ـ1 عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْبَدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَانَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَنَحْنُ فِي مَجْلِسِ سَعْدٍ بْنِ عُبَادَةَ، فَقَالَ لَهُ بَشِيرٌ بْنُ سَعْدٍ: أَمَرَنَا اللَّهُ تَعَالَى أَنْ نُصَلِّيَ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَكَيْفَ نُصَلِّي عَلَيْكَ؟ قَالَ فَسَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى تَمَنَّيْنَا أَنَّهُ لَمْ يَسْأَلْهُ، ثُمَّ قَالَ: قُولُوا: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، وَالسَّلَامُ كَمَا قَدْ عَلِمْتُمْ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ. وَلِلسِّتَّةِ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ، عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ نُصَلِّي عَلَيْكَ؟ قَالَ: قُولُوا اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ». وَلِلْخَمْسَةِ عَنْ كَعْبٍ بْنِ عُجْرَةَ قَالَ: «خَرَجَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقُلْنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ: قَدْ عَلِمْنَا كَيْفَ نُسَلِّمُ عَلَيْكَ، فَكَيْفَ نُصَلِّي عَلَيْكَ؟ قَالَ: قُولُوا اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ».
Әбу Мәсғуд әл-Бәдри (р.а.) былай дейді: «Біз Сағд ибн Убаданың мәжілісінде отырғанда, Алла елшісі (с.а.с.) келді. Бәшир ибн Сағд: “Уа, Алла елшісі! Алла тағала бізге Сізге салауат айтуды бұйырды. Сізге қалай салауат айтамыз?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.) біразға дейін үн қатпады. Біз тіпті әлгі сауалды қоймағанын қалап кеттік. Содан соң ол: “Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әли Мұхаммәдин кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әли Мұхаммәдин кәмә бәрактә алә әли Ибраһимә, иннәкә хамидун мәжид деп айтыңдар. Мағынасы – ‘Уа, Алла! Ибраһимге салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның әулетіне салауат ет. Ибраһимнің әулетіне береке бергеніңдей Мұхаммедке және оның әулетіне де береке бер. Расында, Сен мадаққа лайықсың, ұлықсың’. Сәлемді өздерің білетіндей айтасыңдар”, – деді»1.
Кутубу-с-ситта жинақтарында Тирмизиден басқалары Әбу Хумайд әс-Сағидиден (р.а.) мына риуаятты келтіреді: «Сахабалар: “Уа, Алла елшісі, Сізге қалай салауат айтамыз?” – деп сұрады. Ол: “Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә зурриййәтиһи кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә зурриййәтиһи кәмә бәрактә алә Ибраһимә, иннәкә хамидун мәжид деп айтыңдар. Мағынасы – ‘Уа, Алла! Ибраһимге салауат еткеніңдей Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына салауат ет. Ибраһимге береке бергеніңдей Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына да береке бер. Расында, Сен мадаққа лайықсың, ұлықсың’”, – деді»2.
Кағб ибн Ужраның (р.а.) риуаяты мынадай: «Алла елшісі (с.а.с.) қасымызға келді. Біз: “Уа, Алла елшісі! Сізге қалай сәлем беретінімізді үйрендік. Ал қалай салауат айтамыз?” – дедік. Ол: “Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әли Мұхаммәдин кәмә салләйтә алә Ибраһимә, иннәкә хамидун мәжид. Аллаһуммә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әли Мұхаммәдин кәмә бәрактә алә әли Ибраһимә, иннәкә хамидун мәжид деп айтыңдар”, – деді3».
- 1Мүслим, «Салат», 65 (№ 405). Мәлик, «Мууатта», «Қасрус-салат», 67 (1/165–166). Тирмизи, «Тәпсір», «Ахзаб» сүресі (№ 3220, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3218). Әбу Дәуіт, «Салат», 183 (№ 980–981). Нәсәи, «Сәһу», 49 (3/45–46).
- 2Бұхари, «Дағауат», 33, «Әнбия», 8. Мүслим, «Салат», 69 (№ 407). Мәлик, «Мууатта», «Қасрус-салат», 66 (1/165). Әбу Дәуіт, «Салат», 183 (№ 979). Нәсәи, «Сәһу», 54 (3/49).
- 3Бұхари, «Дағауат», 33. Мүслим, «Салат», 66 (№ 406). Әбу Дәуіт, «Салат», 183 (№ 976). Нәсәи, «Сәһу», 51 (3/47). Тирмизи, «Уитр», 20 (№ 483).