وَعَنْ مُحَمَّدِ ابْنِ الْحَنَفِيَّةِ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ وُلِدَ لِي مِنْ بَعْدِكَ وَلَدٌ أُسَمِّيهِ بِاسْمِكَ وَأُكْنِيهِ بِكُنْيَتِكَ؟ قَالَ: نَعَمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَهَذَا لَفْظُهُ، وَالتِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ، وَزَادَ فِيهِ: «قَالَ: فَكَانَتْ رُخْصَةً لِي».
Қазақша аудармасы
Мұхаммед ибн әл-Ханафия әкесі әзірет Әлидің (р.а.) былай дегенін жеткізеді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі! Сіз дүние салғаннан кейін ұлды болсам, оған сіздің есіміңіз бен күньяңызды берсем бола ма?” – деп сұрадым. Ол кісі: “Иә”, – деді». Тирмизи нұсқасында әзірет Әли (р.а.): «Бұл маған берілген рұқсат еді», – дейді1.
Бұл хадистерге қатысты түсіндірме №135 хадистен кейін берілді.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 76 (№4967). Тирмизи, «Әдеп», 68 (№2843, Жанан басылымындағы нөмірі – 2846). Негізгі мәтін Әбу Дәуіттен алынған. Тирмизи хадисті сахих деп бағалаған.