وَفِي رِوَايَةٍ: قَالَ ابْنُ عُمَرَ «وَذُكِرَ لِي وَلَمْ أَسْمَعْ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: وَيُهِلُّ أَهْلُ الْيَمَنِ مِنْ يَلَمْلَمَ».
Қазақша аудармасы
Басқа риуаятта Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.) “Йемен тұрғындары Яләмләмнан ихрамға кіреді”1 дегенін өзім естімедім. Бұл сөзді маған жеткізді», – деген.
Түсіндірме
Ибн Омар (р.а.) риуаят жеткізуде мұқият болған. Сондықтан Йемен тұрғындарының миқаты жайындағы сөзді Алла елшісінен (с.а.с.) өзі тікелей естімей, өзге кісіден естігенін ашық айтқан.
Басқа сахабалар Йемен тұрғындарының миқаты Яләмләм екенін Алла елшісінен (с.а.с.) тікелей жеткізген.
- 1Бұхари, «Хаж», 8 (№ 1525), «Ғылым», 52, «Иғтисам», 16. Мүслим, «Хаж» (№ 1182).