Хадис

Кутуб ситтә, № 1555

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
196. Қажылықта өкілдік ету
Нөмірі
№ 1555 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1555
Кутуб ситтә, № 1555 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَمِعَ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا يَقُولُ: لَبَّيْكَ عَنْ شُبْرُمَةَ. قَالَ: مَنْ شُبْرُمَةُ؟ قَالَ: أَخٌ لِي أَوْ قَرِيبٌ لِي. قَالَ: حَجَجْتَ عَنْ نَفْسِكَ؟ قَالَ: لَا. قَالَ: حُجَّ عَنْ نَفْسِكَ ثُمَّ حُجَّ عَنْ شُبْرُمَةَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір адамның “Шубруманың атынан шақыруыңа келдім!” дегенін естіді. “Шубрума кім?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Бауырым не бір жақыным”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Өзіңнің қажылығыңды өтедің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда: “Алдымен өз қажылығыңды өте, содан кейін Шубруманың атынан қажылық жаса”, – деді»1.

Түсіндірме

Риуаятта адам өз қажылығын өтемей тұрып, өзге кісінің атынан қажылық жасай алмайтыны айтылады. Алла елшісі (с.а.с.) Шубруманың атынан тәлбия айтқан кісіден өзінің қажылық жасап үлгерген-үлгермегенін сұраған. Осы үкімді ұстанғандар оның сол адамға ғана қатысты емес, жалпыға ортақ екенін айтады. Имам Шафиғидың осы пікірі № 1553 хадистің түсіндірмесінде келтірілген.

Сәури: «Өз қажылығын өтемеген адам басқа біреудің атынан қажылық жасай алады», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик» (1811); Ибн Мәжа, «Мәнәсик» (2903).