Хадис

Кутуб ситтә, № 1180

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
150. Қажылықтың міндет болуы
Нөмірі
№ 1180 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
1180
Кутуб ситтә, № 1180 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «الْعُمْرَةُ وَاجِبَةٌ» أَخْرَجَ التِّرْمِذِيُّ حَدِيثَ جَابِرٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Умра уәжіп», – деген1.

Түсіндірме

Имам Шафиғиге Ибн Аббастың умраны уәжіп санағаны жеткен. Бұхари оның «Умра Алланың кітабында қажылықпен қатар аталған» деген сөзін иснадын толық келтірмей берген. Хаким Ата арқылы Ибн Аббастың «Қажылық пен умра – екі парыз» деген сөзін жеткізген.

Қажылық пен умра жайлы бұл тақырыптың басында қажетті түсіндірме келтіргендіктен бұл жерде қайталамаймыз.

  1. 1Бұхари, «Хаж», «Умраның уәжіптігі мен артықшылығы» тарауы, Ибн Аббастың сөзін муғаллақ түрде келтірген. Тирмизи № 931-де Жәбирдің мағыналас тақырыптағы риуаятын берген.