Хадис

Кутуб ситтә, № 1534

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
194. Әртүрлі хадистер
Нөмірі
№ 1534 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1534
Кутуб ситтә, № 1534 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سُئِلَ عَمَّا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ، فَقَالَ: «بَدَنَةٌ أَوْ بَقَرَةٌ أَوْ سَبْعُ شِيَاهٍ، وَإِنْ أُهْدِيَ شَاةً أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَصُومَ أَوْ أُشْرِكَ فِي جَزُورٍ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ إِلَىٰ قَوْلِهِ: «بَقَرَةٌ». وَأَخْرَجَ الْبَاقِيَ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ, яғни «Шамаларың келетін құрбандықты шалыңдар» деген аяттағы құрбандық туралы сұралды. Ол: «Бір түйе, бір сиыр немесе жеті қой. Ораза ұстағаннан не бір түйеге ортақтасқаннан гөрі бір қой шалғанды артық көремін», – деді1.

Түсіндірме

Зурқанидың түсіндіруінше, Ибн Омар аятта кедергіге тап болған адамға бұйырылған құрбандықты түйе немесе сиыр деп айтқанда, абзалын меңзеген. Яғни түйе не сиыр шалу – мұстахаб. Бұл Әли мен Ибн Аббастың «бір қой» деген түсіндірмесіне қайшы келмейді. Оған келесі риуаяттағы Ибн Омардың өз сөзі дәлел: «Бір қой ғана тапсам, оны құрбандыққа шалу ораза ұстағаннан абзал». Һәдидің ең абзалы түйе екені мәлім. Ендеше, аяттағы «шамаларың келетін құрбандық» деген сөз тек түйе шалуды қалай міндеттемек?

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Хаж», 160. «Муаттада» «сиыр» сөзіне дейінгі бөлігі келтірілген. Қалғанын Разин жеткізген.