Дәуіт, Хараж 20, (2978, 2979, 2980); Нәсәи, Пәй 1, (7, 130, 131).
  265. 265Бұл Мутталиб пен Расулалланың (с.а.с.) атасы Абдулмутталиб екеуін шатыстырып алмау керек. Бұл – Абдулмутталибтің әкесінің ағасы.
  266. 266Әзірет Османның да Расулалламен (с.а.с.) Абди Мәнәф аталарында туыстық қатынасы бірігеді: Осман ибн Аффан ибн Әбул Ас ибн Умәйя ибн Абди Мәнәфәл Қурайш.
  267. 267Әбу Дәуіт, Хараж 20, (2983.2984).
  268. 268Әбу Дәуіт, Хараж 21, (2993).
  269. 269Бұхари, Фараид 3, Хумус 1, Жиһад 80, Мәғази 14, Тәпсір, Хашр 3, Нафакат 3, Иғтисам 5; Мүслим, 48, (1757); Тирмизи, Сияр 44, (1619); Әбу Дәуіт, Хараж 19, (2963, 2964, 2965, 2967); Нәсәи, Пәй 1, (7, 136, 137).
  270. 270Казиб араб тілінде қателесу, жаңылысу деген мағынаға келеді. Әзірет Аббастың Алиге (р.а.), ренішпен айтқан казиб деген сөзін қазақ тіліндегі өтірікші деген сөзбен аударуды жөн санамадық.
  271. 271Дереккөздері №1126 риуаятының сноскасында көрсетілген.
  272. 272Әбу Дәуіттің бір риуаятында Расулалланың (с.а.с.) үш түрлі жеке мүлкі (сафии) болғандығы айтылған: Фәдәк, Хайбәр және Бәну Надир мүлкі.
  273. 273Бұхари, Саләт 42, Жизия 4, Жиһад 172).
  274. 274Әбу Дәуіт Хараж 14, (2953).
  275. 275Уаск деген өлшем бірлігі. Шамамен 127 килограм салмағын. Қараңыз 1086 хадис.
  276. 276Бұхари, Харс 8, 9, 11, Ижара 22, Ширкәт 11, Шурут 5, Мәғази 40; Мүслим, Мұсақат 1, (1551); Әбу Дәуіт, Хараж 24, (3008); ибн Мәжа, Рүһун 14, (2467).
  277. 277Бұхари, Хумус 8, Никах 58; Мүслим, Жиһад 32.
  278. 278Ахмад ибн Ханбал, «Муснад», №8315. Әбу Һурайрадан жеткен нұсқа.
  279. 279Әнфал сүресі, 69-аят.
  280. 280Хумс деп соғыста қолға түскен олжаның бестен бірін атайды. Бұл – Пайғамбарымызға (с.а.с.) тиесілі үлес.
  281. 281Бұхари, Жиһад 189; Мүслим, Имарат 24, (1831).
  282. 282«Әли Имран» сүресі, 161-аят
  283. 283Әбу Дәуіт, Жиһад 146, (2716).
  284. 284Әбу Дәуіт, Жиһад 144, (2712).
  285. 285Бұхари, Жиһад 190; ибн Мәжа, Жиһад 34, (2849).
  286. 286Муатта, Жиһад 23, (2, 458); Әбу Дәуіт, Жиһад 143, (2710), Нәсәи, Жанаиз 66, (4, 64); ибн Мәжа, Жиһад 34, (2848).
  287. 287Тирмизи, Худуд 28, (1461); Әбу Дәуіт, Жиһад 145, (2713).
  288. 288Әбу Дәуіт, Жиһад 145, (2715).
  289. 289Әбу Дәуіт, Жиһад 138, (2705).
  290. 290Бұхари, Ширб 11, Жиһад 146; Әбу Дәуіт, Хараж 39, (3083, 3084).
  291. 291Бұхари, Ширб 11
  292. 292Әбу Дәуіт, Фараид 11, (2914); ибн Мәжа, Руһн 21, (2485).
  293. 293Муатта, Ақдия 35, (2, 746)
  294. 294Бұхари, Жиһад 187; Мууатта, Жиһад 17, (2, 452); Әбу Дәуіт, Жиһад 135, (2698, 2699); ибн Мәжа, Жиһад 15, (2748).
  295. 295Бұхари, Хумус 20
  296. 296Әбу Дәуіт, Хараж 14, (1952).
  297. 297Бұхари, Риқақ 7, Жизия 1, Мағази 11; Мүслим, Зүһд 6, (2961); Тирмизи, Қиямет 29, (2464).
  298. 298«Алақ» сүресі, 6-7-аяттар.
  299. 299Бұхари, Мағази 22, Жиһад 66.
  300. 300«Бақара» сүресі, 154-аят
  301. 301Мүслим, Имарат 165, (1915); Муатта, Саләтул-Жәмға 6, (1, 131); Тирмизи, Жанаиз 65, (1063).
  302. 302Муатта, Саләтул-Жәмәға 6, (1, 131); Тирмизи, Жанаиз 65, (1063).
  303. 303Әбу Дәуіт, Жиһад 10, (2493).
  304. 304Тирмизи, Дият 22, (1418, 1421); Әбу Дәуіт, Сүннет 32, (4772); Нәсәи, Таһрим 22, (7, 115, 116); ибн Мәжа, Худуд 21, (2580).
  305. 305«Мәида» сүресі, 29-аят
  306. 306Әбу Дәуіт, 40, (2539).
  307. 307Нәсәи, Жиһад 36, (6, 37.38).
  308. 308«Фуссилат» сүресі, 31-аят
  309. 309Муатта, Жиһад 36, (2, 463).