Хадис

Кутуб ситтә, № 1816

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
237. Таһажжуд намазындағы дұға
Нөмірі
№ 1816 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1816
Кутуб ситтә, № 1816 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا قَامَ مِنَ اللّيْلِ يتَهَجَّدُ قَالَ: اللَّهُمَّ رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ أَنْتَ قَيِّمُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ مَالِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ الْحَقُّ، وَوَعْدُكَ الْحَقُّ، وَلِقَاؤُكَ حَقٌّ، وَقَوْلُكَ حَقٌّ، وَالْجَنَّةُ حَقٌّ، وَالنَّارُ حَقٌّ وَالنَّبِيُّونَ حَقٌّ، وَمُحَمَّدٌ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَقٌّ، وَالسَّاعَةُ حَقٌّ. اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، وَإِلَيْكَ حَاكَمْتُ، فَاغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ، وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ، وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ، وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) түнде таһажжуд намазына тұрғанда былай дұға ететін: “Уа, Алла, Раббымыз! Бар мадақ Саған тән. Сен көктер мен жерді және олардағылардың бәрін ұстап тұрушысың. Бар мадақ Саған тән. Сен көктер мен жердің және олардағылардың нұрысың. Бар мадақ Саған тән. Сен көктер мен жердің және олардағылардың Иесісің. Бар мадақ Саған тән. Сен – Хақсың. Уәдең – хақ. Сенімен жүздесу – хақ. Сөзің – хақ. Жәннат – хақ. Тозақ – хақ. Пайғамбарлар – хақ. Мұхаммед (с.а.с.) – хақ. Қиямет сағаты – хақ. Уа, Алла! Саған мойынсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Саған бет бұрдым. Өзің берген дәлелмен дауластым, үкіміңе жүгіндім. Бұрын істегенімді де, кейін істейтінімді де, жасырын істегенімді де, ашық істегенімді де, Сен менен жақсы білетін істерімді де кешір. Ілгерілететін де, кейін қалдыратын да Сенсің. Сенен басқа тәңір жоқ”».1

Түсіндірме

1. Таһажжуд тілдік тұрғыдан «түнде ояу болу» деген мағынаны білдіреді. «Ниһая» атты еңбекте бұл сөздің антоним екендігі, сол себептен «түнде ұйықтау» деген мағынаға саятындығы да айтылады. Бұл жерде түнгі намаз деген мағынада қолданылады. Өйткені Құран кәрімде де, хадис шәрифтерде де түнгі намазға жиі-жиі ынталандырады. Таһажжуд Алла елшісінің (с.а.с.) өмірінде маңызды орын алған. Оған қатысты №3002–3015 (8-том) хадистерде кең мәлімет беріледі.

2. «Өткендегі» сөзінен «осыған дейін істеген» деген мағына шығатыны секілді, «тірі кезімде істеген» деген мағына да шығады. Демек, «ілгерідегі» сөзінен де «бұдан кейін істейтін» деген мағына шығумен қатар «өлгеннен кейін жалғасатындар» деген мағына да шығады.

Кейде кісінің жаман істері ол дүниеден өткен соң жалғасын табады. Тура амал дәптерін көз жұмған соң да жаппайтын жария садақа, пайдалы ілім және ізгі ұрпақ секілді. Сондықтан дүние салған соң да зардабы тиюі мүмкін күнәлар үшін тәубе жасау қажет.

  1. 1Бұхари, Таһажжуд 1, Дағуат 10, Таухид 8, 24, 35; Мүслим, Салатул-мусафирин 199, (769); Муатта, Құран 34, (1, 215, 216); Тирмизи, Дағуат 29, (3414); Әбу Дәуіт, Салат 121, (771); Нәсәи, Қиямул-ләйл 9, (3, 209, 210).