Хадис

Кутуб ситтә, № 1533

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
194. Әртүрлі хадистер
Нөмірі
№ 1533 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1533
Кутуб ситтә, № 1533 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَلِيٍّ وَابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: «مَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ هُوَ شَاةٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Әли мен Ибн Аббас (р.а.): «Аятта кедергіге тап болған адамға فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ, яғни “Шамасы келетін құрбандықты шалсын”1 делінген. Мұндағы шамасы келетін құрбандық – бір қой», – деген2.

Түсіндірме

«Һәди» деп қажылық рәсімдеріне байланысты шалынатын немесе Қағбаға сый ретінде бағышталатын құрбандық малды айтады. Ол ірі де, ұсақ та мал болуы мүмкін. Аятта кедергіге ұшыраған адамға һәди шалу бұйырылған, бірақ малдың түрі нақтыланбаған. Әли мұны түйе, сиыр секілді ірі малға емес, құрбандыққа жарамды қой не ешкі секілді ұсақ малға қатысты түсіндірген.

  1. 1«Бақара» сүресі, 196-аят.
  2. 2Мәлік, «Муатта», «Хаж», 158.