وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ أَقَرأَ الْمُعَوِّذَاتِ دُبُرَ كُلِّ صَلَاةٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) әр намаздан кейін муаууизатты оқуымды бұйырды».1
Түсіндірме
Хадисте айтылған муаууиза сөзіне қатысты екі түрлі пікір алға тартылған:
• «Фәләқ» және «Нас» сүрелері көзделген.
• Яки «Фәләқ» және «Нас» сүрелеріне «Ықылас», «Кәфирун» сүрелері де қосылған. Өйткені бұл сүрелерде Аллаға серік қосудан алыстау, Алланы паналау бар. Сол себептен муаууизатайнмен мағынасы тұрғысынан жақын. Өйткені бұл хәл «Аллаға сиыну» деген мағынаны да қамтиды (Алиул-Қари).
- 1Әбу Дәуіт, Салат 361 (№ 1523), Нәсәи, Саһу 79 (3, 68).