Хадис

Кутуб ситтә, № 1651

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
212. Хадд жазаларында араша түсу және жеңілдік көрсету
Нөмірі
№ 1651 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1651
Кутуб ситтә, № 1651 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ صَفْوَانَ بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ تَوَسَّدَ رِدَاءَهُ فِي الْمَسْجِدِ وَنَامَ، فَجَاءَهُ سَارِقٌ فَأَخَذَ رِدَاءَهُ، فَأَخَذَ صَفْوَانُ السَّارِقَ فَجَاءَ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَمَرَ بِهِ أَنْ تُقْطَعَ يَدُهُ. فَقَالَ صَفْوَانُ: «إِنِّي لَمْ أُرِدْ هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَهَلَّا قَبْلَ أَنْ تَأْتِيَنِي بِهِ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Сафуан ибн Умәйя (р.а.) мешітте сырт киімін жастанып ұйықтап қалады. Бір ұры келіп, киімін алып кетеді. Сафуан ұрыны ұстап алып, Алла елшісіне (с.а.с.) әкеледі. Алла елшісі (с.а.с.) оның қолын кесуге үкім етеді. Сонда Сафуан: «Уа, Алланың елшісі! Мен мұны қаламаған едім. Киімім оған садақа болсын», – дейді. Алла елшісі (с.а.с.): «Оны маған алып келмей тұрып неге олай етпедің?» – дейді1.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Худуд», 14 (4394). Нәсәи, «Сариқ», 4 (8/68). Ибн Мәжа, «Худуд» (2595). Мәлік, «Муатта», «Худуд», 28 (2/834).